№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет2/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

Әдебиеттер 
1  Экологиялық  қызметтің  нәтижелігі  туралы  екінші  шолу.  –  Біріккен  Ұлттар 
ұйымы, Еуропалық экономикалық комиссия. – 2008. 
2  Диаров  М.Д.,  Гилажов  Е.Г.,  Димеева  Л.А.  и  др.  Экология  и  нефтегазовый 
комплекс. – Алматы: Ғалым, 2003. – Т. 2. – 340 с. 
3 http://www.kmg.kz./kz/ecology/safety/. 
4  Фаизов  К.Ш.,  Асанбаев  И.К.,  Абдукаймова  А.М.  Современные  проблемы 
загрязнения почв нефтепромыслов Прикаспия // Нефть и газ. – 2005. – №1. – С. 64-
68. 
5 www.Kmt.international.com. 
 
Резюме  
Цель  работы  –  воздействие  на  окружающую  среду  нефтегазового  сектора,  в 
связи  с  экологическими  проблемами  отходов,  и  рассмотреть  способы  улучшения 
защиты окружающей среды. 
 
Summary 
The  environmental  impact  of  oil  and  gas  sector,  in  connection  with  the 
environmental  problems  of  waste,  and  to  consider  ways  to  improve  the  protection  of  the 
environment. 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
13 
ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР – СОЦИАЛЬНЫЕ НАУКИ 
 
ӘБДРАСУЛ Ақбөпе Әбдрасулқызы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Журналистика және саясаттану факультеті Телерадио және қоғаммен 
байланыс кафедрасы «5В051400 – Қоғамдық байланыс» мамандығының 
бітірушісі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: 
ЖАҚЫП Мырзантай Қожабайұлы, 
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 
Телерадио және қоғаммен байланыс кафедрасының доценті 
(of Associate Professor), филология ғылымдарының кандидаты (PhD), 
Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
ЛОББИЗМНІҢ АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТҚА ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ 
ҚАТЫНАСТАРҒА ЫҚПАЛЫ 
 
Қазақстанның  қоғамдық  қатынастарындағы  лоббизм.  Соңғы  жылдары 
Қазақстанның  ақпарат  құралдарында  лоббизм  туралы  әңгiме  әрегiдiк  лап  етiп 
лаулап,  елiмiзде  жүргiзiлiп  жатқан  саяси-экономикалық,  әлеуметтiк  реформаларға 
орай  қоғамдық  пiкiрдiң  отына  қозғау  салып,  көп  ұзамай  қоламталанып  сөнiп 
қалатыны жиi байқалуда. 
Әсiресе, лоббизм жөнiнде құзырлы түрлi министрлiктер мен Парламент атына 
жиi  сын  айтылатыны  тосын  жаңалық  емес.  Парламентте  7  жылдық  көлiкке  –  2001 
жылға  дейiн  шығарылған  шетелдiк  автомобильдерге  кедендiк  баж  салығын  екi-үш 
есе  өсiру  жөнiнде  жасалған  тосын  ұсыныс  кезінде  қоғамда  әжептәуiр  дүрбелең 
туғызғаны рас. Статистикалық деректерге қарағанда, елiмiздегi жеңiл көлiктердiң 70 
пайызы  2001  жылға  дейiн  шығарылған  шетелдiк  түрлi  автоконцерндердiң  айтулы 
темiр тұлпарлары. Яғни, жоғары сапалы әрi негiзiнен қарапайым көпшiлiкке тиiмдi, 
бағасы да көңiл көншiтерлiктей. 
Қоғамда,  БАҚ  беттерiнде  кезектi  рет  лоббизм  туралы  сөз  қаулай  бастады. 
Бұған себеп болған жайт  – кезінде Мәжiлiс депутаты Тәңiрберген Бердiоңғаровтың 
осыған дейiн де сөз болған ұсынысты қайта тiрiлтiп: «Егер бiз кедендiк баж салығын 
көтерсек,  бұл  –  елдегi  автокөлiк  шығаруды  жолға  қоюға  мүмкiндiк  бередi»,  - 
деушiлердiң ылғи айтып жүрген сөзiн жақтап шығуы болды. Яки, жас депутат жетi 
жасар  «Тойоталарды»  Екiншi  дүниежүзiлiк  соғыстан  қалған  «Т-34»  танкiлерiндей 
ескi-құсқы  санайтын  сияқты.  Тiптен,  2000  жылдың  30  желтоқсан  күнi  шығарылған 
«Роллс-Ройс», «Поршелер» де ол үшiн сыры да, сыны да кеткен көне жәдiгерлер. 
Осыған  байланысты  беделдi  «Континент»  журналы:  «Әрине,  өз  сөзiнде 
Бердiоңғаров  ресейлiк  автозауыт  туралы  жақ  ашқан  жоқ,  автомобиль  паркiнiң 
сапасы  мен  экология  туралы  көсiлген...  Сондықтан  да  депутаттың  ұсынысы  ә 
дегеннен-ақ лоббизм туралы ойға жетелейдi. Дегенмен, мұнда таңданарлық ештеңе 
жоқ.  Өзге  елдiң  мүдделi  бизнес  топтары  Қазақстан  Парламентiнде  лоббидi 
пайдалануға ұмтылатын жағдайлары жаңалық емес» [1],  – дей келiп:  «Шындығына 
көшсек,  бұл  жерде  әңгiме  отандық  автомобиль  өндiру  мәселесi  туралы  емес, 
Ресейдiң  бәсекеге  қабiлетсiз  өнiмдерiн  зорлықпен  импорттауды  қолдау  туралы 
болып отыр. Бұл жағдайда Ресей экономикасы бiздiң iшкi сұранысымыздың есебiнен 
нәр алмақшы, есесiне Қазақстан экономикасы донор болып қала бермек», – деп кесiп 
айтты. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
14 
Жалпы,  өзге  елдiң  мүддесiн  қорғауды  айыптауымыз  керек  пе?  Ол  қылмысқа 
жата  ма,  жоқ,  әлде  этикалық  мәселе  –  адамның  iшкi  мәдениетi,  тәлiм-тәрбиесiне 
тiкелей  қатысты  жайт  па?  Ресейден  келiп  жатқан  көлiктердi  реттейтiн  кейбiр 
компаниялар  таяу  күндерде  бiзде  белсендi  түрде  жұмыс  iстейiн  деп  жатыр. 
Осылайша  солардың  жыртысын  жыртатындарға  аталмыш  мәселенi  жиi-жиi  қозғап, 
үнемi қайтып оралу қажет сияқты. 2000 жылы «Рауан» баспасынан философия және 
саясаттануға байланысты «Қазақша-орысша терминологиялық сөздiк» кiтабы жарық 
көрген болатын. Осы терминологиялық сөздiкте лоббизм – қазақ тiлiнде де лоббизм 
тұлғасында  алынған.  Әрине,  ғылыми  тiлде  осылай  деу  дұрыс  та  шығар,  әйткенмен 
қазақы жалпақ тiлде мұның астарлы аудармасының қатары тiптен көбейiп-ақ тұр. 
Атамыз  қазақ  өзге  елдiң  сойылын  соғушыларды  ежелден-ақ  ұнатпаған, 
мейлiнше  жек  көрген  секiлдi.  «Өзгенiң  сөзiн  сөйлеу»,  «өзгенiң  жыртысын  жырту», 
«өзгенiң  отын  көсеу»,  «өзгенiң  диiрменiне  су  құю»,  «өзгенiң  күлiн  тасу»,  «өзгенiң 
атына  жем  салу»,  «өзгенiң  итiне  жiлiк  тастау»,  «өзгенiң  шылбырын  сүйрету», 
тағысын  тағылар  болып  шексiз  жалғасып  кете  бередi.  Бiрақ,  ешбiрi  ұнамды  пiкiр 
ретiнде  қолданыла  қоймайтыны  және  аян.  Кезінде  қоғамдық  қарсы  пiкiрдiң  отын 
маздатқан  мәселенiң  қысқаша  мәнiсi  мынадай.  Жоғарыда  айтқанымыздай,  жас 
депутат  Тәңiрберген  Бердiоңғаров  Салық  кодексiне  қатысты  елiмiзге  шетелден 
әкелiнетiн  2001  жылға  дейiн  шығарылған  жеңiл  автомобильдерге  кедендiк  баж 
салығын еселеп өсiру туралы ұсынысты қайта қарауға шақырды. 
Көптеген  қарапайым  адамдардың  тұрмыс  деңгейiне  тiкелей  ықпал  ететiн 
мұндай  күрделi  мәселенi  қоғамдық  талқыға  салмастан,  оның  пайдалы,  зиянды 
жақтарын  мұқият  екшеместен-ақ,  өкiлеттi  заң  шығарушы  органның  қарауына 
жасырын ұсынудың өзi, сыпайылап айтқанда, үлкен әбестiк. 
Жалпы,  мұндай  ұсыныс  әрегiдiк  бұдан  бұрын  да  айтылып  жүрген.  Кейбiр 
депутаттардың  пiкiрiнше,  бұған  мұрындық  болып  жүргендер  де  кейбiр 
министрлiктегi  «күмәндi  белсендi»  азаматтар  секiлдi.  Олай  деудiң  де  қисыны  бар. 
Бұлай  күдiк  келтiруге  соңғы  кездегi  орын  алған  жағдайлар  толықтай  негiз  бола 
алатын  сияқты.  Кезінде  Ресей  үкіметінің  басшысы  Дмитрий  Медведев  елiмiзге 
достық  сапармен  келер  қарсаңында  бiрсыпыра  Ресей  БАҚ-тары  осы  елдегi  бiр 
кездерi аса қуатты монополист, ашығын айтсақ, мемлекет iшiндегi мемлекет болған 
«АвтоВАЗ»  тобына  жақын  кiсiлердiң  пiкiрiн  негiзге  алып,  осы  мәселенi  бiраз 
қаузаған. 
Ресейде 2001 жылға дейiн шығарылған шетелдiк жеңiл көлiктерге баж салығын 
ұлғайтуды  мемлекеттiк  аса  маңызды  саясат  ретiнде  қарастырған  едi.  Олардың 
айтуынша,  егер  Астана  шетелдiк  көлiктерге  баж  салығын  көтерсе,  «ВАЗ»  концернi 
Қазақстандағы әрең күн кешiп жүрген «Азия-Авто» көлiк құрастыру кәсiпорнын 100 
пайыз  өз  меншiгiне  алуға  құлықты  болмақ.  Мұның  бәрi  Ресей  БАҚ-тарының 
бопсалауы,  оңды  қоғамдық  пiкiр  туғызуға  жан  салған  пиары  болып  қала  бердi. 
Көпсiтiп айтылған қызыл сөздер – жеме-жемге келгенде желге ұшып, Ресей Шығыс 
Қазақстан  облысындағы  аталмыш  «Азия-Авто»  кәсiпорнының  25  пайыз  акциясына 
ғана  иелiк  етуге  мүмкiндiк  алып  отыр.  2007  жылы  небары  5500  жеңiл  автомобиль 
ғана құрастырып шығарған әлгi  «Азия-Авто»  Қазақстанның автомобиль өндiрiсiнiң 
айын оңынан туғыза қояды деп сену де қиын. 
Ендеше,  Ресей  автомобиль  жасаушылары  нелiктен  Қазақстан  нарығына 
ұмтылып, өз мүдделерiн астыртын жүргiзiп отыр? Әрине, ТМД елдерiнiң арасында 
Қазақстан экономикалық тұрғыдан әжептәуiр iлгерiлеп кеткен, тұтынушылар орташа 
бағадағы жеңiл көлiктердi көптеп сатып алуда. 
Қазiргi  әлемдiк  экономикалық  дағдарыс  тұсында,  аты  әйгiлi  автомобиль 
концерндерiнiң  көбiсi  өнiм  шығаруды  ерiксiз  азайтып  отырғаны  белгiлi.  Осы  ретте 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
15 
Ресейдiң  «АвтоВАЗ»-ы  Батыс  елдерi  менсiнбейтiн  өз  машиналарын  iргелес 
мемлекеттердiң нарығына көптеп шығаруға жанталаса ұмтылуда. 
Бiрақ,  ВАЗ-дың  ұсынатыны  осыдан  25-30  жыл  бұрын  жобаланған,  рухани 
көнерген  ескi-құсқылар.  Бiлiктi  мамандардың  пiкiрiнше,  тiптi,  қаупсiздiк,  сапа, 
экология,  үнемдiлiк  тұрғысынан  Ресей  жеңiл  көлiктерiнен  жетi  жасар 
«Тойоталардың»  құр  қаңқасы  көш  iлгерi,  әлдеқайда  артық  көрiнедi.  Ендеше,  жас 
депутат  Тәңiрберген  Бердiоңғаров  жетi  жасар  шетелдiк  көлiктерге  неге  шүйлiктi? 
Кiм бiлсiн... 
Дегенмен, осы ретте  «Континент» журналының:  «Вообще, такие радикальные 
идеи,  как  выдвинул  г-н  Бердонгаров  про  автомобильные  пошлины...  выглядят 
двусмысленно не только в свете откровенного лоббизма, но и в плане политической 
ответственности  их  авторов  за  свои  слова.  Понятно,  что  вряд  ли  «радикалов» 
поддержит большинство. Но ведь политики, которые столь легкомысленно играют с 
общественным  мнением,  представляют  не  только  себя»,  –  дегенiне  толық  келiсуге 
болады [2]

Мемлекет  пен  бизнес  өзара  іс-әрекет  кәсіпкерлік  одақтар  (қауымдастықтар), 
сауда-өнеркесіп  палатасы  арқылы  жүзеге  асады.  Сауда-өнеркісіп  палаталары 
мемлекетпен  тікелей  байланысты  және  кәсіптік  оқуды  ұйымдастырушы  ретінде 
кызмет  атқарады.  Биржа  қызметін  бақылауы  мүмкін,  тауардың  тууы  мен  сапасы 
жайлы  куәлік  (сапалық  сертификат)  береді,  бизнес  мүддесі  үшін  көрме,  жәрмеңке, 
сауда  аукциондар  ұйымдастырады,  шағын  бизнес  ұйымын  құрып,  оның  дамуына 
ықпал  жасайды.  Нарық  жағдайында  барлық  кәсіпкерлер  одағының  алдында  тұрған 
басты мақсат – мемлекет пен кәсіпкердің өзара іс-әрекетінің ымыраласуымен жалпы 
әлеуметтік-экономикалық 
саясатты  жасады.  Мұндай 
іс-әрекет 
нарықтық 
экономикасы дамыған барлық елдерде кеңінен қолданылады. 
Кәсіпкерлер  одағы  –  бұл  бизнестің  басты  штабы:  -  Германияда  –  Батыс 
Германия өнеркәсібінің федералды Одағы. Онда 95 мың кәсіпкерлер мен фирмалар 
біріктіріліп,  ірі  бизнесті  дамытуға  байланысты  мемлекеттік  заңдарды  жасауға 
қатысады. Бұл Одақтың Боннда, Нью-Йорк, Лондон, Париж, Брюссельде өкілдіктері 
бар; - Францияда – француз кәсіпкерлерінің Ұлттық Кеңесі (патронат); - АҚШ-та – 
Ұлттық  өнеркәсіпшілер  қауымдастығы;  -  Англияда  –  британ  өнеркәсібінің 
конфедерациясы; - Италияда – итальян өнеркәсібінің конфедерациясы; - Жапонияда 
– жапон экономикалык ұйымдарынын федерациясы. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  мемлекет  пен  тауар  өндірушілер  тең 
құқықтық  серіктес  ретінде  іс  атқарады.  Мемлекет  өзінің  қатынастарын  кәсіпорын, 
фирма,  компания,  концерннің  барлық  түрлерімен  шарт  жасау  негізінде  немесе 
келісімге  құрады.  Олай  жасау  нарықты  реттеудің  маңызды  түрі  болып  табылады. 
Құқықтық базаның жетілмеген жаңа шаруашылық тәсілінің игерілмеген кезінде бұл 
келісімдер  мемлекеттік  орган  мен  кәсіпорындардың  экономикалық  мәселелерді 
шешуде күш-жігерін біріктіруде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Келісім шеңберінде 
барлық  қатысушы  кәсіпорындарға  әлеуметтік  мәселені  шешуге,  нарықтық 
инфрақұрылымды,  көлік  сетін,  энергетикалық  базаны  дамытуға  оңтайлы  әрі 
ыңғайлы түрлердің табылуы да мүмкін. 
Бұл  жерде  жалпы  шаруашылық  қорын  кұру  мәселесі  шешілуі  мүмкін: 
бартерлік  және  валюталық  қор,  кенжелеген  аудандарды  әлеуметтік  қолдау  қоры 
және  т.б.  Нарықтық  реттеу  мен  бәсекеге  жағдай  жасаудың  ең  маңызды  түрі  – 
монополияға  қарсы  шаралар  жүйесі  болып  табылады.  Қазір  Қазақстан 
Республикасында 90-ға жуық ірі кәсіпорындар бар. Олар 100-ден астам ең маңызды 
өнім түрлерін шығарып, монополист болып отыр. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
16 
Бұл жерде технологиялық біртектіліктің болмауынан және өндірістің аумақтық 
факторымен де жағдай күрделене түседі. Экономиканың монополияланбаған кезінде 
ғана  нарықтық  қатынастардың  дамуы  мүмкін.  Нарық  жағдайында  мемлекет 
экономиканы басқарудың салалық принципінен бас тартпайды. Мемлекеттік қызмет 
елдерге  тез  тарайды,  ал  салалық  басқару  еш  жерде  толық  жойылған  емес.  Әлемдік 
тәжірибе  көрсеткендей,  нарықтық  қатынастар  жағдайында  мемлекеттің  маңызды 
қызметі экономиканы реттеу болып қала береді. Оның мақсаты – қоғамдық өндірісті 
тиімді дамыту, айқын дұрыс бәсекелестікке жағдай жасау, халық шаруашылығының 
діңгекті аясына экономикалық тәсілдің әсерін белсенді қолдану. 
Жекелеген  дамыған  мемлекеттер  реттеуші  нарықтық  қатынастар  жүйесіне 
өткен  ғасырдың  30-шы  жылдардың  басында  көше  бастады.  Қазіргі  уақытта  бұл 
елдерде  реттелмейтін  нарық  жоқ.  Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдер  біздің 
жоспарлы реттеу тәжірибемізді қолданып, нарықты реттеудің тиімді жүйесін жасап, 
өз бойында органикалық түрде жоспар мен нарықтық жетістіктерін сіңіре болды. Тек 
жоспар  дерективалы  емес,  бағыттаушы  болды,  ал  нарық  іс-әрекеті  мемлекеттің 
бақылауында болды. 
Қазақстан  Республикасында  нарықтың  қалыптасуы  жағдайында  экономиканы 
реттеудің тікелей және экономикалық тәсілінің рөлін төмендету сипаты басымырақ 
болады. Олардың өтпелі кезеңінде сақталуы нарықтық қатынастардың дамымауымен 
түсіндіріледі.  Алайда,  бұл  шаралар  нарықтық  қатынастың  қалыптасуын  жеделдету 
үшін  де  қолданылуы  мүмкін,  сондай-ақ  объективті  және  субъективті  себептермен 
толықтырылуы да мүмкін. 
Мемлекеттік реттеу жүйесі жоғарыдағы көрсетілген тәсілдер іс-әрекетімен ғана 
шектелмейді,  сонымен  қатар  реттеу  процесінде  жүзеге  асуына  жағдай  жасайтын 
мына  мәселелермен  де  байланысты:  құқықтық  база  (заңдар,  бағдарлама,  үкімет 
қаулысы, президент жарлығы және т.б.) және ыңғайлы нарықтық ортаны қамтамасыз 
ету;  бәсекелестік  қорғау  және  кәсіпкерлікке  жағдай  жасау;  ұлттық  табыс  пен 
материалдық  байлықты  үйлестіру  (қайта  болу);  ұлттық  табыс  құрылымын  өзгерту 
үшін қорларды бөлуді  реттеу; экономикалық тиімділікті арттыру үшін ресурстарды 
орналыстыруға  әсер  ету.  Демек,  мемлекеттің  реттеушілік  іс-әрекеті  тікелей  және 
жанама  араласқан  тәсіл  мен  тетіктерге  негізделіп,  белгілі  мақсатқа  жету  үшін 
жасалады. 
Қазақстан  Республикасының  алдында  аймақтық  реттеу  мәселесі  өте  өткір 
болып тұр. Еліміз басқа көптеген мемлекеттерге қарағанда аумағы жағынан әлемдік 
ауқымда  шекарасының  үлкен  әрі  ұзын  болуына  қарай,  ірі  мемлекет  санатына 
қосылады.  Жер  аумағының  сондай  үлкен  болуы  оның  аудандарының  бір-бірінен 
айқын  айырмашылықта  болуына  алып  келеді.  Оған:  табиғи-климаттық  жағдай, 
жергілікті рельеф ерекшелігі, топырақ құрамы, жануар мен өсімдіктер әлемі, табиғи 
пайдалы  қазбалардың  орналасу  мен  оның  қорлары,  еңбек  қорларының  болуын 
жатқызамыз. 
Осы факторлармен қоса қазіргі кезде экономикалық және саяси сипаттағы жаңа 
факторлар  пайда  болды.  Қазақстан  Республикасы  өзінің  аймақтық  саясатын  өз 
мүддесіне сай өзінше шеше алады. Бұл бұрын одақтық мұқтаждығына жұмыс істеген 
кәсіпорындардың  бағыт-бағдарын  өзгертуге  алып  келіп,  енді  республика 
қажеттілігін қанағаттандыруға жұмылдырады. Бұрын негізінен шикізатты өндірумен 
айналысқан кәсіпорындар және түпкілікті өнім алу үшін қоғамдық өндірістің өңдеу 
салаларын  дамыту  қажеттілігі  еліміздің  көптеген  аймақтарының  экономикасын 
құрылымды жағынан қайта құруды талап етті. 
Лобизммнің  саяси  мәніне  келесі  аспектілер  жатқызуға  болады:  1.  Лоббистік 
топ мемлекет және азамат арасындағы делдалдық қызметті орындайды. 2. Лоббизм 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
17 
қоғамдық  мүддедегі  плюрализмді  ұйымдастыру  қызметін  орындайды.  Лобби  жасау 
үдерісін  әрқашан  топ  адамдары  жүзеге  асырады.  3.  Лоббизм  демократиялық 
өкілеттіліктің конституциялық жүйесін толықтырады. 
Қазақстанның мемлекеттік басқару және бизнес салаларындағы лоббизм. 
Жалпы  Қазақстанда  лоббизмді  толықтай  пайдалануды  енгізу  үшін  міндетті 
заңдылық база құру қажет. Лоббистік іс-әрекеттің экономикаға әсерін түсіну үшін ең 
алдымен  бұл  ұғымның  мәнін  жеткілікті түрде  танып-білу  керек.  Лоббизмнің  түбірі 
өте тереңде. Өйткені мұндай құбылыс адам табиғатымен сипатталады. Яғни белгілі 
бір  экономикалық  ынталандыруға  лайықты,  сөзі  өтімді  адамдар  және  мемлекет 
қайраткерлерінің тобы осы немесе басқа субъектілерге қолдау көрсетеді. 
Біздің  елде  лоббизм,  өз  мүддесін  көздеу  мәселесін  жетілдірілген,  өркениетті 
жағдайда  деп  атауға  болмайды.  Кәсіпкерлер  өз  мүддесін  қорғауда  кез  келген 
амалдарды  қолданады.  Қазақстанда  лоббизм  бұрынғы  кеңестік  кеңес  дәстүрі 
бойынша атқарушы билік кабинеттерінде және коридорда жүргізіледі. 
Қазақстандағы  лоббизмді  бірнеше  деңгейге  бөлуге  болады:  - Аймақтық 
лоббизм;  -  Қаржы-өнеркәсіптік  лоббизм;  - Шетелдік  лоббизм;  - Үкіметтік  емес 
ұйымдар лоббизмі. 
Кейбір  сарапшылар  президенттік  лоббизм  президенттік  билік  басым  елдерде 
көп  салаларда  қолданылады  деп  санайды.  Өйткені,  президент  барлық  басқаруды 
жүзеге  асырады.  Оның  бұйрығы  бойынша  президенттің  парламенттік  өкілі болады 
және  үкімет  президенттің  жарлығы  бойынша  құрылады.  Қабылданған  тактика 
бойынша бұл өз кезегінде жұмыс әдісі, ықпал етуші құрылымның тиімділігі жақсы 
ұйымдастырылған,  президенттің  және  атқарушы  биліктің  мүддесін  қорғауды 
нәтижелі  түрде  жүзеге  асыру  болып  табылады.  Бұл  жүйенің  тиімді  жақтары  – 
беделді,  өкілетті  қолдау  және  қолдану,  шенеуніктердің  кәсіпқойлығы,  шешім 
қабылдауда арнайы білім мен біліктіліктің болуы, Парламентте өз депутаттарының 
болуы және олардың фракцияларын қолдау. 
Президенттік  лоббизмді  әкімшілік-басқару  аппаратына  жататын  үкіметтік 
лоббизм  деп  атауға  да  болады.  Егер  ағайындық,  туысқандық  топтар,  мүддесі  бір 
адамдардың  топтары  (кландар)  арасындағы  қатынастар  туысқандық  байланыста 
негізгі рөл атқарса, қаржы-өнеркәсіптік немесе халыққа қызмет көрсету орталарына 
туысқандарды  ендіру  –  көп  жағдайда  олардың  қажетті  тиісті  біліктілігі  мен 
дайындықтың  жоқтығы  салдарынан  аталған  салалардағы  қызмет  сапасының 
әлсіреуіне әкеп соқтырады. 
Аймақтық  лоббизмді  кландықпен  батыл  салыстыруға  болады.  Аймақтық 
лоббизм  шешімдер  қабылдаудың  барлық  деңгейінде  аймақтық  элитамен 
қарастырылады.  Ал  корпоративтік  (салалық)  лоббистердің  болуы  жағымды 
тұрғыдан қолдау тауып жатады. Өйткені  мұндағы басты мүдде  – қаржы түсімділігі 
үшін күресу болып табылады. 
Мемлекеттік  тұрғыда  Парламенттің  құрылу  принципі  аймақтық  лоббизмге 
тиімді әсер етуіне жағдай жасайды. Себебі аймақтық эканомиканың дамуы біркелкі 
еместігі,  мемлекеттік  және  жергілікті  бюджетті  қалыптастыру  және  бөлуде  шын 
мәнінде  күрес  жүргізуге  әкеп  соқтырады.  Шетелдік  лоббизмнің  президенттік, 
кландық  және  аймақтық  лоббизммен  тікелей  байланысы  болмауы  да  мүмкін. 
Лоббизмнің  бұл  түрі  шетелдік  олигархиядан  көрінеді.  Шетелдік  лоббизмнің 
Қазақстандағы  позициясы  мықты  деуге  болады,  соның  салдарынан  отандық  бизнес 
өз шегінде жеңіліске ұшырап жатады. 
Үкіметтік  емес  ұйымдардың  лоббизмі  немесе  үшінші  сектордың  лоббизмі 
әртүрлі  қоғамдық  және  коммерциялық  емес  ұйымдардың  қызметінде  көрінеді. 
Мемлекет  қоғамдық  бірлестіктердің  қызметіне  араласа  алмайды.  Сол  себепті 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
18 
үкіметтік  емес  ұйымдар  қызмет  көрсететін  әртүрлі  әлеуметтік  топтардың 
көптүрлілігі өздері  мүддесін  қорғап  отырған  сол  топтардың  барлық  экономикалық 
әлеуметтік  және  азаматтық  мүдделеріне  жағдай  жасайды  [3].  Әлемнің  көптеген 
елдерінде  ашық  айтылатын  және  заңдық-құқықтық  тұрғыдан  бекітілген  лоббизм 
мәселесі Қазақстанда да бар екенін билік басында жүрген мемлекеттік қызметшілер 
де мойындап отырғанын атап өткіміз келеді. 
Бұқаралық  ақпарат  құралдарының  бірі  кезінде  бұрынғы  Білім  және  ғылым 
министрі  Б.  Жұмағұлов  кейбір  жоғары  оқу  орындарының  жабылуына  кедергі 
келтіріп жүрген лоббистердің көп екенін ашық айтқанын хабарлаған болатын. Атап 
айтсақ, осыдан бір-екі жыл бұрын КТК телеарнасы мынадай ақпарат таратты: 
«Жоғарғы  оқу  орындарын  жаппай  қысқартудың  соңы  Есілдің  сол 
жағалауындағы шенеуніктерді өзара қырылыстырып қоятын түрі бар. Білім министрі 
Бақытжан  Жұмағұлов  Үкімет  отырысында  жеке  меншік  университеттердің 
жабылуына  Астанадағы  құрығы  ұзын  дөкейлер  мен  Мәжіліс  депутаттары  кедергі 
келтіріп отырғанын мәлімдеді. Министр тіпті оларды лоббистер деп айыптап отыр. 
Білім  және  ғылым  министрі  жоғарғы  оқу  орындарының  жабылуына  кедергі 
келтіріп  жүрген  шенеуніктердің  көп  екенін  ашық  айтты.  Әсіресе,  жеке  меншік 
университеттердің  сойылын  соғушылардың  арасында  Үкіметте  қызмет  істейтін 
атқамінерлерден  бастап,  Мәжіліс  депутаттарына  дейін  бар  көрінеді.  Құрығы  ұзын 
дөкейлер  студенттерді  министрлікке  қарсы  қойып,  шу  шығарып,  дегеніне  жетуді 
мақсат  еткен.  Бірақ  еліміздің  бас  мұғалімі  лобби  жасаушылардың  атын  атап  түсін 
түстеген жоқ». 
Министр  ашып  айтпаса  да  лобби  жасаумен  айналысып  жүр  деп  «Ақжол» 
партиясының  төрағасын  меңзегені  анық.  Себебі  Азат  Перуашев  Мәжіліс 
отырысында  жеке  меншік  университеттерді  жабуға  қарсылық  танытқан  еді. 
Депутаттың  пікірінше,  жекенің  иелігіндегі  оқу  орындары  сапалы  білім  береді.  Ал 
өзін  жанама  түрде  лоббист  деп  атаған  Жұмағұловтың  сөзіне  таңырқаған  Мәжіліс 
депутаты Азат Перуашев журналист сұрағына: 
«Министр  мырза  лоббист  дегенді  байқамай  айтқан  шығар.  Лоббизм  деген 
ақылы  түрде  көрсететін  қызметі.  Яғни  коммерцияның  бір  түрі.  Бұл  лоббистік 
жұмыстар  емес.  Себебі  мен  ресми  түрде  жариялаған  позициям  үшін  бір  көк  тиын 
ешкімнің қолынан алған жоқпын», - деп жауап берген [4]. 
Жоғарыда айтылған мәселелер сараптала келіп, Қазақстан Республикасында да 
лоббизм жүйесін заңдастыру мақсатында біраз талпыныстар жасалды. Атап айтсақ, 
2009  жылдың  4  наурызында  Астанада  «Лоббилау  туралы»  заң  жобасы 
таныстырылған  дөңгелек  үстел  өтті.  Еліміздің  бұқаралық  ақпарат  құралдарының 
хабарлауынша,  сол  күні  Астанада  «Лоббилау:  перспективасы,  проблемалары  және 
даму  жолдары»  тақырыбында  «дөңгелек  үстел»  өткізіліп,  оның  барысында 
«Лоббилау туралы» заң жобасының таныстырылымы болды 
Қазақстан 
Республикасы 
Әділет 
министрлігі 
Заңнама 
институты 
басқармасының  бастығы  Сұлтан  Әлімжановтың  айтуынша,  «Лоббилау  туралы»  заң 
жобасын  әзірлеу  кезінде  халықаралық  тәжірибені,  оның  ішінде  негізінен  АҚШ, 
Германия  және  Франция  елдерінің  заңнамаларын  зерттеуге  баса  мән  берілген. 
Нәтижесінде  Қазақстанды  лоббилауды  тек  Парламент  деңгейінде,  яғни  биліктің 
заңнамалық тармағында жүргізу қажет деген тоқтам жасалған. 
Қазақстандық  қоғамның  қазіргі  келбеті  биліктің  атқарушы  органдарында 
лоббилауды  жүргізуге  әзір  еместігін  көрсеткен.  «Неге  біз  биліктің  заң  шығарушы 
тармағында  лоббилауды  регламенттеу  мүмкіндігіне  және  рұқсат  етуге  тоқтадық? 
Себебі,  биліктің  заң  шығарушы  тармағы  жемқорлыққа  мейлінше  аз  бейімделген 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
19 
болып  саналады»,  -  деді  С.  Әлімжанов.  С.  Әлімжанов  заң  жобасы  бойынша  заңды 
тұлғалар да, жеке тұлғалар да лоббистер бола алатынын айтты. 
«Біз  осылайша  лоббизмнің  кәсібиленуіне  және  кәсіби  лоббистердің  нақты 
ұйымға  бірігуіне  мүмкіндік  береміз.  Олар  қандай  да  бір  заң  жобаларын  Парламент 
Мәжілісіне  шығарып,  оны  кәсіби  негізде  талқылауға  ұсынатын  болады.  Себебі,  бір 
ғана  лоббистің  заң  жобасының  мазмұны  қандай,  мақсаты  не  деген  сұрақтарды 
депутаттардың назарына ылғи да сауатты жеткізе алуы қиын», - дейді ол. 
Бұдан  бөлек  С.  Әлімжанов  заң  жобасында  лоббилауға  қатысты  үш  негізгі 
шектеу барын атап өтті. «Оның біріншісі – лоббилік қызметті лицензиялау. Лоббизм 
айтарлықтай  дамымаған,  лоббизмді  кәсібилендіру  үшін  алғышарттарды  құру  қажет 
қазіргі кезеңде біз белгілі бір кезеңге дейін лицензиялау болуы тиіс деп санаймыз», - 
деді  ол.  «Лоббилық  қызметке  қатысты  екінші  шектеу  нормасы  бұл  –  уәкілетті 
органға  есептілігі.  Біздің  көзқарасымызша,  Әділет  министрлігі  уәкілетті  орган 
болады.  Бұл  қандай  да  бір  әкімшілік  кедергі  емес.  АҚШ-тың  тәжірибесі  бойынша 
лоббистер алты айда бір мәрте тұрақты түрде уәкілетті органға есеп беріп тұрады», - 
деп қосты С. Әлімжанов. 
Оның  айтуынша,  соңғы  шектеу  нормасы  лоббистерді  Парламентте 
аккредитациялауға қатысты. Бұл бойынша лоббист депутаттармен кездесу құқығын 
алып,  оларға  заң  жобасының  ережелерін  түсіндіру  үшін  Парламенттен 
аккредитациядан  өтуі  тиіс.  «Бұл  қосымша  әкімшілік  кедергі  болып  табылмайды. 
Өйткені аккредитацияға қатысты лоббистке қойылатын талап айтарлықтай жеңіл», - 
деді ол. Оның сөзіне қарағанда, заң жобасының тағы бір ерекшелігі мынада: жобада 
лоббистің қандай да бір заң жобасын әзірлеу арқылы жылжыта алатын мәселелерінің 
шеңбері  бірден  шектелген.  Заң  жобасының  5-ші  бабында  бірқатар  шектеулер 
қарастырылған.  Ол  бойынша  лоббистердің  заңнамалық  актілерді  лоббилауға 
құқықтары  жоқ.  «Мәселен,  мемлекеттік  органдардың  қызметін  ұйымдастырудағы 
қоғамдық қарым-қатынастарды реттеумен, мемлекеттің қорғанысы мен қауіпсіздігін 
қамтамасыз етумен, сот құрылысы және сот өндірісімен, республикалық бюджетпен, 
әкімшілік-аумақтық  құрылыммен  байланысты  жобаларды  лоббилеуге  тыйым 
салынады», - деді С. Әлімжанов. 
Оның  айтуынша,  келесі  шектеу  шетелдік  лоббистерге  Қазақстан  аумағында 
қызмет жасауға тыйым салуды қарастырады. Яғни, тек Қазақстан Республикасының 
азаматтары ғана лоббистер бола алады. С. Әлімжанов сонымен қатар, заң жобасында 
лоббистердің  міндеттеріне  қатысты  да  ережелер  қамтылғанын  айтты.  «Біздің 
ойымызша,  бұл  заң  жобасының  қабылдануы  іс-шаралар  жоспарын  қарастыруды 
қажет  етеді.  Оның  барысында  лоббилік  қызметтің  мәні  мен  маңызы  түсіндіріледі. 
Лоббилау  жемқорлықтың  синонимі  емес.  Заңнамалық  деңгейде  лоббилаудың 
регламенттелуі  жемқорлыққа  қарсы  тұратын  қадамдардың  бірі  болып  табылады»,  - 
деді С. Әлімжанов [5]. 
Сонымен  бірге  2010  жылдың  23  ақпанында  Қазақстан  Республикасы 
Парламентінің  Мәжілісінде  «Мүдделілік  қолдау  туралы»  заң  жобасының 
таныстырлымы болып өтті. Аталған заң жобасы Мемлекет басшысының 2008 жылғы 
қарашаның 6-сында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы форумда жүктеген тапсырмасын 
орындау мақсатында әзірленген. Қазіргі уақытта қоғамның мемлекетке әсер етуінің 
кеңеюі  демократияландыру  үдерісінің  қажетті  элементі  болып  табылады.  Осы 
тұрғыдан  алғанда  азаматтардың  сайлау  үдерісіне  қатысуымен  қатар  әсер  ету 
нысандарының бірі заң жобаларын мүдделілік қолдау (лоббизм) болып табылады. 
Тоқтала  кететін  жайт,  шет  мемлекеттердің  тәжірибесінде  мүдделілік  қолдау 
институты  бұрыннан  әрекет  етіп,  бұл  мемлекеттік  билікке  қоғамдық  ықпал  етудің 
жалпыға танылған және қажетті бөлігі деп есептеледі. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
20 
Мамандардың  пайымдауынша,  заңдарды  мүдделілік  қолдау  институты 
халықтың  кең  тобының  бастамасы  мен  мүдделерін  ескеруге  мүмкіндік  береді. 
Азаматтарды,  түрлі  әлеуметтік  топтарды,  қоғамдық  бірлестіктерді  қоғамға  қажетті 
заңдарды  әзірлеу  үдерісіне  тарта  түседі.  Осыған  орай,  мүдделілік  қолдау  туралы 
заңнаманы 
қалыптастыру 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 
азаматтардың  мемлекет  ісін  басқаруға  қатысу  құқығы  туралы  ережесін  дамыта 
түседі.  Жалпы  құжатты  қабылдау  қоғам  мен  биліктің  өзара  іс-қимыл  үдерісіне 
демократиялық  және  құқықтық  сипат  беруге  септігін  тигізеді  деп  болжанған 
болатын [6]. 
Дегенмен, Қазақстанда лоббизмді заңдастыру туралы ұсыныстарды қоғамымыз 
әртүрлі қабылдады. Бұқаралық ақпарат  құралдарында  «Мүддені  күйттеушілер заңы 
керек  пе?»  деген  сұрақ  қойған  пікірлер  жарияланды.  Баспасөз  бен  Интернет 
желілерінде  жарық  көрген  мақалалардың  бірінде  былай  белінген:  «Әділет 
министрлігі  лоббилауды  (lobby  –  дәліз),  яғни  белгілі  бір  мүддені  күйттеу  қызметін 
Парламентте  заңдастыруды  ұсынады.  Әртүрлі  топтардың  өз  мүдделерін  елдің  ең 
жоғарғы заң шығарушы органы арқылы ашық қорғауына жол ашатын заң қажет пе? 
Он  жыл  бойы  талқыланып  келген  тақырып  неліктен  әлі  күнге  дейін  мәресіне  жете 
алмай отыр? 
Әділет министрлігі әзірлеген «Лоббилау туралы» заң жобасы қазір Мәжілістің 
заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінде қаралуда. Бұл құжаттың әзірленуі 
барысында  АҚШ,  Германия  және  Франция  елдерінің  заңнамалары  есепке  алынған. 
Ақыры жаңа заң жобасында лоббилауды үкіметте жүзеге асыру тәртібі түсіп қалып, 
оны  тек  биліктің заңнамалық  тармағында  қалдыруға  ұйғарым  жасалған.  Себебі  заң 
жасаушылардың  ойынша  парламент  жемқорлыққа  мейлінше  аз  бейімделген  болып 
саналса керек. Әрі осы арқылы бұл қызметтің «жағымсыз салдарын» кеміту мақсаты 
көзделген.  Алайда  кейбір  сарапшылар  лоббилау  ауқымын  тарылтуға,  оның 
заңдастырылмауына белгілі бір күштер мүдделі деп есептейді. 
Досым Сәтпаев, халықаралық тәуекелді бағалау тобының директоры: - Осыдан 
бірнеше жыл бұрын Мемлекет  басшысы жемқорлықпен күрес аясында лоббилауды 
реттейтін  арнайы  заң  қажеттігін  айтқан.  Бірақ  Президент  оны  тезірек  қабылдауға 
шақырса  да,  құзырлы  мемлекеттік  құрылымдар,  парламент  те  оған  асықпайды. 
Бәлкім, үкіметте, саяси элитада заң жобасының қабылданбауына мүдделі топтар бар 
шығар?!  Өйткені,  оларға  құқықтық  жағынан  шектелмей,  көлеңкеде  жұмыс  істеген 
тиімді.  Заң  қабылданса,  олардың  қазіргі  кейбір  қызметтері  қылмыстық  заңнама 
тұрғысынан қаралатын болады. Ал мұндай топтар ешкімге қарамай, алаңсыз жұмыс 
істеуге үйренген. 
Бүгінгі күнге дейін лоббилау туралы бес заң жобасы әзірленді. Заң қабылдануы 
тиіс. Өйткені  бізде ресми емес лоббишылар онсыз да бар. Жаңа заң оны жартылай 
болса  да  заң  шеңберіне  енгізіп,  әртүрлі  құрылымдардың  мемлекеттік  органдармен 
заңды  түрде  қарым-қатынас  жасауына  ықпал  жасайды.  Қазір  Әділет  министрлігі 
лоббилауды парламентте ғана жүзеге асыруды ұсынады. Ал шын мәнісінде мүдделер 
жайы  атқарушы  билік  дәлізінде  сөз  болатыны  жасырын  емес.  Өйткені  ресурс  – 
соларда,  шешімді  өздері  қабылдайды,  бюджетке  де  үкімет  жауапты.  Сондықтан 
болашақта үкіметке де лоббилауды енгізу қажет. 
Рамазан Сарпеков, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық комитетінің мүшесі: 
-  «Мүдделік  қолдау  туралы»  заң  жобасы  ресми  түрде  Парламентке  2000  жылы 
енгізілген.  Одан  кейін  үкімет  «қайта  толықтырамыз»  деп  қайтарып  алған.  Мына 
жаңа  жоба  қаңтар  айында  келіп  түсті.  Заң  жобасы  бойынша  мүддені  күйттеушілер 
жұмысшы  топтардың  талқылауына  қатысып,  сараптамалық  қорытынды  жасайтын 
болады.  Яғни  Парламентте  әртүрлі  топтар:  өндірістік,  банк  жүйесінің, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
21 
ауылшаруашылық  топтарының  мүддесін  көздеушілер  Әділет  министрлігінде 
тіркеліп,  заң  дайындауға  қатыса  алады.  Мысалы,  зейнеткерлерге  қатысты  заң 
жобасы  талқыланса,  солардың  мүддесін  қорғайтын  бірлестік  осыған  ат  салысады. 
Бұл заң өркениетті, құқықтық жүйесі жақсы қалыптасқан мемлекеттерде бар. 
Дегенмен  кейбір  елдерде  бұл  заң  «парламент  депутаттары  арасында  дұрыс 
көзқарас  туғызбайды,  оларға  мүдделі  топтар  әсер  етіп,  депутаттар  солардың 
жағдайын күйттеп, басқа әрекеттерге баруы мүмкін» деген қауіппен қабылданбаған. 
Бірақ  заң  жобасы  талқылануы  кезінде  барлық  мәселе  кеңінен  зерттеледі  деп 
ойлаймын.  Қазір  онсыз  да  кәсіпкерлер  мүддесін  қорғайтын  «Атамекен», 
Қаржыгерлер  қауымдастығы  сияқты  бірлестіктер  парламенттегі  заң  талқылау 
процесіне қатысып жүр. 
Ғалымдарды  да  осында  шақырамыз.  Өйткені  олар  өз  салаларын  жетік  біледі. 
Енді  осы  мәселені  тек  заңдастыру  керек.  Заң  жобасының  мақсаты  –  азаматтардың 
заң шығару процесіне араласуы, соған ықпал етуіне жол ашу. Бұл мәселенің қараша 
айына дейін бір шешімі табылуы тиіс. 
Берік Бекжанов, Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық комитетінің мүшесі: - 
Лоббилау  керек  пе,  әлде  жоқ  па?  Ол  талқылау  кезінде  белгілі  болады.  Қазірдің 
өзінде  әр  түрлі  пікірлер  бар.  Меніңше,  ондай  заң  қажет.  Бірақ  лоббилаушылардың 
мемлекет  органдарында  тіркелуін  жетілдіру  керек.  Мысалы,  осы  заң  жобасы 
бойынша олар Әділет  министрлігінде тіркеледі. Ал Әділет министрлігі  – әкімшілік 
ресурстары  бар,  атқарушы  билік  органы  ғой.  Сондықтан,  бұл  қандай  да  бір  өзінің 
теріс әсерін тигізуі мүмкін. 
Лоббилау  – парламентте атқарылатын жұмыс. Ал оның әділ, ашық әрі  негізді 
болуы  үшін  лоббилауға  қатысатын  заңды  тұлғалар  парламентте  тіркелгені  жөн  [7]. 
Осы  мәселеге  байланысты  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің 
депутаты,  Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық  партиясы  фракциясының 
басшысы  А.  Перуашев  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Мәжілісінің  Заңнама 
және  сот-құқықтық  реформа  комитеті  Жұмыс  тобының  жетекшісі,  депутат  Ж.Қ. 
Асановқа мынадай мазмұндағы өзінің хатын жолдаған: 
«Құрметті  Жақып  Қажманұлы!  Қазақстанның  «Ақ  жол»  Демократиялық 
партиясы  «Мүдделік  қолдау  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  жобасын 
(бұдан  әрі  –  Заң  жобасы)  қарап,  мыналарды  хабарлайды.  Қазақстан  Республикасы 
заңнамасының  тұрақты  түрде  серпінді  дамуы  жағдайында  «Мүдделік  қолдау 
туралы»  Заңды  қабылдау  идеясы  дер  кезінде  көтерілген  және  өзекті  мәселе  болып 
табылады.  Мүдделік  қолдау  қызметі,  дербес  институт  ретінде,  билік  органдарында 
дүние  жүзінің  көптеген  елдеріндегі  азаматтық  қоғамның  өзара  әрекеттестік 
механизмінің  құрылымдық  элементтерінің  бірі  болып  табылады.  Мүдделік  қолдау 
институтын  халықаралық  тәжірибе  призмасынан  қарай  отырып,  мүдделік  қолдау 
саласындағы  қатынастарды  қалыптастырудың  негізгі  үш  моделін  бөліп  көрсеткен 
жөн. 
Бірінші модель мүдделік қолдау қызметі туралы арнайы заңы бар елдерге тән. 
Екінші  модель,  мүдделік  қолдау  қызметі  туралы  арнайы  заңы  жоқ,  бірақ 
мүдделік  қолдау  саяси  үдерістің  ажырамас  бөлігі  деп  танылған  және  ол  басқа 
заңнамалық актілермен реттелетін елдерге тән. 
Үшінші  модель  мүдделік  қолдау  қызметі  саяси  ақиқаттың  фактісі  деп 
танылмаса да, заңнамалық шешімдер қабылдау үдерісіне мүдделер тобы әсер етуінің 
қуатты  және  тиімді  тетігі,  яғни  функционалдық  өкілдік  жүйесі  қалыптастырылған 
елдерде  қолданылады,  оның  шеңберінде  мүдделер  тобы  заңнамалық  шешімдерді 
әзірлеуге  тұрақты  негізде  қатысуға  құқығы  бар  қауымдастықтар  және  басқа  заңды 
тұлғалар бірлестіктері түрінде көрінеді. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
22 
Қазақстан  Республикасында  заңнамалық  үдеріс  дамуының  бүгінгі  ақиқатын 
ескере  отырып,  Қазақстанның  мүдделік  қолдау  институты  жүйесінің  онша 
дамымаған  үшінші  моделінен  –  неғұрлым  ілгерілеген  модельге  көшуі  барынша 
қисынды  әрі  дұрыс  болып  көрінеді.  Мәселен,  қарауға  ұсынылған  Заң  жобасы 
мүдделік  қолдау  институтының  негізгі  принциптеріне  қайшы  келмейді,  дегенмен 
бірқатар кемшіліктері бар, оларды Заң жобасын қарау сатысында жою қажет. 
Заң  жобасында  мүдделік  қолдау  қызметі  түсінігі  Қазақстан  Республикасының 
уәкілетті  органда  мемлекеттік  тіркеуден  өткен,  кемінде  он  заңды  тұлғаны 
біріктіретін,  заңды  тұлғалардың  мемлекеттік  емес  бірлестіктері  (одақтар, 
қауымдастықтар) ретінде айқындалады. 
Сонымен  қатар  бұл  тұжырымдаманың  пысықталмағаны  анық  көрініп  тұр. 
Мүдделік қолдау институты дамыған көптеген елдерде мүдделік қолдау қызметімен 
заңды тұлғалар бірлестіктері ғана емес, белгілі бір талаптарға сай келетін жекелеген 
жеке және заңды тұлғалар да (кәсіпқой мүдделік қолдаушылар) айналысуға құқылы. 
Осыған  байланысты  мүдделік  қолдау  қызметі  субъекті  ұғымының  мынадай 
редакциясын  ұсынамыз: «мүдделік  қолдау  субъектілері  –  заңды  тұлғалар  не 
құрамына  кемінде  он  заңды  тұлға  кіретін  солардың  бірлестігі,  сондай-ақ  осы  заңға 
сәйкес мүдделік қолдау қызметін жүзеге асыратын жеке тұлғалар бірлестігі;». 
Мүдделік қолдаушы ұғымын енгізу де қисынды болады деп ойлаймыз, өйткені 
мүдделік  қолдау  қызметінің  субъекті  өзінің  қызметін  өздерінің  нақты  өкілдері 
арқылы  жүзеге  асырады, «мүдделік  қолдаушы  –  осы  заңда  көзделген  нысандарда 
мүдделік  қолдау  қызметін  тікелей  жүзеге  асыратын  мүдделік  қолдау  қызметі 
субъектінің уәкілетті өкілі;». 
Мүдделік  қолдау  қызметі  субъектілерін  есептен  өткізу  мүдделік  қолдау 
қызметіндегі  елеулі  элемент  болып  табылады.  Алайда,  Заң  жобасында  мүдделік 
қолдау  қызметі  субъектілерін  әділет  органдарында  тіркеуді  жүзеге  асыру 
ұсынылады,  бұл  биліктің  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  билігі  тармақтарына 
бөлінуінің  конституциялық  принципін  негізге  алған  жағдайда  дұрыс  болмай 
шығады.  Осыған  байланысты  мүдделік  қолдау  қызметі  субъектілерін  уәкілетті 
органда  тіркеу  рәсімін  алып  тастауды  және  оны  мүдделік  қолдау  қызметі 
субъектілерін  Қазақстан  Республикасы  Парламенті  Палаталары  Аппараттарында 
есептен өткізу рәсімімен ауыстыруды ұсынамыз. 
Мұндай  өзгерістердің  қажеттігін  АҚШ,  ГФР,  Ұлыбритания,  Швеция,  Литва 
сияқты  елдердің  және  басқа  да  бірқатар  еуропалық  елдердің  мүдделік  қолдау 
институттарының  шетелдік  тәжірибесі  айғақтайды.  Мысалы,  Германияның 
заңнамсында  мүдделік  қолдау  қызметі  Бундестаг  жанындағы  Одақтарды  және 
олардың  өкілдерін  тіркеу  туралы  ережеде  егжей-тегжейлі  регламенттелген.  Бұл 
орайда мұндай одақтарды тіркеудің өзі жоғары заң шығару органында – Бундестагта 
тікелей  жүзеге  асырылады.  АҚШ-та  мүдделік  қолдаушыларды  тіркеу  міндеті 
Сенаттың  хатшысына  және  Өкілдер  Палатасы  клеркіне  бекітілген.  Заң  жобасының 
мәтінінен алып тастау  талап етілетін келесі  едәуір  маңызды жәйіт мүдделік қолдау 
қызметін мемлекеттік органдарда жүзеге асыруға тыйым салу туралы ереженің Заң 
жобасында көрінуі болып табылады. 
Бұл  ережені  алып  тастау  қажет  деп  есептейміз,  өйткені  ол  Қазақстан 
Республикасының 
жеке 
кәсіпкерлік 
мәселелері 
жөніндегі 
қолданыстағы 
заңнамасының  нормаларына  қайшы  келеді.  Заң  жобасында  маңызды  қоғамдық 
қатынастар  тізбесі  көзделген,  заң  жобаларына  қатысты  оларға  мүдделік  қолдау 
қызметін  жүзеге  асыру  тыйым  салынады.  Өзгелерден  басқа,  осындай  жәйіттер 
ретінде  мемлекеттік  органдардың  және  мемлекеттік  қызметтің  ұйымдастырылуы 
мен  қызметінің  конституциялық  негіздері  бекітілген,  бұл  өзінің  мәні  жөнінен 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
23 
барынша  ақылға  қонымды  және  дұрыс  болып  көрінеді,  алайда  нақтылауды  талап 
етеді. 
«Лицензиялау  туралы»  Қазақстан  Республикасы  Заңының  ережелеріне  сәйкес 
аталған  заңмен  қызметтің  жекелеген  түрлерін  лицензиялауға  байланысты 
қатынастар  реттеледі.  Бұл  орайда  «Лицензиялау  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
Заңының ережелеріне сәйкес лицензиялауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар 
лицензиар  ретінде  әрекет  етеді.  Сөйтіп,  мемлекеттік  органның  лицензиялар  және 
өзге  де  рұқсатнама  құжаттарын  беруге  байланысты  қызметі  жеке  кәсіпкерлік 
субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделеріне тікелей қатысты болады. 
Осыған  орай  Заң  жобасының  3-бабы  2-тармағының  1)  тармақшасын  «(рұқсат 
беру  рәсімдерін  қоспағанда)»  деген  сөздермен  толықтыруды  ұсынамыз,  сөйтіп  Заң 
жобасындағы осы олқылықты жоямыз. 
Бұдан  басқа,  Заң  жобасында  азаматтар  мен  заңды  тұлғалардың  салық 
міндеттемелерін  қамтамасыз  ету  саласындағы  мүдделік  қолдау  қызметін  жүзеге 
аыруға тыйым салынады. Сонымен бірге, қоғамдық қатынастардың бұл саласы жеке 
кәсіпкерлік  субъектілерінің  құқықтары  мен  заңды  мүдделеріне  тікелей  қатысты. 
Осыған  байланысты  қоғамдық  қатынастардың  салық  салу  сияқты  маңызды 
саласында  мүдделік  қолдау  қызметін  жүзеге  асыру  мүмкіндігін  заңнамалық 
тұрғыдан  орнықтыру  қажет.  Жоғарыда  баяндалғанды  ескере  отырып,  берілген 
ұсыныстар негізінде Заң жобасын пысықтау қажет деп есептейміз» [8]. 
Қазақстан  Республикасы  Парламенті  депутаттарының  арасындағы  осындай 
және басқа да пікірлерді басшылыққа ала отырып, «Мүдделік қолдау туралы» және 
«Қазақстан  Республикасының  кейбір  заңнамалық    актілеріне  мүдделік  қолдау 
мәселелері  бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан 
Республикасы  заңдарының  жобаларын  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің 
Мәжілісінен  кері  қайтарып  алу  туралы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2012 
жылғы 30 маусымдағы № 898 Қаулысы қабылданды. 
Қазақстан 
Республикасының 
Үкіметінің 
Қаулысында: 
«Қазақстан 
Республикасы  Үкіметінің  2009  жылғы  30  желтоқсандағы  № 2246  және  № 2247 
қаулыларымен  енгізілген 
«Мүдделік  қолдау  туралы»  және 
«Қазақстан 
Республикасының  кейбір  заңнамалық  актілеріне  мүдделік  қолдау  мәселелері 
бойынша  өзгерістер  мен  толықтырулар  енгізу  туралы»  Қазақстан  Республикасы 
заңдарының  жобалары  Қазақстан  Республикасы  Парламентінің  Мәжілісінен  кері 
қайтарып алынсын», - делінген [9]. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал