1. Возможность получать самую интересную информацию о состоянии медицины на настоящий момент 2



жүктеу 5.16 Kb.
Pdf просмотр
бет5/14
Дата10.09.2017
өлшемі5.16 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
часть общества, к счастью, наконец 
стала понимать, что есть и душа, 
и тело, и что они в равной степени 
определяют то или иное заболева-
ние. Основной контингент, который 
приходит ко мне, это состоявшиеся 
зрелые люди – мужчины и редко 
женщины, имеющие за плечами хо-
рошее образование, служебное по-
ложение, семью. Они готовы рабо-
тать над собой, чтобы стать лучше, 
потому  что  понимают  опасность 
того болота, в которое они залезли 
в силу тех или иных причин.
Сейчас метод психотерапии прак-
тикуют не только наркологи, любой 
врач, работающий на перспективу, 
старается овладеть теми подходами, 
которые помогают улучшить душев-
ное состояние пациента. Чтобы най-
ти подход к неизлечимым больным, 
нужно знать коммуникативные на-
выки, улучшающие душевное состо-
яние пациента. А алкоголь и разви-
тие зависимости от него, поскольку 
это главная тема нашего разговора, 
повторяю еще и еще раз, проблема 
душевная, психологическая.
— Но у нас ведь больше 
предпочитают кодироваться. 
Один сеанс – и все готово.
— Это тоже психотерапевтический 
метод, но, так как он основан на гип-
нозе, я лично категорически отри-
цаю его. На заре своей врачебной 
практики я применял этот метод 
к женщине, которая была одержима 
страхом, что у нее в один прекрас-
ный момент откажет сердце. Каза-
лось бы, я ее пролечил. Она держа-
лась какое-то время, а через полгода 
пришла с новым страхом – теперь 
ей казалось, что откажут легкие.
Гипноз я сравниваю с тем, как 
если  бы  лечить  язву  народными 
средствами.  Смешивают  спирт, 
алоэ, мед… и язва зарубцовывает-
ся. Так лечат только болячку, а ведь 
надо  лечить  язвенную  болезнь 
в  комплексе,  то  есть  избавиться 
от  причин,  которые  вызвали  ее. 
Здесь очень важна психотерапия, 
пробуждающая  потенциал  чело-
века, когда он надеется и рассчи-
тывает только на себя. Если даже 
и кодируют на два-три года, чело-
век должен понять, что это явление 
временное. А время дается для того, 
чтобы он не сидел сложа руки, а, 
улучшая себя, стал другой лично-
стью. Дай бог, чтобы этот суггестив-
ный,  то  есть  внушающий,  метод 
помогал людям, но важно и самим 
людям понять, что это временное 
явление.
— Это правда, что кодирование 
не самым благоприятным 
образом отражается 
на психике – человек 
становится агрессивным, 
раздраженным, мнительным 
до психоза?
— Это тоже психотерапевтический 
метод, но в отличие от психотера-
пии, ориентированной на личность, 
здесь идет речь о внушении неза-
висимо от личности. Часто, зная, 
что его закодировали на три года, 
человек не учится жить без алко-
голя, он просто терпит. Представь-
те, каково это – терпеть три года! 
Он становится раздражительным, 
вспыльчивым, нетерпимым от этого 
мучительного, основанного на стра-
хе ожидания. И вот три года про-
ходят! Человек в эйфории от того, 
что теперь он, как все, «нормаль-
ный». Ему и в голову не приходит, 
что нормальный человек вообще-
то не пьет, но для него нормальные 
те, с кем он привык общаться. И он 
хочет «нормально» выпить, не пони-
мая, что после такого длительного 
воздержания – и психологическо-
го, и физиологического – он будет 
принимать алкоголь в непомерных 
и частых дозах. У него развиваются 
психозы и галлюцинации – алко-
голь  после  периода  воздержания 
действует с десятикратной силой, 
в первую очередь на психику.
Обязательно ли сын 
алкоголика повторит путь 
отца?
— Известна такая статистика: если 
один из родителей страдал алкого-
лизмом, то вероятность развития 
алкоголизма у детей составляет 25 
процентов, а если и отец, и мать – 
то риск возрастает вдвое. С алкого-
лем шутить нельзя. Любой спирт-
ной напиток – шампанское, водка, 
коньяк, пиво – это враг человека, 
токсическое вещество.
— А в начале беседы вы 
упомянули о близости 
алкоголизма и трудоголизма. 
Но разве второе не 
положительное качество?
— Оно положительное по отноше-
нию к алкоголизму. Или, как гово-
рят некоторые, лучше алкоголь, чем 
героин.
— А чем опасен трудоголизм?
— Он опасен тем, что человек зави-
сит от работы. Но представьте, если 
по тем или иным обстоятельствам 
он лишится ее. Еще вчера он имел 
будущее, у него было положение, за-
работок, и вдруг он лишается это-
го, а его внутреннее «я» держалось 
только на этом столбе, других упо-
ров, удерживающих в этой жизни – 
семьи, друзей, другой работы, нет. 
И человек ломается, заменяя этот 
«изм» другим – алкоголем или нар-
котиками. Поэтому я и говорю: все 
это всего лишь верхушка айсберга, 
а основание – неспособность спра-
виться с самим собой.
  Беседу вела 
Галия Шимырбаева
#1
43
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

44
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ӨЗЕКТI ТАҚЫРЫП

БЕлГіБай  
ШахМЕтов: 
суиЦид – 
Жан ауруЫ
Қазіргі таңда елімізде  суицид 
дертінің көбеюі жұртшылықты 
алаңдатуда.  Мамандар 
бұл кеселді адам жанының 
күйзеліске ұшырауынан 
деген қорытынды айтады. 
Бүгін біз осы   өзекті мәселе 
жайында кәсіби маман, 
белгілі ғалым, С.Асфендияров 
атындағы Ұлттық медицина 
университетінің психотрия, 
психотерапия және наркология   
кафедрасының профессоры,  
медицина ғылымының докторы 
Белгібай ШАХМЕТОВ  мырзаға 
жолығып,  сөзге тартқан едік.
#1
45
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

— Белгібай Амангелдіұлы, 
соңғы кездері елімізде жастар 
мен жасөспірімдер арасында 
өз өзіне қол жұмсау фактілері, 
яғни суицид дерті етек алып 
барады. Теледидарды ашып 
қалсаңыз да, ауылмен сөйлессе 
қалсақ та осындай жаманат 
хабарды естіп, жүрегіміз 
ауырады. Дерек көздеріне 
жүгінсек, еліміз жасөспірімдер 
суициді жөнінен ТМД 
елдері арасында алдыңғы 
орынға шығып отыр. Ендеше, 
жасөспірімдер суицидінің 
дендеп бара жатуының себебі 
неде деп ойлайсыз?
—Мен і ң ше,   ж ас ө с п ірі м дер 
суицидіне мән бермей қоя салуға 
болмайды. Негізі, балалардың суи-
цидке ұрыну қаупі бес жастан бас-
талады. Ол жаста негізінен балалар 
«мені  әке-шешем  жақтырмайды, 
еркелетпейді,  керек  етпейді  не-
месе  іні-сіңлімді  ғана  еркелетіп, 
маған  назар  аудармайды»  деген 
ойдың жетегінде суицидке ұрынуы 
мүмкін. Сондықтан ата-ана өз ба-
ласын  әрқашан  еркелетіп,  жылы 
сөздер айтып отыруы керек. Яғни, 
баласының көңіл-күйін бақылаудан 
шығармауы тиіс. Тіпті, ата-ананың 
жылуын сезінбеген бала балалық 
шағында  суицидке  ұрынбаса  да, 
өсе келе бала кезіндегі осы ойдың 
санасында  қалып  кетуі  салдары-
нан  келешекте  суицидке  ұрыну 
қаупі бар. Балалардың көбі негізі 
өтпелі кезеңде суицидке ұрынады. 
Сондай-ақ  жалғыз  қалған  үлкен 
кісілер жалғызсырап торығу сал-
дарынан,  ал  орта  жастағылар 
көбінесе материалдық жағдайдың 
жет іспеу ші ліг і нен  жүйкес і 
күйзеліске  ұшырап,  суицидке 
барады.  Шыны  керек,  салыстыр-
малы  түрде  қарағанда,  суицидке 
шалдығушылардың саны жөнінен 
еліміз алдыңғы орында тұр. Суицид 
дертінің көбейіп, азаюы халықтың 
жан саулығының көрсеткіші сана-
лады.
Нег ізі,   е л і міз   б ойы н ша 
халқымыздың өмір сүру жасының 
ұзақтығы – орташа есеппен 60-65 
жас  аралығында.  Ал  Күншығыс 
елдерінде халықтың өмір сүруінің 
орташа  жасы  80-86  жасқа  жет-
кен.  Адамның  ұзақ  өмір  сүруі 
үшін  құнарлы  тамақ,  әлеуметтік 
жағдайдың  дұрыстығына  қоса, 
көтеріңкі  көңіл-күй  де  керек. 
Дүниежүзілік  денсаулық  сақтау 
ұйымы  кеңсесінің  басшысы  Ма-
рия Кишман «Еуропа елдеріндегі 
мүгедектіктің  басты  себебі  – 
күйзеліс» деген тұжырым жасады. 
Бұл біздің елімізге де тән қасірет 
болып  отыр.  Адамның  көңіл-
күйі  болмаса,  өмір  сүруге  деген 
құлшынысы, жігері де болмайды. 
Кейде  мұндай  нәрселердің  аяғы 
суицидке  де  соғып  жататыны 
жасырын  емес.  Аурумен  қайтыс 
болған науқастың тәні ауырса, суи-
цидпен  қайтыс  болған  адамның 
жаны ауырады деген сөз. Яғни, суи-
цид – жан ауруы. Негізі, адамның 
саулығы үш бөліктен тұрады: жан 
саулығы,  тән  саулығы,  әлеуметтік 
саулығы.  Осы  орайда  халықтың 
тән саулығын арттыру үшін сала-
матты өмір салтын дамытуға, жан 
саулығын арттыру үшін әлеуметтік 
жағдайын жақсартуға күш салған 
жөн. Өйткені тәнмен, жанмен бірге 
адамның санасы да шынығады. Ал 
адам тәні мен жанының саулығын 
қадағалайтын  дәрігер  дейтін 
болсақ, бүгінгі таңда елімізде 5 мың 
дәрігер жетіспейді екен. Олай бол-
са, денсаулықты қадағалауға әлде де 
толық күшіміз жетіспей отыр.
Айта  кететін  жайт,  еліміз 
суицидтің  тіркелуі  жөнінен 
алдыңғы  орында  болса  да,  оның 
алдын  алу  жұмыстары  мүлдем 
жүрг ізі лмей д і  деу ге  бола-
ды.  Суицидтің  алдын  алудың 
бір  жолы  –  ата-ана,  ұстаз,  жал-
пы  қоғамның  жасөспіріммен 
жылы  қарым-қатынас  орнатуы. 
Оларға  «көгермегір,  оңбаған»  деп 
ұрсып, мұқатып, кекетіп, кемітіп, 
жекігеннен  гөрі,  «құлыным,  ба-
лапаным»  деп  отырсаңыз,  бала 
жанының саулығына септескеніңіз 
болар еді.
—Мамандардың айтуынша 
мектепте психолог 
мамандарының жетіспеушілігі 
жасөспірімдер суицидінің бір 
негізі дейді. Бұл пікірге қалай 
қарайсыз?
—Бұл  пікірге  қосыламын.  Бірақ, 
психолог  санының  көбеюімен 
мәселе  толықтай  шешіледі  деп 
те  айта  алмаймын.  Көшені  таза 
ұстау үшін аула сыпырушылардың 
санын  көбейтуге  болады,  бірақ 
ең  алдымен  қоқысты  кез  келген 
жерге  шашатындар  мен  көшеде 
түкіретіндерді  тәртіпке  салған 
жөн. Яғни бұл – суицидтің басқа да 
алдын алу жұмыстарын күшейту 
керек деген сөз. Рас, психолог ма-
мандар  жеткілікті  болуы  тиіс. 
Халқымыз  бұрын  психологқа  ба-
рып, мұң шағуды қалыпты нәрсе 
санамаса да, соңғы кездері психо-
лог көмегін керек ететіндер саны 
көбейіп келеді. Мамандардың осы-
ны  ескеріп,  психолог  кадрларды 
көбейтуге тырысқаны жөн.
—Бүгінде дүние жүзінде 
психикалық түрлі ауруларға 
шалдығу көрсеткіші жыл 
санап арта түсуде. Бұл жағдай 
елімізде қай деңгейде?
—  Республикадағы  психиатрия-
лық  мекемелерде  300  мыңнан 
астам  адам  тіркеуде  тұр.  Бір 
ғана  Алматы  қаласындағы  ау-
рулар  саны  20  мыңнан  аса-
ды.  Адамдардың  күйзеліске 
ұшырау себептерінің бірі ретінде 
әлеуметтік жағдайдың төмендеуі 
айтылады,  оған  дүниежүзін 
жаулаған  қаржы  дағдарысы 
мен  жұмыссыздық  та  өз  кесірін 
тигізбей  жатқан  жоқ.  Жалпы, 
соңғы  жылдары  әлем  бойынша 
күйзеліс салдарынан өз-өзіне қол 
салу  фактілері  де  жиілеп  кетті. 
Алдағы  жылдары  жүйкенің 
күйзелісі адамзатқа ең қауіпті дерт 
болуы  да  мүмкін.  Бүкіләлемдік 
денсаулық  сақтау  ұйымының 
зерттеулері  бойынша,  әлемде 
450  миллион  адам  психикалық 
мәндегі аурулардан зардап шегеді 
екен. Ал Дүниежүзілік денсаулық 
сақтау  ұйымының  мәліметтері 
бойынша, біз қауіп төніп тұрған 
топқа жатамыз. Қазақстанда өзіне 
қол  жұмсағандар  адам  санына 
шаққанда басқа елдерге қарағанда 
көбірек.  Ал  бұл  көрсеткіш 
халықтың жан саулығын көрсетеді. 
Қоғамның  заманауи  даму  үрдісі 
халықтың  психикалық  және 
психологиялық саулығына ерекше 
көңіл бөлудің қажеттігін талап ету-
де. Мәселен, бүгінгі таңда алдыңғы 
Адамның көңіл–күйі 
болмаса, өмір сүруге деген 
құлшынысы, жігері де 
болмайды.
Аурудан қайтыс болған 
науқастың тәні ауырса, 
суицидпен қайтыс болған 
адамның жаны ауырады 
деген сөз. Cуицид – жан 
ауруы. 
46
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ӨЗЕКТI ТАҚЫРЫП

жылдармен  салыстырғанда  тә-
жіри белі психологтардың көмегіне 
жүгінушілер  қатары  артқан. 
Бұл, негізінен, бүгінгі қоғамдағы 
шұғыл  өзгерістер  мен  білім 
деңгейінің  үнемі  артуымен  бай-
ланысты болып отыр. Ғарыштық 
жылдамдықпен  дамып  бара 
жатқан  біздің  қоғамда  білікті 
психологтың көмегінсіз адамның 
бейімделуі  қиын.  Бұл  мәселені 
шешу үшін 10 адамға кем дегенде 
бір психологтан қажет екен. Алай-
да, оншақты ұйым мен бірен-саран 
оқу  орны  бұл  мәселені  шешуге 
қауқарсыз.
Қорыта айтсақ, елімізде күйзе-
ліске  ұшыраған  адамға,  науқасқа 
көмек аз. Сосын ол қоғамнан қолдау, 
көмек таппағаннан кейін өз-өзіне 
қол жұмсауға мәжбүр болады. Жан 
күйзелісіне шалдыққан адамдарға 
көмек көрсететін тегін психикалық 
көмек  беретін  телефон  желілері 
болуы  тиіс.  Жаны  қиналған  кез 
келген  адам  қиналған  уақытта 
өзіне жанашыр, сырласатын адам 
іздейді.  Мамандардың  осындай 
көмегін  науқастарға  қолжетімді 
қылатын  қоңырау  шалатын  тегін 
қоңырау  желілерінің  көмегі  зор 
болар  еді.  Қоғамда  жастарға  да 
көмек  жоқтың  қасы.  Сондықтан 
мектеп  қабырғасынан  шыққан 
соң,  бірқатар  жастар  оқуға  қар-
жысы  болмағандықтан,  дипломы 
жоқ адамға жұмыс та табылмаған 
соң, жігіттер жағы адасып барып, 
майда-шүйде  ұрлағаны  үшін 
түрмеге  отырып  жатса,  қыздар 
жағы  Сейфуллин  көшесінің  бой-
ында жүр. Мемлекет жайдан-жай 
жастарға ақша таратпай-ақ қойсын, 
бірақ жастарға екі қолға бір жұмыс 
тауып  берсін.  Болды.  Жас  адам 
еңбекақы тауып тұрса, өзін-өзі сый-
лайды, ал өзін-өзі сыйлаған адам 
өзіне  қол  жұмсамайды.  Мұның 
бәрін неге айтып отырмын? Өйткені 
жүйке ауруына шалдыққандардың 
басым бөлігіне әлеуметтік жағдай 
әсер етіп жатады.
— Әңгімеңізге рахмет.
  Әңгімелескен  
Гүлзейнеп Абдрахманова
Республикадағы психиатриялық мекемелерде 300 мыңнан астам 
адам тіркеуде тұр. Бір ғана Алматы қаласындағы аурулар саны 
20 мыңнан асады. Адамдардың күйзеліске ұшырау себептерінің 
бірі ретінде әлеуметтік жағдайдың төмендеуі айтылады, оған 
дүниежүзін жаулаған қаржы дағдарысы мен жұмыссыздық та өз 
кесірін тигізбей жатқан жоқ.
#1
47
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

стресс. Ол не?
48
#1 (25) ақпан, 2012ж.
ӨЗЕКТI ТАҚЫРЫП

«Стресс» деген сөзді соңғы кезде жиі ұшыратамыз. 
Ол не? Оның пайда болуына не себеп? Ендеше, сол 
мәселе төңірегінде ой қозғалық.
Әрбір адам өз өмірінде сан алуан қиыншылықтар 
мен ауыртпашылықтарды кездестіруі мүмкін. Оларға 
қарсы  тұрып,  қажымай,  қайсарлық  көрсетіп,  жеңе 
білу – үлкен өнер. Адам өмір қиындықтарына төселіп, 
шыңдалып, жетіледі. Бүкілдүниежүзілік денсаулық 
сақтау  ұйымының  мәліметтері  бойынша  барлық 
аурулардың 45 пайызы күйзеліске байланысты екен. 
Сондықтан күйзелісті болдырмау, оның алдын алу, егер 
ол кездесе қалса оған қарсы тұра білу, өкінішке орай, 
әркімнің қолынан келе бермейді. Орыстың белгілі жа-
зушысы В.Г.Белинский «Күрес деген өмір шарты: күрес 
тоқтаса, ол өмірдің өшкені» деп жазыпты. Ал ақиық 
ақын Александр Блок «Өмір деген – күрес» деген екен. 
Шынында, өмір бар жерде қиыншылық бар, соларды 
жеңу жолы – тынымсыз күрес.
Мысалы, көк аспанды еркін шарлаған ұшқыштың 
базбір  кезде  жүйкесіне  салмақ  түсіп,  қиналатыны 
бар. Өйткені, ол адам толы ұшақты аман-есен жерге 
қондыруға міндетті. Ем-доммен айналысатын медици-
на қызметкерлерінің қызметі де стреске толы. Себебі, 
олар жұмыс барысында әртүрлі оқыс оқиғалармен 
кездесіп, науқастың аурудан қиналғанын көріп (әсіресе 
жас  сәбилердің),  тіпті,  орны  толмас  қайғылы  қаза 
көз алдында өтіп жатады. Адамның жүйкесі темір 
емес, өзінің жіберген диагностикалық, немесе емдеу 
қателігіне, операция үстінде кездейсоқ асқыну оқиғасы 
орын алған сәтте, кенет болған өлімге дәрігерге бол-
сын, медбикеге болсын әр дәрежеде әсер етіп, стреске 
ұрындыруы табиғи нәрсе. Өйткені, шындығын айту 
керек, дәрігер, әсіресе хирургтар, акушер-гинеколог-
тар, реаниматорлар әрдайым өткір пышақ жүзінде 
жүргендей сезінеді, қателік аяқ астынан болып, базбір 
кезде күтпеген жайлар кездесуі ғажап емес.
Стресс  –  ағылшынның  stress  (ыза  буу,  булығу, 
кернеу)  деген  сөзінен  шыққан.  «Стресс  –  ерекше 
жағдайлардың әсерінен адам организмінің титықтауы, 
дәрменсізденуі», деп түсіндіреді бұл сөзді Қ.Жарықбаев 
пен Ө.Озғанбаев өздерінің «Жантануға кіріспе» атты 
оқулығында (Алматы, 2000, 176 бет). Кейде стресті – 
күйзеліс деп тәржімелеп жүрміз. Біздің ойымызша, 
бұл аудармалар онша көңілге қонбайды, өйткені ол 
түсінік сол кездегі көңіл-жайды жеткізе алмайды.
Стресс дегеніміз ойламаған жағдайда адамның ба-
сына түскен қасірет-қайғыдан, үрей-қорқыныштан, 
күтпеген жайсыз оқиғаға байланысты, немесе төтенше 
күшті әсерленуден адамның бойында пайда болатын 
шектен тыс тітіркену және оған жауап ретінде туын-
дайтын көңіл-күй, сезім толғанысы (күйіну, ашыну, 
күйзелу, күйгелектік жағдай, ерекше шексіз қуану және 
т.б.). Стрестер жиі қайталанса организімде бұрынғы 
қалып орнына келмейді, адам бойын дәрменсіздік бой 
алып, берекесіздік, абыржу, тағдыр алдында әлсіздік 
бұлты қоюлана түсіп, қажып мүжіледі. Кейде әртүрлі 
психикалық аурулар пайда болуы да мүмкін. Созылма-
лы стресс адамның көңіл-күйінің бұзылуына, жұмысқа 
деген қабілетінің төмендеуіне, сылбырлықтың пайда 
болуына, ұйқысының бұзылып, адамның созылмалы 
шаршау синдромына әкеп соғады.
Стресс туралы алғаш ғылыми еңбекті Ганс Селье 
1936 жылы жазды. Ол 1926 жылы әртүрлі зардап шек-
кен адамдарды бақылап, оларды топтастырып, зерт-
теп‚ ғылыми болжам жасады. Бұндай ауруларда асқа 
тәбетінің болмауы, бұлшық еттерінде әлсіздік болуы, 
қан қысымының жоғарылауы, алдына қойған мақсатына 
деген талпынысының жоғалуы секілді адам бойында бо-
латын кері құбылыстарды байқаған. Адам организімінде, 
ағза ішіндегі мұндай өзгерістердің жиынтығын сипат-
тау мақсатында Г.Селье «күйзеліс» деп аталатын түсінігін 
енгізді. Ал 1936 жылы ол өзінің стресс туралы ғылыми 
түсінігін жария етті. Сол мезгілде ғалым өзінің «Әр түрлі 
зақымдаушы себеппен шақырылатын стресс», «Жалпы 
бейімделу синдромы» және «Биологиялық стресс син-
дромы» атты еңбектері жарық көрді.
Г.Сельенің тұжырымына көңіл аударсақ «күйзеліссіз 
өмір өлі». Ол бұл ойын өзі жасаған эксперимент арқылы 
дәлелдеген. Ол үшін егеуқұйрықтарды үш топқа бөліп, 
1-ші топтағы егеуқұйрықтарды үнемі күйзеліссіз жерде, 
тыныштық сақталған жерде ұстаған. Ал 2-ші топтағы 
егеуқұйрықтарға қысқа мерзімді күйзеліс тудырып 
отырған. 3-ші топтағыларға үзіліссіз күйзеліс жасаған. 
Байқаса,  2-ші  топтағы  егеуқұйрықтар  ұзақ  жыл-
дар тіршілік ете берген. Осы жүргізген тәжірибесіне 
сүйеніп ол мынадай қорытынды жасаған – қандайда 
болмасын күйзеліс болған жөн. Өйткені күйзелістің 
арқасында ағза көптеген гормондарды (адреналин мен 
норадреналинді) бөліп шығарады. Адамның қобалжуы 
денедегі адреналиннің көп мөлшерде бөлініп шығуына 
байланысты.  Ғалымның  анықтамасы  бойынша: 
стресс – бұл кез-келген сыртқы талаптарға сай ағзаның 
бейспецификалық реакциясы.
Стресс – организмнің күшті әсерлерге реакциясы. 
Ол өз табиғаты бойынша стрестік жауап–зақымдаушы 
факторлар әсер еткенде организмнің тұрақтылыққа 
(резистенттікке) жету әдісі. Г.Селье стресс реакция-
сында үш сатыны ажыратады: 1)үрейлену; 2) төзімділік 
(тұрақтылықты); 3)қалжырау.
Бұл сатылар ұзақ әсер ететін стресс факторлары-
на  организмнің  жауап  беру  сипаты.  Стресті  туды-
ратын затты, немесе құбылыс-оқиғаны стрессор деп 
атайды. Оларға аштық, салқын, психологиялық және 
тәндік жарақаттар, радиациялық сәулеге ұшырау, қан 
кету, инфекциялық ауру жұқтыру, күйік алу, өмірде 
мақсаттың  болмауы,  тіршілікке  қауіптілікті  сезіну, 
үйреншікті өмір салтынан айрылу т.с.с. жатады.
#1
49
Казахстанский   
Медицинский
   Журнал

Yрейлену сатысында организмдегі барлық қорғаныш 
күштері іске кіріседі. Әдетте бұл саты 6-48 сағатқа со-
зылады.
Төзімділік сатысы – ағзаның осы бір стрессорға және 
сол кездегі басқа да агенттерге тұрақтылығы өседі. Егер 
стрестік әсер жалғаса берсе, үшінші қалжырау саты-
сына көшеді.
Қалжырау сатысы – бүйрек үсті безінің қыртысты 
қабатының  көлемі  азаюымен,  глюкокортикоидтер 
түзілуі төмендеуімен сипатталады. Бірақ, стрестің осы 
көрсетілген барлық үш сатылардың бәрін өтуі міндетті 
емес.  Кейде  ол  кейбір  себептермен  бірінші  немесе 
екінші сатыда үзіліп қалуы да ықтимал.
Жүйке  жүйесінің  белсендірілуі  –  стресс 
реакциясының  бірінші  сатысы.  Егер  стрессор  әсері 
одан әрі жалғаса берсе, жүйке жүйесінің оған қарсы 
әсер  ету  мүмкіндігі  азаяды  да,  стрессордың  екінші 
тетігі іске қосылады немесе стресс реакциясының «соғу-
қашу» деп аталатын реакциясы басталады. Бұл реакция 
стрессорларға қарсы жауапты бұлшық еттерді белсендіру 
арқылы дайындайтын организмді жұмылдыратын реак-
ция. Екінші сатының ұзақтығы бірінші сатыға қарағанда 
10 есе ұзақ. Алғашқы екі сатыны организмдегі симпато-
адреналды реакция деп атайды.
Өткен ғасырдың 60-шы жылдары психологиялық 
стресс деген ұғым пайда болып, ғылыми еңбектерде 
пайдаланыла бастады. Өмір мен тұрмысына риза бол-
май, көңілі пәс түсіп, өзіне деген бағасына күмәндік 
сезім  тудыратын  оқиғалар  психологиялық  стреске 
себепкер болады. Адам баласы өзін-өзі тәрбиелеудің 
арқасында сезімдерді тізгіндеуді меңгеріп, ауыр сезім 
тудыратын стрестерді өз еркіне көндіре алады.
Қиын  сәттерде  адамның  қиындықты  жеңуге  де-
ген өзінде тілек және мүмкіндігі болу керек. Қандай 
қиындық болмасын адамға қайтпас тастай қажырлық, 
үзілмес үміт, нақ сезім қажет. Адамда стреске төтеп 
берер дайындық, яғни аутогендік жаттығу болу қажет. 
Қиындыққа кездессе өзін еркін ұстап, жақсылыққа 
сендіруге  тырысу  керек.  Оларды  жеңу  әркімнің 
психологиялық күйіне, психологиялық саулығына бай-
ланысты. Стресс аз болу үшін адам өзі ұнататын сүйікті 
еңбегімен айналысып, одан рахат сезім алуы тиіс. Са-
ламатты өмір салтын сақтау, мұңаймау, жабырқамау, 
жағымсыз әсерлерден бойды аулақ ұстау, кездескен 
қиын оқиғаны дұрыс шеше білу адамның күйзелісін 
азайтатын профилактикалық шаралар болып табыла-
ды. Олардың басын біріктіріп, стрестің психопрофи-
лактикасы деп атайды. Психопрофилактика бірнеше 
түрге бөлінеді: релаксация (босаңсу), өзін-өзі сендіру.
Мысалы, релаксация адамның бойын босаңсытып, 
керексіз жабырқаудан, өткінші қиындықтан, абыржудан, 
қобалжудан сақтайды. Релаксация шараларына музы-
катерапия, би билеу, ән айту секілді шаралар жатады.
Психотерапияның екінші түрі – өзін-өзі сендіру. 
Бұған аутогенді жаттығуларды жатқызуға болады. Әр 
адам  психологиялық  реттеуіш  тәсілдерін  үйреніп, 
оларды  ретпен  қолданып,  күйзеліс  кездеріндегі 
өз  жағдайының  тұрақтылық  деңгейін  көтере, 
ұстамдылығын дамыта, қызмет пен жұмысқа деген 
қабілетін жақсарта алады.
Каталог: upload -> iblock
iblock -> Қазан, 2014 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады Ұлытау бағдары
iblock -> №22 (155), қараша 2013 жыл
iblock -> №20-21 (201-202), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> Президент
iblock -> Исследование» научные доклады «Білім беру саясаты, тәжірибе және зерттеу»
iblock -> С. Торайгырова Ақпараттық-библиографиялық бөлім Информационно-библиографический отдел
iblock -> "Ү здік басылым " номинациясының
iblock -> Өтті Бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі (Жалғасы келесі санда) №11 (192), мамыр, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №18 (199), қазан, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады
iblock -> №19 (200), қараша, 2015 жыл Газет 2004 жылдың 30 сәуірінен бастап шығады

жүктеу 5.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет