1 ПЈнніѕ маќсаты мен міндеті жјНЕ


Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды



жүктеу 0.65 Mb.
бет13/44
Дата17.02.2022
өлшемі0.65 Mb.
#17322
түріКонспект
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44
ФИКИ лекция
2.5 Қысқа мерзімді банктік несиелеу инвестициялық жобаларды қаржыландару әдісі ретінде
Қазіргі заманғы қоғамда банктер әр түрлі операцияларды іске асырады, соның бірі несиелеу болып табылады.

Несиенің банктік түрі - неғұрлым кең таралған түр. Бұл дегеніміз нақ осы банктер уақытша қаржылық көмекті қажет ететін субъектілерге өз несиелерін жиі ұсынады. Несиенің банктік түрі бойынша берілген ссуда көлемі басқа түрлері бойынша берілетін ссуда көлемінен анағұрлым үлкен. Банк негіз қалаушы қызметі болып несиелік іс болатын ерекше субъект болып табылады, ол қайтарымдық негізде көптеген ақша қаражаттар айналымын жүзеге асырады.

Несиенің банктік түрінің бірінші ерекшелігі болып банк тек меншікті капиталымен ғана емес, сонымен қатар тартылған ресурстармен де жұмыс істейді. Бір субъектілерден ақшаны қарызға алып, уақытша қолданысқа басқа заңды және жеке тұлғаларға береді.

Екінші ерекшелігі болып банк шотына немесе клиенттердің салымдарына салынған уақытша бос ақша қаражаттарынаң тарылуы табылады.

Үшінші ерекшелігі келесідей сипатталады. Банк жай бір ақша қаражаттарын емес, капитал түріндегі ақшаны қарызға береді. Бұл дегеніміз қарыз алушы банктен алған қаражатын несие берушімен есеп айырысып қана қоймай, одан тіпті несиенің пайызын өтейтіндей табыс ала отырып пайдалана білу керек. Несиенің банктік түрінің ақылығы оның ажырамас бөлігі болып табылады.

Банктік несие - заңды тұлғаларға ақшалық ссуда ретінде банктермен, несиелік-қаржылық мекемелермен берілетін несие. Банктік несие коммерциялық несиенің шекарасынан асады. Бос ақша капиталы кез келген өндіріс кешенінде бөлінеді және банктік несие арқылы кез келген бағытта жүре алады.

Банк инвестициялық жобаларды қысқа мерзімді несиелеу арқылы мынадай екі негізгі қызмет атқарады:

1) макроэкономикалық - елдің экономикасын инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;

2) микроэкономикалық – банктердің табыстылығыц мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін негізгі табыстарды алу.

Инвестициялық қызмет саласындағы коммерциялық банктердің негізгі клиенттеріне акционерлік қоғамдар, жеке компаниялар мен фирмалар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, шаруа қожалықтары, бірлескен кәсіпорындар жатады. Оларды банк басқаша корпоративтік клиенттер деп те атайды.

Корпоративтік клиенттерге берілетін несиелер:

Овердрафтклиенттің ағымдық шотындағы қаражат қалдығынан төлейтін төлемдер сомасы жоғары болған жағдайда банктің беретін қысқа мерзімді несиесінің ерекше формасы. Банк пен клиент овердрафттың максималды саласы, несиені беру шарттары, оны қайтару реті, несие пайызы туралы өзара келісім жасатады. Овердрафт бойынша несие пайызы, әдетте, басқа несиелерге қарағанда төмен болады және күнделікті есептеледі. Овердрафтта клиенттің ағымдағы есеп-шотына түсетін барлық қаражат несие қайтаруға жөнелтіледі. Сондықтан несие мөлшері түсетін қаражат бойынша өзгереді, бұл овердрафтты басқа несиелерден ерекшелейді. Овердрафттың артықшылықтары:

- ағымдағы есеп-шоттағы қаражаттың уақытша жетіспеушілігі кезінде төлемдердің үзіліссіздігін қамтамасыз ету мүмкіндігі;

-  қосымша құжаттардың қажетінсіз банк пен келісім-шарт жасалған соң кез келген уақытта овердрафтты қолдануға болады;

-  ақша қаражатының жетіспеушілігі немесе келіп түсуіне байланысты автоматты түрде овердрафтты ұсыну немесе оны қайтару;

-  овердрафтты белгіленген лимит (шек) мөлшерінде бөлшектеп қолдануға болады;

-  овердрафт лимиті жаңартылады. Бұл дегеніміз қолданылған овердрафтты қайтару бұрын белгілеген лимитті қалпына келтіреді. Бұл овердрафтты келешекте бірнеше мәрте қолдануға мүмкіндік береді.



Мауысымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған несие.

Лизингтік несие – банк клиенттерінің құрал – жабдықтарды және жаңа техниканы жалға алумен байланысты берілетін несие.

Консорциалдық несие – ірі жобаларды несиелеу мақсатында банктердің өзара қосылып беретін несиелері. Мұндай несиелер негізінен ірі жобаларды несиелеуде бір банктің несиелеу шегінен асқан жағдайда қолданылуы мүмкін.


жүктеу 0.65 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   44




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет