1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ



жүктеу 0.65 Mb.
бет16/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44
ФИКИ лекция
Қаржыландыру типі бойынша лизинг келесідей бөлінеді:

• жедел, бұл кезде мүлікті бір реттік жалға беру орын алады.Жедел лизинг - жартылай сатын алынатын; толық сатып алынатын - қаржы лизингі деп екі типке бөлуге болады. Жедел лизинг - мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығы мен мүліктің құнын толық өтемеуі сипатталады.

Жедел лизинг рейтинг (1 күннен 1 жыл мерзімге) және хайринг (1 жылдан 3 жылға дейін) болып екіге бөлінеді. Жалға беру мерзімі аяқталғаннан кейін мүлік иесіне қайтарылады. Осы кезде лизинг объектілері белгілі уақыттан кейін тозуға және лизинг берушінің қалауына тәуелді аса жетілдірілген түрлерге өзгереді. Лизинг алушы өзіне құрал-жабдықты ауыстыру бойынша шығындарды алады.

Жаңартылатын лизинг бойынша лизинг объектілерінің көлемі мен оларды пайдалану мерзімдері тараптармен алдын-ала келісілмейді. Жаңартылатын лизингтің түрі лизинг алушыға жаңа келісім-шарттарды жасамай жалға алынатын құрал-жабдықтың тізімін толықтыруға мүмкіндік беретін бас лизинг болып табылады. Бұл үздіксіз өндірістік циклмен байланысты кәсіпорындар үшін және серіктестермен қатаң келісім-шарттық кооперация кезінде маңызды болады. Бас лизинг жедел жеткізу немесе лизинг бойынша алынған құрал-жабдықты ауыстыру қажет болған жағдайда, ал жаңа келісім-шарт жасауға кажетті уакыт болмаған жағдайда қолданылады. Бас лизинг режимінде келісім-шарттар бойынша қосымша құрал-жабдықты алуда қажеттілік туындаған жағдайда лизинг алушыға келісілген тізім бойынша талап етілген құрал-жабдықты жеткізуге сұрау салуды лизинг берушіге беру жеткілікті болады. Келісім жасалган кезеңнің соңында лизинг берушінің шығындарының іртүрлі уақытын есепке алғанда лизингтік төлемдердің қайта есептелуі жүргізіледі және жаңа келісім жасалынады.



Қатысушылар құрамына (субъктілерге) лизингтің келесі түрлері жатқызылады:

- тікелей лизинг, бұл кезде мүлік иесі (жабдықтаушы) объектіні лизингке өзі береді (екі жақты мәміле), Осы мәмілені классикалық лизингтік мәміле деп атауға болады, себебі ол жерде лизингтік компания қатыспайды.

- жанама лизинг, бұл кезде мүлікті лизингке беру делдал арқылы жүргізіледі. Осындай мәміле классикалық лизингтік олерациямен ұқсас болады, себебі бұл жерде жабдықтаушы, лизинг беруші және лизинг алушы қатысады,

- бөлінген лизинг (көп жақтардың қатысуымен болатын лизинг). Лизингтін осы түрі авиатехника, теңіз кемелері, теміржол және жылжымалы құрам, бұрғы платформалары сияқты күрделі, ірі масштабты объектілерді қаржыдандыру формасы ретінде таралған. Осындай лизинг топтық немесе акционерлік лизинг деп аталды, бұл кезде бірнеше жабдықтаушы компаниялар, лизинг берушілер қатысады және бірқатар банктерден несиелік ресурстарды тарту, сонымен бірге лизингтік мүлікті сақтандыру және сақтандыру арқылы лизингтік төлемдерді қайтару болады. Лизингтің осы түрі аса күрделі деп есептеледі, себебі оған көпканалды қаржыландыру тән. Лизингтің осы түрінің спецификалық ерекшелігі лизинг берушілер лизинг объектісін сатып алуға қажетті сомалардың бір бөлігін ғана қамтамасыз етеді. Осы қаражаттар акцияларды шығару және мәмілені қаржыландыруда қатысатын лизинг берушілер арасында тарату жолымен тартылады және шоғырланады. Лизинг объектісінің қалған келісім-шарттық несие берушілермен (банктермен, басқа ннвесторлармен) қаржыландырылады. Осы кезде несие берушшер лизинг берушілерден несиелер бойынша қарызды талап ету құқығына ие болмайды. Осы мәмілелерде қатысатын жақтардың көптігінен несие берушілердің сенімді адамы қарыз берушілердің әрекеттеріне үйлестіру үшін және лизинг берушілердің сенімді адамы - контрагенттердің біріккен әрекеттерін басқару үшін қатысады. Лизинг берушілердің сенімді адамы номиналды лизинг беруші ретінде әрекет етеді.

Тікелей лизингтің негізгі формасы болып табылады. Қайтарымды лизинг фирма - ғимарат, құрылыс немесе кұрал-жабдық иесі осы меншікті қаржылық институтқа (банкке, сақтандыру компаниясына, инвестициялық қорға, лизингтік операцияларға арнайы бейімделген фирмаға) лизинг шартымен өзінің бұрынғы меншігін ұзақ мерзімді жалға беру туралы келісімді растаумен болатын өзара байланысты келісімдер жүйесін білдіреді. Қайтарымды лизинг берілген жағдайда кепілдік операцияның баламасы ретінде болады, осы кезде мәміле нәтижесінде оның жалға берушісі болатын меншікті сатушы өзінің басқаруына сатып алушыдан өзара келісілген сатын алу-сату мәміленің сомасын алады, ал сатып алушы осы операцияда катысуды жалғастырады, бірақ ол жалға беруші ретінде болады. Қайтарымды лизинг ең алдымен айналым қаражаттары қажет болатын шаруашылық етуші субъектілер үшін қажетті болады. Қайтарымды лизингтің маңызды артықшылығы лизингтік операцияларға қатысушылар үшін берілетін салықтық жеңілдіктерді пайдалану мүмкіндігі болатын 100%. Инвестицияны қаржыландыру және несиелеу жаңа объектілерді қаржыландыру көзі ретінде эксплуатациядағы құрал-жабдықты пайдалану болып табылады. Қайтарымды лизинг капиталдық салымдарды төмен шығындармен қайта қаржыландыруға мүмкіндік береді.


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет