1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



жүктеу 0.65 Mb.
бет5/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
ФИКИ лекция
Жеке активтерге инвестиция – материалдық өндіріс саласына ұзақ мерзімге қаржы салу, немесе оны шынайы инвестиция деп атайды.

Қаржы активтеріне инвестиция – бұл заңды немесе жеке тұлғалардан немесе халықаралық несие-қаржылық қызметтен ақша қаражатын алуға арналған құқық.

Материалдық емес емес активке инвестиция – 2000 жылғы №14 ПБУ сәйкес оған интеллектуалдық меншік нысандары жатады:

  • Интеллектуалдық қызмет нәтижесіне ерекше құқық;

  • Патент иегерінің өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модель сатып алуға ерекше құқығмәліметтеры;

  • ЭЕМ, базасы бағдарламаларына ерекше авторлық құқық;

  • Автор немесе басқа құқық иеленушінің ықпалдасқан микросхемаларға мүліктік құқығы;

  • Тауар және қызмет көрсету белгісіне, тауардың шығарылған жерінің атауына иесінің ерекше құқығы;

  • Патент иегерінің селекциялық жетістіктерге ерекше құқығы;

  • Ұйымның іскерлік беделі және заңды тұлғаның құрылуына байланысты, құрылтайшы құжаттарға сәйкес ұйымның жарғы капиталына құрылтайшылар салымының бір бөлігі деп танылған ұйымдастырушылық шығын.

Портфельдік инвестиция – қағазда акция, облигация және т.б. түрінде жазылған ұзақ мерзімді бағалы қағаздарға қаржы салу. Мұндай салым өте аз, я болмаса иелері бақылай алмайтындай бөлінген. Сондықтан олардың мақсаттылығына және тиімділігіне әсер етпейді.

Инвестициялар салым объектілеріне қарай бөлінеді:

- мүліктік инвестиция (нақты инвестициялар) – бұл өндірістік процеске тура қатысатын инвестициялар, мысалы, құрал – жабдыққа инвестиция, ғимарат, материал қорлары (материалдық активтерге және материалдық емес активтерге).


  • қаржылық инвестиция – қаржылық мүлікке салым, басқа фирмалардың қарыз құқықтары мен олардың ісіне араласу құқығын алу, мысалы, акцияларды басқа да құнды қағаздарды (стратегиялық, портфельдік) сатып алу.

Нақты инвестициялар өзінің іс-әрекетінің бағытына қарай бөлінеді:

- жаңа өндіріс салуға инвестициялар (венчурдік инвестиция) - жаңа өндіріс, қызмет, жұмыс құруды немесе жаңа нарыққа шығуды көздейді..

- өндірісті ұлғайтуға инвестициялар (экстенсивті инвестициялар) - өндіріс көлемін кеңейту және саты нарығын ұлғайту мақсатында қолданыстағы өндіріске қаржы салу.

- өндіріс тиімділігін жоғарлатуға инвестициялар - ресурсты үнемдеу технологияларын (материалдық, еңбек, қаржы) дамытуға бағытталған қаржы салу.

- технологияны жаңарту және жетілдіруге инвестиция - өндірісті жаңартуға, жетілдірілген технологияларды енгізу және жаңартылған тауарларды шығаруға қаржы салу.

- мемлекеттік басқару органдарының талабын қанағаттандыруға инвестициялар - барлық белгілер көрсеткіштер, техникалық және экономикалық параметрлерді (стандарт) сақтай отырып, мемлекеттік тапсырысты орындауға бағытталған. Ереже бойынша, олар қоршаған орта, тұтынушы қауіпсіздігіне бағытталады.

Инвестициялық процеске қатысу сипаты бойынша:

- тікелей инвестициялар – мұнда инвестицияландыру және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы талап етіледі;

- жанама инвестициялар – бұл ақша құралдарын өз қалауы бойынша неғұрлым тиімді орналастыратын қаржылық делдалдар арқылы инвестицияларды қаржыландыру.

Бүгінгі күнде инвестициялау кенеттен болады және меншік иесінің іскерлік қасиетіне, оның мүддесіне, сонымен қатар менеджмент және қаржы менеджментіне байланысты болады. Мұндай ыңғай перспективасыз, себебі әзірленген инвестициялық саясаты жоқ өндірушілер (меншік иелері) бәсекелік артықшылықты жоғалта отырып, өз ісін жабуға мәжбүр. Бұған қоса олар қосымша шығынға ұшырайды.

Осыған байланысты барлық инвестиция түрін активті және пассивті деп бөлуге болады.

Активті инвестиция – жаңа нарықты қамтуға бағытталған агрессиялы немесе диверсификацияланған инвестиция. Олар қаржы құралдары арқылы (портфельдік инвестиция) бәсекелестерін жұтады немесе олардың нарықтағы беделін әлсірете алады. Мұнда демпингтік құн, өндіріс және менеджмент саласында жаңа технологияны енгізу механизмі қолданылуы мүмкін. Аталған инвестициялар барынша табыс әкеледі, алайда тәуекел де жоқ емес.


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет