1 Ғылыми басылым Научное издание ҚР және тмд елдеріндегі ғылым



жүктеу 6.71 Mb.
Pdf просмотр
бет16/71
Дата27.02.2017
өлшемі6.71 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71

Түйін 

 

Математика 



сабақтарында 

формативтік 

бағалау 

және 


оны 

қолдану 


тәжириебесі.Оқушы-  Мұғалім-  Оқушы  арасындағы  тығыз  байланысты  тәжириебие 

барысында байқауға болады.Оқушы дұрыс не бұрыс орындаған тапсырмаларын  бағалаудан 

қорықпауна  келеді,өйткені  мұғалім  ең  бірінші  тапсырмаларын  дұрыс  орындау  жолдарын 

көрсетеді. 

  

56% 


22% 

10% 


8% 

4% 


уровни мотивации 

познавательный 

социальный 

позиционный 

оценочный 

низкий  


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

111 



 

 

Райкуль Кадырбаевна ЕСЕНОВА, 

Қ.Күлетов атындағы №92 орта мектеп, бастауыш сынып мұғалімі 

Қазақстан Республикасы 

 

ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІС-ТӘСІЛДЕР АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ 

СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН АРТТЫРУ 

 

Түйін 

         Бұл  мақала  жаңа  әдіс-тәсілдер,  дәлірек  айтқанда  электронды  оқулық-бастауыш  сынып 

оқушыларының шығармашылық қабілетін арттырудың бірден-бір жолы екендігі туралы. 

Тақырыптың  өзектілігі: Сабақта  электрондық  оқулықтарды  қолдану  арқылы  оқушылардың 

білім деңгейін арттыру. 

Жұмыстың  мақсаты: Шығармашылықпен  жұмыс  істей  отырып,  заман  талабына  сай  іскер, 

жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары дамыған шәкірт тәрбиелеу. 

Жұмыстың  міндеті: Білім  беру  үрдісінде  оқытудың  жаңа  технологияларын  айқындайтын 

әдістемелік  басылымдармен  танысу.  Сабақта  оқытудың  жаңа  технологияларын,  атап 

айтқанда  электрондық  оқулықтарды  тиімді  қолдана  білу.  Оқушының  таным  белсенділігін 

қалыптастыру барысында шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету, білім сапасын 

көтеру. 

Жұмыстың зерттеу әдістері: HTML тіліндегі электрондық оқулық ұсыну. 

Жұмыстың  жаңалығы: Заман  ағымына  сай  білім  беруді  дамыту,  білім  сапасын  әлемдік 

деңгейге көтеру – кез келген оқу орынның, оқытушының басты міндеті. 

Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланылған әдебиетте 

       Білім берудің негізгі баспалдағы –бастауыш білім болып саналады.  

Сан түрлі жаңа әдіс - тәсілдерді іздестіру арқылы, жаңа технологияларды сабаққа тиімді 

пайдаланып  қолдануы,оқу  үрдісін  дамытуы  ,оқушыларға  бағыт  беріп,жаңа  тақырыпты 

меңгеруіне  жағдай  жасауы  мұғалімнің  негізгі  ұстанған  мақсаты  болып  табылады.  Ал, 

оқушылар  өткен  тақырыппен  салыстыра  отырып,  қорытынды  жасап,  ізденіп,зерттеп 

ақпарат  мағынасын  өз  бетінше  түсінеді.Бастауыш  сынып  оқушыларына  анимациялық 

суреттерді  электрондық  оқулықты  жасаған  кезде  көп  қолданған  дұрыс.  Электрондық 

оқулық -  жаңа    тақырыптардағы  мәліметтерді    жеткізуге,  сондай-ақ  тапсырмалар 

арқылы  игерілген  білім  мен  біліктерді  тесттік  бақылауға  арналған  программалық 

құрал.Электронды оқулықта анимациялық суреттерді көптеп қолдану арқылы бастауыш 

сынып  оқушыларының  пәнге  қызығушылығын  арттырады.Суреттер  арқылы  жаңа 

тақырыпты  оқушыларға  тез  үйретуге  мүмкіндік  ашылады.  Мысалдар,  тапсырмалар 

арқылы  оқушының  пәнге  қызығушылығын  арттырады.  Тапсырмаларды  сурет  арқылы  

электронды 

оқулықта 

бейнелеп 

,сұрақтар 

қоятын 

болса 


оқушының 

пәнге  қызығушылығы одан сайын арта түсері сөзсіз. 

         Электронды  оқулықымның  мақсаты  оқушыларға  жаңа  тақырыпты  меңгертуде 

ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  уақытты  үнемдеу,  білім-білік 

дағдыларын  тест  арқылы  тексеру,  пәнге  қызығушылығын  арттыру.  Мен  ұсынып 

отырған электронды оқулықтың басты ерекшелігі бастауыш сынып оқушыларына қазақ 

тілі пәнінен терең білім алуға және тіл дамыту,  шығармашылық іс әрекетін дамытудың 

жолдарын  көрсету  болып  табылады.  Электронды  оқулығымды  қазақ  тілі  пәніне  2 

сыныптар  үшін  сөз  таптары  тарауы  бойынша  зат  есім,  сын  есім,  сан  есім,  етістік 

қамтылған.  Зат  есім  бойынша  ой  қозғау  бөлімінде  оқушыларға  сұрақ  қою  арқылы 

суретпен  жұмыс  жасаймын.  Кім?  Не?  деген  сұрақтың  қандай  сөздерге  қойылатынын 

ажыратамыз.Зат  есімнің  жекеше,  көпше  түрі  туралы  түсінік  алады.  Ой  толғаныс 

бөлімінде  жаңа  тақырыпты  бекіту  мақсатында  тапсырмалар  беріледі.  Мыс:  алмаға 

қандай  сұрақ  қойылатынын  төменнен    не?  деген  сұрақты  таңдап    алып,  алманың 

   


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

112 



 

суретінің  қасына  апарып  қоямыз.  Нәтижені  тексеру  бөлімі  бойынша  оқушылардың 

білімін  тексеру  мақсатында  төмендегі  тапсырмаларды  орындатамын,  тест 

тапсырмаларын  беремін.Нәтижесінде  оқушының  пәнге  қызығушылығы  артады, 

ақпараттық  технологияларды  қолданады,  қолдануға  үйренеді.  Электрондық  оқулықты 

жасаған кезде оның мәтіндік ақпараттан гөрі бастауыш сыныпта анимациялық суреттер 

көбірек  қамтылуы  керек,  себебі  ол  оқушының  ақпаратты  тез  қабылдауына  жағдай 

жасап,  оқушының  назарын  өзіне  аударады.Сабаққа  кіріспе  кезінде    тақтаға   слайд 

көрсетіліп,  бүгінгі  сабақ  тақырыбын    оқушылар  өздері  ашып  алды.  Оларды  мен  сұрақ 

қою  арқылы  жетеледім,ой  қозғау  бөлімі  бойынша  ,мысалы:  суретен  не  көріп 

тұрмыз?,  өз ойынан нелер қосар едің? 

Сол сұрақтардан соң сыныптағы белсенді  оқушылары әрі қарай өрбітіп алып кетті,одан 

соң мағынаны тану бөлімі бойынша ережелер айтылып,сұрақтар қойыла бастады,қимыл 

қозғалысты  анимациялық  суреттер  арқылы  көрсетіп,  тапсырмалар  орындата 

отырып,өтілген тақырып бойынша тест жұмыстарын бердім. 

Жаңа инновациялық әдіс-тәсілдер арқылы мұғалім оқушылармен байланысын жек-дара 

жақындаса алатындай жолмен жүргізуге мүмкіндік алады.Электронды оқулықпен сабақ 

берудің тиімділігі өте көп: 

1.Оқушы  білімін  бағалауды  мұғалім  компьютерге  жүктей  отырып,  бағалау 

көрсеткіштерінің дәл, әрі нақты болуын қамтамасыз етеді. 

2.  Оқушы  өз  бетімен,  мұғалімнің  бағыт  беруі  бойынша  жеке  жұмыс  жасайды.  

3.  Әрбір  оқушының  қабілетіне  қарай  онымен  жеке  жұмыс  жасауға    мүмкіндігі 

ашылады.  

Мұғалім сыныптағы оқушылардың жағдайын толық көреді. 

       Электронды  оқулықтарды  пайдалану- оқушының  теориялық  білімін  практикамен 

ұштастыруына  жағдай  жасайды,оқушының  өз  бетінше  шығармашылық   жұмыс 

жасауына 

септігін 

тигізеді.Электронды 

оқулыққа  

оқу 

технологиялары 



жинақталып,мысалы:  ойын  арқылы  оқыту,  блокты  оқыту,  тірек-  сигналдар  арқылы 

оқыту,  т.с.с.   Электронды  оқулықтан  оқушы  көптеген  қосымша  материал  алып,    осы 

алған мәліметтерін компьютерден көргендіктен есінде жақсы сақтай отырып, өз бетінше 

жұмыс  жасау  қабілеті  қалыптасып,осылайша  жас  ұрпақты  оқытуда  жаңа  инновацияны 

пайдаланудың  –  шығармашылық  қабілетін  арттырудың  негізгі  көзі  болып 

табылады.Оқулықтағы  кескін-суреттердің,  тақырыпқа  сай  мысалдардың  іс  жүзінде 

графикалық  түрде  бейнеленуі  оқулықты  меңгеру  процессінде    өте  қызықты,  ыңғайлы, 

жылдам, әрі сапалы өткізуіне көмек беру арқылы оқу материалдарын ұтымды игеруде, 

электрондық  оқулықтардың  атқаратын  ролі  зор  болып  табылады.  Электрондық 

оқулықтарда  теориялық  тақырыптар  кеңінен  беріліп,  түсіндіріліп  қана  қоймай,  әр  – 

түрлі суреттер, сұлба тәсілдер арқылы бастауыш сыныпта толықтырылып отырса, онда 

теориялық  білімді  оқып,  көзбен  көріп,  түсіну,  материалды  қорыту  ұтымды  болады. 

Электрондық  оқулықтар  дайындаудың  педагогикалық  ұстанымдар  жүйесі  оқытудың 

дидактикалық  жүйесіне  сәйкес  келеді.  Электрондық  оқулықтармен  жұмыс  істеу  әрбір 

оқушының өз мүмкіндігін есепке ала отырып, оқып үйрену ісін жеке дара жүргізуге жол 

ашып қана қоймай пәнге қызығушылығын арттырады. 

Электронды оқулық  – оқытудың  негізгі  ғылыми мазмұнын қамтитын оқыту, бақылау, 

моделдеу,  тестілеу  т.б.  компьютерлік  технологияға  негізделген  бағдарламалардың 

жиынтығы.  Электрондық  оқулық  жай  оқулықтарға  өте  тиімді  қосымша  мүмкіндіктер 

беріп,тез арада іс жүзінде кері байланысты қамтамасыз етіп,жай оқулықтағы ақпаратты 

іздеу  мүмкіндіктері  бірталай    уақыт  алатын  болса,  электрондық  оқулық  қажетті 

оқулықты  әрі  жылдам  табуға  мәтінді  түсіндіріп  өту  кезінде  уақытты  үнемдеуге 

көмектеседі. 

         Электорнды  оқулық  –  ғылыми-педагогикалық  құрал.  Электрондық  оқулықтардың 

тиімділігі: 


ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

113 



 

өз бетінше теориялық материалды оқып үйренуге зерттеуге мүмкіндік береді; 

оқушыға сабақта өз бетімен әр түрлі деңгейлі шығармашылық тапсырмалар орындауға 

мүмкіндік береді; 

          Электрондық  оқулықтың  құрылымын  жан  –жақты  зерттей  келе  профессор О. 

Околелев электрондық  оқу  құралы  қолданушының  барлық  сезім  мүшелерінің  жұмыс 

істеуін қамтамасыз ететін бірден – бір оқу құралы болумен қатар, қазіргі заман талабына 

сай ақыл-ойдың дамуына себепші болуы тиіс деген қорытындыға келеді. 

Электронды  оқулықтың  басты  ерекшелігі  -бастауыш  сынып  оқушыларына 

математика,ана  тілі,қазақ  тілі  пәндерінен  оқушылардың  шығармашылық  іс  –  әрекетін 

дамытудың жолдарын көрсету болып табылады. 

1  сынып  оқушысы  үшін  көз  алдында  кескінделіп  тұрған  мыс:  анимациялық 

геометриялық  фигураларды  санау,заттарды  санау,өрнектер  құру  арқылы  есеп  шығару, 

мысал  орындау,  т.с.с  оның  ой-қиялын  дамытып,  жүйелі  ойлауға  үйретеді.  Білім  беру 

саласында  электронды  оқулықтарды  пайдалану  оқушылардың  танымдық  белсенділігін 

арттырып  қана  қоймай,  қисынды  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға  ,  шығармашылықпен 

еңбек етуіне жағдай туғызады. 

         Электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісінде  жаңа  материалды  оқу  (танымдық  іс-

әрекет,  аналитикалық  талдау);  оқушылардың  ізденіс  жұмыстары  (тапсырма  бойынша 

жеке  көзқарасты  компьютерде  бейнелеу,  белгілі  бір  сұрақ  төңірегінде  ізденіс  жүргізу, 

тақырып бойынша материалдарды жүйелеу, жинақталған компьютерлік материалдарды 

өңдеу);  аралас  сабақ  (оқып-үйрену,  қайталау,  жалпылау);  өз  бетінше  оқу  (ақпарат 

блоктары  арасындағы  қатынас  бойынша  жаттығу,  жеке  дара  шығармашылық 

жобалармен  айналысу);  білімді  тексеру  (оқу  материалдарын  қайталау,  тестілер  мен 

тапсырмаларды орындау) үшін пайдалануға болады. 

         Электрондық оқулықтағы дидактикалық материалдар оқушылардың оқу-танымдық 

іс-әрекетін  бағдарлайды  және  қамтамасыз  етеді.  Ол  арқылы  оқу-тәрбие  үрдісінің 

бірыңғай  аумағында  педагог  пен  оқушының  оқу-әдістемелік,  басқару,  ұйымдастыру 

жұмыстарын жинақтауға және шоғырландыруға болады. 

          Электрондық  оқулық  –  жаңа  оқу  құралы,  оның  құрылымы  мен  мазмұнына 

өзгерістер  енгізуге  болатын  ашық  жүйе.  Электрондық  оқулықтың  кейбір  элементтерін 

жай оқулықпен салыстыратын болсақ, мынадай қорытынды жасауға болады: 

           Электрондық  оқулықта  мәтіндік  ақпарат  қысқа  және  тұжырымды  болады.  Бұл 

оқушының  оқу  материалын  шапшаң  меңгеруіне  көмектеседі.  Сонымен  қатар,  мұнда 

әріптердің  түсін,  типін  өзгерте  отырып,  яғни  виртуалды  бейнелей  отырып,  маңызды 

тірек сөздерді айқын көрсетуге болады. Мұны кәдімгі оқулықта көрсету қиын, онда тек 

қисық, асты сызылған, қоюланған әріптермен белгіленуі мүмкін;Электрондық оқулықта 

өте көп көрнекі материалдар қамтылады.Бұл көрнекіліктің дидактикалық мәнін ашады. 

Бастауыш  сынып  оқушылары  қимыл  мен  қозғалыс  арқылы  берілген  түсініктерді 

қызығушылықпен  қабылдайды.  Мұндай  көрнекіліктің  бәрін  оқулықта  беру  мүмкін 

болмайды; 

Компьютерлердің  мультимедиалық  жабдықтарын  пайдалана  отырып  жасақталған 

электрондық оқулық- оқушының оқу материалын жақсы меңгеруіне жол ашады

         Электрондық  оқулық  кәдімгі  оқулықта  берілуі  қиын  гиперсілтемелі  ұғымдарды 

қамти алады. Ол материалдың кей сұрақтарды тез ашып, оқуға мүмкіндік береді; 

          Кәдімгі  оқулықта  кітап  беттерін  белгілеу  арқылы  қайталай  отырып,  материалды 

толық  түсіну  мүмкін  болса,  электрондық  оқулықтарда  келесі  беттерге  көшу  әлдеқайда 

тез жүреді; 

Оқушыға ұсынылатын әдебиеттер тізімі электрондық оқулықта болады. 

           Жаңа  инновациялық  тәсілдер  оқушылардың  өз  бетінше  жұмысын  және  олардың 

танымдық  белсенділіктерін  арттырады,  оқушылардың  терең,  тиянақты  білім  алу 

сапаларын  жаңа  сатыға  көтереді.  Сонымен  бірге  барлық  оқыту  үрдісінің  алға  қойған 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

114 



 

мақсатынан  бастап,  қол  жеткен  нәтижесіне  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Оқушыларға 

үлкен  ақпараттық  білім  кеңістігіне  жол  көрсетеді.Ақпараттық  –  коммуникациялық 

технологияның  дамуына  байланысты,  оқып  үйрену  құралдарына  жататын  электронды 

оқулықтар қазіргі таңда жиі қолдануда. Бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық 

технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. 

           Оқытудың негізгі мақсаты: ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту, білім берудің кез 

келген  саласында  электрондық  оқулықтарды  пайдалану  арқылы  оқушылардың 

танымдық  белсенділігін  арттырып,  ойлау  жүйесін  қалыптастыруға  шығармашылықпен 

жұмыс  істеуге  жағдай  жасау  электронды  оқулықпен  оқытудың  негізгі  мақсаты  болып 

табылады. 

Осы  уақытқа  дейінгі  білім  беру  саласында  тек  мұғалімнің  айтқандарын  немесе 

оқулықты  пайдалану  қазіргі  заман  талабын  қанағаттандырмайды.  Сондықтан  қазіргі 

ақпараттандыру  қоғамында  бұл  электронды  оқулықтарды  пайдаланбай  алға  жылжу 

мүмкін  емес,  сондықтан  электронды  оқулықтың  құрылымы  сапалы  жаңа  деңгейде 

болуы тиіс. 

Электронды  оқулық  жай  оқулықтарға  өте  тиімді  қосымша  мүмкіндіктер  беріп  қана 

қоймай,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылықтарын  арттырып,  оқыту  сапасын 

жетілдіруге,  белсенділіктері,  ынталары  артуына  көмектеседі,  білім  сапалары 

тереңдейді.   Оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп  өз  бетімен  практикалық 

тапсырмалар орындай отырып, электрондық материалдарды сабақта пайдалану кезінде 

мәселені  түсінеді.  Түрлі  суреттер,  бейне  көріністер,  дыбыс    тыңдатып  электронды 

оқулық  арқылы    көрсетуге  болады.  Бұрын  мұғалім  тақтаға  бормен  жазып  түсіндірсе, 

қазір  электрондық  оқулық  арқылы  оқушыларға  әлдеқайда  тиімді,  әрі  түсінікті. 

Меңгерілуі  қиын  тақырыптарды  электронды  оқулықтың  көмегімен  түсіндірсе  жаңа 

тақырыпқа  деген  баланың  құштарлығы  оянады  деп  ойлаймыз.  Оқушы  бұрын  алған 

білімдерін  қолданады,  түрлі  білім  көздерінен  жаңа  білім  алады,  тұлға  баға  жетпес 

тәжірибе жинайды, «мәселелерді шешу» құзыреттілік деңгейі жетіледі.     

        Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдалану оқушыға: 

Уақытты  үнемдеуге,  оқулық  материалын  іздеп  отырмай,  өтілген  және  ұмытып  қалған 

материалдарын еске түсіруге; 

Оқулықтағы кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға; 

Түсінбеген материалды шексіз қайталауға; 

өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін-өзі тексеруге; 

өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға көмектеседі. 

    Электронды  оқулықты  пайдаланудың  мақсаты:  білім  беру,  білімді  бекіту,  дағды  мен 

іскерліктер  қалыптастыру,  меңгеру  деңгейін  бақылау,  ақпараттық  ізденіс  қабілетін 

дамыту. 


Оқушы мақсатын нақты анықтай білу керек

Ақпаратты жинақтап, жүйелеу қабілетін қалыптастыру; 

Шығармашылық ғылыми ізденіске; 

Оқушының өз бетінше әрекет етуіне мүмкіндік беру. 

Осы  мақсат  пен  міндеттерді  жүзеге  асыруда  оқу  –  тәрбие  үрдісі  жүзеге  асырылады. 

Мақсатты айқындауда оқушы жаңа ақпаратпен таңысады. 

Электронды  оқулықты  қолдана  отырып,  оқушылар  төмендегідей  жұмыс  жасауға 

мүмкіншілігі болады. 

өтілетін материалдарды дұрыс әрі жеңіл түрде түсінуге; 

оқушының өздігінен дайындап, жұмыстың барлық кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге; 

жұмысты тиянақты түрде орындап, мұғалімге файл түрінде тапсыруға; 

өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға; 

қажетті материалдарды жылдам іздеп табуға; 

фонохрестоматияларды да кіріктіре отырып, сабақ үрдісінде қолдануға; 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

115 



 

мультимедиалық  бейне  және  дыбыс  бөлімдерінің  бағдарламасы  бойынша  алатын 

жаңалықтарды іске асыруға . 

Мұың өзі ізденімпаздыққа, дербес ойлауға, өзіндік қорытынды жасауға жетелейді. 

        Электронды оқулықты  сабақта қолданғанда күтілетін нәтижелер. 

Үлгерімі төмен оқушыларға көмектеседі; 

Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады; 

Сабақта пайдаланылатың көрнекіліктердің санын арттырады; 

Оқушылардың шығармашылықтарын арттырады; 

Оқушыны жеке жұмыс істеуге үйретеді; 

Оқушының есте сақтау, есту, көру, сөйлеу, ойлау қабілеттерін дамытады; 

Пікірталас, талдау, анализ жасау мүмкіндіктерін арттырады. 

Белгілі  бір  пәнге  байланысты  дайындалған  электронды  оқулықтың,  сол  пәннің  типтік 

бағдарламасына  сәйкес болуын, тақырыпқа қатысты нақты әрі  қысқа оқушы деңгейіне 

сәйкестендіріп, берілуін ескеру керек. 

Сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану жолдары: 

Мұғалімнің ақпараттық-коммуникациялық технологияны меңгеруі; 

Алынған білім дағды деңгейі жоғарылады

Білімдері тереңдеді; 

Тексеру түрлері бағаланды; 

Практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артты. 

Қорыта  келгенде  ,  меңгерілуі  қиын  тақырыптарды  электронды  оқулықтың  көмегімен 

түсіндірсе  ,  оқушының  жаңа  тақырыпқа  деген  құлшынысы  артып  қана  қоймай,  оқу 

сапасы да артады. 



Әдебиеттер: 

1.  Қазақстан  Республикасының  бiлiм  беру  жүйесiн  2010  жылға  дейiн  дамытудың 

Мемлекеттiк бағдарламасы. 

2.  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  жүйесін  2015  жылға  дейін  дамыту 

тұжырымдамасы 

3. Мұхамбетжанова С.Т.  «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту»  

4.  Құдайбергенова  К.С.  Инновациялық  тәжірибе  орталығы-педагогикалық  технология 

көзі. Алматы//2001-75б. 



Аннотация 

          Это статья о новых методах обучения, точнее об электронных учебниках которые 

развивают творческие способностей учасщихся начальных классов. 

 

 



Нұрғайша Болатқызы ЕСМАҒАМБЕТОВА, 

№ 6 орта мектебі ММ, бастауыш сынып мұғалімі 

Ақтөбе облысы  Шалқар қаласы, Қазақстан Республикасы 

 

.



ДИАЛОГ ПЕН МОНОЛОГ 

 

Түйін 

 

Бұл  сабақ  мәтіннің  диалог  және  монолог  түрінде  болатындығын  түсіндіре 



отырып,екеуінің айырмашылығын ұғындыру жөнінде.   

 

 



Сөйлеушінің сөзін тыңдап.оған жауап бере білуге үйрету 

 

Сабақтың әдісі: түсіндіру,сұрақ жауап,көрнекілік 



 

Сабақтың барысы: 

 

Психологиялық дайындық «Мен саған сенемін...» 



 

Үй тапсырмасын тексеру 



ҚР және ТМД елдеріндегі ғылым және білім беру жүйесінің өзекті мәселелері 

Актуальные проблемы науки и системы образования РК и в странах СНГ 

 

 

116 



 

 

Жаңа  сабаққа  кіріспе  бөлім.Үнтаспадан  немесе  бейнетаспадан   ана  мен  баланың 



сөйлеуін немесе бір баланың өзінің  анасы туралы әңгімелеуін тыңдату. 

 

-Балам,қолыңдағы не?  



 

-Кітап  қой ,апа.  

 

-Оны қайдан алдың?  



 

-Досым берді. Қызық әңгімелер  көп екен.  

 

-Оқы. Көп оқығанның пайдасы зор.Көп нәрсені білетін боласың.  



 

-Ия,апа, дұрыс айтасыз.Мен енді көп оқитын боламын.Сізге де айтып беремін.  

 

«Жер  бетіндегі  ең  әдемі  сөз  –ана.Адамның  алғашқы  сөзі  осы  сөзден  басталады.Мен 



анамды 

жақсы 


көремін.Анамның 

еңбегін 


 

ұмытпауым 

керек.Ананың 

жылы 


алақаны,мейірімділігі –мен үшін бақыт.Шынымен де, бұдан асқан бақыт бар ма ?!»  

 

Тыңдаған  мәтіндердің  айырмашылықтарын  анықтату.  Бірінші  мәтінде  екі  адам 



сөйледі,ал екінші мәтінде бір ғана бала сөйледі.Осыдан ереже шығарып алу. 

 

Диалог  –  екі  немесе  бірнеше  адамның  сөйлесуі.Жазбаша  сөйлеу    тілінде  әр 

сөйлеушінің  сөзі сызықша арқылы бөлінеді.  



 

Монолог – бір адамның өзіне-өзі немесе тыңдаушыларға арнап сөйлеуі 

 

 



 

Оқушыларға  диалог  пен  монолгты  ажырата  алу  дағдысын  қалыптастырамын.Диалог 

пен монологтың өздеріне сай жаттығулар орындату. 

1-жаттығуда  көшіріп  жазу  арқылы  диалогте  әр   сөйлеушінің  сөзі  сызықша  арқылы 

бөлінетіндігін меңгертеді. 

3-жаттығуда  диалог туралы алған білімдерін беки түседі. 

2-жаттығудау бойынша мәтін түрі –монологты ажыратады. 

 

-Өлең монолог па  әлде диалог па? 



 

-Монолог.Өйткені мұнда сөйлеуші бір адам,яғни оқушы 

 

Өлеңді түсініп оқы.Өлең диалог пе,әлде монолог па?Дәлелде.Сөйлеуші кім?  Оның 



сөзі кімге арналып тұр? Соңғы шумақты көшіріп жаз.  

Білмеймін әлі мен  

 

Өскенде кім болам?  



Әйтеуір еліме  

 

Қалаулы ұл болам! 



Өскенде кім болғың келетінін жаз. 

4-жаттығу алған білімдерін пысықтайды. 



жүктеу 6.71 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   71




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет