№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет2/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. «Педагогика». – Алматы, 1998.
2.  ХХІ ғасыр мұғалімі қандай болу керек? // Мұғалім әдіскер. – 2004. – № 4.
3.  Жарықбаев Қ.Қ., Қалиев С.Қ. «Қазақ тәлім-тәрбиесі». – Алматы, 1995.
4.  Нуриев М.А., Садыкова А.Е. Қазіргі заман мұғалімінің болмысы. // Ұлттық тәрбие. – 
№4(36)2016. – 6-11 бб.

15
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
МРНТИ 14.01.07
ПЕДАГОГТЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ БІЛІМДЕНДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
М.А. Нуриев
Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығының 
директоры, профессор, ҚР Жоғары мектебіне еңбегі сіңген қызметкер,
Ы.Алтынсарин атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері
Д.М.Советканова
Абай атындағы ҚазҰПУ, Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ғылыми орталығының
аға ғылыми қызметкері, педагогика ғылымдарының магистрі
Мақалада  педагогтардың  өзін-өзі  кәсіби  жетілдіру  мен  дамытудың  жолдары  мен  алғы-
шарт тары  сипатталады.  Педагог  бүгін  педагогикалық  өзара  әрекет  етудің  ерекше  кәсіби 
технологиясын меңгеруімен, кәсіби және тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің негізі ретінде 
анықталады. Мақалада педагог субъектілігінің (яғни өзін-өзі дамыту қабілеті) құрылымының 
негізгі компоненттері көрсетіледі.
Кәсібилік – ұстаздың психологиялық-педагогикалық, ғылыми-пәндік білім-біліктің мәдени-
адамгершілік ұстанымдарымен үйлесудің жоғары деңгейі.
Түйін сөздер: педагог, біліктілік, өзін-өзі дамыту, сауаттылық, кәсіби құзыреттілік, рефлексия.
Стратегия современного педагогического образования зависит во многом от профессионально-
личностного развития и саморазвитии учителя. Это проявляется в различных аспектах, а именно 
– в способности к самостоятельному осмыслению и трактовке педагогических процессов; в 
целесообразности, обоснованности, свободе действий в ситуациях воспитания и обучения; в 
оригинальности выбора и сочетания средств, форм, позиций, приемов деятельности; в умении 
осознанно влиять на изменение ситуации, в которой эта деятельность осуществляется.
Ключевые слова: педагог, навыки, умения, саморазвитие, профессиональная компетенция, 
рефлексия.
The strategy of the modern teacher education depends largely on the professional and personal 
development and self-development of the teacher. This is reflected in various aspects – namely, the 
ability to self-understanding and interpretation of the pedagogical process; the appropriateness, validity, 
freedom of action in situations of education and training; originality in the selection and combination of 
tools, shapes, positions, methods of work; the ability to deliberately influence the change in the situation 
in which this activity is carried out.
Keywords: teacher, skills, abilities, self-development, professional competence, reflection.
«Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылық 
жеткіліксіз  болып  қалғалы  қашан.  Біздің 
азамат тарымыз үнемі ең озық жабдықтармен 
және  ең  заманауи  өндірістерде  жұмыс  жасау 
машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», - деп 
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім, 
ғылым  саласының  алдына  нақты  міндеттер 
қойды.  Сауатты  елге  айналуымыз  үшін  жас 
ұрпаққа  берілетін  оқу  мен  тәрбиені  дұрыс 
жолға қойып алуымыз керек. Бұл жерде дұрыс 
жолға  қою  деп  отырғанымыз  –  балаға  білім 
беретін  мұғалімдерге  жағдай  жасап,  білік-
ті лігі  мен  білімділігін  арттырып,  дамыту 
үшін,  ұстаздың  қоғамдағы  беделін  көтеру 
мәселелері.
Бүгінде  әлемдік  тәжірибеде  қалыптасқан 
мынандай  тұжырымдама  бар.  Озық  елдер 
өздерінің білім саласындағы жетістікке жетуін 
негізгі  үш  міндетпен  байланыстырады  [1]. 
Олар: 

16
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
-ұстаздардан  әрбір  балаға  тең  дәрежеде 
көңіл бөлуді талап ету;
-педагогикалық  кадр  құрамының  кәсіби 
деңгейінің  жоғары  сапасын  үнемі  бабында 
ұстау;
-мұғалімдік  қызметке  барынша  дарынды 
жандардың тартылуына көңіл бөлу.
Бізге де осынау ұстанымдарды әркез есепке 
алу  артықтық  етпейді.  Өйткені,  білім  игеру 
–  айтуға  оңай  болғанмен,  жай  міндет  емес. 
Шешімі  жан-жақты  әрі  жүйелі  жұмыстың 
нәтижесіне байланысты.
Бұл ретте, барлық үміт – ұстаз бойындағы 
міндетте. Осы көрсетілген міндеттердің ішін-
де педагогикалық кадр құрамының кәсіби дең-
гейінің жоғары сапасын үнемі бабында ұстауы 
үшін қажетті жағдайлар мен шарттарды ашып 
көруге  тырысайық.  Себебі,  қоғам  педагогқа 
үлкен үміт артып, ел тағдырын сеніп тапсырып 
отыр.  Осындай  күрделі  мәселенің  шешімін 
табу жолында педагогика ғылымының көпте-
ген  ғалымдары  талмай  ізденіп,  зерттеулер 
жүргізіп,  өз  кезегінде  білім  беру  саласына 
жаңалықтар мен өзгерістер енгізуде. Ал пе да-
гог тар  болса,  өз  педагогикалық  іс-әреке тінде 
сол  жаңалықтарды,  инновациялық  техно ло-
гияларды, әдіс-тәсілдерді жете ұғынып, тәжі-
рибеде ұтымды, кәсіби қолдана білулері керек.
Кәсібилік – ұстаздың психологиялық-педа-
го гикалық,  ғылыми-пәндік  білім-біліктің  мә-
де ни -адамгершілік  ұстанымдарымен  үйлесу-
дің  жоғары  деңгейі.  Кәсіби  құзыреттілік 
–  өз  бетінше  және  жауапты  әрекет  жасауға 
мүмкіндік  беретін  белгілі  бір  психикалық 
жағдай, арнайы білімнің болуы, жалпы және 
арнайы  эрудицияның  болуы,  ғылыми-кәсіби 
дайындығын  үнемі  жетілдіру,  күнделікті  іс-
әре кетте  міндеттерді  шешу  үшін  еңбек 
субъектісінің кәсіби дайындығы және қабілеті. 
Ал, мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі білім беру 
нәтижесін қамтамасыз ететін шешуші фактор 
болып  табылады  [2].  Бүгінде  педагогтың  өз 
қызметіне қатысты инновацияларды, техноло-
гия ларды,  өзгерістерді  жақсы  меңгергендігі 
кәсіби  құзыреттілігінің  көрсеткіші  ретінде 
сипатталады.  Ал  білім  беру  мекемесінің  же-
тек  шісі білім беру үрдісінде игерілген тәжіри-
бенің тиімділігін анықтауға мүмкіндік беретін 
мониторинг  технологиясын  жақсы  мең ге-
руі  керек.  Қазіргі  таңда  мұғалімге  білімді 
механикалық түрде беруші немесе білім транс-
ляторы ретінде қарамайды. Мұғалімнен бүгін 
педагогикалық  өзара  әрекет  етудің  ерекше 
кәсі би технологиясын меңгеруді, кәсіби және 
тұлғалық өсуге тұрақты қажеттіліктің болуын 
талап етеді. Кез келген педагогқа кәсіби және 
тұлғалық  өсудің  бірден  бір  жолы  –  кәсіби 
өзін-өзі  білімдендіру  екенін  түсінгені  дұрыс. 
Себебі,  ұстаздың  жеке  тұлғалық  қасиеттері 
педагогикалық  іс-әрекеттің  ішкі  мазмұнын 
құрап,  шебер-ұстаз  болып  қалыптасуға  аса 
қажет.
Біздің­ осы­ мәселені­ көтеріп­ отырған­
себе­біміз,  қазіргі  таңдағы  көптеген  педагог-
тар дың  өзінің  кәсіби  жетілуіне  көп  мән 
бермейтіндігінде. Оны әртүрлі жағдайлармен 
байланыстырып жатады. Дегенмен, жоғарыда 
айтып кеткен қоғамымыздағы шешімін күтіп 
тұрған мәселелер ешқандай сын көтермейді.
Егер педагог өзінің оқытатын ғылым негізі 
бойынша  біліміндегі  кемшілік  тұстарын 
байқамаса,  өз  педагогикалық  құралының 
жет кі лік сіздігін  көрмесе,  оның  кәсіби  өзін-
өзі  жетілдіруі  мен  өзін-өзі  тәрбиелеуі  тіптен 
мүмкін емес. Кез келген педагог өзін-өзі кәсіби 
жетілдіру  мен  дамытуға  кіріспес  бұрын,  іс-
әрекетінің қандай да бір өткен кезеңіне талдау 
қорытындыларын жасап отыруы керек [3].
Педагог субъектілігінің (яғни өзін-өзі дамы-
ту қабілеті) құрылымының негізгі компонент-
терін  төмендегідей  жіктеп  тізіп  көрейік  [4]. 
Олар:
1) Белсенділік;
2) Рефлексияға кабілеттілік;
3)  Таңдау  еркінділігінің  болуы  және  оған 
жауапкершілік;
4) Субъектінің бірегейлігі (уникальность);
5) Басқаны түсініп қабылдау;
6) Өздік даму.
Осы  аталған  компоненттердің  барлығы 
да  педагогтың  өзін-өзі  білімдендіру,  өзін-
өзі  тәрбиелеу,  кәсіби  даму  үрдістері  болып 
табылады.
Кәсіби  өзін-өзі  тәрбиелеудің  негізінде, 

17
ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ
басқа  да  әрекеттер  сияқты,  белсенділіктің 
көз дері  мен  мотивтерінің  жүйесі  жатыр. 
Педагог тың  өзін-өзі  тәрбиелеуінің  қозғаушы 
күштері өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттілік 
болып  табылады.  Осы  тұста  қажеттіліктің, 
яғни, қоғамның педагогқа қоятын және оның 
бойындағы қалыптасқан кәсіби-тұлғалық даму 
деңгейіне  қойылатын  талаптар  арасындағы 
қарама-қайшылығын  шешу  қажеттілігінен, 
өзінен-өзі қалыптаспайтынын айта кету керек.
Кәсіби­ даму  (лат.  profiteor  –  өз  ісімді 
хабарлаймын)  –  еңбек  әлемінде,  соның 
ішін де  жекеленген  кәсіби  рөлдердің,  кәсі-
би  мотивацияның,  кәсіби  білімдер  мен  дағ-
ды лардың  әртүрлі  аспектілерін  игеруге 
бағыт талған  адамның  онтогенезде  болып 
жатқан  әлеуметтену  үрдісі.  Кәсіби  дамудың 
негізгі қозғаушы күші әлеуметтік топтар мен 
институттарға  идентификациялану  негізінде 
әлеуметтік  контекстке  интеграциялануға 
тұлға ның талпынысы болып табылады.
Кәсіби  даму  нәтижесінде  адамның  өзі нің 
барлық  өмірінің  барысында  өз  кәсіби  дағ-
дылары  мен  іскерліктерінің  деңгейін  және 
са па сын  сақтауға  мүмкіндік  алатын  үздіксіз 
үрдіс.
Ал  білім  берудің  дәстүрлі  жағдайында 
педагог  тек  педагогикалық  әрекетті  қатаң 
жүзеге  асырушы  ретінде  болады.  Осыдан 
келіп  педагогтың  кәсіби  дайындығының  да 
мақ саты  өзгереді.  Ол  кәсіби  білім,  іскерлік, 
дағ ды лардан  басқа  (кәсіби  құзыреттілік) 
педагогтың  жалпымәдени  дамуын,  тұлғалық 
ұстанымдардың  қалыптасуын  (педагогтың 
педа гогикалық  іс-әрекетке  мотивациялық 
–  бағалы  қатынасын)  қамтиды.  Бұл  бірлік 
–қасиет тердің  жиынтығы  емес,  сапалы 
жаңа  білім  ретінде  көрінеді.  Ол  педагогтың 
тұлғасының даму деңгейін сипаттайды.
Психологтар  кәсіпке  «ену»  дегеніміз  бұл 
–  «суперроль»,  «өсу»,  адамның  өмірінің 
бейнесі  мен  стилін  анықтау  дейді.  Адамның 
жалпы қанағаттануы көп жағдайда онда ір ге лі 
қажеттіліктерінің  қаншалықты  болуы на  бай-
ла нысты:  шығармашылық  өзін  -өзі  жетілдіру 
қажеттілігі,  қоршаған  ортадағы  референтті 
тұлғалардың жекелік құндылықтарын түсінуі 
мен  мойындауы,  өзін-өзі  дамыту  және  даму 
қажеттілігі және тағы басқа.
Әр  адам  тек  өз  жұмысын  орындауы  және 
«тек өмір сүруі» мүмкін емес, ол өз жұмысы 
немесе кәсібі, өзі немесе өз әрекеттері кәсібінде 
белгілі  орын  алатындай  мақсат  қоюы  тиіс. 
Осындай жағдайда ғана тұлғалық және кәсіби 
қасиеттері мен кәсібі арасында қайшылықтар 
болмайды, болашақта кәсіби іс-әрекетінде құн-
ды  қатынастарды  күтуге  болады.  Бір  сөзбен 
айтқанда, тұлғалық даму мен тұлғаның кәсіби 
өсуінде бірлік байқалады.
Кәсіби  дамуда  педагогтың  кәсіби  өзіндік 
даму  мен  өзіндік  білім  алу  психологиясы 
ерекше.  Әр  педагог  өзін  іштей  үнемі  оқуға, 
ізденуге  итермелеп,  дайындап  отыру  керек. 
К.Д.Ушинский  айтқандай,  «мұғалім  өзінің 
білімін  үздіксіз  көтеріп  отырғанда  ғана 
мұғалім,  оқуды,  ізденуді  тоқтатысымен 
оның  мұғалімдігі  де  жойылады».  Өмірдің 
өзі  педагогтың  алдындағы  күн  тәртібіне 
педагогикалық  білім  берудің  үздіксіздігі 
мәселесін қойып отыр [5].
Өзін-өзі­
білімдендіру­
мен­
өзін-өзі­
тәрбиелеудің­тағы­бір­жолы – жұмысты ұзақ 
уақыт бойына және қысқа уақытқа іс-әрекетті 
жоспарлау керек.
Ол  үшін  педагог  өзінің  кәсіби  жоспарын 
төмендегідей құруы қажет:
-­ мәселелер­ мен­ қарама-қайшылықтарды­
айқындау;
-­мақсаттар­мен­міндеттерді­белгілеп,­оны­
жүзеге­ асырудың­ жолдары­ мен­ құралдарын­
анықтау;
-­ әдістемелік­ және­ диагностикалық­ инс-
тру­мен­тарияны­өңдеуді­жоспарлау;
-­күтілетін­нәтижені­болжау.
Педагог өзін-өзі тәрбиелеуде алдына мақсат 
қою  үшін  өзінің  әлсіз  және  күшті  жақтарын 
білуі керек. Ол үшін, жоғарыда айтып өткен-
дей, өзін-өзі танудың маңызды әдісі – өз тәжі-
ри бесінің жағымды және жағымсыз жақтарын 
талдап, басқалармен салыстыру қажет.
Өзін-өзі  білімдендіруді  реттеу  мақсатында 
қазіргі таңда педагогтар арасында портфолио 
дайындау  кең  таралып  жүр.  Портфолионың 
негізгі мақсаты – педагогтың өзін-өзі білімден-

18
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ді руі  бойынша  жұмысын,  оның  іс-әрекет 
сипатын бағалау, педагогтың шығармашылық 
және  кәсіби  өсуін  қадағалау,  рефлексия 
дағдысының  қалыптасуына  жағдай  жасау 
болып  табылады.  Портфолионың  жобасын 
құру  әр  педагогтың  жекелік  ерекшеліктеріне 
бай ланысты.  Маңыздысы,  педагог  өз  жұмы-
сын,  өзінің  нәтижелерін  талдай  отырып, 
педа гогикалық  жетістіктерін  жалпылай  және 
жүйелей  алуы  қажет,  өзінің  мүмкіндіктерін 
дұрыс  бағалап  және  қиыншылықтарды  жеңу 
тәсілдерін  көре  білуі  керек,  сонымен  қатар 
одан  да  жоғары  нәтижелерге  қол  жеткізуге 
тырысқаны дұрыс [6].
Қорытындылай  келе,  педагог  ең  алдымен 
зерттеуші  екенін  еш  уақытта  жадынан 
шығар мауы  тиіс.  Себебі,  педагог  зерттеуші 
ретінде  өзінің  педагогикалық  қызметінде 
қайшылықтар  мен  қиындықтарға  кездеседі, 
оны  шешуге  деген  қажеттілік  туындайды. 
Жұмысқа 
шығармашылықпен 
қарау, 
шабыттану  –  зерттеушіліктің  қозғаушы 
күші  болып  табылады.  Педагогикалық 
инновацияның 
дамуына 
байланысты, 
педагогикалық  эксперимент  жүргізе  отырып 
тіпті  жас  педагогтар  да  өзінің  зерттеушілік 
қабілетін  дәлелдей  алады.  Сондықтан, 
педагогикалық  негізгі  міндеттерінің  бірі 
методикалық  мәдениет  арқылы  өзін-өзі 
дамыту болып табылады.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Советканова Д.М.,Садыкова А.Е. Негізгі орта мектептің білім беру жүйесін жетілдірудің 
жолдары // Ұлттық тәрбие. – 2005. - № 3. 23-28бб.
2. Синенко В.Я. Профессионализм учителя // Педагогика. – 1999. - № 5. - С. 45-51.
3.  Маркова  А.К.  Психологический  анализ  профессиональной  компетентности  учителя  // 
Советская педагогика. - 1990. - № 8.
4. Лотова И.П. Психологические условия эффективности профессиональной деятельности 
работников социальных служб. – М.: Издательство МГСУ «Союз», 1999.- 127 с.
5. Зверева В.И. Диагностика и экспертиза педагогической деятельности. - М., 1998.
6. Коджаспирова Г.М. Культура профессионального самообразования педагога. - М., 1994.

19
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
МРНТИ 14.07.05
ЖАСТАРҒА РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТАРИХИ НЕГІЗДЕРІ
Ш.Т. Таубаева 
әл-Фараби атындағы  Қазақ ұлттық университетінің «Педагогика және білім беру 
менеджменті» кафедрасының п.ғ.д., профессоры 
С.Т. Иманбаева 
Абай атындағы  ҚазҰПУ, педагогика кафедрасының п.ғ.д., профессоры 
К.М. Солтанов 
педагогика магистрі, полковник
Мақалада жастарға рухани-адамгершілік тәрбие берудің тарихи негіздері, халықтың рухы, 
оның  тарихы  мен  педагогикалық  идеяларының  ойшылдар  мен  ағартушылардың  тарихи 
мұраларынан  бастау  алатыны  жан-жақты  қарастырылады.  Халықтың  ғасырлар  бойғы  ұрпақ 
тәрбиелеу тәжірибесі, оның рухының мәнін сипаттайтын ауыз әдебиеті, ұлттық мінез-құлқы, 
мәдениеті бүгінгі жастардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыратын қайнар 
көздер ретінде сипатталған. Қазақтың рухани қазынасымен молыққан тәрбиелік тұжырымдардың 
қазақ халқының әлемдік тарихта біртұтас ұлт болып қалыптасуына әсерін тигізетін маңызды 
фактор екендігі көрсетілген.
Тірек сөздер: рухани-адамгершілік тәрбие, рухани құндылық, рухани мұра, тарихи негіздер, 
тарихи мұра, ұлттық мінез-құлық, ұлттың біртұтастығы.
В  статье  всесторонне  рассматриваются  исторические  основы  духовно-нравственного 
воспитания, дух народа, его история и педагогические идеи, исторические наследия мыслителей 
и  просветителей,  как  источники  духовности  воспитания.  Раскрыты  многовековой  опыт 
народного воспитания, фольклор, характеризующий поведение, культуру как основы духовно-
нравственных ценностей. Также изложена значимость богатого духовного наследия в качестве 
воспитательных  назиданий,  влияющих  на  формирование  цеолстности  казахской  нации  в 
контексте мировой истории.
Ключевые слова: духовно-нравственное воспитание, духовная ценность, духовное наследие, 
исторические основы, историческое наследие, национальный характер, целостность нации.
The article thoroughly discusses the historical foundations of spiritual and moral breeding, the spirit 
of the nation, its history and pedagogical ideas, historical heritage of the enlighteners and thinkers as 
a source of spiritual education. Centuries of experience in national breeding, folklore, describing the 
behavior and culture as the basis of spiritual and moral values are disclosed in it. Also the importance of 
the rich spiritual heritage as a breeding edification, influencing the Kazakh nation integrity formation in 
the context of world history is expounded.
Keywords: spiritual and moral breeding, spiritual values, spiritual heritage, historical foundations, 
historical heritage, the national character, the nation integrity.
«Қазақстан-2050»  Стратегиясы  –  қалып-
тас қан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты 
Қазақстан  Халқына  Жолдауда  қазақстандық 
қоғамда  рухани-адамгершілік  құндылық 
бағдарларын  қалыптастыру  қажеттілігі  баса 
айтылған.  Адам  мен  қоғамның  өміріндегі 
құндылықтардың  маңызын  сонау  антикалық 
дәуірдің  философтарынан  бастап  сезіне 
бастаған болатын [1].
Рухани-адамгершілік  тәрбиенің  тари-
хи  негіздері  Ежелгі  Грек  ойшылдары  адам-
ның  мейрімділік,  ізгілік,  жан  және  тән 

20
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
сұлулығы,  әділдік  сияқты  қасиеттерін 
біріктіретін  құндылықтардың  ортақ  ұғымы-
ның  болатындығын  бағамдай  алған.  Сократ 
әділеттілік,  қаһармандық,  бақыт,  қайырым-
ды лық  сияқты  аксилогиялық  ұғымдарға 
анықтама  берді.  Ол  «...бірінші  кезекте  адам 
рухы,  табиғат,  білімділік»  дей  келе,  өз  еңбе-
гінде  адамның  рухани  құндылықтарына 
ерекше  мән  бере  отырып,  «...мейрімділік 
пен зұлымдық арасында дұрыс таңдау жасау 
және  әлеуметтік  ортада  өз  орныңды  таба 
білу»  ұғымдарына  көңіл  бөлсе  [2],  Платон 
сұлулық,  жарасымдылық,  адалдық  сияқты 
ұғым дарды  ортақ  ізгілік  бастауларына 
жинақ тады  [3].  Аристотель  өзінің  «Үлкен 
этика»  еңбегінде  құндылықтарды  жеке-жеке 
топтастырып, бағалы қазыналарға (жан, ақыл, 
құдайдың  сыйлары);  мақтаулы  қазыналарға 
(мадаққа  жеткізетін  игі  істер);  мүмкіндік 
қазыналарына  (билік,  күш,  сұлулық);  басқа 
қазыналардың  бастаулары  болып  табылатын 
қазыналарға  (мысалы,  денсаулықты  нығай-
татын дене жаттығулары) бөледі. Аристотель 
оқымысты,  білімді  адамның  үнемі  қайырым-
ды,  мейірімді  бола  бермейтіндігін  алдыға 
тарта  отырып,  тұлғаның  ізгілікті  іс-әрекет-
терін  дамытуға  ерекше  маңыз  береді  [4]. 
Аталмыш ойшылдардың мұраларындағы бұл 
құндылықтар  рухани-адамгершілік  тәрбиенің 
бастаулары  ретінде  кейінгі  ғалымдардың 
зерттеу еңбектеріне негіз болды.
Бүгінгі  Қазақстан  аумағының  Жетісу 
өңірінде ХІ ғасырда өмір сүрген аса көрнекті 
ойшыл  Ж.Баласағұн  рухани-адамгершілігі 
кемел  адам  туралы  ой  толғауында  «антына 
адал,  уәдесіне  берік  адам  –  өз  бақы ты ның 
қожасы.  Бұл  үшін  ол  өз  бойына  рухани-
адамгершілік  қасиеттерді  үнемі  қалыптас-
тырып  отыруы  тиіс»  деп  сипаттайды.  Атал-
мыш  ойшыл  сонымен  қатар  адамның  ішкі 
жан-дүниесіне, сезімдік, эмоционалдық көңіл-
күйіне  ерекше  көңіл  бөлгендігін  көрсетеді. 
«Жақсы  адамдардың  басты  сипатының  бірі 
сезімталдық,  ішкі  рухани  өмірінің  әсемдігі, 
жан-дүниесінің сұлулығы. Адам өзінің ақыл-
парасатымен  қатар  сезім  дүниесін  де  билеп 
игеруі  керек,  яғни  ол  өз  көңіл-күйінің  де 
қожасы.  Сүлесоқ,  көңілсіз,  енжар  адам  –  әлі 
де  болса  тәрбиесі  жетіспеген  адам.  Осындай 
кемшіліктерден  адам  бір  өзі  жапа  шекпей, 
өзін  қоршаған  адамдар  алдында  да  айыпты 
болып  саналады»  дейді  [5].  Ойшылдың  осы 
айтқандарынан  адамзат  баласының  шынайы 
рухани-адамгершілік  мінез-құлқының  ақыл-
ой, сезімімен үйлесім табуын қарым-қатынас 
барысында  жеке  адамның  өзін-өзі  ұстай 
білуіне,  мінез-құлқына  байланысты  болады 
деген пікірде болғанын аңғарамыз.
Адамгершілік сферасы мен табиғат сфера-
сын  (еркіндікті  қажеттіліктерге)  қарсы  қоя 
отырып  «Құндылық»  ұғымын  ғылыми  айна-
лымға  енгізуге  алғашқы  талпынысты  неміс 
ғалымы  И.Кант  жасады.  Өз  еңбегінде  ол 
құндылықтар  мен  нормалардың  ара  жігін 
ажыратып  берді.  И.Канттың  берік  ұстанған 
қағидасы  бойынша  –  егер  адамның  қандай 
да  бір  игі  іс-әрекетінің  қозғаушы  күші  тек 
өзінің  еркі  болатын  болса,  онда  ол  барлық 
құндылықтардың эталоны болатын моральдік 
құндылық болып табылады.
Рухы биік, адамгершілігі асқақ ұлтымыздың 
ұландарын  отаншылдыққа,  рухани-адам-
гер шілік  құндылықтарға  тәрбиелеуде  ежел-
ден  от  ауызды  орақ  тілді  би-шешендердің, 
жыршы-жыраулардың,  ақындардың,  әншілер 
мен  күйшілердің  орындары  ерекше  болып 
келген.  Сонау  Кетбұғы,  Қорқыттан  бастап 
Құрманғазы лардың 
күйлері, 
авторлары 
ұмы тылып  халықтың  меншігіне  айналған 
эпикалық жырлар, шешендік сөздер – осылар-
дың  барлығы  руханилықтың  тарихи  үлгілері 
болып  табылады.  Халықтың  арманындағы 
тұлғалық бейнелер фольклорда, аңыз әңгімелер 
мен  дастан-жырларда  бойын  кернеген  қуат-
күшімен қатар рухани кемелденген кейіпкерлер 
түрлерінде  көрініс  тауып  отырған.  Осындай 
халықтық жауһарлар ғасырлар сынынан өткен 
қомақты тәжірибе, рухани мұра ретінде бүгінгі 
жастарды тәрбиелеуге де үлес қосуы тиіс деп 
есептейміз.
Ұлттың мінез-құлқын, мәдениетін, рухани-
адамгершілік құндылықтарын бүгінгі ұрпаққа 
жеткізген  бірден-бір  дерек  көзі  де  жыраулар 
мен жыршылардың баға жетпес асыл қазына, 

21
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
әдеби мұралары. Халықтың рухы, оның тарихы 
мен  поэтикалық  формадағы  педагогикалық 
ойы туралы білімдерін кейінгі ойшылдарымыз 
бен ағартушыларымыз қазақ эпосынан алған. 
Сондықтан  да  көптеген  бай  халық  ауыз 
әдебиеті  ескерткіштерінің  арасынан  эпостың 
алатын орны ерекше. Эпос – ауыздан ауызға 
жетіп,  ғасырлар  тезінен  өңделген  көне  көр-
кем  шеберлік,  эпикалық  шығармаларда 
көрі ніс  тапқан  халықтың  ғасырлар  бойғы 
өмірлік, ұрпақ тәрбиесіндегі тәжірибесі, оның 
рухының  мәнін  сипаттайтын,  поэтикалық 
қалыпта  айтылатын  ауызша  тараған  тарихы. 
Қазақтың рухани мұрасының бай қазынасымен 
молыққан  тәрбиелік  тұжырымдары  қазақ 
халқының  әлемдік  тарихта  біртұтас  ұлт 
ретінде ұйылуына әсерін тигізді. Қазақ қоға-
мы ның  сапалы  өзгешелігі  өмірдің  рухани-
адамгершілік  құндылықты  мәнісінің  бас-
қа  қоғам  болмысымен  салыстырғанда  үл-
кен  мәнге  ие  болатынын  ашып  көрсету 
мүкіндігімен ерекшеленеді. Бұны қазақ қоға-
мының  этикалық  бастауларының  ежелден 
күн де лікті  тыныс-тіршілікте  табиғатпен 
ете не  байланыста  болуынан  деп  түсінеміз. 
Қазақ  руханиятындағы  әрбір  шынайы  өнер 
туындысы ұлттың рухани әлемін жаңа рухани 
күшке,  рухани  атмосфераға  айналдырғанын 
байқаймыз.  Ондай  деңгейге  көтерілмеген, 
бұл  күнге  дейін  жетпеген,  болашаққа  жаңа 
ұрпақтармен  бірге  бармайтын  туындылар  – 
жалған құндылықтар, үйлесімділікті шайқал-
тушы  теріс  дүниелер.  Негізгі  саралаушы, 
електен өткізуші уақыт, абыз тарих. Сондық-
тан  халық  шығармашылығының,  ұлы  кемең-
герлер  туындыларының  құдіретті  күші  бар. 
Ұлт  мәдениетінің,  руханиятының  жарқын 
үлгілерін  жас  ұрпаққа  жалғастырмау,  орта 
жолда  жоғалту,  тіпті  жеткілікті  деңгейде 
қадірлемеу  адами  қалыптасуға  қарсы  жасал-
ған, бабалар алдындағы қылмыс ретінде баға-
лануы тиіс.
Отан  қорғаушылардың  отаншылдық,  ұлт-
жандылық,  рухани-адамгершілік  тәрбиесінің 
ұлттық тәжірибесі туралы сөз қозғағанда XV-
XVII  ғасырларда  ру-тайпалар  бірлестігінен 
біртұтас қазақ хандығы құрылып, феодалдық 
мемлекеттің  нығая  бастаған  кезеңінде  туы 
ерекше  желбіреген,  елге  ұйтқы,  ер-азаматқа 
ақылгөй  болған  жыраулар  поэзиясын  үнемі 
есімізде  ұстауымыз  қажет.  Олардың  ерен 
еңбектері жайлы Мұхтар Мағауиннің «Қобыз 
сарыны»  атты  туындысында  жан-жақты 
баяндалды  [6].  Жыраулар  ел  басына  төнген 
қиын-қыстау  заманда,  Ақтабан  шұбырынды, 
Алқакөл  сұлама,  жоңғар-қазақ  ұрыстары 
тұсында сарбаздардың намысын жанып, рухын 
көтерді.  Өйткені,  жыраулық  пен  батырлық 
–  халқымызда  ажырамас  егіз  ұғым.  Олар 
қолына  домбырасын  алып,  данагөйлікпен, 
ақыл айтумен, жұртты ел қорғауға шақырумен 
шектеліп қалмай, 
«Жауға  шаптым  ту  байлап,  шепті  бұздым 
айғайлап. 
Дұшпаннан  көрген  қорлықтан    жалынды 
жүрек қан қайнап
Елді-жұртты қорғайлап, өлімге жүрміз бас 
байлап!» - деп Ақтамберді жырласа; 
«...Мен  көлікке  қосымды  артқанмын, 
көмбідей ару жайларға, 
Күректей мұзды тоңдырып, кірмембес ауыр 
қолға бас болып, 
Күңіреніп күн түбіне жортқанмын!... 
Арғымаққа оқ тиді қыл майқанның түбінен.
Аймадетке  оқ  тиді  отыз  екі  омыртқаның 
буынынан.
Зырлап  аққан  қара  қан  тыйылмайды 
жонның уақ тамырдан. 
Сақ  етер  тиді  саныма,  сақ  сырым  толды 
қаныма.
Жара бір қатты, жан тәтті, жара аузына қан 
қатты» - деп Доспанбет жырлап; 
«Ереуіл атқа ер салмай, егеулі найза қолға 
алмай,
Ашаршылық, шөл көрмей, арып-ашып жол 
көрмей,
Ерлердің  ісі  бітер  ме?!»  -  деп  Махамбет» 
жырлағандай, өздері де қару-жарағын асынып, 
қандықол ұрыстарға тікелей енген. Соғыстан 
шаршаған халықтың еңсесін көтеріп, оларды 
бірлікке шақырған, ханның кеңесшісі де, саяси 
мәселелерді  шешуші  ымырашы-саясаткер  де 
бола білген. Көшпенді өмір салтын ұстанған 
ата-бабаларымыз үшін синкретті өнер иелері 

22
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жыраулар  мен  жыршылар,  әншілер  мен 
күйшілер  театрларды  алмастырғандықтан, 
ондай  өнерпаздардың  үнемі  елдің  назарында 
болуы  өз-өзінен  түсінікті.  Міне,  осындай  ел-
жұртқа  қадірлі  адамдардың  «сегіз  қырлы, 
бір  сырлы»  болуы,  өнерпаздықтарымен  қоса 
мерген, қамшыгер, қылышкер, балуан, шабан-
доз,  және  ең  маңыздысы  отаншыл,  адал, 
әділ  болуы  жас  ұрпаққа,  ел  шетіне  жау  тисе 
шеттерінен сарбаздарға айналып шыға келетін 
ер-азаматтарға  таптырмас  үлгі,  тәрбие  көзі 
болды. Соның нәтижесі ретінде, сол кезеңдегі 
қоғамда елін-жерін қорғау, өзінің ар-намысына 
дақ  түсірмеу,  екі  сөйлемеу  –  ұлы  рухани-
адамгершілік құндылықтарға айналған.
Шалкиіз Тіленшіұлының, Асан Бармақ ұлы-
ның,  Қазтуған  Сүйінішұлының  (XV  ғасыр), 
Доспанбет жыраудың (XVI ғасыр), Марғасқа 
жыраудың,  Жиембет  Бортоғашұлының  (XVII 
ғасыр),  Бұқар  жырау  Қалқаманұлының 
(1668-1781), 
Ақтамберді 
Сарыұлының 
(1675-1763),  Үмбетей  жыраудың  (1706-
1775),  Махамбет  Өтемісұлының  (1802-1846) 
ұлттық-тәуелсіздік-отаншылдық  күрес  мұ-
рат тарын  тұтастандырған  жауынгерлік  қа-
һар  мандық 
жырларындағы 
атақонысқа 
арнал ған  бейнелі  өрнектері,  адамгершілік-
имандылық тәлім-тәрбие, азаматтық ұстаным 
заңдылықтары  туралы  ойлары  –  болашақ 
отан  қорғаушылардың  ұлттық-отаншылдық, 
рухани-адамгершілік  тәрбиесінің  таптырмас 
құралы болып табылады.
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев:  «Мәндік 
және  көркем  екі  әлемнің  шығармашылық 
тұлғалары  ретінде  олар  біздің  жаңа  қазақ 
тарихына терең мазмұн әкелді. Олар тарихтың, 
уақыт  ағынындағы  біздің  мәдениетіміздің 
ерекше  тұлғалары»  [7,  177]  деп  баға  берген 
ұлтымыздың  ұлы  ойшыл-ағартушылары 
Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, 
Ы.Алтынсарин,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 
А.Байтұрсыновтардың  рухани-адамгершілік 
құн дылықтар  туралы  көзқарастарында  адам-
ға  деген  қайырымдылық,  мейрімділік,  ар, 
ұят, абырой, парыз т.б. асыл қасиеттер үнемі 
дәріптелініп  келген.  Олардың  қалдырып 
кеткен  құнды  ой  пікірлері  болашақ  офицер-
лерді  тәрбиелеудің  теориялық  негіздері, 
теоретикалық-әдістемелік бастауы бола алады.
Қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің ояну 
дәуірінің  жаршысы,  өзінің  бүкіл  қоғамдық-
саяси,  ағартушылық  қызметін  қазақ  даласын 
жайлаған  қараңғылық  пен  надандыққа, 
діни  фанатизмге  қарсы  күреске  арнаған 
Ш.Уәлиханов  туған  халқының  санасындағы 
«намыс», «әділдік», «парыз», «білімге ұмтылу-
шылық»  сияқты  басты  жалпыадами  рухани-
адамгершілік  құндылықтарды  жаңғыртып, 
патшалық  Ресейдің  басқыншылық  саясаты 
мен  ішкі  алауыздыққа  қарсы  тұрғызуға  күш 
салды [8, 313-316].
«Бір Аллаға сыйынып, кел балалар оқылық...» 
деп  үндеу  тастаған  Ы.Алтынсарин  (1841-
1889)  қазақ  мектептерін  қалыптастырудың 
қордалы  мәселелерімен  қатар  халық  ағарту 
ісінің  рухани-имандылық  негіздерін  қалап, 
өз еңбектерінде Қазаққа тән бауырмалдылық, 
әдептілік,  әділдік,  қанағатшылдық,  жомарт-
тық, сақилық, тазалық, сабырлылық, зейінді-
лік,  білімге  құштарлық  сияқты  рухани-
адамгершіліктің  негізгі  қағидаларына  зор 
маңыз бере отырып, адамгершілік тәрбиесінің 
моральдік бастауларын көрсетіп берді [9].
Абай  Құнанбаевтың  (1845-1904)  мұра-
ла ры  мәңгілік  адами  проблемаларды, 
гуманизм  идеяларын  өзгеше  пайымдауымен 
ерекшеленді.  Абай  философиясында  руха-
ни лық  категориясы  адам  болудың  әмбебап 
өлшемі  және  жеке  адам  мәдениеті  ретінде 
негізделеді.  Ұлтымыздың  ұлы  ойшылы 
руханилық  адамның  өзіне  деген  сенімін 
нығайта, әлеуметтік енжарлық пен қауымның 
тығырыққа  тірелуін  жоя,  рухани  күштер 
жеке және қоғамдық сананы адамгершіліктік 
құндылықтарға,  ал  жеке  адамды  жасампаз 
әрекет  пен  қоғамдық  игілікке  қызмет  етуге 
бұра  алады  деген  ой  айтқан.  Абайдың 
руханилыққа негізделген философиялық ойы 
адам  болмысының  гуманистік  сұлбасы  мен 
оның дүние туралы түсінігінің аксиологиялық 
өлшемін  көрсетуге  тырысатын  қазіргі 
философиялық  парадигмамен  үндес  екенін 
ерекше атап өту керек [10, 218].
Өзінің  «Ғылым  таппай  мақтанба...»  деп 

23
ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ
басталатын  ғибратты  өлеңінде  Абай  адамға 
бір-ақ  рет  берілетін  өмірді  мағыналы  өткізу 
үшін білімділікті еріншектіктен, надандықтан, 
дарақылықтан  құтылудың  бірден-бір  жолы 
ретінде,  тұлғалық  және  қоғамдық  даму 
ұстанымдарымен байланыстыра отырып қазақ 
даласын  білімге  шақырды,  қандастарының 
әлемдік мәдениет қазынасын да игере білгенін 
қалады  [10,  І  т.,  71].  Білімді  насихаттай 
оты рып,  ол  жаңа  құндылық  бағдарларды, 
өмір  мәнін,  адам  бақытын  жаңаша  түсінуді 
қалыптастырды.  «Біріңді  қазақ  бірің  дос 
көрмесең  істің  бәрі  бос...»  деп  үндеген 
Абайдың  ойынша  адамның  жаңа  ұстанымы 
–  бұл  оның  адамгершілігі,  рақымдылығы, 
дос тығы,  махаббаты.  «Қалың  елім,  қазағым, 
қайран  жұртым...»  деп  ұлты  үшін  көкірегі 
қарс айрылатын өлеңінде жақсыны жаманнан 
ажырата  білуде  ізгілікті  басшылыққа  алуға 
шақырады.
Абай тәрбиесінің этикалық мәні – адамның 
өмірдегі  міндеті  мен  рөлін  жоғары  бағалау. 
Адам – ақын көзқарасында ақыл-ойдың, адам-
шылықтың,  еңбексүйгіштіктің  және  білім-
діліктің,  достық  пен  махаббаттың  түгелдей 
көрініс  табуы,  жинақталуы.  Ай  мен  күн  – 
аспан  әлемінің  әшекейі,  орман  мен  жемістер 
– таудың әшекейі, ал жердің сәні – адам. Абай 
үлкен  мақтанышпен:  «Адам  деген  даңқым 
бар!» деп жар салады [10, 86].
Адамның  қалыптасу  үдерісіндегі  тәрбие-
нің,  қоршаған  ортаның  рөліне  үлкен  мән 
бере  отырып,  Абай  өзін-өзі  тәрбиелеумен 
айна лысудың  қажеттілігі  туралы  ойды  баса 
айтады. Адам өз-өзіне басқаша көзбен қарауға, 
өзіндік  талдау,  өзіндік  баға  беру,  өзіндік 
бақылау қажеттілігі туралы есте сақтауға тиіс. 
«Егерде  есті  кісілердің  қатарында  болғың 
келсе, күнінде бір мәрте, болмаса жұмасында 
бір,  ең  болмаса,  айында  бір,  өзіңнен  өзің 
есеп  ал!  Сол  алдыңғы  есеп  алғаннан  бергі 
өміріңді  қалай  өткіздің  екен,  не  білімге,  не 
ахиретке,  не  дүниеге  жарамды,  күнінде  өзің 
өкінбестей  қылықпен  өткізіппісің?  Жоқ, 
болмаса, не қылып өткізгеніңді өзің де білмей 
қалыппысың?» деген тоқтамға келеді [10, ІІ т., 
151].
Адамды  қандай  да  бір  әрекеттер  жасауға 
итермелейтін  қажеттіліктерді,  оларды  қана-
ғат тандырудан  туатын  жағдайларды  атай 
отырып,  кемеңгер  ойшыл  қажеттіліктерді 
қанағаттандырудың  шегі,  өзіндік  мөлшері 
бар  екендігін  де  ескертеді:  «...әрбір  жақсы 
нәрсенің өлшеуі бар, өлшеуінен асса – жара-
майды.  Өлшеуін  білмек  –  бұл  үлкен  керек 
іс…  Ішпек,  жемек,  кимек,  күлмек,  көңіл 
көтермек, құшпақ, сүймек, мал жимақ, мансап 
іздемек,  айлалы  болмақ,  алданбастық  –  бұл 
нәрселердің бәрінің де өлшеуі бар» [10, ІІ т., 
222]. Бұл қандай мөлшер және оның өлшемдері 
қандай?  Бұл  сұраққа  жауап  бере  отырып 
Абай  –  арлылық,  ұяттылық,  парасатталық 
бұлақтары адамгершілік дариясын толтырып, 
оны  асып-тасудан  сақтап,  қажетті  арнаға 
бағыттайтындығын  түсіндіреді.  Өзінің  отыз 
алтыншы  сөзінде  осы  ұғымды  толық  талдай 
келіп:  «Ұят  деген  адамның  өз  бойындағы 
адамшылығы»  [10,  ІІ  т.,  182]  дейді.  Он  төр-
тінші  сөзінде:  «ар  мен  ұятқа  терістіктен 
сілкініп, бойын жиып ала алмаған кісі үнемі 
жаманшылыққа, мақтанға салынып, өз бойын 
бір  тексермей  кеткен  кісі,  тәуір  түгіл,  әуелі 
адам ба өзі?» деп ой қорытады [10, ІІ т., 149].
Абайдың ұсынған адамгершілік идеялары – 
адамды шыққан тегіне, қоғамдағы дәрежесіне, 
байлығы мен бақуаттылығына емес, адамдарға 
жасаған  жақсылығына,  рухани  қасиеттеріне 
қарап бағалау. Адамның өмірдегі шамшырағы 
нұрлы ақыл мен ойлы жүрек болса ғана оның 
еңбегі мағыналы, ауқаттылығы орынды.
Адамның рухани-адамгершілік әлемі тура-
лы  ұлы  ұстазының  жолын  жалғастырушы, 
Абайдың  шәкірті  әрі  жақын  інісі,  ағартушы, 
ойшыл  ақын  Шәкәрім  Құдайбердіұлының 
адам  тәрбиесі  мәселелеріне  қатысты  тео-
рия лық  ізденістері  мен  ұстанымдарына 
гуманистік ой-пікірлер мен зерттеу нысанына 
деген сындарлы, рационалды көзқарастар тән. 
Оның  көзқарастары  мен  дүниетанымындағы 
адам  тәрбиесі  жөніндегі  ойлар  жан-жақ-
ты лығымен,  тереңдігімен  ерекшеленеді. 
Демократтық,  гуманистік,  ағартушылық, 
насихатшылық позициялар ұстанған Шәкәрім 
дүниетанымының 
орталық 
тақырыбы 

24
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
да  тәрбие  мәселелері  болып  табылады. 
Шәкәрімнің  қалдырған  педагогикалық  ойла-
рындағы адамның рухани-адамгершілік мәсе-
лелерін  қамтыған  шығармаларын  атай  кетер 
болсақ: «Үш анық», «Тіршілік, жан туралы», 
«Тумақ,  өлмек  тағдырдың  шын  қазынасы», 
«Ақыл деген өлшеусіз бір жарық нұр», «Адам 
немене», «Тәңірі мен жан», «Анық пен танық», 
«Жан  мен  дене  һәм  көңіл»  өлеңдері  және 
«Тау басындағы ой» циклды өлеңдер жинағы 
[11].  Бұл  шығармаларында  ойшыл  ақын  жан 
мен  тән,  ақыл-ойлылық  пен  материалдық 
құндылықтар  арақатынасы,  адам  рухының, 
адамгершілігінің,  танымының  қалыптасу 
жол дары,  адамның  өмірі  мен  оны  қоршаған 
әлемнің  құрылымы  сияқты  педагогикалық, 
философиялық  мәселелер  айқын  көрініп 
тұр ған  мәңгілік  сұрақтарды  қарастырады. 
Ғылым  мен  білімнің  мақсаты  –  ақиқат  деп 
білетін  ойшыл  дін  мен  оның  догматтарына 
өзіндік  көзқараспен  қарайды.  Өзі  өмір  сүр-
ген  әлеуметтік  орта  үшін  (ХІХ  ғасырдың 
екінші  жартысы)  ақынның  адам  мен  табиғат 
қатынастары, рухты танудағы адам танымының 
шегі мен күші жайлы ойлары, діни шарттарға 
деген  сыни  көзқарастары,  адамзат  ақыл-
ойының болмысты, тіпті жаратушыны танып-
білу құқығын қорғауы өте батыл қадам болды. 
Абайдың  дарынды  шәкірті  адамның  рухани-
адамгершілік әлемі туралы ойларын тереңдете 
отырып,  олардың  жаңа  жағдайлардағы  мәні 
мен маңызын жан-жақты ашып, бұл бағыттағы 
білімін одан әрі дамытты. Шәкәрімнің түсі ні-
гін ше – «Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, 
ақыл  көзімен  көреді...  Өлімнен  соң  бір  түрлі 
тіршілік  бар...  Екі  өмірге  де  керекті  іс  – 
ұждан. Ұждан дегеніміз – ынсап, әділеттілік, 
мейірлілік,  адамгершіліктің  жоғарғы  шыңы» 
[12].  Ол  бірінші  кезекте  адамгершілік  және 
эстетикалық  құндылықтарды  анықтауды, 
көр сете  білуді  алдыға  мақсат  етіп  қойды. 
Шәкәрім нің адамгершіліктің жоғарғы шыңына 
ұжданды орналастыруының өзіндік мәні бар – 
ол халықты білім алуға, өнер-ғылым үйренуге, 
замана  көшінен  қалмауға  шақыра  отырып, 
алдыға шығу деген тек қана прагматизмге бой 
ұру емес екендігін, ең бастысы көрінгенге көз 
сүзбей,  ешкімге  тәуелді  болмай  өмір  сүруге 
үйретуді,  тұрмыс  пен  білім  арасындағы 
дүние парызын пайымдап, ұждан тазалығына 
жету,  оны  сақтау  мен  жетілдіру  жолдарын 
көрсетуді  мақсат  тұтады.  Оқу  мен  ғылымды 
игеру  адамды  теориялық  білім,  практикалық 
білік  және  дағдымен  қаруландырса,  ұждан 
осыларға  рухани-адамгершілік  мазмұн  және 
сипат  береді.  Ойшылдың  айтпағы  ұлы  ұстаз 
Әл-Фарабидің  –  «Тәрбиесіз  берілген  білім 
адамзаттың қас жауы» деген пікірімен үндес, 
дүниенің  қиыны  мен  қауіптілері  ұждансыз 
білімділер мен ғалымдар. Ұждансыз адамдар 
меңгерген  білімін  адамдарға  үстемдік  жүр-
гізу  үшін,  оларды  қорқытып-үркіту  үшін 
қолданады.  Бұл  тіпті  адамдарға  ғана  емес, 
тұтас мемлекеттерге де тән екендігін заманауи 
халықаралық жағдай көрсетіп отыр[13].
Қоғамдағы  әлеуметтік-мәдени  ахуал  өз 
бойы на әлеуметтік және рухани құбылыс тар-
дың  бүкіл  сан-алуан  белгілерін  жинақтайды. 
Оның мазмұнының жүйе ретінде қалыптасуына 
қоғамда  басымдылыққа  ие  болып  отырған 
өзек ті  құндылықтар  өз  ықпалын  тигізеді. 
Сөйтіп, тұлғаның өзіндік құндылықтар жүйесі 
мен құндылық бағдарларында көрініс табатын, 
адамның адами және әлемдік құндылықтарға 
деген  көзқарасы  әлемге  деген  тұтас  көзқара-
сының ажырамас бөлігіне айналады.

жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет