1. Табиғи ресурстар және оларды топтау а сарқылатын ресурстар



жүктеу 15.15 Kb.
Дата10.05.2022
өлшемі15.15 Kb.
#19586
Табиғи ресурстар және табиғатты пайдаланудың теориялық негіздері.
ауғанстан кураторлык сагат, Думан, 3 токсан. БЖБ- 1. 10А

Тақырып 7. 
Сұрақнама:


1. Табиғи ресурстар және оларды топтау.
а) сарқылатын ресурстар;
б) сарқылмайтын ресурстар;


Табиғи ресурстар , олардың саласына қарай – өндірістік , денсаулықты сақтауға қажетті , ғылыми , эстетикалық
деп бөлінеді . Табиғи ресурстары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бәрі – су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 23 пайызын алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп , қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрегі объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және қалпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Адамзаттың күн көрісі мен тіршілік етуіне қажетті заттар және табиғатта кездесетін жаратылыс дүниелері – табиғи ресурстар деп аталады. Су, жер, өсімдік, жан – жануар, тау-тас, қазба-байлық және өзге де, тікелей не өңделген күйінде тұрмысқа, өндіріске қажетті дүниеліктердің бәрі де табиғи ресурстарға жатады . Табиғи ресурстарды пайдалану нәтижесінде, адамзат – азық-түлік, киім-кешек тұрмыс қажетін өтеуге керекті заттар, жанар-жағар майлар және өнеркәсіпке қажетті шикізаттарды алады.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар – топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Табиғатты пайдалану – қоғамдық өндірістің ерекше саласы ретінде табиғат байлығын кешенді үнемдеп пайдалану арқылы қоғамның материалдық қажетін өтеуге және табиғи ортаға өндірістің зиянды әсерін болдырмауға бағытталған.
Өдіріске қатыстырылған табиғат байлықтары: пайдалы қазба байлықтар (минералдық шикізат), су, ауа, орман, жер, тек қана өндіріс шикізаты емес, сонымен қатар, өндіріс құралы да болып табылады. Өндірістік қатынасқа қосылмаған табиғат байлығын да ұлттық байлық ретінде қарап, оның табиғи қалпының сақталуын, сапасының төмендеуін қамтамасыз ету керек. Табиғат байлығын тиімді пайдалану өндірістің дамуын қамтамасыз етіп қана қоймай, табиғи ортаның тазалығын, оның қалпына келетін қорын молайту және табиғи ортаның тепе-теңдігін сақтау болып табылады. Басқаша айтқанда, табиғи орта мен ондағы өндірістің даму тепе-теңдігі сақталуы тиіс. Сондықтан табиғи ортаны, табиғат байлығын қорғау халықтың материалдық, рухани, әлеуметтік мұқтажын үздіксіз өтеуге, табиғат байлығын қалпына келтіруге, молайтуға бағытталуы қажет. Ғарыш қорларына – күн сәулесінің радиациясы, теңіздің тартылуы мен тасуы жатады. Климаттық қорға – атмосферадағы ауа, жел энергияясы, жауын-шашын жатады.

2. Табиғи ресурстар және оларды тиімді пайдалану.
Қазіргі заманғы жағдайда пайдалы қазбалар қорының тозуы, тұщы сулардың азаюы, өсімдік және жануарлар әлемінің ресурстарының азаюы , табиғи ортаның үлкен масштабта ластануы өзекті проблемаларға айналып отыр. Табиғи ресурстардың сапасы мен санына және әрбір елдің экономика деңгейі мен дамуы көптен-көп тәуелді. Сондықтан табиғи ресурстарды қорғау және оларды тиімді пайдалану қоршаған ортаны қорғау жүйесінде маңызды орын алып отыр. Табиғи ресурстар әртүрлі 3 топқа бөлінеді. Сарқылмайтын қорларға – ғарыш, ауа, су қорлары жатады.
Ғарыш қорларына – күн сәулесінің радияциясы, теңіз тартылуы мен тасуы жатады. Ауа-райы қорларына – атмосферадағы ауа, жел энергиясы, жауын-шашын жатады. Су қорларына – жер бетіндегі су көздері жатады.
а)Жер беті қорларының ең басты бөлігіне топырақ жатады. Топырақ құрамы өте күрделі. Онда минералдық заттар, түрлі организмді заттар, микроорганизмдер кездеседі. Жер бетінің толық ауданы 510 млн.км2, құрлыққа тиесілі үлесі-149млн.км2 (29пайыз).
б)Орман қорлары сарқылатын және салыстырмалы жаңғыратын қорлар жатады. Орман ағаштарының қоршаған ортаның жақсаруына, су мен жер қорларының жақсы сақталуына тигізетін әсері мол. Жер бетіндегі ағаштар 100 млрд.тонна фитомасса түзсе, оның ішінде құрлық бетіндегі көк жамылғы 64 млрд.тонна, ал орман ағаштары 38 млрд.тонна (60процент) құрайды.
в)Минералдық қорлар – мұнай, газ, тас көмір, кен көздері және жер асты сулары жатады. Бұлардың барлығы сарқылатын қор түріне жатады.
1)металл қорлары.
2)металл емес қорлар деп бөлеміз.
Кейбір минералдық заттар адам тіршілігіне су мен ауадай қажет. Мысалы, ас тұзы, ізбес, құм, фосфори, калий тұздары т.б. Бұларға қарағанда, металл және мұнай-газ кен көндерінен шикі зат өндіру қарқыны жыл сайын арта түседі. Мысалы:соңғы 100 жыл ішінде көмір, темір, марганец және никельді пайдалану мен өндіру 200-1000 есе артты. Бұл қорлар литосфераның 17км. тереңдікке дейінгі қабатын алып жатыр.
г)Энергетикалық қорлардың жаңғырмайтын қатарына-көмір, мұнай-газ, торф, сутегі, гелий, летийлер, ал жаңғыратын түрлеріне-фотосинтез өнімдерінің энергиясы, гидроэнергия, булану, және жауын-шашын энергиясы, жел энергиясы, жылу энергиясының түрлері жатады. Су қорлары. Су қоры деген ұғымды, тұщы су мөлшерінің қоры деп түсінген дұрыс. Адамзат тіршілігінде көп пайдаланатыны өзен-сулар. Су жүйелеріндегі су мөлшерінің толық қалпына келуі немесе жаңғыру мерзімі әртүрлі.
жүктеу 15.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет