1. Аудиттің мақсаттары



жүктеу 53.47 Kb.
бет2/2
Дата17.02.2022
өлшемі53.47 Kb.
#17349
1   2
аудит
Резервтік капитал — акционерлерлік коғамның және басқа да тараптардың таза табысының есебінен қалыптасатын меншік капиталының бір бөлігі. Резервтік капитал субъектінің негізгі (оперативтік) кызметінен алынған зияндарын жабуға және ағымдағы табыс жеткіліксіз болған жағдайда, дивиденттерді төлеуге пайдаланылады. Резервтік капиталды құрау және оны пайдалану құрылтайлық құжаттармен және қолданыстағы заңдармен анықталады. Резервтік капитал жарлық капиталымен және басқа да қаражатгармен бірге бухгалтерлік баланстың пассивінде көрініс табады және ол кәсіпорынның меншікті капиталы болып табылады.

  • Резервтік капиталды құру міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Бірінші жағдайда, ол Қазақстан Республикасының Заң актілерінде қаралған баптарға сәйкес құрылса, ал екіншісінде – шаруашылықтың құрылтайшыларының жүргізіп отырған саясатына сәйкес құрылады. 1996 жылғы 12 қарашада №2 Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп жөніндегі ұлттық комиссиясының қаулысымен бекітілген қаржылық қорытынды есепті дайындау және тапсыру үшін тұжырымдық негіздемеде резервті құру шаруашылықты және несие берушілерін зиян шегудің салдарынан қосымша қорғау үшін жарғысында немесе заңда қаралады деп атап көрсетілген.

    18.Меншік капитал аудиті

    МЕНШІКТІК КАПИТАЛДЫҢ ЕСЕБІНІҢ АУДИТІ

    «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру туралы» ҚР Заңында меншіктік капитал — бұл субъектінің міндеттемелерін шегеріп тастағаннан кейінгі оның активтері деген анықтама берілген. Яғни меншіктік капиталдың шамасы бухгалтерлік есептің балансында бағаланып көрсетілген активтер мен міндеттемелердің құнына тікелей байланысты. Меншіктік капиталға: жарғылық, резервтік төленбеген, қосымша төленген және төленбеген, айналымнан шығарылған капитал және бөлінбеген табыс (жабылмаған зиян) жатады. Демек, бұл аталғандар меншіктік капиталдың элементтері ретінде аудиттің зерттеу объектісіне айналады. Алдымен меншіктік капиталдың элементтері аудиті қарастырмай тұрып, меншіктік капиталдың элементтерінің қалыптасуына ықпал ететін меншік түрлеріне сәйкес әрқайсысы шаруашылық жүргізушісі мәртебесіне ие бола алатын шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарын анықтап алу қажет.

    Қазақстан Республикасының күшіндегі заң актілерінде мына төмендегідей ұйымдық-құқықтық нысандағы субъектілер көрсетілген:

    — мемлекеттік ұйым;

    — коммерциялық емес ұйымдар;

    — өндірістік кооперативтер;

    — шаруашылық серіктестіктер.

    Аталған ұйымдық-қүкықтық нысандағы шаруашылықтардың құрамын анықтап, оларға қысқаша тоқталуды талап етеді. Өйткені олардың өзінің ішкі жіктелуі шаруашылықтың меншіктік капиталының қалыптасуына әсерін тигізеді.

    Меншіктік капиталдың негізгі элементі болып табылатын жарғылық капитал деп шаруашылықтың құрылған кезінде оның қьізметін қамтамасыз ету үшін мемлекеттің бөлген мүліктерінің және қаражаттарының немесе құрылтайшыларының (салымшыларының) мүліктік үлесінің жиынтығын айтамыз. Жарғылық капиталдың нақты бағыты, атқаратын қызметі жөне қалыптасу тәртібі шаруашылықтың үйымдық-қүқықтық нысанына негізделген.

    Аудитор шаруашылық жүргізуші шаруашылықтардың ұйымдық-құқықтық нысандарына қарай жарғылық капиталдың есебіне аудиторлық тексеру жүргізгенде, олардың ерекшеліктерін ескере отырып, тексерудің ауқымын толық қамтитындай етіп бағдарлама жасауға тиісті. Бағдарламада қаралатын басты мәселелерді және олардың ақпарат көздерін қоса қамтыған жөн.

    Бағдарламада қаралған басты-басты мәселелер тексеру барысында арнайы тестер жүргізу арқылы толықтырылып, пысықталып отырылады. Аудитор тексеру барысында анықталған факторларға байланысты бағдарламаға түзетулер енгізіп, аудиторлық тексерудің әдістерін белгілеп отырады.


    19. ҚР-ғы аудит қызметі

    Аудитті шетелде де, Қазақстанда да дамыту аудиторлық қызметті біріздендіру қажеттігіне алып келді. Аудитті жүргізу кезінде жалпы ережелерге, тәсілдерге, ұғымдарға қажеттілік қызметі бір мемлекеттің шегінен шыққан трансұлттық корпорациялардың дамуына байланысты 70-80 жылдары аса өткір пайда болды. Бір мезгілде осы корпорацияларға қызмет көрсетуге арналған аудиторлық фирмалар ірі халықаралық топтарға біріктіріле бастады.

    Нәтижесінде, алдымен ұлттық шеңберде, содан кейін халықаралық ауқымда аудиторлық стандарттар әзірлене бастады.

    Бірнеше деңгейдегі аудиторлық стандарттар бар:

    - халықаралық;

    - ұлттық;

    - ішкі (қоғамдық ұйымдардың стандарттары және аудиторлық

    фирмалардың стандарттары – Фирмаішілік стандарттар).

    Фирмаішілік стандарттарды әзірлеудің негізгі бағыттарын шартты түрде келесілерге бөлуге болады::


    • аудит тәртібі этикасы саласындағы стандарттар;

    • Фирмаішілік құжат айналымы бойынша стандарттар;

    • аудит бағыты бойынша тексеру жүргізу әдіснамасы саласындағы стандарттар.

    Кез келген Фирмаішілік стандарттардың негізіне алынуы тиіс басты принциптер:

    • тәуелсіздік;

    • кәсіпқойлық;

    • мінез-құлық этикасын сақтау;

    • пікірдің негізділігі;

    • ақпаратты ұсыну дәлдігі;

    • клиентке қатысты тілектестік.

    Халықаралық стандарттар негізінде ұлттық стандарттар әзірленедіоларды әзірлеу кезінде халықаралық стандарттар не назарға алынады, не әзірлеу үшін негіз болады. Бірқатар елдерде өз стандарттарын әзірлемеуге және халықаралық Ұлттық ретінде

    пайдалануға шешім қабылдау.

    20. Ақша айрбас пункт ерекшелігі

    Ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

    Ақшаның тағы да бір ерекше қасиеті құнның сақталуын қамтамасыз ететін күші. Экономиканың кез келген үлгісінде ақшаның атқарымы өзгермей, бір қалыпта қалады. Қазіргі жағдайда да ақшаның атқарымдары бұрынғыдай.

    1 Ақша кұнды өлшеуші ретінде.

    2 Ақша, айналым кұралы ретінде.

    3 Ақша төлем құралы ретінде.

    4 Ақша корлану кұралы ретінде.

    5 Дүниежүзілік ақша атқарымы ретінде. Соңғы кездерде есеп айырысу құралы ретінде тек қана банкноттар, чектер, қағаз ақшалар ғана емес, кредит карточкалары да кеңінен дамуда.

    Өмірлік тәжірибе көрсеткендей, ақша айналысын ақша айналымын бөлуге болмайды. Ақша айналымын қолма-қол және қолма-қолсыз деп қатаң түрде шектеуді ғалымдар қабылдай қоймады. Бұл екеуі өзара тығыз байланысты, сондықтан оларды бөлу қажет емес. Ақша өз айналасында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға (және керісінше) өтеді. Сонымен, ақша ерекше тауар, жалпыға бірдей балама, яғни, басқа тауарлардың жалпыға бірдей баламалық құнының нысаны.

    21. Несиелердің аудиті

    Банк мекемелерінен тыс басқа да шаруашылықтардан, мекемелерден және ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді займдарға тексеру жүргізген кезде аудитор уақтылы қайтарылмаған займдардың себебін анықтап, тараптарының жасаған шарттарындағы қаралған міндеттер және жауапкершіліктер орындалмаған жағдайда, жеке тармақтарға жіктеліп көрсетілгендігіне талаптардың мазмұнымен танысып, шаруашылыққа келтіретін оның салдарына талдау жасауға тиісті. Несиелік борыштардың нақтылығын анықтау үшін дебиторлық борыштардың аудитінің әдістемесін қолдану арқылы да жүргізілуі мүмкін.

    Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысуларды тексеруді ұйымдастыруды мынандай бағдарлама бойынша жүзеге асырудың маңызы зор:

    — сатыланған тауарлы-материалдық қорлардың қолда барлығын және құжаттарының дұрыс толтырылғандығын тексерудің;

    — алынған тауарлы-материалдық қорлардың саны және сапасы бойынша қойылған шағым-талаптың дұрыс дер кезінде құжатталғандығын, оның негізділігін тексерудің;

    — құндылықтарды кіріске алудың немесе орындалған жұмыстың /қызмет/ толықтығын және дер кезділігін тексерудің;

    — жабдықтаушылар мен мердігерлерге несиелік борыштың дұрыстығын, нақтылығын және заңдылығын тексерудің;

    — вексельді қолданып жүрген жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысудың және жабдықтаушыларға қосылған құнға салынған салықты (ҚҚС) қайтару тәртіптерінің дұрыс жүзеге асырғанын тексерудің;

    — шоттар корреспонденцияларының дұрыс берілгендігін, аналитикалық есеп мәліметтерінің синтетикалық есеп мәліметтерімен сәйкестігін тексерудің.

    22.Еңбекақы бойынша есептеу аудиті

    Еңбек ақыны тексеру кезінде аудитордың негізгі мақсаты,бақылаудың күшті жақтарын анықтау,маңызды қателердің жоқтығына көз жеткізуі болып табылады.Еңбек ақы төлеудің аудитінің негізгі мақсаты еңбек ақы бойынша бухгалтерлік есептің жүргізілуінің дұрыстығын және одан ұсталымдардың, еңбек ақыдан аударымдар кезінде нормативтік- құқықтық актілердің қарастырылуынтексеру.

    Аудитордыңмақсаттары:

    1.Еңбек ақының дұрыстығын тексергенде, аудитор келесілерді тексеруі керек:

    -Өндірілген өнім,орындалған жұмыс және қызмет көлеміне, жұмыс уақытының есебі бойынша алғашқы құжатардың заңға сәйкестігі және саны.

    -Бухгалтерлік баланыстағы және Бас Кітаптағы жазбалары мен шот 3350 бойынша аналитикалық есеп көрсеткіштерінің бір күндегі екі жақтың мәліметерінің сай келуі.

    2. Еңбек ақы қорының пайдаланылуын тексерген кезде аудитор тексеруі керек келесілерді:

    -Кәсіпорын жұмысшыларына штаттық кестеде бекітілген қызметтік айлығының қадағалануын тексеру;

    -Инфляция жағдайында бағалардың өсуін есепке ала отырып олардың индексациясының уақтылы жүргізілуін тексеру;

    -Құрылтайшылардың, акционерлер жиналысы немесе басқару кеңесі штаттық кестені бекіткендігін тексеру;

    -Орындалған жұмыстар үшін есептеулер жүргізілдіме , жұмысшылардың кесімді наряды бойынша еңбек ақы дұрыс жүргізілудеме;

    -Кәсіпорын жұмысшыларына сыйақылардың дұрыс берілуін тексеру.

    23. Салықтық төлемдер аудиті

    Салықтық аудиттің объектісі экономикалық субъектінің бухгалтерлік және салықтық есебі болып табылады, сонымен қатар салықтық регистрлар, келісім – шарттар және басқа құжаттар.

    Салықтық аудит 3 негізгі мақсатты көздейді:

    • Төленуге тиісті салық мөлшерін есептеудің дұрыстығын анықтау;

    • Салық және жинау бойынша заң актілерін бұзуға байланысты айыппұл санкциясы мен талап қою мүмкіндігін ескерту;

    • Клиенттер басшылығына мекеме – клиентке салық салуды әрі қарай ұтымды жүргізудің ақпаратын ұсыну.

    Осы жағдайда салықтық аудит кезінде бағаланады:

    • Экономикалық субъектінің салықтық есеп жүргізуінің құжаттар және ҚР-сы салықтық есеп құрастыру мен салықтық есептеуді жүргізуді реттейтін тәртіптің нормативтік актілеріне сәйкестігі;

    • Экономикалық субъектінің салықтық есебінің бастапқы есеп алу көрсеткіштеріне және аудиторлық ұйымының тексеру барысындағы субъект қызметі туралы мәліметтеріне сәйкестігі;

    • Салықтық есептеуде табылған бұрмалаушылықтың қаржылық зардабы және оны жоюдың жолдары;

    • Субъект қолданған салықтық есепке алу методикасына өзгерістер енгізу кажеттігі.

    24. Міндеттемелердің аудиті

    25. Табыстар мен шығындар аудиті

    Аудиторлық тексерудің негізгі мақсаты банктегі қызметі бойынша қаржылық нәтижені тексеру, оның ішінде шығыстардың дұрыс анықталуы және толық көрсетілуі. Қаржылық нәтиженің дұрыстығын табыстың дұрыс пайдалануын тексеру үшін келесі объектілерді зерттеу:

    Табыстар мен шығыстар бойынша пайыздық мөлшерлемені есептеу және бухгалтерлік есепте толық көрсету.

    Банктік комиссиялық сыйақының есептелуі мен бухгалтерлік есепте толық көрсетілуі.

    Банктің табыстар мен шығыстардың қалыптасуын тиісті шоттарда көрсетілуі.

    Алдағы кезеңдегі табыстар мен шығыстардың қозғалысын шоттарда дұрыс көрсету.

    Табыс пен шығыс шоттарының жабылуын және есеп жылындағы таза табыс немесе зиян көлемін дұрыс анықтау.

    Банктегі басқадай іс-әрекеттерден болатын табыстар мен шығыстарды анықтау.

    Банктің саясаты бойынша таза табыс көлемін пайдалану және үйлестіру тәртібін зерттеу.

    Шоттардағы көрсетілген шығыстар көлемін зерттеу және таза табыс көлеміне әсерін анықтау. Банктегі табыстар көлемін тексеру шоттардағы қалдықтар мен қозғалысынан босатылады. Ол үшін шоттар бойынша көшірмелер, баланстағы көрсетілген сомалар, табыстар мен шығыстар есептемесі және де басқа да табыстар көлемін анықтайтын бастапқы құжаттарды талап ету қажет.

    Баланстық шоттар табыс және алдағы кезең табыстарын тексеру барысында банктің саясаты және есеп саясатындағы табыстар тізімдемесін зерттеу қажет. Оның ішінде табыстардың келіп түсу тәртібі мен мерзімін анықтайды.

    26. Аудит қызмет ұйымның халық ТӘЖ

    «Аулиторлық қызмет көрсету» ұғымына Республикалық және территориялық аудиторлар палаталары, аудиторлық фирмалар мен тәуелсіз аудиторлар кіреді.

    ҚР «Аудиторлық өызмет туралы» заңға сәйкес Республикалық аудиторлар палатасы тәуелсіз «бейүкіметтік», қоғамдық, коммерциялық кәсіби, өзін-өзі басқаратын және өзін-өзі қаржыландыратын ұйым болып табылады. Аудиторлар палатасы аудиторларды, аудиторлық ұйымдарды ерікті негізінде біріктіреді және мүшелік жарналар мен ҚР-ның заңдарында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қаржыландырылады.

    Аудиторлық ұйымның құрамындағы аудиторлардың саны кемінде екі адамнан құралуға тиіс. Оның жарғылық капиталында аудиторларға және (немесе)

    аудиторлық ұйымдарға тиесілі үлес кемінде 51% болуға тиіс.

    Аудиторлық ұйымдарды құру барысында аудиторлық кәсіпорындардың әр түрлі формаларын мынадай түрде мақсатқа лайықты пайдалану:

    - шетелдік аудиторлық фирмалардың өкілдіктерін;

    - біріккен аудиторлық кәсіпорындарды;

    - акционерлік қоғамдар мен компаниялар;

    - шағын жеке меншік және жеке кәсіпорындар;

    - жеке-дара аудит және кеңес беру.





    жүктеу 53.47 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
  • 1   2




    ©emirb.org 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет