1. Қимылды қайтала! Мақсат: баланың психоэмоционалдық күйзелісін жойып, көпшіл болуын дамыту



жүктеу 0.66 Mb.
Pdf просмотр
Дата04.11.2022
өлшемі0.66 Mb.
#23310
Балаларды достастыруға арналған ойындар
Дәріс 15


 
1. Қимылды қайтала! 
 
Мақсат: баланың психоэмоционалдық күйзелісін жойып, көпшіл болуын дамыту 
 
Қатысушылар шеңбер құрып тұрады. Музыка қосулы. 
Балалардың арасынан біреуін санау арқылы (1,2,3,4,5) таңдап алады. 
Ол бір бидің қимылын 15-20 секунд көрсетеді. Қалғандары сол қимылды қайталайды. 
Би қимылын көрсеткен бала қатысушылардың біреуіне эстафетаны береді. 
Ол бала басқа қимыл көрсетеді. Бәрі қайталайды. Осылай ойын жалғаса береді. 


2. Арқаға сурет саламыз 
 
Мақсат: сезімталдықты дамытып, жұппен жұмыс істеуге үйрету 
 
Балалар жұп болып бөлінеді. Үлкендерге де өз тобын құруға болады.
Жүргізуші қатысушылардың біреуінің құлағына бір сөз айтады (өз жасына сәйкес). 
Енді ол осы сөзді (сурет немесе әріпті) екінші ойыншының арқасына қолымен салу керек.
Осылайша кезек-кезек бір-бірінің арқасына сурет салады. 


3.Бағдаршам 
 
Мақсат: белсенділік пен зейінді арттыру 
 
Қатысушылар жүргізуші айтқан киімнің түсті ұстап, 
(өзінің, қасындағылардың) көрсетуі керек. 
Жүргізуші бірден таба алмағанды оны өзінің орнына қояды. 
Балалар бұл ойында өте белсенді болып, тапсырманы орындауға дайын отырады. 


4.Қарындаш және жаққыш (кисточка) 
Мақсат: келісіп әрекеттер жасау, босаңсуды үйрену 
 
Анасы балаларына қарындашты қалай бейнелеуге болатынын көрсетеді. Қолың алдыға шығып, 
сурет салғанда саусақтарыңа күш түседі. Одан кейін барлығы жаққышты (кисточка) дұрыс 
ұстауды көрсетеді. 
Екеуін де көріп алған соң, жүргізуші балаларға әртүрлі бұйрық береді. «Қарындаштар!» дегенде – 
балалар қарындашпен бояп жатқанын, «Жаққыштар!» дегенде – қолдарын босаңсытып, сурет 
салғанын бейнелеуі керек. 
Бірнеше уақыттан кейін екінші қолды да қосуға болады. Осылайша анасы балаларының бірлесіп 
әрекет жасай алатынына көз жеткізеді. 


5.Маған сенің бойыңдағы...... және өзімнің бойымдағы........ ұнайды 
Мақсат: отбасы, аға, қарындас арасындағы қарым-қатынасты жақсарту 
 
Балалар шеңбер құрып отырады. Анасы балаларының біреуіне доп лақтырып: маған сенің 
бойыңдағы .............ұнайды дейді.Баласы допты ұстап алып, келесі балаға лақтырады да: маған 
сенің бойыңдағы..............ұнайды деп, өзіне ұнайтын мінезін, қылығын айтады. 
Осылайша, балалар бір-бірінің бойындағы жақсы қасиеттерді көріп, айтып үйренеді. 
Екінші айналымда үлкендер: Маған өзімнің бойымдағы ...... ұнайды деп, 
бопты балаға лақтырады. Ойын осылай жалғаса береді. 


6. Суретті қос 
Мақсат: бауырлардың бір-бірімен келісімге келуі, тілдесуі 
Анасы 2 суретті 6 бөлікке бөліп қияды. 
Үшеуін бір баласына, қалған үшеуін екінші баласына береді. 
Балалар суретті құрастыру керек. Бірақ екеуінде суреттің барлық бөліктері болмайды. 
Олардан аға, әпкелері алып алады. Енді олар үлкендердің тілін бауып, алып алулары керек. 
Бұл ойынды сөйлемей бір-бірінен алуларың керек деп қиындатуға болады.
Сонда ойын арқылы балалар келісімге келуді, қарым-қатынас жасауды үйренеді. 


7. Досыңа көмектес немесе «Ең тату жұп» 
Мақсат: сенімділікті арттыру 
 
Балалар жұп болып бөлінеді. 
Бөлмеге екі орындық қойып, айналасына үлкен ойыншықтарды үйір қою керек. 
Жұптағы бір баланың көзін байлайды.
Оны екіншісі бір орындықтан 
екінші орындыққа ойыншықтарды құлатпай апаруы тиіс. 

жүктеу 0.66 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет