№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет17/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Әдебиеттер 
1 Жoлдacбекoв М., Caлғaрaұлы Қ., Cейдiмбек A. Елтұтқa. – Acтaнa, 2001. 
2 Cейдiмбек A. Қaзaқ әлемi. Oқу құрaлы. – Aлмaты: Caнaт, 1997. 
3 Мұқaнoв С. Тaңдaмaлылaр, 8 тoм. – Aлмaты, 1976. 
4 Қaзaқcтaн. Ұлттық энциклoпедия. – Aлмaты: Қaзaқ энциклoпедияcы, 2004. 
5  Бaйғұтoвa  А.  «Қaзaқ  әйелi»  кoнцептiciнiң  этнoмәдени  cипaты.  –  Aлмaты, 
2008. 
 
РИЗАЕВ Ерасыл Сабырұлы, 
Жайма жалпы орта білім беру мектебінің 7 сынып оқушысы
Қаратомар ауылы, Баянауыл ауданы, Павлодар облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: САБДАНБЕКОВА Жанаргүл Аблешқызы, 
Жайма жалпы орта білім беру мектебі «Қазақ тілі және әдебиеті» 
пәнінің мұғалімі, Қаратомар ауылы, Баянауыл ауданы, 
Павлодар облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫНЫҢ МӨРЛЕРІ 
 
Әр  мемлекеттің  ішкі  құрылымында  арнайы  символдары  бар:  елтаңбасы, 
жалауы және мөрі. Дәстүрлі қазақ елінің ішкі символдарының пайда болуын кейінгі 
орта ғасыр және жаңа заманға жатқызуға болады. 
Ең алғаш көшпелі қазақ халқының жалаулары мен мөрлерінің өмірге келуі XVI 
ғасыр  мен  ХІХ  ғасырдың  ортасы  болатын.  Олар  түрік  тілдес  халықтарының 
Еуразиялық ішкі континенттік тарихи-географиялық кеңістігінде бірігіп, этно-саяси 
жағынан бірлесіп, Қазақ хандығының (1466-1822 жылдар) құрылуымен қатар пайда 
болды және ХІХ ғасырдың ортасына дейін пайдаланылды. 
Шындығында  Дала  элитасын  басқарған  тұлғалардың  мөрлері  мен  жалаулары 
бір  тұтас  болған  жоқ.  Титулы  бар  көшпенділердің  билеушісі  –  хан  немесе  сұлтан 
өздерінің  жеке  жалаулары  мен  есімі  жазылған  жеке  мөрлері  болған.  XVI-XVII 
ғасырлардағы түрлi дау-жанжалдардың қорытындылары ауызша билiкпен, билердiң 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
138 
мөрлiк  таңбаларын  басуымен  расталып,  бекiтiлетiн.  Ресеймен  қатынас  орнату 
кезеңінде XVIII ғасырдың басында-ақ бiрдi-екiлi құжаттарда хандардың мөр басып, 
куәландырған  құжаттары  сақталған.  1718  жылдың  8  сәуiрiнде  Қайып  хан  мен 
Софының  (Әзиздiң)  Ресей  патшасына  жолдаған  қатынас  қағазында  өздерiнiң 
сөздерiне сенудi айтып, мөрiн басқан. 
Мемлекеттiк мұрағаттардағы көп құжаттардың арасынан және сирек кездесетiн 
кiтаптардағы  XVIII  ғасырдың  ортасынан  бергi  мерзiмдегi  қазақ-орыс  (басқа 
көршiлес елдермен) қатынас қағаздарынан түрлi сипаттағы мөрлердi көремiз. 
Негiзiнен  алғашқы  мөр  Әз-Тәуке  ханнан  басталса  керек.  Патшалық 
губернаторлар аймақ пен өңiрлердегi хан, сұлтандар және билер мен батырларға мөр 
жасатып алуға жазбаша рұқсат бермесе де, ауызша келiсiп отырған сияқты. Өйткенi 
хан  мен  сұлтан,  қожалардың  мөрлерiнен  басқаша  да,  қара  қазақтан  шыққан  билер 
мен  батырлардың  мөрлерiнiң  көлемi  де  өзгеше.  Осы  мөрлердiң  түп  нұсқасымен 
көшiрмелерiн  көру  арқылы  зерделей  қарасақ,  патша  әкiмшiлiгi  мөрлердiң  қандай 
болып жасалуына мән берiп отырған деген қорытындыға итермелейдi. 
«Мөрдiң»  бедерi  қағазға  қара  бояумен  түсiрiлiп  отырған.  Жазу  мөрдiң 
табанына  ойып  салынған  болғандықтан,  оның  басқанда  түскен  бедерi  тiптi  айқын 
болмай,  көмескi  болып  түсiп  отырған.  Әсiресе,  диаграфиялық  белгiлерiн  айыру 
қиын. Мөрлердiң үлгiсi миндаль сияқты сопақ, дөңгелек, шаршы және сегiз қырлы 
келедi.  Миндаль  сияқты  мөрлердi  қашан  да  болса  сұлтандар  мен  қожалар  ұстаған. 
Тек  ерекше  жағдай  ретiнде  ғана  осындай  мөрлерге  бидiң  немесе  мырзаның  аты 
көрсетілетін. 
Мөрлердi  басуда  белгiлi  тәртiп  қолданылған.  Ең  алдымен  миндаль  сияқты 
мөрлер, одан кейiн сопақ, оның артынан дөңгелек және көп қырлы мөрлер басылып 
отырған. Мөрдiң табанындағы жазулар бiркелкi мөр иесiнiң аты, оның тегi (әкесiнiң 
аты) дәрежесi (хан, сұлтан, би т.т.) хижра жылы көрсетiлген мөр сирек кездеседi. Бұл 
түрлес  мөрлерден  қожалардың,  қазылардың  және  молдалардың  мөрдің  үстiңгі 
жағында қосымша жазу бар. 
Көшпелі  қазақ  елінің  хандары  мен  сұлтандарының  жабыстырмалы  мөрлері 
төрт  ғасыр  бойы  елдің  ішкі-саяси  құжаттарында  және  халықаралық  қатынас 
шарттарында  қолданылып  келді.  Өткен  ғасырдағы  қазақ  билеушілерінің  жеке 
мөрлерінің  қалыптасуы  және  даму  тарихы  әлі  де  аз  зерттелген.  Соған  қарамастан 
қазақ  хандары  мөрлерінің  көбі  1694-1750  жылдардағы  орыс  Ресей  құжаттарында 
кездеседі. 
Ал жүз жыл өткеннен кейін сақиналы мөрлердің бірнеше үлгілері жарияланды. 
Олар Шыңғыс ханның «алтын рулар», Қырым мен Қазан тармақтарындағы тұлғалар, 
жошылықтар  мен  қазақтардың  туыстық  мөрлері  болған.  Шыңғыстық  қазақ 
билеушілерінің жеке мөрлері Жошы ұлысының құлауы және оның орнына бірнеше 
көшпелі хандықтардың құрылуынан қайта жаңғыртылды. Ең ежелгі жабыстырмалы 
мөрлер үлгісі тарихи-географиялық жағынан Монғол ұлысы кеңістігінде табылған. 
Ғылымда  кең  танылған  монғол  ханы  Күйіктің  (1246-1248  жылдар)  домалақ 
мөрі Рим папасы ІV Иннекентиға жазған хатындағы қызыл түсті мөрді Моңғолиядан 
Еуропаға танымал италияндық саяхатшы Плано Карпини 1247 жылы жеткізген. Бұл 
хат  көп  уақытқа  дейін  жоғалды  деп  саналған.  1920  жылы  поляк  ғалымы,  монах 
Кирилл  Каралевский  Ватикан  мұрағатынан  тауып  алған.  Монғол  ханы  Гуюктің 
қызыл  түсті  таңбалы  мөрі  бар  хатты  зерттеп,  парсы  тіліне  аударған  француз 
моғолтанушысы Поле Пелльо болған. 
Жошы  ұлысының  құлаған  уақытында,  Шыңғыс  ханның  үлкен  ұлының 
ұрпақтары  хандықтарға  бөлініп,  жеке  мөрлері  пайда  бола  бастады.  Дала 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
139 
билеушілерінің  куәландыратын  мөрлер  XV-XVI  ғасырдың  соңғы  кезеңінде  төрт 
бұрышты таңба, ал кейінгі кезеңінде кішігірім сақиналы мөрлер болған. 
Шығыстанушылардың  айтуынша  XVІ  ғасырдың  басында  Еділ  бойы  және 
Қырымның  жошылық  билеушілерінің  жеке  сақиналы  мөрлері  миндаль  немесе 
тамшы пішіндес болған. Олардың стандартты көлемде (ұзындығы 1,9 см – 2,0 см, ені 
1,7  см  –  1,8  см),  қара  түсті,  куәландыратын  сурет  немесе  иесінің  есімі,  титулы 
жазылған.  Жазбаларда  ең  алғашқы  Тәуке  ханның  (1688-1715  жылдар)  және  Қайып 
ханның (1715-1718 жылдар) мөрлері жазылған. 
Ұрыс  ханның  тармағы  тамшы  пішіндес  сақиналы  мөрлер  қолданғаны  туралы 
Петр І жазған хаттан аңғаруға болатын. Көптеген құжаттарды зерттеу арқылы XVІІІ 
ғасырдың  басы  –  ХІХ  ғасырдың  I-ші  ширегінде  әйгілі  қазақ  сұлтандары  және 
шыңғыстықтардың жеке мөрлерінің түрі темір сақинадан жасалып, үстіңгі қабатына 
бейнелері салынып және куәландыратын жазба, араб әріптерімен жазылған. 
Шығыстанушылардың  мәліметіне  сүйенсек,  қазақ  билеушілерінің  мөрлері 
және  басқа  да  орталық  азияттардың  да  мөрлері  металдан  жасалған.  Оны  «Шығыс 
қоласы»  (хафт  –  джуш)  деп  атайды.  Ол  «жеті  металдың  қоспасы»:  күміс,  қалайы, 
мыс, сурьма т.б. металға бейнені айнадағыдай салып, жазба және өрнектер ойылып 
салынған.  Сондықтан  көп  ұсталар  солақай  болған.  Үлкен  сақинаның  үстіндегі 
тамшы пішіндес мөрлер оң қолдың немесе сол қолдың бас саусағына киілетін және 
оны Қазақстан жерінде отандық ұсталар жасаған. 
XVІІІ  ғасырдың  ортасында  қазақ  билеушілерінің  көбі  таза  күміс  мөрлерді 
пайдаланды,  кейін  алтынға  көшті.  Ал  тастан  жасалған  мөрлер  сирек  қолданылған. 
XVІІІ-ХІХ  ғасырлардағы  жазбаларда  хандар  мен  сұлтандардың  жеке  мөрлері  асыл 
тастардан  жасалған  деп  айтылған.  Арынғазы  ханның  (1816-1821  жылдар)  Шыңғыс 
ұрпағының  қазақ  арасындағы  беделдісінің  Калугада  қайтыс  болғаны  туралы 
жазылғанмен  қатар,  оның  құнды  заттарының  ішінен  «мысты  алқа»  табылған.  Ол 
алтын жалатылған  екі  күміс сақинаның ортасында мөр болған.  Көп  деректерде сол 
замандағы хандар мен сұлтандар құжаттарға қол қоюдың орнына күмістен жасалған 
мөрлерін  қойған.  Алтын  мөрлерді  қазақ  беделділері  саяси  тәжірибеде  сирек 
қолданған. 
Қазақ  билеушілерінің  сақиналы  мөрлері  бір-бірінен  көлемі  жағынан 
айырмашылығы  болған  жоқ.  Олардың  барлығы  стандартты  тамшы  пішіндес 
ұзындығы 2,5-3 см және ені 2,0-2,2 см құрайтын жартылай сопақша және жартылай 
домалақ  болған.  1826  жылдан  бастап  Орынбор  әскери  губернаторы  граф  П.К. 
Эссенің  жарлығы  бойынша  сұлтандардың  мөрінің  астыңғы  жағы  үшкірленген, 
жоғарыға қарай жартылай сопақтанған болу керек деп жазылған. 
Сұлтандар өз қағаздарына бір бұрышы үшкір мөрлері болмаса, басқа пішіндегі 
мөрлерді  қоймаған. Старшындардың мөрлері төрт бұрышты, шеңбер және сопақша 
болып  келген.  Ірі  көлемде  (ұзындығы  3,5-4  см,  ені  2,3-2,8  см)  және  пішіндері 
өзгертілген  (ромб,  сопақша,  құмыра  тәріздес  т.б.)  мөрлерді  қазақ  ақсүйектері  ХІХ 
ғасырдың  басында  қолданды.  Мөрге  қолданылатын  бояулар  қара  түсті,  кейбір 
жағдайларда  көк  немесе  қызыл  түстер  де  кездескен.  Бірінші  жағдайда  металлдық 
матрица  отта  ысытылып,  кейін  қағазға  жабыстырылған.  Бұл  матрицаның  орыны 
(тамшы  пішіндес  щит)  қара  рең  қалдырады,  ал  мөрдегі  ойылған  декоративті 
өрнектер мен жазбалардың орыны ақ түсті болған. 
Осыдан  кейін  XVІІІ  ғасырда  Ресей  сфрагистері  қазақ  хандарының  мөрлеріне 
«ысытылған  мөр»  деген  термин  бекіткен.  ХV  ғасырдан  –  XІХ  ғасырдың 
ортасындағы көптеген құжаттық деректерге сүйенетін болсақ, шыңғыстық қазақтар 
өздерінің мөрлеріне қара, қызыл, сирек жағдайда көк түсті өрнектер салдырған. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
140 
Қазақ  хандарының  және  сұлтандарының  мөрлерінің  мағынасын  ғалымдар 
былай  түсіндіреді:  «Білімді  Еділ  бойы  татарлары  және  Орта  Азия  мұсылмандары 
парсы сөзі «мухр» деген, одан бұрын «таңба» деген сөздерді қолданған». Сондықтан 
да  түрік  тіліндегі  жазба  деректерде  төңкеріске  дейінгі  кезеңде  «ал  таңба»  (қызыл 
мөр), «кук таңба» (көк мөр) деген сөз тіркестер кездескен. 
Негізгі  шыңғыстық  қазақ  билеушілерінің  сақиналы  мөрлері,  олардың  пішіні, 
декоративті  өрнектелгені,  жазбалары,  матрицалық  қалқа  үстіне  кесіліп  салынған 
бейнелері  де  сақталмаған.  Біз  тек  сол  мөрлердің  иелерінің  қағазға  қалдырған 
мөрлердің  таңбаларын  ғана  көре  аламыз.  Барлық  қазақ  хандарының  сақиналы 
мөрлері 
өздерінің 
қарапайымдылығымен, 
айқындылығымен, 
әсемдігімен 
ерекшеленеді. Ол отандық зергерлердің шебер ұсталар болғанын куәландырады. 
Далалық  дәстүрге  байланысты  тамшы  пішіндес  сақиналы  мөрді  жасау  үшін 
ұста екі бөлікке бөлген: үстіңгі жағы үшкір және астыңғы жағы жартылай сопақша. 
Қалқанның үстіңгі бөлігіне мөрді иеленушінің титулы – «хан» немесе «сұлтан», одан 
төмен  есімі  мен  әкесінің  есімі  жазылған.  Араб  әріптерінің  жеке  жазылуына 
қарамастан  оқуға  оңай  болған.  Тамшы  пішіндес  сақиналы  мөрлердің  үстіндегі  ірі 
қара  дақтың  жиектерін  майда  өрнектермен  әшекейлеп,  бір  немесе  екі  сызықпен 
сызған.  Осыған  байланысты  қазақ  хандары  мен  сұлтандарының  мөрлері  оларды 
куәландырып қана қоймай, қолөнер туындысына айналған. 
Аристократиялық  қоғамдық  топтардада  төрелердің  (шыңғыстық)  мөрлері 
беделді  қазақ  старшиндарының  мөрлерінен  ерекшеленген.  Ақсүйек,  би,  қожа, 
батырлардың  мөрлерінің  қалқанша  пішіні  сопақша,  шеңбер,  төртбұрыш  немесе 
тікбұрышты болған  және  жазбалар мен бейнелері  болған  жоқ. Шыңғыс ұрпағының 
жеке  мөрлерінің  куәландыратын  екі  белгісі  болған.  Ол  иесінің  есімі  және  титулы 
жазба түрінде мөрге түсірілген. 
XV  ғасырдың  70-ші  жылдары  мен  XVІІІ  ғасырлардағы  хандар  туралы 
түріктілді деректерде және қазақ билеушілерінің Ресейге жіберген хаттарында «ұлық 
хан», «қаттахан» және «кулл ханларын агласы кылыб» деген терминдер жазылғаны 
туралы айтылады. Бұл титулдар қазақ хандары Әбілхайыр (1719-1748 жылдар) және 
Абылай (1711-1780 жылдар) ханның мөрлерінде көрсетілмейді. 
Әулеттік  мөрде  иесінің  есімі,  титулы  және  әкесінің  есімі  жазылған.  Бұл 
мәлімет  қазақ  дәстүрінде  жазбасы  бар  мөрлерді  атадан  балаға  мұра  ретінде 
қалдырғанын  дәлелдейді.  Қазақ  қоғамының  ханы  болып,  шығу  тегінің  танымал 
болғаны  және  Шыңғыс  ұрпағы  билеушілерінің  туыстары  болуы  шарт  емес.  Өзін 
жаугершілік  соғыста  көрсете  білген,  қоғамдық-басқару  саласын  меңгерген, 
көшпелілер  ішінде  ықпалды,  беделді  сұлтандар  және  мықты  да,  көптеген  көшпелі 
ру-тайпалардан қолдау алған тұлға ғана хан болып сайланған. 
Деректерде  XVІІІ  ғасырдың  ортасынан  бастап  қазақ  хандары  мен 
сұлтандарының мөрлерінде есімі мен титулынан басқа қосақталып «баһадүр» немесе 
«батыр»  атағын  және  жылын  жазған.  Түрік-монғол  тілінен  аударғанда  «баһадүр» 
сөзі  жауды  соғыс  алдында  жекпе-жекке  шақырған  ер  жүрек  мағынасын  білдіреді. 
Осындай  атағы  бар  мөрді  ешқашанда  ержүрек  батырлар  мен  хандар  мұрагерлікке 
бермеген,  тек  өзінің  ерлігімен  алған.  Мұны  өзінің  еңбектерінде  Масуд  бин  Усман 
Кухистани,  Камал  ад-Дин  (Шир)-Али-Бинал  (1453-1512  жылдар)  және  басқа  да 
шығыстанушылар да зерттей бастады. 
Әбілхайыр  ханның  кезінде  көптеген  баһадүрлердің  көп  болғанын  атап  өткен. 
Беделді және әлді қазақ хандарын куәландыратын жеке сақиналы мөрлері шетелдік 
көпестер  үшін  «сақтау  грамотасы»  функциясын  атқарған.  Қазақ  даласында  еркін 
сауда жасау үшін ханнан рұқсат етілген мөрі бар қағаз алған және сол қағаз арқылы 
Ордадан  тыс  шыға  алатын.  Старшинаның  (билердiң)  қандай  рудан  екендiгi  мөрде 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
141 
көрсетiлмейдi. Ерекше бiр сирек кездескен мөр ретiнде Байсақал деген старшинаның 
мөрiн атап өтуге болады. Оның мөрiнде (арабша) Байсақал Тiлекеұлы, Жаппас деген 
жазу бар. Мөрлерде ешқандай сурет жоқ. Тек өте сирек жағдай Қайыпұлы Шерғазы 
сұлтан  мөрi.  Мұның  мөрiнде  қалып  жазу  үстiне  тәж  ұстап  тұрған  екi  арыстанның 
суретi бар. Мұнан шығар қорытынды Шерғазы сұлтанның Ресейде болып, солардан 
үйренiп, елiктеген болар. 
Көрнектi зерттеушiнiң жазғанындай, сол кезеңдерден сақталған мөрлердiң көбi 
хан,  сұлтандардiкi  миндаль,  сопақша  болса,  қожа  мен  ишандардың  мөрлерi  де 
соларға ұқсас. Ал қара қазақтан шыққан билер мен батырлардың мөрлерi дөңгелек, 
қырлы болып келедi. 
Әбiлхайыр  хан,  Қайып  хан,  Шөмекей  тайпасының  бас  биi  болған  Кетебай 
Жолайұлының  мөрi  хиджра  жылымен  жазылған.  Осы  әулеттен  Өтетiлеу,  Пiрәлi 
билердiң  (1794,  1830,  1860  жылдарда  жасалған)  мөрлерi  сақталған.  Сонымен  қатар 
есiмi  үш  жүзге  тараған  Ресей  өкiметiне  «ғазауат»  соғысын  бастаған  Керей  Марал 
ишан Құрманұлының мөрi де бар. Ырғыз өңiрiн билеген, 1834 жылы Бұхараға сапар 
шеккен орыс офицерлерi П.П. Демезон, И.В. Виткевичке жолбасшысы болған Алмат 
Тобабергеновтың  1875  жылғы,  Сыр  елiнде  (Арал  өңiрiнде)  хан  болған  Бекмырза 
Әлдеевтiң  1857  жылғы,  Жақайым  Жетес  бидiң  1874,  Қаракете  Бекмырза 
Еркiнбаевтың  (1866),  1852  жылғы  батыр  Тоғанас  Бәйтiкұлының,  Сарғасқа  Ерболат 
Талқанбайұлының  (1866),  Сарыбай  Сәдiрдiң  1866  жылғы,  Жаппас  Жанғабыл 
Төлегеновтың тағы басқалардың 30-дан астам мөрлерiнiң көшiрмесi жинақталған. 
Орынбор,  Ташкент,  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттiк  мұрағат  қорлары 
құжаттардағы  мөрлердiң  бiтiм-пiшiмi,  көлемi,  орналасу  тәртiбi  жоғарыда  ғалым, 
зерттеушi  М.П.  Вяткин  айтқандай  болып  шығып  отыр.  Демек,  заң  жүзiнде 
заңдастырылмаса да, өлке басқарушыларының ықпалы болғаны аңғарылады. 
Дегенмен мөрлердегi жазулардың көбiсi аты мен тегi жазылса, Кетебай би мөрi 
хиджра  жылымен  белгiленсе,  Жаппас  Байсақал  керуенбасының  баласы  Ахметтiң 
мөрiнде  былайша  жазылған:  «Ахмет  Байсақал  баласы».  Байлығы  асқан  Тiлеке 
батырдың  баласы  керуенбасы  Байсақалдың  өз  мөрiн  басқалардан  өзгешелек  етiп, 
өзiнiң  руын  жаздыруы,  ел  адамдары  мен  шенеунiктер  арасында  беделдi  болғанын 
айғақтайды. 
Кейбiр мөрлер алтынмен апталып, кейбiреуi таза күмiстен жасалған. Ал «алтын 
шежіреде»  Шыңғыс  ханның  мөрі  туралы  сөз  етілген,  яғни  ол  алқызыл  яшмадан 
жасалған,  оның  бетінде  «Құдай  тағала  аспанда,  хақан  жердегі  құдірет.  Адамзат 
билеушісінің  мөрі»  деген  атақты  жазу  болғаны  хабарланады  [1,2  б.].  Осы  мәселеге 
байланысты археологиялық деректердің бізге беретін мағлұматы ауқымдырақ. 
Қазақстанда табылған мөрлердің ең көнесі сақтардікі, яғни ерте темір дәуіріне 
жатады.  Әйгілі  «Алтын  адам»  табылған  Есік  қорғанында  l969-l970  жылдары 
жүргізілген  археологиялық  қазбалар  нәтижесінде  мәйіттің  оң  қолындағы 
саусақтарына  кигізілген  алтын  жүзік  мөр  табылды.  Ол  салмақты  құйылған,  үлкен 
домалақ  бетті.  Оның  бетінде  ойылып  жасалған,  қырымен  солға  қаратылған 
европеойдты адамның суреті бар. Оның басынан сәуле шашыраған және мойнында 
екі сызық жүргізілген жаға немесе алқа болуы мүмкін. К.А. Ақышев ол сәулені бас 
киім  немесе  безендірілген  шаш  деп  түсіндіреді  [3,  28  б.].  Дегенмен  оны  күн  басты 
адамның бейнесі деп алып, күн құдайына баламалауға болады. 
Отырар  жазирасында  Қостөбе  қонысын  қазу  барысында  глазурлы  мөр  тұмар 
табылды.  Онда  мойынға  байлау  үшін  жіп  өткізетін  орын  бар.  Мөрдің  бір  жағында 
крест  бейнеленсе,  келесі  бетінде  эпиграфикалық  таңбаның  бейнесін  көруге  болады 
[4, 66 б.]. Ондағы эпиграфикалық таңба мөр иесінің рулық немесе тайпалық таңбасы 
болса  керек.  Ал  крест  әлемнің  төрт  бұрышының  теңдігі  туралы  белгі  деген  ойлар 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
142 
туындайды.  Ғалымдар  бұл  мөрдің  маңынан  табылған  қыш  ыдысқа  сүйеніп,  біздің 
заманымыздың VIII ғасырларына жатқызады. 
Осыған  ұқсас  мөрлер  сонымен  қоса  қауыншы  мәдениетінің  қабаттарынан  да 
табылды.  Дәл  осы  Отырар  оазисіне  жататын  Құйрықтөбе  қалашығынан  ақықтан 
жасалған  мөр  табылды.  Онда  фантастикалық  «конегрифонның»  бейнесі  ойылып 
жасалған.  Мөрмен  бірге  көптеген  теңгелер  табылған  болатын.  Оларды  Р.З. 
Бурнашева  мен О.И. Смирнова VІІ-VІІІ ғасырларға жатқызып, түркештердікі  деген 
қорытындыға  келді.  Осыған  негізделіп,  ғалымдар  мөрді  де  осы  уақыт  шамасына 
жатқызуға болады деген пікір айтады. 
Ал  Құйрықтөбе  қаласы  К.М.  Байпақовтың  әл-Истахри  мен  әл-Макдисидің 
деректеріне  сүйеніп  айтқан  тұжырымдамасы  бойынша  ежелгі  Кедер  болып  шықты 
[5,  189  б.].  Осы  тектес  суреттері  бар  және  пішіндес  мөрлер  осы  маңда  (Отырар 
жазирасы) көп табылды: 
1.  Жайылған  екі  қанаттың  ортасында  қошқардың  басы  бейнеленген,  Мардан 
күйіктен  табылған,  сарығыштау  келген  жартылай  мөлдір  халцедоннан  жасалған 
гемма қазір ҚР-ның ҰҒА-ның археология институтында сақталуда
2.  Киік  бейнеленген,  сарғыштау  келген  жартылай  мөлдір  халцедоннан 
жасалған,  Пышақты  төбеден  табылған  гемма  қазір  Отырар  ауданындағы  Шәуілдір 
қаласының Отырар тарихи-этнографиялық музейінде сақталуда; 
3. Сарышаян бейнеленген, Отырар оазисінде табылған, ақ нефриттен жасалған 
гемма  қазір  Шымкенттің  педагогикалық  институтында  Археология  кабинетінде 
сақталуда. 
Дәл осындай геммалардың төртеуі Қоңыр төбеден l990 жылы жүргізілген қазба 
жұмыстары  нәтижесінде  табылды:  l  қасқыр;  2  абыз  бейнелеген  ақ  халцедоннан 
жасалған  гемма;  3  ағаш  бейнеленген  көкшіл,  жартылай  мөлдір  халцедоннан 
жасалған гемма және 4 сарышаян бейнеленген қызыл ақықтан  ойылған гемма. 
Бұл геммалар шамамен бір уақытқа жатқызылады (VІІІ ғасыр). Е.А. Смағұлов 
оларды  сасанидтік  геммалар  деп  бөліп  көрсетті.  Олардың  пішіні  сопақ,  сақина 
тәріздес етіліп жасалған, бірақ тесігі өте шағын етіліп жасалған, саусақ сиярлықтай 
емес.  Қоңыр  төбеден  табылған  геммалар  мәйіттің  мойнындағы  алқаның  ішінде 
болған [7, 150 б.]. 
1974  жылдан  бастап  әл-Фараби  атындағы  ҚазҰУ-дың  тарих  факультетінің 
археология  және  этнология  кафедрасының  бастауымен  Жамбыл  облысы,  Шу 
ауданындағы Шу өзенінің сол жағасында орналасқан ортағасырлық Ақтөбе қаласын 
зерттеу барысында Шахристан 2-де жүргізілген қазба нәтижесінде Қарахан дәуірінің 
5 мыңға жуық қола теңгелері табылған болатын. Солардың арасынан теңге басатын 
мөр  де  табылды.  Ол  тастан,  жануар  бейнесінде  жасалған.  У.Х.  Шәлекеновтың  бұл 
шахристандағы үйдің ақша жасайтын сарай болуы мүмкін деген болжамына сүйенер 
болсақ, мұндағы теңге басатын мөрдің табылуы бізді таң қалдырмауы керек. Ол VІ 
ғасырға жатады [8, 214 б.]. 
Мұндай, мөрдің негізгі міндетін атқармайтын, өзге мақсатпен жасалынған тағы 
екі  түрлі  мөр  табылды.  Олар  тұмар  ретінде  басылып,  берілетін  және  ерге  басатын 
мөрлер: Тұмар ретінде басылатын мөрдің үшеуі белгілі. Оның екеуі жоғалған, біреуі 
Арыстанбаб 
мазарының 
шырақшыларының 
ұрпағы 
М. 
Нарымбетовтың 
шаңырағында  сақталып  келген.  Бұлардың  тұмар  ретінде  басылуының  себебі,  онда 
түркілер арасында исламды таратушы, сопылық ілімнің түркілік бағытының  негізін 
салушы Қожа Ахмет Яссауидің есімі жазылған. 
Бірінші мөр М. Нарымбетовтың шаңырағында сақталған Арыстанбабтың мөрі. 
Ол ағаштан жасалған, диаметрі 11,5 см, гүл тәріздес өрнектің ішінде араб жазуымен 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
143 
«Сұлтан  Қожа  Ахмет  Яссауи»  деп,  ал  жапырақшаларда  он  шейхтың  есімдері 
берілген. 
Екінші  мөрдің  Түркістандағы,  қазіргі  Әзірет  Сұлтан  қорық  музейінде 
көшірмесі ғана сақталуда. Ол домалақ пішінді, қақ ортасында «Әзіреті Сұлтан Қожа 
Ахмет»  деп  жазылған,  айналасында  Ахметпен  аттас  он  шейхтің  есімдері 
орналастырылған. 
Үшінші  мөр  Ш.  Уәлиханов  қағаздарының  арасынан  шықты.  Ол  Арыстанбаб 
мөріне өте ұқсас, көлемі бірдей, тек  он шейхтің есімінің жазылуында өзгерістер бар. 
Жалпы мұндай мөрлердің Яссауи кесенесінде жеті данасы болған деген болжам бар 
[9, 120 б.]. 
Ерге  басатын  мөр  темірден  жасалады,  ұрар  басы  соққыдан  қозықұйрықтанып 
келген,  мөрлі  басы  төрт  қырлы.  Мұндай  мөрмен  әуелі  жұқалай  сыдырылған  қайың 
тозғанына  майлы  күйемен  өрнек  түсіріп, оны  құранды   ерге  қатар-қатар  етіп 
қиюластырылған және желіммен жапсырылып, тоздаған. Ол ерге сән берумен қатар 
ерді жасаған ұстадан да хабар берген. 
Қазақ  хандығы  құрылғаннан  кейін  қолданылған  мөрлердің  Қазақстан 
сфрагистикасында орны бөлек  десек қателеспейтініміз анық. Мемлекеттік қызметті 
жүргізуде  үлкен  маңызға  ие  нышандардың  бірі  болған  мөрдің  белгіленген,  келер 
ұрпаққа мұра болатын түрі болмады. Әрбір билеушінің өзінің жеке мөрі болды. 
Қазақ хандығының  тұсында хан мөрлерін жасау стандарты қалыптасқан, олар 
енді тамшы пішінді беті бар күміс жүзік кейпінде жасалды. Оның үшкір жері мөрдің 
басы  болып саналып,  бетінде  араб  тілінде  әшекейленіп  жазылған  жазу  оның 
иегерінің есімі мен атағын, әкесінің аты мен лауазымын білдірді. 
ХVІІІ  ғасырдан  бері  қазақ  ақсүйектерінің  мөрлері  таза  күмістен  жасала 
бастады, тас пен алтын қолдану өте сирек кездеседі. Оған Арынғазы ханның (1816--
1821 жылдар) шынжырға тағылатын дөңгелек алтын жалатылған күмістің ортасында 
ақықтан  жасалынған  мөрінің  болуы  дәлел.  Хан,  сұлтандардың  мөрлері  тек  тамшы 
тәріздес  болса,  би,  старшындардың  мөрлерінің  пішіні  дөңгелек,  сопақ,  төртбұрыш 
болған және аса көп әшекейленбеген. 
Сонымен қоса хандардың мөрлерінің үлгілерін архив материалдарынан да таба 
аламыз.  Себебі  хандар  іс-қағаздарға,  хаттарға  басқан  таңбалары  ескі  құжаттарда 
сақталады. 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал