№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет5/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ЛИТЕРАТУРА:
1.  Колесникова И.А., Титова В. И. Педагогическая праксиология. – М. Издательский центр 
«Академия», 2005. – 256 с.
2.  Марон А.Е., Монахова Л.Ю., Федотова В.С. Педагогическая праксиология: структура 
знания и модели реализации в профессиональном обучении // Человек и образование. – 2012. – 
№ 2. – С. 27–31.
3.  Новиков А.М., Новиков Д.А. Методология. – М.: СИНТЕГ, 2007.
4.  Котарбиньский Т. Развитие праксиологии // Польское обо зрение. – 1962. – № 12.
5.  Калабалин  С.А.  Педагогические  размышления  /  сост.  И  ред.  Л.  В.  Мардахаев.  –  М.: 
Юстиция, 2017.
6.  Мардахаев Л.В. К вопросу о праксиологических основах социальной педагогики // Европа 
и современная Россия. Интегративная функция педагогической науки в едином образовательном 
пространстве: матер. IХ Междун. науч. конф., 18-19 августа 2012 г., г. Мадрид. - М. - Мадрид: 
МАНПО, 2011. - С. 44-49.
7.  Мардахаев  Л.В.  Праксиологические  основы  социальной  педагогики:  понятийная 
структура // Понятийный аппарат педагогики и образования: сб. науч. трудов / отв. ред. Е. 
В. Ткаченко, М. А. Галагузова. — Вып. 7. - Екатеринбург: СВ-96, 2012. – С. 430-443.
8.  Мардахаев Л.В. Социальная педагогика: учеб пособ. – 6-е изд. – М.: Юрайт, 2014.
9.  Монахова  Л.Ю.,  Федотова  В.  С.  Праксиология  и  праксиология  в  историко-
методологическом дискурсе // Научное обозрение. Се рия 2. Гуманитарные науки. – 2011. 
– № 3. – С. 76–87.
10.  Праксиология : хрест. / Госстрой России : ИОЦ ГП «Новый го род». - М.: ГУП КПП, 
1997. – 180 с.

46
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.03
ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ «КЕМЕЛ АДАМ» ТҰЛҒАСЫН 
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Қ. Бөлеев
Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің п.ғ.д.,  профессоры, 
Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері,
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының академигі, Тараз қ.
Қ.Т. Әтемова
Х.А.Ясауи ат. Халықаралық қазақ-түрік университетінің п.ғ.д., профессоры, Түркістан қ.
Мақалада  «Кемел  адам»  тұлғасын  қалыптастырудағы  халық  тәрбиесінің  мақсаты,  кемел 
адам ның  этникалық  сипаты  және  кемел  адамды  қалыптастыру  жолдары  Шығыс  орта  ғасыр 
ойшылдарының көзқарастарына негізделіп қарастырылған.
Тірек сөздер: кемел, адам тұлғасы, кемел адам, «кемел адам» тұлғасын қалыптастыру, кемел 
адамның этникалық сипаты, орта ғасыр ойшылдары.
В статье рассматриваются формирование идеальной личности как цель народного воспитания, 
этнический характер идеального человека и определены методы воспитания идеального чело-
века на основе взглядов средневековых мыслителей Востока.
Ключевые слова: идеальный, человеческая личность, идеальный человек, формирование 
идеального человека, средневековые мыслители.
The article deals with the formation of the ideal personality as the goal of public education, the ethnic 
character of the ideal man and identified methods of parenting perfect person on the basis of the views 
of the medieval thinkers of the East.
Keywords: perfect, the human person, the perfect man, the formation of the ideal man, medieval 
thinkers.
Қазақ халқы жас ұрпағына өзінің халықтық 
педагогикасы арқылы халықтық тәрбие беріп, 
оны  «Сегіз  қырлы,  бір  сырлы»  азамат  етуді 
мақсат  еткен.  Мұндағы  халықтың  «Сегіз 
қарлы» де гені: еңбексүйгіш, бауырмал, батыр, 
өнерлі,  өнегелі,  шыншыл,  әділ,  адал  болу, 
ал  «Бір  сырлы»  дегені  –  сол  адамдық  асыл 
қасиеттер  бір  адамның  бойында  болуын 
армандағаны.  Мі не  халықтық  тәрбиедегі 
«кемел адам» бейнесі осы.
Қазақтың  халықтық  педагогикасын  зерт  -
тейтін жаңа ғылым саласы – қа зақ эт но педа-
гогикасы.  Сол  қазақ  этно пе да го ги ка сын дағы 
«кемел адам» тұлғасын қа лыптастыру бүгінгі 
таңда өте көкейкесті проблема болып отыр.
«Кемел  адам»  тұлғасы  ұғымындағы  «ке-
мел»  сөзі  –  жетілген,  маңдай  алды,  иманды 
деген  мағынаны  білдірсе,  «адам  тұлғасы»  – 
өзін қоршаған әлеммен қарым-қатынасқа түсу 
барысында  адамның  қалыптасу  үрдісі  деген 
мағынада түсінген жөн.
Адамды  қалыптастыратын  екі  құндылық 
бар. Біреуі – ұлттық құндылық, екіншісі – жал-
пы адамзаттық құндылық.
Егер  адам  ұлттық  құндылық  арқылы  қа-
лыптасса, ол – ұлттық тәрбие алады, ал адам 
ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар 
арқылы тәрбиеленсе, ол – кемел тұлға болып 
қалыптасады.
Сондықтан  Қазақстан  Республикасының 
«Білім  туралы»  заңында:  «Білім  беру  жү-
йе сінің  міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адам-
заттық  құндылықтар  негізінде  жеке  адамды 
қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шың-
дауға  бағытталған  білім  беру  үшін  қажетті 
жағдайлар жасау» [1] екендігі атап көрсетілген.
Сонымен,  Кемел  адам  деп  ұлттық  және 
жалпы адамзаттық құндылыққтар кеңістігінде 
қалыптасқан жеке тұлғаны айтамыз.
Осы  орайда  Ұлы  Абайдың  11-ші  қара  сө-
зінде адам, оны қалай тәрбиелеу керек, нағыз 
«кемел  адам»  туралы  тамаша  айтылған  ой-

47
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
пікірін келтірсек өте орынды болар еді. Ұлы 
ағартушының сол көрегендік сөзінің мазмұны 
мынадай:  «Адамды  махаббат  арқылы  тәр-
биелеу керек, Махаббат әуелі адамның адам-
дығы. Ғақыл ғылым деген нәрселермен бірге 
талап,  ұғым,  білім  махаббаттан  шығады.  Қа-
шан  бала  ғылымды  махаббатпен  көксерлік 
бол са, сонда ғана оның аты адам болады. Өзі 
үшін  өмір  сүретін  адам  өз  бетінше  оттаған 
хайуанмен  тең,  ал  көпшілік  үшін  тіршілік 
ететін  адам  «нағыз  адам»  [2]  деген  даналық 
ойды келтіруге болады.
Кемел адамның этникалық (ұлттық) сипаты 
қандай болу, оның тәлім-тәрбиелік мәні неде? 
деген сұрақтар туындайды.
Қай  заманда  болмасын  заманына  қарай 
жеке  тұлғаның  болмысын  қалыптастыру  ту  -
ра  лы  ойлар  мен  пікірлер  көпшілікті  тол-
ған дырып  келген.  Осы  жерде  тағы  да  ұлы 
Абайдың мына сөзіне құлақ түрелік: «Замана 
адамды билемек, адам заманға күйлемек, егер 
олай болмаса, замана адамды табанына салып, 
илемек»  [2]  дегенін  еске  алсақ  та  жеткілікті 
ғой деп ойлаймыз.
Бүгінгі  таңда  Ұлы  Дала  Елінде  жеке  тұл-
ғаны  қалыптастырудағы  кемелділік,  мінсіз 
адам бейнесі тәрбиенің ең жоғары көрсеткіші 
ретінде қабылданып отыр.
Қазіргі  қоғам  алдындағы  басты  мақсат  – 
елі мізді өркениеттілікке жеткізетін, ел эконо-
ми касын  дамытатын,  сондай-ақ  Ұлы  Дала 
Елін  30  дамыған  елдер  қатарына  қосуға 
мүмкіндік  жасайтын,  бәсекеге  қабілетті  жас-
тарды тәрбиелеу. Ол үшін кемел адамды тәр-
биелеу бүгінгі күннің еншісіндегі ұлы міндет.
Мұндай  қоғам  талаптарына  жауап  бере 
алатын  кемел  адамды  қалыптастыру  идеясы 
орта  ғасыр  ғұламаларының  көзқарастарынан 
туындаған болатын. Олардың басты өкілдері – 
әл-Фараби, Ж.Баласағұни, Қ.А.Иасауи.
1.Энциклопедист-ғалым  әл-Фараби  өзінің 
«Философияны үйрену үшін қажетті шарттар 
жайлы» трактатында «кемел адамға» мемлекет 
басшысын,  тәрбиеші  ұстаз-мұғалімді  жатқы-
зып, олардың сипаттамаларын жасаған.
Фарабидің  пікірінше,  мемлекет  басшысы 
және нағыз тәрбиеші ұстаз – екеуі де «Сегіз қыр-
лы, бір сырлы» – халыққа қай жағынан болса 
үл  гі  көрсететін,  ақыл-парасаты  басқалардан 
көш  ілгері  тұратын  адамдар.  Өйткені  ұстаз 
шә кірттерді  оқытып-тәрбиелесе,  мемлекет 
бас шысы  барлық  жұртты  ізгі  қасиеттерге 
баулиды.
Ғұлама  «Нағыз  тәрбиеші  ұстаз  бойында 
он екі тума табиғи қасиет және алты дарыған 
қасиетті меңгерген дана адам болу керек» [3], 
- дей келіп, оның мынадай тұлғалық сипат та-
маларын береді. Тума табиғи қасиеттерге:
1.Мүшелері мүлде мінсіз;
2.Өнер-білімге құштар;
3.Жаратылысынан  өзіне  айтылғанның 
бәріне жетік түсінетін;
4.Өзі көрген, естіген, түсінген және аңғарған 
нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, 
алғыр да аңғарымпаз;
5.Өткір  сөз  иесі  және  ойына  түйгенінің 
бәрін анық бере алатын;
6.Тағамға, ішімдік ішуге, сыр-сұхбат құруға 
қанағатшыл;
7.Жаны 
асқақ 
және 
ар-намысын 
ардақтайтын;
8.Жаратылысынан игі істерге ынтазар;
9.Әділеттілік  пен  әділеттілерді  сүйіп, 
әділетсіздік пен озбырлық жек көретін;
10.Жақындарына да, жат адамдарға да әділ;
11.Пасықтық атаулыға мүлде рақымсыз;
12.Қорқыныш пен жасқану дегенді білмей-
тін батыл, ер жүрек болу керек. 
Алты дарыған қасиетке:
1.Ол – философ болу керек;
2.Өзінің  алдындағы  ұстаздардың  жақсы 
істерінен өнеге алу керек;
3.Бұрынғылардың  игі  істерін  жалғастыра 
оты рып,  жаңа  мәселелерді  жоғары  деңгейде 
шешу;
4.Жоғары тәжірибелік ақылға ие болу;
5.Шәкірттеріне  жол  көрсетуде  жоғары 
деңгейде болу;
6.Өз ісінің білгірі, тәні сау болу.
Міне  ұлы  бабамыз  әл-Фараби  «Осы 
аталған  қасиеттердің  бәрін  бала  бойында 
қалыптастыра  отырып  «мінсіз  адамды», 
«кемел  адамды»  тәрбиелеп  шығаруымыз  ке-
рек» [3] деп тұжырым жасаған, оны мұғалім-

48
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиешіге тапсырған.
Дегенмен,  әл-Фараби:  «Осының  бәрінің 
бір  адамның  бойында  болуы  қиын  нәрсе, 
жаратылысынан  осындай  қасиет  дарыған 
адамдар өте сирек кездеседі. Сондықтан егер, 
қайрымды  қаладан  (мемлекеттен)  немесе 
отбасынан  осындай  адам  табыла  қалса  және 
өзі  өсіп-жетілген  кезде  жоғарыда  аталған 
шарттардың алтауы немесе  бесеуі оның бо-
йына  біткен  болса,  онда  қиялдау  қабылеті 
жағынан теңдесі болмағандықтан ол осы мем-
лекеттің айтулы басшысы болмақ» [3], -  деп, 
осындай  қасиетпен  тәрбиеленген  адамның 
өзінің аса қабілетті, әрі дарынды кемел тұлға 
болатынын сипаттайды.
2.Ақын, ғұлама Ж.Баласағұнидің жеке тұл-
ға ны  кемел  адам  етіп  қалыптастыру  туралы 
көзқарасы – әл-Фараби идеяларынан туындаған 
болса керек. Өйткені ол жеке тұлға тәрбиесін 
мемлекетті  басқаруға  лайықты  аза маттық 
қасиеттермен байланысты қарастырған.
Жүсіп  адамдықты  сипаттайтын  төрт 
қасиетті жеке-жеке бөліп, олардың қоғамдық-
әлеуметтік және адамилық мәніне тоқталған.
1)Қанағат – ол оны адам баласын тіршіліктің 
бар қызығын қанағат тұтқан өмірдің сопылық 
жолы деп санаған.
2)Әділдік – ол оны әлемдегі тіршіліктің көзі 
– күнге теңеп: «Жарқыраған Күнді көр де, көр 
мені;  Күн  сөнсе,  тіршіліктің  өлгені;  Әділдік-
құт.  Құт  құрығы  –  кішілік;  әділдіктің  заты  – 
тұнған кісілік» [4] депті.
3)Ақыл  –  ол  адамның  ой  таразының  ең 
жоғарғы  өлшемі,  адам  парасаттылығының 
шыңы, нағыз кемел адамға тән қасиет екенін 
ғұлама:  «Кісілердің  кісілігі  –  ақылда;  Білім 
болса,  адам  дана,  батыр  да!  Малға  айналма, 
ұста  білім,  ақылды»,  -  деп  ақыл  адамның 
жолбасшысы,  жетекшісі  секілді  қызмет  ете 
отырып,  ізгілікті  пір  тұтқан  адамның  ең  зор 
байлығы,  ең  асылы  болып  саналады  деген 
екен ақын [4].
4)Бақыт – Баласағұнидің пікірінше, бақыт 
адамның жеке басы үшін аса қажетті игіліктер 
осы бақыт ұғымына келіп саяды, ол бақытқа 
жетудің басты шарты-қоғамды жетілдіру еке-
нін баса айтқан. Оның ойынша, қоғамды же тіл-
діру «Ғылым, дін, әділ заң, ізгі басшы, «иман-
ды адамдар» арқылы жүзеге асады» [4], яғни 
шын бақытты адамдар ғылымы дамыған, әділ 
заң  үстем  еткен,  иманды  адамдар  жай лаған, 
көреген ел басшысы билеген елде болмақ.
3.Жеке  тұлғаны  кемел  адам  етіп  қалып-
тастыру мәселесі – бүкіл өмір жолын сопылық 
ілімге  арнаған  ғұлама  Қожа  Ахмет  Иасауи 
өзінің  «Диуани  хикмет»  (Даналық  кітабы) 
еңбегінде қарастырғаны анықталды [5].
Қожа Ахмет дін арқылы Алланы сүю, та-
за,  адал  жолмен  дұрыс  өмір  сүруді  халыққа 
насихаттай отырып: Кемел адам қандай болу 
керек?  Оны  қалыптастыру  үшін  ол  қандай 
сынақ тардан  өту  керек?  деген  сұрауларға 
жауап берген.
Қ.А.Иасауидің көзқарасы бойынша кез кел-
ген адам кемел адамдық дәрежесіне жету үшін 
– ол Хақпен дидарласып, әлемдік ақыл оймен 
бірігуі  керек.  Ол  үшін  төмендегідей  төрт 
сатыдан өтетін Өмір жолын ұсынады:
Біріншісі – жұрттың бәріне ортақ шариғат 
жолы.  Бұл  жаратушының  өз  сөзі  бойынша 
«Құранда»  айтылатын  парыздарды  орындап, 
өтірік  айтпай,  ұрлық  жасамай,  ешкімге  зәбір 
көрсетпей, дұрыс жүруді қолдау.
Екіншісі  –  тариқат  жолы.  Бұл  саты  –  кез 
келген адам үшін міндетті емес, бірақ, тариқат 
жолына түспей ақиқатқа жету мүмкін емес. Ол 
үшін адам тынымсыз ізденіп, мақсатына жету 
жолында азап шекпей, мехнат тартпай, өзіңді-
өзің  қинамай,  өмір  қызығынан  бас  тартпай 
кемелдік  дәрежеге  жете  алмайсын.  Осы 
жолды таңдаған жанға пір, ұстаз қажет дейді. 
Осы  тариқат  жолында  адам  өзін  ұстамдыққа 
және  одан  әрі  жетілдіруге  шақырады,  сол 
шынайы қасиеттері арқылы сүйіспеншілік пен 
махаббат идеясын насихаттайды. Тарихаттың 
нұсқайтын жолы – «Өзін білгені – Хақты біл-
гені,  Құдайдан  қорқып-ынсапқа  келген»  [5] 
деп тұжырым жасаған ақын Ахмет.
Үшішісі – хақиқат (ақиқат) жолы. Бұл жол 
азап арқылы жатпай тұрмай ізденген жанкешті 
еңбегінің нәтижесінде адамның дүние сырын 
тани  бастауы.  Ақиқат  жолында  құдайға 
құлшылық етудің екі көрінісі пайымдалады:
Құдайға  сену  және  құдайдан  арман-мақ-

49
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
сат тарының орындалуын сұрау. Адамдықтың 
басты мақсаты – ақиқатқа жету болғандықтан, 
адам  өзін-өзі  тану  және  жетілдіру  арқылы 
адамдықтың биігіне жетеді.
Төртіншісі  –  мағрипат  жолы,  яғни  хақпен 
дидарласу. Бұл дәрежеге жеткен адам – ғалам-
ның  барша  сырына  қаныға  алады,  сөйтіп, 
Алланың  қойған  талаптарының  барлығына 
жауап таба алады деп, ой түйеді.
Сонымен, А.Иасауи осы жолдарды көрсете 
отырып,  мұсылман  дәстүріндегі  «жетілген 
адам» идеясын одан әрі жалғастырып, «Кемел 
адам»  идеясын  толықтырды  деп  санау ға 
болады.  Қорыта  айтарым,  Орта  ғасыр  ғұла-
ма лары  –  әл-Фараби,  Ж.Баласағұни  және 
А.Иасауи кемел адамның тұлғасы қалай болу 
керектігі туралы өз шығармаларында негіздей 
отырып,  оны  қалай  тәрбиелеу  қажеттігін  де 
анықтаған. Соны қарастырайық.
Орта  ғасыр  ғұламалары  жеке  тұлғаның 
ке мел денген  бейнесін  ұсынумен  қатар  оны 
отбасы  тәрбиесі  жағдайында  қалыптастыру 
қажеттігін де жан-жақты қарастырды [6].
1.Ғұлама  ғалым  әл-Фараби  бала  дүниеге 
келгенде  алдағы  өмірінде  бақытты  болуға 
же те лейтін  қасиеттерді  игеруге,  өздігінен  ол 
жетіле  алмайтындығын  айта  келіп,  ол  үшін 
арнайы  тәрбие  ортасының  болуы  керек  деп 
санайды. Ондай ортаның негізгісі, әрі баланың 
бақытқа  қол  жеткізудегі  қасиеттерінің  негізі 
қаланатын  тәрбие  ошағы  –  отбасы  ортасы 
екендігін мынадай сөзбен келтірген:
«Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі 
үшін  ең  жоғары  кемелділік  дәрежесіне  жету 
үшін  көп  нәрсе  керек,  ол  мұны  өзі  жалғыз 
жүріп  таба  алмайды  және  бұған  жету  үшін 
ол  қандай  да  бір  адам  қауымын  қажет  етеді. 
Осы қауымдағы адамдардың әрқайсысы оған 
қажетті  нәрселердің  жалпы  жиынтығынан 
қандай бір затты тауып беріп отырады. Оның 
бер  жағында  әрбір  адам  өзінен  басқа  екінші 
адам  жөнінде  де  нақ  осылай  күйге  түседі. 
Міне,  сондықтан  да  бір-біріне  көмектесіп 
отыратын  біреуі  екіншісінің  өмір  сүруіне 
қажетті  нәрселердің  бір  бөлігін  тауып  беріп 
отыратын  көптеген  адамдар  бірлестіктері 
арқылы  ғана  адам  өзінің  жаратылысына  сай 
кемелдік  дәрежесіне  жете  алады»  [3],  -  деп 
от ба сында  өзара  көмек  пен  ынтымақтастық 
болғанда  ғана  ортақ  мүддеге  қол  жеткізуге 
болатындығын  және  сол  арқылы  әрбір 
отбасы  мүшесі  өз  мүддесіне,  бақытына  қол 
жеткізетіндігін  айтқан.  Бұдан,  отбасында 
адамдар  бақыт  жолына  өзара  көмек,  достық, 
бірлік қатынаста өмір сүруі ләзім дей отырып, 
әл-Фараби  «Адамдар  туралы  айтсақ  оларды 
қосатын  және  байланыстыратын  дәнекер, 
тұтқа  –  адамгершілік  болып  табылады.  Сон-
дықтан,  адамдар  отбасында  адамзат  тегіне 
жататын  өзара  бейбітшілікпен  татулықты 
сақтауы керек» [3], - деп тұжырым жасйды.
Әл-Фараби мінез-құлық тәрбиесіне айрық-
ша мән берген. Ол өзінің «Бақытқа жету жо-
лын да»  деген  еңбегінде  «жақсы  мінез-құлық 
пен ақыл күші – адамшылық қасиеттер болып 
табылады. Егер осы екеуі бірдей болып келсе, 
біз  өз  бойымыздан  және  өз  әрекеттерімізден 
абзалдық пен кемелділікті табамыз және осы 
еке уі  арқасында  адам  боламыз,  біздің  өмір 
бей неміз  қайырымды,  ал  мінез-құлқымыз 
мақтаулы болады. Мінез-құлық сапаларының 
абзалы  да,  оңбағаны  да  жүре  пайда  болады 
дей міз.  Адамда  қалыптасқан  мінез-құлық 
бол маса, онда ол жақсы немесе жаман мінез-
құлыққа  тап  болғанда,  қарама-қарсы  мінез-
құлыққа өз еркімен көшіп кетуі мүмкін» [3], 
- деп адамда жақсы мінез-құлық болуын талап 
еткен.
Әл-Фараби  өзінің  «Бақыт  жолын  сілтеу» 
атты  трактатында  мінез  тәрбиесіне  ерекше 
көңіл бөлген. Ол былай дейді: «Мінезділік – 
бақытты  болудың  басты  шарттарының  бірі. 
Кейбір  адамдар  қолдағы  бақытынан  оп-оңай 
айрылады, тіпті бақытсыздыққа ұшырап қала-
ды. Оны мұндай күйге түсіретін – оның нашар 
мінезі» [3].
Әл-Фараби кемел адамды тәрбиелеудің екі 
түрлі әдісін атап көрсеткен. Біріншісі, адамның 
сезіміне әсер ететін иландырғыш – нақыл сөз-
дер әдісі. Бұл әдіс арқылы адамдарды өз еркімен 
игілікті істерді жасауға жігерлендіруге болады. 
Ал екіншісі – өз еркімен, өз қалауымен жөнге 
келмейтін,  сөзге  құлақ  аспайтын,  бүлікшіл 
жә не  көнімсіз  ересек  адамдарға  қолданатын 

50
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
күштеу әдісі [3].
Әл-Фараби жалпы қауым мүшелерін, оның 
ішінде әсіресе жастарды тәрбиелеуде аталған 
«жұмсақ әдіс» пен «қатты әдісті» ұштастырып 
қолдануды талап етті.
Сонымен  ғұлама  қоғамда  «Кемел  адамды 
тәрбиелеу  дегеніміз  –  халықтардың  бойына 
бі  лімге  негізделген  этикалық  ізгіліктер  мен 
өнерлерді  дарыту  әдісі  деген  сөз»  [3],  -  деп 
қорытындылаған.
2.Ғұлама  Ж.Баласағұни  өзінің  «Құтты  бі-
лік»  дастанында  адамның  өмірінде  білімнің 
мәні, бақыт туралы, іс-әрекеттің оңы мен те-
рісі,  тілден  келетін  пайда  мен  зиян,  әр  текті 
жұртшылықтың  тілін  табу,  жанұя  мен  неке, 
ұл  мен  қыздың  өнегелі  тәрбиесі,  ата-анамен 
балалардың  қарым-қатынасы  мәселелері  ке-
ңінен сөз болған [4].
Дастанда жақсы мінез-құлықты тәрбиелеу 
мәселесі  айрықша  айтылған.  Өйткен  жақсы 
мі нез-құлық  кемелділік  өлшемі  ретінде  қа-
былданып, ол туралы ақын былай дейді: «Кі-
сілік  қымбат  емес,  кішілік  қымбат»;  «Ұлық 
болсаң, кішік бол»; «Жақсы мінез-құлық әдеп-
тілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тә-
лім-тәрбиесіне  байланысты»  [4]  деп  түйеді. 
Сондай-ақ  Жүсіп  ақыл,  білім,  білік  туралы: 
«Ақыл  қайда  болса,  ұлылық  сонда»;  «Білім 
кімде  болса,  сол  білікті  болады»  [4],  -  деп 
пікірлер айтқан.
Ж.Баласағұнидің  отбасында  қыз  бала 
тәр биесіне  және  ер  бала  тәрбиесіне  де  ата-
ананың  орнын  ешкім  ауыстыра  алмақ  емес, 
әсіресе  ер  бала  тәрбиелеуде  әкенің  жеке  ба-
сы ның  өнегесі,  оның  мінез-құлқы  мен  тұл-
ғалық  қалыптасуында  маңызды  деп  санаған. 
Ол  былай  дейді:  «Ұл-қыз  кесір,  болса  ессіз, 
парықсыз,  өнегесі-ай  әкенің,  ұл  әкенің 
арқасында жаралар, Ана қарнын, тек бірнеше 
ай паналар» [4].
Сондай-ақ  отбасында  ұл  мен  қыздың 
тәрбиесі ең маңызды екендігін ақын: «Ұл мен 
қыздың  өнегесі  ата-ана,  Бәрі  бізден  –  дұрыс 
па, әлде қата ма» [4], - деп бала тәрбиесіндегі 
жетістік те, теріс қылықтар да бәрі – ата-ана 
өнегесі мен берген тәрбиесінің нәтижесі екен-
дігін  дәлелдейді.  Ғұлама  ақын  отбасында 
ба ла ларға  адамгер шілік  тәрбиесін  беруді, 
ол  үшін  адамгершілік  қа сиеттерді  сәби 
шағынан  олардың  бойына  да рыту  қажеттігін 
былай  айтқан:  «Сәбиінде  кө кірекке  түйгені, 
өлгенінше санасында жүреді [4].
Жүсіп  отбасында  баланы  шектен  тыс  ер-
ке летіп  өсірудің  түбі  кері  нәтиже  беретінін 
ескерте отырып былай дейді:
Шолжаңдатпа, білсін тәртіп, талапты,
Талап қысқан бала құты, талантты, [4] деп 
қатаң тәртіп нақтылық пен ұқыптылықты қа-
лып тастыратынын айтады.
Ақын қыз бала тәрбиесінде оның ер балаға 
қарағанда  ерте  есейетінін  ескере  келіп,  қыз 
бала тәрбиесінде еркелікке жол бермеуді жөн 
деп санайды. Ол «Кім ұл-қызын шолжаңдатса 
бетімен,  тартар  күйік,  ет  кескендей  етінен» 
[4] деп, ұл және қыз баласының шектен тыс 
еркелігі  ата-анасына  үлкен  сын  боларын 
түсіндіреді.  Ол  үшін  қатал  тәрбие  әдістерін 
қолдануды кеңес береді:
«Талшыбықпен аршы қырсық-түйнектен, 
Ұл  мен  қызға  таяқ  білім  үйреткен»  [4] 
деп  білімді  меңгеру  үлкен  табандылық  пен 
шыдамдылықты  қажет  ететіндігін,  ол  үшін 
балаға  қатаң  талап  қоюдың  маңыздылығын 
сипаттайды.
Балаға  отбасында  қатаң  тәртіптің  болуы 
қа шан  да  ата-ананы  қуанышқа  бөлейтінін, 
ақын:  «Жаны  жұмсақ  –  қатты  ұстаған  бала-
ның,  Жарық  жүзі  ата  менен  ананың»  [4] 
деп  тәртіпке  үйренген  балалардың  қашанда 
жауапкершіліктерінің  жоғары  болып,  ата-ана 
көңілінен шығып отыратынын түсіндіреді.
Сонымен,  «кемел  адам»  тұлғасын  қалып-
тастыру  мәселесінің  теориялық  негіздеріне 
ор та  ғасырлық  Шығыс  ойшылдарының 
көз қарастарын  алу  арқылы  жеке  тұлғаны 
ұлтжанды зияткер азамат етіп қалыптастыруға 
болады.

51
ҰЛТТЫҚ ТҰЛҒА
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы». – Астана, 2007.
2.Құнанбаев А. Қара сөз, поэмалар. –Алматы: Ел, 1992.
3.Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1975.
4.Баласағұн Ж. Құтты білік. – Алматы: Жазушы, 1986.
5.Иасауи А. Диуани хикмет. – Алматы: Мұраттас, 1993.
6.Әтемова Қ.Т. Қазақ отбасы тәрбиесінің тарихы. – Алматы: Қазақ университеті, 2007.
«Кемел­адамды­тәрбиелеу­дегеніміз­–­
халықтардың­бойына­білімге­негізделген­
этикалық­ізгіліктер­мен­өнерлерді­
дарыту­әдісі­деген­сөз»
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Әл-Фараби.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет