Пәннің мақсаты
«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру» пәні – барлық экономикалық мамандықтар оқуы үшін қажет деп танылатын теориялық курс.
«Инвестицияларды қаржыландыру және несиелендіру» пәнінің мазмұны - экономикалық категория ретінде инвестиция мәнін ашу, олардың макро және микродеңгейде рөлін және мағынасын оқыту, инвестиция жіктелімін және олардың құрылымын анықтау, капитал жұмсалымды қаржыландыру көздерін және олардың ең арзанын, әдістерін ашу, капитал жұмсалымның экономикалық негіздемесінің нұсқасын зерттеу, кәсіпорындарда тиімді инвестиция портфелінің қалыптасуын оқыту және инвестициялық тәуекелді, олардың бағалануын, алдын-алу немесе төмендету жолдарын анықтау .
«Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» курсын оқу процессіне енгізу экономикалық мамандарды дайындауды жақсартудың негізгі қадамы болып табылады.
Поделитесь с Вашими друзьями: |