№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет14/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
114 
Заттың  құрылысын  зерттеу  және  оған  негізделген  мақал-мәтел.  Мысалы, 
қыста өзен және көлдердегі судың беті қатып, мұзға айналады. Мұздың астында су 
сұйық күйде қалады (1 сурет). Бұл жерде бір мезгілде судың бір мезгілде екі күйі – 
қатты (мұз) және сұйық (су) күйі болады. Судың үшінші газ тәрізді күйі де бар: көзге 
көрінбейтін су буы бізді қоршаған ауада болады. 
Біз  заттың  үш  агрегаттық  күйде  –  қатты,  сұйық  және  газ  күйінде  бола 
алатынын  білеміз.  Қарапайым  осындай  мысалды  келтіре  отырып,  мен  осы 
құбылысқа  байланысты  заттың  үш  күйіне  (қатты,  сұйық,  газ)  мақал-мәтелдер 
жинақтадым. 
 
 
1 сурет 
 
№ 
Заттың агрегеттық 
күйі 
Талдауға арналған мақал-мәтелдер 

Қатты күйіне 
байланысты 
Тау мен тасты су бұзар, 
Адамзатты сөз бұзар. 
Тау кезеңсіз болмас, 
Өлке өзенсіз болмас. 
Уақыт тас екеш тасты да тоздырады. 
Отқа түссе тасқа да сызат түседі. 
Ағаш қазанның түбі күйер. 
Сынған кесені жамауға болмайды. 
Таспен ұрғанды аспен ұр. 
Қу ағашқа құс қонар. 
Жер шегесі – тау, 
Дау шегесі – ант. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
115 
Күміс азса, күл болады. 

Сұйық күйіне 
байланысты 
Су ішкен құдығыңа түкірме. 
Ағын судың арамдығы жоқ. 
Бір кісі қазған құдықтан мың кісі су ішер. 
Сыйлап берген су да тәтті. 
Жақсы болсаң, жердей бол, 
Бәрін шыдап көтерген. 
Таза болсаң судай бол, 
Бәрін жуып кетірген.  
Сулы жер – нулы жер, 
Бәрін шыдап көтерген. 
Суға түкірме. 
Ағын суға кір жума. 
Суды бекер ағызба. 
Суға дәрет сындырма. 
Суды сабама – балығын шошытасың, 
Бұлақты лайлама – құсын кетіресің. 
Таза су – денсаулық белгісі. 
Таулы жер бұлақсыз болмас
Сулы жер құрақсыз болмас. 
Су жүрген жер береке, 
Ел жүрген жер мереке. 
Су патшасы – мұрап, 
Түн патшасы – шырақ. 
Қыстағы қар – жерге ырыс, 
Жердегі ылғал – елге ырыс. 
Су – ырыстың көзі, 
Еңбек кірістің көзі. 
Көлдің көркі құрақ, 
Таудың көркі бұлақ. 
Алпыс күн тасыған су, 
Алты күнде қайтар. 
Жауынмен жер көгереді, 
Батамен ел көгереді. 
Тау мен тасты су бұзар, 
Ел арасын қу бұзар. 
Судың да сұрауы бар. 
Суға кеткен тал қармайды. 
Су жетпейін демейді, жар жеткізбейді, 
Ер жетпейін демейді, мал жеткізбейді. 
Көлді жел қозғайды, 
Ойды сөз қозғайды. 
Ақымаққа үйрету суға жазу жазғанмен бірдей. 
Су сайды сағалайды. 
Көктемгі мұздың қалыңына сенбе. 
Құлан қырда, құндыз суда. 
Қатты қаңтар болмай
Су – теңіз болмайды. 
Тау кезеңсіз болмас, өлке өзенсіз болмас. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
116 

Газ тәріздес күйіне 
байланысты 
Жел – дауылдың шақырушысы. 
Көшерімді жел білсін
Қонарымды сай білсін. 
Ықтырмаң болмаса, желге өкпелеме, 
Ел сыйларың болмаса, елге өкпелеме. 
Бос қап тік тұрмас. 
Жел тұрмаса, шөптің басы қимылдамайды. 
Айдағаны бес ешкі, ысқырғаны жер жарады. 
 
Қорытынды.  Физикалық  құбылыстарға  байланысты  мақал-мәтелдер  бізге 
физикалық  заңдар  мен  құбылыстардың  мағынасын  тереңірек  түсінуге  көмектеседі, 
күнделікті  білім  алып  жүрген  оқулықтарымыздың  әрбір  жолында  көптеген  сырлар 
жатқанын білеміз. 
Қазақ  халқы,  яғни  ата-бабаларымыз  ғылым  жетілмей  тұрып-ақ  табиғаттың 
тылсым сырларын ұғуға ұмтылып, оған өзінің ғылыми философиялық тұрғыдағы ой-
болжамдарын  беріп  отырған.  Өздерінің  көзі  жетіп,  өмірлік  тәжірибеде  дәлелденген 
оқиғалар  мен  құбылыстарды  мақал-мәтелдер  негізінде  шебер  түйіндей  білген. 
Сондықтан,  халық  даналығынан  жеткен  мақалдар  өзіне  ұлттық  педагогика, 
философия  ұғымдарын  қамтумен  қатар,  табиғат  жөніндегі  ғылым  физиканы  да 
қамтыған. 
 
Әдебиеттер 
1  Әлімбекова  Г.Б.. Физика  пәнін  халықтық  педагогика  тағылымдарымен 
байланыстыра отырып оқыту. Оқу құралы. – Алматы: Литера, 2001. – 25-37 бб. 
2 «Математика және физика» журналы. – 2003. – №6. – 12-14 бб. 
3 «Ұлағат» журналы. – 1999. – №2. – 17-21 бб. 
4 «ИФМ» журналы. – 1994. – №5. – 39-43 бб. 
5 «ИФМ» журналы. – 2000. – №4. – 23-27 бб. 
6 Тұрманжанов Ө. Қазақтың мақалдары мен мәтелдері. – Алматы: Білім, 2007. 
– 226-230 бб. 
 
Резюме 
В окружающей нас среде очень много нераскрытых, интересных тайн. Нас так 
же  интересуют  все  происходящие  физические  явления.  Возникают  сотни  и  тысячи 
вопросов  «Как?»,  «Кто?»,  «Зачем?»,  «Почему?».  На  многие  вопросы  мы  находим 
ответы из учебников, радио и телевидения. В связи с этим, хочу представить вашему 
вниманию свой научный проект, как дополнительный материал к учебникам. 
Цель  научного  исследования.  В  пословицах  и  поговорках  рассматриваются 
быт и правда народа, то есть связаны с жизнью, обычаями и традициями народа. 
Гипотеза  научного  исследования.  При  раскрытии  любой  темы,  на  примере 
пословицы  хотим  показать  взаимосвязь  воспитания  и  физического  явления.  В 
пословицах  и  поговорках  просматривается  связь  между  природными  явлениями  и 
взаимосвязь  в  самих  явлениях.  Это  помогает  нам  правильно  освоить  данную 
дисциплину и является путем хорошего воспитания. 
Значение исследования. Это показать то, что пословицы и поговорки связаны  
с  бытом  с  жизнью,  трудовой  деятельностью  человека,  взаимосвязь  с  природными 
явлениями.  Поэтому  в  основе  пословиц  и  поговорок  лежит  дидактическое  и 
воспитательное значение. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
117 
Практичекое значение исследования. В соответствии с уровнем восприятия 
и особенностей учащимся позволяет получить сведение и выполнить свои знания. 
 
Summary 
There  are  a  lot  of  non  –  discovered  and  interesting,  secrets  in  our  social  life 
(environment). We are also interested to all the physical phenomenons. It rises or a lot of 
questions like «How?», «Who?», «Why?», «For what?». 
For  many  questions  we  cand  find  answers  from  the  books,  radio  and  television. 
According to this, I want to present you my scientific research work as an extra material to 
the books. The aims of research works are. At the proverbs and sayings are considered 
mode  of  life  and  morals  of  people,  that  is  they  are  associated  with  life,  customs  and 
traditions of people. 
Hypo thesis of scientific research. Discovering any them, for example proverbs are 
showed association of bringing up and physical phenomenons. At the proverbs and sayings 
are  showed  connection  between  natural  phenomenons  with  cach  other  it  helps  us  to 
assimilate thegiven discipline in a right form and that is the way of good bringing up. 
Significance of my research work is to show that proverbs and sayings are connected 
with  cosial  live,  is  labour  activity  of  a  person,  association  with  natural  phenomenons. 
That’s  why  in  a  basis  of  proverbs  and  sayings  are  showed  didactic  and  bringing  up 
meanings. Practical meanings of investiqation. In an accordance with level of perception 
and peculiarities of students are allowed to receive information and to improve their kno. 
 
СЛАМБЕК Батырбек Айдарбекұлы, ЖАЛАЛ Шынболат Нуркенұлы, 
СЕРІК Нұрбол Амангелдіұлы, Н. Исмайылов атындағы жалпы орта мектебінің 
11 сынып оқушылары, «Зерделі» ауылы, Ш. Ділдәбеков ауыл әкімшілігі
Мақтаарал ауданы, Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: СЕЙДЕХАНОВ Нуркен Жалалович, 
Н. Исмайылов атындағы жалпы орта мектебі «Математика» пәнінің мұғалімі, 
«Зерделі» ауылы, Ш. Ділдәбеков ауыл әкімшілігі, Мақтаарал ауданы, 
Оңтүстік Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ШАМАЛАРДЫ ӨЛШЕУ ЖҮЙЕСІ 
 
Аңдатпа.  Бұл  жоба  қазақ  халқының  шамаларды  өлшеу  дәстүрі  туралы  және 
шамалардың  өлшем  бірліктері  туралы  түсінігін  орнықтырып,  оларды  өлшеуге, 
есептеуге  арналған.  Қазақ  халқының  ауызша  тараған  математикалық  есептері  ауыз 
әдебиетінде  де,  математикада  да  жинақталып,  бір  жүйеге  түсірілмеген.  Бұл  –  әлі 
астары  ашылып,  түбегейлі  зерттелмеген  сала.  Бұл  ұсынылып  отырған  еңбек  осы 
бағытта жасалған алғашқы қадам деуге болады. 
Қазақ  халқының  шамаларды  өлшеу  жүйесінде  арифметиканың,  алгебраның, 
геометрияның  есептері  қамтылған.  Бұл  жоба  ата-бабамыздың  ғасырлар  бойы 
жинақтаған тәжірибесін өлшеудің өзіндік жаңарып, жетілу нәтижесінде қалыптасты. 
Мұнда  тұрмыс-тіршілікте  қолданылатын  ұзындық  өлшемдері,  киіз  үй  өлшемдері, 
ауданды өлшеу үшін қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, сұйық дене көлемін 
ыдыстың  сыйымдылығымен,  сусымалы  денелерді  өлшеу,  уақыт  өлшеуіштерін, 
уақыт  есептеуде  аспан  денелері  мен  қозғалысы,  жыл  мезгілдерін  анықтау  сияқты 
қазақ халқының шамаларды өлшеу жүйесін тарихи-математикалық мағлұмат ретінде 
пайдалана  отырып,  оны  есептер  шығаруда  қолдану  және  тәжірибе  жүзінде  көрсету 
зерттелген. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
118 
Кіріспе. Адамның дүниетанымы мен түсінігі әлемнің тұтастығын, шексіздігін 
пайымдау,  зерттеу,  салыстырып  өлшеу  негізінде  қалыптасады.  Қазақ  халқының 
ауызша  есептерімен,  оның  математикалық,  логикалық  талдау  жүйесімен  танысу 
ғибраты мол, қызғылықты іс. 
Бұл  есептер  қазақ  ауыз  әдебиетіндегі  өзінше  бір  ерекше  жанр.  Әңгіме  болып 
отырған ескілікті есептердің тілі, сөз орамы өз дәуірімен өзектес те үндес. Мәселен, 
ұзындық  –  қарыспен,  қадаммен,  құлашпен,  мөлшерлі  нәрселер  –  ыдыс-аяқпен, 
дорбамен, қап-қанармен, қашықтық – күндік, айлық жермен есептелген. Арқан бойы, 
ат шаптырым, қозы көш – түйе көш жер, мұндай да өлшемдер бар. 
Есептерде  көнелеу  тартып  қалған  сөздер  де  кездеседі.  Мәселен,  «шыралғы» 
деген сөзді  түсіндіре кетейік. Бұрынғы аңшылар ұзын арқан ұшына қоянды немесе 
түлкіні байлап, сүйретіп, соған қыран құсты салып үйрететін. Сол сүйретпені халық 
«шыралғы»  деп  атаған.  Халқымыздың  ауызша  есептерінің  жүздеген  үлгілері  бар. 
Ауызша  есептердің  асыл  маржандарын  екшеп  алу  –  келешектің  ісі.  Ата-
бабаларымыздың  ғасырлар  бойы  жинақталған  тәжірибесінің  ұрпақтан-ұрпаққа 
үзіліссіз,  өңделіп,  жаңарып  жетуі  нәтижесінде  өлшеудің  өзіндік  халықтық  жүйесі 
қалыптасты.  Мәселен,  тұрмыс-тіршілікте  қолданылатын  ұзындық  өлшемдері:  елі  ≈ 
2-2,5 см (орта шамадағы бір саусақтың ені); сере ≈ 10-12 см (аздап ажыратылған төрт 
саусақ  ені);  тұтам  ≈  8-10  см  (жұдырық  ені);  сынық  сүйем  ≈  13-15  см  (бүгілген  сұқ 
саусақ  пен  бас  бармақ  арасындағы  қашықтық);  сүйем  ≈  17-20  см  (көсілген  бас 
бармақ  пен  сұқ  саусақ  арасындағы  қашықтық);  қарыс  ≈  20-22  см  (көсілген  бас 
бармақ  пен  ортаншы  саусақ  арасындағы  қашықтық);  кез  ≈  70-75  см  (саусақтардың 
ұшынан иыққа дейінгі ара қашықтық); 1 кез ≈ 7-9 тұтам. 
Биіктікті,  тереңдікті  өлшеу  үшін  адамның  дене  мүшелерін  немесе  қолда  бар 
заттардың ұзындығы пайдаланылған, яғни солардың бойымен өлшенген: оқ бойы ≈ 
1,0-1,5  м  жебе  ұзындығы;  найза  бойы  ≈  3-5  м;  арқан  бойы  ≈  10-12  м  т.б.  Адамның 
айқайлаған даусы естілсе, қашықты «шақырым» деп белгілеген, 1 шақырым ≈ 1 км. 
Ауданды өлшеу үшін  «шаршы»,  «танап»  өлшем бірліктері пайдаланылса, көлемнің 
үш түрлі өлшем бірлігі қолданылған. 
Қатты денелердің көлемін көз мөлшерімен, тұрмыста жиі кездесетін заттардың 
көлемімен  салыстыру  арқылы  анықтаған.  Ал  «текше»  деген  сөз  халық  ұғымында 
сандық  пішініне  келтіріп,  бүктелген  кілем,  көрпе,  т.б.  үй  жабдықтарының  көлемін 
білдірген.  Сұйық  дене  (қымыз,  сүт,  су)  көлемін  ыдыстың  сыйымдылығымен 
өлшеген. Кеңінен тараған негізгі өлшем бірліктері мыналар: қасық ≈ 50 г; ожау ≈ 0,5 
л; тостаған ≈ 0,5 л; аяқ ≈ 1 л; шара ≈ 1,5-2 л; тегене ≈ 8-10 л; торсық ≈ 8-10 л (ешкі 
терісінен тігілген ыдыс); көнек ≈ 15-16 л (бие сауғанда пайдаланылатын былғарыдан 
тігілген ыдыс); саба ≈ 180-200 л (жылқы терісінен тігілген ыдыс). 
Сусымалы денелерді өлшеу бірліктері: уыс; қалта; қоржын ≈ 40 кг; қап ≈ 4 пұт 
≈ 54-65 кг; дағар ≈ 6-8 пұт ≈ 100-130 кг; батпан ≈ 3 дағар ≈ 300-450 кг. 
Салмақ өлшемдері: 1 пұт ≈ 16 кг, жарты пұт ≈ 8 кг; қадақ ≈ 400 г, ширек қадақ 
≈ 100 г.; 1 көнек сүт ≈ 6-7 л; 1 шелек ≈ 12,3 л; 1 қап немесе 4 пұт ≈ 65-66 кг; 1 мысқал 
≈ 4,46 г; 1 жамбы күміс ≈ 6 кг; 1 пітір бидай ≈ 3 кг; 1 ширек шай ≈ 250 г; 1 шөмке 
шай ≈ 50 г; 1 таймөңке шай ≈ 25 г; 1 қайнатым шай ≈ 6,5 г; 1 шөкімтұз ≈ 12,5 г. 
Қазақша  жыл  санау  дәстүрі  қазақ  халқының  күнтізбесі,  аспан  денелері  мен 
уақытты,  жыл  мезгілдерін  анықтаудағы  халықтық  тәжірибе  туралы  мағлұмат 
беріледі. Қазақтарда хайуанат атауы бойынша адамның туған жылы белгілі болғанда 
жасын табуға және жасы белгілі болғанда,туған жылын анықтауға арналған есептер 
бар  екені  мәлім.  Мысалы,  «Қ.  деген  азаматша  тышқан  жылы  туып,  2  мүшел  өмір 
сүрген. Қазір ұлу жылы болса, оның жасы нешеде?» - деген есепті шығару үшін жыл 
атауларын рет-ретімен (тышқан, сиыр, барыс, қоян, ұлу, жылан, жылқы, қой, мешін, 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
119 
тауық, ит, доңыз) және адам жасының мүшелге бөліну шкаласын (1 мүшел – 13 жас, 
2 мүшел – 25 жас, 3 мүшел – 37 т.с.с.) білу талап етіледі. Сонда екі мүшел жасаса, 25 
жас  болады,  тышқан  мен  ұлу  жылының  аралығы  3  жас,  ендеше,  Қ.  деген 
азаматшаның жасы – 28-де. 
Бұл  есепке  кері  есеп  мынадай  болып  келеді:  Қ.  деген  азаматша  1972  жылы 
туған.  Оның  қазақ  күнтізбесі  бойынша  туған  жылын  табу  керек.  Ол  үшін  туған 
жылының сандық мәніне 9 санын қосады, яғни: 1972+9=1981. Алынған қосындыны 
12-ге  бөледі:  1981:12=165  (1  қалдық).  Қалдық  бойынша  жылдың  атауын  табады,  1 
қалдық шықты, ендеше Қ. деген азаматша жылдардың орналасу ретіне сәйкес 1-ші 
тұрған тышқан жылы туған. Егер қалдықсыз бөлінсе, ол доңыз жылын білдіреді. 
Жылдың  басы  наурыз  айынан  басталып,  наурызда  күн  мен  түн  теңеледі. 
«Көкек» айының атауы көктемде көкек құсының ұшып келуіне байланысты шыққан. 
«Мамыр»  сөзі  молшылықты,  кеңшілікті  білдіреді.  Шыңдығында,  қыстың  бораны 
мен  ызғарынан  кейінгі  мамыр  айында  жер  аяғы  кеңіп,  мал  жайылымға  шығады, 
малшылар  жайлауға  көшеді.  «Қыркүйек»  атауы  «қырғи»  және  «күйек»  деген  екі 
сөзден  туындайды.  Қырғи  –  жыртқыш  құс,  ұсақ  құстардың  жауы.  Осы  айда  қырғи 
жылы  жаққа  қоныс  аударады.  «Күйек»  –  саулық  қойға  кигізетін  жүн.  «Қазан» 
айында  күн  суытып,  қатты  жел  соғады,  соған  сәйкес  ел  аузында  «Қазанның  қара 
дауылындай» деген мәтел бар. 
Көшпелі халық үшін қыс ұзаққа созылған. 22 желтоқсанды «күн тоқырау» деп 
атаған.  Осыдан  кейін  күн  біртіндеп  ұзара  бастайды.  Халқымыз  «Желтоқсанда  күн 
торғай  адымындай,  қаңтарда  қарға  адымыңдай,  ақпанда  ат  адымындай  ұзарады» 
деген  нақыл  сөзді  қолданған.  Уақытты  есептеуде  қазақтар  аспан  денелерінің 
орналасуы мен қозғалысына сүйенген. Мәселен, темірқазық жұлдызы жол бағдарлау 
қызметін  атқарған.  Бетпақдала  мен  Мойынқұмды  шарлағанда  үнемі  осы  жұлдыз 
арқылы  бағдар  жасап  отырған.  «Жеті  қарақшы»  қазақтар  үшін  сағаттың  орнына 
пайдаланып, оның қозғалысы сағат тілінің қозғалысымен сәйкестендірілген. 
Жыл  мезгілдерін  анықтауда  «Үркер»  жұлдызы  ерекше  орын  алған.  Үркердің 
көкжиекке  жақын  көрінуі  көктемнің  белгісі  екендігін  халық  «Жатқанша  үркер 
жамбасқа келсе, жаз шықпаған не қалды», «Үркер жерге түспей, жер қызбайды» деу 
арқылы  білдірген.  Ата-бабамыз  жаз  айларында  «Үркер  жерге  түсті»,  ал  күз 
айларында «Үркер төбеге келіп қалыпты», қыс айларында «Үркер төбеге келіпті, қыс 
ортасы  болды»  деп,  аспан  денелері  мен  табиғат  құбылыстары  арасындағы 
сәйкестікті тереңінен болжаған. 
Уақытты  есептеудің  түрі  көп  болғанымен  ерекше  аталатыны  төртеу.  Қазақ 
халқында  «Тіршіліктің  оянуы»  деп  көктемнен  басталатын  есептеу  жүйесі 
қабылданған.  Бұл  жұлдыздық  есеп  наурыздағы  күн  мен  түннің  ұзақтығының 
теңелетін күнінен басталады. Бұл күнді белгілеу үшін ғимарат құрылыстар салынып, 
күн сәулесінің терезе қуыстар жылына тек екі рет қана түсетіндей орны белгіленіп, 
есептеулер жүргізілген. Күн сәулесі түсетін жерде өлшемдік сызықтары бар жалпақ 
табақ  тастар  болған.  Соның  бірі  –  біздің  тілімізде  айтылатын  «Самарқанның  көк 
тасы». Көктемнің теңгеріс күнін, яғни 22 наурызды «Самарқанның көк тасы жібіген 
күн» дейді. Бұл  –  бейнелеп айтылған сөз тіркесі.  Тастың  «жібуі»  деген сөз, тастың 
бетіне күн сәулесі түсті деген мағынада айтылған. Тастың бетіндегі төсімдік белгілер 
бір қарағанда өте қарапайым сызықтар – шаршылардан тұрады. Сыртқы өлшемдері 
24х24 см. Көк тастың өлшемдері 320х150х65 см. Сахи-Зинда мешітінің қорымында 
жатыр. 
Қазақ халқының өлшемдерді пайдаланған ауызша есептерін қарастырайық. 
Алтын  айқабақ.  Той  сән-салтанаттың  бірі  –  жамбы  ату,  айқабақ  ілу,  жаяу 
жарыс,  күрес.  10  құлаштық  діңгектің  басына  алтын  айқабақ  ілінген.  Біріншісі  –  8 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
120 
құлашта,  екіншісі  –  9  құлашта,  үшіншісі  –  ең  төбесінде.  Жалаңаяқталған  жігіттер 
діңгекпен өрмелеп барып, алтын теңгелерді – айқабақты алуы тиіс. Кім оған жетсе – 
алтын айқабақ – соныкі. 
Егер  де  бірінші  жігіт  2  құлаш  өрмелеп,  2  қарыс  төмен  сырғып  түссе,  екінші 
жігіт  1,5  құлаш  демалыссыз  алға  өрмелеп,  1,5  қарыс  кейін  түссе,  үшінші  жігіт  2,5 
құлаш  жоғары  өрмелеп,  2,5  құлаш  төмен  сырғыса,  әрбір  жігіт  неше  дем  алғаннан 
кейін алтын айқабаққа жетеді? 1 құлаш = 8 қарыс. 
Жылқыға  жем  беру.  Біреу  алты  жылқысына  күн  сайын  он  қадақ  сұлы  беріп 
жүреді. Жем жылқының жасына қарай бөлінеді: биеге – үш қадақ, құнандарына – екі 
қадақтан, ал тай басына бір қадақтан жем береді. 
Мал  иесі  үйіне  алыстан  келіп,  қонақ  болып  отырған  жекжатына  әңгіме 
арасында өзінің осы тіршілігін айтып қалады.  «Сонда бие нешеу, құнан нешеу, тай 
нешеу болғаны?» - деп қонақ жылқы санын іштей есептеуге көшті. 
Шөп. Үйде 40 қой, екі құлынды бие, 4 бұзаулы сиыр бар болатын. Бір күнде 10 
қойға 1 тай шөп, 1 құлынды биеге 1 тай шөп, екі бұзаулы сиырға 3 тай шөп беріледі. 
9 күнде бір тай шөп рәсуа болып тапталып қалады. Мал 108 күн қолға қарады, шөп 
таусылды. Қанша тай шөп бар еді? 
Киіз  үй  сүйегінің  өлшемдері  туралы  зерттеу  жұмысы.  Киіз  үй  –  қазақ 
халқының  осы  дәуірге  дейінгі  негізгі  баспанасы.  Киіз  үй  сүйегі  (қаңқасы)  –  киіз 
үйдің  үш  өлшемді  кеңістік  сұлбасын  шығарып  тұрған  шаңырақ,  уық  кереге,  есік 
(маңдайша, табалдырық, босаға) деп аталатын мүшелерінен тұрады. 
Киіз үй сүйегінің барлық өлшемдерін кереге санымен шаңырақ өлшемі арқылы 
шығаратыны  туралы,  әсіресе,  шанырақ  шеңберінің  ұзындығын  киіз  үй  шеңбер 
ұзындығын үштен бір бөлігіне тең болатыны ел аузында айтылатын шаңырақ өлшемі 
кереге санына керегі басына тәуелді. 
Алты қанат киіз үй сүйегіне жасалған өлшеулер мен зерттеулерден туындаған 
қорытындылар  киіз  үй  сүйегінің  дайындау  заңдылықтарын  анықтауға  мүмкіндігін 
берді  және  зерттеу  жұмыстарымен  қорытындысы  киіз  үй  сүйегінің  өлшемдері  бір 
зандылыққа бағынатындығын байқатты. 
Шаңырақ өлшемі – А = 1 метр. Шаңырақ щеңбер ұзындығы – Ш. Кереге саны – 
К. Ш = КА (1). 
Алты қанат үй шаңырағының диаметрі Д = 6/3,14 = 1,91 м. Киіз үй шеңберінің 
ұзындығы  –  С.  Киіз  үйдің  белдеу  арқылы  (6*3)  +  2  м  =  20  м.  Киіз  үй  щеңбер 
ұзындығы шаңырақ шеңберінің үш есе артық. С=3Ш+Т (2). 
Т  –  тұрақты  сан,  киіз  үй  есігінің  ені,  130  см.  С=3Ш+Т=(3*6)+1,30=19,30  см. 
Кереге саны  «К»  үй иесінің қалауы бойынша  анықталады. К=Ш/А (3). А саны 1-ге 
тең болған жағдайда кереге саны шаңырақтың метрлік өлшемі санына тең болады. 
Мысалы:  үй  иесі  шеберге  алты  қанатты  үйге  сұраныс  жасады  дейік.  Кереге 
саны – 6. Шеңбердің ұзындығы – 6 см. Шаңырақ диаметрі – 1,91 м. Үй шеңберінің 
ұзындығы  –  19,30  м.  Осылар  арқылы  киіз  үй  сүйегінің  қалған  мүшелерінің 
өлшемдері анықталады. Кереге биіктігі Һ шаңырақ шеңберінің ұзындығын Ш бестен 
бір бөлігіне тең: Һ=Ш/5 (4). 
Шаңырақ шеңберінің ұзындығы 6 м; Һ=6/5 =1,2 м. Жайылған кереге ұзындығы 
үш өлшеміне тең. ЖК=3*А (5). ЖК=3*1=3 м. 
Уық  иінің  бұрышы.  Зерттеу  тәжірибелерінің  нәтижесінде  уық  пен  еден 
жазықтығының  арасындағы  бұрыш  45  градусқа  жуық  екені  байқалады.  Кейбір 
зерттеу  жұмыстарында  бұл  бұрышты  60  градусқа,  72  градусқа  тең  деген  қате 
пікірлер  кездеседі.  Ол  бұрыш  45  градустан  үлкен  болса,  үй  тым  шошайып,  сәнсіз 
болып  көрінер  еді.  Ал  бұрышты  сол  мөлшерден  азайту  шықшылау,  жаңбырлы 
кездерде үйге тамшы таму мүмкіндігін көбейтеді. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
121 

1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал