№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет11/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі ДББҰ, 2015ж.
2.  Аманова Ғ. Халықтық педагогика – даналық мектебі, 2012 ж.
3.  Жарқымбекова  М.Б.  Оқу  мен  жазу  арқылы  бастауыш  сынып  оқушыларының  сыни 
тұрғыдан ойлауын дамытудың тиімділігі // «Ұлттық тәрбие» журналы № 4 (36) 2016.
Ақылмен­ойлап­білген­сөз,
Бойына­жұқпас,­сырғанар.
Ынталы­жүрек­сезген­сөз,
Бар­тамырды­қуалар.
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Абай.

89
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
МРНТИ 14.07.09
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ 
БІЛІМ ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Г.С. Адасбаева
«А.Нүсіпбеков атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі 
А.Нүсіпбеков ауылы, Райымбек ауданы, Алматы облысы
Бұл жұмыста 1-ші сынып оқушыларының білім деңгейін, сабаққа деген қызығушылығын кө-
те ру үшін қандай тәсілдерді қолдана отырып сабақ жүргізу керектігі айтылады. Сабақ жос па ры 
түрінде көрсетіледі. Мектеп табалдырығын жаңа аттаған балаға сапалы білім беру үшін мұғалім 
кез келген тақырыпты қызықты етіп жүргізе білуі керек. Сонда ғана нағыз ұстаз нағыз шә кір-
тті тәрбиелейді. Мәселен, дүниетану пәніндегі қай тақырыпты алсақ та, ондағы берілген тап-
сырмалар оқушының жасына, қабылдауына сай жазылған. Сол тапсырмаларды қандай жол дар-
мен, қандай әдістермен меңгерте аламыз? Міне, білім берушінің алдында тұрған бірінші міндет 
осы. Оқушы «Менің отбасым. Отбасылық дәстүр» тақырыбын өткенде өз отбасы жайлы айтып, 
сол кішкентай мемлекетке деген сүйіспеншілігін арттыра білуі керек. Тек ол ғана емес, сол от-
ба сындағы дәстүрлерге де қанық болуы қажет. Ендеше, өз ата дәстүрін сыйлайтын, отбасын 
құрметтейтін, сүйетін азаматтарды тәрбиелеу – біздің, ұстаздардың міндеті. Сол міндетті абы-
рой мен атқарсақ қана, нағыз ұстаз дәрежесіне көтеріле аламыз.
Тірек сөздер: ұрпақ тәрбиесі, білім, қабілеттілік, тұлға, мінез-құлық, отбасы, дәстүр.
Данная  работа  рассматривает  способы,  которые  необходимо  применить  для  поднятия  за-
ин те ресованности  в  учебном  процессе,  и  улучшения  уровня  знаний  учащихся  1-го  класса. 
Приведена в виде учебного плана. Учитель должен уметь только что переступившему порог 
ученику, дать хорошие знания, путем предоставления любой темы в интересной форме. Только 
тогда настоящий учитель воспитает настоящего ученика. Например, какую бы тему не взять, все 
задания которые даются на уроке естествознания, даны на уровне восприятия ученика данного 
возраста. Какими способами и путями мы можем внедрить данные задания? Вот, что для препо-
да вателя является первостепенной обязанностью. Ученик при прохождении темы «Моя семья. 
Семейные традиции» должен уметь рассказать про свою семью, и выразить свою любовь к 
это му маленькому государству. Помимо этого, он должен быть приверженцем традиций своей 
семьи. Таким образом, обязанностью наших учителей является воспитание в учениках уважение 
к традициям своих предков, уважение и любовь к своей семье. Только при добросовестном 
выполнении данной обязанности, мы можем достигнуть звания настоящего учителя.
Ключевые  слова:  воспитание  потомства,  знание,  навыки,  личность,  поведение,  семья, 
традиции.
This paper examines the ways that you want to apply to raise interest in the learning process and 
improve the level of knowledge of students of the 1st class. Given in the form of a curriculum. The 
teacher should be able to have just crossed the threshold of the student, give good knowledge, through 
the provision of any topic in an interesting way. Only then will bring up a real teacher of the student. For 
example, no matter what the subject does not take all the jobs that are in the lesson of natural science, 
it is at the level of perception of student age. What are the ways and the ways we can implement these 
jobs? That is, that the teacher is the primary responsibility. The student in passing the theme «My 
family. Family tradition «should be able to tell us about your family, and express your love to this small 
state. In addition, it should be a supporter of the traditions of his family. Thus, the responsibility of our 
teachers is to educate students to respect the traditions of their ancestors, respect and love for his family. 
Only when the conscientious fulfillment of this obligation, we can achieve the title of a real teacher.

90
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Keywords: education of offspring, effective way, knowledge, skills, personality, behavior, family, 
tradition.
Біздің  халықтың  ұрпақ  тәрбиелеуде  сан 
ғасырлар  бойы  жинақтаған  өзіндік  тарихи 
тағылымы,  ой-пікір  қорытындылары  ұшан-
теңіз.  Олар  бүкіл  ұлттық  болмысымызды 
жан -жақты  бейнелейтін,  басқа  ұлттардан 
ерекшелігімізді  даралап  тұратын  халқы мыз-
дың  даналық  тұжырымдары,  әдеп  әлемінің 
айнасы. Уақыт сүзгісінен сүрінбей өткен, сан 
ғасырлар бойы санамызға ұялаған жазылмаған 
заңдар жазылған заңдардан да өміршең екенін 
дәлелдейді.  Бірақ  тарих  сахнасынан  өткен 
кешегі Кеңес дәуірінде сол асыл мұра, алтын 
қазынамызды  жабық  күйінде  қалдырып, 
санамыздан  сызып  тастауға  күш  салынғаны 
жасырын  емес.  Ендеше,  оны  заманауи  тұр-
ғы дан  терең  талдап,  саралап,  өлгенімізді 
тірілтіп, өшке ні мізді қайта жаңғыртып, ұрпақ 
тәрбиесінде  кәдеге  жаратуға  тиіспіз.  Білімді, 
жан-жақты  қабілетті  ұрпақ  –  ұлтымыздың 
ба ға  жетпес  қазынасы.  Ал,  қазақ  халқының 
ұлт тық  тәжірибелері  мен  тағылымдарының 
мол қазынасы халықтық педагогикада жинақ-
талған. Осыдан келіп ұрпақ тәрбие сінің түзу 
жолы қалыптасады. Жас ұрпаққа сапалы білім 
мен саналы тәрбие беру қай кезде де өзектілігін 
жоғалтқан емес. Қазір де солай.
Мұғалімнің  кәсіптік  білімінің  үздіксіздігі 
оның шығармашылық қабілеттерін дамыту дың 
қажетті  алғышарты,  оның  өмір  тірші лігінің 
біріктірілген элементі және жеке педагогикалық 
тәжірибесін ұдайы дамытып отырудың шарты 
болып табылады. Менің осы сабақ жоспарын 
ұсынуда  ең  алдымен  «оқушыны  қалай  қы-
зық тыра  аламын»,  «қандай  әдіс-тәсілдерді 
қолданған  қолайлы»,  «берген  білімім  сапалы 
болуы  үшін  мен  олардың  қызығушылығын 
арттыра аламын ба» сынды сан мың сұрақтар 
болады. Осы сұрақтарға жауап тапқанда ғана 
мен білім нің мотивациялық сипатын арттыра 
ала мын.  Мектеп  табалдырығын  жаңа  атта-
ған  1-сынып  оқушылары  дүниетану  пә-
нін  алғаш  оқи  бастағанда  бұл  пәннің  өзде рі 
үшін  қаншалықты  маңызды  екенін  тү сін -
ді.  Пәнге  деген  қызығушылықтары  біртін-
деп  қалыптасты.  Себебі,  бұл  пән  күнде-
лікті  өмірмен  байланыстырылып  оқы тыл-
ды.  Ұсынылып  отырған  «Менің  отба сым. 
От басылық  дәстүр»  тақырыбының  жос па-
рын да  да  осы  мәселеге  көп  көңіл  бөлінді. 
Яғни,  оқушы  отбасы  жайлы,  отбасындағы 
дәстүрлер  мен  тәрбие  жайлы  сабақ  алмас 
бұрын өз отбасы туралы әңгімелейді, отбасы 
мүшелерін  қалай  жақсы  көретіндерін  айта-
ды.  Үйде  аталып  өтілетін  мерекелер  жайлы 
сөз  қозғайды.  Жоспар  бойынша  тақырыпты 
аша тын  әр  түрлі  ойындар  ойнатылады.  От-
ба сылық  дәстүрлерге  байланысты  көпте ген 
мәліметтер  келтіріледі.  Мәселен,  «тұсау ке-
сер», «шілдехана» сынды мерекелеріміздің түп 
негізінің қайдан шыққаны туралы сөз болады. 
«Сен білесің бе?», «Анықта», «Орын дап көр» 
сияқты  тапсырмалар  ар қы лы  тақырып  жан-
жақты ашылады, оқушы лар дың ойлау, өз ойын 
анық жеткізе алу қабілеттері артады. Оқушы 
дұрыс  сөйлей  білуге,  дұрыс  ойлай  білуге 
дағдыланады. 
Жалпы,  білім  беруші  өз  шәкірттерін  тек 
қана  тыңдаушы  ретінде  емес,  әрқайсысын 
өз  ойын  емін-еркін  жеткізе  алатын  жеке 
тұлға  ретінде  көре  білуі  керек.  Ең  бастысы, 
ұлттық дәстүр мен ұлттық мүддемізге қай шы 
келмеуіміз қажет. Қандай тақырып болмасын 
оны  қызықты  етіп  өткізу  үшін  түрлі  әдіс-
тәсілдерге сүйеніп, сонымен қоса дүниетаным 
қалыптастыра  оқыту  –  басты  міндетіміз  бо-
лып табылады. Кез келген адам дұрыс ойлай 
алса,  дұрыс  сөйлей  біледі.  Сол  себептен 
де,  оқушы  бойына  дұрыс  ойлау  мен  дұрыс 
сөйлей білу қабілетін қатар дамытуымыз тиіс. 
Ж.Аймауытов айтқандай: «Оқыту – оқулықтан 
өмірге  қарай  емес,  өмірден  оқулыққа  қарай 
жүруі тиіс». Бұл 1-сыныпқа өткізілетін барлық 
сабақта, соның ішінде ең бастысы дүниетану 
сабағында  көп  назарға  алынады.  Оқушы 
дүниені  тану  үшін  өзін  қоршаған  ортамен 
тығыз  байланыста  болуы  керек.  Өйткені, 
дүниені  тану  –  ең  алдымен  өзін  танудан, 
қоршаған ортасын танудан басталады.
Көрнекті  ғалым  А.Байтұрсынов  мектеп 
мұғалімінің  баланың  табиғатын  біліп,  көңіл 

91
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
сарайын  танитын  адам  бола  білу  керектігін 
айтады. Яғни ол мектепке алғаш келген бала-
ның  жан-дүниесін,  мінез-құлқын  жан-жақты 
зерттей  алатын  психолог  бола  білген  жөн. 
Баланың  қуануы,  шаттануы,  қиялдануы, 
рен жуі,  ашулануы,  жылауы,  сөйлеуі  –  осы-
лардың бәрі оның әлеуметтік өмір тіршілігіне 
байланысты  ішкі  жан-дүниесі  мен  мінез-
құлқын  сипаттайды.  Баланың  нәзік,  өскелең 
табиғатына жарасымды әдептілік, адамгершілік 
қасиеттер,  оның  өскен  ортасындағы  тәлім-
тәрбиенің  арқа сын да  қалыптасады.  Сондық-
тан,  балаға  қойылатын  талап  пен  сол  талап-
ты  орындай  алу  мүмкіншілігі  арасында 
да  көптеген  қиындықтар,  кедергілер  мен 
қай шы лықтар  кездесетіні  белгілі.  Ондағы 
әлеуметтік  орта  баладан  мәдениетті,  әдепті, 
сыпайы  мінез-құлықты  талап  етеді.  Ал  олар 
әлі  де  мұндай  мінез-құлыққа  жете  қоймаған. 
Осы қайшылықтарды жеңу жолында да оған 
көптеген қиындықтар кездесетіні анық, міне, 
осы қиындықтарды жеңуге көмектесетін мұға-
лім тұлғасы екендігін ғалым нақты айтады. 
Оқу  жұмысын  ойдағыдай  жүргізу  үшін 
балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  жеке 
ерекшеліктерін,  олардың  зейін,  қабылдау, 
ес,  ойлау,  қиял  өзгешеліктерін,  сезім,  ерік 
жақ тары  мен  жеке  қасиеттерін  жақсы  білу  – 
мұғалімге  тән  нәрсе  екенін  негіздейді.  Сабақ 
жоспарын  ұсынуда  мен  осы  мәселелерге 
көп  көңіл  бөлдім.  Дүниетанымнан  сауат-
ты  лыққа  қарай  оқыту  тенденциясын  басты 
назарға  алдым.  «Отбасы»  тақырыбын  тү-
сін діре  отырып,  оларды  мәдениеттілікке, 
бауырмалдыққа,  сауаттылыққа  тәрбиелеуге 
тырыстым.  Отбасылық  дәстүрлердің  хал-
қы мыз  үшін  қаншалықты  маңызды  екеніне 
көздерін  жеткіздім.  А.Байтұрсынов  айт қан-
дай «Нәрсенің затын алмай, атын ғана алып, 
құр  сөз  түрінде  үйретуден»  аулақ  болуға 
тырыстым.  Мұғалімге  артылар  жүктің  өте 
ауыр, әрі маңызды екені айтпаса да түсінікті. 
Сол аманат жүгін құлатпау, шәкірттерге сапалы 
білім,  саналы  тәрбие  беру  –  біздің  басты 
міндетіміз деп білемін. Енді сабақ жоспарына 
назар аударайық:
Пән атауы: Дүниетану
Сабақтың  тақырыбы:  Менің  отбасым. 
Отбасылық дәстүр
Сынып: 1-сынып
Оқу мақсаты:
Барлық­ оқушылардың  «Отбасы»  та қы-
рыбының  әлеуметтік  мәселелерін  қарас ты-
ру ды,  ұлттық  дәстүрлер  мен  мерекелерді 
суреттеуді,  «отбасылық  шежіре»,  «отбасы-
лық  дәстүр»  сөздерінің  мағынасын  түсінуді 
үйренyі;
Оқушылардың­ басым­ бөлігінің  дағдылы 
және  мереке  күндерінің  айырмашылығын 
түсіндіре білуі.
Кейбір­ оқушылардың  алған  білімді  тәжі-
рибеде қолдана алуы.
Тірек  сөздер:  отбасы  –  cемья  –  family; 
отбасылық шежіре – родословная – geneo lo gy; 
отбасылық дәстүрлер – семейные тра ди ции – 
family traditions.
Ресурстар: Түймедақ суреті, рөлдік ойын-
ға  арналған  үлестірме  парақшалар,  тату-
тәтті  отбасы  бейнеленген  плакат,  тұсау  кесу 
рәсімі бейнеленген плакат, асқа бата айтылып 
отырған  сәт  бейнеленген  плакат,    отбасылық 
шежіре  ағашы  бейнеленген  плакат,  ашықхат 
жасауға  арналған  үлгілер,  түрлі-түсті  қағаз, 
желім.
Сабақтың  мақсаты:  1.түрлі  дерек көз-
дер ді  зерттей  отырып,  «отбасы»  ұғымын 
түсіну  және  мәнін  түсіндіру;  2.отбасындағы 
өзге  мүшелерге  қатысты  өзінің  туыстық 
байланыстар  жүйесіндегі  орнын  анықтау; 
3.отбасылық  мерекелердің  бірін  сипаттау; 
4.отбасы  мүшелерінің  арасындағы  қамқор 
қарым-қатынастың  маңызын  түсіндіріп, 
мысалдар келтіру.
Сабаққа  байланысты  деректі  мате ри-
ал дар:  Әр  адамның  өмірінде  отбасының 
маңызы  зор.  Адамға  жалғыз  өзі  өмір  сүру, 
қиындықтармен күресу қиындық келтіреді. Бір 
өзі өз табыстарына қуана алмайды. «Отбасы» 
ұғымы сүйіспеншілік және қам қор лық туралы 
алғашқы ізгі ниеттермен байланысты.
Әр  отбасында  өз  дәстүрлері  болуы  ти-
іс.  Дәстүр  –  ұрпақтан-ұрпаққа  берілетін 
әдет  -ғұрып  және  көзқарастар  жиынтығы. 

92
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Дәстүрлерге сонымен бірге отбасылық шежіре 
құру да жатады. «Шежіре» – бұл бір тамырдан 
тарайтын  ұрпақтар  ағашы»,  -  деп  атап  өтті 
Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан-2050» Жол-
дау ында.  Мұндай  дәстүрлерге  отбасылық 
мерекелер де жатады. Отбасылық мерекелерді 
өткізу  отбасы  мүшелерін  ұйымшыл  етіп, 
қуаныш сыйлайды.
Кейбір  отбасыларында  дастархан  басында 
бірге  ас  ішу,  жоспарларды  бірге  талқылау, 
мәселелерді  бірлесе  шешу,  киноға,  табиғатқа 
бірге бару сияқты дәстүрлер қалыптасқан.
Қазақ  отбасыларында  балаларға  ерекше 
көңіл бөлінеді. Бала дүниеге келгеннен бастап 
(«Шілдехана  тойы»,  «Қырқынан  шығару», 
«Тұсау кесер», «Тілашар» және т.б.) бүкіл өмір 
бойы  баланың  барлық  қуаныштары  аталып 
отырады.
Тұсаукесер дәстүрінің пайда болу тарихы. 
Бұл дәстүр өте ертеде пайда болған және тек 
қазақтарда ғана емес, сонымен бірге басқа да 
туыстас халықтарда да (қырғыз, алтайлықтар, 
хакастар) кездеседі. Ерте заманда әлемді жер 
үсті, жер асты және аспан әлемі деп үш бөлікке 
бөлген  екен.  Адам  бұл  әлемнің  барлығында 
болып қайтуы тиіс екен. Нәрестенің жерасты 
әлемімен байланысы мықты болғаны сондай, 
оны  өз  бетімен  үзе  алмаған.  Оған  көмектесу 
қажет болған. Сол кезеңнен бастап тұсау кесуді 
жігерлі, рухы мықты адамға сеніп тапсырған. 
Тұсауды  кесе  отырып,  ол  жерасты  әлемімен 
баланы байланыстырып тұратын соңғы жіпті 
кескендей  болады.  Бала  содан  кейін  біздің 
әлемге алғашқы қадам жасайды.
БҰҰ  Бас  Ассамблеясы  1993  жылы  15 
мамырды  Халықаралық  отбасы  күні  деп 
жария лады. Бұл күнді белгілеу туралы шешім 
әлем жұртшылығындағы көптеген отбасылық 
мәселелерге назар аудару үшін қабылданды.
1998 жылғы 20 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан 
Назарбаев  Қазақстанда  Отбасы  күнін 
мерекелеу  туралы  жарлыққа  қол  қойды.  Бұл 
күн  қыркүйектің  әр  екінші  жексенбісінде 
мерекеленеді.
Сабаққа қатысты ескертпелер: Сабақты 
«Түймедақ»  ойнынан  бастауыңызға  болады. 
Түймедақтың ортасына «отбасы» сөзін жазып 
қойыңыз. Оқушылар әр жапыраққа осы сөзге 
қатысты  сөздерді  жазуы  тиіс.  «Отбасы» 
тақырыбына әңгіме өткізіңіз.
Сұрақтар  қойыңыз:  Отбасының  басқа 
адамдар тобынан айырмашылығы неде? Біздің 
сыныбымызды отбасы деп атауға болады ма?, 
т.с.с.
Кел,  талқылайық!  Тату-тәтті  отбасы 
бейнеленген плакат көрсетіледі.
Суретте кімдер бейнеленген? Бұл адам дар-
ды біріктіретін не? - деген сұрақтар қойы лып, 
оқушылардан толыққанды жауаптар алынады. 
Отбасы  –  ең  жақын  және  туыс  адамдар.
Әр  отбасында  жақсы  қарым-қатынас  болуы 
өте  маңызды.  Отбасы  мүшелерін  отбасылық 
дәстүрлер біріктіреді.
Менің­отбасым. Оқушылардан өз отбасы, 
отбасындағы  адамдардың  қарым-қатынасы 
туралы айтуын сұраңыз.
«Қонақжайлылық»  ойынын  өткізіңіз. 
Сынып  оқушыларын  3-4  топқа  бөліңіз.  Әр 
топ өзара әже, ата, ана, әке, балалар, қонақтар 
рөлдерін бөліседі. Рөлдерді бөліскеннен кейін 
ойын  өткізіледі  және  оны  талқылайды.  Әр 
топтың жақсы жақтарын айтыңыз: үлкендерге, 
қонақтарға  құрмет  көрсете  алды  ма,  отбасы 
мүшелеріне назар аударды ма?
Дәстүрлер.  Оқушылардан  өздеріне  та-
ныс  суретті  таңдауын  сұраңыз  («Шашу», 
«Бата», «Тұсау кесу» және т.б.). Оқушылар өз 
өмірлерінде  болған  оқиғаларды  әңгімелейді. 
Бұл дәстүрлердің қайсысын көргенін айтады.
«Отбасылық­ шежіре»  сөзінің  мағынасын 
оқушылармен  бірге  ашыңыз.  Оқушылардың 
назарын  ағаштың  суретіне  аударыңыз. 
«Шежірені неліктен ағашпен салыстырады?» 
деген сұрақ бойынша оқушылардың ойларын 
біліңіз.
Оқушылардың  пікірін  сұраңыз.  Адамның 
өмірі,  азамат  ретінде  қалыптасуы  отбасынан 
басталатыны  туралы  түсінік  беріңіз.  Отбасы 
мәселелеріне  көңіл  бөлу  үшін  Халықаралық 
отбасы күні құрылды. Отбасы күні Қазақстанда 
да аталып өтіледі.
Анықта. Бұл тапсырманы үйде орындауға 
беріңіз.Оқушылар  үшін  өз  ата-аналарының 
балалық шағы туралы білу қызықты бо ла ды. 

93
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
Олар  өздері  жүргізген  бақылау  нәтижелерін 
сурет арқылы берсе де болады. Қабілеті жоғары 
оқушылар суреттерінде ата-аналарының бала 
кездерінде  үлкендерге  қалай  көмектескенін, 
қандай  ойындарды  ойнағанын  және  қазіргі 
кезде оқушылардың өздері қандай ойындарды 
ойнайтынын көрсетеді.
Орындап  көр.  Оқушыларға  ашықхат 
жасау  үшін  үлгілер  таратып  беріңіз.  Өз 
жақын  туыстарына  тілек  жазуды  сұраңыз. 
Ашықхаттың  арғы  бетіне  үй  мекен-жайын 
жазсын.  Бұл  келесі  сабаққа  арнап  алдын  ала 
берілген тапсырма болады.
«Отбасылық  шежіреге»  туыстарыңның 
суреттерін желімде. Отбасылық шежіре ағашы 
бейнеленген плакат пайдаланылады.
Тұсау  кесу  рәсімі  бейнеленген  және  асқа 
бата айтылып отырған сәт бейнеленген плакат-
тарды  қолдану  арқылы  шағын  әңгіме,  ой 
бөлісу жүргізіледі. 
Сабақтың қорытындысы:
Зертте.  Оқушылардан  Наурыз  мерекесі 
туралы  әңгімелеп  беруді  сұраңыз.  Олар  өз 
отбасында  бұл  мерекені  қалай  атап  өтетіні 
туралы естеріне түсіріп, әңгімелеп беруі тиіс. 
Олардың әңгімесін тойда айтылатын тілектер, 
ұлттық  тағам,  киіз  үй  және  т.б.  туралы 
қосымша ақпаратпен толықтырыңыз. Наурыз 
мерекесінің  тарихы  туралы  қысқаша  түсінік 
беріңіз.
Тілдік­ құзыреттілікті­ қалыптастыру.­
Жұмыс  дәптеріндегі  тапсырма  тілдік  мақ сат-
ты  іске  асыруды  көздейді.  Оқушылар  «ана», 
«әке»,  «әже»,  «ата»,  «аға»,  «іні»,  «әпке», 
«сіңілі» сөздерін үш тілде айта алады.
Пәнаралық байланыс:
Өнер. Оқушыларға өз отбасына қатысы бар 
заттардың  суретін  салуды  ұсыныңыз.  Олар 
күннің, кемпірқосақтың, ағаштың, үйдің және 
т.б.  суретін  салуы  мүмкін.  Әр  суретке  атау 
беруге  болады.  Мысалы,  «Анам,  әкем  және 
мен  –  тату-тәтті  отбасымыз»,  «Отбасымыз  – 
қорғанымыз»,  «Біріміз  бәріміз  үшін,  бәріміз 
біріміз үшін!», «Әрқашан біргеміз» және т.б.
Акт.  Қабілетті  оқушыларға  өз  отбасы 
туралы  шағын  таныстырылым  жасауды 
ұсыныңыз.  Онда  отбасы  мүшелерінің  сурет-
терін  орналастыруға  болады.  Оқушылар 
суретке өз шежіре ағашын сала алады.
Жауабын­талап­ету. Жеті күннен кейін.
Қосымша тапсырмалар:
Оқушыларға  әшекейлі  тізбек  көмегімен 
өз  отбасын  бейнелеуді  ұсыныңыз.  Оқушы-
лар  түрлі-түсті  қағаз  жолақшаларына  өз 
есімін,  анасының,  әкесінің,  атасының,  әже-
сінің,  ағасының,  әпкесінің  есімдерін  жазады. 
Әр  жолақты  сақина  етіп  бекітеді  де  барлық 
әшекейлі тізбектерді біріктіреді. Нәтижесінде 
отбасы  шежіресі  шығады.  Әрқайсында 
қайталанбас  өз  отбасы  бар  екенін  байқайды. 
Оқушылар  бір-бірінің  әшекейлі  тізбектерін 
біріктіре  алады.  Оқушылардан  барлық 
әшекейлі  тізбектерді  біріктірсе,  не  болатыны 
туралы тұжырым жасады сұраңыз.
Бағалау:
Оқушылар
– отбасылық дәстүрлер туралы;
– Наурыз мерекесі туралы білді;
– өз отбасы шежіресін жасауды;
–  қонақжайлылық  ережелерін  сақтауды 
үйренді.
«Тату-тәтті­ отбасы»  ойыны:  Сенің 
анаңның  анасы  саған  кім  болады?  (Нағашы 
әже).  Менің  анамның  қызы,  бірақ  мен  емес? 
(Әпке, сіңлі). Сенің әкеңнің әкесі? (Aта). Сенің 
әкеңнің ағасы саған кім болады? (Көке). Сенің 
әкеңнің әпкесі саған кім болады? (Әпке).
Қорытынды бағамдау:
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды 
да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Оқушыларды  сабақтың  әр  кезеңінде 
бағалау.
2.Дарынды 
және 
үлгерімі 
төмен 
оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( 
оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2.Рефлексия.
Осылайша,  сабақ  барысында  сынып 
немесе  жекелеген  оқушылар  туралы  «менің 
келесі  сабағымды  жетілдіруге  көмектесетін 
мен  не  білдім?»  деген  мәселелер  төңірегінде 
ізденістер жүргіземін.  

94
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектебі», 2012 ж.
2.  Нуриев М.А., Садыкова А.Е., Советканова Д.М. Қазіргі заман мұғалімінің болмысы // 
«Ұлттық тәрбие» журналы,  - №4(36)2016, - 6 бет.
3.  Сейсенбаева Ж.А. Ұлықты ұл, қылықты қыз тәрбиелегеңіз келсе немесе бүгінгі бала 
тәрбиесіне қажетті кеңестер // «Ұлттық тәрбие» журналы,  - №4(36)2016, - 26 бет.
«Алтын­ұяң­—­Отан­қымбат,­
Құт-берекең­—­атаң­қымбат,­
Аймалайтын­—­анаң­қымбат,­
Асқар­тауың­—­әкең­қымбат»
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Қазыбек­би.

95
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
МРНТИ 14.07.09
ФОНЕТИКАЛЫҚ БІРЛІКТЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ ӘДІСТЕР
К.С. Картбаева
Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 2-курс магистранты
Мақала  фонетикалық  бірліктерді  оқыту  әдістеріне  арналған.  Берілген  мақалада  Қазан 
төңкерісінен  кейінгі  тіл  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдерінің  бүгінгі  күнгі  әдістерге  тигізген 
септігі қарастырылады. ХХ ғасырдың басында ағартушылық қызмет атқарған қайраткер Ахмет 
Байтұрсынұлының, әдіскер-ғалымдар С.Жиенбаевтың, Ғ.Бегалиев, Ш.Сарыбаев, Д.Әлімжанов, 
Ы.Мамановтардың қолданған әдістері зерделенеді. Тілді меңгертудегі оқытудың әдістері мен 
амал-тәсілдерін қарастыру мақаланың өзектілігін аша түседі.
Тірек сөздер: тіл үйреyту, тілді оқыту, әдіс, тәсіл, фонетикалық бірлік, қазақ тілін оқыту 
әдістемесі.
Статья посвещена методу обучения фонетических единиц. В данной статье рассматриваются 
пути  и  методы  преподавания  языка  после  Октябрьской  революции  и  как  оно  влияет  на 
сегодняшние  методы  обучения.  Рассматриваются  методы  великого  просветителя  начала  ХХ 
века  Ахмета  Байтурсынова,  ученых-методистов  С.Жиенбаева,  Г.Бегалиева,  Ш.Сарыбаева, 
Д.Алимжанова,  Ы.Маманова.  Методы  и  подходы  обучения  языку  раскрывают  актуальность 
данной статьи.
Ключевые  слова:  обучение  языку,  преподавание  языка,  метод,  подход,  фонетическая 
единица, методика преподавания языка.
The article is dedicated to the method of training of phonetic units. This article discusses the ways 
and methods of language teaching after the October Revolution and how it affects today’s teaching 
methods.  The  methods  of  the  great  educator  of  the  early  twentieth  century  Ahmet  Baitursynov, 
methodist-scientists S.Zhienbaev, G.Begaliev, Sh.Sarybaev, D.Alimzhanov, Y.Mamanov. methods and 
approaches of language learning reveal the relevance of this article.
Keywords: language learning, language teaching, method, approach, phonetic units, methods of 
teaching language.
Қазіргі  таңда  жаһанданудың  әсерінен 
мемлекетіміздің  басты  мәселелерінің  бірі  – 
қазіргі саяси қоғамымызда халқымыздың ана 
тілін, рухани байлығын, салт-дәстүрін, тарихи 
құндылықтарын,  жеріміздің  қасиеттілігін 
ұмытпай,  оны  сақтай  отырып,  әлеуметтік-
экономикалық,  ақпараттық,  мобильді  өмірге 
жылдам ену. Мұндай жол білім беру жүйесін, 
оның ішінде ана тілін оқытуды жаңа бағытқа 
бағыттап отыр.
Елбасымыз 
Нұрсұлтан 
Әбішұлы 
Назарбаев  2005жылғы  Жолдауында  «Бәрі 
де  мектеп  қабырғасынан  басталады» 
[1],  -  дейді.  Сондықтан,  қазіргі  таңда 
қазақ  тілін  оқыту  әдістемесі  педагогика 
ғылымының  жалпы  заңдылықтарына  және 
оның  негізгі  ұстанымдарына  сүйеніп,  жаңа 
технологияларды негізге ала отырып, ұрпақты 
тәрбиелеп-оқытуда жаңа әдістер мен тәсілдер 
іздестіруде.
Тілді  үйрену  өте  күрделі  мәселе 
болғандықтан,  ол  әртүрлі  жағдай,  түрлі 
оқу  материалдарын,  әдістерді,  қызметті, 
стратегияны  және  тәсілдерді  талап  етеді. 
Кейбір  оқытушылар  көптеген  жылдар  бойы 
өз сабақтарында бір ғана тәсілді пайдаланып, 
оны ең ұтымды, ең нәтижелі әдіс деп біледі. 
Ал өзгелері күнделікті жаңа тиімді тәсілдерді, 

96
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
әдістерді  қарастырумен  болады.  Сайып 
келгенде,  тілді  үйретудің  жалғыз  ғана,  ең 
керемет әдісі бар ма екен негізі? – деген сұрақ 
әр оқытушы санасында туындайды.
Жалпы  «әдіс»  дегеніміз  не?»  деген 
сұраққа  тоқталып  кетер  болсақ,  «Әдіс  (грек. 
odеs–бір  нәрсеге  жетудің  жолы)»  –  көздеген 
мақсатқа  жетудің  тәсілі,  тәртіпке  келтірілген 
қызмет  жүйесі»,  -  деп  Қазақ  Ұлттық 
Энциклопедиясында  берілсе  [2],  Қазақ  әдеби 
тілінің  сөздігінде  «Әдіс  (грек.  Metһodos) 
–  қоғам  өмірі  мен  табиғат  құбылыстарын 
зерттеудің,  танып  білудің  амалы,  жолы»  деп 
беріледі  [3].  Осындай  анықтамаға  ие  болған 
әдістердің өзіндік даму тарихы бар, сәйкесінше 
фонетикалық  бірліктерді  оқыту  жолында 
құрастырылған, қолданылған әдіс-тәсілдердің 
де  тарихы  бар,  сол  әдістерді  құрастырған 
азаматтар  бар.  Міне  сондықтан  бұл  жерде 
әдістерді  құрастырушы  әдіскер-ғалымдардың 
рөлі ерекше.
Тілді  меңгертудегі  оқытудың  әдістерін, 
амал-тәсілдерін 
қарастырып, 
оны 
тәжірибеде  қолданып,  тиімді  жолдарын 
көрсеткен  А.Байтұрсынұлы,  Ғ.Бегалиев, 
И.Қ.Ұйықбаев, Ш.Сарыбаев және т.б. әдіскер-
ғалымдарымыздың  еңбектері  әлі  күнге  дейін 
құнды болып табылады.
Қазан төңкерісіне дейін дін мектептерінде 
оқу шағатай тілінде жүріп, қазақ тілін оқыту 
методикасы  болмаған,  сондықтан  қазақ  тілін 
оқыту  әдістерінің  тарихы  Қазан  төңкерісінен 
кейін басталғанын барлық ғалымдар айтады.
Қазақ  халқының  әлеуметтік  өмірі  мен 
мәдениетіне  Қазан  төңкерісінен  кейін  ХХ 
ғасырдың басында баса назар аударған Ахмет 
Байтұрсынұлы – қазақ балаларын, ересектерді 
сауаттандыру мақсатында қазақ тілін оқытуда 
ағартушылық қызмет атқарған қайраткер. Ол 
тілдің  дыбыстық  жүйесі  мен  грамматикалық 
құрылымын  зерттеп,  қазақ  тілін  оқытып 
үйретуге арналған хрестоматиялар, мақалалар, 
оқулықтар жазып қана қоймай, сонымен бірге 
«Тіл  құрал»,  «Тіл  жұмсар»,  «Оқу  құралы», 
«Сауат  ашқыш»  сияқты  еңбектері  –  оқыту 
әдісіне арналған әдістемелік құралдар.
Оның пікірінше: «Әдісін алғанша қай істе 
болса, қиын болады. Әдісін алған соң, қайсысы 
да болса оңайланады» [4].
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілін үйретудің 
өзінде  көптеген  әдіс  бар  екенін  айта 
отырып,  өзге  халықтар  мен  қазақ  халқының 
дыбыс  жүйесін  оқытудағы  ерекшеліктерді 
салыстырып өтеді де, қазақ тіліндегі дыбыстар 
қалай  естілсе,  солай  жазылатынын  айтады. 
Ол әдістің екі түрін көрсетеді: жалқылау әдіс 
және  жалқылаулы-жалпылау  әдіс.  Жалпылау 
әдіс  –  «ұсақтан  ірілету»,  ал  жалқылау– 
керсінше.  Жалпылау  әдіске  сай  алдымен  сөз 
беріліп,  кейін  оның  буындары  ажыратылып, 
кейін  дыбыстармен  таныстыру  керек  екен. 
Бұл  әдістің  маңыздысы  сөздің  мағынасы 
түсіндірілген  соң  дыбыспен  таныстыру. 
Ал  жалқылаулы-жалпылау  әдіс  бірнеше 
түрге  бөлінеді.  Біріншісі,  «шағын  сөзді» 
әдіс.  Мұнда  алдымен  балаға  сурет  беріледі, 
бала  сурет  жайлы  білгенін  айтады,  бала 
берілген  суретті  өзі  салады,  сурет  жанында 
берілген  танымайтын  әріптерді  көшіреді, 
балалар  жазған  сөзін  мұғалім  көмегімен 
қайталап  дыбыстайды,  енді  сөзді  дыбысқа 
бөліп,  дыбыстардың  жазылуын  үйретеді  де 
әріптерден  сөздер  құрады.  Жалқылаулы-
жалпылау  әдісінің  екінші  түрі  –  «Дыбысты 
әдіс».  Ғалым  бұл  әдісте  ең  алдымен  баланы 
сабаққа  ынталандырып,  әңгімеге  тартып, 
сабаққа  бойын  үйретуден  бастау  қажеттігін 
айтып,  баста  сөз  мағынасын,  соң  дыбысты 
үйретіп  болған  соң  әріптерді  үйрету  керек 
дейді [5].
Қазақ 
тілін 
оқытуда 
графикалық-
алгоритмдік  схемаларды  пайдалануды  алғаш 
ұсынған  ғалым  –  Сейіл  Жиенбаев.  1938 
жылы  Сейіл  Жиенбаевтың  «Үлкендерге 
хат  танытудың  методикасы»,  1939  жылы 
«Бастауыш  мектепте  кітап  оқытудың 
методикасы»,  1941  жылы  «Қазақ  тілінің 
методикасы»  т.б.  еңбектері  басылып  шықты. 
Бұл  еңбектердің  қазақ  тілін  оқытуда  алатын 
орны  ерекше.  Оның  пікірінше:  «мұғалім 
сабақты біреудің көрсетіп бергенінен айнытпай 
орындауға міндетті емес, өз білгенінше түрлі 
әдіс қолдануға ерікті» [6].
Әдіскер  графика  арқылы  грамматикалық 

97
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
ұғымдарды  жүйелі  беруге,  баланың  ойын 
жетілдіруге мүмкіндік береді дейді, дегенмен 
үнемі  қолдануға  болмайтынын  да  атап 
өтеді.  Сонымен  бірге,  жаңа  сабақты  өту 
барысында,  оны  бекіту  барысында  тексеру, 
байқау  әдісін  қолдануды  ұсынады.  Тексеру 
әдісін ұсынады, яғни оқушыларды ойландыру 
үшін  тексеруді  мұғалім  ғана  емес  оқушылар 
да  жүргізуін,  сол  арқылы  оқушының  ұғу 
деңгейінің  жоғарылауын  атап  айтады.  Бекіту 
барысындағы талдауда байқау әдісін қолдануды 
ұсынады,  яғни  мұғалімнің  басшылығында 
берілген талдаудың нәтижесі мұғалім айтпай-
ақ  байқалып  тұратын  болса,  онда  бұл  сабақ 
өз  мақсатына  жеткені  деп  береді.  Әдіскер 
салыстыру әдісін пайдалану оқушы санасында 
екі  түрлі  ұғымды  толық  анализдеп,  екеуінің 
бір-бірінен  айырмашылығы  мен  ұқсастығын 
анықтауына,  оны  егжей-тегжейлі  түсінуіне 
мүмкіндік беретінін айтып өтеді.
С.Жиенбаев әдістің догматикалық, бақылау, 
тексеру  сияқты  үш  түрін  айта  отырып  [7], 
догматизм  әдісіне  ерекше  тоқталып  өтеді. 
Догматизм (гр. догма – шариғаттың заңдары) 
–  тексеру  арқылы  жаттату  яғни  құбылыстың 
мән-жайын,  қызметін  түсіндірмей,  тек  қана 
атап көрсету. Мысалы, н, ң дыбыстарын жазып 
көрсетіп, олардың жасалу жолдарына мүлдем 
тоқтамай  тек  жазылуы  мен  дыбыстап  айтып 
жаттау түрінде бала санасына енгізу. Мұндай 
жағдайда  бала  бұл  дыбыстарды  бір-бірінен 
ажырата алмай қалады. Сонымен бірге ғалым 
догматизм әдісін қолданғанда баланың ойлау 
қабілеті жетілмей қалатынын айтады.
Әдіскер-ғалым  С.Жиенбаевтың  пікірінше: 
«Мысалы, орыс тілінде пәлендей жалғау, жіктеу 
түрлері  бар  екенін...оқыған  баланың  жалпы 
біліміне  қаншалық  пайда  әкеледі?  Ал  енді 
грамматика оқытуды практикалық дағдыларға 
(дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу, дұрыс жазуға үйрету 
жөніндегі  дағдыларға)  байланыстыра  алсақ, 
онда мәселе мүлде басқашаға айналады» [6]. 
Жиенбаев  практикалық  оқытудың  рөлі  зор 
екенін  айта  отырып,  оқытудың  ғылымдық 
рөлін  күшейтуді  ұсынады.  Себебі,  ғылым 
негіздерін  алған  адам  толық  сауатты  болады 
дейді.  Демек,  фонетиканы  оқытуда  ғылыми 
білім  балаға  дұрыс  сөйлеуге,  дұрыс  оқуға, 
дұрыс жазуға жол ашады. Ал бұл өз кезегінде 
оқушының  тіл  байлығын  көбейтуіне  септігін 
тигізіп, сауатты болуына мүмкіндік береді.
Ғали  Бегалиевтің  1935-1940  жылдары 
«Бастауыш мектепте қазақ тілінің методикасы», 
«Әріп,  дыбыс,  буын»  атты  еңбектері  жарық 
көреді.  1935  жылдары  қазақ  тілін  оқытуда 
еңбек  сіңірген  Ғ.Бегалиевтің  пікірінше  «Әр 
істің де тәсілі, әдісі бар. Бұл әсіресе оқыту ісіне 
керек».  Сонымен  бірге,  ғалым  жат  жазудың 
догматикалық  түрін  емес,  өзгеше  түрін 
ұсынады. «Жазуға үйрету әдісі: жат жаздырып 
үйрету  1)  оқылған  мақаланың  мазмұнын 
қысқа-қысқа сөйлемдермен оқытушы тақтаға 
жазады;  2)  әр  сөйлемді  талқылатады,  жазуы 
қиын сөздерді жеке талқылатады; 3) талқылап 
болғаннан  кейін  оқушылар  әлгі  сөйлемді, 
ондағы сөздерді тағы бір рет қарап шығады; 4) 
сосын  жаңағы  сөйлемнің  бірнешеуін  өшіріп, 
қайтадан  түгендеп  жазып  шығыңдар  дейді 
оқытушы.  Оқушылар  дағдыланғаннан  кейін, 
сөйлемді  толығымен  өшіріп,  қайта  жаздыру 
керек».  Бұл  жат  жазу  әдісін  өзгеше  формада 
фонетикалық  бірліктерді  үйрету  кезінде 
қолдану өте қолайлы. [8].
Шамғали  Харесұлы  Сарыбаевтың  1921 
жылы  Ташкентте  «Үлкендер  үшін  әліппе» 
(авт.бірі),  1952  жылы  Ташкентте  «Жаздырып 
үйретудің  әдістері»,  «С.Қ».  1935  жылғы  14 
қаңтар айының № 12 басылымында «Түрліше 
жазылатын  бір  мәнді  сөздер  туралы», 
1936  жылы  «Тіл  мәселелері»,  Алматыда 
«Қазақ  сөйлемінде  үтірдің  жазылатын 
орындары»,  1956-1959  жылдары  «Қазақ  тілі 
методикасының  кейбір  мәселелері»  (І  бөлім, 
фонетика  мен  морфология)  атты  ғылыми-
әдістемелік еңбектері жарық көреді.
Ш.Х.Сарыбаев «Қазақ тілі методикасының 
кейбір  мәселелері»  (І  бөлім,  фонетика  мен 
морфология)  атты  еңбегінде  фонетиканы 
оқытуға ерекше мән береді. Ғалым дыбыстау 
мүшелерін  оқыту,  дыбыстарды  оқыту 
жолдарымен, дауысты және дауыссыздардың 
бір-бірінен  айыра  таныту  жолдарымен, 
дауыстылардың  алтыға  бөлінуін  оқыту 
жолдарымен  таныстыра  отырып,  схемамен 

98
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
оқытуға  да  тоқталады.  Оның  пікірінше 
дыбыстау мүшелерін оқыту кезінде дыбысты 
айттыра  отырып  дыбыстау  мүшелерінің 
қызметін  айқындау  қажет,  содан  кейін 
дыбыстау  мүшелерінің  барлық  санын 
жинақтап оқушылардың көзін жеткізу қажет. 
Дыбыстау  мүшелерімен  таныстыру  кезінде 
мұғалім  алдымен  кітапта  берілген  сөздердің 
мағынасын ауызша түсіндіру керек, содан кейін 
оның кітапта берілгенін оқу керек деген әдісін 
ұсынады да, бұл әлгі сөзді оқушының саналы 
түрде түсіне отырып айтуына мүмкіндік береді 
дейді [9].
Дәулет  Әлімжанов  пен  Ыбырайым 
Мамановтың  1965  жылы  «Қазақ  тілін  оқыту 
методикасы»  атты  еңбегі  жарық  көреді.  Бұл 
еңбек  «Орта  мектепте  қазақ  тілін  оқытудың 
жалпы  мәселелері»,  «Қазақ  тілінен  білім 
берудің  методтары  мен  оқу  жұмыстарын 
жүргізудің  жолдары»,  «Грамматиканы  оқыту 
методикасы»  деп  аталатын  үш  тараудан 
тұрады.  Еңбектің  бірінші  бөлімінде  ғалым-
әдіскер  анализ-синтез,  салыстыру,  индукция-
дедукция,  баяндау,  әңгімелесу  тәсілдерін 
қолданудың тиімді жолдарын көрсетеді.
«Көлемі  жағынан  фонетика  шағын 
болғанмен,  грамматиканың  басқа  салаларын 
(морфология,  синтаксис)  өткенде,  солармен 
байланысты  ұдайы  қайталанып  отырады. 
Сонымен  бірге  фонетика  емле,  сөз  дамыту, 
мәнерлі  оқу  жұмыстарымен  де  тығыз 
байланысты»  [10],  -  деп  фонетиканың 
маңыздылығын  айта  келе,  салыстыру  әдісіне 
мысал  келтіріп  өтеді.  Мұнда  дыбыстардың 
ерекшеліктерін (ал–әл, боз–бөз т.б.) салыстыру 
арқылы  оқушылардың  өздеріне  айтқызып, 
байқату  арқылы  ерекшеліктерін  таныта 
отырып,  қазақтың  байырғы  сөздерінің  соңғы 
буыны не жуан, не жіңішкелігіне байланысты 
жалғанатын  қосымшаның  да  үндесе  келуін 
қоса  айтып,  яғни  орфографияға  байланысты 
мәлімет беріп отыру қажеттігі де сөз етіледі. 
Сонымен  бірге,  дыбыстарға  байланысты 
емле  ережелерін  оқыту  барысында  бақылау, 
ескерту,  түсіндірме  диктанттарын  міндетті 
түрде жүргізу қажеттігін атап өтеді.
«...оқулық  оқушы  үшін  білім  бұлағы  бола 
тұрса да, мұғалімнің жәрдемінсіз, оның сабақ 
кезінде алуан түрлі әдістемелік әдіс-тәсілдерді 
қолдануынсыз  нәтижеге  жете  алмайды» 
деп  тұжырымдаған  Асхат  Әбілқаев  «Қазақ 
тілін  оқыту  әдістемесі»  атты  оқу  құралында 
фонетикадан  берілетін  білімнің  іргетасы 
дыбыстардың  ерекшеліктері  мен  жүйесін 
оқушыларға  меңгертудің  маңыздылығын 
айта  кетіп,  фонетиканы  оқыту  әдістемесіне 
тоқталады [11]. Ғалым дауысты дыбыс түрлерін 
(жуан мен жіңішке) оқытуда тәжірибе, кітаппен 
жұмыс,  салыстыру,  кесте  арқылы  топтау, 
жаттығу,  байқату  әдісін  ұсынады.  Мысалы, 
дауысты дыбыстың әр түріне мысал келтіріп, 
сол мысалдың ішінен қажетті дауыстылардың 
түрлерін  теріп  жаздырып,  тілдің  қандай 
қызметіне 
байланысты 
дыбыстардың 
ерекшеленіп  тұрғанын  байқатады  да,  осы 
байқағандарын  кестеде  бере  отырып  бекіту 
түрінде  кестені  толтыртқызады.  Еріндік  пен 
езулік  дауыстыларын  өткен  кездегі  ұсынған 
1-кестеде алдыңғы өтілген тақырып жуан мен 
жіңішке дауыстылардың қамтылуы:
1-кесте
Тілдің қызметіне қарай
Еріннің қызметіне қарай
Жуан Жіңішке
Еріндік
О
Ө
Езулік
А
Ә

99
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
Ғалым-әдіскер  дауыссыздарды  оқытқанда 
оқытушының бірнеше қиындықтарға ұшырап, 
оқушылардың  орфографиялық,  орфоэпиялық 
қателіктерге  жол  берулері  жайлы  айта 
кетеді.  Ондай  қателіктерді  жібермеу  үшін 
Әбдірахман  Исабаев  «Қазақ  тілі  дыбыс 
жүйесі  методикасының  негіздері»  атты 
еңбегінде  «Саусақты  жұтқыншаққа  тигізіп 
б,  в  дыбыстарын  айтуды»  ұсынады.  Сонда 
дауыс  шымылдығының  аздап  дірілдейтіндігі 
байқалады.  Сол  сияқты  «құлақты  саусақпен 
бітеп  б,  в  дыбыстарын  айтқанда»  жаңғырық 
естілгенін  байқауға  болады.  Сондай-ақ, 
«алақанның  сыртын  тосып  дыбыстағанда» 
іштен шыққан ауа қарқынсыз, солғын болады. 
Соңында «ауызға алақанның сыртын тосып» п, 
ф, т, дыбыстарын айтқанда, іштен шыққан ауа 
лебі қарқынды шығатындығын салыстырады» 
[11]  -  деген  пікірлерін  ұсынады.  Исабаевтың 
жүргізген  тәжірибесінің  нәтижесі  оқушының 
дыбыстарды  ажыратуына  мүмкіндік  береді. 
Сонымен  бірге,  сабақтың  да  қызықты 
өтуіне,  оқушының  білімді  саналы  игеріп, 
дағдылануына  да  мүмкіндік  береді.  Міне, 
осындай  тәсілдерге  байланысты  А.Әбілқаев 
фонетиканы  дыбыстың  физиологиялық, 
акустикалық,  қызметі  жағынан  қарастырып, 
сабақ  барысында  осы  дыбыстың  үш  жағын 
білім алушыға түсіндіргенде ғана, тиісті әдіс-
тәсілдерді  қолданғанда  ғана  оның  сауатты 
жазуына,  сауатты  сөйлеуіне,  білімді  саналы 
қабылдауына  қол  жеткізуге  болатынын 
айтқысы келген.
Қорыта  келгенде,  қазақтың  арасынан 
шыққан әдіскер-ғалымдарымыздың еңбектері 
әлі  де  болса  құнды  болып  отыр.  Себебі, 
олардың  зерттеген,  қолданып  ұсынған 
әдістері  мен  тәсілдері  –  қазіргі  кездегі  жаңа 
туындылардың, яғни жаңа әдістердің іргетасы, 
сүйеніші.
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан  халқына 
Жолдауы», 16 ақпан 2005. – 3.5. тармақ.
2.  Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы, 1-том, Алматы, «Қазақ энциклопедиясының» бас 
редакциясы, 1998. – 720 б.
3.  Қазақ әдеби тілінің сөздігі, Құраст. Ғ. Қалиев, С. Бизақов, О. Нақысбеков т.б., 2-том, 
Алматы, Арыс баспасы, 2006. – 744 б.
4.  Байтұрсынов А.Тіл жұмсар. Алматы, Ана тілі, 1992. – 448 б.
5.  Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. Алматы, Ана тілі, 1992. – 421б.
6.  Жиенбаев С. Қазақ тілінің методикасы: орта мектеп оқушыларына және педагогикалық 
училище  студенттеріне  көмекші  құрал.  Алматы,  Қазақстанның  Біріккен  Мемлекет  баспасы, 
1946. – 112 б.
7.  Жиенбаев С. Қазақ тілі: педучилищеде сырттан оқушыларға арналған программа мен 
тапсырмалар, – Алматы, Қазақ мемлекет баспасы, 1941. – 32 б.
8.  Бегалиев Ғ. Әріп, дыбыс, буын. – Қазақстан баспасы, 1935. – 23 б.
9.  Сарыбаев Ш.Х. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. (І бөлім, фонетика мен 
морфология). – Алматы, Казақ мемлекеттік оқу-педагогикалық баспа, 1995. – 110 б.
10.  Әлімжанов Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы. – Алматы, Мектеп баспасы. 
1965. – 248 б.
11.  Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі (Оқу құралы) – Алматы, Санат баспасы, 1995. 
– 120 б.

100
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МАЗМҰНЫ – СОДЕРЖАНИЕ
Нуриев М.А., Садыкова АЕ. Мұғалімнің педагогикалық әдеп этикасы мен
эстетикасы......................................................................................................................................6
Нуриев М.А., Советканова Д.М. Педагогтың өзін-өзі білімдендірудің жолдары...............15 
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Солтанов К.М. Жастарға рухани-адамгершілік
тәрбие берудің тарихи негіздері..................................................................................................19
Джанзакова Ш.И., Өтегенова Г.Б. Ұлттық тәрбиенің дамуы мен қалыптасуының 
тарихи алғышарттары..................................................................................................................26
Seth A. Agbo, Bekisheva R.M., Rskeldieva D.B., Aliakbarova A.T. The university 
combining upbringing and teaching...............................................................................................32
Мардахаев Л.В. Праксиологические основы национального воспитания............................36
Бөлеев Қ., Әтемова Қ.Т. Қазақ этнопедагогикасындағы «кемел адам» 
тұлғасын қалыптастыру...............................................................................................................46
Құсайынова С.Қ. Қазақ халық педагогикасындағы гигиеналық тәрбие...............................52
Хасенов Ғ.Қ. 
Мектепте патриоттық тәрбие берудегі алғашқы әскери 
дайындық пәнінің орны...............................................................................................................58
Байқоңырова А.О. Сайын Мұратбековтың «Қылау» әңгімесін оқытудағы 
тәрбиелік мәселелер.....................................................................................................................62
Дүйсенәлі Әлімақын Жанат Ақмадидың «Есенгелді би» романының бүгінгі 
жастарға берер тәрбиелік тұжырымдары мен көркемдік ерекшеліктері................................65
Парманова Э.А. Қазақтың ұлттық болмысына тән этноментальды 
мәтіндердің тәрбиелік мәні.........................................................................................................69
Мұхамбетова А.З. Жан-жануар компонентті фразеологизмдер 
семантикасындағы ұлттық дүниетаным көрінісі......................................................................74
Төлепбергенова А.Б. Шешендік сөз түрлерін мотивация арқылы оқыту..............................79
Сұлтанова С. «Сын тұрғысынан ойлануға үйрету» модулінің 
білімді ұрпақ тәрбиелеудегі пайдасы.........................................................................................84
Адасбаева Г.С. Бастауыш сынып оқушыларының білім деңгейін арттыру жолдары...........89
Картбаева К.С. Фонетикалық бірліктерді оқытудағы әдістер................................................95

101
Мақалаларды журналға басып шығарудың талаптары
Мақаланы «Ұлттық тәрбие» журналына тапсыру үшін журналдың жауапты хатшысына кез 
келген электронды тасымалдаушыда өткізу керек. 
Мәтін Microsoft Word мәтіндік редакторда, Timеs New Roman шрифтпен, шрифтің өлшемі 
12-мен терілуі қажет. Мақаланың көлемі 5 бет. Беттің параметрлері: үсті – 2 см, асты – 2 см, сол 
жағы – 3 см, оң жағы – 1,5 см. Жоларалық интервал – дара (одинарный), азат жол – 0,5 см.
Мақала автордың аты-жөні, қызметі, ғылыми лауазымы, мақаланың тақырыбын көрсетумен 
басталады, мақаланың басында үш тілде аннотация (100-150 сөзден кем емес) беріледі. Мақала 
терілгеннен  кейін  автор  өзі  тексеріп,  қателерін  түзеп,  соңғы  нұсқасын  беруі  қажет.  Мақала 
мазмұнына автор өзі жауап береді.
Әдебиеттерге сілтеме міндетті түрде жасалсын. Олар мәтінде аталуына қарай тік жақшада 
сан түрін де көрсетіледі. Мақаланың соңында берілетін әдеби еттер тізімінде алдымен автордың 
аты-жөні, мақала ның немесе кітаптың аты, сонан кейін кітаптың жалпы мәліметтері көрсетіледі.
Мақаланың соңында автор байланыс мәліметтерін (қызмет және ұялы телефон нөмірлерін) 
көрсетуі қажет. 
Түп  нұсқалар  қойылған  талаптарға  сай  келмеген  жағдайда  баспаға  қабылданбайды. 
Мақалалар кері қайтарылмайды және өңделмейді.
Мақаланы баспаға шығару ақысы университеттің кассасына төленеді немесе банк арқылы 
төлеуге болады. *Қойылған талаптарға сәйкес мақаланы журналға шығару бағасы - 1500 теңге. 
Жур налға жазылушылардың мақаласы тегін жарияланады (жазылушы мақаласын берген кезде 
жазылғандығын растайтын түбіртектің (квитанцияның) сканерін немесе көшірмесін қоса беруі 
тиіс). 
Бір жылға жазылу бағасы 3100 теңге. Журналға жазылу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы 
жыл бойы на жүреді. Индексі – 74310
Сандық  технологияларды  қажет  етушілерге  біз  журналдың  PDF-нұсқасын,  ал  ғаламтор 
қолданушыларына 
http://www.kaznpu.kz/ru/1015/page/
 парақшамызды ұсынамыз.
*Реквизиттер: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ
ИИН KZ178560000000086696
БИН 031 240 004 969
РНН 600900529562
АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»
МФО 190501719, код 16
Свидетельство о постановке на учет по НДС:
Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04
Ескерту:
*Жекелеген  авторлардың  журналда  жарияланған  мақалаларындағы  пікір-
ұсыныстары редакцияның түбегейлі көзқарасын білдірмейді. 
*Мазмұнды,  әрі  мағыналы  жазылған  мақалалар  редакцияда  қаралып,  ақысыз 
жарияланатын болады.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

Требования к оформлению статей, публикуемых в журнале
Материалы для журнала «Ұлттық тәрбие» сдаются ответственному секретарю журнала на 
любом электрон ном носителе. 
Набор должен быть произведен в текстовом редакторе Microsoft Word шрифтом Times New 
Roman, кегль – 12. Статья должна быть на 5 страниц. Параметры страницы: верхнее – 2 см, ниж-
нее – 2 см, слева – 3 см, справа – 1,5 см. Междустрочный интервал – одинарный, абзац – 0,5 см. 
Статья должна начинаться с указания ФИО автора, занимаемой должности, ученой степени, 
названия статьи. В начале статьи обязательно наличие аннотации на трех языках (100-150 слов). 
Текст  должен  быть  тщательным  образом  выверен  и  отредактирован  автором  после  набора. 
Автор сам отвечает за содержание статьи. 
Ссылки на литературные источники обязательны. Они даются в тексте цифрами в сносках 
по мере упоминания. В списке литературы, который дается в конце статьи, вслед за фамилией и 
инициалами авто ра идут название статьи или книги, а затем остальные выходные данные.
В конце статьи необходимо указать номер служебного и домашнего телефона.
Оригиналы,  оформление  которых  не  будет  соответствовать  указанным  требованием,  к 
публикации не принимаются. Статьи не возврашаются и не рецензируются. 
Материалы,  поступившие  в  редакцию,  в  дальнейшем  не  будут  использоваться  в  других 
изданиях.
Оплата за публикацию вносится в кассу университета, либо производится по безналичному 
расчету. *Стоимость статьи в журнал 1500 тенге. Статьи подписчиков журнала публикуются 
бесплатно (подписчик вместе со статьей сдает сканер или копию квитанции, подтверждающую 
подписку на журнал).
Подписная  цена  за  год  -  3100  тенге.  Подписка  на  журнал  проводится  в  течение  года  в 
отделах АО «Казпо чта». Индекс журнала - 74310. 
Тем, кто предпочитает цифровые технологии, мы предлагаем PDF-версию журнала, а для 
пользователей интернет рекомендуем нашу страницу в 
http://www.kaznpu.kz/ru/1015/page/
*Реквизиты: РГП ПХВ Абай атындағы Қаз ҰПУ
ИИН KZ178560000000086696
БИН 031 240 004 969
РНН 600900529562
АГФ ОАО «БанкЦентрКредит»
МФО 190501719, код 16
Свидетельство о постановке на учет по НДС:
Серия 60305 № 0005741 от 13.01.04
Примечание:
*Мнения и предложения авторов статей опубликованных в журнале могут не совпадать 
со взглядами и мнением редакции.
*Лучшие статьи по мнению редакции будут печататься в журнале бесплатно.
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ

103
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Құрметті оқырмандар!
«Ұлттық тәрбие» журналын «Қазпошта» АҚ мекемесінің кез келген бөлім шесінен жазды-
рып ала аласыз. Журналға жазылу жыл бойына жүргізіледі.
«Ұлттық тәрбие» журналын жаздырып алуға және мақала жариялап, өзіндік тың ой қосуға 
асығыңыз!
Мына мекен-жайға хабарласуларыңызға болады: Жамбыл көшесі, 25-үй, 24-каб. 
Тел (факс): 291-88-83. Е-mail: nitso@mail.ru
050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13
Абай атындағы ҚазҰПУ
Абай атындағы ҚазҰПУ-нің «Ұлағат» баспасының баспаханасында басылды
Отпечатано в типографии издательство «Ұлағат»
КазНПУ имени Абая
Жауапты­редактор/Ответственный­редактор­–­Жанар­Сейсенбаева
Жауапты­хатшы/Ответственный­секретарь­–­Айгерім­Айнақұлова
Беттеген/Верстка­–­Айгерім­Айнақұлова
Редакцияның мекен-жайы:
050010, Алматы қ., Жамбыл к-сі 25-үй,
Интеллектуалды ұлт қалыптастыру ҒЗИ, каб. 24.
Тел/факс: 8(727) 291-88-83, 8747 83 88 935,
электрондық мекен-жай: nitso@mail.ru
Басылымға жіберілді: 14.02.2017 ж. Пішімі 60х84 
1
/
8
.
Қағаз 
 – 
 сыктывкар. Басылым – офсет. Көлемі 
 – 
13 б.т.
Таралымы 
 – 
300 дана. Тапсырыс № 27

Document Outline

  • 11.pdf
    • Страница 1


жүктеу 5.15 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет