1-Дəріс. «Алгоритмдеу жəне программалау тілдері»



жүктеу 14.17 Kb.
Дата18.01.2022
өлшемі14.17 Kb.
#16755
түріПрограмма
1 дәріс
10 Дəріс

1-Дəріс.

«Алгоритмдеу жəне программалау тілдері» пəнінің мақсаты мен даму сатылары. Ақпаратты жүйелерде

қолданылатын есептеу техникасының рөлі. Оқу барысында компьютердің пайдалануы.

«Алгоритмдеу жəне программалау» пəнінің мақсаты- есептердің алгоритмдеу негізін, программалаудың автоматтық негіздерін, программалау тілінің классификациясын, мəліметтер типтерін жəне Турбо Паскаль тілінің операторларының классификациясын оқыту: ішкі программаларды қолданып программа, стандартты модульдер, деректердің динамикалық құрылымын, программалық қамтамасыз етуді жобалау тəсілдерін, программалау стилін, программалаудың сапа көрсеткішін, программаны сынау мен қалыптастыру тəсілін, объектілі – бағытталған программалаудың негіздерін қолданып программа құру болып табылады.

Əдеттегі сөйлесу тілі төрт негізгі элементтерден: символ, сөз, сөз тіркестері мен сөйлемдерден тұрады. Алгоритмдік тіл соған ұқсас элементтерден, тек сөзді элементар конструкция, ал сөз тіркестерін – өрнек (выражения), сөйлемдерді – операторлар дейді. Элементар конструкциялар- символдар тізбегінен, өрнек- элементар конструкциялар мен символдардан, ал оператор-өрнектен, элементар конструкция мен символдардан түзілетіндіктен, символдар, элементар конструкциялар, өрнек жəне операторлар иерархиялық құрылымдарды құрайды.Тілдің баяндалуы аталған төрт элементтерден баяндалады. Символдардың жазылуы тілдің пайдалынылатын символдарынан жүзеге асады. Элементар конструкциялардың жазылуы деп олардың түзілуінің заңдылығын түсінеміз. Өрнектердің жазылуы деп тілдегі мағынасы болатын кез келген өрнектің түзілуінің заңдылығын түсінеміз. Операторлардың жазылуы тілде пайдалынылатын барлық оператор типтерінің қарастырылуынан тұрады. Тілдің аталған төрт элементтерінің баяндалуы оның СИНТАКСИСІ мен СЕМАНТИКАСЫМЕН беріледі. Синтаксистік анықтама тілдің элементтерінің құрылуының заңдылығын анықтайды. Семантика синтаксистік анықтама берілген тілдің элементтерінің мағынасын жəне қолдану заңдылығын анықтайды. Тілдің символы бұл-тексті құру үшін пайдаланылатын белгілер. Элементар конструкциялар бұл - тілдің минималь бірлігі. Олар тілдің негізгі символдарынан құралады.

Өрнек алгоритмдік тілде мəнді есептеу заңдылығын беретін элементар конструкция мен символдардан тұрады. ОПЕРАТОР орындау қажет əрекеттерді бейнелеуді көрсетеді. Күрделі əрекеттерді бейнелеуге оператаорлар тобы қолданылады. Мұндай жағдайда операторлар құрама операторлар иен блоктарға біріктіріледі. Операторлармен берілетін əрекеттер берілгендерден орындалады. Берілгендердің типі жөнінде мəлімет беретін алгоритмдік тілдің сөйлемі бейнеленуі (жазылуы) немесе орындалмайтын операторлар делінеді. Бейнеленуі мен операторлар алгоритмі бірігіп алгоритмдік тілдегі программаны құрайды. Меңгерілетін алгоритмдік тілді терминдермен бейнелейтін тіл-метатіл делінеді.

Синтаксистік анықтама формальды немесе формальды емес тəсілдермен беріледі. Формальды тəсілдердің үш түрі бар:

- Бэкус-Наур формуласы делінетін металингвистикалық символика;

-синтаксистік Вирт диаграммалары;



-жақшалы конструкциялар.
жүктеу 14.17 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет