№1 (37) 2017 2 бас редактор


V Әңгімені «Блумның сұрақ қою өлшем-



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет8/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

V Әңгімені «Блумның сұрақ қою өлшем-
дері» әдісі бойынша мазмұнына талдау жасата 
отырып,  проблемалық  сұрақтар  туындату, 
ой  бөлісу,  пікір  алмасу,  шығармашылыққа 
жетелеу әңгімеге сыни баға беру.
БІЛІМ.  Әңгімені  неліктен  «Қылау»  деп 
атаған?
ТҮСІНІК. Өмір мен өлім туралы Сатайдың 
ойлануына не түрткі болды, оны ненің белгісі 
деп түсінуге болады?
ҚОЛДАНУ.  Сатайдың  сезімталдығы  мен 
қайырымдылығын  қандай  әрекеттерінен 
байқауға болады?
АНАЛИЗ.  Сатай  Рабиғаға  деген  алғашқы 
балаң сезімін қалай білдіреді?
СИНТЕЗ. Сатайдың Рабиғаны қайта іздеп 
баруына не себеп болды деп ойлайсыңдар?
СЫНИ  БАҒА.  Әңгімені  «Автор  ізімен» 
стратегиясы бойынша жалғастыру, аяқтау.
VІ Сабақты қорыту: «Дыбыстар сөйлейді» 
әдісі бойынша Сатайға мінездеме беру:
С- сыпайы, сезімтал.
А-  ақылды,  адамгершілігі  мол,  арам  ойы 
жоқ.
Т- тәрбиелі, тәртіпті.
А- ақкөңіл, арлы.
Й- инабатты.
О- ойлы, оқымысты.
Қ- қабілетті, қайырымды.
У- уайымшыл.
Ш- шыншыл.
Ы- ынталы.
VІІІҮй тапсырмасын беру.
Бағалау.  Сабақта  белсенділік  танытқан 
оқушылар бағаланады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Мұратбеков  С.  Шығармаларының  екі  томдығы.  Т.  2:  Повестер  мен  әңгімелер  /  С. 
Мұратбеков. - Алматы: Жазушы, 1986.- 406 б.
2.  Мұратбеков С. Басында Үшқараның / С. Мұратбеков. - Алматы: Қазақстан, 2010. - 479 
б. - (Замандастан мирас).
3.  Мұратбеков С. Екі томдық таңдамалы шығармалар. Т. 1: Повестер / С. Мұратбеков; С. 
Мұратбеков. - Алматы: Қазығұрт, 2003. - 399 б.
4.  Дәдебаев  Ж.  Жусан  иісті  дара  талант:  (жазушы  С.Мұратбековтың  шығармашылығы 
жайлы) // Қазақ әдебиеті. - 2006. - 4 - 10 тамыз (№ 31). - 6 б.
5.  Жұпарғалиева А. Сайын Мұратбековтың адам образын жасаудағы шеберлігі // Қазақ тілі 
мен әдебиеті. - 2006. - № 6. - 73 - 76 б.

65
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
МРНТИ 14.07.05 
ЖАНАТ АҚМАДИДЫҢ «ЕСЕНГЕЛДІ БИ» РОМАНЫНЫҢ БҮГІНГІ ЖАСТАРҒА 
БЕРЕР ТӘРБИЕЛІК ТҰЖЫРЫМДАРЫ МЕН КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дүйсенәлі Әлімақын
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистранты
Бұл мақалада «Есенгелді би» романында бұрын зерттелмеген мәселелер жаңаша зерделеніп, 
қазақ  тарихындағы  көрнекті  тұлғалардың  әдеби  бейнеленуі  талданды.  Әрі  тарихи  кезеңдер 
деректерінің  көркем  шындықпен  бейнеленуі  қарастырылды.  Аталмыш  романның  бүгінгі 
жастарға тарихи оқиғалардан хабар бере отырып, тәрбиелік мәні мен маңызы туралы ғылыми 
тұжырымдамалар жасалған.
Түйін сөз: Есенгелді би, хан кеңесі, тарихи роман, қазақ билері.
В данной статье анализируется литературное описание известных казахских исторических 
личностей в романе «Есенгелди бий», так же рассматривается слияние исторических данных 
с  художественной  реальностью.  Предлагается  научная  концепция  о  значимости  романа  в 
воспитании современной молодежи, опираясь на исторические факты.
Ключевые слова: Есенгелди бий, Совет хана, исторический роман, казахские бии.
This paper analyzes the literary description of known Kazakh historical figures in the novel «Esengeldі 
bi», is regarded as a merger of historical data from an artistic reality. It proposed the scientific concept 
of the novel’s importance in the education of today’s youth, based on historical facts.
Keywords: Esengeldі biy, Council Khan, a historical novel, Kazakh bies.
Тарихи дәуіріміздегі ұлы тұлғаларымызбен 
қымбатты  деректерімізді  ұғындыруға  ұлы 
әдебиетіміздегі  өзекті  жанрдың  бірі  болған 
тарихи  роман  жанрының  қымбаты  бөлек 
бол ғаны  шындық.  Тарихи  роман  арқылы 
қаламгерлер кешегі дәуір тынысы мен тарих 
керуенінен  сыр  шертіп,  асыл  деректерді 
алдымызға  жайып  салды.  Тарихи  романдар 
арқылы  халық  өзінің  кешегі  күнінің  келбеті 
мен ата-бабасының сан қилы тағдырын, олар 
өмір  кешкен  қияметті  заманның  жарқын 
бейнесін  аңғара  алды.  Әрі  бұл  тақырыпқа 
оқырмандарымыздың сұранысы да мол болды. 
Олар  тарихи  шығарманы  оқып-білу  арқылы 
баба  тарихымыздың  ғибратты  кезеңдерін 
танып-біліп,  сол  ескі  дәуірдің  қайталанбас 
шақтары мен біртуар тұлғалар есімін жадына 
сақтай алды.
Біз бұл мақаламызда қазіргі дәуірдегі тарихи 
роман  жанрының  жүгін  арқалаған  тарихи 
туындының  бірі,  көрнекті  жазушы  Жанат 
Ақмадидың «Есенгелді би» романының бүгінгі 
жастарға берер тәрбиелік тұжырымдары мен 
көркемдік ерекшеліктері туралы сөз етеміз.
Жанат  Ақмади  әдебиетке  тұңғыш  рет 
романмен  келген  жазушы.  «Дүрбелең»  ат-
ты  романымен  әдеби  ортаны  өзіне  баураған 
жазушының  өз  айтқандарынан  үзінді  кел-
ті рейік.  «Мені  әдебиет  әлемінде  ешкім 
танымайтын, 
аты-жөнімді 
жан-пенде 
білмейтін кезде «Дүрбелең» атты романымның 
қолжазбасын  оқып  шығып,  Қазақстан 
жазушылар  одағының  проза  кеңесінде 
талқылатқан қазақтың ірі жазушысы Қабдеш 
Жұмаділов  болатын.  Қабдеш  аға  маңайына 
бұл романның мәнісін айтып, проза кеңесінің 
мүшелеріне  оқытты.  Қысқасы,  алғашқы 
жолым осылай ашылды» [1, 4].
Халқаралық  «Алаш»  әдеби  сыйлығын 
еңбегінің жемісімен иеленген автор ілгерінді-
кейінді «Дүрбелең», «Шырғалаң», «Айтұмар», 
«Ақ  қылыш»  қатарлы  көлемді  романдармен 
қатар  «Жүрек  қартайса  ажал  аңду  салады» 
атты  әңгімелер  жинағын,  «Зар-зарауқа» 

66
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
аталатын хикаяттар мен әңгімелер топтамасын, 
«Жарылғап би», «Қарадан туған хан Нұрабай» 
қатарлы тарихи романдарды оқырманға ұсы-
нып үлгерген қаламы жүйрік жазушы.
«Есенгелді  би»  романы  2004  жылы  «Ана 
тілі»  баспасынан  жарық  көргеннен  кейін 
оқырман  қауымның,  әдебиетшілер  мен  сын-
шы лардың  назарына  бірден  ілінді.  Алты 
алаштың  басын  қосқан  хан  Абылайдың 
сенімді батырларының бірі болған, өткір сөзді, 
орақ тілді шешен би Есенгелді Құдайназарұлы 
туралы алғаш қалам тербеп, көлемді шығарма 
жазған  Жанат  Ақмади  осы  шығармасында 
бас кейіпкер Есенгелді би образын сол дәуір 
үлгісімен  суреттеп,  ескі  тарихымыздағы 
тұлғалар бейнесін жаңғырта білді.
Романға көзқарақты сыншылар оң бағасын 
беріп, төл тарихымыздағы орны бөлек шешен-
дер мен билер, батырлар образын ел жүрегіне 
ұялатуға, жаңа ұрпақ жадына сақтауына тағы 
бір шығарма туғанына сүйініштерін айтты.
«Төле  биден  бата  алған  Қызай  руының 
шешен  биі  Есенгелдінің  қилы  тағдырын 
қы зық ты  баяндаған  Жанат  Ақмадидың 
«Есенгелді би» романы шұрайлы дүние екені 
даусыз.  Әсіресе  жазушының  тіл  кестесін 
айырықша  атап  өткен  абзал.  Көнеріп, 
жадымыздан  көмескіленіп  бара  жатқан  баба 
тіліміздің жауһары қайтадан жарқырап, көңілді 
сиқырлағандай.  Билердің  сөз  шарпысуы, 
бұрын-соңды төл әдебиетімізде хатқа түспеген 
табиғаты оқшау, озық үлгі» [2].
Бірден  көзге  оқшау  көрініп,  көкейге 
шуақ  сыйлайтыны  шығарманың  6-бетінен 
бас талатын  1726  жылғы  қой  жылының 
көктеміндегі Ордабасы хан кеңесі шақырылар 
қарсаңында  Қазақтың  белгілі  билері  Ұлы 
жүз  Төле  би,  қаз  дауысты  Қазыбек  би  және 
Кіші жүз Ақсуат пен Малайсары билердің ел 
ісі  үшін  бас  қатырған  алқалы  жиынындағы 
көкейден ақтарған сөз маржандары автордың 
тіл  шұрайлылығын  дәйектеп,  шығарманы 
қызығып оқи түсуге жетелей жөнеледі.
«Уа,  халайық,  жарандар!  мына  заман  не 
дейді?  Мына  күн  қалай  құбылар  түрі  бар?! 
Бұрынғылар  «жоғарғы  ауыл  көшсе,  ортаңғы 
ауыл  шет  болады»  деп  еді,  алдыңғы  батыр, 
алдыңғы  хандарымыз  кетіп,  бүгін,  міне,  ел 
шетінде,  жаудың  өтінде  сен  отырсың.  Еліңді 
ебелек, еріңді көбелек орнында көрмей қағын-
ған Қалмағың анау! Тақияда тамтығы қалмай, 
шылдай  тозған  жұртың  анау!  Ел  екенің  рас 
болса,  жыланға  аяқ,  мысыққа  қанат  бітірмей 
тұрып, ойласып ақыл табайық. «Селебе себе-
леп  келмейді,  селдетіп  келеді;  бәле  келсе, 
балалап  келер  анасымен  келеді»  деген  міне, 
осы.  Бақ  пен  дәулет  көшпелі  болса,  пәлекет 
пен  қырсық  та  көшпелі.  Үмітіңнен  үрейіңді 
басым  ете  жететін  пәлекет  атаулы  бағынсаң 
басып алады. Ханы қазылы болса, қарашасы 
қайырымды болса, қара жерден кеме жүргізеді» 
деуші  еді.  Хандарымызға  қараған  түріміз 
мынау  болды!  Ханы  бұлаң  болса,  елі  ылаң 
болады.  Көңіліңде  ерлігің  болмай,  басыңда 
билігің болмайды. Елің-жерің үшін жаны тәтті 
байлардың бағланы емес, жарлының жайсаңы 
болып бел бу. Сонда ғана өтейсің өз анаңның 
ақ сүтін!» [3, 6-7]. Міне, осылай деп аузынан 
маржан төккен Төле бидің образы шығармада 
тіптен  биіктеген.  Автор  бұл  арада  қазақтың 
сөз ұстары Төле бидің әр айтар сөзін теңізден 
інжу сүзгендей даналықпен әдіптегені сезіліп 
тұр. Шынында, дала данышпаны Төле би еш-
қа шан арзан сөз айтпаған да. Төле биден кем 
соқпайтын  қаз  дауысты  Қазыбек  би  кезегін 
автор шығармада былай береді:
«Ей, халқым! Басыңа қара күн туып отыр-
ға ны рас. Ашыңда азығың, тоғыңда қазығың 
болған аға би осыдан артық не десін! Ер игісі 
ел жүгін көтереді. Қай-қашанда пәле жүрдек, 
бақ қырсау. Кесапат-қырсық жақсылықтан бір 
шақырым ілгері жүреді. Сондықтан, қиын іске 
сыналған ер керек. Осы отырған талайымыздың 
сақалымызға ақ түсіп, көңілімізге дақ түскен 
шағымызда  көріп  отырғанымыз  мынау! 
Айналаңды  жау  алды,  аймағыңды  дау  алды. 
Бір жағыңда көзі шегір, өзі жебір, сақалын ыс 
басқан,  санасын  лас  басқан  кержағың  отыр! 
«Күш есіктен кірсе, әділет түңліктен шығады» 
деген  бар.  Қағынғанға  қанжар  ұстатып, 
құшағына пышағын жасырып отырған қалмақ 
сенің  жазығың  бар-жоғына  қарамайды.  Әр 
таудың  қуысында  қойын  құрттап,  айранын 
ұрттап,  шаруа  баққан  ағайын  қалмақ  қайта 

67
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
шапқан  күні  қасқыр  тиген  қоралы  қойдай 
тозатынын біле бер. Ат – мінгендікі, үй – кір-
ген  дікі,  дүние-мүлкің  –  жаудыкі  болатынын 
ойлай бер. Бейбіт күн болса ғой, кедей тамағым 
деп, бай қабағым деп, бір күнін өткізіп қартаяр 
еді.  Ал  мынадай  ер  төсектен,  жар  бесіктен 
безінген кер заманда, ел ағасы, қайтып бұғып 
жатасың?!» [4, 8-9].
Қазіргідей  соты  жоқ  заманда  ел  ішіндегі 
алуан түрлі жер дауы, жесір дауы, құн дауы, екі 
ел  арасындағы  үлкенді-кішілі  жаңжалдарды 
сол кездегі билер екі ауыз сөзбен шешім етіп, 
батыл кесім жасап отырғаны белгілі. Халқымыз 
тарихында  елдің  елдігін,  теңдігін,  береке-
бірлігін  арман  етіп,  жұртты  адамгершілікке, 
бостандыққа,  қуанышқа  бірге  жетуге  шақы-
рып,  туған  елінің  тамырлы  тарихында 
егей  орын  алған  заманындағы  үлкен  қоғам 
қайраткерлері болған, қара қылды қақ жарған 
шешен  де  көсем  билер  образы  шығарманың 
басында өте сәтті көрнектіленген.
Автордың  тіл  қолдану,  тарихи  деректерді 
орнына  қолдану  арқылы  шығарма  тудыру 
сынды  көптеген  ерекше  тұстары  осы  арадан 
байқалады.  Халқына  жаны  ашыған  арда 
билердің аузынан берілген рухты сөздер оқып 
отырған  адамды  еріксіз  сол  дәуірге  апарады. 
Төле  би  айтты  делінген  қанатты  сөздерді 
құдды Төле бидың өз аузынан естіп тұрғандай 
әсерде боласыз. Міне, жазушының дәуір мен 
дәуір арасын ой орамымен тіл шұрайлылығы 
арқылы тұтастыра алуы осыдан көрініп тұр.
Бұнымен  қоса,  шығарма  барысында 
автордың  ой-санасында  пісіп-жетілген  дәуір 
шындығы да өз орнында берілген. Бас кейіпкер 
Есенгелдімен  бірге  дәуір  тұлғалары  ретінде 
хан  Абылай,  Төле  би,  қаз  дауысты  Қазыбек, 
қара керей Қабанбай, Бөгенбай батыр, Ақсуат 
би,  Малайсары,  Наурызбай  батыр,  Хангелді, 
Керей  Жәнібек,  Шеру  Әлет  батыр  қатарлы 
ұлт  ардақтылары  да  жарқын  образ  ретінде 
шығармада өзіндік тиесілі орын алған.
Шығармада ханның образы, бидың образы, 
батырдың образы және қарапайым халықтың 
образы өз орнымен берілген. Тарихи оқиғалар, 
тарихи  тұлғалар,  тарихи  кезеңдерде  кісі 
сенерлік қалыпта, ешқандай дерексіз дүниелер 
көзге шалынбайды. Автор материял сұрыптап, 
тарихи  шындықты  көркем  шындыққа  айнал-
дыру  әдісін  ұтымды  пайдаланып,  деректер 
мен  аңыздарды  ұштастырып,  кейіпкерлерді 
типтендірудің  озық  үлгісін  жарата  білген. 
Тарихи кейіпкерлер мен қосымша кейіпкерлер 
арасындағы  қарым-қатынасты  дұрыс  икем-
дестіріп, оқырманды шынайылыққа жетелеуге 
құлшыныс танытқан.
Шығарманың  тағы  бір  сүйінерлік  тұсы  – 
Есенгелдінің  батырлығынан  өзге  шешендігі 
досын да, дұшпанын да қызықтырған. Ерлікке 
пара-пар  жағдайлардың  шығармада  айқын 
көрініс алуы – Жанат Ақмади шығармаларының 
ең  басты  ерекшеліктерінің  бірі.  Жүйрік 
қаламынан туындаған туындылардың барлы-
ғы дерліктей нақты деректерден тамыр тартып, 
нәр алғаны белгілі.
Шешендік  нақылдар  сайын  дала  төсінде 
ғибратты ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың 
өмір  тәжірибесінің  алтын  арқауы.  Інжу-
маржанды ғибратты сөз сөйлеу әуелгі баба ла-
рымыздың ата дәстүріне айналған. Сол арқылы 
халқымыздың  ой  иірімін,  теңіздей  терең 
даналығын, ақыл-ой дариясының қаншалықты 
тереңде  жатқанын  аңғара  аламыз.  Нақыл 
сөздерді  шығармасында  көбірек  пайдалану 
Жанат  Ақмадидың  жазу  өнерінің  даралығын 
сипаттап  қана  қоймай,  ол  кісінің  халықтық 
тіл байлығынан терең сусындағанынан дерек 
береді.  Шығармада  автор  дәуір,  уақыт,  тұлға 
негіздеріне  қарай  көптеген  нақыл  сөздерді 
орынды қолдана алған. Сөзімізге дәлел ретінде 
мысал келтіріп көрейік: «қойнына кірген киікті 
қарақшы да атпас болар», «қайық ұрлағанды 
қырдан  іздеген»,  «қолмен  істелген  іс  тілмен 
шешілмейді»,  «қатты  тістен  жұмсақ  тіл  ұзақ 
жасайды»,  «ұнамайтын  келіннің  ұлдары  да 
сүйкімсіз», «ақырын сөйлегеннің амалы көп», 
«есуас  елші  екі  елді  араздастырады»,  «тәуір 
болған сырқат тәуібін ұмытады» деген секілді 
шынайы  өмірден  алынған  сөз  маржандары 
шығармаға көрік беріп, көркемдік ерекшелігін 
биіктете  түседі.  Бұл  шығарманы  оқыған 
оқырман  қазақ  тілінің  терең  мұхитына 
сүңгігендей күй кешеді.
Сонымен,  Жанат  Ақмади  қаламынан 

68
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ту ын даған  батырлық  пен  ерліктің  алтын 
шежіресі  «Есенгелді  би»  романына  жасаған 
талдауымызды қорытар болсақ, бұл шығарма 
негізінен  тарихи  деректермен  жасақталған. 
Ал  сол  деректер  арқылы  жазушы  осындай 
сүбелі туындыны сәтті жазып шығып, ежелгі 
бабаларымыз  кешкен  тауқыметті  тағдырмен 
алуан  түрлі  мәліметтерді  алдымызға  жайып 
салады.  Жазушының  мұндағы  мақсаты  – 
кейінгілер  ежелгі  ата-бабаларымыздың  өмір 
сүрген  дәуірін,  жауға,  дауға  түскен  ерен 
қайсарлықтарын жадында сақтаса екен деген 
шынайы тілек, риясыз арман. «Есенгелді би» 
романы  қазақ  прозасындағы  қазіргі  таңдағы 
тарихи романдар қатарынан ойып орын алған, 
осы  жанрдың  өркендеуіне  өзіндік  үлесін 
қосқан  шығарма.  Шығарманың  мазмұндық, 
көркемдік  деңгейі  бұрын  жазылған  тарихи 
романдардың ешқайсынан да кем түспейді.
Романның  жетістігі  –  бас  кейіпкер  Есен-
гелді образын сомдай алғандығында. Есенгел-
ді нің  бір  рудың  ғана  батыры,  шешені  емес, 
күллі  Алаштың  айбынды  батыры  екенін 
оқыр ман  санасына  жеткізу  арқылы,  «ақ 
білектің  күшімен,  ақ  найзаның  ұшымен» 
елін, жерін қорғаған ұлы бабалар рухын көңіл 
көкжиегімізде  сақтап,  қан  мен  тер  арқылы 
қолға  келген  бабалар  аманатын  орындауға 
насихаттау болмақ. Қорыта айтқанда, аталмыш 
романның  тарихи  оқиғалардан  хабар  бере 
отырып,  бүгінгі  жастарға  берерлік  тәрбиелік 
мәні мен маңызы мол екендігін анықтадық.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. «Уақыт ырғағы » Ж. Ақмади, Алматы, Тамыр баспасы, 2008жыл,191бет.
2. «Әдебиет айдыны » Т. Сәукетай, 14 маусым, 2007 жыл. 
3. «Есенгелді би» Ж. Ақмади, Алматы, Ана тілі баспасы, 2004жыл, 379 бет.
«Елдіктің­өзегі­–­білік,­
кілті­–­тіл,­
қадір-қасиеті­–­кісілік»
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Жүсіп­Баласағұн.­

69
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
МРНТИ 14.01.07
ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫНА ТӘН ЭТНОМЕНТАЛЬДЫ МӘТІНДЕРДІҢ 
ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Э.А. Парманова
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамндығының 2-курс магистранты
Ғылыми жетекшісі: Н. Ильясова
Бұл мақалада қазақтың ұлттық болмысындағы этноментальды мәтіндердің қолданылу аясы 
және қазақ халқына ғана тән сөйлеу мәдениеті, тарихы, дағдысы, ерекшеліктері талқыланады. 
Сонымен қатар, қазақ болмысына кірігіп кеткен этноментальды мәтіндерді оқытылу аясы мен 
тәрбиелік мәні де қарастырылған. Этноментальды мәтіндердің ең алдымен, қазақ халқына ғана 
тән сөйлеу мәдениеті, тарихы, дағдысы, ерекшеліктері зерттелген. Қазақтың ұлттық болмысына 
тән мәтіндердің этнотанымдық сипатын қарастырғанда сонау көне түркілерден бастау алатыны 
туралы ой қозғалады.
Тірек сөздер: ұлттық болмыс, этноментальді мәтіндер, тілтаным, ұлттық, этнолингвистика, 
психологиялық ерекшеліктер.
В  этой  статье  изучается  использование  этноментального  текста  в  национальной  среде 
казахского бытия, кроме того рассматривается свойственная манера общения, история, обычаи 
казахского народа. Так же рассмотрено изучение этноментальных текстов, как основа казахского 
бытия.  Изучение  культуры  и  истории  речи,  которые  берут  свое  начало  у  древних  тюрков, 
определяет актуальность данной статьи.
Ключевые слова: национальное бытие, этноментальные тексты, языкознание, национальный, 
этнолингвистика, психологические особенности.
In this article, we study the use of ethnomental text in Kazakh national environment being further 
considered peculiar manner of communication, history, customs of the Kazakh people. The same study 
examined ethnomental texts as the basis of the Kazakh life. The study of the culture and history of 
speech, which has its origins in ancient Turks, determines the relevance of this article.
Keywords: national existence, ethnomental texts, language, national, ethnolinguistics, psychological 
characteristics.
Этноментальды  мәтіндер  өзінің  этностық 
мәнмәтінінде  ұлттың  тұтас  тарихи  ғұмырын 
даралайтын,  болмыстық  мәнін  айқындайтын 
үлкен фактор саналады. Сондықтан кез келген 
ұлттың  әдебиетін,  фольклорын,  мәдениетін 
зерттеген  кезде  этнотанымдық  аспектіге  де 
кеңінен  үңіле  түскен  жөн  деп  есептейміз. 
Этноментальды  мәтіндерді  зерттей,  зерделей 
келе,  біз,  ең  алдымен,  қазақ  халқына  ғана 
тән  сөйлеу  мәдениеті,  тарихы,  дағдысы, 
ерекшеліктеріне  аса  мән  бердік.  Бұл  тұста, 
осы  тақырыптарды  қазақ  тіл  білімінде  де, 
әдебиет  теориясында  да  зерттеп,  жіліктеп 
берген  бірқатар  ғалымдардың  еңбектеріне 
сүйендік.  Мәселен,  сөз  мәдениетінің  пән 
ретінде  қалыптасуына  түрткі,  басқаша 
айтсақ  алғышарты  болған  қазақ  тілі 
бойынша  жазылған  алғашқы  оқулықтар 
мен  оқу  құралдарында  грамматикалық, 
орфографиялық,  орфоэпиялық  нормалардың 
бірізді ережелерінің жасалуы, жолға қойылуы 
әдеби тілдің кодификацияланған нормаларын 
қалыптастыруда  үлкен  маңызға  ие  болды. 
Алғашқы оқулықтар, қазақ тіл білімінің негізін 
қалаған 
қайраткерлер 
А.Байтұрсынұлы, 
Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аман-

70
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жолов және т.б. тиесілі екенін жақсы білеміз. 
Сонымен,  біз  атап  өткен  халықтық,  ұлттық 
қалыптасқан сөз мәдениеті қазақ әдеби тілінің, 
сондай-ақ  жалпы  қазақ  тілінің  тарихымен 
бітісіп, байланысып жатыр.
Қазақ болмысына кірігіп кеткен мәтіндерді 
зерттеу  осы  сөз  мәдениетінің  түп-тамырын 
қопар ған ғалымдар М.Балақаев, Р.Сыздықова, 
М.Томанов,  Е.Жанпейісов  т.б.  ғалымдардың 
еңбектерінде  қолға  алынған.  Ол  еңбектерде 
әдеби  тілдің  дәстүрлі  нормалары,  ұлттық 
әдеби  тілдің  стильдік  салалары  мен 
тармақтары,  жанрлары  толығымен  зерттеліп, 
ұсынылған.  Б.Әбілқасымов  зерттеулерінде 
қазіргі  әдеби  тіл  нормалары  ескі  қазақ 
жазба  тілімен  салыстырыла  қарастырылса, 
Р.Сыздық,  Қ.Өмірәлиев,  Е.Жұбановтың  әде-
би  тіл  тарихын  ауызша  сөз  өнерімен,  әсі-
ресе  ақын,  жыраулар  поэзиясының  сөз 
үлгілерімен  байланысты  қарайтын  зерт теу-
лері  сөз  мәдениетінің  нормативті-функ ци-
о налдық  аспектісін  эмпирикалық,  тео рия-
лық  материалдармен  толықтыра  түс кен. 
Ә.Т.Қайдаров,  М.М.Копыленко,  А.Е.Карлин-
ский, 
Е.Жанпейісов, 
Э.Д.Сүлей ме нова, 
К.Ш.Хұ са йынов,  Б.Хасанов,  З.Қ.Ахмет жа но-
ва,  С.С.Құнанбаева  сынды  ғалымдардың  да 
қазақ тілтанымы мен жалпы тілтаным туралы 
жасаған зерттеу-ізденістері дәл біз қарастырып 
отырған тақырып ауқымын кеңейте түсіп отыр. 
Ал белгілі тіл білімі саласындағы Ж.Манкеева, 
С.Сатенова,  Г.Смағұловалар  болса,  лексика-
фразеологиялық, этнолингвистикалық бағытта 
ауқымды  әрі  көлемді  зерттеулер  жүргізіп, 
онда  тілдік  тұлғаны  дәстүрлі  мәдениеттің 
өкі лі,  тұтынушысы,  дамытушысы  ретінде 
тану ға, тілдік тұлғаның сөз қолданысындағы 
этномәдени компоненттерінің сипатын айқын-
дауға  жәрдемін  тигізетін  дүниелерге  тоқтала 
кеткен. Осы тұста қазақтың ұлттық болмысына 
тән  этноменталды  деп  аталатын  мәтіндердің 
мәнін аша қарасақ. 
Жалпы,  этноментальдылық  деген  сөздің 
өзі түрлі түсіндірме сөздіктерде – этноұлттық 
сипаттағы дүниетаным, ол арқылы этникалық 
немесе  ұлттық  қоғамдастық  мүшелері  өзара 
жақындығын,  ішкі  туыстығын,  ұрпақаралық 
сабақтастығын  сезіне  отырып  сақтауға  ұм-
ты латын,  өзге  ұлттардан  ерекшелендіріп 
тұратын,  психологиялық  ерекшеліктер  мен 
рухани артықшылықтар, құнды бейімделулер 
мен  жүріс-тұрыс  модельдерінің  жиынтығы 
ретінде түсіндіріледі [1]. Ол адамдар өміріне 
айрықша  сипат  пен  талғам  береді.  Осы 
тұрғыдан  алғанда,  қатынас  құралы  ретіндегі 
тіл дегі  этноментальды  мәтіндер  тұтас  этнос-
тың  өмір  сүру  дағдысын  нақтылап  беретін 
көр сеткіштер.  Ғалым  Қ.Әбжанов  өзінің 
«Ұлт тық  және  ортақ  түркі  тарихын  зерттеу 
методологиясы»  атты  еңбегінде  қатынас 
құралы  –  тіл  мен  георграфиялық  орналасу, 
яғ ни  жердің  ұлт  болмысын  зерделеудегі 
орнын  былайша  түсіндірген  [2]:  «Адамның 
жануарлар  әлемінен  айырмашылығы  –  сөй-
лей  алатыны.  Тіл  шыққан  сәт,  біріншіден, 
адамдар  қауымын  ең  биік  әлеуметтік  қауым-
дастық  –  адамзатқа  айналдырды,  екіншіден, 
тұңғыш  интеллектуалдық  серпіліс  еді  әрі 
бұдан  кейінгі  барша  серпілістердің  атасы, 
айталық,  «неолиттік  революциядан»  бүгінгі 
нанотехнологияға дейінгі, үшіншіден, бастап-
қыда кімнің кімге алыс-жақын тұрғанын білу-
ге  шылбыр  ұстататын  өлшем  құралы.  Тілдік 
қоры  адамдар  қауымының,  нақты  халықтың 
даму сатысын, шыққан биігін, еңбек бөлісінің 
қай саласына бейім екенін көрсетеді. Қысқасы, 
адам пайда болумен басталған тарихымыздың 
сахнасы  –  жер.  Адам  –  жер  басып  жүргенде 
ғана  адам.  Ғарышты  игеру,  теңіздің  табанын 
ақтару, шахталарда кен қазу – бәрі жер бетін-
дегі  тіршілік  қамы.  Ал  адамның  адамдық 
белгісі  мен  жасампаздық  қарымының  коды 
–  тіл.  Аумақтық  бірлік  пен  тілдік  біртектілік 
негізінде  түркі  этносы,  мемлекеті,  барша 
әлемі  қалыптасты».  Оның  ойынша,  мұның 
басты  себебі  «бүгінге  жеткен-жетпеген  түркі 
халықтарының  сақталған  я  сақталмаған  тіл-
дерінде,  сөздік  қорында  ортақ  тарихының 
қалың  қыртысты  ақпараты,  ішіне  бүккен 
құпия сы,  баршаны  тамсандырған  байлығы 
жатыр.  Автордың  пайымдауынша,  тарихи 
география  мен  ономастика,  тіпті  ғылым 
атаулының  бәрі  халықтың,  жердің,  тілдің 
байланысын анықтауға үлес қоса алады.

71
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
«Ең бастысы – тілдік және аумақтық біре-
гейлік  пен  біртектілікті  ғылыми  тиянақтау, 
методологиялық басшылыққа алу түркі халық-
тарының этногенезін дұрыс ашуға, қоршаған 
ортаны  игеруде,  төл  тарихымызды  түзуде 
басқаның емес, өз қандастарымыздың сүбелі 
үлесін  әділінен  баяндауға  асыл  арна  салады. 
Әлем  таныған  О.Сүлейменовтың  сөзімен 
айт сақ,  «егер  біз  сөзді  оқуды  үйренсек,  жер, 
өзен,  тау,  арал  аттарынан  тілдердің  материк 
және мұхит бойынша қозғалу бағдарын анық-
тауға  болады.  Сондықтан  этимологияның 
рөлі  артады»,  -  дейді  ол.  Автордың  осы  ай-
тыл ған  ойларымен  толықтай  келісе  келе, 
этнотанымдық  бірліктердің  шын  мәнінде  өз 
ішіне тарихи, әдеби, географиялық, этностық 
ерекшеліктерді  қамтитын  үлкен  айрықша 
кешен  екенін  атап  өткен  жөн  деп  санап 
отырмыз. Автор мақаласында үзінді келтірген 
О.Сүлейменовтің: «Ауызекі сөз өзінің мазмұны 
және  құрылымында  жарықшақтар  мен 
асыл  бұйымдардың  мұражайлық  жинағына 
қарағанда,  көбірек  тарихи  шындықты  сақ-
тайды»  [3],  -  деген  сөздері  де  бұл  сөздердің 
шындыққа жанасатындығынан хабар береді.
Қазақтың  ұлттық  болмысына  тән  мәтін-
дердің этнотанымдық сипатын қарас тырғанда 
сонау  көне  түркілерден  бастау  алатын, 
осы  күнге  дейін  тастағы  жазбалар  арқылы 
жеткен  тайпалық  поэзиядан  сыр  шертпеске 
болмас. Күлтегін-Тоныкөк деп аталатын жыр-
дастандар  толығымен  қазақ  халқының  тұтас 
ұлт ретіндегі айрықшалығын, қазақтың сонау 
түбін, тамырын қопсыта, қопаруға мүмкіндік 
беретін ерекше мәтіндер деуге болады. Бірнеше 
дастандардан  тұратын  бұл  құндылықтың 
этноменталды  мәтін  ретіндегі  рөлінің  мәні 
оның  терең  халықтық  философия,  қазақ 
халқының  болмысына  сіңген,  жаугершілік 
кездегі батырлық, ірілік, даналық секілді үлкен 
қасиеттердің  негізін  тереңінен  көрсете,  осы 
күнге  дейін  жеткізе  білген.  Бұл  мәтіндердің 
құндылығы сонда: онда бүкіл түркілерге тән 
ортақ  діни  сенім-нанымдар,  әдет-ғұрыптар, 
ортақ әрекеттік нюанстар жинақталып, тұтас 
сол кезеңге тән этностық болмысты бүтіндей 
қалап  шығады.  Күлтегін  жырындағы  басты 
кейіпкер  Күлтегін  батырдың  інісін  жоқтап 
жылауы [4]:
«Көрер көзім көрместей болды, білгір ақы-
лым білместей болды.
Жылай-жылай  жұртымның  қасы-көзі  әз 
болар деп қайғырдым», - деген жазба ескерт-
кіш  мәтінінен  қазаққа  тән  жоқтау  ғұрпының 
бір  ұшы  ғана  көрінеді.  Тек  бұл  ғана  емес, 
«Күлтегін-Тоныкөк»  жырларында  қайтыс 
бол ған  кісінің  жетісін  өткізу,  жерлеу  ғұрпы, 
батырларды  мадақтау,  елге,  жерге  деген 
ғасырлардан  қалыптасқан  махаббат  деген 
сияқты  психологиялық,  тұрмыстық,  діни 
сенім-нанымдық детальдар молынан кезігеді. 
Қазақтың ұлттық болмысына тән этноменталды 
мәтіндер  болмысын  қарастырғанда  елдің 
рухани  дүниетанымын  көрсететін,  рухы  мен 
күш-жігерін бағамдайтын тағы бір мәтін түрі – 
жырлар. Жырлардың кез келген түрінен ұлттық 
психо-физиологиялық  ерекшелікті  аңғаруға 
болады.  Лиро-эпостық  жырлар  арқылы 
халық тың  эстетикалық  талғамына  үңіліп, 
сұлулыққа жаны құштар, махаббатты ұлықтау 
сезімін, ұлттық табиғатын танысақ, батырлық 
жырлар арқылы қазақ ерлерінің өр мінезін, ірі 
тұлғасын,  жер  мен  елге  деген  сүйіспеншілік 
деңгейін,  оның  халық  тағдырындағы  рөлін, 
әдет-ғұрып,  халықтың  айналысатын  негізгі 
шаруашылығы туралы молынан ақпарат алуға 
болады. Жырлар тек қана қазаққа тән қандай 
да  бір  этнотанымдық  дүниауи  көзқарасты 
танытады.  Этноментальдылық  болса  тұтас 
ақпа раттық-мәдени  ортада  таныс  мотивтер 
мен  интонациялар,  белгілер  мен  символдар, 
тіл  мен  бейнелерді  табуға  мүмкіндік  береді. 
Міне, жырлардағы дәл осы белгілердің көрініс 
табуы  оны  жалпы  ұлтқа  ортақ,  тағдырлас, 
үзеңгілес,  ошақтас  ұлт  өкілдерінің  басын 
біріктіруде үлкен рөл атқарады. Эпикалық жыр 
категориясына  жататын  «Ер  Тарғын»  даста-
нындағы ежелгі қазақтың жауға шыққандағы 
наным-сенімінен сыр шертетін мына үзіндіні 
келтіре кетсек [5]:
«Сыйынып жүрген Тарғынның
Бітуәже бабасы.
Желігіп келген Ер Тарғын,
«Алла!» деп сонда ақырды,

72
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Аруағын айтып шақырды.
«Я, бабам!» дей берді,
Елінің қамын жей берді».
Бұл тұста қазақтың ежелден жауға шыққанда 
айтатын: «Я, Аруақ!» ұраны анық көрініп тұр. 
«Қамбар  батыр»,  «Алпамыc  батыр»,  «Қобы-
ланды батыр», «Ер Тарғын» және т.б. көптеген 
ауыз  әдебиетінің  үлгілерінде,  тіпті  қала  бере 
тарихтан белгілі Абылай мен жоңғар батыры 
Қалдан Серенмен шыққан жекпе-жегіндегі «Я, 
Абылайлап»  шыққан  Сабалақ  (Әбілмансұр) 
бейнесі қазақтың танымында, санасында ұяла-
ған діни көзқарасты айқындап тұр. Қазақтың 
бай ауыз әдебиеті үлгілері қатарында мұн дай 
этноменталды  мәтін  түрлері  өте  көп.  Солар-
дың  бірі  халық  арасында  ең  көп  тараған 
мақал-мәтелдер.  Олар  этнолингвистикалық 
сала ның ең құнарлы әрі ең бай қайнар көзінен 
саналады.  Әр  мақал-мәтелдің  бойында  этнос 
дүниетанымына,  салт-дәстүріне,  ғұрып  пен 
наным-сеніміне қатысты ұлттық код іспеттес 
ақпарат  кешені  жинақталғанын  бір  емес 
әлемнің  бірнеше  ғалымы  айтқан  болатын. 
Сондықтан  олардың  белгілі  бір  этностың 
жан-дүниесін  ашып,  болмыс-бітімін  танып-
білуге қосатын үлесі де зор болып отыр. Ұлт 
тіліндегі  мақал-мәтелдер  алуандығы  мен 
олардың санына қарай сол ұлттың танымдық 
санасының  деңгейін  анықтайды.  Бұл  тұста 
мақал-мәтелдер  халық  танымындағы  ұғым-
дармен  тікелей  байланысты  болып,  ұлттық 
менталитетті  танытатын  тілдік  көрсеткіші 
болып табылады [6].
Өз  мәні  тұрғысынан  алғанда  мақал-
мәтелдер  ауыз  әдебиетінің  кіші  жанры  деп 
саналса  да,  академик  Ә.Қайдар  бастаған  бір 
топ  ғалымдар  оны  көркем  сөз  арсеналының 
аса  бір  қуатты  да  құнарлы,  бейнелі  де 
әсерлі  тіл  құралы,  тұрақтанған  күрделі 
мағыналық  бірлік»  [7]  тұрғысынан  зерттеуге 
алып  отыр.  Себебі,  белгілі  бір  социумның 
мәдени-әлеуметтік  ерекшеліктерінің  жиын-
ты ғы  сөздердің  семантикасында  көрініс 
бере тіндіктен,  сол  тілде  сөйлейтін  адамға 
мұндай  ерекшеліктердің  мағынасы  айқын 
болып  көрінсе  де,  басқа  тілде  сөйлейтін, 
өзге  мәдениеттің  өкілі  мақал-мәтелдердегі 
берілетін  мағынаға  басқаша  қарауы,  өзгеше 
түсінуі  мүмкін.  Демек,  белгілі  бір  халыққа 
ғана тән ұлттық реалийлердің болмыс-бітімін 
түсіну,  ұғыну  үшін  де  мақал-мәтел  түріндегі 
ұлттық мәтіндердің этнолингвистикалық сипа-
тын зерттеу маңызды деуге болады. Қазақтың 
қай мақалын алсаң да оның болмысы ұлттық 
мінезге  тұнып  тұрады.  Ұлттық  тәрбие,  әдеп-
тілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет, этномәдени 
аспектілер, ел бірлігі және т.б. көптеген тақы-
рыптар осы этноменталды мәтін түрі – мақал-
мәтелдер бойына жинақталған. 
Мұндай  мәтіндердің  тағы  бір  түріне  қа-
зақ ауыз әдебиетінің аса бір құнарлы, ауқым-
ды  саласы  айтысты  айтуға  болады.  Бұл 
сала  Кеңес  үкіметі  кезеңінде  ауқымдырақ 
зерттеле бастады. Қазақтың айтысын зерттеу 
В.В.Радлов,  А.В.Васильев,  Г.Н.Потанин, 
Н.Рыч ков, А.Янушкевич, П.Н.Распопов секілді 
орыс оқымыстыларымен қолға алынған болса, 
қазақтың  төл  ғалымдары  А.Байтұрсынұлы, 
Х.Досмағамбедұлы,  С.Сейфуллин,  М.Әуезов, 
С.Мұқа нов,  Қ.Жұмалиев,  Е.Ысмайылов, 
С.Бега лин,  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  С.Қас-
қабасов,  М.Жармұхамедұлы  секілді  тұлға-
лар  оның  жанрлық  сипатын,  синкреттік 
та би ғатын,  көркемдік  ерекшеліктерін  то-
лық қанды  ашуға  тырысқан.  Бұл  тұста  про-
фессор  М.Жармұхамедұлы  осы  салаға 
қа тыс ты  жасаған  ұзақ  жылғы  зерттеу 
нәтижелерін айта кету керек. Ол өз еңбегінде 
айтыс  өнерін  бірнеше  түрге  жіктеп,  оның 
этнолингвистикалық  мәнін  ашуға  тырысқан. 
Ол айтысты бірнеше түрге бөліп, жіктеген [8]:
Салт-әдет және мысал айтыстар:
а) «Бәдік» айтысы, ә) «Жар-жар» үлгісіндегі 
айтыстар,  б)  Қыз  бен  жігіт  айтыстары,  в) 
Қайымдасу және қағысулар, г) Мысал айтыс; 
Ақындар айтысы: 
а) Дін айтысы, б) Жұмбақ айтыс, в) Жазба 
айтыс.
Айтыс  өнерінің  бұл  түрлерінің  қай-
қайсысын  алсаң  да,  өн  бойынан  қазақ  хал-
қы ның  тұрмыс-тіршілігін,  ой-санасын,  мәде-
ни еті  мен  өмір  сүру  дағдысына  қанығуға 
болады.  Себебі  бұл  сала  халықтың  тұрмыс 
салтымен, этнографиялық болмысымен тығыз 

73
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
байланысты өрбіп отырған.
Қазақ халқына тән этноменталды мәтіндер 
түрлеріне, сонымен бірге, ертегілер мен қара 
өлеңдер,  мысал  өлеңдер,  өтірік  өлеңдер, 
даналық сөздер және т.б. ұлттық сөз мәдениетін 
айқындайтын  бірліктерді  жатқызуға  болады. 
Олардың  әрқайсысы  этноментальдылық  тұр-
ғы сынан, ұлттық болмыс мәні жағынан жеке-
жеке қарастырылуға тиіс және қарастырылып 
жүр де. Мақаланың өзегі болған этномәтіндерді 
қысқаша  топтай  отырып,  олардың  ұлттық 
мәде ниетті  ұлықтаудағы,  насихаттаудағы 
рө лін,  маңызын  тани  түскендей  болдық. 
Осы лайша,  бұл  тақырыптың  өзектілігі  мен 
өміршеңдігі әлі де көптеген жас ғалымдардың 
назарын  аударуға  тұрарлық  дәрежеде  екенін 
айтқымыз келеді.

жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет