1 глоссарий агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы Адвербиалдану



жүктеу 202.78 Kb.
бет1/61
Дата30.07.2022
өлшемі202.78 Kb.
#20862
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61
1 глоссарий агглютинация – осымшаларды бірінен со біріні жал

1 ГЛОССАРИЙ
Агглютинация – қосымшалардың бірінен соң бірінің жалғануы
Адвербиалдану – сөздің үстеу тобына өтуі немесе үстеу қызметінде жұмсалуы
Адъективация – сөздің сын есімдер тобына өтуі немесе сын есімнің орнына жұмсалуы
Грамматика – тілдің грамматикалық құрылысы туралы ілім
Лексикология – тілдің лексикасы және оның тарихи даму заңдылықтары туралы ілім
Лексика – тілдегі барлық сөздердің жиынтығы
Лингвистика – тіл туралы ғылым
Морфология – тілдегі сөздің формаларын, өзгеруін, түрленуін зерттейтін ілім
Морфема – сөз формасының ең қысқа мағыналы бөлшегі
Пунктуация – тілдегі тыныс белгілерін зерттейтін сала
Семиотика – таңбалар жүйесі
Семантика – мағына деген ұғымды білдіреді
Сема – морфеманың семантикалық жағының ең қысқа бөлігі
Семасиология – сөз мағынасын зерттейтін тіл білімінің саласы
Синтаксис – сөз тіркестері, сөйлем құрылысы мен жүйесін зерттейтін сала
Этимологияжеке сөздердің шығу тегін, даму жайын зерттейтін ілім


ІІІ Дәрістер
1 дәріс. Морфологиялық талдаудың әдістемесі
Дәріс жоспары:

  1. Кіріспе

  2. Морфологиялық талдау әдістемесі:

1) Морфологиялық талдау барысында атқарылатын жұмыс түрлері
2) Морфологиялық талдау нысанын айқындау
3) Морфемдік талдау жасату
4) Морфологиялық (оның ішінде морфемдік) талдау кезінде есте ұстайтын кейбір грамматикалық заңдылықтар
5) Түрленуші мен түрлендіруші бөліктерді айқындау
6) Талдау сатыларының тапсырмалары
7) Сөз түрлендіруші морфологиялық тұлғалар туралы
Кіріспе. Дидактикалық материалдарға талдау жасатуда екі түрлі мақсат көзделетіні белгілі. Олар, біріншіден, белгілі бір тақырып бойынша өтілген, дәріс оқылған теориялық білімді бекіту, екіншіден, алынған білім бойынша оқушының іскерлік, дағдыларын тексеру. Тілдік материалға талдау жасатуда қандай мақсат көзделсе де, тілдік деңгейлердің (фонетикалық, лексикалық немесе грамматикалық деңгейлердің) қайсысы алынса да, талдау жұмысы кешенді түрде жүргізілгені орынды. Кешенді түрде жүргізілген талдаудан, алдымен, оқушының немесе студенттің қай тақырыптарды білмейтіні, дұрыс меңгермегені бірден анықталады, сондай-ақ кешенді талдауды тұрақты және жүйелі жасату шәкірт біліміндегі олқылықтарды толықтыруға септігін тигізеді.
Төменде ұсынылып отырған талдау әдістемесі мен талдау үлгілері – автордың ұзақ жылғы ұстаздық іс-тәжірибесінің нәтижесі.Талдау үлгілері сатылай талдау әдісімен жүзеге асырылады. Әр саты оқушының нақты бір мәселе бойынша белгілі бір көлемде теориялық білімін анықтау немесе меңгерту мақсатын көздейді. Әр саты дербес мәселеге арналғанмен, сатылардың жиынтығы білімнің кешенділігін қамтамасыз етеді.
Әдістемелік құралда тілдің грамматикалық құрылысы деңгейіне, морфология мен синтаксис мәселелеріне қатысты талдаулар қамтылып отыр. Морфология саласы бойынша алынған білім мен іскерлік-дағдылар синтаксис бойынша алынатын теориялық білімге негіз болады, қызмет етеді. Морфология саласы бойынша білімінде ақауы бар шәкірт синтаксистік талдау үлгілеріне толық талдау жасай алмайды. Сондықтан синтаксистік талдаулар жасатпас бұрын морфология бойынша білімді қажетті деңгейге жеткізіп тиянақтап алған дұрыс.
Морфологиялық талдау мен синтаксистік талдау жасатудың өзіндік айырмашылықтары бар. Морфологиялық талдауда сөйлем құрамындағы сөздер сөйлемдегі орны, қызметі, басқа сөздермен байланысы ескерілмей, түбір қалпында немесе синтетикалық, аналитикалық тұлғалардың бірінде келген тілдік бірлік ретінде қарастырылады. Синтаксистік талдауларда, керісінше, сөз (синтаксистік компоненттер) сөйлемдегі басқа сөздермен (компоненттермен) байланыста ғана қарастырылады.
Морфологиялық талдауда да, синтаксистік талдауда да әрбір саты оқушының, студенттің белгілі көлемде теориялық білімі болуын қажет етеді. Сатылардың, үлгілердің жиынтығы кешенді білімді қамтамасыз етеді. Талдау үлгілеріндегі сатылардың толық жүзеге асырылуы бір күннің ісі емес. Бұған оқу бағдарламасына сәйкес бірте-бірте, әр сатыға қатысты теориялық тақырыптар өтілгеннен кейін сол сатыны талдауға қосып отыру арқылы қол жеткізуге болады.
Талдау үлгілеріндегі әр сатыдағы жұмыстарды орындаудың өз тәртібі, әдістемесі бар. Әр сатының тапсырмаларын дұрыс орындау білімнің тиянақтылығын қамтамасыз етеді.
Талдау үлгілеріндегі бірнеше сатының болуы, оларға толық жауап қайтарылуын талап ету біршама уақытты қажет ететіні рас. Есесіне бұл үлгілердің тиімділігі бары есте болғаны абзал. Талдау үлгілерінің мәліметтерін жинақтап отыру білімнің жүйелі, кешенді болуын қамтамасыз етеді. Шәкірттің ауызша, жазбаша ойланып жауап беруі оның ғылыми стильде сөйлеу тілін жетілдіреді.

жүктеу 202.78 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет