1 дәріс Тақырыбы: Фонетика және оның салалары Жоспары



жүктеу 208.5 Kb.
бет1/50
Дата14.09.2022
өлшемі208.5 Kb.
#21163
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
ҚҚТФ дәріс прак саб

1 дәріс


Тақырыбы: Фонетика және оның салалары
Жоспары:

  1. Фонетика - тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала.

  2. Қазақ тілі фонетикасының зерттелу тарихы.

  3. Фонетиканың салалары: а) сипаттамалы фонетика;ә) тарихи фонетика;б) физиологиялық фонетика;в) эксперименттік фонетика; г) фонология немесе функционалды фонетика.



Тірек сөздер: фонетика, тіл дыбыстары, дыбыстық жүйе, фонетиканың салалары, сипаттамалы фонетика, тарихи фонетика, физиологиялық фонетика, экспериментті фонетика, фонология, функционалды фонетика.

Фонетика - дегеніміз дыбыстар туралы ілім.Қазақ тілі фонетикасын зерттеушілер: Н.И. Ильминский, В.В. Радлов, А.Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанұлы, Х. Досмұхамедұлы, Ж. Аралбаев, Ә.Жүнісбек, С. Мырзабеков, т.б. Тілдік қатынас әдетте, екі түрлі формада болады: ауызша және жазбаша. Жазбаша беріде, жазумен байланысты пайда болды. Ал, ауызша форма ойды білдірудің құралы, қатынас құралы тілмен – ол алғаш пайда болған күннен бері бірге жасасып келеді. Фонетиканың негізгі зерттеу объектісі - тілдің ауызша формасы. Бұдан жазбаша форманың фонетикаға қатысы жоқ екен деген ұғым тумау керек. Текске (жазуға) фонетикалық талдау оның айтылуына негізделеді. Адам баласының тілі – дыбыстық тіл. Оның ойы, айтар пікірі белгілі бір дыбыстық комплекстен тұратын сөздердің арқасында іске асады. Сондықтан да тіл дыбыстарын, оларға тән түрлі заңдылықтарды білудің мәні зор. Дыбыстық өзгерістерді есепке алмай тұрып, лексикалық, грамматикалық құбылыстардың төркінін, өзгеріп дамуын айқындау мүмкін емес.


Фонетика (гр. Phone –дыбыс, phonetikos - дыбыстық) – тілдің дыбыстық жүйесін зерттейтін тіл білімінің бір саласы. Атап айтқанда, фонетиканың қарастыратын мәселелеріне мыналар жатады: тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың іштей жіктелуі және бір-біріне әсері, буын, екпін, тілдің дыбыстық жағы мен жазудың арақатынасы, орфография, орфоэпия т.б. Дыбыстардың пайда болу, өзгеру сырларын білмей тұрып, лексикалық та, грамматикалық та құбылыстарға ғылыми түсінік беру, өзімізге мектептен таныс қатаңдану, ұяндану сияқты дыбыстық өзгерістерді түсіндіру, қазіргі жазудың сырын түсіну қиын. Фонетика тіліміздегі бірсыпыра сөздердің пайда болуын анықтауға, тілдердің арасындағы туыстық байланысты табуға, тілдің айту, жазу нормаларын дұрыс меңгеруге мүмкіндік береді.
Тілдің дыбыстық жүйесін қазіргі және тарих тұрғыдан қарастырған кезде туыс тілдердің фонетикасын да ескерген абзал. Мұның өзі дыбыстардың өзгеру, даму жүйесін айқындауға мүмкіндік береді. Туыс тілдердің дыбыс жүйесін салыстыра зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін айқындау салыстырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салыстырмалы және тарихи фонетика көбіне бір-бірімен қарым-қатынаста болады да, зерттеуларде қатар қолданылады. Туыстығы жоқ, құрылымы әр басқа тілдердің дыбыстық жүйесін салыстырып зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді.
Фонетикалық зерттеуде қолданылатын әдістер. Сөйлеудің табиғи дыбыстық материясы болып табылатын фонетикалық жағы ерекше зерттеу әдістерін қажет етеді. Олай болатыны фонетика бір жағынан акустикалық аспекті тұрғысынан акустикамен, екінші жағынан физиологиямен байланысты болып келеді де, бұл ғылымдарда пайдаланылатын әдістер мұнда да қолданылуға тиіс. Әдетте мұны эксперименттік әдіс дейді де, сөйлеуді зерттеуде қолданылатын әр түрлі апараттарды сонымен байланысты қарайды. Бұдан аппаратсыз эксперимент болмайды екен деген ұғым тумауға тиіс.
Фонетика саласынан мынадай бір қарапайым мысал алып қарастырайық: қазақ тілінде дыбыстардың қалыптасқан орны, үндесу заңдылықтары бар. Соның бірі қатаң дыбыстардан кейін қатаңдар келеді. Бұл заңдылықты елемей, қатаңнан кейін ұяң дыбыстарды айтып көрейік: ат-дың, ат-ға, ат-да. Әдейі бұзу үшін болмаса, бұлай айту қазіргі қазақ тілінде мүмкін емес. Фонетикалық көптеген тұжырымдар айту мен қабылдауға, қарапайым тәжірибеге негізделген. Дегенмен, дыбыстардың акустикалық мінездемесін – күшін, қарқынын, созыңқылығын, сондай-ақ оның артикуляциялық табиғатын, яғни қандай мүшелердің қатысуымен қалай жасалып тұрғанын нақты білу үшін қабылдау арқылы сезіп қою жеткіліксіз, оны тиісті аппараттардың көмегімен қарастыру керек. Экспериментті фонетика (дұрысы, экспериментті – фонетикалық әдіс) – сөйлесу дыбыстарын акустикамен физиология саласында пайдаланатын аппараттарды қолдану арқылы зерттеу.Экспериметті – фонетикалық әдісті екі үлкен топқа бөліп қарастырған жөн.:1) акустикалық әдіс, бұл арқылы сөйлеу дыбыстары олардың акустикалық қасиеттері қарастырылады.; 2) физиологиялық әдіс немесе соматикалық әдіс арқылы дыбыстардың жасалуына қандай мүшелер қалай қатысып тұрғаны, оның артикуляциялық ерекшеліктері айқындалады. Бұл әдістердің әрқайсысы пайдаланатын құралдың (аппараттың) түріне қарай іштей бірнеше әдіске ажырайды. Сонда: Акустикалық әдіс: 1) Кимографтық әдіс; 2)Осциллографтық әдіс; 3)Спектографтық әдіс. Соматикалық әдіс: 1) палатографтық әдіс; 2) ренгенографиялық әдіс; 3) кинофотоға түсіру әдісі.
Сипаттамалы фонетика. Тілдің өмір сүріп тұрған дәуірдегі дыбыстық жүйесін қарастырады. Мәселен, қазіргі кездегі мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылатын фонетика сипаттамалы фонетикаға жатады.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырып, олардың даму тарихын өзгерістен айқындайды.
Салыстырмалы фонетика белгілі бір тілдің дыбыс құбылыстарын өзге тілдердің дыбыс жүйесімен салыстыра зерттейді. Мысалы, М.Томановтың “Түркі тілдерінің салыстырмалы фонетикасы” (1981), “Түркі тілдерінің салыстырмалы тарихи фонетикасы” (Л., 1984) деп аталатын еңбектер.
Эксперименттік фонетика белгілі бір тілдің дыбыстарын түрлі техникалық құралдар мен аспаптардың (спектрограф, осциллограф, палатограф, рентгенограф т.б.) көмегімен зерттеп, тіл дыбыстары туралы нақтылы, дәл тұжырымдар жасайды.
Физиологиялық фонетика. Тілдегі дыбыстардың артикуляциялық, акустикалық қасиеттерін зерттейді.
Фонология немесе функционалдық фонетика. Тілдегі дыбыс құбылыстарын фонетикалық тұрғыдан зерттейтін сала.
2 дәріс



жүктеу 208.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет