№1 (37) 2017 2 бас редактор



жүктеу 5.15 Kb.
Pdf просмотр
бет10/11
Дата30.04.2017
өлшемі5.15 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Ключевые слова: ораторские речи, мотивация, стимул, цель, диспут.
The article considers the history of oratory speech, and ways of teaching the oratory speech 
through motivation. Explanation of educational importance of the oratory speech to the future 
generation of the country. Not only the depth of meaning, but also the width of thematic range are 
characteristic to the oratory speech. Formation of students’ speech culture by teaching types of 
oratory speech.
Keywords: оratory speech, motivation, incentive, purpose, dispute.
Шешендік  сөздер  –  халық  даналығынан 
туған мұра, халықтың асыл қазынасы. Маз-
мұны халықтың бастан кешірген өмірін, ар-
ма ны мен қиялын көрсетеді, өмірге дүниеге 
көзқарасын, ой-өрісін бейнелейді.
Халық өзінің қиялдаған арманына қашан да 
болса жетемін деген сенімнен айырылмаған. 
Өмірдің  сан-алуан  құбылыстарын  бір-бі-
рі мен  теңеп,  салыстырып,  болашағын  бол-
жап,  қиялдап  айтылған  даналық  сөздер  ха-
лық ты  үнемі  жеңіске,  табысқа  жетектеп, 
құлшындырып, рухтандырып отырған. Қуа-
ныш үстінде дем берушілік, реніш тұсында 
жұбатушылық қызмет атқарған.
Сонымен бірге, шешендік сөздер қазақтың 
сан  ғасырлық  тарихының,  бостандығы  мен 
бақытты болашағы үшін жүргізген күресінің 
айнасы, айғағы есепті.
Жалпы қауым, кейде жеке адамдар атынан 
айтылатын  ақылды,  аталы  сөздердің  мол 
тараулары – шешендік арнау, толғау түрінде 
болса, екінші бір күрделі саласы – шешендік 
даулар.
Мұндай  дау  сөзге  түсушілер  билер  мен 
өнер  қуған  халық  шешендері  болған.  Бізге 
жеткен шешендік сөздерден Аяз би, Жирен-
ше,  Бөлтірік,  Қозыбай,  Етекбай  секілді  ха-
лық  даналығын  бойларына  сіңірген,  сөз 
өне рін  еркін  меңгерген  оңдаған  халық 
шешендерінің есімдері мәлім. Белгілі халық 
шешендері  мен  аты  белгісіз  дана  қарт, 
шешен әйел, тапқыр бала, кедей жігіт атынан 
айтылатын шешендік сөздерге тән бір қасиет 
– шешендік, тапқырлығымен қатар әділдігі, 
ойының айқындығы.
Шешендік сөздер – халық даналығы. Ға-
сыр лар  бойы  жинақталған,  сығымдалған, 
сұрыпталған  шешендік  сөз  нұсқаларынан 

80
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
халықтың тіл байлығын, ақыл-ой қорын жә-
не шебер сөйлеу мәнерін үйреніп үлгі алуға 
болады.[1, 53]
Шешендік  сөздер,  көбінесе,  түсінік  сөз-
бен  басталады.  Түсінік  сөзде  айтылмыш 
ше шен дік  сөздің  нендей  мәселемен  байла-
нысты,  қандай  жағдайда  туғандығы  және 
кім айтқандығы баяндалады. Түсінік сөздің 
көркем болуы шарт емес, тек ықшамды, әрі 
түсінікті  болуы  шарт.  Шешендік  сөз  құра-
мының  бұл  бөлімін  айтушы  өзінің  мүд десі 
мен  мақсатына  қарай  қалауынша  өзгертіп, 
уақиғасын  алмастырып,  кейіпкер лерін 
ауыс  тырып  жіберуге  мүмкіндігі  бар.  Бір 
нұсқаның бірнеше «авторлы» болуы осыдан.
Қазақ  мақалында  шешендікті,  осылай, 
шеберлікпен салғастырып бағалайды. Мұн-
да  шешеннің  сөзі  нысанаға  дәл  тиетіні  жа-
ғы нан  анықтауда  терең  мағына  бар.  Ха лық 
түсінігінде  шешеннің  сөзі  қынаптан  су-
ы рылған  қылыштай  өткір,  соқырға  таяқ 
ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет 
болатындай  терең  мағыналы  әрі  көркем 
болуға тиіс. Тіл өнерінің салтанатты думаны 
сондай шешендік алаңында қызады да, оның 
от ауызды, орақ тілді шеберлері сол думанда 
көзге түседі. Соларды қазақ халқы «шешен» 
деген  атаққа  ие  еткенде,  өз  өміріндегі 
ең  қымбатты  әрі  өткір  құралы  –  тілдің 
терең  сырына,  мол  байлығына  қанық,  оны 
сілкілескенде  сілтей  білетін,  аса  дарынды 
кісілер деп құрметтейді.
Қазақ жұрты – жаратылысынан шешендік 
өнерге  бейім  халық.  Оның  қиыннан  қиыс-
тыра, тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, 
аталы  да  баталы,  нақыл,  қомақты  ойлары 
жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып 
айтудамыз.  Теңіз  тербеп  тереңінде  шай-
қал ған  інжу-маржандай  ғасырлар  бойы  ха-
лық  жадында  сақталып,  жұпталып  көп тің 
көкейіне  орнаған  шешендік  сөздер  шешен-
дердің  даналық  сөздерінде  ашылады,  ай-
қын далады,  ал  шешендер  әлденеше  ұрпақ-
тың  сана  сезімін  аралап,  көптің  көкейіне 
қонақтаған  ойлы,  сырлы  сөздерді  жаттап, 
жадында  сақтайды,  керекті  жерінде  жаңар-
тып кәдеге жаратады.
Қазақтың  шешендік  өнерінің  піспегі 
–  ше шен  билер  де,  күбісі  –  халық. 
Халық  заманы  озған  сайын  әлгіндей  сөз 
үлгілерін  талқыға  салып,  қырлап,  өңдеп, 
құлпыртып  әкеліп,  кейде  тіпті  сан-саққа 
жү гір тіп  әркімдердің  (шешен-билердің) 
атынан  айтады.  Осындай  әдеби-халықтық, 
фольклорлық сұрыптаулардан кейінгі біздің 
заманымызға келіп жеткен шешендік сөздер 
шымырқанған  қымыздай  жұтылған,  таңдай 
татарлық дүниелер болып келеді.
Би-шешендер – шешендік өнердің негізгі 
доминанты (қозғаушы күші). Аталмыш өнер 
атауының өзі осы қалыптан шығып отыр.
Шешендік сөздерді ауыз әдебиетінің же-
ке  саласы  ретінде  қарастырған  бұл  тұс та-
ғы  зерттеулер  А.Байтұрсынов,  М.Әуе зов, 
С.Сейфуллин  есімдерімен  ты ғыз  бай ла-
ныс  ты.  Бұдан  кейінгі  кезеңдегі  шешендік 
өнер  тарихының  зерттелуі  Ә.Маметова, 
Б.Адамбаев еңбектерімен толықты. Сондай-
ақ  фольклортанушы  ғалым  С.Садырбаев 
ше шен дік  сөздерді  ішкі  үлгілерге  жіктеуде 
өзіндік ой-өрнегін көрсете білді.
Шешендік  сөз  түрлері  де  қолданыстың 
бел гілі  бір  аясына  бағытталған.  Шешендік 
сөз  түрлері  өзіндік  мазмұны  мен  түрлері 
тұрғысынан  әр  алуан.  Тарихтың  белгілі 
па  рақ  тарында  түрлі  ғалымдар  шешендік 
сөздердің  түрліше  жіктемесін  ұсынған 
болатын.  Мысалы,  қазақтың  белгілі  ғалым 
филолологы  А.Байтұрсынов  1926  жылғы 
«Әдебиет  танытқыш»  атты  еңбегінің  «Ше-
шен  сөздің  түрлері»  деген  тарауында  ше-
шен дік  сөздерді  бес  түрлі  ішкі  жанрлық 
үлгі лерге жіктеді [3, 101]:
а)­саясат­шешен­сөзі;­
ә)­билік­(соттағы)­шешен­сөз;­
б)­қошамет­шешен­сөз;­
в)­білімір­шешен­сөз;­
г)­уағыз.
Ә.Мәметова екіге бөледі [4, 267]:
1.Шешендік­дау
2.Шешендік­толғау.
Б.Адамбаев  та  шешендік  сөздерді 
тармағына қарай бөліп қарастырады [5, 30]:
1.Шешендік­арнау

81
ҰЛТТЫҚ ТІЛ
2.Шешендік­толғау
3.Шешендік­дау.
Р.Сыздық  бұрынғы  шешендік  сөздерді 
мазмұнына  қарай  былайша  топтайды  [6, 
112]:

Әлеуметтік-саяси­мазмұнды­сөздер

Әлеуметтік-тұрмыстық­ мазмұнды­
сөздер

Билік­мазмұнды­сөздер.
1998 жылы шыққан «Қазақ тілі» энцикло-
педиясында  қазіргі  заманғы  шешендік  сөз-
дер ді  мазмұнына  қарай  беске  бөледі  де, 
бесінші қылып діни қызметтегі шешендікті 
көрсетеді. Олар:

Әлеуметтік­саяси­тақырыптағы;

Академиялық­шешендік;

Сот­ісіндегі­шешендік;

Әлеуметтік-­тұрмыстағы;­

Діни­қызметтегі­шешендік;
Р.Сыздық  «Сөз  құдіретінде»  (1997)  ше-
шен дік  сөзге  қойылатын  шарттардың  төр-
теуін былайша таратып көрсетеді. Ол шарт-
тар: біріншіден, әлеуметтік мәні бар әңгіме 
болуы  керек,  ол  белгілі  бір  жиын,  топ 
көбінесе  шаршы  топ  (көпшілік  алдында) 
айтылатын  сөз  болуы  қажет,  екіншіден 
айтылатын  сөздің  дәлелі  (кімге,  неге,  не 
мақсат  көздей  айтылғандығын  түсіндіру, 
ойланту)  болуы  шарт,  үшіншіден  және 
қиыны – тыңдаушыға әсер ететін эсте тика-
лық  қасиеті,  тілінің  айшықты,  астарлы, 
әуез ді  дегендей  көрікті  болуы  қажет, 
төртіншіден басты шарттарының бірі – көп-
ші лікке  қаратыла  айтылған  сөз  баршаға 
түсінікті, ойы (идеясы айқын болып келуі). 
Осы  шарттар  орындалған  күнде  ғана 
шешендік  сөз,  яғни  шаршы  топ  алдында 
айтылған  сөз  тыңдаушылардың  ақыл-ойы 
мен еркіне әсер етіп, оларды белгілі бір іс-
әрекетке ұмтылдыратын сөз болып шығады. 
Соңғысын  шешендік  сөздің  түпкі  мұраты 
деп баса көрсетеді [6, 105].
Шешендік сөз түрлерін оқытуда баланың 
қызығушылығын арттыру мақсатында моти-
ва цияны қолданамыз.
Оқушылардың  оқуға­ мотивациясын­ қа-
лып­тастыру  дегеніміз  бұл  мектепте  оқу-
ға  деген  ішкі  ұмтылысты  (мотив,  мақ сат, 
эмоция)  қалыптастыру,  оларды  оқу шы-
лардың  саналы  сезінуі,  өздерінің  моти-
ва ция лық  сферасын  одан  әрі  дамытуы  [7, 
28].  Мұғалім  бұл  жағдайда  оқушылардың 
мотивациялық  сферасы  стихиялы  түрде 
қа лай  дамитынын  және  қалыптасатынын 
салқынқанды  бақылаушы  позициясын  ұс-
тан бай,  керісінше  психологиялық  тәсілдер 
жүйесінің  көмегімен  оқу  мотивациясының 
артуына дем беріп отыруы қажет.
Мотивацияның­ /стимулдаудың/­ шарт-
та­ры: білім мазмұнын жекелік бағытталған 
қызықты  материалдармен  байыту;  барлық 
оқушыларға  ізгілікті  қатынас;  танымдық 
сұраныстарын  қанағаттандыру;  қызықты 
қа рым-қатынас;  ойлауды  сезіммен  байыту; 
білуге деген құштарлықты дамыту; белсенді 
өзін-өзі бағалау; өзін-өзі дамытуға ұмтылыс; 
балалардың  бастамашылығын  қолдау;  оқу 
еңбегіне жауапкершілікті қатынас.
Мотивацияның­тәсілдері:

салыстыру, мысалдар;

оқушыны түсіну;

баланы  қызықтыратын  дүниелер 
тура лы сөйлеу;

істелінген қылықтардың неге соқ ты-
ра тынын көрсету;

баланың жақсы жақтарын мойындау;

талап қою арқылы стимулдау;

жетістіктерді көрсету;

мақтау;

баламен сезімдес болып сынау.
Балалар  туралы  жақсы  сипаттама  беріп, 
мүмкін  болған  жағдайда  мадақтауды  жиі 
қолдану керек, оларды өз күштеріне сенетін 
жағдайларды туғызған абзал.
Ұжымдық  танымдық  іс-әрекеттер  оқы-
ту дың  тәрбиелеу  жағынан  тиімділігін  арт-
ты рады,  тұлғааралық  қатынастарды  қа-
лып тастыруға  оң  әсер  етеді,  сыныпта 
қолайлы  жағдай  орнатуға  және  ұжым-
дық  психологияның  қалыптасуына  кө мек-
теседі.  Оқушыларда  ұжымдық  жұмыс-
тар  барысында  жолдастық,  достық  жә не 
ұжымдық  сезімдер  қалыптасады.  Сабақ-
тарда  ұжыммен  орындалатын  жұмыстарды 

82
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
жүргізу  адамгершілікті  оңды  қатынастар 
бойынша  тәжірибе  жинақтауға  мүмкіндік 
жа сап,  қоғамдық  бағыттылық  пен  шығар-
машылық  даралаудың  бірлігінде  оларды 
қалыптастыруға мүмкіндік жасайды.
Оқу танымдық іс-әрекеттердің ерекшелік-
терін ескере отырып, төмендегідей ұжымдық 
танымдық іс-әрекеттің, өзіндік және біріккен 
іс-әрекеттердің  төмендегідей  белгілерін 
көрсетуге болады:

бірыңғай мақсаттың, жалпы мотивтің 
болуы,  оқушының  қоғамдық  маңызды 
мақ сат қа  жету  үшін  ұжым  мүшелерінің 
барлығының  күшінің  біріктірілуінің  қажет-
тігін түсінуі;

ұжымның  әрбір  мүшесінің  білімді, 
білікті және дағдыларды меңгерулерін қам-
тамасыз  ететін  жұмыстар  мен  қызметтерді 
оқушыларға тиімді бөлініп берілуі;

іс-әрекеттер  барысында  оқушылар 
арасында  өзара  жауапкершіліктің  және 
тәуелділіктің пайда болуы;

бірігіп  жұмыс  істеу  барысында 
оқушылардың  іс-әрекеттерін  басқарудың, 
оқушылардың, ұжым мүшелерінің өздерінің 
де  кей  жағдайда  бақылау  жасауларының 
қажеттігі;

бірыңғай  кеңістік  болуы  және 
ұжым ның  барлық  мүшелерінің  жеке  іс-
әрекеттерінің бір уақытта жүзеге асырылуы;

жалпы нәтижелердің болуы.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер сабақта 
және  сабақтан  тыс  уақытта  қолданылатын 
жұмыс  түрлерінің  жүйесі  болуы  мүмкін. 
Ұжымдық оқу әрекетінің тұлғаға сол тұлға-
ның  өзінің  белсенділігіне  қарай  әсер  етуі 
мүмкін, яғни ұжымдық танымдық іс-әрекет 
оқушының  белсенділігін  талап  етеді. 
Оқу шы лардың  басым  көпшілігі  белсен-
ділік  танытуы  үшін  танымдық  іс-әрекет 
барысында  қалыптасатын  белсенді  оқу 
әрекеттеріне сүйену қажет.
Белсенді  топтар  жұмысын  ассистент-
тердің,  кеңесшілердің,  еңбекті  ғылыми 
ұйымдастырудың  мектебін  құрудан  бастау 
керек, ал мүшелерін таңдау белсенділердің, 
оқу ұжымының, мұғалімнің қалауы бойынша 
жүргізіледі.  Сонымен  бірге  оқу  белсенді 
тобының  қызметін  оқу  ісінің  меңгерушісі 
басқарады және ол беделді, өзіндік маңызы 
бар топ болуы керек, оның жүргізген жұмыс-
тарының  барысы  семинарларда,  мектептік 
қорытынды  конференцияларда  тыңдалып 
отыруы қажет.
Мектеп бағдарламасында тілдің мәнерлеу 
құралдарын  тереңірек  оқып-үйренуге  баса 
назар  аударған  дұрыс.  Әйтпесе,  сөз  өнерін 
игерудің  ғылымилығы  төмендейді.  Бұл  қа-
зіргі жастардың, жалпы көпшіліктің сөзінің 
көбіне-көп  жұтаңданып,  бір  жақтыланып, 
қасаңдаған тұсында керек.
Орта  мектепте  шешендік  өнерге  баулуда 
бірізділік  керек-ақ.  Яғни,  шешендік  өнерге 
баулу  қарапайымнан  күрделіге,  әліппеден 
бас тап  ғылым  биігіне  қарай  жетелеу 
негізінде жүргізілуге тиіс.
Ендігі  бір  ескертетін  үлкен  жұмыс  – 
оқушыларды  шешендік  сөйлеу  мәдени-
е ті не  практикалық  жұмыстар  арқылы 
машықтандыру.  Бір  тақырып  алып,  пікір-
талас тудыру. Оның қарапайым, күрделірек, 
күрделі  түрлерін  жасаттыру.  Шешендік 
өнерге баулуда белгілі бір мәтінді талдаудың 
маңызы зор.
Өз пікірін батыл айту, оның дұрыстығын 
дәлелдеу.  Көпшілік  алдында  бір  мәселе  ту-
ралы  бірнеше  вариантты  (мазмұны,  маңыз-
дылығы,  көлемі  жағынан)  ой  түйіндеп  үй-
рену  –  оқушылардың  үлкен  өмірдегі  бас ты 
қажеттілігі. Пікірталас ұйымдастыру, пікір-
талас  үстінде  жиі  қолданылатын  әдіс терді 
мең геру  пікірдің  қонымдылығын,  ой дың 
өтімділігін  күшейтеді.  Сондықтан  оқу шы-
ларға ол жөнінде түсінік беріп отыру абзал.
Қорыта келгенде, жалпы орта білім беретін 
мектепте шешендік өнерді пән ретінде оқыту 
аса қажет және оны оқытуды жолға қою үшін 
педагог-мамандардан,  әдіскер-ғалымдардан 
оның  жалпы  дидактикалық  және  арнайы 
ұстанымдары осы аталмыш пәнді оқытудың 
нақты әдістері мен түрлерін іріктеуді қажет 
етеді.

83
ҰЛТТЫҚ ТІЛ
ӘДЕБИЕТТЕР:
1.  Балақаев М. Тіл мәдениеті және қазақ тілін оқыту.-Алматы,1989.-96б.
2.  Қоңыратбаев Ә. Қазақ фольклорының тарихы.-Алматы:Ана тілі,1991-240б.
3.  Байтұрсынов А. Зерттеу мен өлеңдер,-Алматы:Атамұра,2003.-208б.
4.  Маметова  А.  Ораторские  речи  казахских  биев  и  место  в  истории  литературы: 
автореферат канд.филол.наук.-Алма-Ата,1945.-267 с
5.  Адамбаев Б. Шешендік сөздер,-Алматы:Жалын,1969.-140 б.
6.  Сыздықова Р. Қазақ әдеби тілінің ауызша түрі,- Алматы,1991.-111б.
7.  Дәулетбекова  Ж.  Оқушылардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру. 
Алматы:1997 . -78б.
«Адамның­адамдық,­
ұлттың­ұлттық­
ең­жоғарғы­қасиеті­–­
тіл­өткірлігі­мойымасын,­
тіл­сұлулығы­кемімесін!»
­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­Ғабиден­Мұстафин.­­

84
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
МРНТИ 14.07.09
«СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАНУҒА ҮЙРЕТУ» МОДУЛІНІҢ БІЛІМДІ ҰРПАҚ 
ТӘРБИЕЛЕУДЕГІ ПАЙДАСЫ
С. Сұлтанова
«Ш.Уалиханов атындағы орта мектеп – мектепке дейінгі шағын орталығымен» 
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бастауыш сынып мұғалімі
 Ащысай ауылы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы
Бұл  мақалада  еліміздегі  білім  беру  жүйесінің  жаңа  реформаға  негізделген  түрін  өз  тә-
жі  рибемізде  қалай  қолдану  керектігі  айтылады.  Оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасын  жо-
ға рылату  үшін  әр  түрлі  әдістер  мен  тәсілдерді  меңгеруіміз  керек,  оқу  әдістемесін  жаң ғыр-
туымыз тиіс. Баланы дұрыс сөйлей білуге, дұрыс ойлай білуге дағдыландыруымыз қажет. Өз 
жұмысымыздың нәтижесіне қол жеткізу үшін қолданылатын тәсіл таңдалуы керек. Ол тәсіл оқу 
ережесіне сай түсінікті болуы шарт. Олар өзара сабақтастық тапқанда педагогикалық нор маның 
көрсеткішіне айналып, әдіс дидактикалық сипатқа ие болады. Әрбір оқушыға берілетін білім 
олардың  танымдық  белсенділігін  туғызуға  бағытталуы  тиіс.  Білім  алуға  деген  талпынысты, 
қызығушылықты,  ынта-ықыласты  оята  білген  мұғалім  ғана  нағыз  шәкірттерді  тәрбиелей 
алады. Осындай мамандар көбейсе, кез келген тақырыпты тек қана қатып қалған ережемен ғана 
емес, түрлі әдіс-тәсілдермен көңілге бекітер еді. Ал, көңілге бекітілген нәрсе әруақытта санада 
жаңғырып тұрады.
Тірек сөздер: реформа, әлемдік білім, әдіс, модуль, ұйымдастыру, ақпарат, сыни ойлау.
Данная статья описывает способы применения основного вида реформы государственной 
системы  образования  на  своем  опыте.  Мы  должны  применить  и  модернизировать  способы 
увеличения рвения к учебе у учеников. Чтобы дети правильно мыслили и говорили, нужно пра-
вильно их направлять. Для достижения результата в нашей работе, нужно выбрать эффективный 
способ. Этот способ должен соответствовать правилам обучения. При обре те нии взаимосвязи 
они  становятся  нормативными  педагогическими  показателями,  при  кото ром  данный  способ 
обретает дидактический характер. Знание, дающееся каждому ученику дол жно быть направлено 
на повышение их познавательной деятельности. Только тот учи тель, который сможет разбудить 
в детях стремление, заинтересованность, энтузиазм к поз на нию может воспитать настоящих 
учеников. Если таких кадров будет больше, появится воз можность закрепления любых тем с 
использованием  различных  методов,  помимо  исполь зо вания  установленных  правил.  Таким 
образом, знание укрепленное с интересом всегда сох ранится в памяти.
Ключевые  слова:  реформа,  мировые  знания,  метод,  модуль,  организация,  информация, 
критическое мышление.
This article describes methods of using the main type of reform the public education system on their 
experiences. We have to apply and update methods for increasing zeal for learning in students. To correct 
the children think and speak, you need to properly guide them. In order to achieve the result of our work, 
it is necessary to choose an effective way. This method must comply with the rules of training. In finding 
the relationship they become normative teaching performance, in which this process takes a didactic 
character. Knowing that gives each student should be directed to the improvement of their cognitive 
activity. Only one teacher who will be able to wake up in the desire to children’s interest and enthusiasm 
for knowledge can educate these students. If such staff will be more will be able to consolidate all those 
using different methods, in addition to the use of the established rules. Thus, knowledge of the fortified 
with interest always remain in the memory.
Keywords: reform, global knowledge, method, unit, organization, information, critical thinking.

85
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
Қазіргі кезде республикамызда білім бе ру-
дің  жаңа  әдіс-тәсілдері  жасалынып,  әлем дік 
білім  беру  кеңістігіне  бағыт  алуда.  Педа го-
гикалық теориямен жеткілікті түрде қару лан-
ған  мұғалімнің  іс-әрекеті  тиімді,  еңбегі  же-
міс ті  болады.  Бұл  педагогика  теориясымен 
оқу -тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  де 
тікелей байланысты. Қазіргі таңда білім беру 
үшін оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері енгізілуде. 
Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы 
келуде. Жаңаша білім беру үшін, бірінші орын-
ға баланың білім, білік дағдысын емес, оның 
тұл ғасын,  білім  алу  арқылы  дамуын  қойып 
отыр. Қазіргі уақыт талабының бір ерекшелігі 
– баланың тұлғалық дамуына бағытталған жа-
ңа ша оқыту технологиясын ұсынуда [1].
Қазақстан Республикасының Білім туралы 
Заңында  оқыту  формасы,  әдістері,  қағидасы 
бекітілген. Білім мекемелерінің педагогтарына 
өзіне  оңтайлы  нұсқаны  қолдануға  мүмкіндік 
бері луде. Жаңаша білім берудің мақсаты, бірін-
ші орынға жеке тұлғаның сыни тұрғыдан ойлауы 
арқылы ой-өрісінің дамуын қойып отыр. «Сын 
тұрғысынан ойлау» – Қазақстандағы білім бе-
ру ді дамыту үшін маңызды болып табылатын 
қазіргі  ең  басты  педагогикалық  түсінік.  Бұл 
мо дуль  оқушылардың  да,  мұғалімдердің  де 
сын  тұрғысынан  ойлауды  дамытуды  саналы 
және  оймен  қабылдауын  көздейді.  Қазіргі 
замандағы  мұғалімнің  міндеті  –  әр  баланы 
өзінің жеке тұлға екенін сезіндіре білуге жол 
ашу болып табылады [2].
Сыни ойлау тұрғысынан жасалынған сабақ 
–  әрқашан  диалогке  негізделген  нағыз  сабақ 
бол мақ. Мұндай сабақ – ізденіске, дайындыққа, 
үйренуге  бағытталған,  шәкірттер  болашағын 
ой лай жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі 
[3].
Мен  мектептегі  іс-тәжірибемде  қолданған 
әдіс-тәсілімнің бірі ретінде «Сын тұрғысынан 
ойлануға үйрету» модулін қарастырдым. «Сын 
тұрғысынан ойлауға үйрету» модулі оқушының 
ой-өрісінің  дамуына  жол  ашатынын  білдім. 
Бұл  тәсілде  мұғалім  бағыт  беруші  болса, 
ал  оқушы  өз  бетімен  білім  алады,  ізденеді, 
ой-өрісін  дамытады.  Мен  осы  модульді  өз 
тәжірибемде  қалай  қолдана  аламын,  оның 
оқушыларға берер қаншалықты пайдасы бар? 
Міне,  осы  сұрақтар  төңірегінде  ой  қозғасақ, 
артық болмайды.
«Сын тұрғысынан ойлануға үйрету» моду-
лін  өз  тәжірибемде  бірнеше  рет  қолдандым, 
нәтижесін  берді  деп  сенімді  түрде  айта  ала-
мын.  Сынып  оқушыларына  жаңаша  оқыту 
үл гі лерін,  сонын  ішінде  топтық  жұмыстар, 
ын тымақтастық  атмосферасы  туралы  айтып 
тү сіндірдім.  Тәжірибе  ретінде  4-сыныптың 
әде биеттік оқу пәнін таңдадым. Әр сабақтағы 
бағалау  түрлерінін  бар  екендігін,  бағаны  кү-
ле гештермен,  бас  бармақ  тәсілдері  арқылы 
білетіндігімізді айтып, көрсеттім. Нәтижесінде 
оқушылардың  сабаққа  деген  қызығушылығы 
артты.
Әдебиеттік  оқу  пәні  бойынша  Н.Жана-
ев тың  «Мұғалім»,  М.Мәжікеевтің  «Болар 
бала  жасынан»,  М.Қуанышбековтың  «Көп-
тен  безген  көгермес»,  С.Торайғыровтың 
«Шы  ға мын  тірі  болсам,  адам  болып»  сынды 
еңбектерін өткенде «Сын тұрғысынан ойлау ға 
үйрету»  модулі  үлкен  көмек  болды.  Саба ғы-
ма  өзгеріс  енгізу  арқылы,  оқушыларды  шы-
ғар машылыққа  баули  отырып,  топта  бірігіп 
жұмыс істеуге, білімдерін жүйелеп қолдануға, 
жауаптарын дұрыс және нақты тауып жеткізе 
білуге,  бір  сөзбен  айтқанда,  өз  ойын  анық 
ұғындыра алатын шәкірттерді тәрбиеледім.
Сыни ойлау өзіндік және жеке ойлау – бе-
ріл ген  ақпаратты  өз  бетімен  жан-жақ ты  із-
деп  таба  білуге  дағдыландыру,  ой  қоры-
та  отырып,  сыни  тұрғыдан  ойлануға  баулу 
болып  табылады.  Сондықтан,  мен  саба-
ғым да  ынтымақтастық  атмосферасын  ұй-
ым дастырудан  бастағанды  жөн  көрдім.Тіз-
бектелген  төрт  сабақтың  бірінші  сабағында 
«Қос шеңбер» деп аталатын шаттық шеңберін 
пайдаландым. Екі оқушы бір біріне бетпе-бет 
тұрып  амандасу  түрлерін  көрсетті.  Басында 
сыныпта шу көп болды. Бірін бірі тыңдамай, 
әркім өз бетінше әрекет жасауға тырысты. Ал, 
топқа бөліну барысында әр оқушы өз досымен 
бірге  отырғысы  келді  және  топ  басшысын 
сайлау, берілген тапсырмаларды бағалау кезін-
де қиыншылықтар кездесті. Сабақ барысында 
осындай  жағдайлар  кедергісін  тигізіп  жатты. 

86
ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ
Дәстүрлі  сабақ  барысында  оқушылар  дайын 
білімді  ғана  алып  отырса,  ал  қазіргі  жаңа 
бағдар ламада оларға өз бетімен іздену арқылы 
пән ге деген қызығушылығын арттыруға бола-
тынын  байқадым.  Алғашқы  сабақтан  бастап 
оқушыларды  топқа  бөлдім.  Бұлар  бастауыш 
сынып оқушылары болғандықтан, топқа бөл-
ген  кезде  әр  түрлі  геометриялық  фигуралар 
арқылы,  реттік  санау  бойынша,  түсті  қағаз 
түрлерімен топқа бөлінді. Оқушылармен ақыл-
даса отырып топ ережесін құрып алу керектігін 
ұйымдастырдым. Сабақ барысында топ ереже-
сін қатаң сақтау керектігін ескерттім. Топ ере-
жесін  құру  кезінде  оқушыларға  қай  жағы 
тиімді  немесе  қалай  істесек  тиімсіз  болады 
деп  ойлауына  мүмкіндік  берілді.  Әйтсе  де, 
топ ережесін сақтау жағынан да қиындықтар 
болып  жатты.  Себебі,  бұлар  толықтай  жаңа-
ша  оқыту  әдіс-тәсілдерін  білмейтін  еді.  Бас-
тап қы  кезде  тыныштық  сақтамай,  бірін-бірі 
тыңдамай жатты. Бірақ уақыт өте келе, бірін-
бірі тыңдауға үйренді. Бұл жолдағы ең оңтайлы 
тәсіл – балаларды өз тәжірибемдегі дәлелдерге 
мән  беруге  ынталандыру  болып  табылды. 
Бізде  балалардың  қызығушылығын  оятып, 
олар дың  сын  тұрғысынан  ойлау  дағдыларын 
дамыту  үшін  қолдануға  болатын,  әлемнің 
түр лі  бөліктеріндегі  және  тарихтың  түрлі 
кезеңдеріндегі тұрмыс салты туралы мысалдар 
жеткілікті.  Сондай  мысалдар  арқылы  біз 
оқушы лардың  оқуға  деген  ынтасын  оятуға 
түрткі боламыз.
Оқулықтағы Н.Жанаевтың «Мұғалім» өле-
ңіндегі  күтілетін  нәтиже:  өлеңді  өз  бетімен 
талдау арқылы кейіпкер бейнесін ашуға үйре-
ту, ашық әңгімелесу арқылы өз ойларын ашық 
жеткізуге мүмкіндік беру, осы арқылы оқушы-
лардың  барлығын  белсенді  әрекетке  ұмтыл-
дыру  болды.  Оқушылар  тақтадағы  жазылған 
сабақ, мұғалім, қоңырау, оқушы деген топтарға 
бөлінді. Диалогтік педагогика үрдісін қолдану 
арқылы, осы өлеңдегі негізгі кейіпкер кім бо-
луы мүмкін деген сұраққа жауап іздеуге уақыт 
берілді.  Оқушылар  «Мұғалім»  деп  шу  ете 
қалды. «Неліктен мұғалім деп ойлайсыздар?», 
«Басты  кейіпкер  ол  болмаса  ше?»  деген 
сияқты түрткі сұрақтар қойылып отырды. Әр 
топтан оқушылар белсенді түрде жауап берді. 
Мұғалімсіз мектептің болмайтынын, білім нің 
тарамайтынын  айтты.  Мектепті  мұғалімсіз 
елестету  мүмкін  еместігін  жарыса  жеткізді. 
Осылай  жалғасын  табатын  ойлар  оқушы-
лардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  қабілетінің 
арта ты нын  көрсетті.  Топ  басшылары  бағалау 
критерийлері мен дескрипторларды пайдалана 
отырып, топ мүшелеріне әділ бағаларын берді. 
Ал  сабақтың  соңында  топ  басшыларының 
ба ға лау  парағы  жиналып,  формативті  баға 
сынып журналына қойылды. Бағалау парағына 
жазылған  тапсырмаларға  сәйкес  ұпай  саны 
қойылып отырды. Ең жоғарғы ұпай – 3 ұпай 
болып, бағдаршамның түстеріне байланысты 
бағаланды. Жасыл түс – 3 ұпай, ал сары түс – 2 
ұпай, қызыл түс – 1 ұпай болып есептелінді. 
Топ  мүшелерінің  бірін-бірі  бағалауы,  топтық 
бағалауы, өзін-өзі бағалауы – оқытуды бағалау 
бол ғандықтан, оқушылар әр тапсырмаға қан-
дай ұпай қойылып, оны не үшін алып отыр-
ға ның  біліп  отырды.  Осы  сабақ  барысында 
оқу шылардың пәнге деген қызығушылықтары 
артты. Өз ойын еркін жеткізе білді. Оқушылар 
сабақтың  соңындағы  кері  байланысқа  «Мен 
не  білдім?»,  «Мен  не  білгім  келеді?»  деген 
сұраққа  жауап  жазуды  үйренді.  Мектептегі 
тәжірибемде мен оқушылардың топтық жұмыс 
жасау барысында сын тұрғысынан ойлау әдісін 
тиімді пайдаландым деп айта аламын. Себебі, 
осы  әдіс-тәсілді  қолдану  барысында  менің 
оқу шыларымда мынадай деңгейлер қалыптаса 
бастады:
1.Дайын  білімді  емес,  өз  бетімен  білімді 
қабылдауды үйренді;
2.Туындаған проблеманы шеше бастады;
3.Топ  шешімінің  ішіндегі  ең  тиімдісін 
таңдай білді;
4.Өз бетімен қорытынды ой қабылдай білді;
5.Ой түйіндеу арқылы дәйектемені қолдана 
білуге дағдыланды;
6.Әр оқушының өз көзқарасы қалыптасты, 
өз пікірін білдірді;
7.Пікірталас  жүргізуге,  ортақ  шешім 
қабылдауды үйренді;
8. Бір-бірінің шешімін сыйлауға үйренді;
9.  Әр  оқушыда  «Мен»  тұжырымдамасы 

87
ҰСТАЗҒА КӨМЕК
қалыптасты;
10.Әркім  өз  ойларын    нақты  дәлелмен 
қорытындылауды үйренді;
Осыған  орай,  оқушылардың  бойында  сын 
тұрғысынан ойлауға жетелейтін әдіс-тәсіл дер-
ді  қолдана  отырып,  сабақ  барысында  жақ сы 
нәтижеге қол жеткізе бастағанымды байқадым.
Келесі  сабағым  М.  Мәжікеевтің  «Болар 
бала басынан» тақырыбы болды. Бұл сабақта 
да оқушылардың сын тұрғысынан ойлануына 
жағдай жасалды. Білім алушылар төрт топ қа 
бөлінді. Сыныпта ынтымақтастық атмос фе ра-
сын қалыптастыру үшін «Уәде беремін» атты 
шаттық  шеңберін  пайдаландым.  Әр  оқушы 
өздерін жеке тұлға ретінде түсініп, бір-біріне 
уәде берумен сабақ та басталып кетті. Әр топқа 
өз есімдері берілді. 1 топ – Ақыл, 2 топ – Қайрат, 
3 топ – Білім, 4 топ – Бұлақ деп бөлінді. Сабақта 
оқушылардың қызығушылықтарын ояту үшін, 
әр топ постер қорғаудан бастады. «Батыр кім?» 
тақырыбын әр топ өз түсініктері бойынша бес 
минут ішінде өз ойларын ортаға салып, пос-
терді  қорғады.  Әр  топтың  бірігіп  жұмыс  іс-
теу  кезінде  мына  ерекшеліктерді  байқадым: 
ұтымдылық,  ең  жақсы  түсініктемені  табуға 
ұмтылу;  үзілді-кесілді  жауаптарды  іздеудің 
орны на сұрақ қою; дәлелдерді талап етіп, кез 
кеген  дәлелді  есепке  алып  отыру;  эмоцияға 
емес себепке негізделу (бірақ төменде айтылған 
өзіндік сана-сезімге қатысты эмоция да болуы 
мүмкін);  сыңаржақтылықтың  болмауы;  бар-
лық  қорытындыларды  бағалау;  болжамды 
көз қарастар  мен  мүмкіндіктердің  барлығын 
қарастыру;  баламалы  интерпретацияларға 
ашық  болуға  ұмтылу;  дәлелдердің  деңгейі 
мен маңызын мойындау; балама жорамалдар 
мен мүмкіндіктердің орынды екендігін немесе 
артықшылығын мойындау; өзіндік эмоция мен 
көзқарастардың, сенімдер мен болжамдардың 
субъективті екенін сезіну.
Міне,  сын  тұрғысынан  ойлауға  үйре ту 
тәсілінің  іске  асуы  бізге  осындай  артық шы-
лық тар алып келеді.
Оқушыларды топқа бөлудің тағы да бір тә-
сі лі бар. Ол тәсілді де айта кеткен жөн. Стол 
үстіне  түрлі  жапырақ  стикерлерді  қойдым. 
Оқушылар таласа-тармаса алып жатты. Олар 
таңдаған  стикерлеріне  байланысты  топқа  бө-
лін ді. Осылайша, сынып оқушылары өзін-өзі 
реттеуге үйреніп қалғандарын көрсете бастады, 
ынтымақтаса  жұмыс  істеуге  дағдыланды. 
Ме нің  өзіме  түйген  ойым,  бұдан  былай  да 
ынтымақтастық атмосферасын орнатуда басқа 
да қызықты әдістерді қолданып отыру қажет 
екен.  Мәселен,  допты  лақтыру  арқылы  үйге 
берілген тапсырманы сұраудан бастауды жөн 
көрдім.  Бұл  жерде  оқыту  мен  оқудағы  жаңа 
тәсілдерді  басшылыққа  ала  отырып,  сабақты 
бастау  керектігін  білдім.  Сабақ  барысында 
оқушылардың өзара білім алмасу мен мұғалім 
мен  оқушы  арасындағы  байланыстың  негізгі 
құралы диалог көрініс тапты. Бұл әдіс сабақта 
оқушылардың  қызығушылығын  арттырумен 
қатар,  олардың  білім  деңгейінің  өсуіне  үлес 
қосатын  бірден  бір  мүмкіндік  болды.  Осы 
саба ғымда  оқушылардың  өзара  қарым-қа-
ты насы  оқуда  маңызды  рөл  атқаратынын 
білдім.  Сыныптағы  жиырма  үш  оқушының 
бар лығы дерлік жұмысқа қызу кірісті. Осын-
дай белсенділікті жоғалтып алмас үшін бола-
шақ та  дарындылықты  дамытуға  арналған 
тап сырмалар түрін көбейту керектігін ескеру 
керек деп ойлаймын. Мағананы тану кезеңінде 
«Оқыту  мен  оқудағы  АКТ-  ны  пайдалану» 
модулін  ықпалдастыра  отырып,  бейнетаспа 
мен  электронды  оқулық  материалдарын  да 
пайдаланған қолайлы.
Жалпы  айтқанда,  сын  тұрғысынан  ойлау 
көбінесе  бір  нәрсені  елестетуге,  баламалы 
шешімдерді  қабылдауға,  ойлау  және  іс-әре-
кет тің жаңа немесе түрлендірілген тәсіл дерін 
енгізуге  дайын  болуды  көздейді,  ол  ұйым-
дастырылған қоғамдық әрекеттерге бейімділік 
пен  басқаларды  сын  тұрғысынан  ойлауға 
бау луды білдіреді. Мен болашақта сыни тұр-
ғы да  ойлана  білетін,  жан-жақты  білімді, 
ынта лы  оқушылардың  көбейетініне  сенемін. 
Болашақта менің оқушыларым сыни тұрғыдан 
ойлай алатын, өз ойын толық жеткізе білетін, 
сөйлеу  тілі  дамыған,  топпен  және  жұптасып 
жұмыс істеуді білетін талантты және дарынды 
жеке  тұлға  болып  қалыптасатынына  кәміл 
сенемін.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет