1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Лизинг инвестицяларды қысқа мерзімді каржыландырудың



жүктеу 0.65 Mb.
бет15/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44
ФИКИ лекция
2.6 Лизинг инвестицяларды қысқа мерзімді каржыландырудың әдісі ретінде
Әдетте кәсіпорындар үшін негізгі өндірістік қорларды жаңартудың инвестициялық көзі екінші деңгейлі банктердің несиелері, республикалық және жергілікті бюджеттің қаржылары, меншікті капиталы және бағалы қағаздар нарығы деп білеміз. Алайда көпшілік елдерде бағалы қағаздар нарығы жеткілікті деңгейде дамымаған, ал екінші деңгейлі банктердің несие беруі табысы мол кепілді талап етеді, сонымен бірге банк құрылымдары көп жағдайда экономиканың нақтылы секторларын емес, сауда салаларын және мол табысты делдалдық операцияларын несиелеуді қалайды, әрі несиелік қаражатты беру мерзімі шектеулі. Ендеше негізгі өндірістік қорларды жаңартудың проблемасын шешудің анағұрлым оңтайлы жолы болып табылатын, экономиканы қаржыландырудың дәстүрлі емес әдісі – лизингті пайдалану болып саналады.

Заңдық тұрғыдан айтсақ, лизинг дегеніміз – бір тараптың меншігіндегі мүлікті арнайы, алдын ала белгіленген төлемдерді көрсетілген уақыт мерзімінде төлеп, мерзімнің соңында ол мүлікті өз меншігіне қалдық құны бойынша алуға екінші тарапқа құқық беретін екі тараптың арасындағы келісімді қарым қатынастар жиыны. Барлық лизингтік операциялар екі түрге бөлінеді: шұғыл және қаржылық лизингтер.

1. Шұғыл лизинг - бұл мүліктің қызмет ету мерзіміне қарағанда, оның пайдалану мерзімінің қысқалығын және мүліктің құнын толық өтемеуімен сипаттайды.

2. Қаржы лизинг - бұл уақытша пайдалануға берген лизинг затының мерзімі ішінде өзінің толық амортизациялық құнын төлеп шығуымен немесе өзін-өзі өтеуімен байланысты сипатталады.

Лизингтік несиелеуге қатысты негізгі ұғымдар:

Лизинг беруші – тартылған ақша немесе өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг берушінің бір мезгілде лизинг мәмілесінің басқа қатысушысы ретінде іс – қимыл жасауға құқығы жоқ.

Лизинг алушы – лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы.

Лизинг мәмілесі – лизингке қатысушы тараптардың құқықтарымен міндеттемелерін белгілеуге , өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс әрекеттер жиынтығы.

Лизинг формалары:

1 Ішкі лизинг.Ішкі лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының тұрғындары (резиденті) болады.

2 Халықаралық лизинг. Халықаралық лизингті жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды.

Кесте 4 – Лизинг түрлерінің классификациясы



Лизинг түрлерінің жіктелу признактары

Қатысушылар құрамы бойынша

Қызмет көрсету көлемі бойынша

Нарық секторы бойынша

Өтелу деңгейі мен мерзімі бойынша

Лизингтік төлемдер

нысаны


бойынша

1

2

3

4

5

Тура

Таза

Ішкі

Қаржылық

Ақшалай

(төлем)


Жанама

Толық қызмет түрі бар

Сыртқы (сонымен қатар экспорт/ импорт)

Оперативті

Компенса

- циялық



Қайтару

Қызметтер түрі толық емес







Аралас

Лизингтің түрлері:

1 Қайтару лизингі – бұл жағдайда сатушы лизинг алушыға лизинг нысанасын қайтадан өзіне лизинг беруші ретінде қайтарып алу шартымен сатады.

2 Банктік лизинг – лизингтік операцияда лизинг беруші ретінде банк әрекет ететін лизингтің бір түрі.

3 Қаржылық лизинг – Лизинг беруші сатушыдан лизинг алушы атаған мүлікті өз меншігіне сатып алып, оны лизинг алушыға арнайы төлемдер алу шартымен және белгілі мерзімге жалға немесе қолданысқа береді. Бұл жағдайда лизингтік келісім – шарт мерзімі лизинг нысанасының толық амортизациялық кезеңіне немесе одан да көп уақытқа тең болады.

4 Оперативті лизинг – оперативті лизинг кезінде лизинг беруші тәуекелге бас тіге отырып, лизинг нысанасын сатып алады. Ол лизинг нысанасын лизингтік келісімде көрсетілген мерзімге және оның құнын өтеу шартымен лизинг алушыға жалға береді. Лизингтік келісімнің мерзімі өткен соң лизинг нысанасы қайта лизинг берушінің меншігіне өтеді, бұл жағдайда лизинг алушы лизинг нысанасына меншік құқығын талап ете алмайды, оперативті лизинг кезінде лизинг нысанасы бірнеше рет жалға берілуі мүмкін.

5 Таза лизинг – лизинг нысанасын жалға берудің бір түрі. Бұл жағдайда лизинг нысанасына толық техникалық қызмет көрсетуді (ағымдағы жөндеу, саймандарын ауыстыру, реттеу және т.б.) лизинг алушы жүзеге асырады.

Лизингтік қызмет – лизинг берушінің лизинг шартының талаптарын орындау жөніндегі қызметі.

Тұтынылмайтын заттар – пайдаланылған кезде тозатын, бірақ пайдалану процесінде табиғи қасиеттерін жоғалтпайтын жылжымалы және жылжымайтын мүлік.

Кредитор

Сақтандырушы


Жабдықтаушы



Лизинг беруші

Сервистік орталық

Лизинг алушы


Сурет 1 - Лизингтік процесті ұйымдастырудың жалпы формасы

материалдық ағымдар қозғалысы;

қаржылық ағымдар қозғалысы;

келісімдік қатынастар (келісімдер, шарттар).
Сатушы – лизинг нысанасын сатып алу сату шарты және лизинг шарты негізінде, оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің меншігіне өткізетін лизинг мәмілесіне қатысушы. Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс - әрекет жасай алады.

Сублизинг – шарттық қатынастар, оларға сәйкес лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша келісімімен лизинг нысанасын сатушы ретінде іс- қимыл жасайтын жеке кәсіпкер болып табылатын заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар.

Қазақстандағы лизинг өзінің алғашқы қадамдарын 1989 жылы бастады. Еліміздегі лизинг келесідей жолдармен қалыптасқан:

1) аймақтық көтерме делдалдық фирманың «Қазкелісім-шарт» корпорациялардыың, істеп тұрған орындар мен агроөнеркәсіп кешендегі облыстық, ауданадық жабдықтау кәсіпорындары;

2) екінші деңгейдегі банктердің лизингтік оперциялары;

3) жаңадан құрылған арнайы лизингтік формалар;

4) лизингтің халықаралық формалары - экспорттық, иморттық және басқа да шетелдік фирмалармен бірлескен кәсіпорындар және республика аумағындағы шетелдік лизингтік компаниялардың дамуы.

Келесі қадам ретінде лизинг қызметіне байланысты қабылданған «Қаржы лизингі туралы» Қазақстан Республикасының заңы ұзақ мерзімді лизингтің дамуына ықпал еткендігін айтуға болады.

Лизингтің түрлері мен жіктелінуі


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет