1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы



жүктеу 0.65 Mb.
бет7/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44
ФИКИ лекция
2.2 Қазақстандағы инвестициялық қызметтің дамуы
Инвестициялық қызмет бұл – инвестицияларды салып және инвестицияларды жүзеге асыру бойынша тәжірибелік әрекеттер жиынтығы.
Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып, еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.

Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры болып саналады, экономикалық өсуге өол жеткізу маөсатын көздейді.Сонымен қатар, ғылыми-техникалық, өндірістік үдерісті қамтиды және оның кейбір мәселелеріне әсер етеді.

Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын тауарлардың сапасын арттыру онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп, тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді. Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс - әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:

1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды: экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта өндіріске жұмсайды – реинвестирование және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.

2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік қажеттілігін өтейді.

3. Пайдадан түскен салық пен өтелімдер мынадай мақсаттарға жұмсалады:

• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;

• Мемлекеттік зейнетақы қорына;

• Аймақтық бюджетке;

• Республикалық бюджетке;

4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.

Инвестициялық саясат маңызды үш бағытта жүргізіледі:



  • мемлекеттік бюджттік қорларды пайдалану арқылы;

  • ішкі несие қорлары мен жеке заңды тұлғалардың өзіндік қаражаттарын тиімді қолдануды ынталандыру арқылы;

  • шетелдік инвестициялар тарту мен тиімді пайдалану механизмі арқылы;

Осы бағыттар ішінен басымдысын таңдап алу және халық шаруашылығының барынша тиімді аймақтық- салалық құрылымын қолдау мақсатында олардың үйлесімін қамтамасыз ету – мемлекеттің инвестициялық саясатының негізін құрайды. Оны қалыптастыру барысында Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін күрделі ұлттық бағдарламаларды іске асыру қажеттігі де ескеріледі.

Іс жүзінде, белгілі мақсатқа қол жеткізуді көздейтін мемлекеттің құрылымдық- инвестициялық саясатының бағыттары мен көрсеткіштері сандық жағынан айқындалып, атқарылатын мерзімі бойынша анықталуы тиіс.

Ал бұл, өз кезегінде , мүдделер , ресурстық база , механизмдер ,объекті мен осы саясатты жүзеге асыру процесінің өзі де салалардың , аймақтар мен тұтастай халық шаруашылығының орта және ұзақ мерзімдік даму жоспарларында көрініс табатындығын білдіреді. Мысалға, нарықтық қатынастар саласы дамыған елдердің мемлекет қызметінде келесідей өзара байланыс анық байқалады .

Экономиканы реттеу жөніндегі мемлекет шараларының өзара байланыстығы:

Жоғарыдағы өзара байланысты матрицалық модель түрінде көрсетуге болады . Онда оның баланстық нәтижелерін анықтап, экономикалық – математикалық есептеулер жүргізу және мәліметтерді бір жүйеге келтіруге болады. Оны қарапайым кесте түрінде , бухгалтерлік қосарланған жазу әдісі арқылы толтыруға болады.

Қазіргі жағдайларда ҚР Үкіметінің құрылымдық саясаты біздің ойымызша келесідей мәселелерді қамтуы тиіс:

- дайын өнім шығару арқылы экспорттық әлуетті арттыратын салалар дамуына басымдық беру;

- ішкі нарық талаптарын қанағаттандыратын және импортты алмастыратын өнім өндірісін кеңейту ;

- негізінен отандық өндіріс есебінен халық шаруашылығы барлық салаларының өндірістік аппаратын жаңарту;

- халық қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған салалар дамуын қамтамасыз ету ;

- экономиканың аграрлық секторының дамуын тездетуге бағытталған қаржы және несие қорларын арттыру және т.б.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан-2030" стратегиялық бағдарламасында ұзақ мерзімді дамуымыздың жеті басымдығын көрсетіп берді. Осы басымдықтардың бірі инвестициялық ахуалды жақсарту болатын. Елдің экономикалық өсуін тұрақты дамыту үшін алдымен инвестициялық белсенділікті арттыру қажеттілігін Президентіміз атап өтті.

Еліміздің экономикасын өрістетіп, халықтың тұрмыс деңгейі мен әл-ауқатын арттыру үшін тартымды инвестиииялық ахуал қалыптастыру басты міндет болды. Осы орайда Қазақстан Республикасының 2004 жылғы "Инвестидиялар туралы" қабылданған заңының қоғамдағы саяси мәні зор. Елдің экономикасын көтеру халықтың тұрмыс деңгейінің жоғары дәрежеде болуын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған бұл заң Қазақстан халқы үшін маңызды тарихи құжаттардың бірі деп айтуға болады. Ұлттық табыстың ұлғаюы экономикалық дамуға өз ықпалын тигізіп қана қоймайды, қоғамның саяси әлеуметтік дамуына үлкен серпіліс береді Сондықтанда инвестициялар тарту қоғам үшін өте қажет.

Соңғы жылдары біздің республикамызда шетел инвестициялары мен (қаржымен) жұмыс істейтін кәсіпорындардың санының көбейе түскені мәлім. Қазіргі кезде респубиикамыздағы инвестициялық тапшылық аса күрделі проблемалардың бірі болып отыр. Осыған орай, өндіріске меншік иивестицияларын уақытша ынталандырудың қажеттілігі туып отыр. Нарықтық экономиканың жаңа кезеңінің мақсаттарына тек шетелдік инвестициялардың белсенді түрде қатысуы мен олар үшін барынша қо-лайлы жағдай жасалуымен ғана қол жетеді, өйткені қор жинайтын ішкі көздер бізде әзірше жеткіліксіз.

Қазақстан Республикасының экономикасын көтеруде және оны одан әрі дамытуда шетелдік инвесторлардың атқарар рөлі зор. Шетелдік инвестицияларға табыс алу мақсатында кәсіпкерлік қызметтің объектілеріне инвесторлар салып отырған мүліктік құндылықтар және оған қоса олардың құқықтары, яғни интеллуалдық меншік құқығы да кіреді.

Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарлық капиталына қатыса отырып ондағы қабылданатын шешімдерге өз үлестерін және құқықтарын қорғауына болады. Шетелдік инвесторлар заңға қайшы келмейтін кез келген қызмет пен, атап айтқана: бірлескен кәсіпорындарды құруға және олардың шетелдік филиалдарын ашуға, мүліктік құқын сатып алуға, қарыз, несие беруге, тағы басқа қызметтермен шұғылдануына болады.

Шетелдік инвесторлар өздерінің қызметінен алған табысын өз қалаулары бойынша пайдалануға құқылы, Қазақстан аймағында қайта қаржыландыру үшін, тауарлар алуға және басқа да мақсаттар үшін, яғни Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуына болады.

Қазақстан экономикасының шикізаттық емес салаларында бәсекеге төзімді және экспортқа бағытталған өнім өндіру, экономиканың дамуының жаңа деңгейлерін қамтамасыз ету, шағын және орта бизнесті дамыту, отандық өндірісті көтеру алдағы уақытта шешілуге тиісті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған орай Қазақстан Республикасында «2003 – 2015 ж. ж. индустриялық инновациялық даму стратегиясы» қабылданды. Стратегияның басты мақсаты шикізаттық бағыттан бас тартуға ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу; ұзақ мерзімді жоспарда сервистік – технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау болып табылады. Осыған сәйкес стратегияның негізгі мақсаты мен міндеттері анықталады:

Стратегияның мақсаты – шикізаттық бағыттан қол үзуге ықпал ететін экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік – технологиялық экономикаға өту үшін жағдай жасау.

Стратегияның міндеттері:

- өңдеуші өнеркәсіпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4% мөлшерінде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнімділігін кемінде 3 есе арттыру және ЖІӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету;

- өңдеуші өнеркәсіптің негізгі қорларының өнімділігін арттыру;

- кәсіпкерлік ахуалды құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрі бәсекелестік артықшылықты жетілдіретін қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткізе отырып, нақты өндірістерде қосылған құн тізбегіндегі элементтерді игеру:

- ғылымды көп қажет ететін және жоғары технологиялық экспортқа негізделген өндірістер құруды ынталандыру;

- елдің экспорттық әлеуетін қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердің мүддесіне қарай әртараптандыру;

- сапаның әлемдік стандарттарына көшу;

- дүниежүзілік ғылыми - техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдік шаруашылық жүйесіне және өңірлік экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады.

Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясының маңызды міндеттерінің бірі мақсатты инвестициялық және ғылыми-техникалық стратегияларды іске асыру, инвестициялық белсенділікті реттеу мен ынталандыру болып табылады. Бұл индустриялды-инновациялық дамудың казіргі мемлекеттік басқару жүйесін қайта қарауды және белгілі бір дәрежеде қайта құруды қажет етеді.

Стратегияда қойылған мақсаттарға тиімді қол жеткізу үшін олардың шеңберінде стратегияны одан әрі жүзеге асыруда күтілетін жаңа экономикалық шарттарды ескере отырып, оны іске асыру тетіктерін сапалық жағынан жаңадан толтыру және экономиканы одан әрі жаңғырту, экономиканың барлық салалары мен капиталды қарқынды дамыту бойынша мемлекеттің кешенді күшін айқындау талап етіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттік даму институттары, атап айтқанда: «Қазакстан Даму Банкі», «Қазақстанның инвестициялық қоры», «Ұлттық инновациялық кор», «Шағын кәсіпкерлікті дамыту коры», «Экспорттық несиелер мен инвестицияларды сақтандыру бойынша мемлекеттік сақтандыру корпорациясы», «Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы» және «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» акционерлік қоғамдарының қызметтерін нығайту қажет.

Жалпы алғанда, даму институттарының тұрақты жұмыс істеуі орталықсыздандыру, мамандандыру, бәсекелестік және ашықтық қағидаларына негізделетін біріңғай жүйені қалыптастыруы тиіс.

Орталықсыздандыру қағидасы жеке сектордың бастамаларын қолдау (қаржылай қолдау) көздерінің сан түрлі болуын білдіреді. Іс жүзінде бұл мемлекеттің қаржы және ақпараттық ресурстарды бір ғана даму институтына жұмылдырмайтынын білдіреді. Бұл шешім қабылдау кезінде мүмкін болатын жүйелі тәуекелдерді болдырмауға және бәсекелестіктің негізін салуға, соның нәтижесіне ретінде қолдау көрсету кезінде неғұрлым ашық саясат жүргізуге, сондай-ақ, жеке сектордың бастамаларын неғұрлым терең талдауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы, егер перспективалы жоба даму институттарының бірінде қолдау таппаса, онда оны баска институттан алу мүмкіндігі сақталады.

Мамандану қағидасы даму институттарының қызметтерінің белгілі бір операцияларына және түрлеріне мамандануын білдіреді. Мысалы, Қазақстан Даму Банкі жобаларды банктік несиелеу арқылы, Қазақстан инвестициялық қоры - жарғылық капиталға үлестік (бақылаусыз) қатысуы арқылы, Ұлттық инновациялық қор - гранттар, оның ішінде ғалымдар мен ғылыми мекемелерге гранттар беру және капиталға үлестік қатысу арқылы жобаларды қаржыландыруға маманданады. Мамандану қағидасы даму институттарының мамандану шеңберінде операциялармен және қызмет түрлерімен ғана айналысатының білдірмейді. Олар өздері үшін негізгі болып табылмайтын басқа операцияларды да жүзеге асыра алады. Бұл үшін негізгі болып табылмайтын басқа операцияларды да жүзеге асырудың лимиттері белгіленеді.

Бәсекелестік қағидасы даму институттарының қызметін бәсекелестік негізде жүзеге асыруды білдіреді. Мұндай қажеттілік институттардың көпшілігі дамудың осы кезеңінде нарықта жоқ институттарға еліктеуге бейімді екенімен байланысты. Институттардың қызметі нарықтық интитуттарға еліктеуді білдіретінін ескере отырып, әуел бастан олардың қызметін нарықтық, яғни бәсекелестік негізде кұру қажет. Бәсекелестік қағидасы қандай да бір институттың қызметінің нәтижелерін салмақтауға мүмкіндік береді.

Ашықтық қағидасы менеджерлердің есептілігі мен жауапкершілігін, каржы ресурстарының мақсаты, әрі тиімді пайдалану үшін тиісті бақылауды қамтамасыз ететін дамудың мемлекеттік институттарын корпорациялық басқарудың ашық жүйесін құруды білдіреді. Мемлекеттік даму институттарының алдына қойылған міндеттерді тиісінше іске асыру мақсатында олардың қызметін қандай да бір қысымнан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Осы қағиданы жүзеге асыру үшін тәуелсіз директорлар институты мінсіз іскерлік беделі бар шетелдік жоғарғы білікті менеджерлерді тарта отырып, корпаративтік басқарудың қазіргі заманға құралдарын белсенді пайдаланылатын болады.

Қазақстан Республикасының индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы 2015 жылға дейінгі кезеңге арналған мемлекеттің мемлекеттік экономикалық саясатын қалыптастырады және экономиканы жеделдетілген жаңғырту, әрі әртараптандыру мен оны дамытудың шикізаттық бағытынан қол үзу және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруы мен жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған.

Мемлекет дамуының ұзақ мерзімді басымдықтарын жария еткен және соның негізін қалаушы құжат елдің 2030 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын айқындап берген Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 11 қазандағы «Қазақстан-2030. Барлық қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруы» атты Жолдауы болып табылады.

Стратегия Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан кәсіпкерлерінің 10-шы форумындағы «Елдегі жағдай туралы және 2002 жылға арналған ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы» Қазақстан халқына Жолдауына, Мемлекет Басшысының «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс алдында. Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясы» атты 2006 жылғы 1 наурыздағы жэне «Қазақстан-2030» стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде біздің ішкі және сыртқы саясатымыздың 30 маңызды бағыттары» атты 2007 жылғы 28 ақпандағы Жолдауларына, «Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі Жарлығымен бекітілген Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын іске асыру жөніндегі негізгі бағыттардың жалпы ұлттық жоспарының 61-тармағына және «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына 2005-2007 жылдардағы жыл сайынғы жолдауларын және Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 сәуірдегі №319 қаулысының 231-тармағына сәйкес әзірленген.

Мемлекет индустриялды-инновациялық саясаттың негізгі мәні әлемдік нарықтағы белгілі бір тауашаларға экспортқа бағытталған экономиканың шикізаттық емес салдарында және инновациялық секторда бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулер өндірісін құру және дамыту болып табылады.

Индустриялды саясат деп мемлекет олар арқылы бәсекеге қабілетті және тиімді ұлттық өнеркәсіпті және жоғары технологиялар индустриясын қалыптастыру үшін кәсіпкерлікке қолайлы жағдайлар жасайтын және қолдау көрсететін шаралар кешені түсіндіреді.

Индустриялды-инновациялық даму стратегиясы Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған дамуының стратегиялық жоспарында белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.

Стратегияны табысты іске асыру 2015 жылға дейін ел экономикасын сервистік-технологиялық дамуға көшірумен байлаңысты.

Стратегия индустриялды-инновациялық дамудың және экономикалық саясаттың индустрияландырудан кейінгі және үдемелі инновациялық даму жағына қарай экономика құрылымындағы сапалы өзгерістерді жүргізуді қамтамасыз етуге жұмылдырылған мемлекеттің барлық қолда бар ресурстық мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға негізделген саяси, экономикалық және ұйымдық-құқықтық шаралардың, қағидалардың, басымдықтардың жиынтығын білдіреді.

Осы құжат ұлттық маңызы бар өндірістік, энергетикалық, инженерлік, көліктік, коммуникациялық және әлеуметтік инфроқұрылымды үлесімді дамытуға бағытталған мемлекеттік инвестициялардың (мемлекеттік даму институттары мен ұлттық компаниялардың қаражаттарын қосқанда) негізгі басымдықтарын айқындауға мүмкіндік береді.

Қазақстан әлемдік нарықтағы өткір бәсекеге дайын бола алады және болуға тиіс, ал одан әрі даму жаһандық экономикалық үдерістерге сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.




жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет