№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет15/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

Уық ұзындығы. У*=2 (R үй – R ш) (R үй – R ш) (6). Мысалы: Қанат саны – 6. 
Шаңырақ  шеңбер  ұзындығы  –  6  м.  Шаңырақ  диаметрі  –  1,91/2=0,95  м.  Киіз  үй 
щеңбер ұзындығы – 19,30 м. Киіз үй диаметрі – 19,30/3,14=6,33 м. Киіз үй радиусы – 
6,33/2=3,16  м.  Уық  ұзындығы  –  2(3,16-0,95))3,16-0,95)=2(2,21*2,21)=9,77.  У=3,1  м. 
Уық иені кереге биіктігі, үштен бір бөлігіне тең. Уи=Һ/3 (7). Уи=1,2/3=0,4 м. Киіз үй 
биіктігі: Һ
үй
=(Һ
к
+Уи)+(R
үй
+R
ш
) (8). Һ
үй
=(1,2+0,4)+(3,16-0,95)=1,6+2,21=3,81 м. 
Кереге басы. Жайылған кереге ұзындығы 3 метрге тең болғанда, бір керегеде 
уық байланатын 16-17-18 бас болғаны тиімді деп есептеледі.  
Алты қанатты үй керегесінің басы (6х17)=102 бас. 
Уық  саны.  Керегеге  бекітілетін  уық  саны  –  102  бас.  Маңдайшаға  бекітілетін 
уық саны – 5-7. Барлық уық саны 102+5=107. 
Шаңырақ көзі. Шаңырақ көзі уық санына тең. Шаңырақ шеңберінің ұзындығы 
алты қанатты үйде – 6 м. Шаңырақ көздерінің арасы 600:107=5,60 см. 
Үй  мен  шаңырақ  шеңберінің  ұзындығы  және  кереге  мен  уық  биіктіктері 
арқылы  киіз  үй  киіздерінің  өлшемдерін  (үзік,  туырлық,  түндік,  іргелік)  анықтау 
қиындыққа түспейді. Шаңырақ көзі қиық конус формалы бұрғымен (бас жағы 2 см, 
түп жағы 2,5 см) ойылады. Шаңырақ көзі остерінің арасы 5-6 см жобада тесіледі. 
Киіз үй дөңгелкегінің ауданы. Алты қанатты үйдікі 28 шаршы метр. 
Қорытынды.  Бұл  жобада  тұрмыс-тіршілікте  қолданылатын  ұзындық 
өлшемдері,  киіз  үй  өлшемдері,  ауданды  өлшеу  үшін  қатты  денелердің  көлемін  көз 
мөлшерімен, сұйық  дене көлемін ыдыстың сыйымдылығымен,  сусымалы денелерді 
өлшеу,  уақыт  өлшеуіштерін,  уақыт  есептеуде  аспан  денелері  мен  қозғалысы,  жыл 
мезгілдерін  анықтау  сияқты  қазақ  халқының  шамаларды  өлшеу  жүйесін  тарихи-
математикалық мағлұмат ретінде пайдалана отырып, оны есептер шығаруда қолдану 
және тәжірибе жүзінде көрсету зерттелген. 
 
Әдебиеттер 
1  Қазақ  жұмбақтары.  –  Алматы:  Қазақ  мемлекеттік  көркем-әдеби  баспасы, 
1959. 
2 Дүйсембінова Р.Қ. Мектеп этнопедагогикасын мектеп практикасына ендіру. – 
Алматы: Ғылым, 2000. 
3 Қазақтың көне тарихы. Дайындаған М. Қани. – Алматы: Жалын, 1993. 
4 Елубаев С. Қазақтың байырғы қара есептері. – Алматы, 1996. 
5 Доспамбетов Ә. Қырық қазына. – Алматы, 1997. 
6 Қалиев С., Оразаев М. Қазақ халқының салт-дәстүрі. – Алматы, 1994. 
7 Ақпанбет Ғ. Дүние өлшеммен жасалған. 
8 Арынов Т. Қазақтың киіз үйінің түрлері туралы // Жұлдыз. – №11. – 1993. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
122 
ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР 
 
ЕСМУХАНОВ Олжас Медетұлы, 
Павлодар облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернатының 
10 «Б» сынып оқушысы, Павлодар қаласы, Павлодар облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: РАХМЕТУЛЛИН Асан Жақанұлы, 
Павлодар облыстық мамандандырылған әскери мектеп-интернаты 
«Биология» пәнінің мұғалімі, Павлодар қаласы, Павлодар облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ДАМУ АХУАЛЫ 
(1939-2009 ЖЫЛДАР) 
 
1939-2009  жылдары  Павлодар  облысы  халқының  әлеуметтік-демографиялық 
даму  жолы  бұрынғы  Кеңес  Одағы  тарихының  іспеттес  бір  бөлігі  ретінде  екінші 
дүниежүзілік  соғыс,  Ұлы  Отан  соғысы  және  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру, 
өндіріс  кешендерін  салу,  қайта  құру  бағыты  мен  Қазақстанның  тәуелсіздік  алуы 
сияқты күрделі саяси-экономикалық үрдістер аясында қалыптасып дамыды. 
КСРО  Жоғарғы  Кеңесінің  1938  жылдың  қаңтарындағы  бірінші  сессиясы 
Қазақстанда  жаңа  облыстар  құру  қаулысын  бекітті.  Бұл  қаулыға  сәйкес,  1938 
жылдың  15  қаңтарында  жаңа  әкімшілік  аймақ  –  Павлодар  облысы  құрылған 
болатын. 
Қазақ  КСР  ОК-нің  Президиумы  1938  жылдың  ақпанындағы  отырысында 
қабылдаған  қаулының  6  пунктінде  Павлодар  облысының  құрамына  Павлодар 
қаласын  және  Бесқарағай,  Ертіс,  Каганович,  Куйбышев,  Лозов,  Максим  Горький, 
Павлодар,  Үрлітөбе,  Цюрупа,  сондай-ақ  Қарағанды  облысының  Баянауыл 
аудандарын  еңгізу  туралы  шешімі  қабылданып,  облыс  орталығы  ретінде  Павлодар 
қаласы  белгіленеді  [1,  195  б.].  Жаңа  әкімшілік  аймақтың  жер  көлемі  136,5  мың 
шаршы шақырымды қамтыды. 
1939  жылдың  қаңтар  айында  өткізілген  Бүкілодақтық  халық  санағына  сәйкес 
өңір халқының саны 251.257 адамды құрады [2, 27 б.]. Бұл – Республика халқының 
4,0%-ы. Республика халқының құрамында Павлодар облысы ең төмен үлесті құрады 
(ең жоғарғы үлес Оңтүстік Қазақстан облысы – 12,1%). Бұл жаңа әкімшілік аумаққа 
тән обьективті себептермен түсіндіріледі. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  Қазақстан  ғана  емес,  әлем  халқының 
демографиялық дамуына орны толмас нұқсан келтіріп, туудың кемуі, өлім-жітімнің 
өсуі,  табиғи  өсім  деңгейінің  төмендеуі,  көші-қон  үрдісінің  белең  алуы, 
этнодемографиялық  құрылымдағы  күрделі  өзгерістер  сияқты  ауыртпалықтарды  ала 
келді. Және бұдан кейінгі бірнеше ұрпақтың демографиялық дамуына сызат түсірді. 
Қазақстанның  бір  бөлшегі  –  солтүстік-шығыстағы  Павлодар  өңірі  соғыс  пен  еңбек 
лагерьлерін  адам  ресурстарымен  қамтамасыз  етуде,  соғыс  экономикасын  құруда 
маңызды рөл атқарды. 
Соғысқа аттанған 1 196 164 қазақстандықтардың 46 249-ы павлодарлықтар. Бұл 
сан  Павлодар  облысы  бойынша  1938  жылы  әскерге  алынғандарды  қосқанда. 
Негізінен 1941-1945 жылдары облыстан соғысқа 40 486 адам шақырылған [3, 133 б.]. 
1941 жылдың сәуірінде облыста 260 мың халық  есептелсе [4, 21 б.], оның 17,7%-ы 
қан  майданға  аттанды.  Жаппай  мобилизациялау  1941  жылдың  екінші  жартысында 
қарқын алып, 1941 жылы 15 194, 1942 жылы 12 404 адам мобилизацияланды [3, 133 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
123 
б.].  Сонымен  қатар,  патша  үкіметінің  1916  жылғы  тәжірибесін  қолдана  отырып, 
сталинизм Қазақстан сияқты ұлттық аймақ халықтары мен депортацияланғандардан 
еңбек армиясын, арнаулы құрылыс бөлімшелерін құрды, оларға Қазақ КСР-нан 700 
мыңнан астам адам алынды. 
Ұлы Отан соғысына  алынған қазақстандықтардың  әскерге Республикадан тыс 
аймақтардан  шақырылғандарды,  еңбек  армиясынан  қайтпағандар  мен  ауыр 
жаралардан  қайтыс  болғандарды  қоспағанның  өзінде  410  мыңы  қайтып  оралмаған. 
Павлодар облысынан 21 802 павлодарлық майданда қаза тапты, не хабарсыз кетті [4, 
21  б].  Яғни,  бұл  соғысқа  қатысқан  павлодарлықтардың  47,1%-ы.  Соғыс 
жылдарындағы  осындай  қыруар  адам  шығындарына  қарамастан  облыс  халқының 
сандық  құрамында  аса  үлкен  кемулер  байқалмады.  Яғни,  1939  жылмен 
салыстырғанда Павлодар облысында халық саны 1945 жылы 4,7 мың адамға немесе 
1,9%-ға  ғана  кеміген.  Қала  халқының  үлесі  керісінше  4,3%-ға  артқан.  1945  жылы 
өңірде 246,5 мың халық есептелді, оның 47,9 мыңы қала, 198,6 мыңы ауыл халқы [5, 
11 б.]. 
Қарастырылып  отырған  жылдар  ішінде  ең  төменгі  көрсеткіш  1942  жылы 
анықталып,  бұл  жылда  1940  жылмен  салыстырғанда  дүниеге  нәресте  әкелу  3  есеге 
кеміген. Соғыс жылдарында туудың кемуіне байланысты халық құрамында балалар 
санының  азаюы,  жалпы  өлім-жітім  деңгейінің  төмендеуіне  әкелді.  Себебі,  балалар 
өлімі  өлім-жітім  көрсеткішінде  үнемі  жоғары  үлеске  ие.  Мысалы,  өлім-жітім 
көрсеткішінде 1 жасқа дейінгі балалар өлімі 1939 жылы 36%-ды, 1940 жылы 33,7%-
ды, 1942-1943 жылдары 12%-ды, 1945 жылы 6,8%-ды құраған. 
Дегенмен, өлім-жітім туудың онсыз да аз үлесін жойып отырды. Атап айтсақ, 
1939 жылы жалпы өлім-жітім туудың 36,1%-ын жұтып қойса, соғыс жылдары, яғни 
1941  жылы  55,7%-ын,  1942  жылы  98,1%-ын,  1943  жылы  97,9%-ын,  1945  жылы 
94,7%-ына  дейін  алған.  Сол  себепті  де,  1942-1943  жылдары  Павлодар  облысының 
қалалық  жерлерінде  табиғи  өсім  мүлдем  теріс  көрсеткіштерге  (-189)  ие  болды. 
Некелесу  деңгейі  1939  жылмен  салыстырғанда  1941  жылы  14%-ға,  1942-1943 
жылдары 54,4%-ға, 1945 жылы 21,3%-ға кемігендігін көрсетті. Осылайша, соғыстың 
алғашқы және соғыс аяқталған жылдарда жүзеге асқан неке есебінен ғана 1941-1945 
жылдары неке көрсеткіштері белгілі дәрежеде нәтижелі болса, соғыстың аласапыран 
кезеңінде  бұл  көрсеткіштердің  айтарлықтай  түсіп  кеткендігін  байқаймыз.  Соғыс 
жылдарында облыстағы халық өсімі көші-қон үрдістері нәтижесінде қалыптасты. 
1939-1945 жылдары Павлодар өңірі халқының жалпы өсімі  34 732 адамға тең. 
Бұл  сандық  өсімнің  43,6%-ы  табиғи  өсім  үлесінде.  Және  табиғи  өсімнің  73,8%-ы 
немесе 14454 адам саны соғыс алдындағы екі жылға тиеселі. Соғыс жылдарында бұл 
көрсеткіш  5  120  ғана  адам  санын  қамтамасыз  ете  алған.  Бұл  сан  1939-1945 
жылдардағы  табиғи  өсімнің  26,1%-ына  ғана  тең.  Ал,  соғыс  алдындағы  жылдарда, 
кестеден  көріп  отырғанымыздай,  механикалық  өсім  деңгейі  соғыс  уақытымен 
салыстырғанда  жоғарырақ  болған.  Себебі,  соғыс  кезінде  екі  жақты  көші-қон  үрдісі 
қатар  жүзеге  асса,  соғысқа  дейінгі  кезеңде  сырттан  келушілер  легі  басымырақ. 
Өңірдегі  1939-1945  жылдардағы  механикалық  өсімнің  53,4%-ы  1939-1940 
жылдардың  үлесінде.  1941-1945  жылдары  механикалық  өсім  7  062  адамға  немесе 
1939-1945  жылдардағы  механикалық  өсімнің  46,6%-ына  тең.  Сөйтіп,  соғыс 
жылдарында  Павлодар  өңірі  халқының  сандық  динамикасында  механикалық  өсім 
басым  рөл  атқарғанын  байқаймыз.  Сондықтан  да,  көші-қон  өңір  халқы  санының 
тұрақтылығын қамтамасыз етті деп қарастыра аламыз. 
Соғыстан  кейін  облыста  республиканың  барлық  аймақтарына  тән 
болғандандай, эвакуацияланғандар мен депортацияланғандардың бір бөлігінің туған 
Отандарына  оралуы  сияқты  екі  жақты  көші-қон  үрдісі  қалыптасты.  1946  жылғы 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
124 
көрсеткішпен  салыстырғанда  бес  жыл  ішінде  өңір  халқы  30  943  адамға  немесе 
10,3%-ға артса, соның ішінде қала халқының саны 8 064 адамға немесе 14%-ға, ауыл 
халқы 22 879 адамға немесе 9,4%-ға өскен. 
Қала халқының өсімінің жоғарырақ болуы соғыс жылдарында эвакуацияланған 
өндіріс  орындары,  оқу  орындарымен  қатар  келген  халықтың  негізінен  қалалық 
жерлерге  орналастырылуына  байланысты.  Екіншіден,  ауылдық  жерлердегі 
жұмыссыз  халықтың  майдан  қажеттілігіне  бағытталған  қаладағы  өнеркәсіптерге 
тартылуы  себеп  болды.  Сондықтан  да  соғыс  аяқталған  кезде  эвакуацияланған 
халықтар  мен  өндіріс  орындарының  бір  бөлігі  қалалық  жерлерде  тұрақтап  қалды. 
Халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру,  соғыс  отында  қалған  аймақтарға  жәрдем 
көрсетуде  арнайы  мобилизацияланғандар қалалық  жерлердегі  өндіріс  орындарында 
еңбектерін жалғастыра берді. 
Соғыстан кейін, өткен ғасырдың  50-жылдарының ортасына дейін Қазақстанға 
негізінен  жоспарлы  көші-қон  ұйымдастырылу  жүргізілмеді.  Соның  нәтижесінде 
1954  жылға  дейін  республика  халқының  өсімі  негізінен  табиғи  өсім  нәтижесінде 
жүзеге асып, қалыптасты. Осындай демографиялық беталыс Павлодар өңіріне де тән 
еді. Архивтік деректерге сәйкес 1946-1953 жылдары өңірдегі халықтың табиғи және 
механикалық өсімі 74 148 адам санын құрады. Және бұл  өсімнің 92,6%-ын табиғи, 
7,4%-ын механикалық өсім қамтамасыз еткен. 
КОКП  Орталық  Комитетінің  1954  жылғы  ақпан-наурыз  пленумында  Одақты 
астықпен  қамтамасыз  ету  мәселесін  шешу  мақсатында  қабылдаған  тың  және 
тыңайған  жерлерді  игеру  шешімі  Қазақстан  халқының  демографиялық  дамуында 
жаңа  бір  беталысты  қалыптастырды.  Бұл  шешімге  сәйкес  Қазақстанның  Қостанай, 
Целиноград (Ақмола), Солтүстік Қазақстан, Көкшетау, Торғай облыстарымен қатар 
Павлодар  облысында  да  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру  қолға  алынды.  Тың 
жерлерді  игеру  ұранымен  республикаға  Одақтың  әр  түкпірінен  тың  игерушілердің 
көші-қон үрдісі белең алды. Тың игеруге 1954-1962 жылдары республикаға елдің тек 
еуропалық бөлігінен 1,7 млн. жуық  адам қоныс аударса, оның 640 мыңы тың және 
тыңайған жерлерді игерудің алғашқы кезеңі 1954-1956 жылдары келген. Бұл сан тың 
өлкесі ауыл халқының 45,3%-ына тең. Жалпы, 1954-1958 жылдары Қазақстан халқы 
24%-ға  өсім  берген  болса,  тың  игеру  аймақтарында  бұл  көрсеткіш  40-50%-дан  да 
асып кетті. 
Павлодар  өңіріне  тың  игерушілердің  алғашқы  қатары  Мәскеуден  344, 
Тамбовтан  227,  Туладан  65,  Орелден  27,  Львовтан  13,  Вологдадан  180, 
Ставропольден  367,  Свердловскіден  206,  Ленинградтан  238,  Днепропетровскіден 
157,  Қазаннан  502,  Удмурт  АКСР-нен  403,  Ереваннан  111,  Куйбышевтен  517, 
Владимир облысынан 129, Бакудан 147 адам 1954 жылдың 3 ақпанында келіп жетті 
[6].  Жалпы,  1954  жылы  Павлодар  өңіріне  20  мыңға  жуық  тың  игерушілер  және 
құрылыс ұйымдарына тағы да 700 адам сырттан келді. Отбасы мүшелерін қосқанда 
келушілердің саны екі-үш есеге жоғары еді [7]. 
Өңірде  тың  жерлерді  игерудің  алғашқы  жылдарындағы  халықтың  сандық 
динамикасы мынадай  ретте өзгеріске ұшырады. 1954 жылдың 1 қаңтарында өңірде 
жалпы халық саны 336 690 адамды, қала халқы 79796 адамды, ауыл халқы 256  894 
адамды құраса, 1955 жылдың 1 қаңтарында жалпы халық саны 370 364 адамды, қала 
халқы  84  629  адамды,  ауыл  халқы  285  731  адам  құрады  [8].  Осылайша,  бір  жыл 
ішінде өңір халқы 33 674 адамға немесе 9,1%-ға өскен. Қала халқының сандық өсімі 
4 833 адамға немесе 5,8%-ға тең болса, ауыл  халқы 28 837 адамға немесе 10,1%-ға 
артқан. 
Ауылдық  жерлерде  халық  өсімінің  75,3%-ын  механикалық,  24,7%-ын  табиғи 
өсім  қамтамасыз  еткен.  Қалалық  жерлерде  өсімнің  53,0%-ы  механикалық,  47,0%-ы 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
125 
табиғи  өсімнің  үлесінде.  Жалпы,  1954-1955  жылдары  халық  өсімінің  61,4%-ы 
механикалық, 38,6%-ы табиғи өсім нәтижесінде жүзеге асқан. Және 1954 жылы қала 
халқының үлес салмағы 23,8%-ды құраса, 1955 жылы 22,9%-ды құрап [9], аграрлық 
сектордағы бұл реформа ауыл халқының үлесінің сырттан көші-қон есебінен өсуіне 
ықпал еткен. 
КСРО Министрлер Кеңесінің 1954 жылғы 15 мамырындағы шешімімен Қазақ 
КСР-ның  (Қарағанды,  Қостанай,  Ақмола,  Ақтөбе,  Солтүстік  Қазақстан,  Көкшетау, 
Павлодар  және  Батыс  Қазақстан  облыстарына)  тың  және  тыңайған  жерлерді  игеру 
аудандарының  колхоздарына  қоныс  аударған  отбасыларға  бірқатар  жеңілдіктер 
бекітілді.  Атап  айтсақ,  әр  қоныс  аударушы  отбасына  2  тоннаға  дейін  мүлікті  тегін 
әкелу, отбасы басшысына 600 рубль, әр отбасы мүшелеріне 200 рубльден бір реттік 
көмек,  үш  жылға  дейін  ауыл  шаруашылық  салығынан  босату,  азық-түлік  ссудасы, 
тұрғын-үй  тұрғызу  үшін  көп  мерзімдік  несие  берілді,  оның  35%-ын  мемлекеттік 
бюджет жапты. Бұдан басқа да көптеген жеңілдіктер тағайындалды. 
Сонымен қатар Қазақ КСР ауыл шаруашылық министрлігінің бас переселендер 
басқармасы  әр  қоныс  аударушыға  бұл  жеңілдіктерді  пайдалану  үшін  аты-жөні 
жазылған,  қай  облысқа  жіберілген  қоныс  аударушы  екендігін  растайтын 
переселендік билеттер дайындады [10]. 
Жалпы,  осы  көші-қон  саясаты  ықпалымен  1953-1959  жылдары  Павлодар 
облысына 200 мың адам сырттан келді [3, 116 б.]. 
Тың  игеру  жылдарындағы  ауылдық  жерлерге  көші-қон  ерекше  орын  алуы 
нәтижесінде  1954-1959  жылдары  Баянауыл  ауданында  халық  саны  17  814  адамға 
немесе  65,4%-ға,  Ертіс  ауданында  17  392  адамға  немесе  40,5%-ға,  Краснокутск 
ауданында  31,4%-ға,  Успен  ауданында  22,9%-ға,  Қашыр  ауданында  38,3%-ға, 
Павлодар  ауданында  21,3%-ға,  Железинка  ауданында  62,6%-ға,  Шарбақты 
ауданында  60,9%-ға,  Лебяжі  ауданында  50,1%-ға,  Май  ауданында  46,4%-ға  дейін 
өскен. Ертіс, Қашыр, Шарбақты аудандарының халқы 40 мыңнан да асып кетті [11]. 
Жалпы  1955-1960  жылдары  республикада  халықтың  орташа  жылдық  өсімі 
4,6%-ды көрсетіп, қалалық жерде бұл көрсеткіш 6,1%-ға, ауылдық жерлерде 3,5%-ға 
тең  болды.  Ал,  Қазақстанның  тың  игерілген  солтүстік  аймақтары:  Көкшетау, 
Қостанай, Павлодар, Ақмола облыстарында бұл көрсеткіш республикалық деңгейден 
асып  түсті.  Павлодар  облысында  халықтың  орташа  жылдық  өсімі  бұл  жылдар 
аралығында  6,0%-ды  құраса,  қалалық  жерлерде  11,2%-ды,  ауылда  4,2%-ға  тең 
болды.  Және  осы  көрсеткіш  бойынша  өңір  республиканың  Қостанай,  Ақмола, 
Көкшетау облыстарынан кейінгі төртінші орынға шыққан. 
Осындай  аумалы-төкпелі  заманның  талабымен  үндескен  демографиялық 
дамудың  нәтижесінде  республика  халқы  1939-1959  жылдар  кезеңінде  34%-ға  өсті. 
Павлодар өңірі халқының өсімі 44,8%-дық көрсеткішімен республикалық деңгейден 
озып шығып, төмендегідей сандық көрсеткіштерге ие болды. 
1939 жылы республика халқы 6 151 102 адам санын құраса, 1959 жылы 9 309 
847 адамды құрап, халық санының өсім қарқыны 151,3%-ға жетті. Павлодар өңірінде 
болса, 251 257-нан 455 013-ке дейін өсіп [12, 14 б.], өсім қарқыны 181,0%-ды құрады. 
Өңірде халық санының өсімі 2 есеге жүзеге асса, осындай жоғары көрсеткіштер тың 
игерілген  Қостанай  облысында  анықталып,  48,3%  құраса,  Қарағанды  облысында 
59%,  Алматы  қаласында  49,6%-дық  көрсеткіштер  анықталды.  Ал,  республиканың 
батысындағы  Гурьев,  оңтүстіктегі  Қызылорда  облыстарында  халық  саны  1939 
жылғы деңгейде сақталып қалған [13, 7 б.]. 
1939-1959 жылдары халық санының жалпы өсімі қамтамасыз етілгенімен ауыл-
қала халқының арасындағы алшақтық айқын бола бастады. Ауыл шаруашылығымен 
қатар, өткен ғасырдың 50- жылдарының ортасынан өндірістік кешендер құру, ауыр 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
126 
индустрия  салаларын  дамыту  бағыты  ауыл-қала  халқының  ара-қатынасында 
реттеуші рөл атқарып, елеулі ықпал етті. 
Қазақстан  индустриясының  алтын  ошағына  айнала  бастаған  Павлодар 
облысының  ауыл-қала  халқының  үлестік  көрсеткіштері  1939-1959  жылдары 
өзгеріске  ұшырады.  1939  жылы  санақ  бойынша  өңір  халқының  86,5%-ы  ауылдық 
жерлерде мекендесе, қала халқының үлесі 13,5%-ды ғана құраған [2, 27 б.]. 
Қазақстанның  1959-1979  жылдары  әлеуметтік-экономикалық  өміріндегі 
«социалистік  құрылыстардың»  өрістеуі  және  басқа  да  оқиғалар  халықтың 
демографиялық  дамуына,  яғни,  аймақ  халқының  сандық  динамикасына,  урбандалу 
және көші-қон үрдістеріне т.б. ықпал етпей қоймады. 
1959 жылы Қазақстан халқының саны 28,6%-ға, 1970-1979 жылдары 11,5%-ға 
немесе  1 675  859  адамға  артты.  Жалпы  үш  санақ  аралық  кезеңде  республика 
халқының сандық өсімі 5 389 841 адамға немесе 36,8% көрсеткішке тең [14, 7 б.]. 
Павлодар  облысындағы  халықтың  демографиялық  дамуы  халық  санының 
қомақты өсуімен сипатталды. 1959-1970 жылдары Павлодар облысында халық саны 
242  934  адамға  немесе  53,3%-ға,  1970-1979  жылдары  15,4%-ға  өсті.  Өндірістің 
қуатты  ошағына  айналған  Павлодар  өңірінде  1959  жылы  Ленинск  (халық  саны  –  6 
340  мың),  Қалқаман  (халық  саны  –  2  384  мың)  және  Шідерті  (халық  саны  –  251) 
сияқты  үш  қала  типтес  кенттер  мен  он  бір  аудан  есептелді.  1959-1970  жылдар 
аралығында  Ленинск  қалашығының  халқы  30,7%-ға,  Қалқаманда  63,5%-ға, 
Шідертіде  30,1  есеге,  Баянауыл  ауданында  39,4%-ға,  Ермак  ауданында  47%-ға, 
Железинка ауданында 16,8%-ға, Ертіс ауданында 9,6%-ға, Қашыр ауданында 14,2%-
ға,  Краснокутск  ауданында  31,9%-ға,  Лебяжі  ауданында  25,8%-ға,  Май  ауданында 
40,7%-ға,  Павлодар  ауданында  24,3%-ға,  Успен  ауданында  12,6%-ға  артса, 
Шарбақты ауданында 9,3%-ға кеміген [15]. 
Жоғарыдағы  мәліметтер  қарастырылып  отырған  кезеңдегі  алғашқы  екі  санақ 
аралығында Павлодар өңірінің қалалық және ауылдық жерлерінде де халық санының 
айтарлықтай өскеніне көзімізді жеткізеді. Және мұндай демографиялық өсу қарқыны 
республикамыздың барлық аймақтарына тән болды. Және өңірде халық санының өсу 
қарқыны республикалық деңгейден жоғарырақ болғандығына көзімізді жеткізеді. 
1959-1970 жылдары халық санының өсімінің қарқыны бойынша Павлодар өңірі 
Маңғыстау  облысы  (347,4%)  және  Целиноград  қаласынан  (84,1%)  кейінгі  үшінші 
орынға шықты [16, 8 б.]. 
Мұрағат  деректеріне  сүйенсек,  1970  жылға  дейін  Павлодар  өңірінің  қала 
халқының қалыптасуында механикалық өсім басым рөл атқарса, ауылдық жерлерде 
табиғи  өсім  маңызды  орын  алған.  1960-1970  жылдары  қаладағы  механикалық  өсім 
көрсеткіші  84,7  мың  адамға  тең  болып,  жалпы  өсімнің  65,7%-ын,  табиғи  өсім  44,2 
мың  адам  санын  немесе  жалпы  өсімнің  34,3%-ын  құраған.  Ал,  өңірдің  ауылдық 
аймақтарында  табиғи  өсім  үлесінің  басымдылығын  байқаймыз.  Ауылдық  аймақ 
халқының  табиғи  өсім  көрсетуі  99,3  мың  адам,  яғни  халық  өсімінің  92,8%-ын 
құраған.  Механикалық  өсімнің  үлесі  болса,  небәрі  7,2%.  1960-1970  жылдардағы 
жалпы өсімнің 61%-ын табиғи, 39%-ын механикалық өсім қамтамасыз еткен. 
Осы жылдардағы туудың жалпы коэффициенті (ТЖК) республика ішінде үлкен 
аумақтық айырмашылықтарға ие: ТЖК деңгейі бойынша облыстарды 4 топқа бөлуге 
болады: 
а)  ТЖК  төмен  (1000  тұрғынға  18,8-21,8  адамнан)  –  Шығыс  Қазақстан, 
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Целиноград; 
ә) ТЖК орташа (23,1-ден – 24,6) – Алматы, Көкшетау, Павлодар, Семей, Орал; 
б) ТЖК жоғары (24,9-26,6) – Ақтөбе, Жамбыл, Талдықорған
в) ТЖК өте жоғары (28,8-29,7) Гурьев, Қызылорда, Шымкент [17, 59 б.]. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
127 
Механикалық  өсім  коэффициенті  бойынша  республика  облыстарын  топтауда 
Павлодар облысы Алматы, Қостанай, Гурьев облыстарының қатарында механикалық 
өсім  коэффициенті  ең жоғары,  яғни  30%  және  одан  жоғары  топқа  енді.  Ең  төменгі 
механикалық өсім коэффициенті Шығыс Қазақстан облысында анықталды. 
Облыс құрылған  уақыттан қазіргі таңға дейінгі  аралықтағы  ең жоғары табиғи 
өсім  1960  жылы  анықталды.  1000  адамға  шаққанда  1960  жылы  Павлодар  өңірінде 
табиғи  өсім  коэффициенті  1940  жылмен  көрсеткішпен  салыстырғанда  70,6%-ға 
жоғары болса, 2001 жылғы деңгейінен 118 есеге жоғары. Яғни, бұл қоғам дамуының 
әр кезеңіне тән туудың өзіндік ерекшеліктерін көрсетеді. 
Сонымен  қатар,  табиғи  өсімнің  жоғары  немесе  төмен  болуына  ықпал  етуші 
басты  фактор  –  әлеуметтік-экономикалық.  Материалдық  қажеттіліктермен 
қамтамасыз  етілу  деңгейі,  балаларға  арналған  мекемелердің  жеткілікті  болуы, 
жұмыссыздықтың орын алмауы, болашаққа деген нық сенім, нәресте өлім-жітімінің 
деңгейі, халықтың мәдени деңгейі және денсаулық сақтау саласының даму жағдайы 
халықтың  демографиялық  белсенділігіне  әсер  етеді.  Бұл  мәселелер  қарастырылып 
отырған  кезеңде  үкіметтің  қарауларына  түсіп,  халықтың  әл-ауқатын  көтеру  үшін 
бірқатар  шаралар  қолға  алынды.  ХХ  ғасырдың  60-жылдарының  ортасынан  бастап 
үкімет  халықтың  табысын  арттыра  түсті.  Нәтижесінде  1940-1950  жылдармен 
салыстырғанда халықтың тұрмыс деңгейі біршама қуаттанды. 
Өткен 
ғасырдың 
70-жылдарының 
бірінші 
жартысында 
халық 
шаруашылығының  өндірістік  салаларында  жаңа  жүктемемен  жалақы  белгіленді,  ең 
төменгі  еңбекақы  70  сомға  дейін  жеткізілді.  Осындай  шара  1977-1978  жылдар 
аралығында  халық  шаруашылығының  өндірістік  емес  салаларына  енгізіліп,  жаңа 
жүктемелер мен еңбек ақылар белгіленді. 1965 жылы отбасы мүшелеріне шаққанда 
ай  сайынғы  табысы  100  сом  және  одан  жоғары  болатын  халық  топтары  халықтың 
небәрі  4%-ына  тең  болса,  1977  жылы  олардың  үлесі  40%-ға  дейін  артты. 
Колхозшылардың еңбекақысы 100 сомнан 210 сомға өсті. Төмен айлық ақы алатын 
әлеуметтік  топтар  орташа  айлыққа  қол  жеткізді.  Жасына  байланысты  төленетін 
орташа  зейнет  ақының  көлемі  51,1  сомнан  93,2  сомға  дейін  арттырылды.  1971 
жылдан  бастап  бұған  дейін  жұмысшылар  мен  қызметкерлерге  ғана  төленіп  келген 
зейнетақыны  колхозшыларға  да  төлеу  енгізілді.  1972-1974  жылдары  соғыс  және 
еңбек мүгедектеріне айлық орташа зейнетақы 33%-ға өсірілді. 
Халыққа медициналық көмек тегін көрсетілді. Өңірде әр жыл  сайын халықты 
дәрігерлік  көмекпен  қамтамасыз  ету  дәрежесі  ұлғайтылды.  1960  жылмен 
салыстырғанда  1978  жылы  дәрігерлер  саны  10000  адамға  шаққанда  3  есеге  артқан. 
Сонымен  қатар,  халықтың  әл-ауқатының  бүгінгі  күні  артта  қалған  дағдарыс 
жылдарымен  салыстырғанда  жоғары  болуы  психологиялық  мәртебесін  аңықтап, 
болашаққа деген сенімділігін қалыптастырды. 
Осы  жылдардағы  халық  санының  өсуіне  механикалық  өсім  көздері  де  елеулі 
ықпал  етті.  Демографиялық,  сондай-ақ  мәдени-техникалық  тұрғыдан  алғанда  да 
республиканың  өз  ішінде  жұмыс  қолын  дайындау  еңбек  ресурстарына  қажеттілікті 
белгілі  бір  дәрежеде  қамтамасыз  ете  алатындығына  қарамастан  өзінің  лайықты 
бағасын  алмады.  Сондықтан  да,  өткен  ғасырдың  30-жылдарынан  қалыптасқан 
сырттан жұмыс күшін алдыру дәстүрі жалғасын тапты. Ірі өндіріс кешендерін салу 
үшін жұмыс қолын тартудың ұйымдастыру, қоғамдық тарту, жекелеген отбасыларды 
ұйымдастырылған  түрде  көшіріп  әкелу,  демобилизацияланғандарды  еңбекпен 
қамтамасыз  ету,  жоғары  және  орта  оқу  орындарының  түлектерін  арнайы  бөлу 
арқылы жіберу сияқты түрлері пайдаланылды. 
Осыған  сәйкес  Ф.Н.  Базанова  өзінің  «Формирование  и  развитие  структуры 
населения  Казахской  ССР  (Национальный  аспект)»  деген  еңбегінде  Павлодар 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
128 
облысында  өндірістің  аса  маңызды  салаларындағы  жұмысшылардың  90%-ын 
мигранттар құрады деп атап көрсеткен. 
Дегенмен,  1970  жылдан  бастап  көші-қон  легі  әлсіреп,  әр  жыл  сайын 
кетушілердің  саны  өсті.  1966-1979  жылдары  басқа  аймақтардан  Қазақстанға 
келушілер  60%-ға  дейін  кемісе,  ал  1975  жылдан  бастап  көші-қон  Қазақстан  үшін 
теріс  көрсеткіштерге  ие  болды  [18,  37  б.].  Сондықтан  да  1970  жылдан  бері  қарай 
Қазақстан  халқының  демографиялық  дамуы  негізінен  табиғи  өсім  арқылы  жүзеге 
асты. 
1971-1979  жылдары  өңірдегі  жалпы  халық  өсімі  94,2  мың  адамды  құрады. 
Оның 82,4 мыңы табиғи, 11,8 мыңы механикалық өсім үлесінде. Яғни, табиғи өсім 
жалпы  өсімнің  87,4%-ына,  механикалық  11,5%-ына  тең.  Қалалық  жерде 
механикалық өсімнің табиғидан басымдылығы сақталып қалды. Керісінше, ауылдық 
жердегі табиғи өсім көші-қон тасқыны салдарынан жұтылды. Осылайша, 1959-1979 
жылдары санақ аралық кезеңде Павлодар өңірінде халық саны ұдайы артып отырды. 
Дегенмен, 1960 жылдан бастап халық санының өсімінің қарқыны саябырсыды. 
1959 жылмен салыстырғанда 1970 жылы республика халқының өсім қарқыны 
140,0%-ды,  орташа  жылдық  өсім  қарқыны  3,1%-ды,  қала  халқының  жалпы  өсім 
қарқыны 160,8%-ды, орташа жылдық өсім қарқыны 4,4%-ды, ауыл халқының жалпы 
өсім қарқыны 123,8%-ды, орташа жылдық өсім қарқыны 1,9%-ды құрады. Ал, келесі 
санақ  аралық  кезеңде,  яғни  1979  жылғы  көрсеткішті  1970  жылмен  салыстырғанда 
жалпы халық өсімі 113,0%, орташа жылдық өсім 1,4%-ға, қала халқында жалпы өсім 
қарқыны  121,0%-ға,  орташа  жылдық  өсім  қарқыны  2,1%-ға,  ауыл  халқында  жалпы 
өсім  қарқыны  104,5%-ға,  орташа  жылдық  өсім  қарқыны  0,5%-ға  тең  болды. 
Осылайша,  республикада  алдыңғы  екі  санақпен  салыстырғанда  халықтың  орташа 
жылдық  өсімі  2  еседен  жоғары  көрсеткішке  төмендеген.  Осындай  кему  қалалық 
жерлерге  де  тән  болды.  Ауылдық  аймақтарда  орташа  жылдық  өсім  4  есеге  жуық 
көрсеткішке түсіп кетті. 
Павлодар  өңірінде  болса,  1959-1970  жылдар  аралығында  халықтың  орташа 
жылдық  өсім  қарқыны  153,4%-ды,  ал  1970-1979  жылдары  115,5%-ды  құрады. 
Орташа жылдық өсім қарқыны болса, 3,9%-дан 1,6%-ға төмендеген. Яғни, 1959-1970 
жылдары  санақ  аралық  уақытпен  салыстырғанда  1970-1979  жылдары  өңірде 
халықтың  сандық  өсім  қарқыны  24,7%-ға  кеміген.  Орташа  жылдық  өсім  қарқыны 
болса 2,5 есеге жуық деңгейге төмендеген. 
Қазақстанның  басқа  облыстарында  орташа  жылдық  өсім  қарқыны  төмендеп, 
Шымкент  облысында  68,7%-ға,  Жамбыл  облысында  56,2%-ға,  Орал  облысында 
53,8%-ға,  Ақтөбе  облысында  51,7%-ға,  Алматы  облысында  51,3%-ға,  Талдықорған 
облысында  47,6%-ға,  Гурьев  облысында  42,3%-ға  дейін  кеміген.  Және  Павлодар 
өңірі  осы  облыстардан  кейін  орташа  жылдық  өсімнің  кему  деңгейі  бойынша 
сегізінші орынға аяқ тіреген. 
Халық санының өсім қарқынының төмендеуі, біріншіден, механикалық өсімнің 
кемуіне  байланысты  болса,  екіншіден,  туу  деңгейінің  кеми  түсуіне  байланысты 
жүзеге  асты.  Туудың  кемуі  қоғамдағы  әлеуметтік  факторлардың  ықпалында  іске 
асты. Халықтың әл-ауқаты өсіп, материалдық қажеттілікпен қамтамасыз етілу және 
мәдени деңгейі артқан сайын рухани талаптары күшейді. Ал, бұл талаптың күшеюі, 
әр адамның өз-өзіне уақытты көбірек бөлу қажеттіліктерін туындатады. Әйелдердің 
білім  деңгейінің  өсуі  мен  қызмет  істеуі,  яғни  әлеуметтік  белсенділігінің  артуы 
олардың  дүниеге  сәби  әкелу  деңгейін  шектейді.  Қоғамдық  еңбек  бөлінісіне 
әйелдердің  жаппай  тартылуы,  мамандық  саласы  бойынша  біліктілік  талаптары 
әйелдердің өз шеберлігі мен біліктілігін үнемі жетілдіріп отыруын қажет етеді. Бұл 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
129 
болса,  әр  адамның  өз  отбасындағы  бала  санын  шектеу  арқылы  өзін  дамытуға 
ұмтылысын туғызады. 
Сонымен  қатар,  туу  көрсеткішіне  белгілі  бір  дәрежеде  неке-айрылысу 
көрсеткіштері ықпал етеді. Облыста некелесу деңгейі бірқатар ауытқушылықтармен 
дамыса,  айрылысу  жылдан  жылға  ұдайы  өсіп  отырған.  Айрылысудың  әсіресе, 
өндірістік  және  мәдени  жағынан  алғанда  дамыған  қалалық  жерлерде  ұдайы  өсуі 
байқалады. Павлодар өңірінде 1959-1970 жылдары қала халқы саны 208 176 адамға 
немесе 19,8%-ға өсіп, облысымызда ауыл мен қала халқының үлесінің елеулі теңесе 
түскендігі байқалды. 
1970-1979  жылдары  қала  тұрғындары  118  597  адамға  немесе  8,2%-ға  артты. 
1979 жылдары өңірде қала халқының үлесі нақты басымдылыққа жетті. Бұл өзгеріс 
сонымен  қатар,  Қазақстанның  Шығыс  Қазақстан,  Гурьев,  Жезқазған,  Қарағанды, 
Маңғыстау, Целиноград және Қызылорда облыстарына да тән болды [14, 13 б.]. 

1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал