1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты



жүктеу 0.65 Mb.
бет8/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44
ФИКИ лекция
2.3 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясаты
Қазақстан капиталының сыртқы рыноктағы имиджін нығайтуға, әсіресе мемлекеттік инвестицияларың ұтымды және тиімді пайдалануға қомақты үлес қосады деп көзделуде. Инвестициялық саясаттың қоғамға енуі объективті саяси құбылыс. Инновациялық дамудың жаңа бір сапасы болып табылатын инвестициялық саясат жаһанданудың басты нышаны. XXI ғасыр қоғамымыздың түбегейлі қайта құрылуын талап етті. Ірі өзгерістер мен қайта құрылулар қоғамның бар саласын қамтыды. Соның бірі инвестициялық саясаттың өмірге енуі.

Батыс экономистері инвестицияны тікелей мемлекеттік саясатпен байланыстырады және бұл процесс инвестициялық қызмет арқылы ғана жүзеге асырылады - дейді. Біздің елімізде де бұл саясат мемлекет саясатынан тыс қарастырылмайды. Қазақстан Республикасының "инвестициялық заңында" қоғамдағы инвестициялық карым-қатынас толық қамтылған. Онда инвестицияның құқықтық және экономикалық негіздері, инвесторларды қорғау толық қарастырылған. Бұл заң бойынша: инвестиция мүлік түрі кәсіпкерлік қызметке пайдаланатын жеке тұлғаның мүлікке құқықтық иелігі. Оған: жер, жылжымайтын мүлік, кәсіпорын, зауыт, фабрика, ғимараттар жатады деп көрсеткен. Қоғамдағы кез-келген саясат сияқты инвестициялық саясатта тікелей мемлекеттік саясатпен тығыз байланыста дамиды. Тарихи тәжірибеге сүйенсек дамыған елдердің біразы қоғамға инвестициялық саясатты енгізу арқылы, және оны мемлекет тарапынан қолдау арқылы көптеген жетістіктерге қол жеткізген.



Инвестициялық саясат – экономикалық реттеу мақсатында инвестициялық белсенділікті нығайту үшін жүргізілетін шаралардың комплексті жиынтығы. Инвестициялық саясат қоғамда тиімді әлеуметтік тәжірибелерге қол жеткізу мақсатында жүзеге асырылады. Қазақстанда инвсстицияның Конституцияға сәйкес заңдық негізі жасақталынып оған сәйкестендірілген бағдарламасы бар.

Қазіргі таңда мемлекет тарапынан қаржылай көмек көрсетілуде, дотациялар бюджеттік ссудалар беріліп жатыр. Осы шараларды жүргізу тәртібімен ережесі дұрыс жолға қойылмай отыр. Мұның өзі қоғамдағы инвестициялық саясаттың дамуын тежеуде. Инвестиция табиғи ресурстарды пайдалануға, жекешелендіруде, антимонополиялық саясатта қолданылады.

Қазақстан жағдайында инвестициялық саясаттың басты бағыты шет елдік инвестицияны ұлттық экономиканың өрістеуіне жұмылдыру болуы тиіс. Қоғамдағы осы саясатқа байланысты іс-шаралардың барлығында түгелдей инвестициялық қызмет арқылы жүзеге асырылады. Инвестициялық қызметке жеке тұлға немесе занды тұлға қатысады. Кәсіпкерлікті жандандыру үшін өзінің мүліктік иелігі арқылы кез келген заңды тұлға кіріс көзін көбейту мақсатында бұл қызметке қатыса алады. Сонымен қатар бұл қызметке тікелей өз капиталын әрі қарай көбейтуге ұмтылған кәсіпорын да мүше бола алады. Инвестициялық қызметтің басты элементтерінің бірі инвестициялық жоба және инвестициялық ресурстар болып табылады.

Инвестициялық саясат мемлекеттік саясаттың ажырамас, құрамдас бір бөлігі. Кез-келген ел өз экономикасын дамытуда осы саясат арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізуді мақсат етеді. Шет ел инвестициялары арқылы сол елдің экономикалық даму деңгейін білуге болады. Инвестициялық саясат ішкі әлеуметтік саясатпен бірге халықаралық, мемлекетаралық қарым-қатынастарымен де тікелей байланысты. Қазіргі кезенде Қазақстан кен ауқымды шикізат көзімен дүниежүзіне белгілі елдердің бірі. Осыған байланысты шет ел инвесторларының Қазақстанға ерекше қызығушылықпен қарап отырғаны бәрімізге белгілі.

Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатын дамытушы елдер тәжірибесімен салыстыра отырып, Аргентина саясатымен белгілі бір ортақтықтың бар екендігін атап өтуге болады. Өйткені Қазақстанда жүргізілген 3 кезең төмендегідей нәтижелерге әкелді:

- реформалаудың бірінші кезеңі-инвестициялық жекешелендіру қорының (ИЖҚ) қалыптасуына және капиталдың үкімет кепілдемесі арқылы тартылатындығына жағдай жасады;

- екінші кезең - жекешелендіру процестерінің белсенді жүруін және акциялардың мемлекеттік пакеттерінің 80%-ға дейіні шетелдік инвесторларға сатылуын қамтамасыз етті, осы уақытта төлемдердің төленбеуі және отандық тауар өндірушілердің банкротқа ұшырауы проблемалары қат-қабат жүріп отырды;

- үшінші кезең-жекешелендіру процесінде республикалық нарықта шетелдік банктердің рөлін "тереңірек" өтті, нәтижесінде инвестициялық саясаттың аргентиналық қателіктері болған, атап айтқанда: аз шығынды әдіс өңдеу, ғылыми технологиялар салаларының туындауына жағдай жасамай, керісінше дәстүрлі салалар экспортын кеңейту құралдарының дамуына жағдай жасады.

Тиімді инвестициялық саясаттың жоқ болуы "өсу нүктесі" болып табылатын белгілі бір салаларды анықтауға мүмкіндік бермеді; ол сыртқы экономикалық саясатты "өсу локомотивінен" "тежеу локомотивіне" айналдыруды, әлеуметтік реформаларды ұстап тұру, халықтың ағымдық табысының төмен деңгейі, сонымен бірге тұтынушылық несиенің болмауы республика халқын инвестициялық саясаттың белсенді субъектілерінің біріне айналдырды.



Инвестициялық саясатты жетілдіру тек қазіргі экономикалық тұрғыдан ғана емес саяси тұрғыдан да маңызды. Себебі, экономиканы көтеру мен дамыту тікелей осы саясатқа байланысты. Өндірістік потенциалдың, техникалық деңгейінің өсуі Отандық өнімнің бәсекеде қабілетті болуы тікелей осы саясат арқылы жүзеге асырылады. Өркениетті елдер тәжірибесінен білеміз ел экономикасының көтерілуі ішкі саясатта ғана емес халықаралық дүниежүзілік саясатқа да үлкен әсер етеді. Сондықтанда инвестициялық саясат та қоғамдағы ең маңызды саяси жүйедегі ең күшті экономикалық категориялардың бірі. Қазіргі кезеңде инвестицияны тиімді пайдалану Қазақстанның экономикасымен саяси жүйесінің дамуын біршама жоғары денгейге көтереді деп болжам жасалуда. Ол үшін қоғамда бұл саяси үрдісті енгізумен дамытудың ұзақ та нақты бағдарламасы қажет. Инвестициялық саясаттың жүзеге асырылуы оны тікелей ғылыми теориялық зерттеумен байланысты. Ең алдымен инвестиция туралы ғылыми негізделген тұжырымдама қалыптасып, оны сауатты түрде жүзеге асыру мен таратудың тетіктерін нақтылау.

Экономикалық саяси, құқықтық тарихи, әлеуметтік және психологиялық тұүрғыдан жан-жақты қарастырылған кешенді түрде зерттелген ғылыми және қолданыстық маңызын ашып көрсететін іргелі зерттеулерді бір ортаға топтастырған жөн. Осы, мәселемен тікелей айналысатын орталық құру негізгі міндет. Мемлекеттік органдар осы ғылыми-зертгеулерге қолдау көрсстіп оларды қаржыландыруды назардан тыс қалдырмауы керек. Сонда ғана инвестициялық қызметтің белсенділігі артады.

Қазақстан Республикасының инвестициялар туралы заңында көрсетілгенде бұл процесс тікелей ел Конституциясы негізінде құқықтық тұрғыда қарастырылған. Инвестицияларды мемлекеттік қолдау мақсатында елімізде бұл саясаттың орнығуы мен тұрақталуы үшін барлық қолайлы жағдай туғызу мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар елімізде инвестициялық саясатты жүргізудің нақты бағдарламасы да бар. Бағдарлама өндірісте жаңа технологиялардың енгізілуіне, жұмыс орнының көбеюіне аса назар аударылған. Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасында қолайлы инвестициялы ахуал құрылған. Еліміз тәуелсіздік алғалы бері елге 26 млр.долларға таяу шетел инвестициялары тартылған. Осы саясатты қолдай отырып, үкіметтің ішкі инвестиция өсімін қамтамасыз етуіне де көп көңіл бөлген жөн. Қоғам инвестицияларды пайдаланудың тиімділігін бақылау жүйесі жұмыс істейді, бұл әрине дүрыс. Оны әрі қарай жандандыру үшін бұл жүйеге жетекші ғылымдарды тарту керек. Инвестицияны ең алдымен әлеуметтік мәселерді шешу мақсатында пайдалану басты назарда болғаны абзал. Экономика үшін басым салалар инвестициялық қорларды қайта бөлу тетігін жетілдіру арқылы зейнетақыны көбейту қоғамдағы еңбекке жарамсыз адамдарды қорғау, балабақша салу, т.б мәселелерді шешуге тиімді пайдалана білген жөн. Қазақстан 2030 стратегиялы бағдарламасы бойынша.

Егеменді Қазақстанның инвестициялық ахуалы тез дамуға неғұрлым қолайлы, ал елімізге тартылған шет ел инвестицияларының көлемі мен сапасы бойынша алғашқы орынға шығуы үшін елімізге әлеуметтік қолдау мен нақты іс-қимыл қажет. Әйгілі инвесторларды көптен тарту үшін кажетті тетіктерді ұтымды пайдалана білуге тиіс. Мұның өзі қоғам заңдылығы.

Еліміздегі 2004 жылғы индустриалық-инновациялық даму бағдарламасы бойынша жасалынған жоспардың инвестициялық саясат бөлімінде осы жылдың аяғына дейін АҚШ, Жапония, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерімен біріккен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және тарату мақсатында үлкен жоспарлар құрылған.

Инвестициялық саясатты дамыту барысында болашақта Қазақстан мұндай-газ өндіру саласында үлкен табыстарға қол жеткізеді деген үміт бар. Шет ел инвестициясын тек қана шикізат саласында ғана емес, жеңіл және тамақ өнеркәсібінде, ғылым мен білімде де пайдалансақ көптік етпейді. Сөйтіп, бұл саясатты қоғамның барлық саласына енгізген дұрыс. Ауылшаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл өнеркәсіп, тұрғын үй құрылысы салаларында да инвестиция тарту айтулы нәтижелі болмақ.



Қазақстанның технологиялық деңгейі мен өндірісін ұйымдастырудың әлемдік деңгейіне жетуі үшін кем дегенде 30-40 жыл керек. Бұл мерзімді озық технологияларды жедел түрде шет елден алу арқылы қысқартуға болады. Қазақстан Республикасында енді қолға алынып отырған инвестициялық саясаттың мәні де сол. Жаңа индустриалды мемлекеттер қатарына қосылу. Елімізде осы мәселені шешу мақсатында қабылданған инвестициялар туралы заңында "Инвестор - Қазақстан Республикасында өз инвестициясын іске асыратын жеке заңды тұлға" - деп көрсетілген. Сонымен қатар инвестицияның құкықтык тәртібі де ел Конституциясына сәйкестендірілген. Инвестициялық саясатты әрі қарай жетілдіруге бүкіл халықты жұмылдыру керек. Бұл саясаттың ең алдымен өз еліміз үшін тиімді жолдарын қарастырып, талдап содан кейін ғана қолданыста тәжірибеге енгізген тиімді. Әрине жаңа ғана қабылданған бұл саясат көптеген қиындықтар менен кедергілерді бастан кешіретіні сөзсіз. Инвестициялық саясатқа теориялық - ғылыми тұрғыдан әр саланың мамандарын қатыстыра отырып талдау, зерттеулер де артық болмайды. Зерттеу, талдау арқылы қолданыста жүзеге асыруда бұл тәсілдер көптеген қателіктерден сақтандырады. Шет елдің озық технологияларын пайдалануда шешілмеген мәселелер баршылық. Мұндай шешімін таппаған сұрақтар Қазақстан экономикасына өзінің кері әсерін тигізіп отыр. Инвестициялық саясаттағы басты құралдардың бірі импорт алмастыруды елде күшейту болып табылады. Импорт алмастыруды күшейтпеген жағдайда Қазақстандағы шикізат көзі дұрыс пайдаланылмайды.

Жопониядағыдай ішкі ғылым протекциясы тәжірибесін Қазақстанда да енгізуді жеделдету қажет. Импорт алмастыруға енетін Қазақстандық технологиялардың тізімін жасап, шет елдік инвесторлардың осы жетістіктерді өндіріске енгізуін талап ету қажет.

Қазіргі кезеңдегі қолға алынған бұл саясаттың болашақта Қазақстаңның гүлденуі мен көркеюіне алдыңғы қатарлы елдер санатына жетуіне үлесі зор. Ішкі жалпы өнім өсімінің қарқыны инвестициялардың көлеміне байланысты. Ал өз кезеңінде ішкі жалпы өнім елдің әлеуметтік экономикасына дамудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Біздің қоғамымыздың алдында тұрған басты мақсаттарының бірі адамның жетістіктерін, құқығын, әлеуметін ашатын қоғам құру. Адам қоғамдағы ең басты құндылық ретінде қарап жан-жақты дамуына жағдай жасайтын кезеңге жету үшін мемлекеттік және жеке мүдделерді жұмылдырып, ұйымдастыру болып табылады. Осы аталған мәселелерді шешуде инвестициялық саясаттың рөлі өте зор.



жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет