1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



жүктеу 0.65 Mb.
бет22/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44
ФИКИ лекция
Инвестицияалды кезең инвестициялық жобалау процесін және инвестиция мүмкіндігі, ТЭН мен инвестиция салымының тиімділігін есептеуді талдау негізінде келесі кезеңге көшу мақсаттылығы туралы түйіндемені қамтиды.

Инвестициялық кезең капитал салымдарын жобалауға, құрылысқа, маркетинг, кадрларды оқыту, материалдық ресурстарды сатып алу мен олардың қорын құруға, бұған қоса келіссөздер жүргізу, шарт, келісім және келісім-шарттарды жасай отырып, нақты қаржыландыруды көздейді.

Пайдалану кезеңінде капитал салымының бірінші нәтижесі анықталады, нақтыласақ: жобаны тапсыру-қабылдау, өнім (қызмет, жұмыс) өндірісі, кезекті жөндеу, жаңарту, қажет болса жабдықты ауыстыру, өндірісті жобалық қуатқа дейін дамыту, керек болған жағдайда жаңа өнім шығару, яғни жаңа технологияларды енгізу немесе ескілерді жетілдіру.

Тарату кезеңі өндірісті таратуды, жабдықты қайта құрастыру және оны жою, сонымен қатар пайдаланылмаған активтерді сатуды көздейді. Қаржы нәтижесін шығара (есептеу) және басқа пайданы анықтай отырып, жобаны аяқтау және тоқтату. Әрбір кезең белгілі бір қаржы ресурстарын талап етеді. Мұндай ыңғай құрылым мен инвестицияға сұраныс кезеңін анықтауға мүмкіндік береді. Орташа статистикалық мәліметтер бойынша пайыздық жағынан шығын құрылымы инвестицияалды кезеңде 3%, жоспарлау – 5, жобалу – 20, құрылыс (пайдалануға беру) – 60, ал соңғы кезеңде – 12 % құрайды.

П.Н.Завалин және басқалар жазып кеткен инвестициялық жоба мазмұны және әзірлеу кезеңдерін қарастырайық.

Инвестициялық жобаны құрастыруға мынадай талаптар қойылады:


  • Бизнес-идеяның соңғы нәтижесі;

  • Бизнес-идеяны жүзеге асыру мерзімі;

  • Бизнес-жобаға жұмсалатын шығын;

  • Сенімділік;

  • Құқықтық және техника-ұйымдастырушылық қамту.

Бұған қоса барлық ұйымдық жобаларда жаңалық болуы шарт – бұл экономикалық, қаржылық, әлеуметтік және жобалардың басқа түріне қатысты.

Бизнес-идеяны іске асыру бойынша инвестициялық жобаны құрастыру кезінде заемшы инвестициялық салымға жұмсалатын шығынның құрылымын, оларға сұраныс мерзімі мен оны заем берушіге қайтару уақытын нақты анықтап алуға міндетті. Жұмсалатын шығынның шамамен тізімі мына түрде болуы мүмкін:



  • Бизнес-жобаны (инвестициялық) құрастыруға жұмсалатын шығын;

  • Жер телімін сатып алуға (қажет болған жағдайда) жұмсалатын шығын;

  • Ғимаратты (құрылыс) қайта құрастыруға, сатып салуға жұмсалатын шығын;

  • Геологиялық-сметалық құжаттамаға жұмсалатын шығын;

  • Жоба –сметалық құжаттамаға сәйкес технологиялық жабдықты сатып алуға жұмсалатын шығын;

  • Лицензия сатып алуға жұмсалатын шығын;

  • НМА сатып алуға жұмсалатын шығын;

  • Экологиялық құрылыс салуға жұмсалатын шығын;

  • Ақпараттық бағдарлама сатып алуға жұмсалатын шығын;

  • Айналым қаржысына бағытталған ресурс немесе оларды толықтыру;

  • Кадрларды дайындау немесе қайта дайындауға жұмсалатын шығын;

  • Инвестициялық ресурстарды тартуға жұмсалатын шығын;

  • Өндірісті (қызмет, жұмыс) игеруге жұмсалатын шығын;

  • Жобаны жоюға жұмсалатын шығын.

Бизнес-жоспар мынадай міндеттерді шешу үшін қажет:

  • Нарық сыйымдылығы мен перспективасын анықтау;

  • Анықталған нарық сыйымдылығын қамтамасыз ету үшін қажетті шығынды анықтау:

  • Тауарды (қызмет, жұмыс) сатудың мүмкін бағасын анықтау;

  • Бизнес-идеядан түсетін пайданы (табыстылық) анықтау;

  • Қайтадан құрылған бизнестегі қолайсыз сәттерді және оның нәтижесіне көлеңкелі экономиканың әсерін анықтау;

  • 5-10 жылға бұрын бизнес-идеяға болжамды баға беру.

Бизнес-жоспарды (инвестициялық жоба) құрастыра отырып, отандық және халықаралық стандартты, оның ішінде «ЮНИДО» ұсынған әдістемені басшылыққа алу қажет. Аталған әдістемеге сәйкес жобада келесі параметрлер нақты белгіленуі қажет:

  • өндірістік бағдарлама;

  • сандық және авсолютті өлшемде қажетті ресурс көлемі мен құрылымы;

  • жобаны іске асыру үшін ұйымдық, техникалық және технологиялық мүмкіндіктердің болуы;

  • кадрлармен қамту;

  • жобаны іске асыруды қаржылық қамту.

Инвестициялық жобаны құрастыруға және әзірлеуге қойылатын талаптарды ерекше атап өту керек:

  1. балама жобалармен салыстыруды қамтамасыз ету;

  2. техникалық жобалау, құрылыс, өндірісті ұйымдастыру, сату, қаржы саласында шағынды есепке алу, сонымен қатар басқару саласы бойынша білікті мамандардың болуы.

Осылайша, мамандар мыналарды анықтауы тиіс:

    • жоба масштабы;

    • жобаға жұмсалатын шығын көлемі;

    • инвестицияға сұраныс;

    • жобаны іске асыру мерзімі;

    • жобаны іске асырудың күнтізбелік жоспары.

Инвестициялық жобаны құрастыруға қойылатын маңызды элемент немесе талап оның пысықталып, түрлі инвесторлардың бағалау мүмкіндігі болып саналады. Жобаны инвестициялаудың мақсаттылығын бағалау кезінде инвестор мынаны есепке алады:

  • жобаны техникалық пысықтау;

  • коммерциялық сатылуы;

  • экономикалық және қаржылай пысықталуы;

  • жобаны іске асыруды кадрлық қамту;

  • жобаны тиімді жүзеге асыру үшін ілеспе факторлардың пысықталғандығы (қала, аймақтың инфрақұрылымы, шикізат, жабдық және өнім сату, коммуникация нарығының шалғайлығы және т.б).


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет