№№11-12 (195-196) 4 маусым 2014 жыл



жүктеу 430.32 Kb.

бет1/5
Дата25.05.2017
өлшемі430.32 Kb.
  1   2   3   4   5

№№ 11-12 (195-196)

4 маусым

2014 жыл

Ел ер


«Балдәурен» алғашқы 

достарын қабылдады 

Қала лагерьлері қызықты болмақ

Жарқын жастық, көңілді 

демалыс, бақытты балалық

Еліміздегі әлеуметтік саяси өзгерістерге байланысты 

мектептен  тыс  ұйымдарында  өскелең  ұрпақ  бойында 

шығармашылық,  эстетикалық,  рухани,  адамгершілік, 

әлеуметтік  және  тағы  да  басқа  құндылықтарды 

қалыптастыру мақсатында жұмыстарын ұйымдастырудың 

қажеттілігі туындап отыр.

Балаларға  қосымша  білім  беру  –  жасөспірімнің 

білім  алу  қажеттіліктерін  жан-жақты  қанағаттандыру 

мақсатында  жүзеге  асырылатын  тәрбиелеу  мен  оқыту 

процесі  және  баланың  жеке  тұлға  ретінде  дамуына, 

кәсіптік  бағдар  алуына  тиімді  жағдай  жасаушы  жүйе, 

үздіксіз  білім  жүйесінің  ажырамас  бөлігі.  Бүгінгі  күнгі 

барлығымызға  ортақ  мақсат  –  жасөспірімге  білім  мен 

мәдениеттің  негіздерін  беру  және  олардың  жан-жақты 

дамуына қолайлы жағдайлар жасау. 

Балалар  шығармашылығы  орталығы  қыркүйек-

мамыр  айлары  аралығында  оқушыларға  қосымша  білім 

беру ісімен, маусым-тамыз айлары аралығында баланың 

жазғы  демалысын  тиімді  ұйымдастыру  бағытындағы 

жұмыстармен  айналысады.  Орталықтың  қосымша 

білім  педагогтары  балалар  шығармашылығы  орталығы 

жанынан  ашылған  Теректі  ауданына  қарасты  Сарыөмір 

ауылындағы  Шалқар  көлі  жағасында  орналасқан  «Ақ 

шағала» жазғы тынығу лагерінде жұмыс жасайды.

Оқушылардың    бос  уақытында  өмірге  белсенділігін 

және өнер-білімге деген ынтасын қалыптастыру, әр түрлі 

мәдени  іс-шараларға  тарту  негізінде  баланың  бойында 

белсенділік  және  ұйымдастырушылық  қасиеттерін 

арттыру,  өзін-өзі  басқарып,  қиындықты  жеңе  білуге, 

айналасындағылармен  тату-тәтті,  әдептілік  нормасына 

сәйкес  өмір  сүре  білуге  дайындығын  қалыптастыру 

мақсатында 1 маусым күні «Ақ шағала» жазғы сауықтыру 

лагері өз достарын қарсы алды.

«Ақ  шағала»  тынығу  лагері  12  күннен  алты  кезеңде 

ұйымдастырылып,  әрбір  кезеңде  40  баладан  тынығады. 

Жыл  сайын  әйгілі  Шалқар  көлі  жағасында  орналасқан 

«Ақ  шағала»  тынығу  лагері    аудан  мектептері  бойынша 

240 оқушыны қамтиды. 6 кезең бойынша отбасы жағдайы 

төмен, көпбалалы отбасы балалары, жартылай жетім және 

жетім  балалар  қамтылады,  мүмкіндігі  шектеулі  балалар 

(Түзету  орталығының  оқушылары),  аудан  мектептерінің 

мектеп  белсенділері,  көшбасшылары  және  «Д»  есепте 

тұрған отбасыларының балалары жіберіледі. 

Осы аталған әр кезеңнің өзіне сәйкес жұмыс жоспары 

құрылып,  жұмыстар  жүргізіледі.  Мысалы,  мүмкіндігі 

шектеулі  балаларға  арнайы  түзету  орталығының 

нормасына  сәйкес  жұмыс  жоспары  құрылып,  оқушылар 

уақытылы 

емдерін 


қабылдап, 

ұйымдастырылған 

түрлі  шараларға  қатысып  демалатын  болса,  үйірме 

мүшелерінен құралған кезеңде жұмыс жоспарымен (суға 

шомылу,  табиғат  аясына  саяхат)    қатар  арнайы  үйірме 

сабақтары да жүргізіліп отырады.

Лагерьде  әр  кезеңде  психолог,  аға-тәлімгер, 

тәлімгерлер, суға түсіру нұсқаушысы, үйірме жетекшілері, 

медбике,  түзету  орталығы  оқушыларының  демалысы 

кезінде  логопед  және  тағы  басқа  мамандар  жұмыс 

жасайды.

 

Лагерьде  аптаның  әрбір  күніне  сәйкес 



жетекшілердің  ұйымдастыруымен  әртүрлі  мәдени-

спорттық  шаралар,  саяхаттар  өткізіледі.  Атап  айтсақ, 

4  маусым  –  Рәміздер  күніне  орай,  «Рәміздерім  – 

айбыным!» атты мерекелік шара, «Сәлем, лагерь» атты 

театрландырылған  шоу,  «Кел,  Нептун!»  атты  судағы 

спорттық  сайыс,  «Шебер  қала»  атты  шығармашылық 

жұмыстар  көрмесі,  «Астана  –  арман  қала»  атты  сурет 

көрмесі  және  жас  ақындар  мен  тілшілер  байқауы, 

«Ішімдіктің,  нашақорлықтың,  темекі  шегудің  адам 

өміріне  зияны»  атты  сайыс,  «Мен  өмірді  таңдаймын!» 

атты  дебат  -  сайысы,  «Дені  саудың  –  жаны  сау»  кеңес-

әңгіме,  «Мен  әлемді  танушымын»  атты  арттерапиялық 

ойындар,  релаксациялық  ойындар,  «Жарысқа  шық,  жас 

ұлан!» атты көңілді старттар, лагерьлер арасында «КТК», 

«Кіші  Олимпиада  ойындарының  ашылуы»  волейбол, 

футбол, тоғызқұмалақ, шахмат ойындарының лагерьлер 

арасындағы біріншілігі, «Сиқырлы хан түні» атты достық 

алауы, «Лагерь ханзадасы мен ханшайымы» шараларына 

балалар ұйымшылдықпен қатысады. 

Сонымен  қатар,  Облыстық  «Жазғы  сауықтыру 

демалысының  үздік  ұйымы-2013»  атты  байқауының 

«Үздік  қала  сыртындағы  балалардың  сауықтыру  лагері» 

номианциясы  бойынша  «Ақ  шағала»  сауықтыру  лагері 

жүлделі І орынды иеленіп, республикаға жолдама алды. 

Қай  заманда  болмасын  адамзат  алдында  тұратын 

ұлы мұрат-міндеттерінің ең бастысы — өзінің ісін, өмірін 

жалғастыратын  салауатты,  саналы  ұрпақ  тәрбиелеу. 

Елдің  болашағы-дарынды  ұрпақтың  қолында.  Олай 

болса, бұл дарынды, талапты, ерекше үлгілі балалармен 

атқарылатын  жұмыстарды  бізідің  ұжым  ертеңге 

қалдырмай, атқара беретін болады.

Ботагөз ГАБСАТАРОВА

Ақжайық адандық

 балалар шығармашылығы орталығының 

әдістемелік бөлім меңгерушісі

Ақжайық ауданы

Орал қалалық білім бөлімі, оқушылардың биылғы жазғы демалыс уақытын жан-жақты көңілді өткізуді жоспарлап 

отыр. Оған тиісті бала қабылдайтын демалыс орындары толықтай дайын. Айталық, қала сыртындағы  қалалық 

балалар  мен  жасөспірімдер  туризімі  және  зкология  орталығы  «Атамекен»  лагерінде  1399  бала  демалады  деп 

жоспарланып отыр. Олардың 230-ы дарынды балалар болса, 410-ы аз қамтылған көп балалы отбасы және ата-ана 

қамқорлығынсыз балалар болмақ. 

Қаланың қырық бес мектебінде тамақтандырылуымен қатар, мектеп жанындағы лагерлер ашылып, онда 5478 

бала қамтылса, оның 732-і аз қамтылған көп балалы отбасы, жетім және қамқорсыз балғындар. Сондай-ақ, қырық 

бес мектепте тамақтандырусыз мектеп жанындағы бағдарлы лагерлер мен алаңдар жұмыс жасап, 4835 баланы 

қамтитын болады. 

Қалалық  білім  беру  бөлімі  жанынан    «Мирас»,  «Рахат»  күркелі  лагерлері  биыл  бесінші  рет  өз  жұмысын 

бастайды.  Екі  лагерде  қаламыздың  қырық  жеті  мектебінен  шамамен  мың  алты  жүз  бала  демалады.  Дәстүрлі 

№6,17 Круглоозерный мектептерінде жүз баланы қамтитын лагерлер оқушылардың жазғы демалысын қыздырмақ. 

Сонымен  бірге,  №№23,25,35,36,45  мектептері  саяхаттарға  қатысады.  Қаланың  қырық  алты  мектебінде  1502 

баланы  қамтитын  жөндеу-құрылыс  бригадалары  өз  жұмыстарын  ұйымдастырады.  Көгалдандыру,  абаттандыру 

бағытында қырық жеті мектепте 6400 оқушы жұмыстанады. Қаламызда 2011 жылдан бері «Қайсар» күркелі лагері 

жұмыс жасап келеді. Биыл да аталмыш лагерь 230 оқушыны қабылдауды көздеп отыр. 

Бір  сөзбен  айтқанда,  қалалық  білім  бөлімі  оқушылардың  жазғы  демалысын  ойын-сауық,  мәдени-спорттық 

сайыстар арқылы жан-жақты өткізуді басты мақсат етіп отыр.

(Өз тілшіміз)

Ақпарат Орал қалалық 

білім бөлімінен алынды

1–маусым Халықаралық 

балаларды  қорғау  күніне 

орай,  Асан  жалпы  орта 

білім 

беру 


мектебінде 

«Балалардың  күлкісі»  атты 

музыкалық 

бағдарлама 

ұйымдастырылып  сонымен 

қатар, 


«Балдаурен» 

лагерьдің ашылу салтанаты 

өтті. 

М е р е к е л і к 



бағдарламадан соң, балалар 

асфальтқа сурет салып, ең әдемі сурет марапатталды және де 

балаларға тәттілер таратылды. «Балдаурен» жазғы демалыс 

лагеріне қазақ тобына   жиырма, орыс тобына   он  бастауыш 

сынып оқушылары қабылданды. Енді демалушылар, демалыс 

орындарына,  қаламыздағы  мұражайларға,  кинотеатрларға, 

жануарлар паркіне саяхат жасайды. 

Жансұлу  ҚАБАСОВА

 

Асан ЖОББМ-нің 



бастауыш сынып мұғалімі

Зеленов ауданы



№№11-12 (195-196)    04.06.2014 ж.

2

«Біз Отанның ұланымыз!»

Құқықтық білім онкүндігі



Саябақ шеруі

Оқушылардың  туған  жерге  деген  сүйіспеншілігін 

арттыру,  табиғатты  қорғай  білуге,  аялауға  тәрбиелеу 

мақсатында,  Көктерек  орта  жалпы  білім  беретін 

мектебінде  «Саябақтар шеруі» атты мерекелік шаралар 

өткізілді.  Әр  сыныптарда  ашық  тәрбие  сағаттары 

өтіп,    оқушылар  мұражайда  жинақталған  тарихи 

дүниелермен танысты. Ауыл табиғатын аялауды парыз 

санаған 4 «а» және 4 «б» сыныптарының оқушылары 

экологиялық  қойылым  қойып,  туған  ауылымыздың 

тұрмыс-тіршілігімен  байланысты    сахналық  қойылым 

көрсетті.  Ауыл  табиғатын  аялауға  талпынған  әр 

балғын  көшелерде,  аулаларында  отырғызылған  тал-

теректергді ақтап, түбін қопсытты.



Уақила ӨТЕГЕНОВА,

Алима ДАУЛЕТҚАЛИЕВА

Көктерек ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімдері                                                                                            

Көктерек ауылы, Казталов ауданы

Қай 


заманда 

болмасын 

адамзат 

алдында  тұратын  ұлы  мұрат  міндеттердің  ең 

бастысы-өзінің    ісін,  өмірін  жалғастыратын 

салауатты,саналы 

ұрпақ 

тәрбиелеу.Ұрпақ 



тәрбиесі  келешек  қоғам  қамын  ойлау  болып 

табылады. Сол келешек қоғам иелері жан-жақты 

жетілген,  ақыл-парасаты  мол,мәдени-ғылыми 

өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам 

алдындағы борышымыз.

Жас  ұрпақтың  ақыл-ойы  мен  мәдениетінің 

дамуындағы  бағалы  байлықтың  бәрін  игере 

отырып  және  оны  бүгінгі 

ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру 

арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

Құқтық  мәдениет  пен  құқтық  реформасыз  қоғам 

өрге  баспайтындығын  жас  ұрпаққа  түсірдіру 

мақсатында мектебімізде «Құқтық білім»  онкүндігі  

барысында  оқушылармен  біріккен  түрде  құқтық 

мәдениеттерін  көтеруге  бағытталған          ардагер 

ағалар,құқық  қызметкерлері  Р.Жұмабаев  пен 

Г.Абұлхайровпен кездесу ұйымдастырылды. Жоғары 

сыныптармен құқық тану пәнінің мұғалімі М Серікова 

«Менің  құқықтық  алаңым»  атты  пікір  алмасу  кешін 

ұйымдастыра  отырып  баланың  болашағына,қоғамдағы 

өз  орындарын  белгілеу  межелерін  шешуге,қажетті  деңгейде 

заңды  сауаттылыққа  үйретуге  бағыттады.  Оқушылар    онкүндік  барысында  өз  білімдерін 

толықтырды.

Болашақ тізгінін ұстайтын жастардың алдағы атқарар іс-әрекетінің түп-тамыры бүгінгі 

күнмен тығыз байланысты.Жас адам өмірге қадам басып,қоғамда өз құқығын иеленуімен 

қатар,жауапкершілікке ие болатын сәтінен бастап,бетпе-бет келетін өмірдің қиындықтарын 

жеңе білу үшін құқықты білім мен мәдениетті меңгеруі қажет.

М.ҮМБЕТАЛИЕВА

Сарытоғай ОЖББ мектебінің

тәрбие ісінің меңгерушісі, Ақжайық ауданы

Егемен елдің ұлымын,

Ертеңгі күннің нұрымын

Отанын сүйген азамат

Болатындардың бірімін.

Оқушылардың  бойында  ұлттық 

рухты,  патриотты  сезімді  ұялатып, 

болашақта 

Тәуелсіз 

Қазақстанды 

өркендетуге 

білімді, 

білікті 

жас 


тәрбиелеуге бағытталған  республикалық 

бірыңғай  «Жас  Ұлан»  балалар  мен 

жасөспірімдер 

ұйымы 


қатарына 

қабылдау  Сырым  ауданы  В.И.Шубин 

атындағы  ЖББОМ  ұйымдастырылды. 

Мерекелік  шараға  1-сынып  оқушылары 

қабылданды. Мектепте  өткен салтанатты 

шара  ҚР  әнұранымен  басталып    «Жас 

Ұландықтардың»    әні  мен  салтанатты 

түрде  уәде  беру  рәсіміне  ұласты.  Ұйым 

белгісі  ретінде  аспан  түстес  галстуктері 

мен 


төсбелгілері 

табысталды. 

Салтанатты  мерекеге  Шолақ  аңқаты 

ауылдық  округы  әкімшілігінен  қатысқан 

бас  маман  А.Маулетова  және  мектеп 

директорының  тәрбие  ісі  жөніндегі 

орынбасары 

М.Исаева 

жаңадан 

қабылданған  «Жас  Қырандықтарға» 

білім бәсекесі мен тәрбие тәлімінде  озық 

шығуларына  игі тілектерін білдірді.  



Г. НАУРЫЗҒАЛИЕВА 

В.И.Шубин ЖББОМ –нің тәлімгері

Сырым ауданы

«Жыл 


оқушысы-

2014»


  «Асыл  тастан,  өнер  жастан»  деп 

дана  халқымыз  айтқандай  дәстүрлі 

«Жыл оқушысы» сайысына оқушылар өз 

білімдерімен  ой  ұшқырлығын  сараптау 

мақсатымен  білім  сайысына  түсті.  

Шараның  мақсаты:  жыл  қорытындысы 

бойынша  әр  сыныптардан  белсенді, 

лидерлік  қабілеті  мен  қоса  білім  де 

жетістіктері бар оқушыларды анықтау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, ұжымның намысын қорғай білетін және 

еңбексүйгіш азаматтарды тәрбиелеу. Оқушылар, презентация түрінде өзін-өзі таныстыру, «Жүзден жүйрік, мыңнан 

тұлпар»  интеллектуалды  блиц  -  сұрақтарға  жауап  берді,  «Біз  Қазақстанның  жарқын  болашағымыз»  эссе  орыс, 

қазақ, ағылшын тілдерінде жазды және портфолио дайындап  тапсырды. Жалпы сайысқа 12 оқушы қатысты, сайыс 

соңында 8-сынып оқушысы Серік Мұхтар мектепішілік «Жыл оқушысы -2014»атағына ие болды.

 

А.ҮМБЕТАЛИЕВА 

Ы.Алтынсарин атындағы ЖББОМ қосымша білім беру педогогі

Тасқала ауданы



Мерген қыздың 

мұражайында болдым

Мен 


ата-анаммен 

бірге 


Ақтөбе 

облысы,


 

Қобда  ауданы  Әлия  ауылындағы 

«Әлия»  облыстық  патриоттық  тәрбие  беру 

орталығына  бардым.  Осы  орталықтың 

жанындағы  мұражайды  аралап  көрдік. 

Мұражай  қызметкері  Әлия  Молдағұлованың 

өмірбаянын  әңгімелеп  берді.  Әлия  анасынан 

ерте  айырылып,  ағасының  қолында  тұрған. 

Одан  соң  балалар  үйінде  тәрбиеленіп,  Ұлы 

Отан соғысы басталғанда өзі сұранып барып, 

жау әскерлерінің көзін жойғаны туралы айтып 

берді. Мұражай маған қатты ұнады. Мен Әлия 

апамыздың ерлігін мақтан тұтамын.

 Айым  ҚАЛЫБЕКОВА 

№34 «Балбұлақ» бөбекжайының 

тәрбиеленушісі 

Әсері мол мерекелік шара

       Алмалы орта жалпы білім беретін  мектебінде   Ұлы Жеңістің 

69 жылдығына  арналған «Ұрпақтар ұмытпайтын Ұлы Жеңіс» тақырыбында    өткен  ашық 

тәрбие сағаты  қатысушыларды ұмытылмас 

әсерге    бөледі.Сынып    жетекшісі    Жазира 

Наурызбайқызының    ұйымдастыруымен 

өткен  тәрбелік    шараға    тыл  ардагерлері  

М.Шапиева, Х.Хайрова, А.Елеубаева  сынды 

әжелеріміз    шақырылып,  ардагерлер  бір 

марқайып қалды .

Әзірленген      көріністермен,  өлеңдерді 

тыңдап  отырып  толғанбаған,көзіне  жас  

алмаған  көрермен қалмады.  Жас та болса 

асқан  шеберлікпен,ұмытылмас  әсермен  

ұйымдастырған  сынып  жетекшісіне    тыл 

ардагерлері          жас    ұрпақты  тәрбиелеу 

жолындағы  ұстаздар еңбегіне  алғыстарын  

білдірді .

Ата-ана 


Ұлпан СЕРІКОВА

     Алмалы  ауылы, Ақжайық ауданы



№№11-12 (195-196)    04.06.2014 ж.

3

Книжкин праздник

 «Кітап алтын 

байлығым»

Кітап – шебер ұстаз, тілсіз мұғалім. Кітап адал, пейіл, 

асыл  дос.  Кітапты  оқып  отырып,  адамның  ішкі  рухани 

жан  дүниесі  артады.  Айналадағы  өмірмен,  табиғатпен, 

адамның  еңбегімен,  құрдастарыңмен,  танысып  жақсы 

болуға,  жақсылық  іс  істеуге,  құштарланасың.  Кітап  пен 

дос  болған  жанның  жүрегі  таза  болады.  Сондықтан  асыл  

құндылығымызды күтіп ұстайық.

Алтын кітап байлығым!

Ақылды асыл кітабым,

Көмекші дана ұстазым.

Үйретіп білім ғылымға

Санама құйған бұлағым

Мектепке алғаш келгенде,

Ұстадым алғаш кітапты,

Ішінде білім нәр барын,

Үйретті маған мұғалім.

Білімнің бәрі кітапта,

Санаңа соны ұға біл,

Оқысаң еш жалықпай.

Жетерсің әр кез бақытқа.

Кітап асыл қазына ,

Оқыған жетер мұратқа,

Қастерлеп ұста қадірлеп,

Бүлдіріп еш жырытпа.

  Шұғыла АМАНГЕЛДИЕВА

Абай  атындағы  НОББМ-нің  

     5- сынып  оқушысы

Сарыкөл  ауылы,Жаңақала  ауданы

    Бүгінгі  күн  –  салтанатты  күн, 

зымыраған  уақыттың  қанатында  жеңістің 

міне  69-көктемі  де  келіп  жетті.Осы 

мерекеге  орай,  бүгін  Хамза  Есенжанов 

атындағы  облыстық  балалар  және 

жасөспірімдер кітапханасында «Балаларға 

соғыс  туралы  кітап  оқимыз»  акциясы  

аясында  ұйымдастырылған  «Ұмытылмас 

есімдер»  атты  библиоквест  өткізілді. 

Бұл  шараның  мақсаты  –  қолына  қару 

алып  сапқа  тұрған  ұлт  өкілдерінің  тізе 

қосқан  бірлігі  мен  ерлігін  паш  ету,  жас 

ұрпақты  отансүйгіштікке,  батылдыққа 

баулу,балаларды  кітапхананың  барлық 

мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,қажетті 

ақпаратты дер кезінде таба білуге үйрету. 

Шараға  №1  ЖОББМ  мектептің  7-сынып 

оқушылары  (сынып  жетекшісі  Гүлнар 

Балмұханқызы) мен кітапхана оқырмандары 

қатысты.  Библиоквесттің  мақсаты  мен 

міндеттері  туралы  кітапханашы  Гүлнар 

Шайдоллақызы таныстырды.

Библиоквест үш кезеннен тұрады.

I  –  кезен  Ерлік  дастаны,  II  –  кезен 

Бауыржан 

Момышұлының 

ұлағатты 

сөздері  мен  мақал-мәтелдері,  сөзжұмбақ, 

III  –  кезен  Батыс  Қазақстан  облысы 

бойынша  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 

Кеңес  Одағының  батырлары  мен  «Даңқ» 

ордені  толық  иегерлері  туралы  слайд 

көрсетілді. 

1418 


күнге 

созылған 

соғыс 

адамдардың  жүрегіне  жазылмастай  жара 



салды.Қаншама  ошақтың  отын  өшірді, 

қаншама орман өртеніп, қаншама 

қала  күлге  айналды.  Қаншама 

әйел  «қара  қағаз»  алып  жесір 

атанса, 

балалар 


әкелерінен 

айырылып  жетім  атанды.  Осы 

ұлы  Жеңіс  мерекесіне  жеткізген, 

жаумен  шайқасқан  асыл  әкелер 

мен 

әз 


аға-апаларымыздың 

ерлігі,  атап  айтсақ:  партизан 

Қасым 

Қайсенов, 



қолбасшы 

Б.Момышұлы, Рейхстагқа ту тіккен 

Р.Қошқарбаев,  ұшқыш  Талғат 

Бигелдинов,  Хиуаз  Доспанова, 

пулеметші  М.Мәметова,  мерген 

қыз  Ә.Молдағұлова,  барлаушы 

Төлеген  Тоқтаров  туралы  мектеп 

оқушылары    мақтаныш  сезіммен 

жарыса әңгімеледі.

«Ер  елсіз  болмайды,  ел  ерсіз 

болмайды»  демей  ме,  дана  халқымыз. 

Қан майданда қол бастап, елінің намысын 

жауға таптатпаған батыр аталарымыздың 

бірі және бірегейі, қазақ халқының ардагер 

ұлы, аты – аңызға, сөзі – нақылға айналған 

Б.Момышұлының  туған  жер,  Отан,  ел, 

ерлік,  достық,  адамгершілік,  білім  туралы 

айтқан  нақыл  сөздерін  оқып,  сөзжұмбақ 

шешті.  Бүгінгі  бейбіт  заманда  өмір  сүріп, 

еңбек  етіп  жатқан  халқымыз  осынау 

шат  заманның  қымбатқа  түскенін  жақсы 

біледі.  Осыған  орай  Ұлы  Отан  соғысына 

қатынасқан  батысқазақстандықтар    Кеңес 

Одағының  батырлары  мен  «Даңқ»  ордені 

толық  иегерлері  туралы  кітапханашы 

Айман  Абаққызы  «Ұмытылмас  есімдер» 

атты слайд көрсетіп, мағлұмат берді.

Болашақ  өмір,  ұрпақ  үшін  жанын 

қиған  ата-бабаларымыздың  ерліктері 

ғасырлар  өтсе  де  ұмытылмастай  тарихта 

жазылды. Соғыс ұлы сын мектебі, ерліктің, 

батырлықтың  мектебі.  Қан  майданның 

төрінде жаумен жанын қия айқасқан батыр 

ағаларымыз  бен  апаларымыздың  рухына 

бас ие мәңгілік тағзым етеміз.

    


А. НИЯЗОВА                                                                   

Г.БЕК-ӘЛІ 

Хамза Есенжанов атындағы

 облыстық балалар және 

жасөспірімдер

 кітапханасының кітапханашылары

Мектептегі мұражай

Мен  Ақжайық ауданы Алғабас орта жалпы білім 

беретін  мектебінен машықтан өттім. Машық кезінде 

«Өткенді білмей, болашақты болжау қиын» - дегендей, 

ел, ауыл тарихын, салт- дәстүрін іс – жүзінде көрсететін 

«Өлкетану  мұражайымен  таныстым».  Бұл  мұражай 

Утеков Серікболат Утекұлының басшылығымен 2007 

жылдың 22 желтоқсанында Алғабас орта жалпы білім 

беретін мектебіне 75 жыл толуына орай ашылған. 

«Ел  тарихы  мәңгі  есте...»  деп  ұрандатқан 

өлкетану мұражайының қорында 75 жыл тарих ішінде 

өткен  оқиғалар  мен  жәдігерлерге  толы,  көпшіліке 

бірлесіп,  ұйымдасып  жасалған  тамаша  туындылар, 

еңбектің ащы суын ішіп, тәтті дәмін татқан, өмірлерін 

ерінбей  еңбекке    арнаған  ардагерлеріміздің,  ауылға 

қажырлы  еңбек  сіңірген  азаматтардың  құжаттары, 

медаль- орден, еңбек  наградалары, этнографиялық, 

нумизматикалық бұйымдар, туған ел тарихы жайлы, 

ардагер  ұстаздар  туралы,  35  жыл  ғұмыр  кешіп, 

артына  өшпестей  із  қалдырған,  туған  елінің  атын 

шығарған Қаламқас Орашеваны, «Туған елдің әрбір 

тасы-тұнып  тұрған  шежіре»  екендігін  танытатын  2 

бұрыш,  этнографиялық  орын,  8  бөлімге  бөлінген 

орындар көрініс тапқан. 

Мұражай  –  әр  халықтың  өткенін  бүгінгі  күнге 

жеткізетін, өткен ұрпақ пен келер ұрпақ арасындағы 

алтын көпір десек, сол көпір арқылы бүгінгі ұрпаққа 

ұлттық дәстүріміздегі әрбір нақышты көзімен көруге, 

қолымен  ұстап  сезінуге,  өн  бойына  сіңіртіп,  ел 

дәстүрін  жадында  сақтауға  өз  үлесін  қосып,  ауыл 

қарияларының  естеліктерінен  сыр  шерткізіп,  құнды 

деректерімен  таныстыратын  мұражай  жетекшісі  

Жанбота Даниялқызы. 

Осындай құнды дүниелерді , халық қазынасын бір 

жерге шоғырландырып, келер ұрпаққа насихаттайтын 

Жанбота  Даниялқызы,  игі  істеріңіз  көп  болғай! 

Мұражайларыңыздағы  мұрағат  қорларыңыз  ғасыр 

жасасын!, - дегім келеді.

Машықкер:  Айдана МҰРАДЫМҚЫЗЫ

Қособа ауылы,Сырым ауданы,

Сказка...  С  нее  начинается  для  ребенка  вхождение 

в  «большую  литературу».  С  нее  же  начинается  познание 

мира, такого непростого и неодназначного во все времена. 

Именно через сказку постигает ребенок впервые то, с чем 

обязательно  встретится  в  жизни:  жадность  и  хитрость, 

зависть и грубость, предательство и неприкрытую лесть... 

А  еще  сказка  –  это  первые  уроки  доброты,  храбрости, 

стойкости,  терпения,  справедливости,  умения  разглядеть 

за некрасивой внешностью - удивительную личность, а за 

прекрасным лицом – злую душу. Среди сказочных тайн есть 

одна очень важная – в самый трудный момент на помощь 

герою приходят деревья,травы, птицы, звери. Они всегда 

воюют на стороне добра. А самое главное – это та Надежда 

на счастливый конец, которую дарит нам сказка.

Международный день детской книги, празднуемый в день 

рождения великого сказочника Ханса Кристиана Андерсена 2 

апреля отмечается ежегодно во всех школьных   библиотеках 

нашего  района  проведением  «Недели  детской  книги».  Во 

время  недели  оформляются  книжные  выставки  «Что  за 

прелесть  эти  сказки!»,  «И  девчонки  ,  и  мальчишки,  все  на 

свете  любят  книжки!»  и  проводятся  различные  массовые 

мероприятия:  это  экскурсии  по  библиотеке,  обзоры  книг, 

викторины,  вечера,  игры,  конкурсы  и  др.  Так,  в  библиотеке 

СОШ № 3 прошел литературный вечер «Уральский волшебник 

Бажов» к 135 летию со дня рождения писателя, конкурсная 

программа  «Птицы  –  наши  друзья»;  путешествовали  по 

сказкам  «Ертегілер  әлеміне  саяхат»  в  библиотеке  СОШ  № 

4,  внеклассное  мероприятие  по  сказкам  А.С.Пушкина  «У 

лукоморья»  прошел  в  СОШ  №  1,  в  библиотеке  школы  п. 

Кзыл Тал провели  конкурс «Білім көзі - кітапта»; в школе № 5 

провели экскурсию  «По страницам сказок Чуковского» .

Огромное  значение  уделяется  проведению  недели 

детской  книги  и  в  нашей    библиотеке  школы  №  6.  Во 

время  недели  детской  книги  мы  красочно  оформляем 

нашу  библиотеку  шарами,  за  две  недели  вывешиваем 

обьявление  о 

проведении 

к о н к у р с а 

рисунков  «И 

краски  сказку 

оживят» среди 

у ч а щ и х с я 

н а ч а л ь н ы х 

классов. 

У 

нас уже стало 



т р а д и ц и е й 

во  время  недели  детской  книги  проводит  посвящение  в 

читатели  наших  первоклассников,  во  время  которой  дети 

отгадывают  сказочные  загадки,  играют,  узнают  героев 

книг,  знакомятся  с  правилами  обращения  с  книгой,  к  ним 

в гости приходят сказочные герои и в конце мероприятия 

дети  дают  клятву  читателя.    Итогом  недели  становится 

награждение  победителей  конкурса  рисунков,  в  котором 

дети  активно  приняли  участие,  было  сдано    более  70 

рисунков. Началось итоговое мероприятие   с выступления 

танцевального  ансамбля  «Айголек»  ,  руководителем 

которого  является  Мукашева  Д.А.,  далее  библиотекари 

рассказали о создании книги и  провели викторину «Книга – 

великое творение человечества».

Трудный выбор был у жюри, в состав которого вошли: 

Таутекова  А.К-  учитель  рисования,  Уразгалиева  С.М., 

Ташенова  Р.Б.-  учителя  начальных  классов.  Первые 

места заняли учащиеся   Сарсенова М. – 2г,  Шахин М. – 

3г;  ІІ  место  –  Саакян  О.  -  4д,  ІІІ  место  –  Куандыков  С.  – 

3б.    Победителям  были  вручены  дипломы,  а  остальным   

участникам конкурса   маленькие подарки.  



  1   2   3   4   5


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал