1 химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды пайдаланудың тиімділігі



жүктеу 439.32 Kb.
Pdf просмотр
Дата12.09.2017
өлшемі439.32 Kb.

 



ХИМИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК 



ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

    


Омашева Б.Ж.        

Орал қ. 

 

Бүгінгі  күні  әлемдік  ең  озық  білім  кеңестігінің  деңгейінде  көтерілудің  тиімді  жолы-білім  беру 

саласын толықтай ақпараттандыру болып отыр. Оқушының білімін толық жетілдіріп,болашақтың ойы 

ұшқыр  азаматтарын  тәрбиелеп  жеткіземіз  десек,олардың  санасына  жаңа  технологиялық  ақпарат 

құралдарына негізделген білімді сіңіруіміз қажет. 

Мектептегі  білім  беруді  ақпараттандыру  -  бұл  заман  талабы,  ғасыр  ағымы.  "Қазір  заманда 

жастарға  ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте 

қажет" деп Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу 

үрдісінде  оңтайландыру  мен  тиімділігін  арттырудың  маңызы  өте  зор.  Қазіргі  мезгілде  пән  туралы 

электрондық  оқулық,  компьютер,  интернет  арқылы  өз  бетімен  қажет  білімін  өзі  алатын  оқушылар 

көбейіп келеді. "Баланың даму аймағы" әлдеқайда кеңейді, яғни толассыз өсіп келе жатқан ақпараттар 

ағымы мен ақпараттар көздерінінің көбеюі жас баланың ойлауының жетілуіне үлкен әсер етеді. 

ҚР Білім туралы Заңында:"Білім беру жүйесін  ақпараттандыру  осы саладағы мемлекеттік саясат 

негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр" делінген.  

Ақпараттық  оқу әрекеті – «оқу мақсаттары мен міндеттерін шешуге бағытталған  оқытушы мен 

оқушы  арасындағы  ақпараттық  өзара    қарым-қатынастың  жаңа  ақпараттық  құралдар  арқылы  жүзеге 

асуын  қамтамасыз  ететін  әрекет».  Оның  мазмұнын  құрайтындар  :  тіркелу,  іздеу,  жинау,  қор  жинау, 

сақтау,  интерактивті  диалог  түрінде  де  қарым-қатынас  жасау,  автоматты    түрдегі  бақылау, 

«ACTIVOTE»  құралы  арқылы тестілеу, т.б.  

Жалпы  алғанда,  ақпараттандыру  негізі─компьютерде.  Компьютерді  пайдалану  оқушының  әр 

сабақты  терең  танып-білуіне,  әсіресе  қосымша  тапсырмалар  берілген  кезде  диаграммалар, 

графиктер,слайдтар  құрастырып  компьютермен  жұмыс  істеу  дағдысын  қалыптастыруына  және  жеке 

оқушының  пәндер  бойынша  қосымша  әзірленуіне  таптырмайтын  -  құрал.  Оған  мысал  ретінде  

мектептегі  «5+»  бағдарламасы  бойынша  11  сынып  оқушыларының  ҰБТ-ға  әзірлігі.  Оқушының  жеке 

әзірленуі  білімінің  толықтырылумен  қатар  қатемен  жұмыс  жасауына,  кейбір  қиындық  туғызған 

есептердің шығару жолдарын талдап біліктілігін арттыруына ықпал жасайды. 

Білімді  ақпараттандырудың  негізгі  факторлары  –  мультимедиалық  энциклопедия,  электронды 

оқулықтар, оқу құралдары, интерактивті тақта. 

Сабақ  өтудің  тиімділігін  арттырып,  оқушының  білім-білік  дағдыларын  дамытудағы  

құралдардың бірі- электронды оқулықтар.  

Электронды  оқулықтардың  мазмұны  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  тікелей  қарым-қатынас 

жасау  формасында  құрастырылған.Оқу  материалы  мультимедиялы  анимациялар  көмегімен 

қолданылады.  Мұндай  көрнекілікпен  білім    беру  мүмкіндігі  оқушының  зат  және  оның 

қосылыстарының  кеңістік  құрылысын,  олардың  өзара  әрекеттесулері  кезіндегі  химиялық процестерді 

жақсы түсінуіне көмектеседі. 

Дәстүрлі баспа оқулықтармен қатар оқу үрдісінде сыныптар бойынша электрондық оқулықтарды 

және «Репититор» бағдарламасымен берілген элекрондық оқулықты сабақтарым да жиі пайдаланамын. 

8-11сыныптар  бойынша  электрондық  оқулықтардағы  берілген    сызбанұсқалар,  диаграммалар, 

кестелер,  8,9  сыныптар  бойынша  әрбір  топ  элементерінің  ашылу  тарихына  байланысты  деректер, 

элементтердің қасиеттеріне байланысты бейне көріністер сабағымда жиі қолданылады 

Қорыта  келгенде,  сабақта  электронды  оқулықтарды  пайдалану  оқушының  қызығушылығының 

артуы және мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік қосымша құралдарды кеңінен игере алады. 

Ақпараттық білім берудегі негізгі құрал компьютер болса, оның жанама құрылғыларының жаңа 

түрі–Интерактивті тақта. 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанның  жалпы  орта  білім  беретін  мектептерінің  барлығы  дерлік 

интерактивті 

тақтамен 

қамтамасыз 

етілген. 

Интерактивті 

тақта-ақпараттық 

құзіреттілікті 

қалыптастыратын  тиімді  құрал.  Мұнда  ақпараттың  толық  гипермәтінін  бейнелі,  көрнекі,  жүйелі  етіп 

көрсетуге  болады.  Интерактивті тақта- сыныптағы оқушылардың  барлығын оқыту  үшін  құнды  құрал. 

Бұл  мұғалімдерге  жаңа  материалды  қызықты  және  тартымды  етіп  түсіндіруге  көмектесетін  көзге 

көрінетін  (визуалды)  ресурс.  Оқытушылар  өздерінің  жаңа  ойларын,  идеяларын  әсерлі,  тартымды 

көрсету үшін осы тақтаны қолданса мақсаттарына жетеді. 

Интерактивті тақтамен оқытуда төмендегідей мүмкіндіктерге жетуге болады.      

Жаңа  нысандарды  жасауға  немесе  жылжытуға,  оп-оңай  ақпаратты  өзгертуге,есеп  жауаптарын 

жасыруға,  жауаптарын  сәйкестендіруге  болады,  химиядан  зертханалық  сабақтарды  өткізгенде  оның 

құрылғылары(датчиктері) қолданылады. Оқушылардың білімін тексеру үшін әр тарауды аяқтаған кезде 


 

немесе  жаңа  тақырыпты  бекіткен  уақытта  тестілеу  әдісін  қолдану  үшін  интерактивті  тақталардың 



арнайы құрылғылары (тестировщик) қолданылады.  

Тестировщик  құрылғылары  арқылы  8  сыныпта  «Д.И.Менделеев  жасаған  химиялық 

элементтердің  периодтық  жүйесі  және  периодтық  заң»  тарауы  бойынша,  9,10  сыныптарда 

«Металдардың физикалық және химиялық қасиеттері», «Темір және оның қосылыстары», «Алюминий 

және  оның  қосылыстары»,  «Судың  кермектілігі»,  «Көміртегі  және  оның  қасиеттері»  тақырыптары 

бойынша тест жүргізілді. Оқушыға тест сұрақтарына жауап беруі үшін уақыт беріледі. Оқушылардың 

жауап  нәтижелері  интерактивті  тақтада  көрініп  тұрды.  Тестілеудің  нәтижесі  график  арқылы 

тексеріліп,сабақта  уақтылы  бағаланып  отырады.  Жауап  нәтижелерін  бақылап  және  оқушылардың 

материалды  түсіну  деңгейін  анықтауға  болады.  Компьютерге  әр  сыныптағы  оқушылар  тізімі  базаға 

енгізіліп,  интерактивті  тақтаны  пайдалану  арқылы  тестілеген  кезде  мұғалімнің  аз  уақыт  ішінде 

оқушылардың білім деңгейін анықтауға мүмкіншілік бар. Бұл жүйе тұйық оқушылардың ойын білдіріп, 

жалқау оқушылардың қызығушылығын арттырады. 

Ақпараттық білім алудың тағы бір көзі - Интернет. 

Интернет  –  адамзаттың  ақпараттық  технология  саласындағы  жеткен  жетістіктерінің  бірі.  Бүкіл 

Жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы. 

Оқушылардың  шығармашылық  дербестігін,  ізденімпаздықпен  жұмыс  істей  білу  дағдыларын 

қалыптастыруда  –  интернет  жүйесінің  алар  орыны  ерекше.  Мысалға    мектепішілік  пән  апталығы 

барысында  өткен  «Мұнай  ─  бағалы  химиялық  шикізат»  атты  конференцияда  оқушылар  мұнайдың 

пайда  болуы,  оның  жоғары  сапалы  өнімдері,  Қазақстандағы мұнай  өндірісі,  мұнай  өңдеуде  қоршаған 

ортаны  қорғау  мәселелері  тақырыптарында  баяндама  жасап,  интернет  жүйесінен  алынған    қосымша 

мағлұматтармен  қатар  суреттер,  кестелер,  диаграммалар  көрсетіп  өз  еңбектерін  қорғады.  Осындай 

бағытта  8,9,10  сынып  оқушылары  «Су─тіршілік  көзі»,  «Шынының  түрлері»,  «Керамика  өндірісі», 

«Адамзат тарихындағы металдардың орны » тақырыбтарында  және «Атақты ғалымдар өмірінен» атты 

рубрика  бойынша  рефераттар  жазып  қорғады.    Мұндай  өздік  жұмыстар  оқушының  ойлау  қабілетін 

дамытып, өз пікірін батыл айтуға, дұрыс қортынды жасай білуге үйретеді. 

Ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  сабақтарда  пайдалану  мақсатында  әрбір 

сыныптарда  (8-11сыныптар)  химия  пәні  бойынша  флипчарттар,  слайдтар  жинағы  құрастырылды. 

Флипчарттар, слайдтар құрастыру барысында интернет жүйесінен, электрондық оқулықтардан алынған 

суреттер,  сұлбалар,  видеолық  материалдар  қамтылды.    Ақпараттық  технологияларды  қолданып 

өткізілген  әрбір  сабақ,  оқушының  алған  білімінің  есінде  сақталып,  ой-өрісінің  кеңейіп,  зеректік, 

іскерлік  қабілетін  қалыптастырып,білім  сапасының  көтерілуіне  септігін  тигізеді.  Сонымен  қатар 

оқушыны өз бетімен жұмыстануға баулуда атқаратын ролі зор. Осыған орай 9,10сыныптарда өткізілген 

сабақтар  мен  сыныптан  тыс  жүргізілген  шараны  әріптестер  назарына  ұсынамын.Сабақ  жоспары 

түсіндіріліп,  үй  тапсырмасы  және  жаңа  сабақты  бекіту    көрсетілген  сұрақтар  бойынша  сұралады, 

оқушылардың жауаптары бірден қортындыланды. 

Жаңа  тақырыпты  меңгерту  ғылыми-  танымдылық    журнал  «Ауызша  журнал»  немесе    альбом 

парақтарын құрастыру арқылы жүргізіледі. 

                                                            

 

 

Журналдың  немесе  альбом  беттерін  құрастыру  үшін  оқушыларға  алдын-ала  тапсырмалар  



беріледі.  Тапсырмалар  бойынша,  оқушылар  алдын-ала  қосымша  әдебиеттерді  қарап,  интернет 

беттерімен  танысып,  шығармашылық  белсенділік  танытады.Оқушылар  өз  ойларын    сабақтардың 

жоспарында  көрсетілген  бөлімдер  бойынша  интерактивті  тақтада  көрсетілген  көрнекіліктерді 

пайдалана  отырып  айтады.  Тапсырмалардың  барлығы  флипчарттарда  көрсетілді.  Интерактивті 

тақтаның  мүмкіншілігін  пайдаланып  заттардың  физикалық,  химиялық    қасиеттерін,  ерекшелігін 

түсіндіріліп,  заттардың    ашылу  тарихы,  маңызы,  таралуы,  қолданылуы    жөнінде  және  зертханалық 

тәжірибелер  көрсетіліп,  есептер  шығарылып  ,  оқушының  заттар  жөніндегі  түсініктері  кеңейтілді.  Бұл 

уақытты үнемдеп қана қоймай ,оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын дамытып, танымдарын кеңейтіп, 

оқушыны ұқыптылыққа , зейінділікке,шапшаңдыққа, іскерлікке баулиды.           


 

Тағы  бір  тартымды  сәт  интеллектуалды  ойын  «  Миллионер  болғың    келсе»  9,10сыныптар 



арасында  өткізілді.  Оқушылар  интерактивті  тақтада  берілген  әрбір  кезеңнің  тапсырмаларын  орындап 

отырды.  Сәйкестіктерді  табу,  «Халықаралық  деңгейде  жоғары  бағаланатын  -  Қазақстан  байлықтары» 

атты  3  мәрте  мүмкіндіктен  тұратын  жұмбақтар  және  өндіріс  акциясын  сатып алу,  үй  тапсырмаларын 

орындау барысында оқушылар өз білім мен білік деңгейлерін және көп ізденгендіктерін көрсете білді. 

Сонымен мұндай жұмыстар  оқушылардың  ізденіс қабілетін ұштап,  дербес  оң  нәтижеге жетуге ықпал 

етеді.  


Іс-тәжірибиемен  бөлісу  мақсатында  «Ақпараттық  технологиялардың  жаңа  мүмкіндіктері»  және 

«Алғырлыққа баулу» атты сабақтарым «Химия мектепте»  журналының  №1,№3 2010ж  жарық көрсе, 

сабақтарда ақпараттық технология әдістерін пайдалану бағытында облыстық оқу-әдістемелік кабинеті 

ұйымдастырған  «Ең  үздік  сабақ  -  2012»  байқауына  қатынасып  ІІІ  орынға  ие  болып,  әріптестер 

арасында  «Оқушының  таным  белсенділігін  арттыру  барысындағы  ақпараттық  технологияның  ролі» 

тақырыбында баяндама оқып, қазіргі заман талабына сай жеке тұлғаны қалыптастырудағы педагогика 

саласындағы  жаңа  технология  түрлеріне  тоқтала  келіп,  өзімнің  сабақ  беру  барысымдағы  қолданып 

жүрген кейбір  әдіс-тәсілдеріме тоқталып өттім. 

Компьютерлік  технологияларды  пайдалану  оқытушының  жұмыс  өнімділігін  арттырып,  оқу 

нәтижелерін  тексеруге  көбірек  уақыт  бөлуге  көмектеседі.  Сонымен  қатар  оқушылардың  пәнге 

қызығушылығын, оқу үрдісінің қарқының оқушының шығармашылық белсенділігін, оқу сапасын арттырады.  

Қазақстанда  оқу  ісіне  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  енгізу  білім  беру 

сапасын арттыруға көмектеседі. Мектеп мұғалімдерінің әдістемелік өсу деңгейін көтеруді қамтамасыз 

етеді 


Сөзімді  қорыта  келе  «Сабақ  беру  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,  ол  үнемі  жаңа  -дан  жаңа 

табатын  өнер»-  деген  екен  тәлімгер-ғалым  Ж.  Аймауытов.  Осы  өнерді        игеру  жолында  баршаңызға 

творчестволық табыс тілеймін. 

 

Әдебиеттер 



 

1. Қазақстан мектебі №5, 6 ,2008 

2. Қазақстан мектебі №12,2009 

3. Қазақстан мектебі №1,4,2008 

4. Ұлағат № 1,2,2010 

5. Ашық сабақ факультативті сабақтар№6,2009 

6. Химик анықтамалығы №2,3 ,2012 

7. Химия мектепте   №1,3 2010 

 

 



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы
dmdocuments -> Айса байтабынов эпик жыршы
dmdocuments -> Мүхамбетқалиев С., Ахметов К.Ғ, Ғабдуллин Х. А. Байүлы мен Жетіру және Төре, Төлеңгіт
dmdocuments -> Көпбаева М. Р. ф.ғ. к., М. Әуезов атындағы Оңтүстік
dmdocuments -> Н. С. Тілеуханов
dmdocuments -> Т.ӘЛімқҰловтың «Қараой» ӘҢгімесіндегі махамбет тұЛҒасы акбулатова С. Б
dmdocuments -> Батыс қазақстандық КҮй дәСТҮрін әлемге мойындатқан қҰрманғазы рухы с. Ә. Күзембай
dmdocuments -> Кафедрасының отырысы шешімімен бекітілген. Педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған. Орал, 2011

жүктеу 439.32 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет