№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет4/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Әдебиеттер 
1 «Континент» журналы. – №21. – 2008. 
2  Шағатай  Ж.  Жеті  жасар  «Тойота»  немесе  депутат  Бердіоңғаровтың  бұнысы 
қалай? 
// 
«Түркістан» 
газеті. 
– 
http://oldarchive.turkystan.kz/page.php?page_id=28&id=2776. 
3 http://www.uniface.kz/index.php?post=article§ion=2&id=248. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
31 
4 http://www.ktk.kz/kz/news/video/2013/03/26/49061. 
5 http://www.inform.kz/kaz/article/1224996. – 04 наурыз. – 2009. – 18:46. 
6 http://www.inform.kz/kaz/article/2241585. – 23 ақпан. – 2010. – 17:19. 
7  Көшкенова  А.  Мүддені  күйттеушілер  заңы  керек  пе?  –  27.02.10.  – 
http://old.aikyn.kz/index.php?option=com_content&task=view&id=1417. 
8 http://www.parlam.kz/kk/blogs/Peruashev/Details/6/5063. 
9 http://adilet.zan.kz/kaz/docs/P1200000898. 
10 http://studopedia.ru/2_95716_sayasi-rezhimder.html. 
11 http://lobbying.ru/ www.stratagema.org. 
12 Алаш айнасы. – 21.09.2013. 
13 http://dic.academic.ru/dic.nsf/enc1p/27218. 
14  Особенности  менеджмента  в  России  //  Управление  персоналом.  –  1999.  – 
№9. – С. 53-54. 
15 http://journal.zakon.kz/217212-mezhdunarodnyjj. 
 
ШАКАРМАН Дана Қазбекқызы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен 
байланыс кафедрасы «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының 
бітірушісі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: 
ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті 
(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
БИЗНЕС САЛАСЫНДАҒЫ PR: ОТАНДЫҚ ЖӘНЕ ШЕТЕЛДІК ТӘЖІРИБЕ 
 
Тақырыптың  өзектілігі.  Заманауи  қоғамның  қай  қызмет  саласын  алсақ  да, 
уақытылы ақпарат алып, оны аудитория мүлтіксіз меңгеріп, шешім қабылдауы үшін 
дұрыс  баяндап,  жеткізу  өте  маңызды.  Ақпаратпен  жұмыс  істеу,  оның  қоғамның 
белгілі  бір  бөлігіне  тиімді  әсер  етуі  «Паблик  рилейшнз»  (PR)  арқылы  іске 
асырылады.  Қай  елдің  экономикасын  алып  қарасаңыз  да,  негізі  бизнестен  –  шағын 
және орта кәсіпкерліктен құралады. 
Бизнесті  дамыту  арқылы  нарықта  тауарлар  мен  қызмет  түрлерін  көбейтуге, 
жұмыссыздық  деңгейінің  төмендеуіне  ықпал  етуге,  яғни  жаңа  жұмыс  орындарын 
ашуға, тұрақты ел экономикасын құруға үлкен мүмкіндіктер ашылады. 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Қазақстан  жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір 
мүдде,  бір  болашақ»  атты  жолдауында:  «Жаһандық  рейтингке  сәйкес,  Қазақстан 
бизнесті жүргізуге ең қолайлы жағдайы бар елдер тобына кіреді және біз бұл үрдісті 
өрістете  түсуге  тиіспіз.  Шағын  және  орта  бизнес  –  біздегі  Жалпыға  ортақ  еңбек 
қоғамының  берік  экономикалық  негізі.  Оны  дамыту  үшін  жекеменшік  институтын 
заңнамалық  тұрғыда  нығайтатын  кешенді  шешімдер  қажет.  Бизнесті  дамытуға 
кедергі  келтіретін  барлық  енжар  құқықтық нормалардың  күшін  жою  керек.  Шағын 
бизнес ұрпақтан-ұрпаққа берілетін отбасы дәстүріне айналуға тиіс», - деген болатын. 
Біздің  бұл  жұмысымызда  отандық  және  шетелдік  бизнестің  ең  ірі 
құрылымдарындағы  паблик  рилейшнздің  жұмыс  істеу  деңгейі,  артықшылықтары 
мен кемшіліктері ұсынылған. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
32 
Қуатты  бизнесі  бар  ел  де  қуатты  болмақ.  Бизнестің  қарқынды  түрде  дамуы, 
үлкен кірістер әкелуі үшін бәсекелестердің саны да көп болуы керек. Бәсеке болған 
жерде сапа да, жүйе де болады. Ал, сол бизнесті нарықта тұрақты ұстап тұру үшін 
жұртшылықпен  жұмыс,  БАҚ-пен  байланыс  та  мықты  болуы  тиіс.  Сол  себепті  де, 
«Бизнес  саласындағы  PR:  отандық  және  шетелдік  тәжірибе»  тақырыбында  осы 
жұмысты  жазуды  жөн  көрдік.  Өйткені  осыған  дейін  бұл  тақырып  ауқымды  түрде 
зерттеліп, талданбаған. 
Қазіргі  жаһандану  заманында  қоғам  мен  ұйымды  өзара  мықты  қарым-
қатынаста ұстау үшін екі жақтың да көзқарасымен, пікірлерімен санасатын мамандар 
қажет.  Бұл,  әрине,  «Қоғамдық  байланыс» мамандығы.  Ақпараттық  қоғамда  өмір 
сүріп отырған кез-келген мемлекет – ақпараттық мамандықтар дайындайтын салаға 
аса үлкен мән беруі керек. 
Осы салада Қазақстан да қалыс қалып жатқан жоқ. Еліміздің екі ұлттық жоғары 
оқу  орны  –  Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  және  Әл-Фараби 
атындағы  Қазақ  ұлттық  университетінде  «Қоғамдық  байланыс»  мамандығы  кәсіби 
түрде  оқытылады.  Экономика  ғылымдарының  кандидаты,  пиартанушы  Ж. 
Бекболатұлының  мәліметіне  сүйенсек,  Қазақстанда  паблик  рилейшнз  саласы  соңғы 
15 жылда жан-жақты дами бастады. Бұл мамандық бүгінде еліміздің экономикалық 
өркендеуіне өте қажет қызмет түрі болып саналады. 
Тақырыптың  зерттелу  деңгейі.  Бұл  жұмысқа  өзек  болып  отырған  бизнес 
саласындағы  қоғамдық  байланыс:  отандық  және  шетелдік  тәжірибе  тақырыбы 
осыған  дейін  арнайы  қарастырылған  емес.  Бизнес  әлеміндегі  паблик  рилейшнздің 
қазіргі таңдағы жағдайын зерттеу үлкен қызығушылық тудырды. Осыған дейін бұл 
салада  ғалым-зерттеушілер  Намазалы  Омашұлының  «Өз  ісінің  кәсіби  шеберлерін 
дайындаймыз»  жарияланымы,  Мырзантай  Жақыптың  «5В051400  –  Қоғамдық 
байланыс»  мамандығының  модульдік  білім  беру  бағдарламасы»  оқу  жоспарлары 
және  «Жоғары  білікті  «Қоғамдық  байланыс»  мамандарын  даярлаудың  медиабілім 
саласындағы  маңызы»,  «Қоғамдық  байланыс»  –  Қазақстанға  өте  қажет  мамандық», 
Оңайгүл  Тұржанның  Мұсылман  елдері  PR-шыларының  2-ші  әлемдік  конгресіндегі 
«Improvement  of  advocacy  of  Islamic  idea»  мақаласы,  Меңдігүл  Шындалиеваның 
«Шетел  журналистикасы»  оқулығы,  Айбарша  Жақсылықтың  «Islamic  Public 
Relations,  society  and  professional  ethics»  мақаласы,  тағы  басқа  еңбектер  жарық 
көрген. 
Зерттеу  жұмысын  жүргізудің  әдістемелік  негізі  мен  тәжірибелік  мәні. 
Жұмыс қоғаммен байланыс мамандары үшін пайдалы ақпаратқа толы, барлық негізгі 
PR-технологиялар  мен  әдіс-тәсілдер  ұсынылған.  Бұл  жұмыс  қоғаммен  байланыс 
мамандығында  оқитын  студенттерге  қосымша  дерек  көзі  ретінде  пайдалануға 
таптырмайтын  құрал.  Осы  жұмыста  ұсынылған  тұжырымдар  мен  деректердің 
барлығы тиянақты түрде зерттеу мен талдау нәтижесінде жинақталған.  
Зерттеудің  мақсаты  мен  міндеттері.  Қоғамдық  байланыс  саласы  елімізде 
1991  жылы  Тәуелсіздік  алған  уақыттан  бастап  қана  ресми  дамуда.  Оның  үстіне 
алғашында  PR  тек  мемлекеттік  құрылымдардан,  яғни  баспасөз  хатшылықтарынан 
бастау  алды.  Экономикасы  бәсең  дамып  келе  жатқан  елімізде  бизнеске  соңғы  5-6 
жылда баса назар аударылуда. Оған Елбасымыздың Жолдауларында ескеріліп өткен 
мысалдардан да көз жеткізуге болады. 
Ел  экономикасының  ұтқыр  әрі  нәтижелі  секторының  бірі  –  бизнес 
саласындағы,  оның  ішінде  қарқынды  дамып  келе  жатқан  ірі-ірі  коммерциялық 
ұйымдардағы паблик рилейшнз бен әлемдік нарықты жаулаған бизнес компаниялар 
арасындағы  PR  жағдайын  қатар  қарастырдық.  Соның  ішінде,  «ҚазМұнайГаз»  АҚ, 
«Қазақстан  Темір  Жолы»  АҚ,  «Эйр  Астана»  ұлттық  әуекомпаниясы,  шетелдік 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
33 
«Лукойл»  ААҚ,  «Газпром»  ААҚ  ұйымдарының  негізінде  зерттеу  жүргізілді. 
Олардың қоғаммен, БАҚ-пен жұмыс жасау деңгейлері, ұйым тарихында болған PR-
науқандар зерттелді. 
Осы  мақсатты  жүзеге  асырудың  негізгі  міндеттеріне  тоқталсақ:  -  Бизнес 
саласындағы PR-дың міндетті аспектілері мен көптеген коммерциялық ұйымдардың 
жіберетін  қателіктері  туралы  деректер  жинау;  -  PR-дың  негізгі  құралдарын  жеке-
жеке  толық  зерттеп  шығу.  Соның  ішінде:  имиджмейкинг,  паблисити,  қоғамдық 
пікірді  қалыптастыру,  онымен  жұмыс  істеу,  БАҚ-пен  жұмыс,  шараларды 
ұйымдастыру,  т.б.;  -  Коммерциялық  ұйымның  сыртқы  және  ішкі  PR-ның  мінсіз 
үлгісін  сараптау;  -  Шетелдік  компаниялардағы  паблик  рилейшнз  қызметтерін 
қазақстандық компаниялармен қатар қарастыру; - Компаниялардағы PR бөлімшелер 
мен департаментердің қажеттілігі мен олардың рөлінің маңыздылығын жеткізу.   
Ұсынылып отырған тұжырымдамалар мен ұсыныстар: 
-  Қазіргі  заманғы  бизнес  саласындағы  паблик  рилейшнздің  ақпараттық 
кеңістігіне ерекше ықпал жасауда; 
-  Жаһандық  ақпараттық  кеңістік  пен  ғаламдық  ақпараттық  қоғамның 
қалыптасуында бизнес саласындағы PR-дың да өзіндік ықпалы бар; 
- Қазақстандағы бизнестің қоғамдық байланысындағы ерекшеліктері мен оның 
ақпараттық саясатындағы көрінісі одан әрі зерттеле түсуі қажет; 
-  Қоғамдық  байланыстың  еліміздің  ақпараттық  саясатында  және  қоғамдық 
қатынастарда алатын орны зор. 
Бизнес  саласындағы  PR  түсінігінің  тұжырымдамасы.  Қазіргі  таңда  PR-
науқандарды тауарлар мен қызметтерді алға жылжытудың немесе көпшілік алдында 
ұйымның  оң  имиджін  қалыптастырудың  ажырамас  бөлшегі  деп  айтуға  болады. 
Бүгінде  өздерінің  жеке  алға  жылжытуларымен  айналыспайтын  компания  жоқ  деп 
айтуға болады. 
Бірақ  бірыңғай  коммерциялық  ортада  PR-құралдарының  арқасында  қалай 
ерекшеленуге болатыны өзге мәселе. Заманауи PR-технологиялар кезеңінде ешкімде 
жоқ, бұрын-соңды болмаған науқан ойластыру қиынға соғады. 
Паблик  рилейшнз  –  бұл  саясаттағы,  мемлекеттік  басқарудағы,  бизнестегі 
немесе  қоғамдық  өмірдің  өзге  салаларындағы  ұйым  мен  жұртшылық  арасындағы 
өзара  пайдалы,  тиімді  байланысты  орнату  мақсатындағы  маңызды  қызмет  түрі. 
Ұйымның табысты болуы мен сәтсіздікке ұшырауы да осы PR-ға байланысты. Өзге 
тілмен  айтқанда,  PR  –  бұл  заманауи  қоғамға  тән,  қарым-қатынасты  тиімді  әрі 
демократиялық 
басқарудың 
арнайы 
құралдарының, 
тәсілдері 
мен 
технологияларының жүйесі. 
Бизнестегі PR – маркетингтік байланыстың ең маңызды құралдарының бірі. Ол 
экономикалық  қызметті  қоғам  өмірінің  өзге  салаларымен:  саясатпен,  мәдениетпен, 
идеологиямен, экологиямен және т.б. байланыстырады. 
Бизнестегі  PR-шараларды  жүзеге  асыру  деңгейлеріне  келсек,  ондағы  PR-
қызметтерді  жұртшылық  пен  қоғамдық  пікірге  тигізетін  әсері  бойынша  келесі 
кезеңдерге бөлеміз: 
а) PR-мамандарының жұртшылықпен, қоғамдық пікірмен байланысты тұрақты, 
күнделікті  жұмыстары  фирма  басшылығының,  қызметкерлер  құрамының, 
клиенттердің және т.б.-дың сұранысын орындаумен, ұйымды, фирманы түрлі қоғам 
топтарымен байланыстыруға қатысты жүргізіледі; 
ә) ұйымның, компанияның жұртшылықпен, қоғамдық пікірмен жұмыс істеудегі 
арнайы 
шараларын 
ұйымдастыру, 
яғни, 
тұсаукесерлер, 
қабылдаулар, 
конференциялар мен мерейтойлар ұйымдастыру

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
34 
б)  экономикалық,  әлеуметтік,  экологиялық,  саяси  және  т.б.  жобаларға  тиімді 
PR-сүйемелдеулер жасауға бағытталған PR-жобаларды әзірлеп, жүзеге асыру; 
в)  ұйымның  және  жұртшылықтың  өзара  қарым-қатынасындағы  нақты 
міндеттер мен мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған PR-науқандарды ұйымдастыру 
мен өткізу. 
Жалпы  PR-дың  бастау  алуы,  дамудың  негізгі  тұстарына  келер  болсақ,  паблик 
рилейшнздің  ғылым  ретінде  дамып,  қоғамдық  өмірде  нақты  саланы  қамтуы  ерте 
замандардан  бастау  алады.  Мысалға,  кейбір  ғалымдар  PR-дың  негізін  қалаушы 
өзінің «Риторика» трактатында екі мың жылдан астам  уақыт бұрын «этос» ұғымын 
енгізген  Аристотель  деп  таниды.  Мұнда  ол  жұртшылықтың  шешеннің  сөйлеген 
сөзіне деген көзқарасы арқылы көрсеткен. 
Заманауи  түсінікпен  қарасақ,  паблик  рилейшнз  XVIII  ғасырдың  ортасында, 
нақтырақ  айтқанда,  Америка  Құрама  Штаттарының  тәуелсіздікке  деген  күресі 
кезінде  қалыптасқан.  Бұл  кезде  қалың  бұқараны  белгілі  бір  мақсаттарға  белсенді 
түрде,  өз  қалауларымен  қатысуға  шақыру  кезінде  қажет  болды.  Дегенмен,  «паблик 
рилейшнз»  терминінің  өзі  алғаш  рет  XIX  ғасырдың  басында,  1807  жылы 
қолданылған. 
 
1 кесте – Жұмысты жазу барысында іріктеліп, құрастырылды 
Екі жүз жылдан астам тарихы бар PR туралы қысқаша ғана айту мүмкін емес. 
Сол  себепті  нақты  деректерге  тоқталып  өтейік.  PR  ұйымдастыруға  алғашқы  болып 
арнайы  назар  аударған  саясаткер,  америкалық  революция  жетекшілерінің  бірі  С. 
Адамс  болды.  Ол  жұртшылықтың  назарын  аудартатын  символдардың,  ұранның, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
35 
арнайы  шараларды  ұйымдастырудың  қажеттігін  алғашқылардың  бірі  болып 
анықтады. Осылайша қоғамдық пікірді басқаруға болатынын білді. 
  Пиардың алғашқы арнайы шаралары «Бостон қырғыны» мен «Бостондық шай 
ішу» деп аталатын оқиғалар болды. Біріншісі 1770 жылға қатысты, бұл оқиға АҚШ-
тың  тарих  оқулықтарына  да  енгізілді.  Бостанда  сол  кездегі  көше  төбелестерінің 
бірінде  қаланың  бес  тұрғыны  өлтіріледі.  Баспасөз  кінәні  ағылшын  әскеріне  жаба 
салды, Бостон тұрғындарының британдық офицерлерге деген жек көру сезімін ояту 
мақсатында, бұл «варварлық акция» деп аталды. 
«Бостондық шай ішу» оқиғасы бұдан да қызығырақ. Мұнда PR-дағы белгілі бір 
ақпараттық сылтаудың қолданылуы емес, арнайы пиар шараны ұйымдастыру туралы 
айтылады.  Бостон  портында  шай  тиелген  британдық  кеме  тұрды.  1773  жылы  6 
желтоқсанда  патриот-америкалықтар  тобы  үндіс  болып  киініп  алып,  кемеге  кіріп, 
теңізге  шай  тиелген  жүкті  лақтырып  жібереді.  Бұны  байқап  қалған  топ  оларды 
кемеден  шығарып  жібереді.  Соған  қарамастан,  капитан  журналға  бұл  жағдайды 
«бұзақылардың  әрекеті»  деп  қана  жазды.  Дегенмен,  бұл  уақытта  оқиға  орнына 
арнайы  журналистер  жиналып,  болған  оқиғаны  Америка  тұрғындарын  аңдыған 
британдықтар кінәлі деп жариялады. 
Алғашқы  кәсіби  PR  маманы  Амос  Кендалл  болды.  Журналистік  білімі  бар  ол 
XIX ғасырдың 20-30-жылдары АҚШ-тың 7-ші президенті Эндрю Джексонға қызмет 
көрсетті.  Бұл  президент  саясаттан  еш  хабары  жоқ,  халық  арасынан  шыққан 
қарапайым  адам  болды.  Оған  өз  ойы  мен  пікірлерін  дұрыс  жеткізу  қиындық 
тудырды.  Сол  себепті  президентке  кеңес  беретін  адам  қажет  болды.  Амос  Кендалл 
Джексонның  АҚШ  президенттігіне  сайлау  кезінде  жеңіп  шығуына  ықпал  етуімен 
қатар, кейін президент сарайына өз көмекшілерімен келіп, Джексонның кабинетінен 
кейін  орналасқан  бөлмеге  жайғасып,  сонда  жұмыс  істеді.  А.  Кендалл  президенттің 
халыққа  жолдауларын  да  жазу  барысында  кеңестер  беріп  отырған.  Тіпті, 
президенттің  келіссөз  жүргізіп  отырған  кезде  де,  кейбір  сұрақтарға  жауап  бере 
алмаған  сәттерінде,  Президент    «су  ішіп  келейін»  деп  сыртқа  шығып  кетіп,  өз 
ақылшысынан кеңестер алып отыратын болған [18]. 
Алғашқы  PR  фирмасы  1900  жылы  Бостонда  «Паблисити-бюро»  атауымен 
ашылды. Ол Дж. Михаэлс бастамасымен журналистермен ұйымдастырылған. Фирма 
белсенді  PR  науқанын  жүргізудің  арқасында  1906  жылы  таныла  бастады.  Ол 
теміржол  көлігіне  Теодор  Рузвельттің  АҚШ  Конгресінде  енгізген  қатаң  тәртібіне 
қарсы науқан болды. 
Алғашқы  рет  PR-дың  негізгі  қағидаларын  Айви  Лебретед  Ли  арнайы 
«Қағидалар декларациясында» жазды. Айви Лиді PR атасы деп атайды. Бастапқыда 
журналист болып қызмет атқарған ол, кейін Дж. Паркер атты журналистпен бірлесіп 
«Паркер энд Ли» компаниясын құрады. Айви Ли PR декларацияға қоғамға тек толық, 
нақты, шынайы әрі сенімді ақпарат таратумен қатар, екі жаққа да тиімді шешімдерді 
іздестіру  қағидаларын енгізді. 
Алғаш рет мемлекеттік органдарда PR бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында 
Джордж Крильдің бастамасымен Қоғамдық ақпарат комитеті жұмысының жанынан 
ашылды.  Комитеттің  міндеті  –  Американың  соғысқа  қатысуына  қоғамның  қолдау 
көрсетуіне  әкелу,  қоғамның  оң  пікірін  қалыптастыру  болды.  Осы  мақсатта  арнайы 
үгітшілер институты құрылды (соғыстың соңына қарата олардың саны шамамен 400 
мыңды  құрады).  Олар  төрт  минуттың  ішінде  мектептерде,  шіркеулерде,  клубтарда 
және өзге де адамдар көп жиналатын орындарда халыққа соғыс алаңында орын алып 
жатқан  негізгі  оқиғалар  мен  америкалық  сарбаздарға  қалай  қолдау  көрсету  туралы 
түсіндіру жұмыстарын жүргізді [17]. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
36 
Паблик  рилейшнздің  ғылыми  негіздерін  атақты  ғалым,  PR  практигі  Эдуард 
Бернейз  қалаған.  1912  жылы  АҚШ-та  колледжді  аяқтағаннан  кейін,  ол  Еуропаға 
келіп,  паблик  рилейшнз  бойынша  оқу  курсын  әзірлейді.  1923  жылы  PR-дың 
методологиялық  және  методикалық  негіздері  ұсынылған  «Қоғамдық  пікірді 
кристалдандыру»  деп  аталатын  оқу  құралын  жарыққа  шығарады.  Сол  мезгілде 
Эдуард  Бернейз  тәжірибелі  түрде  ауқымды  пиар  жұмыстарын  жүргізеді.  Оның 
клиенттерінің  арасында  208  адам  мен  ұйым  болады,  олардың  көбісі  америкалық 
президенттер мен ірі бірлестіктер еді. 
Сонымен, өткен ғасырдың отызыншы жылдары АҚШ-та пиар қызметі кеңінен 
дамып,  арнайы  мамандары  дайындалып,  мамандандырылған  баспалардың  шыға 
бастағанына көз жеткіздік. 
Компаниядағы  PR  мамандарының  қоғаммен  (клиенттермен,  БАҚ-пен) 
жұмыс істеудегі тұрақты қызметі.  Әдетте пиар мамандарының қызметтері фирма 
басшылығымен  жұмыс;  ұйым  қызметкерлерімен  жұмыс;  бәсекелестермен  жұмыс; 
клиенттермен  жұмыс;  фирма  серіктестерімен  жұмыс;  бұқаралық  ақпарат 
құралдарымен жұмыс деп бөлінеді. 
Пиар маманының жалпы білімділігіне қойылатын талаптарға тоқталар болсақ, 
маман мынадай талаптарға жауап береді: екі жақты коммуникация орнатудың негізгі 
әдістерін,  коммуникациялық  қарым-қатынастардың  даму  тармақтарын,  тұлғаның 
кәсіби  ерекшеліктерін,  гуманитарлық  және  әлеуметтік-экономикалық  ғылым 
саласындағы  ілімді  білетін;  дүниетанымы  кең  жоғары  білімді  тұлғаны 
қалыптастыруға ықпал ететін әлеуметтік-гуманитарлық пәндер саласындағы базалық 
білімдерді меңгеретін; мәдени ойлау және бұқаралық сөз сөйлеуді меңгеруі, өз ойын 
ауызша  және  жазбаша  түрде  дұрыс  та  айқын  рәсімдей  алатын,  кәсіби  мәселелерге 
қатысты  пікір-сайыстарға  қатысатын,  қоғамдағы  түрлі  құбылыстар  мен  үдерістерді 
ғылыми  сараптау  негіздермен  болжайтын,  олардың  сапалық  және  сандық 
сараптауларын  жүзеге  асыратын,  әлеуметтік  зерттеулердің  мақсатын  анықтап, 
оларды  зерттелетін  ғылым  әдістері  бойынша  жүзеге  асыруға  қабілетті,  пәнаралық 
жобалар бойынша жұмыстарға дайын, ұжымдық жұмысқа дайын, басқару әдістерін 
білетін,  басқару  шешімдерін  тауып,  шешім  қабылдауға  қабілетті;  ақпарат  жинау 
әдістерін,  танымдық  қызмет,  мәтінді  түсіндіру  түрлерін,  халықаралық  құқық 
негіздерін,  басылымдық,  электрондық  БАҚ  жұмыстарының  ерекшеліктерін, 
компьютерлік  желілер  мен  мәліметтер  базасы  бойынша  жұмыс  ерекшеліктерін 
білетін;  БАҚ  жүйесі  туралы,  БАҚ-тың  түрлі  мемлекеттік  және  жеке  меншік 
ұйымдармен  әрекет  ету  механизмдері  туралы,  қоғамның  дамуы  туралы  заң, 
қоғамның  құқықтық  және  әдеп  нормалары  туралы  жалпы  түсінігі  бар;  мамандық 
саласындағы  жағдай  мен  қоғамдық  құбылыстарды  сараптай  және  болжай  алуға 
қабілетті;  қақтығыстар  мен  түсініспеушіліктердің  алдын  алатын,  өзара  сыйластық 
пен әлеуметтік жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал ететін болуы тиіс. 
Әлеуметтік-этикалық  құзіреттілігіне  қойылатын  талаптарға  тоқталсақ: 
демократиялық қоғамның идеалдары мен құндылықтарына бағытталу; топта жұмыс 
істеуге, өзінің көзқарасын дәлелдеуге, жаңа шешімдер ұсынуға, өз пікірлерін ұжым 
пікірімен  салыстыруға,  ұжымдық  шешімге  бағынуға  көмектесетін  мәдениет, 
қоғамдық  пікір,  дәстүр,  салт,  әлеуметтік  нормаларға  негізделген  этикалық 
құндылықтарды сақтау; әлеуметтік және кәсіби жағдайларға бейімделе білу; басқару 
шешімдерін қабылдау үдерісінде төзімді, құзіретті, шынайы болу. 
Экономикалық  және  ұйымдастырушылық-басқарушылық  құзіреттілігіне 
қойылатын  талаптар:  елдегі  немесе  аймақтағы  экономикалық  жағдайды,  сондай-ақ, 
әлеуметтік-экономикалық жағдайды сараптауда теориялық дайындығы болу; әлемдік 
экономиканың динамикалық өзгеру құбылыстары мен үдерістеріне орай бағытталып, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
37 
бейімделу; басқару қызметі арқылы жұмысты тиімді ұйымдастыра білу; мемлекеттік 
экономикадағы  рөлі  мен  негізгі  функциялары,  бюджеттік  саясатты  қалыптастыру 
принциптері, мемлекеттік экономикалық саясат бағыттары туралы білімді игеру. 
Кәсіби  құзіреттілігіне  қойылатын  талаптар:  алған  білімін  еркін  кәсіпкерлік 
жағдайында шешім шығаруда, экономика бойынша жұмыстар жүргізуде, ақпараттық 
ағындарды  сараптау  мен  басқаруда  пайдалана  білу;  бұқаралық  ақпарат 
құралдарымен,  ақпараттық  жарнамалық,  консалтингтік  агенттіктермен,  қоғамдық 
құрылымдармен, партиялар мен қозғалыстармен, инвесторлар және акционерлермен 
қажетті  байланысты  орнату  және  тұрақты  түрде  қолдай  білу;  баспасөз  орталығы, 
баспасөз  қызметі,  баспасөз  бөлімі,  қоғамдық  байланыс  бөлімі,  қоғамдық  байланыс 
орталықтарын  ұйымдастыру  мен  басқару  дағдыларын  игеру;  әлеуметтік 
психологияны  білу  және  дағдарыс  жағдайында  жұмыс  дағдыларын  меңгеру; 
аудитория  мен  оның  көңіл-күйін  ескере  отырып,  жан-жақты  зерттей  білу;  PR, 
ақпараттық  науқандарды  жоспарлап,  ұйымдастыра  білу,  әлеуметтік  және  саяси 
маркетинг  дағдыларын  игеру,  хаттама  және  іскери  шараларын  ұйымдастырып, 
жүргізе білу; қоғамдық пікір сауалнамасының әдіснамасы мен техникасын пайдалана 
білу,  шешендік  өнерін,  бұқаралық  сөз  сөйлеу  әдістері  мен  тәсілдерін  (сөйлеу 
негіздерін, түрлерін, сөйлеу этикеті ережесін және сұхбат жүргізу, композиция және 
стиль  заңдарын,  сендіру  тәсілдерін  білу)  еркін  меңгеру,  әдеби  редакциялау 
дағдыларын  игеру,  өзіндік  публицистік  шығарма,  баспасөз  парағын  жаза  білу; 
компьютерлік,  ұйымдастыру,  аудио  және  видео  техниканы  біліктілікпен  пайдалану 
[13]. 
Компания  басшылығымен  жұмыс  –  пиар  қызметінің  маңызды  бағыттарының 
бірі. Оның негізгі құрамдас бөліктерін атап өтсек: компанияның міндетін анықтауға 
қатысу  –  оның  ресми  мәлімделетін  әлеуметтік  мақсатына  араласу;  екі  жақты 
келісілген  компания  мен  оның  басшылығының  имиджін,  тауарлар  мен  қызметтер 
брендін әзірлеп, іс жүзіне асыру, компания басшылығының келіссөздерде және БАҚ-
та  сөйлейтін  сөзін  әзірлеу;  фирма  басшылығының  билікпен,  серіктестермен,  саяси 
партиялармен  және  қоғамдық  ұйымдармен  байланысын  реттеу;  арнайы  шараларды 
ұйымдастыру:  тұсау  кесер,  кездесу,  конференция,  брифинг,  көрме  және  т.б.; 
қайырымдылық,  демеушілік,  қамқоршылық  және  фандрайзинг  жұмыстарын 
ұйымдастыру;  дағдарыстарды  болжай  білу  және  олардың  алдын  алу  немесе  оларға 
дайын болу үшін шаралар легін жоспарлай білу. 
Ұйым  қызметкерлерімен  жұмыс  –  бұл  клиенттермен  тікелей  жұмыс  істейтін 
мамандарды  іріктеу,  оқыту,  жаттығулар  жасау;  қызметкерлердің  БАҚ-пен 
бақылаусыз  байланыс  орнатуын  шектеу.  Бұл  қызметтің  екінші  маңызды  бағыты  – 
жаңа  тағайындаулар  мен  жұмыстан  босатулар  кезінде  түсіндіру  жұмыстары, 
сонымен қатар, жаңа бұйрықтар мен өкімдерді қызметкерлердің дұрыс қабылдауына 
жағдай  жасау;  бұрыс  сыбыстар  мен  әңгімелердің  алдын  алу,  оларды  болдырмау. 
Қызметтің  үшінші  бағыты  –  фирмалық  стандарттарды  әзірлеп,  іске  асыру,  түрлі 
кәсіби  байқауларға  қызметкерлердің  қатысуын  ұйымдастыру  («Ең  үздік  менеджер» 
және т.б.). 
Бизнестегі  PR  мамандары  «фирма  тарихы»  бойынша  материалдарды  жинап, 
сақтаумен  де  айналысады  және  басшылықтың  «ішкі  жұртшылықпен»  байланысын 
одан әрі арттырудың өзге де шараларын ойлап табуы керек. 
Бәсекелестермен  жұмыс,  PR  маманы  «пираттық  мұрағатпен»  жұмыс  істеуі 
керек  (өз  фирмаңның  ойлап  тапқан  бірегей  тәсілдерін,  технологияларын,  ноу-
хауларын  бәсекелестердің  ұрлап  алғанын  айғару);  сәтті  және  сәтсіз  шыққан 
жарнамалар  мен  пиар  науқандарының  тізімін  жасау;  ең  бастысы,  қандай  жолдар 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
38 
арқылы болса да (бірақ, шынайы, заңды жолдармен) бәсекелестердің клиенттерін өз 
компанияңа тарту. 
Клиенттермен жұмыс: а) фирманың тұрақты клиенттерін ұстап тұру; ә) қажет 
емес  клиенттерден  сыпайы  түрде  бас  тарту;  б)  жаңа  клиенттерді  тарту  бойынша 
шараларды ұйымдастыру жұмыстарына бағытталған акциялар мен шаралар кешенін 
қамтиды. Бұдан өзге, фирманың тауарлары мен қызметтерін түрлі клиент топтарына 
ұсыну  жұмыстары  белсенді  жүргізіледі.  Осы  саладағы  PR-дың  маңызды  бағыты: 
бағаның жоғарылауы, қаржылық шығындар, дивидент төлеудің кешеуілдеуі кезінде 
клиенттерге ақпаратты дұрыс жеткізе білу. 
Фирма  серіктестерімен  жұмыс.  Бірінші  кезде  оларға  фирманың  ұзақ  мерзімді 
мақсаттары  мен  саясаты  туралы  түсіндіру,  алдағы  кейбір  мәжбүрліктен 
қабылданатын  шешімдердің  серіктестердің  сенімін  үзбеуі  үшін,  оларға  күтпеген 
жаңалық  болмауы  үшін  жағдайды  анықтап  алған  жөн.  Бір  сөзбен  айтқанда, 
серіктестер  сезіктеніп,  көзқарастарының  бұрыс  жаққа  өзгеріп  кетуінің  алдын  алу. 
Серіктестердің арасында билік органдары, жергілікті өзін-өзі басқару мекемелері де 
болуы  мүмкін,  бұндай  жағдайда  олардан  «сенім  несиесін»  алып  алған  жөн. 
Серіктестермен  жұмыс  барысында  ұйымның  имиджі  мен  беделі  туралы  ұмытпаған 
абзал. 
БАҚ-пен жұмыстың төрт негізгі бағыты бар: 
Біріншіден, журналистерге кешенді ақпараттық қызмет көрсету, яғни баспасөз 
конференцияларын, брифинг, баспасөз турларын ұйымдастыру
Екіншіден, БАҚ қызметкерлері  үшін әртүрлі ақпараттық  материалдар әзірлеу: 
баспасөз релизі, бэкграундер, медиа-кит және т.б.; 
Үшіншіден,  баспасөз  мониторингін  жүргізу,  яғни,  БАҚ  жариялайтын 
хабарламаларды бақылап, саралау; 
Төртіншіден,  спин-шеберлік  қызметін  ұйымдастыру,  яғни,  БАҚ  жариялаған 
(немесе  жариялауға  әзірленіп  жатқан)  жағымсыз  ақпаратты  ығыстыру  және  фирма 
туралы жағымды жарияланымдардың көп болуына жағдай туғызу [5]. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал