№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет3/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Қазақстан 
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. // Ақиқат. 
№1. - 2013. - 5-27 бб.
2.  Электрондық ресурс – Сократ. 
http://www.sokrat.info/ideas.html
.
3.  Платон. Государство. Собрание сочинений в 4-х т. - М.: Мысль, 1994. - Т.З - С. 79-420.
4.  Аристотель. Метафизика. Сочинения в 4-х т. - М.: Мысль, 1976. - Т. 1. - с. 63-367.

25
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
5.  Жүсіп Баласағұн. Құтты Білік. Асқар Егеубаевтың аудармасы. http:jusip-balasagun.narod.
ru - 614 б.
6.  Мағауин М. Қобыз сарыны. - Алматы : Мектеп, 2003. - 192 б.
7.  Назарбаев Н.А. Тарих толқынында. - Алматы. – Алматы: Атамұра, 1999, – 296 с.
8.  Уәлиханов Ш. Таңдамалы, 2-басылым. Алматы: Жазушы, 1985. 560 б.
9.  Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар (екі тілде) - Алматы: Ғылым, 1955. - 413 б.
10. Абай (ИбраҺим) Құнанбайұлы. Шығ. екі томдық толық жинағы. І, ІІ томдар. Алматы, 
Жазушы. 1995. – 336 б.
11. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1988. – 230 б.
12. Құдайбердіұлы  Ш.  Үш  анық.  «Қазақстан»  және  «Ғақлия»  ғылыми  әдеби  орталығы. 
Алматы. 1991, 80 б. 
13. Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973. – 220 б.
«Егер­де­есті­кісілердің­қатарында­болғың­келсе,­
күнінде­бір­мәрте,­болмаса­жұмасында­бір,­
ең­болмаса,­айында­бір,­өзіңнен­өзің­есеп­ал!­
Сол­алдыңғы­есеп­алғаннан­бергі­өміріңді­
қалай­өткіздің­екен,­не­білімге,­не­ахи­ретке,­
не­дүниеге­жарамды,­күнінде­өзің­өкінбестей­
қылықпен­өткізіппісің?­Жоқ,­бол­маса,­не­қылып­
өткізгеніңді­өзің­де­білмей­қалыппысың?»
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Абай­Құнанбайұлы.

26
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.05
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕНІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТАРИХИ 
АЛҒЫШАРТТАРЫ
Ш.И. Джанзакова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Педагогика 
кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, Атырау қ.
Г.Б. Өтегенова
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің «Педагогика және 
психология» мамандығының 2 курс магистранты, Атырау қ.
Берілген  мақалада  ұлттық  тәрбиенің  дамуы  мен  қалыптасуының  тарихи  алғышарттары, 
алғашқы қауымдық құрылыс кезiндегi сақтар мен ғұндардың жауынгерлiк, Ұлы Түрiк қағанаты 
кезiндегi  тәлiм-тәрбиесіне,  Араб  Шығыс  мәдениетi,  орта  ғасыр  ойшылдарының  тәлiмгерлiк 
ой пiкiрлерi, қазақ хандығы кезiндегi ұлттық тәлiм-тәрбие көрiнiстерi, Қазақстанның Ресейге 
қосылу  кезiндегi  ұлт-азаттық  қозғалысымен  ағартушылық-демократиялық  бағыттағы  тәлiм-
тәрбиеге,  Кеңестiк  дәуiрдегi  ғылыми-педагогиканың  қалыптасуына,  тәуелсiз  Қазақстандағы 
ұлттық  тәлiм-тәрбиенiң  ерекшеліктері  мен  дамуына  тоқтала  отырып,  олардың  тарихи 
маңыздылығын айқындауға мүмкіндік жасалған.
Тірек сөздер: ұлт, ұлттық тәрбие, сақ, ғұн, Ұлы түркі қағанаты, тәуелсіз Қазақстан.
В статье рассматриваются исторические предпосылки и значимость развития и становления 
национального воспитания в период первобытнообщинного строя, боевые поступки саков и 
гуннов,  великого  тюркского  Каганата,  Восточно-Арабской  культуры,  воспитательные  идеи 
мыслителей  средневековья,  при  Казахском  ханстве,  просветительский-демократические  и 
национально-освободительные  направления  в  эпохе  присоединения  Казахстана  к  России, 
научно-педагогические  основы  формирования  в  советской  эпохе,  особенности  развития 
национального воспитания в независимом Казахстане. 
Ключевые слова: нация, национальное воспитание, саки, гунны, Великий тюрский каганат, 
независимый Казахстан.
Development and formation of national education historical prerequisites a primitive-communal 
system, at education, the Arab East culture, midcentury Saka and characteristic draft of Huns fighting, 
great Turkish Kaganate at the Kazakh khanate, the Soviet education educational-democratic eras at 
connection to Kazakhstan to Russia in the direction of creation national education of representation, 
opinion, Tutorial a thought in independent Kazakhstan to formation, scientific pedagogics at National 
liberation the movement, their historical importance, allow to define feature of the head.
Key  words:  nation,  national  education,  Saka,  Huns,  Great  Turkish  Kaganate,  independent 
Kazakhstan.
Ұлт болып қалыптасудан бастап әр ұлттың 
өзіне  тән  ұлттық  құндылықтары  дамып,  қа-
лып тасып,  тарихи  даму  үдерісіне  енеді.  Біз 
ұлттық  тәрбиенің  дамып  қалыптасуына  ке-
ле тін  болсақ  алғашқы  даму  үдерісі  сақ,  ғұн 
дәуірінен бастау алатынын зерделейміз. Көш-
пен ділердің  тарихына  зер  салатын  болсақ 
Күлтегін, Тоныкөк, Ер Едіге, ел намысын қол-
дан  бермеген  Жалаңтөс,  Қарасай,  Қабанбай, 
Бөгенбай, Наурызбай т.б. баһадүр батырлардың 
ерен ерлігі ұлттық тәрбиенің биік шыңы деп 
бағалаймыз.
«Ұлттық  тәрбие  беру  –  әр  адамзаттың  өз 
Отанына деген саналы қатынасын, мемлекеттік 
тілді,  мемлекет  құрушы  ұлттың  мәдениетін 
меңгеруді,  мемлекеттің  ұлттық  бірлігін  ны-
ғай ту  қажеттілігін  түсінуді  қалыптастыру. 
Сонымен бірге тәуелсіз Қазақстанның жетіс-
тіктеріне мақтанып, ұлттық рухты күшейтуге, 
азаматтық  борыш,  перзенттік  парыз  ұғым да-

27
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
рын дұрыс қалыптастырып бағыттауға, бола-
шақ  мамандардың  кәсіби  жауапкершілігін 
дамы туға ықпал ету [1].
Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі өмір бо-
йы жалғасатын біртұтас үздіксіз үрдіс ретінде, 
адамның  этнос  субъектісі  ретінде  этностық 
құндылықтарды, этноәлеуметтік рөлдерді жә-
не  халқының  салт  дәстүрінде  шоғырланған 
этностық нормаларды меңгерту, этностық өзін-
дік санасын оятып, өз ұлтына, тіліне, тарихына, 
мәдениетіне  деген  мақтаныш  сезімін  және 
бас қа  ұлт  өкілдеріне  сыйластық,  түсіністік 
сезімін  қалыптастыруды  көздейді»,  деп  атап 
көрсеткендей  ұлттық  рухы  күшті  тұлғаны 
дамытып қалыптастыруға бағытталады [2].
Ұлттық  тәрбиенің  дамуы  мен  қалыптасу 
та ри хынына тоқталатын болсақ белгілі ғалым 
С.Қалиев оны шартты түрде сегіз дәуірге бөліп 
қарастырады:
1.Алғашқы  қауымдық  құрылыс  кезiндегi 
тәрбие;
2.Сақтар  мен  ғұндардың  жауынгерлiк 
тәрбиесi;
3.Ұлы  Түрiк  қағанаты  кезiндегi  тәлiм-
тәрбие;
4.Араб  Шығыс  мәдениетi,  орта  ғасыр  ой-
шыл дарының тәлiмгерлiк ойпiкiрлерi;
5.Қазақ  хандығы  кезiндегi  ұлттық  тәлiм-
тәрбие  көрiнiстерi  (жыраулар  поэзиясындағы 
тәлiмдiк ойлар);
6.Қазақстанның  Ресейге  қосылу  кезiндегi 
ұлт-азаттық қозғалысы мен ағартушылық-де-
мок ратиялық бағыттағы тәлiм-тәрбие;
7.Кеңестiк  дәуiрдегi  ғылыми-педагогика-
ның қалыптасуы;
8.Тәуелсiз  Қазақстандағы  ұлттық  тәлiм-
тәрбиенiң өркен жаюы [3].
Жоғарыда көрсетілген әр кезеңнің дамуына 
сәйкес  ұлттық  тәлім-тәрбиенің  де  өзіндік 
қа лыптасу  ерекшеліктері  болғаны  белгілі. 
Ғалымдардың  зерттеуі  бойынша  алғашқы­
қауымдық­ құрылыс­ кезiндегi  тәрбиеде  адам-
дардың  еңбекке  деген  қатынасын  ерек ше 
бағалауға  болады.  Келесі  сақтар­ мен­ ғұн-
дардың­ жауынгерлiк­ тәрбиесi­ ұлы  даладағы 
ерен  ерліктер,  жауынгерлік  салттар  мен 
дәс түрлердің  ерекше  дамыған  тұсы  екенің 
көреміз. Ұлы Түрiк қағанаты кезiндегi тәлiм-
тәрбие  ұрпақтың  бойындағы  қайраттылық, 
жігерлілік ұстанымдары басым болғаны айқын 
аңғарылады.
Ұлттық ерлік дәстүрінің тарихи маңызды-
лығын  зерттеген  профессор  С.Т.Иманбаева 
ұлттық  тәрбиенің  негізінде  оқушыларға 
пат риоттық  тәрбие  берудің  жолдарына, 
әсіресе  қазақ  халқының  көшпелі  тіршілігіне 
байланысты  жан-жақты  талдау  жасау  бары-
сында ерлік тәрбиесіне:
-әр кезеңдегі батырлық, ерлік істер болашақ 
ұрпақты тәрбиелеуде тәрбиенің негізгі құралы 
болып саналған;
-ерлік, даңқтың, ұлы жеңістің белгісі ретін-
де  туға  деген  құрмет  пен  сүйіспеншілік  аса 
жоғары болған;
-тарихи әндер, әсіресе әскери әндерге деген 
құрмет және сол арқылы халықтың патриоттық 
рухын көтеріп отырған;
-батырлар,  ерлер  ұстаған  қару-жарақтар 
киелі  саналған,  ұрпақтан-ұрпаққа  елі  мен 
жерін  қорғау  үшін  және  сол  жерді  болашақ 
ұрпағына аманаттау үшін мұра ретінде беріліп 
отырған;
-көшпелі  өмір  тіршілігіне  байланысты 
ба тыр лар  мінген  аттарына  аса  құрметпен 
қарағаны  туралы  зерделеуі  бүгінгі  ұрпақ 
тәрбиесіне  өзіндік  ықпалы  бар  екеніне 
тоқталады [4].
Бүгінгі келе жатқан ұрпақты ұлттық дәстүр-
лер  арқылы  тәрбиелеуде  тұлғаның  бойында 
ерлік рухты қалыптастыруды, бабалар аманат-
таған  ұлан  байтақ  елінің  тәуелсіздігі  үшін 
кү ре сетін  ұрпақты  қалыптастыруға  толық 
жағдай бар екенін көреміз.
VI-VIII ғ.ғ. ескерткiштер: түркi көсемi Бiлге 
қаған,  Күлтегiн  батыр  мен  ақылгөй  Тоныкөк 
құрметiне  қойылған  құлпытастар,  IV-IX 
ғасырдағы көне түркі ескерткіштері – Орхон 
жазба  ескерткіші  –  Күлтегін,  Білге  қаған, 
Тоныкөк жазбалары.
Түркі халқының батыры Күлтегін туралы: 
«Сәби кезінде ертоқым оның бесігі, жауынгер 
кезінде  ертоқым  оның  отырар  тағы  болды. 
Оның ойыны да, өмірі де соғыс өнерін үйрену-
мен өтті. Елтеріс қағанның алғырлығы, еліне 

28
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
деген  сүйіспеншілігі  Күлтегіннің  қанына  ана 
сүтімен  сіңді»,  -  деуінен  отбасы  тәрбиесінің 
өзіндік  ерекшелігін  айқын  көруге  болады. 
Расында  да,  тарихи  дамуды  қарастыратын 
болсақ әр дәуірден ұлтымыздың қалыптасуы 
мен дамуын көреміз. VI-VIII ғ.ғ. жауынгерлік 
дәстүр және ерлікті қалыптастыратын қасиет-
тер:  ел  қорғау  дәстүрі;  жер  қорғау  дәстүрі 
жауынгер-ізбасар  дайындау;  байрақты  жеңіс 
тұғырынан  түсірмеу;  серттесу;  анттасу,  ант 
беру;  адамгершілік;  ар-намысты  жоғары  ұс-
тау;  іс-әрекеттегі  батылдық,  шешімталдық; 
ел жан дылық  [4].  Осындай  көне  тарихымен, 
рухани  мұраларымен  атадан  балаға  мирас 
болып  келген  тарихи  өлкенің  ешкімге  ұқ са-
май тын,  ешкіммен  салыстыруға  болмай тын 
философиялық  ойлардың  дамып,  қалыптас-
қанын  тарихи  мұраларға  талдау  жасағанда 
айқын аңғарамыз.
Орта­ ғасыр­ ойшылдарының­ тәлiмгерлiк­
ой-пiкiрлерi  негізінен  ұлы  ғұламалар  Қорқыт 
ата,  әл-Фараби,  Жүсіп  Баласағұн  «Құтты 
білік»,  Махмут  Қашғари  «Түркі  тілдерінің 
сөздігі»,  Қожа  Ахмет  Яссауи  «Даналық 
кіта бы»,  А.Иүгінеки  «Ақиқат  сыйы»,  Асан 
Қайғы, Мухаммед Хайдар Дулати, Қадірғали 
Қасымұлы Жалаири т.б мұралары бүгінгі ұрпақ 
тәрбиесіне  тарихи  мұраларды  қалдырумен, 
олардың  келбеттері  сомдала  бүгінгі  ұрпақ 
мұратына айналып отыр. 
Қазақ­ хандығы­ кезiндегi­ ұлттық­ тәлiм-
тәрбие­көрiнiстерi (жыраулар поэзиясындағы 
тәлiмдiк ойлар) ауыз әдебиетінің нағыз қайнар 
көзінен  қалыптасқанын  көреміз.  «Қазақтың 
тәлім тәрбие тарихы» атты еңбекте қазақтың 
тәрбие мектебi – ақын-жазушылар мен билер-
дiң өсиеттерi, ғибраттары және халық мақал-
мәтелдерi,  тыйым  сөздерi  мен  ұлттық  салт-
дәстүрлерi, әдет-ғұрпы десек артық болмайды. 
Халықтық  осы  қағидалар  шын  мәнiсiнде 
жас  ұрпақ  түгiлi,  ересек  адамдарға  да  үлкен 
әсерiн  тигiздi,  ұлттың  сана-сезiмiн  оятты, 
тәлiмдiк-тәрбиелiк,  танымдық  мектебiне  ай-
нал ды.  Жалпы  ХV-ХIХ  ғ.ғ.  акын  жыраулар 
поэзиясын  сөз  еткенде  олардың  халық  үшiн 
еткен  еңбегiне,  ой  қиял  өрiстеу  өресiне, 
қимыл,  әрекет-iсiне  қарай  үш  топқа  бөлiп: 
жауынгер  жыраулар:(Доспанбет,  Жиенбет, 
Ақтамбердi,  Махамбеттер);  мәмiлегер  (Асан-
қайғы,  Сыпыра  жырау,  Үмбетей,  Бұқар); 
тәлiмгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар 
деп шартты түрде жiктеуге болады. Ақын-жы-
раулар өлең-жырларымен де, өнегелi iсiмен де 
халыққа  белсене  қызмет  етiп,  ел  ұйытқысы, 
тәлiм-тәрбие мектебiнiң ұстазы бола бiлдi», - 
деп атап көрсетуі де ұлтқа тән ерекшеліктер, 
суырып салма ақындықпен бірге ұлттық руха-
ни құндылықтарды қалыптастыруда аса күшті 
тәрбие құралы болғанын көреміз [3].
Кезінде  алаштың  азаматтары  негізін  қала-
ған  ұлттық  білім  беру  жүйесі  бүгінгі  таңда 
өз  дәрежесінде  жалғасын  тапқанын  көруге 
болады. ХХ ғасырдың басында ұлт зиялылары 
А.Байтұрсынов,  М.Дулатов,  Ж.Аймауытов, 
М.Жұмабаев  т.б.  ұлттық  білім  мен  тәрбие 
жүйесінің негізін қалады. Зиялы қауым өкіл-
дерінің  негізгі  миссиясы  –  бақытты  зиялы 
ұлтты қалыптастыру еді.
Алғашқы «Педагогика» оқулығының авто-
ры М.Жұмабаев ұлттың бақытты болуы үшін 
неге көңіл аудару керек екенін нақты көрсете 
білді.  Ғалымның  айтуынша  «Ұлт  бақыты  – 
тәрбиеден  мақсұт  адамды  һәм  сол  адамның, 
ұлтын асса, барлық адамзат дүниесін бақытты 
қылу. Ұлт мүшесі – әрбір адам бақытты болса, 
ұлт бақытты, адамзат дүниесінің мүшесі – әрбір 
ұлт бақытты болса, адамзат дүниесі бақытты», 
- деп, қоғам мүшелерінің бақытты болуы ұлт 
бақытының негізі екеніне тоқталады.
Осыдан бір ғасыр бұрын жазылған тұжы-
рым ХХI ғасыр қоғамын қалыптастыруда не-
гізгі мұрат болып табылады. «…әрбір ұлт тың 
баласы  өз  ұлтының  арасында,  өз  ұлты  үшін 
қыз мет  қылатын  болғандықтан,  тәрбиеші 
ба  ла ны  сол  ұлт  тәрбиесімен  тәрбие  қылуға 
міндетті», - деп ұлттық тәрбиеге аса мән береді 
[5].
Расында  да,  ХХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХI 
ғасыр  басында  тәуелсіз  елімізде  қоғамдық 
даму  үрдісінде  ұлттық  рух,  ұлттық  тәрбиеге 
деген бетбұрыс айқын байқалады.
Ұлттық  парыз,  намыс,  сезім,  сана,  рух, 
т.б.  құндылықтар  ұлттық  идеяның  негізгі 
көрінісі болып табылады. Ұлттық идея рухани 

29
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
құндылықтарды жаңғыртуда үлкен дем береді. 
Ұлттық  рух  –  бұл  ұлттың  ішіндегі  жеке 
адамның  асыл  белгісі  мен  қасиеті.  Ұлттық 
идея – ұлттық болмыстың, тарихтың көрінісі.
Жас  ұрпақ  бойындағы  ерлік  пен  елдіктің 
рухын себетін негізгі күш – туып өскен жері 
мен елі, ұлттық мұра мен ұлттық байлығымыз 
екені  дау  туғызбайды.  Ұлттық  рухты  қалып-
тастыруда жеке адамның рухы мен халықтың 
руханилығы негізгі орын алады.
Қоғамда ұлттық, ұлттық патриотизм, ұлттық 
тәрбие ұғымына әртүрлі көзқарас бар. Ұлттық 
деген ұғымды жекеленген, оқшауланған ұғым 
деп қабылдауға тырысады. Жоқ, ұлт бар жер-
де,  ұлттық  патриотизм  бар.  Қазақ  хал қының 
жер  бетінен  жойылмай  сақталуы  да  ата-
бабаларымыздың  ұлттық  рухының  жоғары 
болуында  десек  артық  айтпаған  болар  едік, 
яғни бұл – тарихи шындық.
Ұлтжандылық  дегеніміз  –  елі  мен  жерін, 
хал қының бостандығын және мемлекет ретін-
де  тәуелсіздігін  сақтау,  ұлт  намысын  жоғары 
дәрежеде  ұстау  үшін  күресу.  Яғни,  аталған 
идеяларды  іске  асыру  бүгінгі  жаһандандыру 
үрдісінде,  ұлттық  идеялардың  әлемдік  идея-
лар мен  өзара  сабақтастыру  жағдайында,  Қа-
зақ  станның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50 
мемлекет  қатарынан  көрінуі  тұтас  педаго-
гикалық  процестен  күрделі,  түбірлі  өзгерісті 
талап етеді.
Тәуелсiз  Қазақстандағы  ұлттық  тәлiм-тәр-
бие нiң  өркен  жаюы.  Бүгінгі  жас  ұрпақ тың 
бойында  ұлттық  құндылықтарды  қа лып-
тас тыру  мәселесі  терең  зерттелген  уа қыт. 
Еліміз  тәуелсіздік  алуымен  ұлттық  тәрбие-
міз  қоғамдық-әлеуметтік  ортаға  кеңінен  те-
рең  бойлай  бастағаны  белгілі.  1995  жылы 
тәуелсіз  Қазақстанның  алғашқы  «Тәрбие 
тұ  жы рымдамасы» 
қабылданды. 
Тәрбие 
тұжырымдамасының негізгі мақсаты – қоғам-
да  ұлттық  құндылықтар  негізінде  тәрбие 
кеңістігін  құруға  бағытталған  болатын. 
Осы  тұста  алғашқы  ұлттық  негіздегі  тәрбие 
бағдарламалары жарияланды. «Алтын көмбе», 
«Атамекен», «Болашақ», «Мың бала» т.б. тіз-
бек теліп  оқу-тәрбие  үдерісінде  сұраныспен 
іске  асты.  Сонымен  қатар,  түркі  халқының, 
қазақтың  ХV  ғасырлық  тарихын  жинақтаған 
педагогикалық  Антология  ұлттың  білім  беру 
саласына, мәдениетіне қосылған тарихи құнды 
еңбектер болып табылады. 
Ұлттық  тәрбиенің  теориялық-әдіснамалық 
негіздері, әдістемелік қағидаттары ай қын дал-
ды. Ұлттық тәрбие мәселесін зерделегенде біз 
алғашқы  ұлттық  тәрбие  бойынша  ғылыми-
теориялық  тұрғыда  зерттеу  жүргізген  Алма 
Мұхамбаеваны  атап  өтеміз.  1973  жылы  жас 
ұрпаққа ұлттық тәрбие негізінде тәрбие беру 
деген идеяны негізге алып алғашқылардың бірі 
болып  педагогика  саласы  бойынша  ғылыми-
зерттеу  жұмысын  қорғаған  ғалымдардың  бір 
болып табылады.
1991-2010  жылдар  аралығында  ұлттық 
пе  да  гогиканы  оқу-тәрбие  үдерісіне  енгі-
зу  мәселесі  Қ.Жарықбаев,  С.Қалиев,  Ә.Та-
был диев,  Қ.Бөлеев,  К.Қожахметова  т.б., 
рухани адамгершілік тұрғысынан патри от  тық 
құндылықтар,  ерлік,  елжандылық,  жа уын -
герлік  тәрбие  тұрғысынан  Ж.Ж.Нау рызбай, 
С.Ешімханов, С.Т.Иманбаева, Х.Қ.Шал ғын ба-
ева, С.Қ.Әбділдина, К.Ораз бекова, К.Ж.Тө ре -
баева,  Ғ.М.Кертаева,  Е.Ө.Жұ матаева,  Г.Бел гі-
баева,  М.Құрсабаев,  Б.Иманбекова,  т.б.,  эс те-
ти калық  бағытта  М.Балтабаев,  С.Ұзақ баева, 
Р.Дүйсенбінова,  Г.Қарамолдаева  т.б.  бүгінгі 
үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық тәрбиені 
енгізуде  іргелі  үлес  қосқан  ғалымдар  деп 
атауға болады.
Педагогикалык энциклопедиялық сөздiкте: 
«Халық педагогикасы дегенiмiз – ұлттар мен 
ұлыстардың  әлденеше  ғасырға  созылған  ұр-
пақ  тәрбиесiндегi  ұлттық  әдет-ғұрыптары 
мен  дәстүрлерiнiң,  мәдени  ойлау  процесiнiң 
эмпирикалық  негiздегi  озық  үлгiлерiнiң  жи-
ын тығы.  Халық  педагогикасының  негiзгi  тү-
йiнi  –  еңбек  тәрбиесi  және  өндiрiстiк  бiлiм, 
дағды,  шеберлiктердi  жас  ұрпақтың  бойына 
дарытып, адамгершiлiк, имандылық рухында 
тәрбие  беру»  [6,  291],  -  деген  тұжырымды 
не гізге  ала  отырып,  профессор  С.Қалиев 
тұл ғаны  ұлттық  құндылықтар  негізінде 
тәрбиелеуде  төмендегі  ұстанымдарды  ұсы-
на ды:  ақылды,  арлы,  намысқой  азамат  бо-
лу ын  қарастыру;  еңбексүйгiш,  елгезек  етiп 

30
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
тәрбиелеу;  тән  сұлулығын  қарастыру,  әсем-
дiкке  баулу;  адамгершiлiк  қасиеттерге  (iзгi-
лiк ке,  имандылыққа,  қайырымдылыққа, 
адал   дыққа  т.б.)  тәрбиелеу;  отансүйгiштiкке, 
ұлтжандылыққа  бүкiл  адам  баласын  сүюге 
тәрбиелеу;  «Жiгiтке  жетпiс  өнер  аз»,  «Өнер 
өрге  сүйрейдi»  деп  қарап,  өнер  мен  бiлiмдi 
насихатттау; табиғатты, қоршаған ортаны ая-
лауға,  әсемдiкке  тәрбиелеу;  дененi  шынық-
тыруға тәрбиелеу [3].
Сонымен  қатар,  ғалым  «Қазақ  этно пе да-
го гикасының  теориялық  мәселелері»  атты 
мо нографиясында  халықтық  тәрбиенiң  осы 
басты қағидаларының ғылыми педагогикамен 
байланысы  қандай  дегенге  төмендегі  сегіз 
қағиданы басшылыққа алуды көздейді:
Халық педагогикасында тәрбие iсi баланың 
жас  ерекшелiгiн  ескере  отырып  жүргiзілген. 
«Ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес 
жасқа  дейiн  қосшыңдай  сана,  он  бес  жастан 
асқан  соң  ақылшы  досыңдай  бағала»  деген 
мәтел  баланы  еркiн  тәрбиелеудiң,  көмекшiм 
деп  үмiтпен  қараудың,  ақылшым  деп  тең 
санаудың қажеттiгiн меңзейдi. Ал бұл ғылыми 
педагогиканың  ынтымақтастық  принципiмен 
қабысып жатыр.
Халық  педагогикасында  тәрбие  iсiн  әр 
баланың  жеке  бас  ерекшелiктерiн  (пси холо-
гиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. 
«Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екен-
сiң», «Бiр биеден ала да туады, құла да туады», 
«Балаңа  үмiт  арту  –  әкенiң  парызы,  ақтау  – 
ба ла ның  қарызы»  деп  ой  түйiндеген.  Халық 
педагогикасы  баланың  тәрбиесi  ту  ған,  өскен 
ортасына,  ата-ананың,  отбасы  үлкендерiнiң, 
ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған.
Халық педагогикасының тағы бiр принципi 
балаға  үлкен  талап  қоя  бiлуге,  оның  жеке 
басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жi бер-
ген  қателiктерiн  үлкендер  дер  кезiнде  бақы-
лап,  дұрыс  жолға  салуды  мақұлдаған.  «Ата 
–  ба ла ға  сыншы»,  «Баланың  балалығына 
әке нiң  даналығы  бар»,  «Ақырып  айтқаннан 
ақылмен  айтқан  артық»  деген  мәтелдер  осы 
ойды  құптаудан  туған.  Яғни,  тәрбиешiнiң 
жылы  жүректi  болуын,  тапқырлық  тәсiлмен 
тәрбиелеуiн орынды санаған.
Шәкiрттi  тәрбиелеу,  оқыту  барысында 
ақыл -ойын  дамыту  бүгiнгi  педагогиканың  ең 
көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып 
тәрбиелеу  iсi  асқақ  арманмен  байланысты. 
Осы ны құптаған ата-бабамыз «Армансыз ұлан 
– қанатсыз қыран», «Арманы жоқтың пәрменi 
жоқ» деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға, 
ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
Халық  педагогикасының  негiзгi  прин цип-
терiнiң бiрi – тәрбиенiң бiртұтастығы. Тәрбие 
iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат 
бiрлiгiнен туындайды. Кез келген тәрбие құра-
лы на талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi (еңбек, 
ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк т.б.) iштей са-
бақ тасып жатады. Оны бесiк жырынан, бата-
тiлектер  мен  терме  толғаулардан  байқауға 
болады. Тәрбие iсiн кешендi жүргiзудi ғылыми 
педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
Тәрбие  iсiнiң  туғаннан  өмiр  бойы  үздiксiз 
жүргiзiлуiн  халық  педагогикасы  да,  ғылыми 
педагогика да құптайды. Халық педагогикасы 
отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақал да-
ры, өнер иелерi тү гел қатынасатын ұжым дық 
тәрбие iсiне не гiз делген. Халықтық педаго ги-
ка да «Көп талқысы – тез», «Көп қорқытады, 
терең батырады», «Көпке қарсылық – құдайға 
қарсылық»  деп  ұжымдық  тәрбиенi  құптаған 
[3].
Ұлттық тәрбие ұғымының мән-мағынасын 
ашуда М.Жұмабаев: «Әрбір ұлттың баласы өз 
ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қы-
латын  болғандықтан,  тәрбиеші  баланы  сол 
ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті», деген 
иде ясы қазіргі таңда зиялы қауым өкілдерінің 
негізгі ұстанымына айнылып отырғаны белгілі 
[5].
Халықтық  тәрбие,  ұлттық  психология  мә-
се лесін зерттеген ғалымдардың бірі Қ.Жарық-
баев.  Оның  ХV  ғасыр  тарихын  жинақтаған 
пе дагогикалық  Антологиясы,  қа зақ тың  тә-
лім-тәрбиесі,  ұлттық  психология,  «Аталар 
сөзі  -ақылдың  көзі»  еңбектері  бүгінгі  ұрпақ 
тәрбиесіне  қажетті  асыл  мұра  деп  бағалауға 
болады.
Профессор  К.Ж.Қожахметованың  «Халық 
педагогикасын зерттеудің кейбір ғылыми және 
теориялық мәселелері» атты еңбегі халықтық 

31
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
педагогиканың  даму  тарихы,  салт-дәстүр, 
әдет -ғұрыптардың  өзіндік  ерекшеліктеріне 
жан -жақты тоқталады [7]. «Мектептегі ұлттық 
тәрбие  жүйесі»  атты  монографиясында  ұлт-
тық  тәрбие  жүйесінің  ғылыми  теориялық 
негіздері, мектептегі ұлттық тәрбие жүйесіне 
қойылатын талаптар айқындалған. 
Қазіргі таңда ұлттық тәрбиеге байланысты 
ғылыми  зерттеу  жұмысымен  айналысатын 
ма гис транттар  мен  докторанттардың  ынтасы 
өте  жоғары.  Ұлттық  тәрбиенің  іске  асуы 
үшін,  әсіресе,  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық 
университетінің  ғалымдары  үлкен  жұмыстар 
атқарып  отыр.  Қазақстан  Республикасының 
студент  жастарына  ұлттық  тәрбие  беру  тұ-
жы рымдамасы  дайындалды.  Қазақстан  Рес-
пуб ликасы  Білім  және  ғылым  министрінің 
бұйрығымен 2009 жылы университет жанынан 
Ұлттық  тәрбие  жөніндегі  Республикалық 
үйлестіру  кеңесі  құрылып,  Ұлттық  тәрбие 
элективті курсының типтік оқу бағдарламасы, 
оқу  құралы  дайындалып  республикамыздың 
жоғары оқу орындарының оқу тәрбие үдерісіне 
енгізілді.  Сонымен  қатар  «Ұлттық  тәрбие» 
сериясы  бойынша:  «Ұлттық  тәрбие»  оқу 
құралы,  «Ұлттық  тәрбие:  салт-дәстүр,  әдеп-
ғұрып  негізінде»,  «Ұлттық  тәрбиенің  этика-
эстетикалық негіздері», «Ұлттық тәрбие және 
дін», «Салауатты өмір салтын қалыптастыру» 
және т.б. оқу құралдары басылып шығарылды, 
Республикалық  ғылыми-көпшілік  деңгейде 
«Ұлттық тәрбие» журналы ашылды [8, 38-46; 
81-97].
Қазіргі таңда, ұлттық тәрбие беру мәсе ле-
сі  жан-жақты  қолға  алынып,  іргелі  жұмыс-
тар  жүріп  отырғанына  талдаулар  жасалды. 
«Бәріміздің  де  туған  жеріміз  біреу  –  ол  қа-
сиет ті  қазақ  даласы.  Бұл  дүниеде  біздің  бір 
ғана  Отанымыз  бар,  ол  –  тәуелсіз  Қазақ-
стан.  Біз  болашаққа  көз  тігіп,  тәуелсіз  елі-
міз ді  «Мәңгілік  Ел»  етуді  мұрат  қылдық. 
Бабалардың  ерлігі,  бүгінгі  буынның  ерен  іс-
те рі  және  жас  ұрпақтың  жасампаздығы  ара-
сын да  сабақтастық  болса  ғана,  біз  «Мәң гі-
лік  Ел»  боламыз»,  -  деген  ұранмен  болашақ 
мем ле кетімізді  дамытуда  ұлттық  тәрбие  бе-
ру  арқылы  жеке  тұлғаның  ана  тілін,  ата  та-
ри хын,  салт-дәстүрін,  төл  мәдениетін  мең-
герген, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан жә не 
осы  құндылықтарды  жалпыадамзаттық  құн-
дылықтармен  ұштастыра  алатын  Қазақстан 
Республикасының ұлтжанды азаматын тәрбие-
леу  және  қалыптастыру  мәселесі  жан  жақты 
даму үстінде.

жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет