1 поэзиялық сатираның тақырыптық-жанрлық ерекшелігі



жүктеу 33.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата11.06.2017
өлшемі33.83 Kb.

 



ПОЭЗИЯЛЫҚ САТИРАНЫҢ ТАҚЫРЫПТЫҚ-ЖАНРЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ 



 

Рабаева А.А., 

Сатыбаева Г.Қ. 

Орал қ. 

 

Қазақтың  мол  мәдени  мұрасында,  сөз  өнерінде  сатираның  орны  ерекше  болғанымен,  оның 

жүйелі  түрде  отандық  әдебиеттану  ғылымында  зерттеле  бастауы  жиырмасыншы  ғасырдың  екінші 

жартысына  тиесілі.  Жалпы  сатираның  табиғатын  әр  қырынан  зерттеген,  немесе  жеке  суреткер 

шығармашылығын зерттеу аталмыш кезеңнен бастау алады.  

Сатира ең алдымен поэзиялық жанр ретінде әлемдік әдебиет тарихында белгілі. Ойымызды нақтылай 

түсу үшін энциклопедиялық анықтаманы келтірейік: «Жанр лирической поэзий, возникший еще в античности. 

Главным  жанровым  признаком  сатиры  является  осмеяние  самых  разнообразных  явлений  жизни.  Диапазон 

тем  стихотворных  сатир  очень  широк:  быт,  нравы,  общественная  жизнь,  политика,  литература,  а  также 

внешность,  поступки  и  мировозрение  людей»  [1,  625].  Сондықтан  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХІХ  ғасыр 

басындағы  позиялық  сатираның  тақырыптық-жанрлық  ерекшелігіне  келетін  болсақ,  бұл  бағытта  қазақ 

сатирасы аса қарқынды дамыды. Тақырып аясы да кең, жанрлық ізденіс те мол. Сатираның басты табиғаты 

адамзат  қоғамындағы  түрлі  құбылыстарды  сынға  алу.  Бұл  аса  биік  танымдағы  мақсат.  Қалай  адамзат 

баласының  қоғамын,  оның  ішіндегі  адамның  бойындағы  кемшіліктерді  жоямын  деген  мәңгілік  адамдық 

арманның көрінісі. 

Сатира  қоғамдағы дертті жазатын, не ем іздейтін жанр. Ана тілінің  тағдыры поэзияда  қаншама 

толғау, өлеңге тақырып болды. Оған Жұбан Молдағалиевтің, Қадыр Мырзалиевтің тағы басқа көптеген 

ақындардың шығармаларын атасақ жеткілікті. Сатирада бұл мәселеге өткір келген Мыңбай Рәш болды. 

Оның  «Қойыртпақ»  (Тіл  тазалығы  туралы)  [2,  101-102  б.]  деген  шығармасы  соған  дәлел.  Енді  сол 

шығармаға назар аударайық: 

                     

Бір сөз айтса, қазақша 

Он сөз қосар орысша. 

Күнде жасар «Қойыртпақ» 

Сөйлей қалса Арыстан. 

 

«Модалармен» кеп кірген 



Шет ел сөзі тағы бар. 

Жаман екен «көп білген» 

Себеп?... 

Әр сөз – мәні бар. 

Көп тіл білу жаман дегенде,  оның қойыртпаққа айналған жеріне автор назалы.  Бізде бұл  үлкен 

дерт болып отырғаны белгілі. Тәуелсіздік алғалы жиырма бір жыл болса да, қазақ тілі - мемлекеттік тіл 

статусын алса да тағдыры күрделі екені, мәселенің барлығын ешкім де теріске шығармас. Соның нақты 

өмірдегі бейнесін ақын айнаға түсіргендей етіп көрсете білген: 

                          

– Мама, скорей тауып бер 

Крассовка мен пумамды, 

Басқа одену Жокейді, 

Шортикті бер ұнамды. 

 

Друзеймен Медеуге 



Гулят жасап қайтамын. 

Короче... тез қалғанын

Потом тебе айтамын. 

Бұл  сол  кездегі  жасөспірімнің  бейнесі,  сол  арқылы  тіл  мәселесі  қатты  көтеріліп  тұр.  Біреудің 

қаладағы  жалғыз  баласы.  Тәрбиенің  нәтижесі  анау.  Шешесінің  өзі  «Единственный  сынок»  десе,  бала 

қайда барады. Тілге байланысты мәселе тек баладан көрініс тапқанымен, оның тамыры отбасын, оның 

тәрбиесінде екенін өткір сынға алған: 

 

Үйлі-баран сөздерден, 



Жасар күнде қуырдақ. 

Шұбарланды-ау тіл шіркін, 

Көңіл мүлде суып-ақ. 

 

 



– Арыстан-ау мұның не?... 

 

– Чего? – деп түс суытар. 



Әжең, қайдан, қасына 

Мына түрмен жуытар? 

 

– Бабаяга! – деп салар, 



Ашулы әже сөзіне, –  

Да ну, брось! – деп бұртиып, 

Шақшаң етер көзі де. 

 

Әже,  аяулы  есім  қазақ  ұғымында.  Әженің  әлдиін,  ертегісін  тыңдап  өскен  дана  Абайлар…  Ал, 



бүгінгі Арыстан үшін әже Бабаяга болыпты. Арыстаннан садаға кетсін. Қайдағы арыстан, асыранды әрі 

ұлттық танымнан жеріген ұрпақ. Ол осы қоғам туғызған қасиеттен жұрдай азғынның келбеті. Оны сол 

заман тудырды. Заманға иленген тұтас ұрпақ. Соны алдымен аңғаратын сатира сияқты жауынгер жанр. 

Тәуелсіздік  келмегенде  енді  ана  тілімізден  де  айырылар  ма  едік,  қайтер  едік.  Сондай  қиын  кезеңнің 

өзінде  сатира  осындай  келеңсіздіктермен  шын  мағынасында  күресті.  Мыңбай  Рәш  сатирик  ақын 

ретінде  қазақ  әдебиетінің  тарихында  орын  алды.  ХХ  ғасыр  аяғы  мен  ХІХ  ғасыр  басындағы  сатира 

өкілдерінің  белгілі  өкілінің  сатиралық  шығармасы  тақырыптық  және  жанрлық  табиғатымен 

ерекшеленеді.  Мәселен,  поэзиялық  сатираның  мысал  жанрында  да  мол  шығарма  жазған.  Мысал  өте 

ертеден сөз өнері тарихында бар жанр. Ол туралы Темірбек Қожакеев мына бір пікірі біздің ойымызды 

нақтылай түседі:«Мысал – сатира мен юмордың ең ежелгі, ең көне, ең ерте пайда болған жанрларының 

бірі.  Ол  біздің  эрамызға  дейінгі  YІІІ  ғасырдағы  ежелгі  грек  әдебиетінде  көрінген.  Әрине,  ол  тұстағы 

мысалдың  көрініс,  мазмұны  қазіргі  біздің  ұғымымыздағыдай,  біздің  мысалымыздағыдай  болмаған. 

Дегенмен,  бұл  жанрдың  қазіргі  кейбір  сипат-ерекшеліктері  мен  белгілері  сол  тұстағы  мысалдарда-ақ 

көрініс  тапқан»  [3,  15].  Ақын  Мыңбай  Рәш  бұл  жанрда  да  түрлі  тақырыпты  көтереді.  Ақынның 

«Даңғой серке» деген мысалында Серке өзінің қайдан шыққанын білмей ешкіні сынайтыны бар: 

                           

Түсің бөрте, 

Құйрығың келте, 

Салпаң құлағың, 

Қалмайды қастан лағың, 

Жоқ еш шыдамың, 

Текемен жүресің… 

 

Міне,  осы  жолдар  арқылы  ер  жеткен  соң  өзінің  қайдан  шыққанын  ұмытып  кететіндер  терең 



сыналады.  Жалпы,  ақынның  «Сатушы  мысықтың  сылтауы»,  «Қоян  мен  көжек»,  «Қуекең  қу  екен», 

«Сұғанақ», «Қой да ашуланды», «Қарқылдақ қарға», «Көз жұмбайық, Көзжұмбаев», «Қызыл кеңірдек», 

«Сөз ешкімге беріледі», «Қара қашқардың хаты», «Әй, өкіл-ай», «Голдуотер, болды отыр!» тағы басқа 

жүздеген поэзиялық сатира жанрында жазылған шығармалары бар. 

Қазақ  сатирасына  өзінің  даралық  стилімен  келіп,  ұлт  әдебиеті  тарихында  қалған  тұлғаның 

бірегейі  Оспанхан  Әубәкіров.  Оның  мол  сатирасы  прозалық  жанрда  жазылған,  дегенмен  поэзиялық 

сатирасы  да  бір  арналы  сала.  Ең  алдымен  айтарымыз  Оспанхан  Әубәкіровтің  сатирасы  арнайы 

зерттелді.  Зерттеуші-ғалым    Әділет  Қабыловтың  «Оспанхан  Әубәкіровтың  сатирасы»  деген 

монографиясы Алматыда «Арыс» баспасынан 2007 жылы жарық көрді. Бұл қазақ сатирасына қосылған 

қомақты үлес болды.  

Поэзиялық  сатираның  әрі  қысқа,  әрі  нақты  жанры  деп  эпиграмманы  айта  аламыз. 

Эпиграммалардың өзін іштей жанрлық түрлерге бөлу дәстүрі бар. Мәселен, ғалым Темірбек Қожакеев 

эпиграммаларды  сатиралық,  юморлық  және  жағымды  эпиграммалар  деп  үшке  бөледі  де,  объектісіне 

қарай шартты және нақты деп жіктейді. Өз зерттеуінде Оспанхан Әубәкіровтің мына бір эпиграммасын 

шартты эпиграмма дейді. Шартты болатын себебі, нақты біреуге арналмаған, әйтеуір бір редактор, кім 

екені белгісіз: 

 

Түзет дедің, әкеп бердім түзетіп, 



Кетті міне содан бері күз өтіп. 

Сол өлеңді жоқтауды да ұмыттым, 

Жатыр ма әлде жамбасынан сыз өтіп? 

 

Бұл  аса  уытты  эпиграмма.  Оспанхан  сияқты  классиктің  шығармасын  да  редакциялап, 



социалистік  реализм  талабына  сай  емес  дейтін  де  заман  балған.  Қазір  заман  басқа.  Өткір  шығарма, 

көркем шығарма оқырманға бірден жол табары сөзсіз.  



 

Қорыта айтқанда  қазақ еліндегі осы тарихи-қоғамдық мезгіл қазақ халқының  рухани  өміріне де 



әсерін тигізбей қойған жоқ. Міне, осы әлеуметтік өзгерістер мен рухани серпіліс қазақ сатирасына әсер 

еткен негізгі факторлар еді. Қазақ сатирасында, көбіне, сол кезеңде белең алған келеңсіздіктер адамдық 

ар  тұрғысында  сыналып,  сатираның  қаруына  ілігеді.  Қарапайым  адамдарға  әлдекімдердің  көрсеткен 

әділетсіздігі,  өмірдегі  келеңсіз  құбылыстар  шебер,  көркем,  астарлы  оймен  сатиралық  жанрлар  да 

«күлкі» объектісіне айналды. 

Сонымен  қазақ  сатирасы  ұлттық әдебиетімізде  өзіндік  орны  бар  көркем  құбылыс  ретінде  әрбір 



заманның тынысына сәйкес өмір сүре бермек. 

 

Әдебиеттер 

 

1.  Рашев М. Бес белес: Таңдамалы. – Алматы: Жазушы, 1979. – 208 б. 

2. Рашев М. Суылдақ: сықақтар, әзіл-оспақтар». – Алматы: Қазақстан, 1990. – 368 б. 

3. Қожакеев Т. «Сатиралық жанрлар». – Алматы: Мектеп, 1983. – 214 б. 

 

Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 33.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет