1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Бағалы қағазға инвестиция салудың тиімділігін бағалаудағы табыс пен тәуекел



жүктеу 0.65 Mb.
бет41/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ФИКИ лекция
Бағалы қағазға инвестиция салудың тиімділігін бағалаудағы табыс пен тәуекел.

Нарық жағдайында сатушы, сатып алушы және кез келген нарыққа қатысушыны негізінен кіріс, яғни пайда алаңдатады. Бұл жағдай бағалы қағаздар нарығына да қатысты.

Еркін қаржы ресурстарына ие сатып алушылар оларды акция, облигация, шетел валютасы, депозит және басқа қаржы құралдарына сала отырып, пайда табуды көздейді. Бағалы қағаздарды сатып алушы өз кезегінде бағалы қағаздың орнына ақша ресурстарын алуды, пайда табу және бағалы қағаз ұстаушыларға дивиденд төлеу мақсатында оны ары қарай инвестицияға салуды көздейді. Нарық қарым-қатынасының барысында тараптардың біреуі белгілі бір тәуекелге барады. Көпшілік жағдайда ол нарықтың конъюктурасымен анықталады. Қатысушылардың арасындағы тепе-теңдік сұраныс ұсынысқа тең болғанда орнайды, сонда нарықтық құн бағалы қағаздардың шынайы бағасына сәйкес болады. Сұранысты V деп, нарықтық құнды Р деп белгілейік. Бұл жағдайда, сұраныс пен ұсыныс тепе-теңдікке жеткен кезде P = V, егер нарықтық құн шынайы бағамен сейкес болмаса, онда тепе-теңдік мынадай болады P V, ал P ≤ V болса, бұл бағалы қағаздың артық бағаланғанын көрсетеді. Ереже бойынша нарық бағаны түзетіп отырады. Жете бағаланбаған бағалы қағаздардың құны нарықта өсіп, асыра бағаланғандардың бағамы түседі.

Инвесторлар еркін қаражатын бағалы қағаздарға сала отырып, жете бағаланбаған бағалы қағаздарды сатып алу есебінен кіріс кіргізуді, оларды кейіннен әлдеқайда жоғары бағаға қайта сатуды көздейді. Бұл жағдайда мұндай операциялардың тиімділігін табыс мөлшерлемесі деп атайды. Мұнда күтілетін табысты ала алмай қалу тәуекелін есепке алу маңызды. Аталған тәуекел қолда бар және қолданыстағы активтердің барлығы табыс, оның ішінде күткен табыс әкелмейді.

Еркін қаржысын БҚ салатын инвесторлардың түрлі мақсаттары болады. Мәселен, трейдер – инвестор – спекулянт (алыпсатар) сатып алу және сату құнының арасындағы айырманың есебінен пайда табуға тырысады. Ереже бойынша, мұнда қысқа операция жүргізіледі.

Портфельді менеджер тәуекелі аз салымды ұтымды әртараптандыру есебінен пайда табуды көздейді.

Капиталды бағалы қағазға сала отырып, бағалы қағаз нарығын қаржылық талдау дағдысын меңгеру керек. Ереже бойынша, дұрыс бағаланбаған активті шапшаң анықтайтын, бұған қоса бағаны, күтілетін кірісті болжау, қаржы активінің тәуекелі мен инвестициялау қызметін стратегиялық басқару тәжірибесі бар инвестор пайда табады.

Бағалы қағазға салынған инвестицияның нәтижесін кірістің сапалы көрсеткішінің көмегімен анықтайды.



Табыстылық – белгілі бір уақыт ішінде табысты көрсететін салыстырмалы көрсеткіш болып табылады.

Көпшілік жағдайда пайыздық мөлшерлемені пайдаланады, дегенмен екеуі бірдей. Мөлшерлеме қойылса, бұл жылдық болады. Бағалы қағаз нарықта бір жылдан көп немесе аз уақыт айналымда болады. Бұл жағдайда табыстылықты анықтаудың түрлі әдіс-тәсілдері пайдаланылады.



Мерзім ішіндегі табыстылық – инвестор белгілі бір уақыт ішінде алатын табыс; ол мына формула бойынша есептеледі:









мұнда r – мерзім ішіндегі табыстылық (капиталға айналдыру); Д – бастапқы инвестицияланған капитал; Дn – n жылдан соң алынған сома.

Мысалы, салымшы бағалы қағазға 100 мың сом салып, 3 жылдан кейін 250 мың сом алды. Бұл жағдайда оның операциясының табыстылығы мынаны құрайды:


































r = 3√Дn∕Д – 1
мұнда r – бір жылға есептелген табыстылық; n – жыл саны.

Сонымен, жоғарыда көрсетілген мысал бойынша орташа жылдық табыстылық мынаны құрайды:


r = 3250000 – 1 = 0,2011, немесе 20,11 %

100000
Күрделі пайыз m жылына бірнеше рет есептелген жағдайда, табыстылық мына формула бойынша есептеледі
r = mmnДn - 1

Д
Жақшадағы нәтиже бір кезең ішіндегі табыстылықты сипаттайды, оны кезең санына көбейтеді. Қор нарығында қысқа мерзімді кірісті бағалы қағаздар айналымының орны бар. Онда табыстылық мына формула бойынша есептеледі:


r = ( Дt 1) 360

Д t
Мысалы, алғашқы салым 100 мың сомды құрады, жыл соңына қарай капиталдандыру 101 мың сомды құрайды, табыстылық тоқсан сайын есептеліп, жылдың есеп кезеңі 360 күнді құрайды (365 және 366 күнді пайдалануға болады). Бағалы қағазға салымның табыстылығын анықтаймыз:
r = (101000 - 1) 360 = 0,12

100000 t
Бір мезгілде тиімді табыстылықты немесе ұтымды пайызды есептеу ұсынылады. Табыстылықтың ұтымды пайызы мына формула бойынша есептеледі:


r тіимді = (1 + r t ) 360 – 1 немесе r тіимді = (1+ r t) х 360/t - 1

360 t


мұнда r тіимді – бір жылға есептелген табыстылықтың тиімді пайызы; t – сатып алудан сатуға дейінгі кезең, яғни қаржы операциясының соңы; r – бір жылға есептелген жай пайыз; r t – t кезеңіндегі табыстылық.

Жоғарыда көрсетілген мысалдан бір жылдағы табыстылықтың тиімді пайызын есептейміз:


r тіимді = (1 + 0,12 х 30/360) х 360/30 – 1 = 11,12%.
Бағалы қағаздың инсвестициялық табыстылығын бағалау кезінде бағалау мен басқарудың мынадай әдістері қолданылады:

Бұл ретте, болашақ табысты бағалау кезінде қате табылуы мүмкін, бағалық қағаздардың дивидендіне әсер ететін дұрыс бағаланбаған бағалы қағаздарды анықтау маңызды, яғни акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздарының нарықтық бағамында көрсетілмеген факторларды іздестіру керек. Осы мақсатпен бағалы қағаздың шынайы құнын өткен бағаммен салыстырып анықтайды. Егер нарықтық бағам шынайы құннан жоғары болса, онда бағалы қағаз артық бағаланған, ал егер керісінше нарықтық бағам шынайы бағадан төмен болса, онда бағалы қағаз артық бағаланбаған.

Сонымен қатар алынған табыстылықты анық пайдамен салыстырып, болашақ табыстылықтың әдісі пайдаланылады.

Шынайы (ішкі) табыстылықты зерттеу кезінде мынадай есептеу формуласын пайдаланады:

Кид = ОСа х ССа

Мұнда Кид – бағалы қағаздың ішкі құны; ОСа – бір акцияның бағалау құны; ССа – бір акция құнының әділетті немесе қалыпты мөлшері:
Сса = Ц а – П
Мұнда Ц а – бір акцияның құны; П – бір акциядан түсетін кіріс.

Бағалы қағаздың ішкі құнына мынадай көрсеткіштер әсер етеді:



  • Жалпы ішкі өнімнің мөлшері

  • Сала бойынша сату көлемі

  • Сату мөлшері

  • Акционерлік қоғамның шығыны

Нарықтық экономика инвестиция салымының еркін таңдауын ұсынады. Жеке және заңды тұлғалар үшін меншік капиталын салған кезде инвестиция тәуекелін анықтап алу маңызды.


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет