1. Географияны оқыту методикасы



жүктеу 106.72 Kb.
бет1/13
Дата14.05.2022
өлшемі106.72 Kb.
#19883
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1.география

Орта мектептегі географияны оқытудың жалпы мәселелері 
1. Географияны оқыту методикасы
1.1. Географияны оқыту әдістемесі ғылымының дамуы.
1.2. Басқа пәндермен байланысы.
1.3. Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері.
Географияны оқыту әдістемесі ғылымы дегеніміз – мектепте өтілетін пәнді оқыту және тәрбиелеу процесі жайлы ғылым.
1. Әдістеме – оқу пәнінің мазмұнын, оқыту, тәбиелеу формасын, әдісін, оқу жұмысына қажетті құрал – жабдықтарды анықтайды, қарастырады. Яғни, географияны неліктен оқиды, қалай оқиды деген сұрақтарға жауап береді.
2. Әдістеме педагогикалық ғылым болғандықтан жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсатына, міндетіне сай құрылады. Географияны оқыту әдістемесінің негізгі пәні физикалық, экономикалық географияға жақын пәндер-геология, экономика, демография және т. б. ғылымдар қатары жатады. Географияны оқытудың мынандай заңдылықтары бар. Ол нақты обьектілерді, карта және картографиялық білімдерді қолданады. Сабақты өту барысында сарамандық жұмыстарды, көрнекілік әдістерін пайдаланады. Теориялық білімді дұрыс оқыту үшін жақсы жабдықталған география кабинеті қажет. Себебі география пәні мектепте жастарға өндірістің ғылыми – техникалық және экономикалық негіздері жөнінде осы заманға сай терең білім береді. Теориялық біліммен практикалық білім дағдыларын өзара байланыстырып, оқушыларға физикалық,экономикалық, экологиялық тәрбие береді.
Оқыту процесі бірімен – бірі тығыз байланысты екі кезеңнен тұрады:
1. Сабақтағы мұғалімнің іс - әрекеті.
2. Сабақтағы оқушының іс - әрекеті.
Мұғалімнің іс - әрекеті.
Мұғалімнің іс әрекеті жаңа сабақтың мазмұнын түсіндіреді, білімді бекітеді, сабақты қорытындылайды, тәжірибені үйретеді, сарамандық жұмысты жасатады, үйге тапсырма береді, сабақ үстінде географиялық материалдарды сурет, таблица, схема, диаграмма, карта–схемаларды қолданады. Оқушылардың міндеті - сабақты тыңдайды, сұрақтарға жауап береді, тапсырмаларды мұқият орындайды, мұғалімнің берген таблицаларын жасайды, кескін карталарды сызады. Мұғалім – сауатты, білімді, жатық тілде сөйлейтін, ұйымдастыра алатын шебер болу керек. Мұғалім жаңа сабақты түсіндіру кезінде көрнекілікті үнемі пайдаланып жүргізсе ғана сабақ өз нәтижесіне жетеді.
Географияны оқыту әдістемесі мынандай салалармен байланысты:,
1. Педагогикамен байланысты.
2. Химиямен байланысты.
3. Биологиямен байланысты.
4. Медицинамен байланысты.
5. Математикамен байланысты. 
6. Тіл әдебиетімен байланысты.
7. Психологиямен байланысты.
Педагогикамен байланыстылығы - әр сабақта тақырыптың тәрбиелік жағына көңіл аударып, тәрбиенің түрлерін пайдалануға көмектеседі. 
Психологиямен байланыстылығы – ол оқушылардың жас ерекшелігіне қарай әр турлі түсіндіру, түрлі әдістер қолдану мінез – құлақтарын білуге көмектеседі т. б. байланыстарды келтіруге болады. 
Географияны оқыту әдістемесінің міндеттері үш бөлімнен тұрады.
1. Білім беру міндеті.
2. Тәрбиелеу міндеті.
3. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларға негізгі физикалық және экономикалық географиядан, картографиядан, геологиядан, басқа да географиялық ғылымдардан нақты білім беру.
2. Оқушыларға экономикалық, экологиялық білім беру.
3. Оқушыларды географиялық мәдениетпен қаруландыру, картаны қолданумен, анықтаманы пайдаланумен, өз бетімен оқумен таныстыру. 
2. Тәрбиелеу міндеті:
1. Оқушыларға экологиялық тәрбие беру.
2. Эстетикалық тәрбие беру.
3. Еңбекке тәрбиелеу.
4. Оқушылардың даму қабілетін қалыптастыру.
1. Оқушыларды географиялық білімдер арқылы проблемалық жағдайларға қызықтыру.
2. Оқушыларды ұқыптылыққа , ойлауға, есте сақтауға, бақылай білуге үйрету.
3. Оқушыларды картамен жұмыс істеп, өздері қорытынды жасай білуге үйрету. 

2. Географияны оқыту әдістемесінің даму тарихы, құрылымы

2.1. Рессей мектептеріндегі географиядан сабақ берудің алғашқы кезеңі.
2.2. 19-ғасырдағы география әдістемесінің мектептегі жағдайы. 
2.3. 20-ғасырдың басындағы мектептегі географияның әдістемелік жағдайы.

Қандай да болмасын ғылымды ертеде қалай пайда болғанын, тарихын білмей бағалауға болмайды. Мектептегі географияның дамуы біріншіден, білім берудің жүйесіне, педагогикалық теориясына, екіншіден география ғылымдарының ерекшеліктеріне байланысты дамыды. 
География ғылым ретінде өте ертеде қалыптасты. Ал мектепте географияны оқыту кейіннен енгізілген. Алдымен Батыс Европа елдерінде 17 ғасырдың екінші жартысында, кейінен Ресей мектептерінде оқытыла бастады. 1 Петр тұсында Ресейде экономика мен саясаттың дамуы білім беруді жеделдетті. Өндірістің дамуына байланысты географиялық білімі бар адамдарды қажет етті. 1710 жылы алғаш «География или краткое описание земного круга» деген авторы белгісіз европалық кітап шығады. 1719 жылы Иоганна Гюбнердің «Земноводного круга краткое описание» деген енбегінде математикалық география мен Европаның жеке елдерінің картасы туралы жазылады. Онда сұрақ жауап ретінде елдердің географиялық жағдайына, өзендеріне, халқына , басқа да жағдайларына тоқталады.
18 ғасырдың басында Ресейде алғашқы географиялық экспедициялар құрыла бастайды. Олар ең алдымен Каспий теңізіне, Солтүстік Мұзды мұхиты аралдарына, Камчаткаға, Курил аралдарына жасалды. Ресей туралы географиялық очерктерді жазып, зерттеген В.Н. Татищев болды, бұл енбек Ресейдегі алғашқы географиялық оқулық болды.
Отандық географияның дамуына үлкен үлес қосқан ғалым М.В.Ломоносов, оның ұйымдастыруымен алғашқы атлас, еліміздің екі картасы, физикалық, экономикалық мәліметтер жасалынды.
1786 жылы Ресейде алғашқы училище ашылып, негізгі бөлімде 3 жыл бойы аптасына 2- 3 сабақтан оқыта бастады. Алғашқы кезде Европаның географиясын оқытып, сосын Ресейдің, одан кейін жалпы географияны оқытты. Осыдан бастап керекті құрал-жабдықтар: глобус, картаның қарапайым түрлері жасала бастады. 
2. 19 ғасырда географияның дамуына байланысты барлық оқу орындарында оқытыла бастады. Гимназияларда оны 3 – ші сыныптан бастап, 8 – сыныпқа дейін оқытты. Алғашқы кезде жалпы жер туралы географиялық білімдер оқытлды. Сол кездегі ғалымдар Е. Ф. Зябловски мен А. Арсеньев тің оқулықтарында физикалық география мен экономикалық география жайлы мәліметтер болды. ХІХ-ғасырдың 2- жартысында мектептегі географияның жағдайы нашарлай түсті. Сыныптардағы сағаттарды қысқартып., география сабақтарын қиын, қызықсыз етіп жіберді. Мектептегі географияның бұл жағдайы ХІХ- ғасырдың аяғына дейін созылды. Ресейдің сол кездегі ғалымдары мектеп географиясының ролін білім саласында, оқушыларды тәрбиелеуде, жоғары деңгейде болуын талап етті. Н.В. Гоголь сол кездегі мектеп географиясын «өмірсіз, құр сүйек», деп жазды. География методикасының дамуына К. Д. Ушинский үлкен үлес қосты. Ол мектептегі географиядан сабақ беруді сынады. Ол «Біздің елімізде география ғылымдарына деген көзқарас өте төмен», - деді. К.Д. Ушинский географияны оқытуда мынандай педагогикалық принциптерді айтты: 
1. Географияны оқытуда белгіліден белгісізге қарай жүру принципі, оны «Детский мир» кітабында ашып көрсетті.
2. Көрнекілік принципі. Оны қоршаған табиғатты оқудан көрсетті. К.Д. Ушинскийдің ілімін Д.Д. Семенов жалғастырып, география методикасының дамуына үлкен үлес қосты. Семенов оқушылардың өздігінен жұмыс істеуіне, карта сызуға, чертеж жасауға, рельефті карта дайындауға көңіл аударды.
1860-67-ші жылдары Семенов «География сабақтарында» деген 3 бөлімді оқулық жазды. 1-ші рет оқулықта өлкетану принципі қолданылды. Семеновтың ілімдері мен тәжірибелеріне қарамастан жалпы мектептердегі географияны оқыту номенклатуралық – жазбалы түрде қалды. 19-шы ғасырдың аяғына дейін география мұғалімдерін арнайы дайындамағандықтан сабақ жаттанды түрде өтіп, картаның мазмұны ғана таныстырылды. Білімнің мұндай денгейде болуы көбінесе мектеп оқулығына байланысты. Мысалы, К. Смирнованың оқулығы бір ізді номенклатуралы географиялық атауларға ғана тоқталған, оқулықтың тілі оқушылар үшін жалаң және қиын. 2 сынып оқулығында көрнекі суреттер мен тапсырмаға арналған сұрақтар жазылмаған. Мектептерде географияны оқытудың деңгейі өте төмен болуына байланысты оқушыларды қызықтырмады.
 3. 19-шы ғасырдың аяғында Ресейде өндіріс орындарының дамуы көптеген ғылымдардың пайда болуына әкеп соқты. В. Власовтың айтуынша «Мектептерде географияны бұрынғы жүйемен оқыту ешқандай жақсылық әкелмейді, курсты аяқтаған оқушылардың жалпы география, отандық география бойынша бөлімдері жеткіліксіз». Педагогикалық ілімдердің дамуы география оқулығының көрнекілігін, мазмұнын жақсартты. 20-шы ғасырдың басында жаңа оқулықтар пайда болды. Олар Г. И. Иванова және ұжымдық авторлар - А.А.Крубер, А.С. Баркова, С. Г. Григорьева, С.В. Чефранов. Олар оқулықтың мазмұны мен әдістемелік жабдықталуын қадағалады. 
1902 жылы шыққан Г.И. Иванованың оқулығы оқушылар үшін қызық та, оңай болды. Математикалық географияның тақырыптарына оңай сұрақтармен жауап берді. Оқулыққа сол кездегі танымал ғалымдар А.П. Нечаев пен С. Мечаның еңбектері қолданылды. 1903 жылы оқулық шықты. Бұл оқулықта номенклатураны қысқартып, тақырыпты көрнекі суреттермен, қосымша материалдармен толықтырды. Оқулықпен қатар әдістемелік нұсқаулар шықты.
1914 жылы мектептің жаңа оқу жоспары жасалынды, онда географияны оқыту тек төмен кластарда ғана емес, гимназияның жоғарғы сыныптарында да оқытылсын деді. 1915 жылы Москвада география мұғалімдерінің Бірінші Бүкілресейлік съезі болды. Съезге қатысушылар: «Географияны оқытудың әдістерін өзгертіп, оқушыларды ойлауға, айналаны бақылауға, қорытынды жасауға үйрету керек» - деді. Жаңа бағдарлама мектептегі географияның дамуына үлкен өзгеріс әкелуі тиіс болды, бірақ бұл жұмыстар мектептерде жүргізілмеді. Көптеген кедергілерге қарамастан революцияға дейінгі кезеңде географияны оқыту әдістемесі біраз деңгейде дамыды. 
Кеңестік кезеңдегі география әдістемесінің дамуы.
Революциядан кейін патша өкіметінің тұсында құрылған мектептерді жойып, жалпы білім беретін еңбек мектебі етіп қайта құрылды. 
Кеңестік кезеңдегі мектептердің алдындағы міндеттері:
1. Материалистік көзқарасты қалыптастыру.
2. Еңбекке тәрбиелеу. 
1923 жылы Халық Комиссарлары Кеңесі жаңа бағдарлама құрды. Ол жалпы кешенді біріккен бағдарлама ретінде құрылды. Табиғат, еңбек, қоғам деп топтастырылып берілді. Бұл мұғалімдерді қанағаттандырмады. 1931 жылы 5 – ші қыркүйекте қаулы шықты, ол «Бастауыш және орта мектеп жұмысын жақсарту» - деп аталып, жаңа бағдарлама мәселесін қамтыды. 1932 жылы 25 тамызда қаулы шығып мынандай міндеттер қабылдады:
1. Бастауыш және орта мектепте оқу жұмысының негізгі ұйымдастыру формасы бар сабақ болсын.
2. Тұрақты оқу кестесі болсын.
3. Мұғалім оқушыларды оқулықпен жұмыс істеуін міндет етсін.
4. Оқушы өз бетімен, картамен жұмыс істесін.
Бағдарлама бойынша география курсының оқытылу сыныптары анықталды. География ғылымдарына, карталарға көңіл бөліне бастады. Сол кезде жаңа географиялық оқулықтар шықты. Мәселен, Н.Н. Баранскийдің, И.А. Витвераның экономикалық және шетелдердің географиясы шықты. Ғылыми әдістемелік журнал «География в школе» шығарыла бастады. Біраз жоғарғы оқу орындарында география маманын даярлау қолға алына бастады. Соғыстан кейінгі жылдары мектептерде өзгерістер енгізіліп, 7 жылдық мектептер жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылды. 1953 –1954 жылғы бағдарламада практикалық жұмыстарға көп көңіл бөлінді. Оқушыларды еңбек етуге - ғылыми көзқарастарын дамытуына дағдыландыру қажет болды. 1958 жылы 24 желтоқсанда Жоғарғы Кеңестің шешімімен Заң қабылданып мектептегі географияға үлкен көңіл бөлінді. Мектептерде өлкетануға көңіл бөлініп , өз өлкесінің картасымен жұмыс істеуге жағдай жасалынды. 
Жаңа этап кезеңінде мектептерді дамыту барысында жоғарыдан қаулы қабылданып, онда «Жалпы білім беретін мектептердің жағдайын жақсарту ісі қолға алынсын» деді. Қаулы бойынша мектептегі географияны оқытуға біраз өзгерістер енгізілді, табиғаттануға берілген уақыт көбейтіліп, 2 сыныптан бастап 4-ші сыныпқа дейін оқытылатын болды. Оқу жоспарына факультативтік курстар қосылды. Олар оқушылардың білімін жетілдіру үшін негізгі курста қамтылмаған материалды, сұрақтарды қарастыруы тиіс болды. Осы кезде жаңа бағдарламалар жасау үшін ғалым географтар мен әдіскерлер жұмыс істей бастады. Жалпы орта білім беру бағдарламасы бойынша географияны физикалық және экономикалық бөлімдерге бөлді. Сол кезде В.П. Максаковскийдің шетелдердің экономикалық географиясы оқулығына Мемлекеттік сыйлық берілді. Жаңа бағдарлама бойынша физикалық география курсына, практикалық курстарға үлкен көңіл бөлінді. 
1970 жылдары Үкімет орындарының шешімімен табиғатты қорғауға, ресурстарды ұқыпты пайдалануға кірісті. Жаңа бағдарлама бойынша жасалған оқулықтарға экологиялық, табиғатты қорғау мәселелері енгізілді. Бірітіндеп географияның материалдық базасы ұлғайды, керекті құрал-жабдықтар жасалынды, техникалық құралдармен жабдықталған географиялық кабинеттер пайда болды. Оқушылар тегін оқулықтармен қамтамасыз етіліп, жаңа оқулықтар шығарыла бастады. Географияны оқыту әдістемесі педагогикалық машықтанудың кейбір мәселесін шешу арқылы ғылыми деңгейге көтерілді. Географияны оқытуды педагогикалық ғылымдар Академиясы мен ғылыми-зерттеу институтының әдістеме бөлімі жүргізді.

жүктеу 106.72 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет