1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



жүктеу 0.65 Mb.
бет17/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44
ФИКИ лекция
Мүлікік тип бойынша лизинг келесідей бөлінеді:

• жылжымалы мүлік лизингі;

• жылжымайтын мүлік лизингі (ғимараттар, құрылыс).

Мүліктің өтелу дәрежесіне байланысты лизинг келесідей бөлінеді:

толық өтелумен болатын лизинг, бұл кезде лизингтік келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде толық немесе толық емес мүлік амортизациясы болады және сәйкесінше лизинг берушіге мүліктің құнын төлеу жүзеге асырылады;

толық емес өтелумен лизинг, бұл кезде бір лизингтік келісім-шарттың әрекет ету мерзімі ішінде мүліктің жарым-жартылай амортизациясы болады және оның тек бір бөлігі ғана өтеледі.



Өтелу белгілеріне (мүлікті амортизациялау шарттарына) сәйкес қаржылық және жедел лизинг деп бөледі.

Қаржылык лизинг серіктестердің арасындағы келісім мерзімінің ішінде құрал-жабдықтың амортизациясының толық немесе оның көп бөлігін, лизинг берушінің қосымша шығындары мен пайдасын жабатын лизингтік төлемдерді төлеуді көрсететін өзара карым-қатынастарды білдіреді. Сонымен қатар, уакытша пайдалануға берген лизингтік мүліктің белгілі мерзім ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады. Берілген лизингтің түрі келесі негізгі сипаттарға ие:

• леверидж, лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа үшінші жақтың (өндірушінің немесе міміле объектісін жеткізушінің) қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық лизинг;

• қызмет көрсету лизингі, яғни жалға берілген мүліктің кызмет көрсету бойынша кызмет түрін ұсыну;

• «пакеттегі» лизинг - инвестицияның ерекше түрі, яғни ғимарат пен құрылысқа несиеге берілсе, ал құрал-жабдықты жалга беру келісім-шартына сәйкес болғанда берілетін лизинг.

Лизингтік келісімнің мерзімі біткеннен кейін лизинг алушы мәміле объектісін қалдық құны бойынша сатып ала алады; қысқа мерзімге және жеңілдік ставка бойынша жаңа келісім-шартқа отыра алады; мәміле объектісін лизингтік компанияға қайтаруға мүмкіндігі болады. Өзінің таңдауы туралы лизинг алушы лизинг берушіге айтуы қажет. Егер келісім-шартта мәміле объектісін алдын-ала сатып алу (опцион) қарастырылса, онда тараптар лизингке берілетін объектінің қалдық қорын алдын-ала анықтайды.

Жедел (сервистік) лизинг - жалға берілетін мүліктерді сатып алу және ұстаумен байланысты лизинг берушінің шығындары бір лизингтік келісім-шарт ішінде жалға беру төлемдерімен жабылмайтын жалға беру қатынастарын білдіреді. Ол 2-5 жылға жасалады. Жедел лизинг кезінде объектінің бұзылу немесе жоғалу тәуекелі лизинг берушіде болады. Лизингтік төлемдер ставкасы шығындардың өтелу кепілдігінің жоқтығынан қаржылық лизингке қарағанда жоғары болады. Жедел лизингтік келісім-шарт біткеннен кейін лизинг алушы аса тиімді шарттармен келісім-шарттың мерзімін ұзартуға, кұрал-жабдыкты лизинг берушіге кайтаруға, нарықтық баға бойынша құрал-жабдықты лизинг берушіден сатып алу келісім (опцион) бар болган жағдайда сатып алу кұқығына ие болады.

Лизингтік операциялар жүргізілетін нарығы секторына байланысты келесідей бөлінеді:

ішкі лизинг, бір кезде мәміленің барлық жақтары бір мемлекетті білдірсе;

халықаралық лизинг, бір тарап немесе барлық тараптардың әр елден болып келуін сипаттайды сырқы (халықаралық) лизинг — мәміленің тек бір жағы ғана болса басқа мемлекетке жататын мәмілелер жатады. Сыртқы лизинг, өз кезегінде, шетел жағы лизинг беруші болып табылатын импорттық және шетел жағы лизинг алушы болып табылатын экспорттық лизингке бөлінеді.

Салықтық, амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинггің келесі түрлері болады:

- мүлікке, пайдаға, қосқан салығы, әртүрлі алымдарға, жеделдетілген амортизацияға салық салу бойынша жеңілдіктерді пайдалану.

- жеңілдіктерді пайдаланбау.

Лизингтік төлемдер сипаты бойынша лизингті келесідей түрлерге бөлінуі жүзеге асырылады:

- лизинг түріне (қаржылық, жедел);

- лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы есептесу формалары:

- ақшалай, бұл кезде барлық төлемдер ақшалай формада жүргізіледі;

- компенсациялық, бұл кезде төлемдер лизингке берілген құрал-жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу формасында немесе лизинг алушы мен лизинг берушінің бір-біріне көрсететін қызметтерді есепке алу жолымен жүзеге асырылады;

- аралас, бұл кезде төлемнің көрсетілген екі формасы да қолданылады;

- төлем есепке алынатын элементтерінің құрамы (амортизация, қосымша қызметтер, лизингтік маржа, сақтандыру және т.б.);

- қолданылатын есептеу әдісі:

- тіркелген жалпы сомасы;

- аванспен (депозитпен);

- мүлікті қалдық құны бойынша сатып алуды есепке алғанда;

- салу мерзімдерін есепке алғанда (төлем кезеңінің басында, ортасында немесе соңында);

- төлеу тәсілін есепке алғанда: тең бөліктермен; өсетін және төмендейтін мөлшерлермен (лизинг алушының қаржылық жағдайына және келісім шартарына тәуелді).

Банктердің лизингтік операциялары несиелік оперциялармен ұқсас болып келеді. Алайда, лизингтің несиеден бір айырмашылығын келісім-шартта көрсетілген төлемдер төленіп, мерзімі аяқталғаннан кейінде лизинг объектісінің лизинг берушінің меншігінде қала беруінен көруге болады. Ал, несиеде банктің меншік объектісі ретінде қарыз алушының берген кепілдігі қалады.

Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай артықшылықтарының болуына байланысты:

Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле жасалған мерзім бойынша лизинг объектісі лизингке берушінің меншігінде қалады да, лизинг алушы банкротқа ұшыраған жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды (нақтырақ айтқанда, несиелік тәуекел бұл сол құрал-жабдықты жалға алуды жалғастыратын басқа кәсіпорын іздестіруге кетеді).

Лизинг 100%-ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай-ақ, жаңа құрал-жабдықты пайдалана отырып,өнеркәсіптік өнім шығаруға және пайда табуға мүмкіндік береді.

Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде болады. Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына байланысты салықты жалға берушінің өзі төлейді. Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.

Лизинг пәні болып түрлі тұтынылмайтын заттар, соның ішінде кәсіпорындар, мүліктік комплекстер және т.б. табылады.

Лизинг негізінде несиелік қарым-қатынас орын алады, бірақ ол нақты инвестицияларды қаржыландыруға бағытталған қаржыландырудың дербес түрі ретінде ерекшеленеді.

Лизингтік төлемдердің жеңілдетілген формуласын келесідей көрсетуге болады:

Лт= Ат + Тн + Тком + Тқ + ҚҚС + Тт


Ат – амортизациялық төлемдер

Тн – несиелік ресурстар үшін төлемдер

Тком – комиссиондық ресурстар үшін төлемдер

Тқ – қосымша қызмет үшін төлемдер

ҚҚС – қосымша құн салығы

Тт – таможнялық төлемдер.

Көптеген мэмілелерде кемінде үш келісім-шарт жасалады:

1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;

2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында;

3) лизинг алушы мен банк арасында.

Лизинг келісім-шартында лизинг алушының келісім-шарттының мерзімі біткеннен кейін немесе біткенге дейін лизингтік мүлікті сатып алу құқығы қарастырылған.

Лизинг беруші лизингтік мүлікті, егер лизинг келісім-шартында ес-керілмесе, кепіл ретінде пайдалануға құқылы.

Лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлікті сатып ала отырып, сатушыны осы мүліктің белгілі бір тұлғаға жалға (лизингке) беруге арналғаны туралы ескеруі қажет. Лизинг алушыға лизингтік мүлікті жеткізу кезінен бастап сатушыға мүліктің сапасы, жеткізу мерзімі және сатушы мен лизинг алушы арасындағы сатып алу-сату келісім-шартын дұрыс орындамау жағдайларында шағым беруге құқығығы бар.

Іс-жүзінде кез-келген лизингтік келісім-шарт келесідей элементтерді қамтуы тиіс:

• жабдықтау мерзімі;

• лизингке алу мерзімі;

• лизингке берушінің меншікті кұқығы;

• тәуекелдер, жауапкершілік, техникалык кепілхат;

• кұрал-жабдықты пайдалану;

• күту, жөндеу және жаңарту;

• зиян, қолайсыз жағдайлар;

• сақтандыру;

лизингтік төлемдер;

• төлемдерді кешіктіргені үшін өтем;

• сатып алу мүмкіндігі; келісім-шартты бүзу шарты;

• құрал-жабдықты қайтару; салықтар, баждар;

• жаңа міндеттемелердің пайда болуы;

• тараптардың қосымша құқықтары;

• кешіктіру шарты;

• тараптардың колдары;

• қалдық қүнын кепілдеу;

банктердің кепілдемесі;

• тараптардың орналаскан жері.

:


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет