№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет7/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Тірек сөздер: отансүйгіштік, патриотизм, халық, ел, оқушы, мектеп, оқу үдерісі, тәрбие, 
алғашқы әскери дайындық.
В статье рассматривается место и роль предмета Начальная военная подгатовка в процессе 
патриотического воспитания учеников в школе. Наряду с изучением понятия патриотизм, 
обосновывает  необходимость  формирования  у  молодежи  патриотизма,  чувства  любви 
к  Родине.  Вместе  с  тем,  патриотическое  воспитание  рассматривается  как  комплексный, 
системный процесс.
Ключевые слова: любовь к Родине, патриотизм, народ, страна, ученик, учебный процесс, 
воспитание, начальная военная подготовка.
In  article  the  place  and  a  role  of  a  subject  B
asic  military  training
  in  the  course  of  patriotic 
education of pupils at school is considered. Along with studying of concept patriotism, proves 
need of formation at youth of patriotism, feeling of love for the country. At the same time, patriotic 
education is considered as complex, system process.
Keywords:  love  for  the  country,  patriotism,  people,  country,  pupil,  educational  process, 
education, initial military preparation.
ХХІ  ғасырдың  жаһандану  үдерісі  бүкіл 
әлем  халықтарын  бір-біріне  жақындатып, 
мемлекетаралық  байланыстарды  күшейтіп, 
өркениеттердің өзара ықпалын одан ары жан-
дандыра түсуде. Жер бетіндегі барлық ұлт тар 
өзара  жақындасып,  олардың  мәдениеті,  ділі, 
діні  өзгеріске  ұшырауда.  Сондықтан  жоға-
ры  технологиялы  өндіріс  кең  қанат  жайған, 
ақпарат  басты  құндылыққа  айналған  қазіргі 
заманғы  қоғамда  ұлттық  сипаттағы  тамыры 
тереңге  жайылған  құндылықтарымызды  сақ-
тай  отырып,  заман  ағымына  лайықты  өз  ана 
тілін білетін, басқа тілді құрметтейтін, тарихи 
зердесі  жоғары,  ұлттық  салт-дәстүрден  нәр 
алған,  әлемдік  ғылыми-техникалық  прогресс 
көшіне  ілесе  алатын  ұрпақты  тәрбиелеу  өте 
маңызды қажеттілікке айналып отыр.
Бүгінгі таңда еліміздің әрбір ұлтжанды аза-
матын ойландырмай қоймайтын, халқы мыздың 
болашақта  рухани  тазаруы  мен  дамуы  қалай 
болады, ұлттық тіліміз бен ділімізді, дінімізді, 
мәдениетімізді  қалай  сақтап  қаламыз,  өз 
есебімізді өзгеге бермей, өркениеттілікке қалай 
жетеміз деген сұрақтар өзекті мәселе ретінде 
күн тәртібінде тұр. Осы мәселелерді шешудің 
бір  жолы  –  ұлттығымызды,  тәуелсіздігімізді 
жан-тәнімен  қорғайтын  және  оған  жасалып 
жатқан  әр  түрлі  шетпиғылдарға  тегеурінді 
тойтарыс бере алатын ойы орнықты, сөзі сал-
мақты, парасатты азаматтарды тәрбиелеу.
Бүгінгі  таңда  ХХІ  ғасыр  табалдырығын 
еркін  аттаған  азат  ұрпаққа  тәлім-тәрбие  мен 
білім  беруді  жетілдірудің  басым  бағыттарын 
айқындап,  ұлттық  сананы  қалыптастыру 
көкейкесті  мәселелердің  бірі  болып  отыр ға-
ны  анық.  Сондықтан  келешек  ұрпақты  ұлт-
жандылық,  отансүйгіштік  тұрғыдан  тәр би е-
леу қажет. Жас ұрпаққа ұлтжандылық тәрбие 

59
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
берудің  негізгі  бағдарлы  идеялары  еліміздің 
Президенті 
Н.Ә.Назарбаевтың 
«Қа зақ-
стан -2050»  Стратегиясы  –  қалып тасқан  мем-
ле кеттің  жаңа  саяси  бағыты»  атты  халыққа 
жолдауында  көрініс  тапқан:  «Өз  бойымызда 
және  балаларымыздың  бойында  жаңа  қазақ-
стандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл 
ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген 
мақтаныш сезімін ұялатады. Бірақ бүгінде қа-
лып тасқан  мемлекеттің  жаңа  даму  кезеңінде 
бұл түсініктің өзі жеткіліксіз. Біз бұл мәселеге 
прагматикалық  тұрғыдан  қарауымыз  керек. 
Осындай  тәсіл  ғана  патриотизмді  және  оны 
тәрбиелеу  мәселесіне  прагматикалық  және 
шы найы көзқарасты оятады. 2050 жылға қарай 
біз  Қазақстанның  кез  келген  азаматы  ертеңгі 
күнге, болашаққа өте сенімді болатындай саяси 
жүйе  құруымыз  керек.  Біздің  балаларымыз 
бен немерелеріміз сырт елден гөрі Отанында 
өмір  сүргенді  артық  көретіндей,  өз  жерінде 
өзін  жақсы  сезінетіндей  болуға  тиіс.  Біздің 
еліміздің әрбір азаматы өзін өз жерінің қожасы 
ретінде сезінуге тиіс»[1]. Сондықтан жас ұр-
пақ ты  өз  халқының  тарихын,  тегін,  салт-
дәстүрін, тілін, білімін меңгерген мәдениетті, 
адами  қасиеті  мол,  шығармашыл  тұлға  етіп 
тәрбиелеу – өмір талабы, қоғам қажеттілігі.
Қазақстан  Республикасының  «Білім  тура-
лы»  Заңы  жас  ұрпаққа  жан-жақты  білім  мен 
тәрбие берудің мемлекеттік саясатының негізгі 
ұстанымдарын айқындап берді: Қазақстанның 
барлық азаматтарының білім алуға тең құқылы, 
әрбір  азаматтың  интеллектуалдық  дамуына, 
психо-физиологиялық ерекшеліктеріне қарай, 
білімнің  барлық  деңгейіне  кең  жол  ашылды. 
Әрбір  азаматтың  білім  алуға  құқылығын 
негізге ала отырып, бойына ұлттық құндылық 
қасиеттерін  қалыптастырып,  тәрбиелеуде  ди-
дак тикалық  шарттар,  яғни  оқыту,  тәрбиелеу, 
дамыту,  қалыптастыру  үдерісін  жан-жақты 
қамту қажеттілігі туындайды.
Жас ұрпаққа сапалы біліммен бірге саналы 
тәрбие беру қай кезде де өзектілігін жоғалтқан 
емес.  Қазірде  солай.  Арғы  ата-бабаларымыз 
жас  өренді  елін,  жерін  сүюге  үндеп,  ұлттық 
салт-дәстүрмен  сусындатуды  мұрат  тұтқан. 
Жаңа  ғасырлардың  белесінде  өзінің  25  жыл-
дық  тарихына  табан  тіреген  Қазақ  елінің 
патриоттардың  мекеніне  айналуы  өзгеге  үл-
гі, өзімізге медеу. Мемлекет тарапынан отан-
сүйгіштікті дамыту, сапалы білімге жол бастау 
бағытында келелі шаралар атқарылып, көлемді 
бағдарламалар  жасалып  жатқаны  сондықтан 
болар.
Ұлтжандылық,  отансүйгіштік,  патрио тизм 
сезімдері әркімнің бойында әр кезеңде оянып, 
кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, 
тәжірибемен,  уақытпен,  біліммен,  қоршаған 
ор  та  ның  ықпалымен,  балабақша,  отбасы, 
мек  теп,  жоғары  оқу  орындары,  бұқаралық 
ақпарат  құралдары,  қоғамдық  ұйымдар  мен 
қозғалыстар  әсерімен  қалыптасады.  Оларды 
қалыптастыратын  басты  орта  –  отбасы  мен 
мектеп.  Өйткені  өс ке лең  ұрпақтың  өмірінің 
басым бөлігі осы өзара тығыз байланысты екі 
ортада өтеді.
Мектеп  қабырғасында  жас  буынның  бо-
йын  да  ұлтжандылық,  отансүйгіштік,  пат-
ри   о тизм  сезімдерін  қалыптастыру,  оларды 
Отан ға,  Қазақстанға,  өз  халқына  деген  мақ-
таныш сезімі тұрғысында тәрбиелеу кешенді 
үде ріс  болып  табылады.  Жалпы  білім  бе-
ру  бағдарламасындағы  барлық  пәндер 
осы  үдерістің  дамуына  өз  үлесін  қосады. 
Патриоттық сезімнің объектісі мен қайнар көзі 
– Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, 
оның байлықтары, тарихы, халқы, оның тілі, 
салт-дәстүрі мен мәдениеті. Мектептегі білім 
беру үдерісі ауқымында осыларды жан-жақты 
қарастыратын  пәндердің  барлығы  арнайы 
тәрбиелік  жұмыстармен  ұштаса  отырып, 
оқушы  тұлғасын  ұлтжандылық  тұрғысында 
қалыптастыруға ұмтылады.
Бастауыш  сынаптардан  бастап  оқушы 
Отан, туған жер, ұлт, халық, ерлік, егемендік, 
тәуелсіздік,  патриот  ұғымдарын  жете  түсіне 
бастайды.  Өз  Отанының,  ұлтының  тарихы 
туралы  алғашқы  мәліметтер  жиынтығымен 
танысады.
Тарихты  оқып-үйрену  оқушылардың  бо  -
йын да  жалпы  адамзаттың  қалыптасуы  мен 
дамуы,  қоғам,  мемлекет,  тәуелсіздік  жо-
лындағы  күрес  және  т.б.  туралы  жүйелі  бі-
лім  қалыптастырып,  адамзат  тарихындағы 

60
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ха лық тар  мен  жеке  тұлғалардың  орны  мен 
рө лін  түсінуге  мүмкіндік  береді.  Тарихи  бі-
лім ді  игеру  ұлтжандылық,  отансүйгіштік, 
пат  риоттық  сезімдермен  бірлесе,  сабақтаса 
жүзеге асады.
Жас  буынның  өз  елінің  ұлтжанды  аза-
маты,  патриоты  болып  қалыптасуына  әде би-
еттің  де  қосар  үлесі  зор.  Өз  ұлтының,  әлем-
дік  мәдениеттің  озық  үлгілерімен  танысу 
оқушының рухани құндылықтарды өз бойына 
сіңіруіне,  әдеби  шығармалардың  жағымды 
ке йіпкерлерінің  іс-әрекеті  негізіде  тәлім-
тәртіптік  образ  қалыптастыруына,  өткен  мен 
бүгіннің  арасын  байланыстырып,  өз  Отаны, 
өз халқы туралы мақтаныш сезіміне кенелуіне 
мүмкіндік береді. 
Дегенмен,  мектепте  оқылатын  барлық 
пән   дердің  арасында  патриоттық  тәрбие  бе-
ру де Алғашқы әскери дайындық пәнінің мін-
деті  айрықша.  Алғашқы  әскери  дайындық 
пә ні  бұрынғы  Кеңес  Одағында  жастарды 
әскери  қызметке  дайындаудың  құрамдас  бө-
лігі  ретінде  барлық  жалпы  білім  беретін 
ме ке мелерде  оқытылған  болатын.  Алайда 
Кеңес  Одағы  тараған  соң,  бұл  пәнді  мектеп 
бағдарламаларынан  алып  тастау  –  жастарға 
әскери  патриоттық  тәрбие  беру,  оларды  әс-
кер  қатарында  қызмет  етуге  дайындау  ісіне 
едәуір  зиянын  тигізіп,  жалпы  білім  беру 
деңгейіне  де  әсер  етті.  Тіпті  Қазақстан  Рес-
пуб ликасының  Қарулы  Күштерінің  же-
ке  құрамының  моральдық-адамгершілік 
си   па  тында  да  көрініс  тапты.  Сондықтан 
Қазақстан  Республикасының  Үкіметінің 
1996 жылғы 1 қарашадағы №1340 «Алғашқы 
әскери дайындық туралы» қаулысы бойынша 
«Алғашқы әскери дайындық» пәні жалпы орта 
білім  беретін  мектептер  мен  бастапқы  және 
орта  кәсіптік  білім  беретін  ұйымдарда  1996-
1997 оқу жылынан бастап қайта енгізілді.
«Алғашқы  әскери  дайындық»  пәні  оқу 
бағ  дар ламасының  негізгі  мақсаты  –  саптық, 
так ти калық,  атыс,  медициналық  дайындық, 
то пография,  азаматтық  қорғаныс  бойынша 
оқушылардың  білімдерін  қалыптастыру, 
Отан сүйгіштікке,  ұлтжандылыққа  тәрбиелеу, 
алған  білімдерін  практика  жүзінде  көрсетуге 
ықпал жасау. Жас жеткіншектерді болашақта 
ҚР  Қарулы  Күштерінің  қатарында  болуға 
тәрбиелеу,  ең  алдымен,  олардың  бойында 
Қазақстанның  азаматы  деген  мақтаныш  сезі-
мін қалыптастыруды, Отан қорғау қажеттілігін 
жете  түсіндіруді,  мектеп  түлегі,  Отанның 
болашақ  қорғаушысы  қандай  болуы  керек 
деген сұраққа жауап беруді қажет етеді. Міне 
осы  міндеттерді  орындау  Алғашқы  әскери 
дайындық пәнінің ауқымында жүзеге асады.
Мектеп  ұжымы  оқушыларға  әскери-пат-
риоттық тәрбие беру үдерісінің басты мін дет-
терін  жақсы  білуі  тиіс.  Олардың  қатарында 
мыналарды атап өтуге болады:
- Балалар мен жастарды әскери-патриоттық 
және азаматтық тәрбиелеу саласындағы мем-
лекеттік саясаттың жүзеге асуына үлес қосу.
-  Өскелең  ұрпақтың  бойында  патриоттық, 
Отанға деген сүйіспеншілік сезімдерін қалып-
тастыру, оларды еліне қызмет ету, оны қолына 
қару алып қорғау рухында тәрбиелеу.
- Өз елі мен туған өлкесінің тарихын зерттеу.
- Отан қорғаушыларды мәңгі еске cақтауға 
байланысты іс-шаралар дайындау және өткізу.
- Қарулы күштердің үздік дәстүрлерімен та-
ныстыру.
- Оқушылардың денсаулығын дамыту, сала-
уатты өмір салтын қалыптастыру.
- Оқушыларды әскери қызметке дайындау.
Осындай  міндеттерді  жүзеге  асыру  мақ-
са тында  мектепте  әскери-патриоттық  тәрбие 
берудің  жылдық  жоспары  жасалады.  Жалпы 
жоспар құруға тек Алғашқы әскери дайындық 
пәнінің  мұғалімі  ғана  емес,  басқа  да  пән 
мұғалімдері, әсіресе дене шынықтыру, тарих, 
география,  сынып  жетекшілері,  мектеп  әкім-
шілігі  жұмыла  қатысып,  мектеп  ұжымы  оны 
бірлесе жүзеге асыруға тырысады.
Әскери-патриоттық тәрбие, ең алдымен, оқу 
үдерісінде  іске  асырылады.  Алғашқы  әскери 
дайындық  пәні  бойынша  өтетін  сабақтарда 
оқушылар Отан қорғауға бағытталған әскери 
қызметтің  қыр-сырымен  танысады,  өздерінің 
бойында  болашақта  Қарулы  күштердің  қата-
рында  болуға  қажетті  сапаларды  дамытады. 
Оқу  бағдарламасына  сәйкес  оқушылар  әске-
ри қызметтің нақты салалары бойынша бі лім 

61
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
алумен  қатар,  Қазақстанның  Қарулы  Күш-
терінің  тарихымен  танысып,  олардың  бейбіт 
өмірді қорғаудағы ерліктерін мақтан етеді.
Патриоттық тәрбие өз халқының салт-дәс-
түрлерін,  тарихын  білумен  қатар,  сол  елде 
тұратын  басқа  ұлттарға  құрметпен  қа рау-
мен,  олардың  да  тарихын,  ұлттық  бейне-
бол мысын  білумен  тікелей  байланысты. 
Көпұлтты  мемлекетте  ұлттар  достығы,  ұлт -
аралық  келісімнің  орын  алуы  мектеп  қа-
быр ғасынан  бастап  оқушылардың  бойында 
барлық  ұлттардың  теңдігі  туралы  түсінік  қа-
лып тастыруды  қажет  етеді.  Ондай  түсінік 
патриотттық тәрбие ауқымында қалыптасады.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру – оқу-
шылардың бойында жоғары патриоттық сана, 
өз Отанына деген мақтаныш сезімін, Қазақстан 
Республикасының азаматы ретінде болашақта 
өзінің азаматтық парызы және конституциялық 
міндетін,  яғни  олардың  Отан  мүддесін  қор -
ғау ға  дайын  болуын  қалыптасыруға  бағыт-
талған  жүйелі,  мақсатты  іс-әрекет.  Ең  бас-
тысы,  жастар  мектеп  қабырғасында  жүріп 
өз бойларында өзіне деген сенімді, өзінің бі-
ле тініне,  қолынан  келетініне  деген  сенімді, 
өзін дік  ар-намыстарын  қалыптастырады. 
Со   ны мен  қатар,  оларға  өмірдің  мәнін  ай-
қын дауда  көмек  көрсету,  заңды,  ұжымдық 
өмір  нормаларын  құрметтеуге  тәрбиелеу, 
әлеуметтік  және  азаматтық  жауапкершілігін 
дамыту  да  мектепте  жүзеге  асады.  Адам  бо-
йындағы  мұндай  қасиеттер,  сапалар  өз  Ота-
нының  әл-ауқаты  мен  оның  іргесінің  берік 
болуына,  қорғаныс  қабілетін  арттыруға 
қамқорлық  танытудан  көрінеді.  Сондықтан 
мұн дай қасиеттер, сапалар болашақ Отан қор-
ғаушысына ғана емес, жалпы кез келген адам 
үшін қажетті болып табылады.
Бүгінгі таңда әлемде, өз қоғамымызда бо-
лып  жатқан  өзгерістер  мемлекет  аумағының 
бү тіндігін сақтау, халықтың тыныштығын ала-
тын лаңкестерге қарсы ұйымшылдықпен күрес, 
халықтың  бейбіт  өміріне  қауіп  төндіретін 
кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы 
тұрудың  маңызды  екенін  көрсетіп  отыр.  Бұл 
жастарды  ұлтжандылық,  отансүйгіштік,  пат-
ри оттық рухта тәрбиелеудің де маңызын арт-
тыруда.  Өйткені,  патриотизм  дегеніміз  тек 
қа  на  Отанға  деген  сүйіспеншілік  емес,  ол 
же ке  адамның  аман-саулығының  қоғамдық-
мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланысты 
екенін сезіну, ал мемлекетті нығайту дегеніміз 
– жеке адамды күшейту екенін мойындау, яғни 
патриотизм  мемлекет  деген  ұғымның  жеке 
адам мен,  оның  өткенімен,  бүгінгі  күнімен 
жә   не  болашағымен  байланысты  болуын 
білдіреді.
Қазіргі  уақытта  оқушыларға  білім  беру, 
оларды  тәрбиелеу  және  дамыту  міндеттері 
бар ған  сайын  күрделеніп  бара  жатыр.  Осы-
ған  байланысты  мектеп  ұжымының  бас ты 
мін  деті  –  орта  мектепті  бітіретін  оқу шы-
ның  өмірге  белсене  араласуына,  ғылым ның 
шап шаң  дамуына  ілесіп,  ашылған  жа ңа лық-
тарды  өздігінше  оқып  меңгеруіне,  өмір де 
өз  орындарын  табуына  жағдай  жасау.  Көр-
некті  педагог  В.Сухомлинский  «Егер  ба лаға 
қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай 
бола  алады»  [2],  -  дейді.  Демек,  шәкіртке 
жан жақты  терең  білім  беріп,  оның  жүрегіне 
адамгершіліктің  асыл  қасиеттерін  үздіксіз 
ұя лата  білсек,  ертеңгі  азамат  болатын  жеке 
тұлғаның  өзіндік  көзқарасының  қа лып-
тасуына, айналасымен санасуына ықпал етері 
сөзсіз.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Назарбаев  Н.Ә.  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси 
бағыты» // Алматы ақшамы. – №151-152 (4713). -2012. -15 желтоқсан. 
2.  Джонисова  Г.Қ.  Бастауыш  сынып  оқушыларының  ұлттық  құндылық  бағдарын 
қалыптастыруда  шағын  мәтіндерді  пайдалану  //Этнопедагогика.  Республиканский  научно  – 
методический журнал. - 2008 №4 – 49б.

62
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.05
САЙЫН МҰРАТБЕКОВТЫҢ «ҚЫЛАУ» ӘҢГІМЕСІН
ОҚЫТУДАҒЫ ТӘРБИЕЛІК МӘСЕЛЕЛЕР
А.О. Байқоңырова
Әл-Фараби атындағы орта мектептің «Қазақ тілі және әдебиеті» пәнінің мұғалімі
Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы
Ғылыми мақалада Сайын Мұратбековтың «Қылау»­әңгімесін оқытудағы оқушыларға берер 
тәрбиелік мәселелер сөз етіледі. Жазушының шығармасындағы көркемдік ерекшелік, образдық 
суреткерлік мәселелері сөз етіліп, оқушыларды тәрбиелеуге бағытталған арнайы сабақ жоспары 
ұсынылған.  Шығармадағы  достық  ұғымының  мән-маңызын  ашудағы  автордың  суреткерлік 
ерекшелігі нақтыланған.
Тірек сөздер: көркем шығарма, көркемдік ерекшелік, образ, білім алушы, жазушы шеберлігі.
В  научной  статье  рассматриваются  вопросы  воспитания  школьников  по  произведению 
«Қылау» Саина Муратбекова. Обсуждается художественная особенность творчества писателя, 
вопросы  образного  описания.  Предлагается  специальный  урочный  план  направленный  на 
воспитание учеников. Конкретизируется важность творческой особенности автора в раскрытии 
значения понятии «дружба» в произведении.
Ключевые слова: произведение искусства, художественные различия, изображение образа, 
обучающийся, мастерство писателя.
In the scientific article deals with the education of pupils at work «Қylau» by Sain Muratbekov. 
Discuss the artistic features of the writer, questions figurative description. It proposed the appointed 
special plan aimed at training students. Narrow down the importance of the creative features of the 
author in discovering the meaning of “friendship” in the product.
Keywords: artwork, artistic differences, image, student, skill of the writer.
Кез  келген  шығарма  адам  болмысын 
тәрбиелеуге негізделеді. Білім беру бағдарында 
ұлттық тәрбиелік білім негізінің әр шығарма 
құрылымынан, көркемдік негізінен оқушының 
болмысын  дамытуға  пайдасын  тиері  анық. 
Білім  мен  ғылымның  дамуы  негізінде,  қазақ 
қоғамының  көркемдік  әлемінің  рухани  бе-
ле сінде  көркем  әдебиеттің  алатын  орны 
ерек ше.  Жалпы,  әдебиет  –  ұлттық  таным-
түсінік  дамытып,  көркем  сөйлеуге  баулитын 
көркемдік  құрал.  Еліміздің  болашағы  кең 
байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде бүгінгі 
күні білім алып жатқан оқушылардың көркем 
әдебиетке  деген  сүйіспеншіліктері  арттыруда 
екенін  түсіну  қажет.  Сол  шығарма  бойынан 
рухани мәдени болмыстарын қалыптастыруда 
қазақ  әдебиеті  бағдарламасындағы  көркем 
шығармаларды  оқыту  мен  оқуға  қызықтыра 
білу жұмыстарының рөлін арттыру маңызды. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев:  «Адам 
ба ла сының  бүкіл  ғұмырындағы  ең  сенімді 
және  ең  сабырлы  серігі  –  кітап»,  -  деп  атап 
өткеніндей,  бүгінгі  оқушыларды  кітап  оқуға 
ден қоюы бүгінгі күннің басты талабы болып 
отыр.  Бүгінде  оқушылар  интернет  қарап, 
бар  материалды  сол  жерден  көшіріп  алып 
немесе ақпараттық мүмкіндіктерді пайдалану 
арқылы  рухани  даму  мен  жетілу  деңгейінің 
төмендеп  бара  жатқандығы  да  кітап  оқып 
ізденуі мен көркем шығармаларға деген қызы-
ғушылықтарының жоқтығынан кері кетіп бара 
жатқандығына көз жеткізуге болады. 
Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі ре тін-
де  оқу  бағдарламасындағы  Сайын  Мұрат-

63
ҰЛТТЫҚ ТАҒЫЛЫМ
бе ков тың  «Қылау»  әңгімесі  арқылы  бүгінгі 
оқушыға беретін тәрбиелік құрылымы туралы 
сөз  қозғамақпын.  Сайын  Мұратбеков  -  қазақ 
әдебиетінің  дамуына  өзіндік  үлес  қосқан, 
кіші және орта көлемді этикалық жанрлардың 
мазмұны мен түрін, поэтикасын жаңа леппен, 
дара  мәнермен,  сара  машықпен  байытқан, 
ба йытып  келе  жатқан  суреткер.  Жазушы 
шы ғармашылығы  көп  қырлы.  Біз  қаламгер 
шығармашылығының  бір  қыры  –  тәрбиелік 
маңызы  жоғары  достықтың  рөлін  ерекше 
ашатын  «Қылау»  әңгімесі  төңірегінде  ой 
толғамақпыз.
Аталған  әңгіме  сюжетін  түзетін  оқиғада 
өмір  шындығы  мен  эмоциялық  мазмұны 
терең,  көркемдік  әлемі  бай.  Жазушы 
өз  шығармаларына  негіз  болған  өмір 
құбылыстарын  адамның,  жасөспірімдердің 
ең бір асыл арманына, адал сезіміне, достық 
мәселесіне  бөлеп  баяндайды.  Жалпы  шы-
ғар маның  көркемдік  құрылымы  мен  ком-
по зициялық  құрылысы,  Сатай  мен  Рабиға 
бейнелерінің бейнеленуінде ерекшелік арқылы 
оқушының болмыс бітімін дамыту жолдарын 
өзім  өткізген  арнайы  сабақ  жоспарын  үлгі 
ретінде ұсыну арқылы көрсеткім келеді:
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:  Жазушы  өмірі  мен  шығар-
ма шылығы  туралы  қысқаша  мәлімет  беру, 
әңгіменің  мазмұнын  меңгерту,  негізгі  идея-
ларын ұғындыру.
2.Тәрбиелік:  әдебиетке,  көркем  туындыға 
деген  сүйіспеншілігін  арттыру  және  әдеби 
көр кем туынды кейіпкерлері арқылы оқушы-
ның ұлттық танымын, адамгершілік, шынайы 
достыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: қазақ әдеби тілі мен, сөздк 
қор  мен  сөз  байлығын  сауатты  пайдалануға 
баулу,  өздігінен  жұмыс  істеуге  бағытталған 
шығармашылық  қабілетін  жетілдіру,  оларды 
өмірлік тәжірибеде қолдана білуге үйрету.
Сабақтың түрі: шығармашылық.
Сабақтың  әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап,  мәнер-
леп  оқу,  баяндау,  ойын,  шығармашылық,  ой 
бөлісу.
Сабақтың  көрнекілігі:  көркем  әдебиеттер, 
бейнелі суреттер, бүктемелер. 
Сабақтың барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі, шаттық шеңбері
ІІ Үй тапсырмасын тексеру
«Қылау» әңгімесінің мазмұнын сұрау.
ІІІ Мақсат қою: бүгін сабақта білетініміз 
көрнекті жазушы С.Мұратбековтың өмірі мен 
шығармашылығынан  қысқаша  мәліметтер, 
«Қылау» атты әңгіменің мазмұны мен негізгі 
идеясы туралы білеміз.
ІV Сабақтың эпиграфы:
«С.Мұратбеков  –  өзі  өмір  сүрген  орта 
болмысын өз шығармаларына арқау ете білген, 
өзіндік  көркем  әлемімен  халық  ықыласына 
бөленген жазушы». Л.Дүйсембекова
Сөздік жұмыс:
Қылау  –  қыста  сілбіреп  жауатын  майда 
қардың түрі.
Самарқау – баяулық, жайбарақаттық.
Ішік – жүні ішіне қаратылып тігілген қысқы 
сырт киім.
Шәлкес ой келеді – қисық ой келеді.
Қамыт, доға – атты арбаға жеккенде аттың 
басына  кигізіп  мойнында  тұратын  сопақша 
келген былғарымен қапталған құрал.
С.Мұратбековтың өміріне шолу.
Әңгіме – көлемі жағынан  шағын, баяндау 
түрінде  қара  сөзбен  жазылған,  оқиғаға 
құрылған көркем шығарма. Әңгімеде оқиғаға 
қатысатын кейіпкерлер саны шектеулі болады. 
Әңгімеде  өмірдің  бір  мезеті,  қысқа  оқиғалар 
суреттеледі.
Қазақ әдебиетінде тұңғыш балаларға арнап 
әңгіме жазған – Ы.Алтынсарин.
«Қылау» әңгімесінің мазмұны айтылады.
Әңгімелерінің тақырыбының көбіне қысқы 
ауыл,  қысқы  қар,  қалың  қарлы  даладағы 
қасқырлар,  қысқы  ауыл  тіршілігі  жайлы 
болуының себебі не екендігін түсіндіру.
«Қылау» әңгімесін сатылай кешенді талдау:
Авторы – С.Мұратбеков
Тақырыбы  –  адамгершілік,  сыйласымдық, 
қайырымдылық, балаң сезім.
Эпикалық жанр түрі – әңгіме.
Идеясы  –  Сатай  мен  Рабиға  арқылы  та-
за,  нәзік  балаң  сезімді,  адал  достықты, 
адамгершілікті, сыйласымдылықты, қайырым-
ды лықты көрсету.

64
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Шығарманың композициялық құрылыс:
Басталуы. Сатайдың жолға шығуы.
Байланысуы.  Баланың  өмір  мен  өлім 
туралы ойлары.
Дамуы. Сатайдың Рабиғаны кездестіруі.
Шиелінісуі. Рабиға үшін алаңдауы.
Шарықтау шегі. Қыз сыйлығы.
Кейіпкерлер бейнесі:
Жағымды кейіпкерлер – Сатай мен Рабиға.
Жағымсыз кейіпкерлер – жоқ.
Әдеби-теориялық ұғымдар:
Эвфемизм  –  сыпайы  сөйлеу,  дисфемизм  – 
дөрекі сөйлеу.

жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет