1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Шетел инвестициясының Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына әсері



жүктеу 0.65 Mb.
бет39/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44
ФИКИ лекция
2.12. Шетел инвестициясының Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына әсері.
Шетелдік инвестициялар - бұл ҚР территориясындағы кәсіпкерлік қызметтің объектісіне шетел инвесторына тиесілі азаматтық құқықтардың, соның ішінде ақша қаражаттардың, бағалы қағаздардың, мүліктік, интелектуалдық құндылықтардың және ақпарат нәтижелеріне ерекше құқытардың ақшалай бағасына ие мүліктік кұқықтар объектісі түрінде шетел капиталын салу.

Сыртқы инвестициялаудың негізгі көзі шетелдік тікелей инвестициялар болып табылады. Шетелдік тікелей инвестициялар тек ішкі капитал салымдарының қосымша көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар жаңа жетілдірілген технологияларға, сырқы қарыздарды өткізу жүйесіне, қаржыландырудың жаңа көздеріне қол жеткізу әдісі ретінде қарастырылуы және шетелдік инвесторлар жаңа өндірістерді құруға көмектесуі мүмкін.

Шетелдік тікелей инвестициялар - шетелдік инвесторлардың салған капиталы, отандық кәсіпорыннан артықшылығы болумен түсіндіріледі..

Мемлекеттік портфельді инвестициялау кезінде олардың иесі үшін тек табыс маңызды болады. Ал кәсіпорындарды бақылау, олардың мүдесіне жатпайды. Қазақстан экономикасына шетелдік инвесторларды тарту әлеуметтік-экономикалық дамудағы мәселелрді шешуге көмектеседі:

- қазақстандық тауарлар мен технологияларды сырқы нарыққа шығару;

-әр түрлі салаларда экспорттық әлеуетті кеңейту және импорттың орнын басатын өндірісті дамыту;

- еңбек күші көп аймақтарға және табиғи ресурстарға бай аудандарға капитал құюға көмектесу;

- жаңа жұмыс орындарын кұру және өндірісті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы орындарын шегеру;

- кәсіпкерлік саладағы өркениетті қатынастардың нәтижесін игеру;

- өндірістік инфрокұрылымның дамуына көмектесу.

Шетел инвестициясын тартудың объективті алғышарты: нарықтық қатынастарға өту халықаралық қатынастардың қамтылуын және ұлттық экономиканың әлемдік экономикалық кеңістіктегі интеграциясын анықтайды. Осыған байланысты 1994 жылы 27 желтоқсан айында «Шетелдік инвестициялар туралы» заң қабылданды, бұл заң шетел инвесторлардың құқығын және ҚР-ның территориясында инвестициялық қызметті ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекітті. Осы заңға байланысты шетел инвестицияларын тартудың негізгі мақсаттары келесілер болып табылады:

- өндірісті дамыту және экономиканы көтеру үшін инвестицияны ресурстармен қамтамасыз ету;

- жаңа техника мен технологияны енгізу жэне өндіріс тиімділігін арттыру үшін еңбекті ұйымдастырудың жаңа формаларын енгізу;

- әлемдік шаруашылықтың жаһандануымен байланысты шаруашылық байланыстарды дамыту.

Шетел инвестицияларын тартудың негізгі қағидалары:

1) экономикалық мақсаттық қағидасы (сала немесе мемлекет үшін өткізудің тиімділігі және табыстылығы);

2) экономикалық және экологиялық қауіпсіздік қағидасы, яғни инвестицияны жүзеге асыруды келесі талаптар бұзылмауы керек:

- табиғи ресурстарды тиімді пайдалану;

- экологияға қауіп туғызуға жол бермеу;

- мемлекеттен заңсыз түрде капиталды алып шығуға тиым салу;

- ескі техника мен технологияны енгізуге тиым салу.

1990 жылдарда шетел инвесторлары инвестицияларды капиталдьг көп қажет етпейтін тез өтелетін инвестициялық жобаларға, әсіресе саудаға, қоғамдық тағамға, өндейтін өнеркәсіп салаларына салған. Сол уақытта капиталды көп қажет ететін салаларға, сонымен бірге гылыми-техникалық прогрестің дамуын анықтайтын салаларға инвестициялардың көлемі аз болатын. Қазақстандағы шетелдік тікелей инвестициялардың маңызды көлемі отын өнеркәсібіне келді, себебі ол дамыған және басқа мемлекеттерге өнімді мемлекеттерін шикізатпен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге көмектесті.

ҚР-да шетел инвестицияларын тарту 1992 жылдан басталды. Алғашқы экспорттау кешенін - Австрия мен Германия Үкіметтері берді. 1993-1995 жылдар аралығында респудлика экономиканы жүйелі қайта құруды жүргізу және макроэкономикалық тұрақтылық пен реформаны қамтамасыз ету бағдарламасы бойынша Халықаралық валюта қорымен келісім жасады.

1992-1995 жылдары ҚР-сы шетелден техникалық көмек түрінде 270 млн доллар алды. Кеңес Одағының құлауына байланысты 1994 жылы қаржылық экономикаға өту кезінде біздің экономикалық жағдайымыз келесі факторлармен сипатталады:

- инфляцияның 15-50%-ке кемуі;

- ірі компаниялардың банкротқа ұшырауы.

1994 жылы қазан айында парламент «Инфляция туралы» заң қабылдады. Осы заңмен біздің экономикалық салаларымызға байланысты инвесторларға келесідей құқық берілді:

- пайданы еркін қолданып шетел банктерінде шот ашуларына болды;

- оларға өздерімен бірге мамандарды шетелден әкелуге рұқсат берді;

- жабдықтарды, компьютерлерді әр түрлі салық салулардан босатты. Тікелей инвестицияның алғышарты оның мемлекеттік қарызға әсер етпеуінде, ал, халықаралық органдардан алынған зайымдар үкіметтің кепілдігімен алынады.

Әлемдегі 20000-нан астам трансұлттық компаниялар бар. Қазақстан территориясында олардың қызметтері біріккен кәсіпорындардың құрылуымен байланысты дамыды.

1. Ең ірі трансұлттық компаниялар - Шеврон, Қытай Ұлттық Компаниясы, Тексака, Филип Морис болып табылады.

2. Халықаралық қаржы институттары:

1) Халықаралық қайта құру және Даму банкі;

2) Азиялық қайта құру және Даму банкі;

3) Еуропалық қайта құру және Даму банкі;

4) Жапонияның Эксим банкі;

5) Жапонияның халықаралық серіктестік қоры.

3. Шетелдік коммерциялық банктер. Шетел инвесторларының саяси принциптері:

- экономикалық пайданың тиімділігі;

- экономикалық және экологиялық қауіпсіздендіру принципі;

- экологияға зиян келтірмеу;

- капиталды мемлекеттен шығару;

- ескірген техникамен жұмыс жүргізбеу;

- инвесторлардың сенімді серіктесі болу.

Игерілген шетелдік тікелей инвестициялардың едәуір бөлігі мұнай, газ, түсті металл, энергетика салаларына бөлінеді. Сонымен қатар, Қазақстанда шетел инвесторларының көптеп келуіне әсер ететін жағдайлар бар. Мысалы, бай минералдық шикізат көздері, көптеген табиғи жер ресурстары, яғни, түсті және қара металлургия, химия және мұнай химиясы. Еліміздегі өнеркәсіптік қуаттылық пен халықтың білім деңгейі жеткіліксіз мамандандырылған кадрларды қамтамасыз етті.

Барлық инвестицияның 80%-і шикізатқа мұнай өндеу, газ, қара және түсті металлургия және энергетика саласына келеді.

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекеттік инвестициялық стратегияның өзекті болуының бірден-бір себебі шетел инвестициясын қолдану арқылы дағдарысқа ұшыраған кәсіпорындарға қажетті құрал-жабдықтар сатып алу, өндірісті қайтадан жарақтандыру, кәсіпорынның құрылымын жаңарту және бүкіл еліміз көлемінде басталған құрылыс жұмыстарын қаржыландыру сияқты мәселелерді шешу және жалпы мемлекеттің тарапынан да мән беріліп отырғандығында. Нақтылай айтар болсақ, 2007 жылдың 28 ақпанындағы ел Президенті Н.Ә.Назарбаев мырзаның кезекті халыққа жолдауында осы мәселенің тағы да жаңғыртылуы болып табылады. Минералды шикізат кешенінің сарқылатыны жөнінде Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев үстіміздегі он жылдыққа арналған жолдауында төмендегідей қарастырып өткен:

Қазақстанның кен байлығы – минералды шикізаттың қайта қалпына келмейтінін әрі кен орындарының уақыт өте келе сарқылатыны белгілі. Мұнің өзі болашаққа әуелі экономикалық, содан кейін саяси тәуелсіздігімізден айырылып қалуымызға әкеліп соғуы мүмкін.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев атап өткеніндей біздің елімізде шетелдік инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар құрылған және Қазақстан Орта Азия және бүтіндей ТМД бойынша инвестиция үшін неғұрлым тартымды және перспективті ел болып табылады және Орталық, Оңтүстік-Шығыс Азия нарықтары мен Европа арасында ғаламдық көпір болуға мүмкіндігі бар.

Бүгіндері АҚШ, Азия және Европа елдерінен келген компаниялар Қазақстан экономикасына негізгі инвесторлар болып табылады. Соңғы жылдары Қазақстан көптеген елдермен сыртқы экономикалық байланыстарды қалыптастырды, алайда оның халықаралық шаруашылықтағы орны енді айқындалуда. Өзіміз білетіндей, инвесторлар үшін мұнай-газ секторы тартымды болып табылады. Мұнай және газ өндіру Қазақстан өнеркәсібінің неғұрлым табысты және басымдықты бағыттарының бірі.

Республика бойынша, потенциалдық ресурстар бойынша мұнай өндіру өсуі керек, болжау бағалаулары бойынша 2005 жылы – 100 млн.тг., ал 2015 жылы – 170 млн.тг. құрайды. ҚР статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2004 жылы Қазақстан Республикасына шетел инвестицияларының көлемі 147,1 млрд. теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2002 жылмен салыстырғанда 22,6 % жоғары.

Инвестицияның үлкен бөлігі (78%) мұнай-газ секторына бағытталған. Қазірде мұнай өндіру деңгейі бекітілген қордан 1% құрайды. Жеке қажеттіліктерді қанағаттандыруға бұл қарқын жеткілікті. Бірақ сыртқы нарыққа шығу үшін Қазақстан өндіру көлемін көбейту бойынша шаралар қарастыруда және бәрінен бұрын шетел инвестицияларын тартуда.

Республиканың жер қойнауын пайдалануды дамытуға 27%-дан аса салымды АҚШ компаниялары, 23%-Нидерланды, 8%-Оңтүстік Корея салды. Инвесторлар үшін Батыс Қазақстан неғұрлым тартымды болып табылады, бұл жерде мұнай, газ және конденсаттың өңделетін ірі кен көздері топтасқан.

Республикамыздың шетел инвестицияларын тарту сферасындағы саясатына сенім білдірген компаниялардың ішінде танымал компаниялар бар, олар: Chevron, Mobzl, Amono, Texaco, Adzp, British Ga”, Elf Akiten, British Petroleum, Statiol және басқа да Солтүстік Америка, Европа және Азия, Ресей компаниялары бар. Олардың Қазақстанда қатысуы, біздің еліміз оның мұнай-газ саласы – инвестиция салымдары үшін тартымдылардың бірі екендігін дәлелдейді.

Евразиялық жаршы мәліметтері бойынша, кен көздерін барлауға шетел инвестицияларының көлемі жыл сайын өсуде. Мақсатты және секторлық бағдарламаларды (жүйелі қайта өзгерістер бағдарламасы, ұлттық валютаны тұрақтандыру үшін, критикалық импортты қаржыландыруға, шағын орта бизнесті қолдауға, экономиканың басты салаларын қаржыландыруға, мамандарды оқытуға және т.б.) жүзеге асыру үшін жеңілдік жағдайда қарыздарды ұсыну түрінде Жапония және Германия үкіметтерімен, әлемдік даму банкімен, Халықаралық валюта қорымен республикаға қаржылық көмек көрсетілуде.

Республикаға қолайлы инвестициялық климат құру үшін біріккен, шетелдік кәсіпорындардың тіркелу шартын жеңілдету, жобалардың өту жылдамдығын қамтамасыз ету, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, теңге курсының тұрақтылығын, сыртқы экономикалық әрекеттің либерализациялануын, салық және кеден тәртіптерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету. Экономиканы инвестициялаудың басқа жағдайларын барлық экономикалық заңдар мен нормативтік актілерді тұрақтандыруын қамтамасыз ету, Қазақстанның әр түрлі халықаралық, сауда, қаржылық және экономикалық ұйымдарға енуін қамтамасыз ету қажет.

Басымдылықты бағыттар бойынша отандық және шетел инвестицияларын тартудағы Қазақстанның қажеттілігін қарастырайық. Шетелдік және отандық инвестициялардың жалпы көлемі мен құрылымын болжау кезінде, келесідей факторлар мен жағдайлар ескерілуі қажет:

1. Бір жағынан Қазақстанның маңызды көлемде шетелдік және отандық инвестициялардың ағымына қолайлы әсер ететін бірқатар жағдайларды қарастырайық:


  • бай минералды-шикізаттық (мұнай, газ, көмір, қара руда және түсті металдар, минералды, құрылыстық материалдар және т.б.);

  • маңызды табиғи жер ресурстары;

  • химия және мұнай химиясы, қара және түсті металлургиясымен ұсынылған өнеркәсіптік потенциал;

  • анағұрлым квалификациялы кадрлар, білімді тұрғындар.

2. Басқа жағынан алғанда отандық және шетелдік капитал ағымы үшін

қолайсыз жағдайлар бар:



  • Қазақстан – континентальды ел, негізінен дәстүрлі Еуропа, Америка, Азия, Таяу Шығыс сыртқы рыноктарынан алыс орналасқан;

  • шет елдердің рыноктарымен транспорт байланысы төмен;

  • инфрақұрылым жеткілікті дамымаған;

  • Қазақстанда ішкі нарық неғұрлым тар, бірінші кезекте тұтыну тауарларының нарығы;

  • реформаның құқықтық базасы шетел капиталының ағымы үшін тартымды емес және тұрақсыз.

3. Шетел инвестициялары екі негізгі арна бойынша тартылуы мүмкін: тікелей шетел инвестициялары және шетел несиелері.

2030 жылға дейінгі республика экономикасын құрылымды қайта өзгертулер үшін қажетті шетел капиталының жалпы көлемі 9 млрд. долл. жуық соманы құрайды, сонда жылына 1,5 млрд. доллардан келеді. Негізгі құрылымдық қайта өзгерістер басқа салалардың дамуы үшін импульс беретін маңызды жобаларды жүзеге асырудан басталады. Келесі кезекте маңызды өндіріс жобаларымен тығыз байланысты қарыз капиталын тартуды көбірек қарастыру қажет, бұлар экспорттық потенциалға қосымша эффект береді. Шетел капиталы ұлттық экономиканың кейбір секторларын бақылауды күшейтуі, жылжымайтын мүліктің елеулі бөлігін иеленуі, табыстарды әкету және несиелерді әкелу арқылы төлем балансының жағдайын нашарлатуы мүмкін қаупі бар дамыған елдер шетел капиталының келуін және қызметін реттейді.

Әлемнің көптеген дамыған елдерінде шетелдік капиталдың қатысуымен компания қызметін реттейтін мемлекеттік органдар жоқ. АҚШ-тағы шетелдік инвестициялар жөніндегі комитет АҚШ ұлттық мүдделеріне көрінетіндей салдар болатын ірі шетелдік күрделі қаржы жұмсалымына қарай алады және мұндай қүрделі қаржы жұмсалымына тыйым сала алады. Басқа федералдық органдар шетелдік инвестицияларды статистикалық талдаумен айналысады. АҚШ-та валюталық шектеулер жоқ, сондықтан шетелдік капитал қатысатын компанияның тіркеулі және әрі қарайғы қызметі АҚШ-та кәсіпкерлік қызметпен айналысатын шетелдік және ұлттық компанияларға арналған жалпы заңдармен, органдармен реттеледі.

Құрама Штаттардағы шетелдік инвестициялар жөніндегі комитет – Министраралық Кеңесші ұйым АҚШ ұлттық мүдделері үшін көрінерліктей салдар болуы мүмкін, ірі шетелдік күрделі қаржы жұмсалымын қарастыруға құқығы бар. Бұл комитет инвестицияларға тыйым сала алады, бірақ осы уақытқа дейін мұндай оқиға болмаған.

Ішінара шетелдік бақылаудағы компаниялар шетелден бақыланатын компания үшін келесі шектеулер бар: мұндай компаниялар федералды жерлерде мұнай құбырлары мен көмір шахталарын, мұнай кәсіптерін иеленуге құқығы жоқ, егер олардың елінде американдық компанияларға осындай құқық берілмесе; сақтандыру компаниялары үшін осындай шектеулер 35 штатта орын алған; шетелдік бақылаудағы компания үшін пайдалы қазбаларды өндіруге және жылжымайтын мүлікті, әсіресе жерді сатып алу құқығына шектеу бар; авиациялық және су көлігіндегі, атомдық және электр энергетикасындағы, байланыстағы, банктік және сақтандыру саласындағы аталған компаниялар қызметіне шектеулер бар.

Шетелдік инвестициялар үшін шетелдік кәсіпорын бөлімшесі ретінде тіркелу ең қарапайым. Ол заңды тұлға болып табылмайды, оған жарғылық капитал мөлшері бойынша шектеу жоқ, ол үшін салықты бас компания төлейді, тұрақты ресми тексеру талап етілмейді.

Бірақ шетелдік инвесторлар үшін ең танымал тіркелу нысаны еншілес корпоорация нысанында тіркелу болып табылады. Ол заңды тұлға және корпоорациялар туралы заңдардың барлық талаптарын сақтап, тіпкеледі.

“Invest in the USA” бағдарламасы арқылы Сауда Министрлігі шетелдік инвесторларды нарықтар, қаржылар және тағы басқа ақпараттармен қамтамасыз етеді, жергілікті кәсіпкерлермен және жергілікті билікпен байланыс орнатуға көмектеседі. Экспортты көтермелеу бағдарламалары және жүйелері бар, оның ішінде шетелде сату корпоорациясы деп аталатын статус беру арқылы, 10 млн. долларға дейін сомаға экспорттағанда – халықаралық сатудың ішкі корпоорациясы статусын беру арқылы жүзеге асырылатындар.

Басқа инвестициялық жеңілдіктер штаттар деңгейінде беріледі. Бұл – салық салу ставкасын төмендету, қажетті өндірістің инфрақұрылыммен тегін ғимарат, жеделдетілген амортизацияға, ғылыми зерттеулерге және жұмыс бастылықты көбейтуге қарыздарға ерекше жеңілдетілген, экспортқа жұмыс істейтін корпоорациялар үшін салық салынатын пайданың 15% есептен шығаруға рұқсат беріледі. АҚШ-та бірнеше жүз еркін сауда зонасы әрекет етеді. Шетелдік банктер бөлімшелерінің де қатысушысы болуы мүмкін халықаралық банктік зоналар қызмет етеді.

Шетелдік инвестицияларды реттеудің жапондық тәжірибесі де қызықты. Жапонияда шетелдік инвестицияларды реттейтін арнаулы заңдар мен органдар жоқ. Жапондық үкімет ұйымдары шетелдік қаржы жұмсалымдарына жапон экономикасына немесе оның белгілі бір саласына теріс әсер етті деп, ішінара немесе толық тыйым салуға құқығы бар. Осы уақытқа дейін тыйым салуға барған емес, рекомендацияға тырысып, мұндай шараға бармады.

Қаржы министрлігі және сәйкес салалық ұйым пікірі бойынша, жоспарланған шетелдік күрделі қаржы жұмсалымы ұлттық қауіпсіздікке қатер туғызатын және қоғамдық тәртіпті бұзуға әкеліп соқтыратын жағдайларда, Жапония және шетелдік инвестор елдері арасында инвестиция жөніндегі келісім болмағанда, бұл инвесторға хабарландыру мазмұнын өзгертуге ресми ұсыныс жасауы мүмкін. Ауыл және орман шаруашылығы, балық шаруашылығы, мұнай және өңдеуші инструкция былғары өнеркәсіпке шетелдік капиталды ішінара салдырмайды. Шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сатыа алуға шектеу жоқ. Тікелей шетелдік инвестицияларды ынталандырудың арнайы бағдарламасы бар. Оның шеңберінде Жапонияның даму банкі шетелдік кәсіпкерлерге олардың 40% құрылыс және басқа шығындарын жабатын жеңілдікпен займдар береді. Займдар 15-25 жылға беріледі. Францияда шетелдік инвестицияларға қатысты арнайы заң жоқ. Шетелдік инвестицияларды реттеу мәселелерімен Франция банкі және экономика, қаржы, бюджет министрлігі айналысады.

Францияда шетелдік тікелей инвестициялар алғашқыда шетелдік капиталды әкелу немесе оны Франциядан қарызға алу есебінен қаржыландырылады. Компания құрып және оны Францияда тіркеп, шетелдік инвестор қаржыландыру саласында ұлттық компаниялар сияқты құқыққа ие болады.

Шетелдік инвестицияны тартуда Қытай тәжірибесі ерекше қызықты. Қытайда шетелдік тікелей инвестицияларды реттеудің негізгі орталығы сыртқы экономикалық байланыс және сыртқы сауды жөніндегі Мемлекеттік Әкімшілік болып табылады. ҚҰР конституциясында елдегі шетелдік кәсіпкерлік қызметтің құқыққа сәйкестілігі, заңды құқықтар мен шетелдік инвесторлар мүдделерін қорғау туралы бап енгізілген.

Осы конституциядағы ереже негізінде елде Қытайда шетел капиталы қызметін регламенттейтін көп заңдар мен заң күші бар актілер қабылданған. Қытайда шетел капиталы толық қатысқан компаниялар қызметіне газет және баспа ісінде байланыс және пошта қызметтерінде, радио, фильмдер өндірісінде, сақтандыруда рұқсат етілмейді.

Қытайда юан барынша айырбасталымды болса да, қатаң валюталық бақылау орын алған.

Шетел капиталы бар жергілікті компанияда Қытай банктерінен несие алу мүмкіндігі бар, бірақ ұзақ мерзімді несие алу қиын.

Қытай заңдары энергетикада, химияда, металлургияда, машина жасауда, жеңіл өнеркәсіпте, ауылшаруашылығында, туризмде шетелдік инвестициясы бар кәсіпорын құруды ұсынады.

Қытайда тек технологиялық дамудың 30 экспортқа бағытталған зонасы және 52 технологиялық парк төмендетілген салық салумен әрекет етеді.




жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет