№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет9/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Ә. Қайдар, Қазақтар ана тілі әлемінде: этнолингвистикалық сөздік. - Алматы: Сардар, 
2013 - Т.2: Қоғам. - 728 б. - ISBN 978-601-7174-34-7 
2.  Әбжанов Қ. Ұлттық және ортақ түркі тарихын зерттеу методологиясы. // Ақиқат. 2016. 
№2.  
3.  Олжас  Сүлейменов,  аударған  М.Қазыбек.  Атамзаманғы  түркілер  (Тарихқа  дейінгі 
түркілер). — Алматы: «Олжас Баспа үйі», 352-б.
4.  Ғ.Айдаров. «Күлтегiн ескерткiшi». — Алматы. 1996, 13-б., 177-б.
5.  Бабалар сөзі: Жүз томдық. — Астана: Фолиант, 2007. Т. 44: Батырлар жыры. — 496 бет. 
ISBN 9965-35-436-7
6.  Б.  Абдульдина.  Қазақ  мақал -мәтелдерін  құрылымдық  тұрғыдан  зерттеу  мәселелері.  // 
Қазақ тілі мен әдебиеті. 2004. №4. 59-б.
7.  Ә.Қайдар. Халық даналығы: қазақ мақал-мәтелдерінің түсіндірме сөздігі және зерттеу. 
— Алматы: Тоғанай Т., 2004. – 560-б. ISBN 9965 432 67 8
8.  Жармұхамедұлы М. Айтыс өлеңдерінің арғы тегі мен дамуы. Алматы: Мұраттас, 2001.

74
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.05
ЖАН-ЖАНУАР КОМПОНЕНТТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР 
СЕМАНТИКАСЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ КӨРІНІСІ
А.З. Мұхамбетова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты
Этностың  дүниетанымын,  өмірінің  көрінісін  айшықтауда  фразеологизмдердің  орны 
айрықша. Фразеологизмдер – бүкіл этностың рухани мәдениетінен дерек беретін тілдік құрал. 
Этнос әлемінің тілдік бейнесі оның бүкіл бояуы фразеологизмдерінің семантикасында, оның 
астарында, сөздің құбылып қиюласуында деуге болады. Фразеологизмдердің жасалуы – ұзақ 
уақыт,  дәуірдің  жемісі,  фразеологизмдер  құрамындағы  сөздердің  бастапқы  мағыналарының 
көмескіленуінен, тіпті, жоғалуынан, біртұтас мағынаның оларды құрастырушы сыңарлардың 
лексикалық мағынасынан алыстауынан сезілетіні белгілі
Мақалада  халық  тілінің  ерекше  байлығы  тұрақты  тіркестері  қабатындағы  жан-жануар 
компонентті фразеологизмдер семантикасы жайында сөз болады.
Тірек сөздер: фразема, лексика, этномәдени бірлік, жан-жануар әлемі, этнос, этносемантика, 
лингвомәдениеттану, этнолингвистикалық арна, рухани мәдениет.
Фразеологизмы  играют  исключительную  роль  в  раскрытии  мировозрения,  образа  жизни 
этноса.  Фразеологизмы  –  языковой  инструмент,  показывающий  всю  сущность  духовной 
культуры этноса. Вся красота языкового образа мира этноса кроется в семантике фразеологизмов, 
можно сказать в их переносном значении. Потеря первоначальных смыслов слов и лексического 
значения составляющих компонентов показывает, что создание фразеологизмов – это длительный 
период, плод эпохи.
В данной статье речь будет идти об устойчивых словосочетаниях семантики фразеологизмов 
животного компонента, являющиеся одним из достоинств народного языка.
Ключевые  слова:  фразема,  лексика,  этнокультурная  единица,  мир  животных,  этнос, 
этносемантика, лингвокультура, лингвокультуроведческий канал, духовная культура.
Idiom play a crucial role in solving world view, way of life of the ethnic group. Idiom – language 
tool, showing the essence of the spiritual culture of the ethnic group. All the beauty of the language of 
the image ethnic group of the world lies in the semantics of phraseological units, it can be said in their 
figurative sense. The loss of the original meaning of words and lexical meaning of the components 
shows that the creation of phraseology – is a long period, the fruit of the era.
In this article we will go about the semantics of set phrases phraseologisms animal components, 
which are one of the strengths of the national language.
Keywords: frazema, vocabulary, ethnocultural unit, the world of animals, ethnicity, ethnosemantics, 
lingvoculture, lingvocultural studies channel, spiritual culture.
Фразеологизмдер – тілдің мазмұндық жағы-
нан  көпғасырлық  дамуының  нәтижесі.  Олар 
бізді  қоршаған  шындық  туралы  анағұрлым 
күрделі  ұғымдар  мен  түсініктерді  қысқа 
әрі  ықшамды,  бейнелі  және  эмоционалды 
түрде  беруге  өте  қабілетті.  Алайда  әр  нақты 
жағдайдағы  фразеологизмдердің  мұндай 
жал  пы  сипаттамасы  бейнелі  аялық  негізіне 
қарай  өзара  жіктеледі.  Мал  шаруашылығына 
қатысты фразеологизмдер туралы сөз болғанда, 
жануарлар әлемі жөніндегі түсініктерді адам-
зат  қоғамына  ауыстырудың  өзіндік  тәсілі 
алдыңғы қатарға шығады. Фразеологизмдердің 
көпшілігі  адамға  сәйкес  ерекшеліктері  бар 

75
ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
жақ сы үйретілген үй жануарларының сыртқы 
кескінін,  мінез-құлқын,  қылықтарын  сырт 
көз бен  қарап,  бейнелі  түрде  салыстыру  негі-
зін де жасалған. Бір жағынан, жануарлар әле-
міне,  екінші  жағынан,  адамдардың  қоғам  да-
ғы  өзара  қарым-қатынасына  және  олардың 
әр түрлі тіршілік жағдайларындағы мінез-құ-
лық тарына  бақылау  жасау  негізінде  алын-
ған  бұл  ассоциативтік  параллельдерден  фра-
зеологизмдер  қалыптастырудың  бейнелі  ая-
лық  негізі  және  олардың  мағынасын  өзгерту 
және ауыстыру уәждері ретінде қызмет атқа-
ратын  біраз  ортақтықты  және  ұқсастықты 
таба  аламыз  [1,  55].  Мәселен,  қазақ  тілінде 
ғана кездесетін «адам жылқы мінезді» тіркесі 
адамды  жағымды  жағынан  сипаттайды. 
Жылқы­ мінездес­ адамдар­ қойға,­ қасқыр­
текті­ жігіттер­ қоянға­ айналып­ барады­
(«Соңғы­көш»,­399).­Бұл жерде көнбістігімен 
ерекшеленетін адам сөз болып тұр. Жылқыға 
тән бұл қасиетті көшпелілер жақсы зерделеп, 
ұғына  отырып,  оны  ең  абзал  қасиет  ретінде 
адамның бойына ауыстырады.
Жылқы адамдардың тұрмысын жеңілдететін 
көлік әрі жұмыс күшіне лайық, дүниежүзінің 
ешбір  тағамына  айырбастамайтын  еті  мен 
қазы-қартасы, қымызы қазақ өмірінің мәдени 
бөл шегіне  айналған.  Жалпы  қазақ  ұлты 
жыл қыны  қастерлеген.  Себебі,  аңшылық, 
саятшылық,  салт-дәстүрмен  астарланған 
спорт тық ойын түрлері (қыз қуу, теңге алу, ат 
жарыс  оның  түрлері  т.б.)  және  жігіттің  жеті 
қазынасының бірі болуы, ат сынына қатысты 
сөздер  мен  жасалған  тіркестер,  қамшыға 
қатысты  айтылатын  танымдық  ойлар  мен 
фразеологизмдер, тіпті адам – жылқы­мінез-
ді деген тұжырым, халықтық өлшемге байла-
нысты  тіркестер  т.с.c.  ерекшеліктер  жылқы 
малының төңірегіне топтасқан [2, 239].
Ежелгі  қазақ  тұрмысында  жан-жануардың 
маңызы жайында Г.Смағұлова: «Қазақтардың 
ертедегі көшпелі өмірі мал шаруашылығымен 
тығыз байланыста болуы, негізгі кәсібі – төрт 
түлік мал өсіруі – олардың әрқашан өз өнерін 
жетілдіріп, жаңа әдістерді ойлап, оны дамытып, 
өзінің рухани және интеллектуалдық жақтарын 
дамытудың кепілі болды. Сондықтан көшпелі 
әлемді  біртұтас  бірлік  ретінде  қабылдап, 
өздерін  әлемнің  қожайыны  емес,  құрамдас 
бөлігі  ретінде  сезінді.  Малшы  қауымының 
мақсаты:  табиғатқа  қарсылық  емес,  онымен 
өз мүддесін үндестіре білу, табиғаттың негізгі 
заңдылықтарын  түсініп,  оған  қайшылық 
жасамау» [2, 183], - деп, тұжырымдайды.
Ішсе тамақ, кисе киім болған төрт түліктің 
кез  келген  ұлттың  күн  көрісінде  алатын 
орны  ерекше.  Ал  оның  тұрақты  тіркестерді 
жасаудағы белсенділігі, әсіресе, қазақ тіліндегі 
фразеологизмдерден анық көрінеді. Мысалы, 
Сырттай­қараған­кісіге,­Атаханов­кем-кетігі­
жоқ,­төрт­түлігі­сай,­армансыз­жан­болып­
көрінуі­де­мүмкін­ғой­(«Атамекен»,­29­б). Қазақ 
ұлтында  түйе,­ жылқы,­ сиыр,­ қой  түліктері 
төрт түлік деп аталады. Мұндағы «төрт» деген 
сан  есімнің  мағынасы  түсінікті.  Ал  «түлік» 
сөзінің  мағынасын  М.Кемелханұлы:  «Түлік 
атауы хайуандарға, анығырақ айтқанда, қолда 
үйретілген үй хайуандарына қатысты. Мұның 
өзінің мәндік өлшемі, мазмұндық шегі, ғылы-
ми  негізі  бар.  Бет  алды  қойыла  салған  ат 
емес», - дей келе, Махмұт Қашқаридің: («Түркі 
тілдер сөздігінде» түлік сөзін:­Язым (yazim) – 
көрпе, төсек; түлүк (түлік) язым (tulig yazim) 
– жүнді көрпе. Мұнан «түлік» (түлүк) сөзінің 
түркі  тілінде  жүнді,  жүндес  деген  мағынаны 
білдіретіндігін  көруге  болады.  Сонда  «төрт 
түлік»  дегендегі  тіркес  жүндес,  (жүнді,  жүні 
тығыз)  төрт  түрлі  хайуан  деген  мағынаны 
білдіреді.  «Түлік»  сөзі  хайуандардың  жүні-
нің  тығыздығына,  қалыңдығына,  суыққа 
шы дам дылығына  қарай  қойылған  атау» 
[3,  35],  -  деп  түсіндіреді.  Cонымен  «түлік» 
сөзі  халықтың  үй  хайуандарының  тіршілік 
жолының  ерекшелігіне,  табиғат  дүниесінің 
үйлесімділігіне  қарай  табылған  даналық 
ойының көрінісі.
Малдың сүті, жүні, еті, терісі – халықтың 
тағамы  мен  киімі,  баспанасы,  үй  жиһазы, 
өмірінің, тіршілігінің негізі. Төрт түлік малдың 
болмысын  табиғаттан  бөлмей,  жаратылыс 
заңдылықтарымен сабақтастыра бақылап, те-
рең таныған бабаларымыз өз санасында соларға 
қатысымды  мифті,  фәлсафалық,  мәдени  та-
ным дар  мен  ұғымдар  қалыптастырған  [4, 

76
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
183].  Көшпенділердің  бүкіл  тұрмыс-тіршілігі 
төрт түлік малмен тығыз байланысты болған-
дықтан,  қазақ  фразеологизмдерінің  ішінде 
тіл ге  жиі  оралатыны,  күнделікті  өмірде  жиі 
қолданылатыны және ең көп кездесетіні де осы 
төрт  түлік  малға  қатысты  тұрақты  тіркестер. 
Қазақ  төрт  түлік  малдың  ішіндегі  жылқы 
малын  ерекше  құрмет  тұтқан.  Жылқының 
жaлын жастанып (жаугершілік замандарда), ат 
құлағында ойнаған қазақ халқы үшін мінсе – 
көлік, сауса – сүт, кисе – киім, жесе – ет болған 
жылқы малының күнделікті тұрмыста алатын 
орны ерекше болған. Оны «малдың патшасы» 
деп қастерлеген.
Г.Смағұлова: «Жылқы, әсіресе, жаугершілік 
көне  заманның  талабына  сай  өте  құнды  мал 
ретінде саналады. Себебі ол кезде жауды қу-
ып  жетуге  немесе  одан  қашып  құтылуға 
жылқыдан қолaйлы мал болмаған. Бұл жерде 
ескере  кететін  бір  жай,  отырықшылар  атқа 
оң жағынан, көшпелілер сол жағынан мінеді. 
Бұл  –  жаугершіліктен  қалған  салт.  Ол  кезде 
адамның қолы бос болу керек болған. Себебі, 
ол  барлық  қаруды  осы  қолымен  ұстайтын 
болған» [2,184], - дейді. Сонымен қатар ғалым 
қазақ  тілінің  фразеологиялық  сөздігінде  ат/
жылқы  сөзінің  жүзден  астам  тұрақты  тіркес 
жасауға негіз болғандығын айтады Оған мысал 
ретінде  мына  тұрақты  тіркестерді  ұсынады: 
ат­жалын­тартып­міну,­ат­кекілін­кесісу,­ат­
бауырына­ алу,­ ат­ төбеліндей,­ ат­ үсті,­ ат­
шаптырым,­ат­құлағында­ойнау,­ат­сабылту,­
ат­ізін­салмау­т.б.[2, 185].
Халық аузында қалыптасқан жылқы малы-
на  байланысты  тұрақты  тіркестер  де  оған 
ерекше ықыластың айқын көрінісі. Мыңдаған 
жылдар бойы мал баққан көшпелі халықтарда 
оны өсіру, баптау, сұрыптаудың өзіндік дәстүрі, 
мол  тәжірибесі  ерекше  сөз  айшықтарының 
қалыптасуына негіз болған.
«Кең  байтақ  жерді  алып  жатқан  еліміздің 
табиғаты  жылдың  әр  мезгілінде  жергілікті 
тұрғындарын  көшіп  қонуға  мәжбүр  еткен. 
Сондықтан да олардың басты шаруашылығы 
–  мал  шаруашылығы  болған.  Суы  мол  өзен-
дерден қолға суаруға болатын жерлерде ғана 
егіншілікпен айналысатын елді мекендер бол-
ған. Мал – көшпелі халықтың басты күн көрісі 
болғандықтан, қазақтар үнемі өздерінің малға 
тәуелділігін  сезініп  отырған.  Соның  ішінде 
жылқы малының көшпелілер тұрмысында алар 
орны ерекше. Сол себепті де сөздік қорымызда 
жылқыға  қатысты  ФТ-тер  мол  кездеседі»  [5, 
42],  -  дейді  Ж.Байтелиева.  Ал  Т.Өмірзақов 
«Ана  тіліміздің  ғасырлар  бойы  толассыз 
толығып, ұрпағына асыл мұра болып ауысып 
келе  жатқан  ұшан-теңіз  сөз  байлығының  бір 
ұшығы біздің халқымыздың ата кәсібімен са-
бақтасып  жатады.  Ғасырлар  талқысына  өтіп, 
илеуі  қанған  бояуы  қанық  ең  көне  сөздер 
негізінен малға қатысты туындап, тіліміздің ең 
сүбелі,  құнарлы  қабаты  ретінде  қалыптасты. 
Ол  дәлелдеуді  қажет  етпейтін  шындық.  Қай 
хaлықтың  да  сөздік  қоры  өз  шарушылығына 
біршама тәуелді болатыны айқын. Кез келген 
этностың  тілдік  бірлік  арқылы  өзіне  тән 
танымдық  ой-пікірі  қалыптасқан.  Мысалы, 
Сібір  халықтарында  бір  ғана  қардың  80-нен 
астам,  бұғыға  қатысты  1000-нан  астам  сөз 
болса,  араб  елінде  түйеге  байланысты  1000-
нaн  астам  атау  қалыптасқан»  [6,  155],  -  деп, 
тұжырым жасайды.
Қазақ халқы жылқыларды таңбалайды, мал-
ды таңбалаудың тарихы тым ертеде. Қазақтың 
ата-бабaлары  Ғұн,  Түркілер  дәуірінен  таңба 
салу тарихы дамыған. Олар ең әуелі тау-тасқа 
тайпалар  таңбасын  қашап  салса,  кейін  келе 
оны  малдарына  салған.  Әр  ру  өз  таңбасын 
салады. Ертеде басқа рудың малына араласып 
кетсе  –  ажыратуға,  жоғалса  –  табуға  жеңіл 
болу  үшін  әр  ру  өз  руының  белгісін  жылқы 
малына күйдіріп таңбалайтын болған. Осыған 
орай, Б.Кәмалашұлы: «Қазақ халқының малға 
салатын таңбалары әр руда әр түрлі. Олар: нәлі,­
аша,­тұмар,­балдақ,­қос­көсеу,­ашамай,­арқар­
мүйіз,­тұтқа,­қайсы,­көсеу,­ай,­күл,­шаңырақ,­
қамшы,­ тұяқ,­ құрман­ таңба,­ арқар­ мүйіз,­
молқы­таңба,­үзеңгі,­тұтқыш,­дегіре,­садақ,­
айсадақ,­ күнсадақ,­ от,­ таға,­ арғын­ таңба 
т.б.  таңбалар  жататынын,  малдың  таңбасын 
арнайы  таңба  басатын  темірлерді  шоққа 
қыздырып,  малдың  беті,  саны,  қолы  сияқты 
т.б. жерлеріне басады» [7, 614], - дейді.
Қазақтар  жылқының  санына,  жағына,  қо-

77
ҰЛТТЫҚ ДҮНИЕТАНЫМ
лы  на, сауырына таңба басатын болған. Қазақ-
тар жылқы малын қастерлейтіндіктен жүйрік 
аттарына көп таңба баспайды. Кейде жылқыны 
тай  кезінен  таңбалайды.  Тайдың  жүні,  түгі 
қыс қа таңба айқын түседі. Содан қазақта «тай-
ға  таңба  басқандай»  деген  тұрақты  тіркес 
қал  ған  [8,  640].  Екінші­ бір­ тақтада­ жыл­
сайын­мемлекетке­өткізілетін­ет,­сүт,­жүн,­
жұмыртқа,­ астық­ мөлшері­ көрсетіліпті.­
Бәрі­де­тайға­таңба­басқандай,­сайрап­тұр­
(«Сәйгүліктер»,­230­б).­Тайға­таңба­басқандай 
өте анық, белгілі деген мағынаны білдіреді.
Қазақтың  әр  шаңырағынан  табылатын, 
батырдың қаруы, әрі атты басқару құралының 
бірі  –  қамшы.  Бұл  бүкіл  түркі  халықтарына 
ортақ  сөз.  Ә.Нұрмағамбетов  қамшы  сөзі 
атау  болудан  бұрын  етістік  қызметін 
атқарғандығын  айтады.  Мұны  чуваш,  тува 
сияқты тілдердің дерегімен дәлелдейді. Чуваш 
тілінде  «хамсар»  біздегі  «сермеу»,  «кезену» 
мағыналарын  берсе,  тува  тілінде  «ұру,  соғу» 
– «кымчылар» делінеді екен. Яғни қамшы сөзі 
бірте-бірте өзінің алғашқы «сермеу», «кезену» 
мағыналарынан  айырылып,  біздің  тілімізде 
атау  болып  қалыптасқанын  айтады  [8,  58]. 
Ал Н.Уәлиевтің зерттеу мақаласында қамшы­
сөзіне  мынадай  жан-жақты  түсінік  беріледі: 
«Сырт  қарағанда,  қамшы  сөзі  түбір  мен 
қосымшадан тұратындығы байқала бермейді. 
Шындығында, бұл сөздің түбірі қам, ал -шы 
малшы,  егінші  тәрізді  сөздерде  кездесетін 
қосымша. Әрине қазіргі қазақ тілінде қам түбірі 
жеке  қолданылмайды.  Ал  орта  ғасыр  түркі 
тілдерінде, сондай-ақ, қазіргі туыстас тілдердің 
кейбірінде (тува, тофалар, алтай, сары ұйғыр, 
хакас  т.б.)  қам  «бақсы»  дегенді  білдіреді. 
Қарайым  тілінде  де  қамшы  сөзі  «шаман» 
мағынасында  жұмсалады.  Бұл  салыстырудан 
басқа  мағынасын  білдіретін  сөздің  бірде 
қам,  бірде  қамшы  түрінде  айтылатындығын 
байқаймыз.  Қазақтарда  қамшы  сөзі  әуел 
баста «бақсы, шаман» мағынасында жұмсала 
келе, екінші бір заттың атауына көшкен. Бұл, 
әрине  кездейсоқ  емес.  Оған  себеп  байырғы 
кезде  қамдар  немесе  қамшылар  (қазіргіше, 
бақсылар)  қолдарына  көбіне  шыбыртқы 
алып  ойнайтын  болған.  Оны  қамның  немесе 
қамшының  шыбыртқысы  деп  атаған.  Бірте-
бірте қамшы сөзі әрі «бақсы», әрі «шыбыртқы» 
мағынасында қолданыла басталып, уақыт өте 
келе кейбір түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ 
тілінде,  қамшының  бастапқы  мағынасының 
ұмыт  бола  бастауын  парсы  тілінен  енген 
бақсы  сөзі  жеделдете  түскендігін»  айтады 
[9,  23].  Ал  Г.Смағұлова:  «Қамшы  –  ұлттық 
мәдени  лексика,  құралдың  атауы.  Ұлттық 
мәдени сөздерге жататын себебі қазақтардың 
бұрынғы тұрмыс-тіршілігінде қамшының ор-
ны  мен  рөлі  ерекше.  Оның  қайыс  таспадан 
өрілген  түрлері,  жасалу  жолдары,  сабының 
сапасы  сияқты  өзгешеліктері  тек  қазақ 
мәдениетіне ғана қатысты. Құрал ретінде атты 
қамшылау  үшін  пайдаланады.  Демек,  малды 
әрдайым қозғалуға, тез жүруге итермелейтін, 
түртетін нәрсе, зат атауы – қамшы. Ал қимыл-
дың  аты  –  қамшы­ салу,­ қамшы­ болу.  Келе-
келе  затты  немесе  құбылысты  танудың  қо-
ры тын дысы  салыстырмалы  түрде  ұқсас 
құбылыстың  атауына  көшкен.  Қазақ  тілінде 
қамшы­ салдырмау:­ қамшы  тигізбей  жүріп 
отыру  дегенді  білдіреді»  [2,  33]  -  дейді.  Бұл­
кезде­ Ақжан­ сөз­ төркінін­ әдейі­ өзгертіп,­
Көмековтен­ совхоздың­ бүгінгі­ жай-күйін­
сұрастыра­ бастаған.­ Обалы­ кәнеки,­
директор­ шаруашылық­ жөніне­ келгенде­
қамшы­ салдырар­ емес­ («Атамекен»,­ 200­
б).­ Әлде­ Құмардың­ сөзі­ қамшы­ болды­ ма,­
ол­ ойымның­ қате­ екендігіне­ көзім­ енді­ ғана­
жете­бастағандай­(«Атамекен»,­231­б).
Төрт  түлік  атаулары  –  қой,  жылқы,  сиыр, 
түйенің ішінде ең жиі қолданылатыны – қой 
малы. Қой малы ірі қарадай емес, көптігімен, 
жұмсайтын қажеттілігіне байланысты бағалан-
ған. Қайда айдаса жүре беретін жуастығы мен 
момындығы  адамның  іс-әрекеті  мен  мінез 
құлқын  сипаттауға  негіз  болған.  Мысалы, 
жуастығы­қойдай,­қойдан­қоңыр,­қой­мінез,­
қой­аузынан­шөп­алмас,­қой­үстінде­бозторғай­
жұмыртқалаған­ кез­ сияқты  бейнеліліктің 
иесі.  –­ Енді­ қайтесің,­ қой­ аузынан­ шөп­
алмас­ кешегі­ көшпенділер­ ғой,­ -­ деді­ Ақжан­
сәл­ ойланып.­ ­ («Атамекен»,­ 168­ б).­ Жаңа­
өкіметтің­қойдан­қоңыр­мінезі­осы­бітімшіл­
көңілге­ сай­ келе­ кетті...­ («Соңғы­ көш»).­

78
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Қойдан жуас мал болмайды. Қой­аузынан­шөп­
алмас,­қойдан­қоңыр­тіркесі адам мінезіндегі 
жайлылықты,  төзімділікті  «қой»  жануарына 
ұқсату нәтижесінде туған. 
Міне,­ ауыл­ дегеніңді­ қазір­ танымайсың,­
Естайжан.­ Коммуна­ құрылып,­ ақ­ түйенің­
қар­ны­ жарылып­ жатқан­ кезде­ жақсы­ кел-
дің...­ («Соңғы­ көш»).­ Тілдегі  молшылыққа 
ке не лу  мағынасын  білдіретін  «ақ­ түйенің­
қарны­ жарылу»  деген  тұрақты  тіркесінің 
қалыптасуы халықтың мал шаруашылығымен 
байланысты туындағыны мәлім. Бұл тіркестен 
ерте кездегі дәстүр байқалады: қанды жорық-
тан  ең  жақын  туысы  аман  оралса,  не  әйелі 
көптен  күткен  ұл  тапса,  өрісте  жүрген  ақ 
түйенің  қарнына  пышақ  тығып  алып  оны 
құрбандыққа шалатын дәстүр болыпты. Сонда 
даланы басына көтеріп боздаған түйенің дауы-
сын ел естігенде, қуанышты жаңалықтың бол-
ға нын біліп, бір жерге жиналады екен. Жалпы 
ақ боз түйенің қазақ танымында алатын орны 
туралы  тарихшы  Б.Кәмалашұлы  былай  деп 
жазады:  «Түйені  қазақ  халқы  киелі,  қасиетті 
мал  деп  қастерлеп,  «ұлық  мал»  деп  көреді. 
Оны қазақтар пайғамбар, әулиелер, әмбиелер 
мінген, әр түрлі қызметтерді атқарған, «тарих-
тың жүгін арқалаған» деп біледі. Соның ішінде 
қазақ халқы ақ түйені ерекше қастерлейді. Ақ 
түсін  пәктіктің,  адалдықтың,  қасиеттіліктің, 
киеліліктің  белгісі  деп  көретін  қазақтар  ақ 
түйені  ерекше  құрметтейді.  Қазақ  халқында 
ақ­боз­түйе,­ақ­түйені­құрбандыққа­шалатын­
дәстүр бүгінге жеткен. Түйені ерекше қуаныш-
қа  шалған.  Ол  алдымен  ақ  түйенің  қарнын 
жарып жібереді» [7, 626-627]. Содан қазақта: 
«ақ  түйенің  қарны  жарылған  күн»  деген 
тіркестің бүгінгі күнге жеткенін айтады.
Бұдан  шығатын  қорытынды  халықтың 
өткен өмірін, тіршілігін сипаттайтын тұрақты 
тіркестер  оның  мәдени  өмірінен  де  хабар 
беріп,  әр  ұлттың  өзіне  ғана  тән  ерекшелігі 
бар  екенін  көрсетеді.  Өзін  қоршаған  ортаны 
әр  ұлт  өзінше  қабылдайды  және  ол  оның 
тілінде  және  мәдениетінде  көрініс  табады. 
Мәдениет  дүниетанымға  негізделеді,  ал  тіл 
–  ең  басты  көрсеткіш.  Демек,  тіл  –  ұлттық 
дүниетанымның айнасы.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Марғұлан Ә. Ежелгі жыр, аңыздар. – Алматы: Жазушы, 1985. – 368 б.
2.  Смағұлова  Г.  Қазақ  фразеологиясы  лингвистикалық  парадигмаларда:  монография.  – 
Алматы: Арыс, 2010. – 280 б.
3.  Кемелханұлы М. Түлік атаулары – тарихтың айғақтары. (Ойсыл қара, Қамбар ата, Зеңгі 
баба, Шопан ата) // Білім. №4 (22). 2005. 34-40-бб.
4.  Авакова Р.А. Фразеологиялық семантика.–Алматы: Қазақ университеті. 2002. – 152 б.
5.  Байтелиева  Ж.  Қазақ  тіліндегі  жылқы  малына  қатысты  фразеологиялық  тіркестердің 
этномәдени уәждемесі.Филол. ғылым. канд. дисс. -Алматы, 2007. - 120 б.
6.  Өмірзақов Т. Мал түгіне байланысты қалыптасқан этнографизмдер // Қазақ тілі тарихи 
лексикологиясының мәселелері. – Алматы: Ғылым, 1988. – 200 б. 
7.  Кәмалашұлы Б. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Ұлаанбатыр, 2013.-988 б.
8.  Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат.– Алматы: Жалын, 1990. – 128 б.
9.  Уәли Н. Қамшы сөзі қайдан шыққан? // Қазақстан әйелдері. 1985, №7.–23-б.

79
ҰЛТТЫҚ ТІЛ
МРНТИ 14.07.09
ШЕШЕНДІК СӨЗ ТҮРЛЕРІН МОТИВАЦИЯ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУ
А.Б. Төлепбергенова
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты
Бұл  мақалада  шешендік  сөз  түрлерінің  тарихы,  шешендік  сөз  түрлерін  оқушыларға 
мотивация арқылы қалай оқыту керектігі көрсетілді. Еліміздің жарқын болашағы жастарға 
шешендік өнердің тәрбиелік маңыздылығын түсіндіру. Шешендік сөздер мән-мағынасының 
тереңдігімен ғана емес, тақырыбының кеңдігімен де ерекшеленетіндігінде. Шешендік сөз 
түрлерін оқыту арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тірек сөздер: шешендік сөздер, мотивация, ынталандыру, мақсат, пікір-талас.
В этой статье рассматривается история ораторской речи и способы обучения ораторской 
речи через мотивацию. Объяснение воспитательной важности ораторской речи будущему 
поколению нашей страны. Ораторская речь отличается не только глубиной смысла, но и 
широким спектром тем. Формирование речевой культуры учеников путем обучения видов 
ораторской речи. 

жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет