№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет6/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

МРНТИ 14.07.05
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ ГИГИЕНАЛЫҚ ТӘРБИЕ
С.Қ. Құсайынова
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің п.ғ.к., доценті, Тараз қ.
Мақалада  қазақ  халық  педагогикасындағы  гигиеналық  тәрбие  қазақ  халқының  салт-
дәстүрлері,  ислам  діні  мен  мақал-мәтелдердегі  тазалық  мәдениетінің  көрінісі  арқылы 
анықталынған. Қазақ ғалымдарының қазақ халқының тазалық мәдениеті, исламдағы тазалық 
және мақал-мәтелдердегі тазалық сақтау туралы еңбектеріне талдау берілген.
Тірек сөздер: тазалық, қазақтың тазалық мәдениеті, исламдағы тазалық, мақал-мәтелдердегі 
тазалық.
В  статье  гигиеническое  воспитание  в  казахской  народной  педагогике  определено  как 
отражение  культуры  чистоты  в  обычаях  и  традициях,  исламе  и  пословицах-поговорках 
казахского народа. Дан анализ трудов казахских ученых о культуре чистоты народа, чистоты в 
исламе, чистоты в пословицах и поговорках.
Ключевые слова: чистота, культура чистоты народа, чистота в исламе, чистота в пословицах 
и поговорках.
The paper hygiene education in Kazakh folk pedagogy defined as a reflection of the culture of 
cleanliness  in  the  customs  and  traditions,  Islam  and  proverbs,  sayings  of  the  Kazakh  people. The 
analysis of the works of Kazakh scientists on the culture of the people of purity, the purity of Islam, 
cleanliness in proverbs and sayings.
Keywords: purity, the purity of the culture of the people, the purity of Islam, cleanliness in proverbs 
and sayings.
Гигиеналық тәрбие жас ұрпаққа салауатты 
өмір  салтын  қалыптастырудың  құрамдас 
бөлігі  ретінде  өзінің  алдына  әрбір  адамның 
денсаулығын  қорғауға  бағытталған,  балалар 
мен  жеткіншектерді  гигиеналық  білімдермен 
таныстыру  арқылы  олардың  тазалық  сақтау 
дағдыларын  қалыптастыру  міндетін  шешеді. 
Бұл  міндетті  шешуде  халықтық  салт-дәс-
түрлерді,  ауыз  әдебиетінің  даналық  көзі  – 
ма қал-мәтелдерді,  исламдағы  тазалықты 
пайдалану  оқушыларға  гигиеналық  тәрбие 
беруді халықтық сипатта жүзеге асырып, оның 
тиімділігін арттырады.
Сондықтан қазақ халық педагогикасындағы 
гигиеналық  тәрбиенің  мазмұны  халықтық 
салт-дәстүрлер  арқылы  қалыптасатын  қазақ-
тың  тазалық  мәдениеті,  мақал-мәтелдері 
және  исламдағы  тазалықтың  орны  мен  ма-
ңызы арқылы анықталады. Ал бұл мәселелер 
бойынша  бірқатар  еңбектер  жарық  көргенін 
анықтадық.  Мысалы,  Ә.Ысқақтың  «Қазақ-
тың  тазалық  мәдениеті»  атты  кітабында 
автордың  пікірінше  «Тазалықты  әуелден 
денсаулық  кепілі  деп  білген  қазақ  халқы 
оның  тән  тазалығын  сақтаумен  бірге  салт-
дәстүрлермен,  жол-жосындармен,  исламдық 
қағидалармен  сабақтасатын  жан,  қан  және 
рух  тазалығына  да  ерекше  көңіл  бөлген. 
Қолдарыңыздағы  ұсынылған  жинақта  ұлт 
пен отбасы тазалығы, тән мен қан тазалығы, 
күнделікті қолданылатын мүліктердің тазалық 
рөлі, діни сенім тұрғысындағы жан тазалығы 
әрісі  рухани  пәктікті  кепілдендірер  тазалық 
таразыланады. Қазақтың тазалық мәдениетінің 
тамыры  тереңде  екендігіне  осы  кітапты  оқи 
отырып, көз жеткізесіз» делінген [1].
Кітапта  ұлт  және  отбасы  тазалығы,  тән 
және қан тазалығы, қазақтың салт-дәстүрлері 

53
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
арқылы  тазалық  мәдениетін  қалыптастыру, 
тазалық-саулық  негізі,  қазақ  бесігіндегі  таза-
лық, діни сенім мен тазалық және адам қайтыс 
болғаннан кейін ұзату әдептері мен жосындары 
қарастырылған.
Исламтанушы  Қ.Бағашардың  «Ислам-
да ғы  тазалық»  атты  еңбегінің  кіріспесінде 
тазалықтың ислам дініндегі орны, тазалықтың 
түрлері,  дәрежелері,  оның  өлшемі  мен 
адам  табиғатындағы  тазалық  мәселелері 
қарастырылған.
Еңбектің  бірінші  тарауы  тән  тазалығы 
мен  құлшылыққа  қажетті  тазалық  түрлерін 
қамтиды. Онда: тырнақ, беті-қол, аяқ, тіс, көз, 
құлақ, мұрын тазалығы, шаш пен сақал күтімі, 
әурет  тазалығына  қатысты  мәселелер  (дәрет 
алу,  истибра,  истинжа),  мәсі  кию,  ғұсыл  алу, 
тәйәммум соғу, әйел кісілердің жеке тазалығы, 
сұрақ-жауап  күйінде  т.б.  мәселелердің  жай-
жапсары, шариғаттағы үкімдері сөз болады.
Екінші  тарау  қоршаған  орта,  үй-жай  мен 
аула, жол, қоғамдық орындар мен мешіттердің 
тазалығына  арналған.  Ауа  мен  судың  таза-
лығы,  діни  тұрғыдан  лас  немесе  таза  болып 
саналатын  заттар,  нәжіс  саналған  затты 
тазартудың  жолдары,  бұған  қоса  үйге  сурет 
ілу, ит асырау, шашты бояу, денеге сурет салу 
секілді  күнделікті  өміршең  мәселелердің  де 
діни үкімдері білдірілген.
Үшінші  тарау  күнделікті  тұтынып  жүрген 
өнімдеріміз  бен  ас-судың  тазалық  үкімдерін 
тілге  тиек  етеді.  Онда  тамақтану  гигиенасы, 
бисмилласыз  сойылған  мал,  доңыз  етінің 
харам  етілуінің  себептері,  маргарин  майын 
тұтыну  жайы,  алкоголь  мен  шылым  шегуге 
қатысты шариғаттың үкімдері қамтылған.
Төртінші  тарауда  табыстың  адалы  мен 
арамы,  кіріс  көздерінің  халалы  мен  харамы, 
тұтынуда  ысырапшылдыққа  жол  бермеу 
мәселелері қарастырылған.
Бесінші  тарау  жан  тазалығын  қозғайды. 
Онда  жан  тазалығын  құрайтын  жүрек  таза-
лығы (қалбун сәлим), тәуба, ықылас, тақуалық, 
әдептілік,  турашылдық,  жылы  жүзділік, 
кішіпейілдік,  түрлі  жаман  әдеттерден  аулақ 
болу мәселелері сөз болады [2].
М.Әлімбаев  пен  С.Субханбердиннің 
«Ден  сау лығыңды  ойласаң...»  атты  кітап-
ша сында  денсаулық  жөніндегі  дүние  жүзі 
халықтарының, оның ішінде қазақ халқының 
денсаулық  және  оны  сақтау  мен  күшейту 
жөніндегі  қанатты  сөздері  мен  мақал-
мәтелдері  –  әділ  сыншы,  адал,  ақылшы  ғана 
емес,  сонымен  бірге  есті,  епті  емші,  әсіресе 
парасатты тәрбиеші екендігі сөз болған [3].
С.Ж.Піралиев,  К.Н.Нәрібаев,  т.б.  құрас-
тыруымен  шыққан  «Ұлттық  тәрбие» 
атт ы  оқу  құралы  «Салауатты  өмір  салтын 
қалыптастыру»  арнайы  курс  бағдарламасына 
сәйкес даярланған.
Оқу  құралында  қазіргі  қоғамдағы  сала-
уатты  өмір  салтын  қалыптастыру,  бесік  тәр-
биесі,  адам  ағзасын  уландыратын  заттар, 
маскүнемдіктің адам болмысына және мінез-
құлқына әсері, нашақорлық – өлім, жезөкшелік 
–  азғындық  жолы,  ЖҚТБ  –  әлемдік  індет, 
бүгінгі жастар және құмар ойыны және ислам 
дініндегі араққа салынатын тыйымдар, Құран 
аяттары мен Пайғамбардың хадистері арқылы 
баяндалған [4].
С.Қ.Құсайынованың «Орта мектеп оқу-
шыларына  гигиеналық  тәрбие  берудің 
те о риясы  мен  әдістемесі»  атты  көлемді 
монографиясында орта мектеп оқушыларына 
гигиеналық  тәрбие  берудің  теориялық 
негіздері,  Шығыстың  ортағасырлық  ойшыл-
дарының гигиеналық көзқарастары мен қазақ 
ағартушы-педагогтарының  оқушыларға  ги-
гие налық  тәрбие  беру  туралы  ой-пікірлері 
арқылы жасалынған [5].
Енді қазақ халық педагогикасындағы таза-
лық  (гигиеналық)  тәрбиесінің  мазмұнын 
жасалық.
Қазақ «Тәні саудың – жаны сау» деп бекер 
айтпаған.  Мұнан  біз  жан  тәрбиесінің  өзі  тән 
тәрбиесінен  бастау  алатын  үрдіс  екендігін 
көре  аламыз.  Қай  кезде  де  ұрпағының  аман-
сау,  дене  күші  мығым  азамат  болып  өсуін 
армандаған  халық  нәресте  жаңа  дүние  есігін 
ашқан  сәттен  алақанға  салып,  ең  алдымен 
дене күтіміне көңіл бөлген.
Қазақ  халқы  баланы  жастайынан  дені 
сау  азамат  болып  өсуін  тілеген.  Жаңа  туған 
нәрестені  қалай  күту  жөнінде  енелері  келін-

54
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
деріне  ақыл-кеңес  беруі;  сәбиді  тұзды  сумен 
шомылдыруы;  денесін  маймен  сы ла уы;  қол-
аяғын  созып,  «өс,  өс,  өс»  деп  буындарын 
бе кі туі;  шала  туған  баланы  түлкі  тұмаққа 
салып  асырауы;  оған  бие  сүтін  беруі; 
қойдың  құйрығын  нәрестеге  сорғызуы  –  сол 
қамқорлықтың  айғағы.  Денсаулық  сақтауға 
ерек ше көңіл бөліп, оның негізі тамақ екенін 
түсінген халық «Денсаулық кепілі – ас» деп, ас 
болса  ауру  болмайтынын  былай  түсіндірген: 
«Ас тұрған жерде ауру тұрмас», «Ас – адамның 
арқауы», «Ауру – астан» деген мақалдар соған 
дәлел бола алады.
Дұрыс тамақтану да денсаулық сақтаудың 
кепілі,  оны  сыпайылық,  мәдениеттілік  деп 
түсінген  халық  асты  аса  тойып  жеуге,  қома-
ғайлыққа қарсы болған. Оны былай ескерткен: 
«Ертеңгі  асты  тастама,  кешкі  асқа  қарама», 
«Жарты құрсақ пайда», «Алты күн аш болсаң 
да, Атаңның әдетін сақта».
Тамаққа  және  денсаулыққа  байланысты 
мақал-мәтелдерде  үнемділікке,  қанағатты-
лық қа, шыдамдылыққа тәрбиелейді. Мысалы, 
«Қанағат  қарын  тойғызады,  қанағатсыздық 
жалғыз  атын  сойғызады»,  «Тарта  жесең  тай 
қалар, қоя жесең қой қалар, қоймай жесең нең 
қалар».
Адамның  ауруы  және  саулығы  тазалыққа 
байланысты  пайда  болатынын  халық  былай 
түсіндірген:  «Қотыр  қолдан  жұғады,  таз 
тақиядан  жұғады»,  «Көзің  ауырса,  қолыңды 
тый»,  «Тазалық  –  саулық  негізі,  саулық  – 
байлық негізі».
Қазақтың  халықтық  медицинасының  тә-
жі рибесіне  сүйеніп,  ата-аналар  балаларын 
түр лі  аурулардан  өздері  жазып  отырған. 
Мысалы: Баланың тамағы ауырса, жалбызбен 
шайғызған;  Баланың  тісі  ауырса,  меңдуана 
басып қойдырған; Баланың іші ауырса, сынап 
ішкізіп  қойдырған,  немесе  іш  ауырғанда 
қойдың  құйрық  майымен  сылап  қойдырған; 
Баланың аяқ-қолы қақсаса, ерменнің бұлауына 
салып  жазған;  Баланың  басына  қотыр  түссе, 
күлден  жасалған  қара  сабынмен  жуып 
кетірген.
Халық емшілері түрлі шөптерден әр-түрлі 
дәрілер  жасап  оларды  ауру-сырқауларды  жа-
зуға  қолданған.  Халықтық  медицина  қазақ 
халқында  кең  дамыған.  Ол  туралы  соңғы 
жылдары  бірнеше  әдебиеттер  жарық  көрді. 
Емшілік қабілеттері бар сынықшы, тамыршы, 
отамашылар  қазақта  көп  болған.  Олар  түрлі 
аурулардың  пайда  болуын,  оларды  жазу 
жолдарын  білген,  сондықтан  халықтық 
медицинаны ғылыми медицина теріске шығара 
алмайды, оның жетістіктерін пайдалануы тиіс.
«Ақылды  адамға  иман  парыз,  иманды 
адамға  ғибадат  парыз»  деп  ағартушы  Абай 
айтқандай,  адам  баласының  бұл  дүниеге  жі-
берілуінің түпкі мақсаты – Жаратушыны та ну 
болса, танығаннан кейінгі кезекте құлшылық 
жа сау  тұратыны  айтпаса  да  белгілі.  Ал 
құлшылық  өз  кезегінде  тазалықсыз  жүзеге 
аспайды.
Ислам  дінінде  тазалықтың  орны  ерекше. 
Тіпті  ол  «иманның  жартысы»  болып  есеп-
теледі.  Сондықтан  да  мұсылмандар  әрдайым 
тазалыққа  ынталандырылған.  Күнделікті 
құл  шылығының  бәрі  тазалыққа  негізделген. 
Бұл  турасында  Құранда:  «Аллаһ  көп  тәубе 
етушілерді және көп тазарғандарды ұнатады»,- 
делінген.
Ислам  дініндегі  алғашқы  әмірлері  де  та-
залыққа  байланысты  келген.  Алғаш  түскен 
аяттардың  бірінде:  «Киіміңді  таза  ұста!  Әр 
түрлі лас істерден аулақ бол», - делінген. Бұл 
аятта сыртқы және ішкі (рухани) тазалықтың 
өза ра  байланысы  сөз  болған.  Мүминдерге 
жүректі, рухты, бойды, киім-кешек пен арды 
таза ұстау міндеттелген.
Исламда  тазалық  және  тазалану  мағы-
наларын білдіретін негізгі ұғым – бұл «таха-
рат».  Құран  Кәрімде  тазалыққа  қатысты  31 
жерде  кездесетін  негізгі  терминдер  осы  сөз-
ден тарайды. Олар сумен немесе өзге де жол-
дармен тазалануды, күнәдан, харамнан бойды 
аулақ  ұстауды,  сонымен  қатар,  мінез-құлық 
пен ахлақ тазалығын, пәктікті білдіреді.
Намаз оқу үшін дәрет алып тазалық жа сау-
дың міндеттелуі де тегін емес. Дәрет алмаған 
жан намаз оқи алмайды. Мәселен, Құрандағы 
мына  аят  дәретке,  тазалыққа  ерекше  көңіл 
бөлетін  Құба  мешітіндегі  сахабалар  жайлы 
түскен:  «Алғашқы  күннен-ақ  тақуалық  негі-

55
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
зін де  құрылған  мешітте  (Құба  мешіт)  намаз 
оқығаның әлбетте ең дұрысы. Онда тазарғанды 
жақсы  көретін  адамдар  бар.  Аллаһ  барынша 
тазарушыларды ұнатады».
Жан  дүниесінің  тазалығымен  қоса  сырт-
қы,  тән  тазалығын  ұқыптап  күткен  мүмин 
Аллаһтың  сүйіспеншілігіне  бөленеді.  Ислам-
ның бес парызының бірі намаз оқу үшін таза-
лықтың  міндеттелуі  мұсылманның  өмірінде 
тазаланудың  қаншалықты  маңызды  орын 
алатындығын аңғартады. Бұған қоса, намазға 
дайындық  барысында  дененің,  киімнің  және 
намаз оқитын орынның таза болуы шарт. Бұл 
туралы  Пайғамбарымыз  (с.а.с.):  «Намаздың 
кілті – тазалық!» - деп бұйырған [2].
Пайғамбарымыз  хадистерінде:  «Аллаһ  – 
кір  шік сіз таза, тазалықты сүйеді», - деп атап 
өткен. Мысалы, Аллаһ елшісінің: «Тазалық – 
иман ның жартысы, ал әлхамдулиллаһ таразы 
басын толтырады», - деген өсиетіндегі «тухур» 
сөзі сыртқы тазалықпен қоса тәубе ету, кеші-
рім  сұрау  (истиғфар),  Аллаһқа  жалбарыну, 
әрдайым  Аллаһтың  назарында  екенін  сезіну, 
жиі-жиі  өз  іс-әрекетіне  есеп  берумен  қатар 
шынайы құлшылық ету арқылы жүзеге асатын 
рухани тазаруды да қоса қамтитын кең түсінік. 
Осы  айтылғандарды  өмірлік  қағида  ретінде 
ұстанған  мұсылманның  кәміл  иман  иесі 
болары анық.
Бұл  мәселені  екі  тұрғыдан  қолға  алып 
қарастырған  жөн.  Біріншіден,  тазалық  сал-
дыр-салақтықтан арылтса, екіншіден, жүректі 
жаман  әдеттен,  нашар  мінез-құлықтан  айық-
тырып,  тазартады.  Міне,  жан  мен  тән  та-
залығын  камшының  өріміндей  қатар  өрген 
жан  «Тазалық  –  иманның  жартысы»  деген 
пай  ғамбар  өсиетін  орындаған  болады.  Алай-
да,  иманның  жүректе  нықтап  ұялауы  –  тек 
Аллаһтың  қалауымен  болатын  дүние.  Сайып 
келгенде,  адам  құлшылық  мақсатында  таза-
лыққа ден қойып, талпынса, жан дүниесі таза-
рып, сөзсіз оның жүрегіндегі иманы күшеймек.
Тазалыққа қатысты тағы бір айта кетерлік 
мәселе,  аяттар  мен  хадистердің  түпкі  мә-
ні  не  үңіліп,  зерттеп,  зерделеген  ғалымдар 
дінімізде жүрек тазалығының бәрінен жоғары 
тұратындығы жайлы тоқтамға келген. Өйткені, 
ардақты пайғамбарымыздың жоғарыда айтыл-
ған хадисінде тек сумен атқарылатын сыртқы 
тазалық  айтылмаған.  Су  арқылы  тән  кірден 
арыл ғанымен жүрек күнәға белшесінен батса, 
бұның толыққанды тазалыққа жатпасы белгілі. 
Демек, ішкі және сыртқы тазалық өзара үндес-
кенде ғана ол иманның жарты бөлігін құрайды 
[2].
Сондай-ақ  тазалыққа  байланысты  Хадис-
тер  былай  дейді:  «Мұсылманға  Аллаһ  мін-
деттемеген істің бірі – әр жеті күнде бір рет 
бастан-аяқ  жуынып  ғұсыл  құйынуы»;  Қолы 
ет немесе май сасыған күйі қисая кеткен адам 
қандай  да  бір  ауруға  тап  болса  немесе  жан-
жануарлар мен жәндіктерден бір зиян шексе, 
онда оған өзінен басқа ешкімді кінәламасын; 
«Тағамның  берекеті  –  тамақтан  бұрын  және 
кейін  қолдың  жуылуында»;  «Ұйқыдан  тұра 
сала қолды үш рет жумайынша басқа ыдысқа 
қол  тигізбеңіз,  өйткені  қолдарыңыздың 
(дененің,  ағзаның)  қайсысын  ұстағанын  біле 
алмайсыз»; «Әй, иман келтіргендер! Намазға 
тұрған  кезде  жүздеріңді,  (шынтақтарыңа 
дейін білектеріңді жуыңдар. Бастарыңа мәсіх 
тартыңдар,  (тобықтарыңа  дейін)  аяқтарыңды 
жуыңдар.  Жүніп  болсаңдар  (бой  дәретсіз 
болсаңдар) толық тазаланыңдар»; «Тістеріңді 
мисуакпен  тазартыңдар.  Бұл  тазалыққа 
жатады.  Тазалық  болса  иманға  жетелейді. 
Иман  –  иесімен  бірге  жәннатта»;  «Шаш  пен 
сақалды  саусақпен  салалаңыз.  Қылдардың 
ара-арасын, түптерін таза ұстауға тырысыңыз. 
Тырнақтарды  қысқартыңыз.  Өйткені  шайтан 
ет пен тырнақ астында жүреді» [2].
Қазақ  халық  педагогикасы  арқылы  гигие-
налық  тәрбие  беру  мәселесімен  зерттеу 
жұмысын  жүргізгеніміздегі  тәжірибелік-экс-
перименттік  сабағымның  толық  мазмұнын 
келтіруді жөн көрдім. Менің пікірімше, қазақ 
халқының  мақал-мәтелдерін  оқушыларға 
ги ги еналық  тәрбие  беруде  пайдаланудың 
жол дары,  формалары  мен  әдістері  көп-ақ. 
Оларды  сабақта,  сыныптан  және  мектептен 
тыс  жұмыстарда  пайдалануға  әбден  болады. 
Тақырыптың  мазмұнына  сәйкес  келетін 
мақал-мәтелдерді  материалды  өтер  алдында, 
сабақты  түсіндіру,  әсіресе  қорытындылаған 

56
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
кездерде  пайдаланса  өте  әсерлі,  әрі  тиімді 
болатындығын  тәжірибемізден  көріп  жүрміз. 
Біз белгілі әдебиетші Өтебай Тұрманжановтың 
құрастыруымен  жарық  көрген  «Қазақтың 
мақал-мәтелдері»  деген  көлемді  жинақтан 
және  мерзімдік  баспасөз  беттерінен  гигие-
налық мазмұндағы мақал-мәтелдерді, әдебиет 
пәні  мұғалімдерінің  жәрдемімен  іріктеп 
алдық.  Соларды  сабақтарда,  сабақтан  тыс 
жұмыстарда,  баяндама  жасағанда,  кештер 
және  экскурсия  өткізгенде  мейлінше  мол 
пайдаланамыз.  Ата-аналармен  жүргізілетін 
жұмыстарда да бұлардың көп көмегі тиіп жүр.
«Тән  тану»  пәні  сабақтарында  мақал-мә-
тел дерді пайдалану жолдарына қысқаша тоқ-
талайық. 9 сыныпта осы пәннің «Асқорыту» 
тарауындағы «Қоректік заттар және тамақтық 
азық-түліктер»  тақырыбын  өтер  алдында 
оқушыларға халықта «Ас – адамның арқауы», 
«Ас тұрған жерде – ауру тұрмас», «Аз қайғыны 
ас басады, көп қайғыны дос басады», «Ауру – 
астан, дау – қарындастан», «Тәні саудың – жаны 
сау», «Іш кетсе, күш те кетеді» деген мақалдар 
бар,  сендер  оларды  қалай  түсінесіңдер  де-
ген  сұрақ  қоямыз.  Әрине,  оқушылардың  жа-
уап тары  астың  адам  тіршілігіндегі  маңызы 
төңірегінде болады...
Тамақтың  химиялық  құрамын  түсіндіріп 
болған соң, біздің қазақ халқы астың құрамына 
өте  ертеден  көңіл  бөлгендігіне  тоқталамыз. 
Мысалы,  қазақта  мынадай  мақалдар  мен 
мәтелдер  бар:  «Арақтың  сорпасында  дәм 
болмайды, ақылсыздың сөзінде мән болмайды», 
«Көженің кенеуі болса, қымыздың қызуы бар» 
десек,  құрамында  белогы  көп  тағамдарды 
атағанда: «Ет етке, сорпа бетке» деп, қазақ ет 
пен сорпаны маңызды тамақтардың қатарына 
ертеден қосқандығын айтамыз.
«Тамақтану  гигиенасы.  Ішек-қарын  ауру-
ла рынан  алдын  ала  сақтану»  тақырыбын 
өткенде,  тамақтану  кестесін  мөлшерлейді, 
бір  күнгі  жейтін  тамақ  мөлшерінің  25  % 
таңертең,  түсте  50  %,  түс  ауғаннан  кейін  15 
%,  кешке  10  %  қабылдау  керектігін  және 
көптеген  отбасы  тамақтың  көп  мөлшерін 
кешке, жатарда ішетінін, содан ұйқыларының 
мазасыз болатынын, осыған байланысты адам 
шымшытырық түстер көретіндігін айта кеткен 
де орынды.
«Тәбет»  тақырыпшасын  түсіндіргенде,  тә-
бет тің  жақсы  болуы  астың  жақсы  сіңуінің 
кепілі екендігін, сондықтан халық «Қайғысыз 
–  қара  суға  да  семіреді»  деп  көңіл-күйдің 
маңызын  тұжырымдаса,  «Ас  иесімен  тәтті», 
«Асы  бар  аяқ  әдемі»,  «Тамақ  табағымен 
жарасты,  батыр  жарағымен  жарасты»  деген 
мақалдарда  халық  тамақты  шын  ықыласпен, 
таза,  әдемі  ыдыс-аяқпен  берудің  гигиеналық 
маңызын ертеден білгенін айтамыз.
«Тыныс  алу»  тарауындағы  «Ауа  арқылы 
жұғатын  аурулар»,  «Қолдан  тыныс  алдыру» 
тақырыптарын  өткенде  тұрмыстың,  жеке 
бастың  тазалығын  сақтаудың  жолдарын  айта 
келіп, «Жұғын бар жерде шыбын бар, шыбын 
бар  жерде  шығын  бар»  десек,  тыныс  алу 
органдарының  аурулары  –  туберкулез,  тұмау, 
баспа  және  тағы  басқа  жұқпалы  аурулардың 
алдын алу жолдарын түсіндіргенде «Сынықтан 
өзгенің бәрі жұғады», «Тұмау аяғы құрт, тұман 
аяғы  жұт»  деген  мақалдарды  пайдалансақ, 
қоршаған  ортадан  жұғатын  аурудың  алдын 
алудың, денсаулық сақтаудағы маңызын айта 
келіп: «Аурудың алдын алмаған өледі, даудың 
алдын  алмаған  төлейді»  деген  мақалмен 
қорытындылауға болады.
«Терінің  гигиенасы»  деген  тақырыпшаны 
балаларға түсіндірер алдында «Қотыр қолдан 
жұғады, таз тақиядан жұғады» деген мақалды 
қалай  түсінесіңдер?  –  деген  сауал  қоямыз. 
Балалар пікірлерін ортаға салады...
«Сезім  органдары»  тарауындағы  «Көру 
және оның гигиенасы» тақырыбына арналған 
сабақта  көру  органдарына  қойылатын  гиги-
е налық  талаптарды  еске  салып,  көздің 
көруінің  нашарлауы  кейде  ауру  тудыратын 
микробтардың  зиянды  әсерінен  болатынын 
айтып,  «Көзің  ауырса,  қолыңды  тый,  ішің 
ауырса, аузыңды тый» деген мақалды мысалға 
келтіреміз.
«Жоғарғы  дәрежелі  жүйке  қызметі»  тара-
уындағы  «Ұйқы  және  оның  маңызы»  деген 
тақырыпты өткенде адамның ұйқысы қанбаса 
немесе екі-үш тәулік бойы мүлдем ұйықтамаса, 
онда  жүйке  жүйесі  нашарлайтындығын  айта 

57
ҰЛТТЫҚ БІЛІМ
келіп, «Ұйқы орын талғамайды», «Ұйқы жас-
тық талғамайды» секілді мақалдарды мысалға 
келтірген жөн. Халықтың мақал-мәтелдерінде 
физиологиялық  идея  барын  айтамыз.  Соны-
мен,  оқушыларға  гигиеналық  тәрбие  беруде 
мақал-мәтелдерді пайдалану, олардың білі мін 
толықтырады,  денсаулығын  сақтауға,  таза-
лық қа, ұқыптылыққа және аурулардың алдын 
алуға көмектеседі.
Қорыта  айтарымыз,  гигиеналық  тәрбиені 
адамның  денесін  таза  ұстап,  денсаулығын 
сақтау  арқылы  өз  ағзасын  дамыту  халықтық 
сипатта жүзеге асырғанда ғана тиімді болады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Ысқақ Ә. Қазақтың тазалық мәдениеті. –Алматы: Өнер, 2012. -192 б.
2. Бағашар Қ. Исламдағы тазалық. –Алматы: Көкжиек-Б, 2010. -216 б.
3. Әлімбаев М., Субханбердин С. Денсаулығыңды ойласақ... -Алматы: Қазақстан,1974. -160 б.
4. Ұлттық тәрбие (Салауатты өмір салтын қалыптастыру). / Құраст.: С.Пірәлиев, т.б. –Алматы, 
2010. -208 б.
5. Кусаинова С.К. Теория и методика гигиенического воспитания учащихся средней школы. 
–Алматы: Шикула, 2004. -260 с.
«Тазалық­–­саулық­негізі,­
саулық­–­байлық­негізі»
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Халық­даналығы.

58
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.05
МЕКТЕПТЕ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ
АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ПӘНІНІҢ ОРНЫ
Ғ.Қ. Хасенов
Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру пәнінің мұғалімі,
 Көктал жалпы орта білім беретін мектебі, Жаңаарқа ауданы, Қарағанды облысы 
Мақалада мектепте оқушыларға патриоттық тәрбие беру үдерісіндегі алғашқы әскери да-
йындық пәнінің орны мен рөлі мәселесі қарастырылады. Патриотизм ұғымын сараптаумен 
қатар, жастардың бойында ұлтжандылық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру қажет ті-
лі гі айқындалады. Сонымен қатар, патриоттық тәрбие берудің кешенді, жүйелі үдеріс екені 
талқыланады.

жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет