3.Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті сараптамасы-жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек. Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын (несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама жүргізеді мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын тексері үшін де сараптама қажет.