№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет10/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

Жолжелкен  өсімдігінен  жасалатын  дәрілер.  Жолжелкен  (подорожник). 
Кешенді  емдеуде  профилактикалық  зат  ретінде  қолдану  көрсеткіштері:  қабынуға 
қарсы,  ауырсынуды  басатын  және  жазатын  зат  ретінде  асақазан-ішек  ауруларына 
(қышқылы  төмен  гастриттер,  колиттер,  энтероколиттер,  диарея)  қолданады. 
Қақырықты  түсіретін  зат  ретінде  жоғарғы  тыныс  алу  жолдары  ауруларында 
қолданады.  Қақырықты  сұйылтып,  оның  сыртқа  шығуын  жеңілдетеді.  Қан 
тоқтататын және микробқа қарсы әсері бар. 
Қорытынды.  Зерттеу  жұмысын  орындау  барысында  Қазақстан  өңірінде 
кездесетін  дәрілік  өсімдіктерге  сипаттама  берілді.  Сыр  өңірінде  жиі  кездесетін 
дәрілік  өсімдіктердің  тізімін  жасауға  талпыныс  жасалды.  Жолжелкен  өсімдігін 
пайдалану  жолына  қарай  жіктеп  және  түрлі  өсу  ортасынан  жиналған  өсімдіктерге 
сипаттама  берілді.  Дәрілік  өсімдік  жолжелкеннің  емдік  қасиеті  анықталды.  Оның 
ішінде кең таралған тұқымдастарға үлкен жолжелкен жатады. 
Қорыта  келгенде,  біздің  болжамымыз  дәлелденді  деп  айтуға  болады.  Себебі 
көптеген өсімдіктердің дәрілік қасиеті болғанымен, адамдар үнемі оларды пайдалана 
бермейді.  Адамзатқа  табиғаттың  жаратқан  шипалы  дәрілік  өсімдіктің  саны  азаймау 
үшін оларды күтіп-баптап, химикаты көп дәрілерді қолданғанша емдік қасиетке толы 
шөптер тұнбасын қолданса екен дегіміз келеді. 
 
Әдебиеттер 
1 Қажымұратов М. Қазақстанда кездесетін пайдалы емдік қасиеттер. – Алматы: 
«Қайнар» баспасы, 1975. 
2 Саийд Юлдаш әлі Құрайыш қажы. Мен – емшімін. – Шымкент, 2008. 
3 Қазақстанның өсімдіктер әлемі. – Алматы: Алматыкітап, 2008. 
4 Интернет материалдары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
75 
ӘБДІМӘЖИТ Айару Сембекқызы, 
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің оқушысы, Белбасар ауылы, 
Шу ауданы, Жамбыл облысы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: УТАРБАЕВА Кулайша Райымбекқызы, 
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, 
сынып жетекшісі, Белбасар ауылы, Шу ауданы, Жамбыл облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
 
 
ТҮЙМЕДАҚ ГҮЛІ 
 
Зерттеу  жұмысының  бағыты:  қоршаған  әлем  –  экология,  жануарлар  мен 
өсімдіктер әлемі. 
Кіріспе.  Түймедақ  (Matricаria)  –  ортасында  сары  дағы  бар  ақ  түсті  гүл. 
Түймедақ  адам  жүйкесін  тыныштандырып,  оған  түскен  ауыртпалықты  қалпына 
келтіреді.  Қан  қысымын  қалыпты  жағдайға  дейін  түсіреді,  тағдырдың  кейде 
«сыйлайтын» оқыс жағдайларын жеңіл өткеруге әсер етеді. 
Түймедақ  гүлі  –  көпшіліктің  ең  сүйікті  гүлдерінің  бірі.  Тіпті  гүл  өсіруге  енді 
ғана  бетбұрыс  жасаған  гүлпаздың  өзі  көгалдандыруды  түймедақтан  бастары  анық. 
Жаз  мезгілінің  жаршысы  болып  есептелетін  түймедақ  еліміздің  барлық  аймағында 
өседі. 
Түймедақ гүлін көлік жүрмейтін, ауылдар мен қалалардан алыс шалғындар мен 
алаңқайлардан  жинау  керек.  Оның  алғашқы  гүлдеген  кезі  пайдалы,  осы  кезеңде 
емдік қасиеті де күшті болады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
76 
Қазіргі  таңда  түймедақты  сыйлық  ретінде  ғана  емес,  оны  кептіріп,  ашытып, 
қайнатып, дәрі-дәрмек  ретінде  де  қолданады. Әсіресе,  көптеген  ауруларды  емдеу 
үшін оның тұнбасы пайдаланылып келеді. 
 
 
 
Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар, 
дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. 
Жұмыстың  өзектілігі:  Түймедақ  гүлінің  адам  өміріндегі  рөлі  мен  емдік 
қасиеттерін зерттеу аса қажет. 
Жұмыстың мақсаты: Түймедақ гүлінің емдік қасиеттерімен танысу. 
Түймедақтың  сипаттамасы.  Дәрілік  түймедақ  –  биіктігі  35-40  см-ге  жететін 
бір  жылдық  шөптесін  өсімдік,  тамыры  нәзік,  білеу.  Бірен-саран  бұтақталған 
сабақтары бар, күрделі екі-үш қауырсынды тілімделген жапырақтары сабақтарында 
кезектесіп  орналасқан.  Тілімделген  жапырақшалары  жіңішке  жіп  тәрізді,  төменгі 
жапырақтары сабақтарын жартылай қоршап жатады. 
Гүлдері  өте  көп,  себет  немесе  кәрзенке  гүл  шоғырын  түзеді.  Гүлдері  тұтас 
немесе  біршама  үгітілген  жартылай  шар  тәрізді  гүлсебеттерден  тұрады.  Гүл 
сағақтары  3  см-ге  дейін  болады,  кәрзеңкелері  шеткі  тілше  және  ортаңғы  сары 
түтікше  гүлдерден  тұрады.  Гүл  тұғыры  қуыс,  жартылай  шар  тәрізді  немесе  конус 
тәрізді. 
Себеттердің тілше гүлдері ақ түсті, түтікше гүлдерінікі сары, иісі күшті жұпар 
иісті, дәмі татымды, ащылау. 
Түймедақтың құрамы. Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0,2-0,8% 
дейін  көк  түсті  эфир  майы  бар.  Эфир  майының  ең  басты  компоненттері  матрицин 
мен матрикарин. Осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі. Бұлардан басқа 
эфир  майының  құрамына  сесквитерпендер,  фарнезен,  бисаболен,  кадинен  және 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
77 
монотерпен  мирцин  кіреді.  Сонымен  қатар  эфир  майында  флаваноидтар, 
кумариндер,  ұштерпен  спирттер,  салицил  қышқылы,  аскорбин  қышқылы,  каротин 
және т.б. заттар кіреді. 
 
 
 
Өсімдіктің табиғатта 200-ге жуық түрі белгілі. Түймедақтың сары түсі де бар. 
Дегенмен, ақ күлтелі түрі көп таралған. 
Биіктігі 30-60 см аралығында болады. Гүлінің диаметрі 9 см-ге дейін жетеді. 
Өсімдіктің сұрыпталған түрлерінің гүлі ірі болып келеді. Бойы аласа, гүлпарлы 
түрлері де бар. Сұрыпталған түрлерінің гүлдеу мерзімі ұзағырақ болады. Сұрыпына 
қарай маусымнан шілде айының соңына дейін гүлдейді. 
Түймедақ гүлінің емдік қасиеттері: 
- Өт жолына тас байлау; 
- Тұмау, аллергияға қарсы; 
- Бас ауруына; 
- Ми тамырларын кеңітеді; 
- Асқазан, ішек жолдарының жұмысын жақсартады
- Өтті жүргізіп, тәбетті ашуға көмектеседі. 
Түймедақ  гүлінің  түрлері:  далматтық,  парсылық,  кавказдық,  римдік,  дәрілік 
және кәдімгі, неміс. 
Түймедақтың тұрмыста қолданылуы: парфюмерияда: иіс су, иіс сабын; шарап 
өндіруде. 
Гүлінен сары түсті бояу алынады. 
Қорытынды. Түймедақ – күрделі гүлділер тұқымдасына жататын бір жылдық 
шөптесін өсімдіктер. Түймедақ – адам ағзасына пайдалы өсімдік. 
Мен гүлдерді қатты жақсы көремін. Оның ішінде түймедақ гүлдерін ұнатамын. 
Түймедақ  гүлін  зерттегім  келді.  Өзім  ерте  көктемде  егіп,  күтіп  баптап,  әдемі 
гүл болып өскеніне көз жеткіздім. 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
78 
Түймедақ гүлінен жасалған дәрілер топтамасы 
 
      
 
 
Түймедақ  гүлі  көгалдандыруда  кеңінен  қолданылып,  бақшамызға  сән  беріп, 
көркейтіп, ауаны тазартып тұрады. 
 
 
 
Қазіргі  таңда  түймедақты  сыйлық  ретінде  ғана  емес,  оны  кептіріп,  ашытып, 
қайнатып,  дәрі-дәрмек  ретінде  де  қолданады.  Әсіресе,  көптеген  ауруларды  емдеу 
үшін оның тұнбасы пайдаланылып келеді. 
Келешекте мен тағы да басқа гүлдерді зерттегім келеді. 
 
Әдебиеттер 
1 Шаңырақ: Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. – Алматы, 1990. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
79 
2 Қазақстан өсімдіктер әлемінің асыл қазынасы. 
3  Қазақстан  «Қызыл  кітап»  беттерінен.  –  Алматы:  «Алматыкітап»  ЖШС.  – 
2006. – 128 б. 
4 «Қазақстан» Ұлттық энциклопедиясы. Бас редактор Ә. Нысанбаев. – Алматы: 
«Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2001. – 720 б. 
 
БЕЙБІТ Асылзат Ғамзатқызы, САРБАҚЫШ Нұрлан Ербосынұлы, 
ШЕРТАЙ Айдана Жеңісекқызы, ТАРТЫНОВ Алан Вячеславович, 
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 
3 «Б» сынып оқушылары, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
Жетекшісі: ҚОЗЫБЕКОВА Анар Жарылқаповна, 
Райымбек батыр атындағы №50 «Қазғарыш» мектеп-лицейінің 
бастауыш сынып мұғалімі, Астана қаласы, Қазақстан Республикасы 
 
АҒАШТАР – БІЗДІҢ ДОСЫМЫЗ 
 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев  атамыз  «Жасыл  ел»  бағдарламасын  жүзеге 
асырғалы бері елімізде көптеген игі өзгерістер болды. 
Табиғаттың  бір  бөлшегі  саналатын  ағаштардың  адамға  өмірлік  жағымды 
энергия  сыйлайтынын  және  адам  бойындағы  жағымсыз  энергияны  өзіне  сіңіріп 
алатынын көпшілігіміз ескере бермейміз. 
«Жапырақ – жүрек жас қайың! Жанымды айырбастайын», - деп ақын Мұқағали 
Мақатаев  жырлап  кеткендей,  ағаштар  да  жаны  бар  тіршілік  иесі.  Ежелгі 
жазбалардың  бірінде:  «Адамдар  мен  ағаштарды  ежелден  достық  пен  туысқандық 
сезім байланыстырған. Майдан даласында қансырап жатқан солдат, күш-қайратына 
қайта міну үшін еменге жүгінген. Әйел отбасы-ошақ қасында бақытты болуы және 
дүниеге  сау  ұрпақ  әкелуі  үшін  жөке  ағашына  қарай  жүрген.  Бойжеткен  болашақ 
өмірі  бақытты  болуы  үшін  қайыңға  қол  созған»,  -  деп  жазылыпты.  Бүгінде  био-
физика ғылымы шынымен де еменнің – еркекке, жөке ағашының – әйелге, қайыңның 
– қызға күш-жігер сыйлайтынын қуаттап отыр. 
Ұзақ уақыт орман ішін аралау адам ағзасына кез келген дәріден де күшті әсер 
ететіні бүгінгі ғылымда дәлелденген. Мұндай емдеу процедурасы кезінде адам тың 
күш  жинап,  көңіл-күйі  көтеріліп,  жанына  батқан  жаман  ойлардан  арылып  қана 
қоймай, белгілі бір ағаштармен тұрақты байланыс жасаған жағдайда жаман дертінен 
де  айығуға  болатыны  өмірде  сан  рет  кездесіпті.  Сондықтан  мамандар  бүкіл  дүние 
бусанып,  жасыл  тіршілік  оянатын  көктем  кезінде  жиі-жиі  орман-тоғай  аралауға 
кеңес  береді.  Ағаштар  да  адамдар  сияқты  көктемде  күш-қуатқа  кенеледі.  Орман-
тоғай сізді жұпар аңқыған иісімен-ақ емдейді. 
Ата-бабаларымыз  жапан  далада  өсіп  тұрған  жалғыз  ағашты  қасиетті  санап, 
ешуақытта  кеспек  тұрмақ,  зақым  да  келтірмеген,  өмірде  жалғыздыққа  ұшыраймын 
деп  ырымдаған.  Жапандағы  жалғыз  ағаштың  түбіне  отырмаған,  қонбаған.  Бейіт 
басында өсіп тұрған ағашқа да тиіспеген. Қосарланып, қатар біткен ағашты кеспеген, 
«Олай  етсең,  қосағыңнан  айырыласың»,  -  деп  ырым  еткен.  Ғасырлар  бойы  өсіп 
тұрған діңі жуан бәйтеректің қурап түскен бұтағына да құрметпен қараған. Оған жеті 
ғасыр болған «Әулие ағашты» мысалға келтірсек те жетеді. 
Көптеген  халықтарда  ертеде  дүниеге  бала  келгенде  дереу  ағаш  егетін  салт 
болған. Ол ағаш әлгі сәбиге ғана арнап егіледі. Егер сәби науқастанса, кейін өсе келе, 
ауырған  жағдайда  да  әлгі  өзінің  ағашына  апарып,  емдейтін  болған.  Алтайлық 
шамандар тайгаға барып, өзінің «шамандық» ағашын таңдап-талғаған. Егер ол ағаш 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
80 
өздігінен  шіріп  құлаған  немесе  адам  қолымен  кесілген  жағдайда  шаман  да  өлетін 
болған. 
Сонымен,  жоғарыда  айтқанымыздай,  ағаштан  жағымды  энергияны  қалай 
сіңіріп алуға болады? Ол үшін зерттеушілер ең бастысы ағашты дұрыс таңдай білу 
керек екенін айтады. Жеке немесе бір-бірінен алты метрден кем емес алшақ тұрған 
ағаштардың  энергиясы  айрықша  күшті  болып  келетіні  анықталған.  Кейбір  ағаш 
қасына  барғаннан  адамға  жағымсыз  сезім  береді.  Ондай  ағаштан,  әрине,  аулақ 
жүрген жөн. Қисық біткен, бұтақтары майысқан, солған, ауру, қураған ағашқа жолай 
көрмеңіз.  Ондай  вампир-ағаштар  керісінше,  сіздің  «ақ»  энергияңызды  сорып  алуы 
мүмкін. Сондықтан ағаштың оқтай түзуін әрі сауын таңдаңыз. 
Әркімнің өз ағашы бар. Ең мықты донор-ағаш қайсы десек, ең мықтысы – емен 
ағашы, ол адамның иммунитетін, рухын көтеріп, ойына керемет ой қосады. Қарағай 
да  өте  мықты  ағаш,  бірақ  оның  биоэнергетикасы  ауыр  болғандықтан,  абайлап 
пайдаланған  дұрыс.  Әсіресе,  жүрегі  ауыратын  адамдарға  мамандар  қарағайлы 
орманда қыдырмауға кеңес береді. 
Акация да жақсы донор саналады. Бұл ағаш адамға жақсы көңіл-күй, тың күш, 
жұмсақ сезім сыйлайды. Үйеңкінің биоалаңы өте күшті. Сондықтан кез келген адам 
үйеңкіні батыл құшақтай беруіне болады. 
Қайың жұрттың бәріне көмектесе бермейді. Қайың тек  өзін еркелететін, өзіне 
ғашық  жандарға  ғана  жомарттығын  көрсетеді.  Ақ  қайың  –  ақ  ару  дейтініміздей, 
қайың  ежелден  нәзікжандылардың  символы  саналатындықтан,  әйелдерге  көп 
көмектеседі. Қайың шырынын ішу денсаулыққа өте пайдалы саналады. 
Ағаштан энергия алу үшін онымен арада міндетті түрде  «диалог» болу керек. 
Алдымен ағашқа арқаңызды немесе бетіңізді беріп, таза оймен күш-қуатын бөлісуді 
өтінген  дұрыс.  Сосын  бой-басыңызды  босатып,  өзіңізді  энергия  сіңіріп  жатырмын 
деп  есептеңіз.  Бұл  процедураны  ұйықтардан  екі-үш  сағат  бұрын  2-3  минут  ішінде 
орындау кеңес етіледі. Энергия алған соң, ағашқа алғыс айтуды ұмытпаған жөн. 
Бойыңыздағы  «қара»  энергиядан  құтылу  үшін  төмендегі  ағаштарды 
пайдаланған  дұрыс.  Оқтай  түзу  теректің  энергиясы  да  түзу  болып  келеді.  Оның 
көмегімен  бас  және  омыртқа  ауруынан  құтылуға  болады  деп  есептеледі.  Ол  үшін 
ауырған жерге бір айдай терек тақтайшасын қою кеңес етіледі. 
Арша  ағашының  емдік  қасиеті  қазақ  баласы  үшін  таңсық  емес.  Ауырған 
адамды,  үйді  аршаның  иісімен  аластап,  тазалайды.  Етті,  қымыз  пісетін  сабаны 
аршаның түтініне ыстайды. Құрғақ жөтелге аршаның түтіні бірден бір ем саналады. 
Көктерек  –  адам  бойынан  жаман  энергияны  жұлып  алуда  таптырмайтын  ең 
күшті  ағаш  саналады.  Ол  үшін  ағашқа  арқаңызды  тіреп,  15  минуттай  тұрғаныңыз 
дұрыс.  Қызылтал  адам  бойындағы  құрыс-тырысты,  бас  ауруын  жазады  делінеді. 
Шетен ағашы әлсіз саналғанмен, ол да адамға едәуір көмектеседі делінеді. 
Халық  арасында  қылтанақты,  тікенді  ағаш  адам  денсаулығына  жақсы  әсер 
етеді  деген  сенім  бар.  Емен  мен  қайың  қан  қысымын  төмендетеді,  сондықтан 
гипертониямен ауыратын адамдардың осы ағаштарға жақын жүргені жөн екен. 
Әр адамның өзіне сай ағашы бар. Астрологтардың айтуынша, әр адамның өзіне 
сай  ағашы,  ал  ағаштың  өзіндік  психологиялық  коды  болады.  Мәселен,  тоқты 
жұлдызындағылардың  ағашы  –  қарағай.  Торпақтарға  акация  ағашы  жарасады. 
Сондай-ақ  торпақтарға  емен  де  сай  келеді.  Бәрінен  де  сай  келетіні  –  шетен  ағашы. 
Бұл  ағаш  –  отбасындағы  бақыт  пен  тыныштықтың  символы,  кепілі.  Сондықтан 
ертеде үй маңына отырғызуға тырысқан. 
Егіздер  үшін  алмұрт  ағашынан  жақыны  жоқ.  Ал  шаян  шоқжұлдызында 
туғандарға  үйеңкі  ағашы  жақсы  көмектеседі.  Арыстандар  үшін  рухани  және  дене 
күшін сыйлауда емен ағашы лайық. Бикеш жұлдызында туғандарға алма ағашынан 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
81 
артығы жоқ. Таразыларға қайың ағашы сай келеді. Сарышаян жұлдызындағылардың 
ағашы – қарағай. Мергендерге қайың көмекке келеді. Тауешкілердің жанына шырша 
ағашы  жағады.  Суқұйғыштардың  энергиялық  көзі  қарағай  ағашында.  Балықтардың 
ағашы  –  тазалық  пен  пәктіктің,  нәзіктіктің  символы  саналатын  қайың  ағашы. 
Балықтар үшін тағы бір энергия көзі – көктерек. Емен мен қайың барлық жұлдызда 
туғандар үшін жағымды күй сыйлайды. 
Қысқасы,  ағаштар,  бізді  қоршаған  айналамыз  сияқты,  ғарыштан  үздіксіз 
энергия  аулайды,  оны  бойына  сіңіреді,  өзінде  сақтайды.  Адам  ағашпен  оңашада 
сырласқанда  биоэнергетикалық  алмасулар  жүреді.  Бұл  үдеріс  кезінде  ағаш  тек 
ғарыш пен адам арасында делдалдың қызметін атқаратынын ұмытпаған жөн. 
Ағаш  –  табиғаттың  тамаша  туындысы.  Ағаш  көп  өскен  жерді  халық  орман, 
тоғай деп атаған. Орман – тоғай – жан-жануарлардың, құстар мен жәндіктердің өмір 
сүретін ортасы. Тоғай ертеде адамның негізгі тұрақ жайы. Алғашқы адамдар ағашты 
тіршілігіне  қажет  материал  ретінде  пайдаланған.  Мысалы:  олар  аң  аулауға  қажет 
құрал-саймандарды аша таяқ, үшкір (ағаш, найза, қада, жебе т.б.) ағаштан жасады. 
Ағаш  табиғатта  өте  жиі  кездесетін  өсімдіктердің  бірі  болғандықтан,  адам 
өміріне тигізетін пайдасы көп, алар орны да бөлек. Ағашсыз құрылыс өз жұмысын 
бастай алмайды. Күнделікті тұрмыста қолданылатын заттардың көбісін осы ағаштан 
жасайды.  Басқа  шикізаттарға  қарағанда  әр  түрлі  мүліктер  жасауға  да  өте  қолайлы, 
тез  өңделетін  жұмсақ,  жаскүйінде  былқылдақ,  июге,  тоқуға,  ойып  шабуға  келгенде 
теңдесі жоқ материал. 
Емен, қайың, терек ағаштары тұрмыста кеңінен пайдаланылса, қызыл қайыңды 
жақсы табиғи суреттері болғандықтан үй мүліктерін жасауға қолданған. 
Алма,  акация,  ырғай,  алмұрт  ағаштарын  қолөнер  жұмыстарына  пайдаланған. 
Алма мен жаңғақ ағаштарынан – кебеже, сандық, жүк аяқ, қобдишалар жасаса, тал, 
қарағай, алма, арша, ағаштарын саз аспаптарын жасауға, терек, қарағай, үйеңкі, емен 
секілді  ағаш  түрлерін  көлемді  құрылыс  қажеттеріне  керекті  бұйымдар  жасауға 
пайдаланған. 
Ағаш  өңдеу  өнерінде  шеберлер  көп  құрал-саймандарды  қажет  етпеген.  Олар 
темір  ара,  балта,  шапа-шот,  бұрғы  секілді  негізгі  қарапайым  құралдарды 
пайдаланған.  Халық  шеберлері,  ұсталары  ағаштан  тек  үй  тұрмысына  қажетті 
бұйымдарды  ғана  жасап  қоймай,  оларды  әшекейлеуді,  безендіруді,  көркемдеп 
қашауды, шабуды және ағаш бетіне нақышты өрнектер салуды шебер игерді. 
Ағаш –  сабақтары  мен  тамырлары  сүректеніп  біткен,  өте  жақсы  жетілген  діңі 
бар,  биіктігі  2  метрден  кем  болмайтын  көп  жылдық  өсімдіктер.  Қазақстанда  өсетін 
ағаштардың  ең  биігі  50  метрден  аспайды  (қарағай,  шырша,  емен,  жөкеағаш,  т.б.). 
Дүние  жүзінде  ең  биік  ағаш  – Аустралия эукалиптісі  (биіктігі  140-150  м),  ең  жуан 
ағаш – Баобаб (диаметрі 4-12 м). 
Ағаш палеозой дәуірінің тас  көмір,  девон кезеңінен  бастап  (126  млн.  жыл 
бұрын),  мезозой дәуірінің  бор,  юра  (96  млн.  жыл  бұрын)  кезеңіне  дейін  ағашты 
өсімдіктер.  кейін  бірқатары  көп  жылдық,  одан  бір  жылдық  шөптесін  өсімдіктерге 
айналған. Жер бетінде климаттың өзгеруіне байланысты, ағашты өсімдіктердің даму 
циклы қысқаруда. Осыған байланысты олар шөптесін өсімдіктерге айналуда. 
Қазіргі  кезде  ағаштардың  осы  эволюциялық  бағыты  жалғасуда.  Олар  5  топқа 
(балғын,  жас,  толық  өсіп  жетілмеген,  толық  өсіп-жетілген,  көп  тұрып  қалған 
ағаштар) бөлінеді. Соңғы екі тобына жататын ағаштар ғана кесіледі. Ағашты кескен 
кезде  сүрегіндегі  шеңберлердің  санына  байланысты  жасын  анықтайды. 
Жапырағының  ішкі  құрылысы  мен  сыртқы  түріне  қарап  ағаштарды  түрге  бөледі: 
қалқан  жапырақты  (шырша,  қарағай);  жапырақты  ағаш  (қайың,  терек).  Ағаш  ішкі 
құрылымы  (талшықтарының  ұзындығы,  қалыңдығы)  мен  физикалық-механикалық 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
82 
қасиеттеріне (көлемдік салмағы – бұл көрсеткіш неғұрлым көп болса, механикалық 
қасиеттері жоғары болады) байланысты пайдаланылады. 
Қазақстанда өсетін  ағаштардың  техникалық  қасиеттері  жақсы  зерттелген. 
Ағаш – адамның күнкөріс қарекеті мен рухани өмірде ерекше орын алатын табиғат 
нысаны. Анимистік дүниетанымға байланысты туындаған наным-сенімдер бойынша 
ағаштарда жаны бар тіршілік иесі. Әлемнің көптеген  халықтары ағашты қастерлеп, 
табынған. 
Саян-Алтайдағы  түрік  халықтары  ағашқа  құрбандық  шалып,  сан  түрлі  жора-
жосындар  атқарады.  Олардың  ағашты  ерекше  қастерлеуі  орманды  өлкенің 
тұрғындары болғандығымен байланысты болса керек. Мысалы, иркит руы өздерінің 
әкесі  –  ырғай,  анасы  –  қайық  деп  санайды.  Ал  қазақта қыпшақ  руының арғы  тегі 
ағашпен  байланысты  айтылатыны  белгілі.  Иенде  өскен  жалғыз  ағашты  қасиетті 
ағаш, шығыс қазақтары сетер ағаш немесе көбіне тал кездесетіндіктен сетер тал деп 
атайды. 
Қазақ наным-сенімі бойынша әулие адамның табаны тиген жерде өскен немесе 
әулиенің көлеңкесі түскен ағаш қасиетті шашқа айналады екен. Қазақ жапан далада 
жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санап, оны кеспейді, зақым 
келтірмейді,  тіптен  саясына  барып,  ұйықтамайды.  Әйтпесе  сол  ағаштай  сопиып 
жалғыз  қаласың,  ал  дүниеде  жалғыздықтан  өткен  жамандық  жоқ,  жанның 
құлазуынан асқан қорлық жоқ деседі. Жалғыз ағашты жалғыз қалудың нышаны деп 
қарайды. Топырақ үйілген төбенгіктер, құла түздегі жалғыз ағаш, шөл мекен далада 
бұтақтары  тарбиып  өскен  бұғалар  да  қасиетті  делінеді.  Сол  жерлерде  түнейді, 
шүберек байлайды. Әулие жатқан жер деп танып, мал сойып, тілеу тілейді. 
Қазақ  дәстүрінде жаңа  шыққан  көкті  жұлмайды,  ағаш  бүрлерін  үзбейді.  Көк 
шыбықты,  көк  өркенді  сындырмайды.  Өйткені  жас  өркеннің  бәрі  бақыттың 
бастамасы, барлық тірліктің қайнар көзі деп біледі. Көк жұлсақ көктей соласың деп 
ырымдалады.  Сондай-ақ  қазақ  дәстүрінде  қосарланып  өскен,  қатар  біткен  ағашты 
кеспейді.  Себебі  қосағыңнан  айырыласың,  қанатыңнан  қырқыласың  деп  тыйым 
еткен.  Яғни,  дүние  түгел  егізден  жаралған,  ал  егіздің  сыңарын  құлатқан  оңбайды, 
көңілі қапаланып, зарығып өтеді деп қатты ырымдайды. 
Қазақ  мифологиясында  бәйтерек  ғарыш  ағашты  ретінде  рәмізделеді. 
Бәйтеректің  шағын  үлгілері  бақан,  адалбақан,  таяқ,  асатаяқ  ғұрыптық  жосындарды 
атқаратын  киелі  құрал  қызметін  атқарады.  Бәйтерек  –  үш  әлемді  байланыстырушы 
дәнекер  ретінде  әспеттелінеді.  Қазақ  арасында  кең  тараған  адамның  жаны  киелі 
теректе сақталады деген ұғым бәлкім осы жайтқа байланысты қалыптасқан сияқты. 
Ол  туралы  мынадай  миф  бар:  «Рух  адамның  тәнін  өлерден  қырық  күн  бұрын 
тастайды.  Сөйтіп,  құсқа  (көгершінге)  айналып,  ұшып  барып,  бәйтеректің 
жапырағында  өз  адамының  есімі  жазылған  бұтаға  қонады.  Мұнда  адамның  аты 
жазылған қисапсыз жапырақтар көктеп-солып, алма-кезек ауысып тұрады. Жан адам 
өлгенде  шыбын  бейнесінде  денеден  шығып,  үй  ішінде  ұшып  жүреді.  Тек  қырық 
күннен кейін барып, үйді  біржолата тастайды. Бәйтеректің діңгегі арқылы әлгі  жал 
жерге түсіп, не жерге шығып жүреді де, мезгілі болғанда әйелдің құрсағына қонады, 
сөйтіп,  жаңа  өмір  пайда  болады.  Жануарлар  да,  өсімдіктер  де  дәл  осылай  өмipгe 
қайта келеді. 
Жапырағына  жан  орналасқан  осынау  киелі  терек  туралы  миф  түркі 
халықтарына кең таралған. Қазақта басқаша бір нұсқасы тағы бар. Онда:  «Жер мен 
көктің  кіндігінде  жападан  жалғыз  өскен  киелі  бәйтерек  бар.  Бұл  теректің  басы 
аспанмен, түп-тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бұл 
бәйтеректе жайқалып өскен әрбір жапырақ жер жүзінде жасаған әрбір адамның өмір 
тіршілігінің  нышаны,  жер  жүзінде  тіршілік  етіп  отырған  әрбір  адам  киелі  теректің 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
83 
жапырағы  жарылғанда  өмірге  келеді.  Жапырағы  жайқалып  өскенде  өсіп,  үлкейіп, 
кемеліне  келеді,  жапырағы  мезгілсіз  сарғайса,  қайғы-қасіретке  тап  болады. 
Жапырағы  солса,  қартаяды,  жапырағы  үзіліп,  жерге  түссе,  қазаға  ұшырайды»,  - 
дейді.  Бұл  сюжеттерде  әлем  ағашты,  яғни  ғаламның  вегетативті  моделі  көрініс 
тапқан. 
Қазақ  халқы  өзінің  өмір-салтын,  тұрмыс-тіршілігін,  кейбір  әрекетін  ағашқа 
теліп, ағаштарды адам бейнесіне енгізіп, сан түрлі аңыз-әңгіме шығарған. 
Бұл  мифтік  сюжеттер  қазақтың  байырғы  өмір  салтының  метафоралық  образы 
іспеттес. Расында да, ағаштардың сыртқы түр-тұрпаты, өсетін мекенінің ерекшелігі 
қазақтың  ежелгі  тіршілігін  еске  түсіреді.  Ұзын  қарағай  тәкаппар  адам,  мықшиған 
сексеуіл жазықсыз жапа шегуші, таста өсетін арша тасбауыр, қызыл тобылғы ұялшақ 
кейіпкерлер  ретінде  сомдалып,  халқымыздың  қалыңмал  төлеп  неке  салтының 
көріністері  айқын  бейнеленеді.  Осындай  мифтік  түсініктен  туған  ағаштардың 
араздығы мен татулығы, құдаласу сарыны  «Ағаш өлең» деп аталатын кейбір халық 
өлеңдері мен жұмбақ айтысқа да жиі арқау болады. 
Ертеде  дәстүрлі  ортада  ағаштың  тұрмыс  пен  шаруашылыққа  жарамдылығына 
қарай отындық  ағаш және кәделік  ағаш деп  екі  топқа  бөлген.  Ал,  ағаштардың  өсу, 
даму  сатысына  байланысты  да  екі  түрге  бөледі:  жас  ағаш  және  тіршілік  циклы 
аяқталуы  жақын кәрі  ағаш.  Балғын  жас  ағашты  кесуге  қазақтар  «көктей  соласың» 
деп  тыйым  салады.  Сондықтан  жас,  толық  өсіп  жетілмеген  ағашты  қажетіне  қарай 
ғана  кеседі.  Өсіп  жетілген  ағашты  шірімей,  құрт  жемей  тұрып  қажетке  жаратады. 
Кәрі қуарған ағашты жығып, шауып, отынға пайдаланған. 
Ағашты  кескен  кезде  сүрегіндегі  шеңберлердің  санына  қарап,  жасын 
анықтайды.  Ағаштың  таудың  теріскей  беткейіне  өскен  ағаш  діңінің  көлеңке 
(солтүстік)  жағындағысын  «ұрғашы  ағаш»  атайды.  Ондай  ағаштардың  бұтағы  жоқ, 
жылдық  сақиналары  жиі,  шайыры  аз  болғандықтан  «шешен»,  акустикалық  сипаты, 
яғни  дыбыс  өткізгіштік  қасиеті  жоғары  болады  дейді  шеберлер.  Саз  аспаптарының 
құлағын ырғай, тобылғы т.б. қатты ағаштардан әзірлейді. Ағаш шеберлері тәжірибе 
жүзінде кез келген ағаштың түп жағы берік болады деп санайды. 
Ағаштан бұйым жасағанда қазақ шеберлері әр ағашқа тән ерекшеліктерін, атап 
айтсақ,  ағаштың  қаттылығы,  салмағы,  тығыздығы,  иілгіштігі,  серпімділігі,  түсі, 
тұтқырлығы, жарылғыштығы, шайырлығы, дыбыс өткізгіштігі т.б. қасиеттерін басты 
назарда ұстайды. 
Сүрегі біркелкі ақ түсті, қатты ағаш қайыңнан үй ағашын, жиһаз, ер, ал оның 
безінен ыдыс, түрлі  ұсақ бұйымдар жасайды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа 
төзімді  болады.  Қайыңның  тозын  ыдыс,  құты  жасауға,  саз  аспаптарын  әсемдеуге 
пайдаланады. Өте қатты, тығыз, берік ағаш емен сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып 
келеді.  Тез  жарылғыш  келетіндіктен  баппен  кептірмесе,  өзегін  қуалай  шытынап, 
жарылып кетеді. Еменнен жасалған саз аспабы уақыт өте табиғи өрнектері ашылып, 
жалтырай түседі. 
Сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш терек бабымен кепсе жарылмайды, кепкен сайын 
киізденіп  қатая  түседі.  Одан  бұйым  жасағанда  өткір  сайманмен  өңдеп  қана  қояды. 
Иілгіш, сүрегі  ақ түсті, жұмсақ ағаш саналатын тал кебе келе қатайып, жеңілдейді. 
Өзекті,  сәмбі  талдан  киіз  үйдің  ағашына  таптырмайтын  ең  қолайлы  шикізат  деп 
саналады.  Тұт  ағашын  негізінде  жібек  құртын  өсіруге  пайдаланатындықтан:  «Тұт 
еккенің – құт еккенің», - деп бағалаған. Ол саз аспаптарын әзірлеуге ең тиімді ағашқа 
айналады. Ұзақ уақыт, тіптен бірнеше ғасыр өседі делінетін тұт ағашын шаппайды, 
тек  бұтақтарының  тармағын  орақпен  кесіп  алады.  Қатты  әрі  тығыз  ағаш  үйеңкінің 
сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
84 
Домбыраны  үйеңкіден  тұтас  шауып  немесе  құрап  әзірлеу  өте  қолайлы.  Алма, 
алмұрт, алхоры, жиде, шие, долана, өрік т.б. жеміс ағаштары қатты, тығыз, жылтыр 
болып  келетіндіктен, кәделік  ағашқа саналып,  бұйым  жасауға  жарамды  деп 
саналады.  Ағаштың  жапырақтары  мен  қабығы,  шайыры  жүн,  тері  бояуға,  тері 
илеуге,  қабықтыруға  пайдаланылған.  Қайыңның  жапырағы,  емен  мен  анар 
ағашының  қабығы,  таулы  өңірден  талдың  қабығынан  алынған  бояулар  ертеде  кең 
пайдаланылған.  Дәстүрлі  қазақы  ортада  аймақтың  экологиялық  жағдайына 
байланысты  күнделікті  тіршілік  ретінде  қарекетіне  ағаш  отын  пайдаланылған. 
Ағаштан отын дайындаудың салынды жинау, бұтақ теру, ағаш шабу, құлату тәрізді 
жолдары бар. 
Қарабұта  теріскей  бетте,  күнгейде  теріскен,  жирен,  жусан,  сарытабан,  ал  биік 
суық  жерде  қарағай,  қайың,  шөлейт  пен  құмды  өңірде  сексеуіл  отынға  жиі 
пайдаланылады.  Шетен,  жыңғыл,  сексеуілдің  қызуы  мол,  бұта-шілік,  балғын, 
баялыш,  тал  тамызыққа  ғана,  қызуы  мол  делінетін  қарағаш,  қарағай,  қайың,  емен, 
терек қыста үй жылытуға пайдаланылады. 
Жыңғылды  балтамен  шауып  алады.  Ал,  сексеуілді  қатты  томармен  отындық 
сексеуілді  ұрып  сындырып,  дайындайды.  Жыңғыл  мен  сексеуілді  күздің  аяғында, 
қыстың  басында  мол  етіп  жинайды.  Басқа  уақытта  жинаса,  құмдағы  тіршілік 
иелеріне  обал  деп  ырымдайды.  Қураған  ағаш,  сынып  түскен  бұтақты  тереді. 
Көктемде  тау  өзендерінің  кенересінен  асып  тасыған  кезде  ағыстан  жағаға  қарай 
шығып қалған, қураған, сынған бұтақтарды салынды деп атайды. 
Осыдан  200  млн.  жыл  бұрын  ашық  тұқымдылар  жер  бетiнде кең  таралған 
өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары 
жойылып  кеткен.  Қазақстанда  ашық  тұқымдылардан  шырша,  қарағай,  балқарағай, 
самырсын, арша, қылша туыстарының түрлерi өседi. 
Ашық  тұқымдылардың  бiздiң  елімізде  кең  таралғандарының  бiрi  –  қарағай 
туысы.  Қарағайдың  Қазақстанда  екi  түрi  кездеседi:  кәдiмгi  қарағай  және  сiбiр 
қарағайы. Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың 
бөрiкбасын  ормандарда  дiңiнiң  жоғарғы  ұшына  таман  кететiн  жанама  бұтақтары 
түзедi.  Сондықтан  қарағайлар  жарықты  жақсы  өткiзедi.  Қарағайлар  –  көп  күй 
толғамайтын өсiмдiктер. 
Кәдiмгi  қарағай  деген  түрi  құмды  жерлерде,  тауларда,  кейде  жалаңаш 
жартастарда  да  өседi.  Қарағайлардың  кiндiк  тамыры  жақсы  жетiледi  және  терең 
кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк тамырымен бiрге жанама тамыры да 
жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше қарағайлардың кiндiк тамыры нашар 
жетiледi. 
Қолайлы  жағдайда  қарағайлар  30-40  м  жетедi  және  350-400  жылдай  өмiр 
сүредi.  Қылқан  жапырақтылардың  сабағының  iшкi  құрылысы  бiртектес  келедi. 
Сабақтың  көп  бөлiгiн  сүрек  қабаты  алып  жатады.  Қабық  қабаты  мен  өзегi  нашар 
жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады. Олардың 
бiр  тобы  фотосинтез  үдерісінің  нәтижесiнде  өркендерде  түзiлген  органикалық 
заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. 
Ұлпалардың екiншi тобы тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды 
өркендерге  жеткiзедi.  Өзегi  қабықшалары  жұқа  дөңгелек    клеткалардан  тұрады. 
Қылқан жапырақтылардың дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде  шайыр 
жолдары  болады.  Қарағайларда  екi  түрлi  өркен  болады:  ұзарған  және  қысқарған 
өркендер. Ұзарған өркендер ұзындыққа шексiз өседi. 
Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары 
болады.  Олардың  қолтығында  қысқарған  өркендер  жетiледi.  Кәдiмгi  қарағайдың 
қысқарған  өркендерiнде  екiден  қоңырлау  –  жасыл  түстi,  қылқан  жапырақтары 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
85 
орналасады. Қылқандары 3-6 жыл өмiр сүредi, содан соң қысқарған өркенiмен бiрге 
түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi-екiден бiрiккен болады. 
Қылқандары  жiңiшке  ұзын  келедi.  Олардың  сыртын  қатты  қабықша  жауып 
тұрады.  Сондықтан  қарағайлар  суды  аз  буландырады  және  құрғақшылыққа  төзiмдi 
келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың 
тапшылығына  қарамастан  тiршiлiгiн  тоқтатпайды.  Қыс  кезiнде  қылқандарын 
тастамайды. 
Қылқан жапырақты ағаштардың көп тарағандарының бiрi – шырша. Шыршалы 
орман ТМД аумағында үлкен кеңiстiктi  алып жатыр. Сiбiрде шырша самырсынмен 
қосылып, қылқанжапырақты көлеңкелi орман түзедi. Мұндай ормандарды жартылай 
қараңғылық  басып  тұрады.  Бұл  жерде  ағаштардың  бөрiкбастары  бiр-бiрiмен 
түйiскен. Көлеңкелi орманда бұталар мүлдем болмайды, ал шөптесiн өсiмдiктер өте 
аз  кездеседi.  Топырақтың  бетiн  жасыл  мүктер  немесе  жерге  түскен  қылқандардан 
тұратын төсенiштер жауып тұрады. 
Шырша  қарағайдан  сыртқы  түрiмен  оңай  ажыратылады  және  төзiмдi  келедi. 
Қоректiк  заттарға  бай,  ылғалдығы  жоғары  топырақта  өседi.  Шыршаның  кiндiк 
тамыры  нашар  жетiлген.  Жанама  тамырлары  жердiң  бетiне  жақын  жатады, 
сондықтан  да  оны  жел  тамырларымен  қопарып,  аударып  тастайды.  Шырша  ағашы 
250 жылға дейiн жасайды және биiктiгi 40 метрден астам болады. 
Шыршаның  бөрiкбасы  пирамидаға  ұқсас.  Шыраның  қысқа  және  үшкiр 
қылқандары,  бұтақтардың  сыртын  жауып  тұрады  және  5-7  жылға  дейiн  түспейдi. 
Жапырақтары қылқан түрiнде болатын өсiмдiктердi қылқанжапырақтар деп атайды. 
Оларға  самырсын,  балқарағай,  сiбiр  самырсыны,  арша,  тис  және  тағы  басқалар 
жатады. 
Балқарағайдың  қылқандары  жыл  сайын  күзде  түседi.  Бұл  жағынан  ол 
жапырақтары  түсiп  отыратын  ағаштарға  ұқсас.  Балқарағай  Сiбiрде  көп  таралған 
және  үлкен  алқапты  алып  жататын  орман  түзедi.  Қылқанжапырақтылардың  iшiнде 
кiшiлеу   ағаштар  немесе  бұталар  болады.  Оларға  кәдiмгi  аршаны  жатқыза  аламыз. 
Оның  жапырақтары  ине  тәрiздi,  тiкенектi.  Бүрлерi  жасыл  түстi,  сыртын  балауыз 
басқан,  шырынды  жемiске  ұқсайды.  Ашық  тұқымдылардың  iшiнде  шөптесiн 
өсiмдiктер жоқ. 
Ашық  тұқымдыларда  қарақайдың  көбеюiн  қарастырайық.  Қарағай  барлық 
ашық  тұқымдылар  секiлдi  тұқымы  арқылы  көбейедi.  Қарағайдың  ашылған  аналық 
бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады.  Және олар ашық 
жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық 
тұқымды өсiмдiктерге жатқызады. 
Қарағайдың  тұқымы  қалай  пайда  болатынын  қарастырайық.  Көктемде 
қарғайдың  жас  бұтақтарында  екi  түрлi:  аталық  және  аналық  бүрлер  пайда  болады. 
Аталық  бүрлер  сарғылт  жасыл  түстi  болады  және  жас  өркендерiнiң  түп  жағына 
тығыз  топтасып  орналасады.  Аналық  бүрлер  қызғылттау  түстi  болады  және 
жалғыздан орналасады. 
Аталық  бүр  өстен  және  оған  тығыз  орналасқан  қабыршақтардан  тұрады.  Осы 
қабыршақтардың  қолтықтарында  екiден  тозаң  қабы  орналасады.  Тозаң  қабының 
iшiнде  көптеген  екi  клеткалы  тозаңдар  жетiледi.  Әрбiр  тозаңның  екiден  ауа  қуысы 
болады.  Мұндай  тозаңдарды  жел  аналық  бүрдiң  тұқым  бүршiгiне  оңай  жеткiзедi. 
Аналық  бүрлерi  де  сол  ағашта  дамиды.  Олар  жас  бұтақтардың  жоғары  ұштарында 
бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы жабындық 
қабыршақтар,  астында  тұқымдық  қабыршақтар  орналасады.  Осы  тұқымдық 
қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда болады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
86 
Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы жыртылуының 
нәтижесiнде  сыртқа  шашылады.  Оларды  жел  алып  кетедi.  Тозаңдануын 
тұқымбүршiгiнiң 
саңылауына 
келiп 
түскен 
тозаң 
жүзеге 
асырады. 
Тұқымбүрi   тозаңданғаннан  кейiн  аналық  бүрдiң  қабыршақтары  бiрiгiп,  шайырмен 
желiмделiнедi.  Тозаңдарда  аталық,  ал  тұқымбүршiктерiнде  аналық  жыныс 
клеткалары  жетiледi.  Ұрықтану  тұқымбұршiктерiнде  жүзеге  асады.  Ұрықтанған 
аналық  жыныс  кеткаларынан  ұрық,  ал  тұқымбүршiгiнен  тұқым  пайда  болады. 
Осыдан  кейiн  аналық  бүрдiң  көлемi  ұлғайып  қайтадан  сүректенедi.  Алғашқы 
кездерде  аналық  бүрлердiң  түсi  жасыл  болады,  кейiнiрек  қоңырқай  тартады. 
Қарағайдың  тұқымдары  тозаңданған  уақыттан  бiр  жарым  жыл  өткен  соң  пiсiп 
жетiледi.  Бiрақ  бүрден  екi  жылдан  кейiн  шашылады.  Ашық  тұқымдылардың 
тұқымдарында  артық  қор  заттарын  жинайтын  ұлпа  болады.  Ол  ұрықты  қоршап 
тұрады. 
Қарағай  тұқымының  жұқа  жарғақ  қанатшалары  болады,  солар  арқылы  олар 
желмен таралады. Бiрақ кейбiр қарағай тұқымдарында қанатшалар кездеспейдi. Сiбiр 
қарағайының (самырсын қарағайының) тұқымын самырсын жаңғақшасы деп атайды. 
Кәдiмгi қарағайдың бүрiнiң мөлшерi онша үлкен болмайды, оның ұзындығы 4-
5  сантиметрден  аспайды.  Шыршаның  бүрi  үлкен  болады  және  оның  ұзындығы  4-5 
сантиметрден  аспайды.  Шыршаның  бүрi  үлкен  болады  және  оның  ұзындығы  10-15 
сантиметрге  жетедi.  Шыршаның  тұқымбүршiгiндегi  тұқымдары  шашылып  жел 
арқылы  оңай  таралады.  Келешегiнде  осы  тұқымдардан  жас  қарағай  өсiмдiгi  пайда 
болады. 
Біздің  мемлекетіміз  «жасыл»  экономикаға  ауысу  саласындағы  саясатты 
белсенді  жүргізіп  жатқанда,  біз  осы  үдерістің  бөлігі  ретінде қазірден  бастап  «таза» 
болашақты  құруға  қадамдар  жасай  аламыз.  Көпшілігіміз  олардың  үлесі  ештеңе 
білдірмейді,  бұл  табиғатты  қорғауға  жатпайды  деп  санаймыз.  Біздің  әрқайсымыз 
қоршаған  ортаны  қорғау  ісіне  өз  үлесін  қоса  аламыз.  Және  сенің  үлесің  теңіздегі 
тамшы  болады  деп  ойлау  қажет  емес.  Күн  сайын  біз  әлемді  тазартып,  жақсарта 
аламыз. 
Сол себепті біз бүгіннен бастап  «таза» болашақты қалай құруға болатындығы 
туралы ұсыныстардың кішігірім тізімін құрдық: 
- Әрбір бала ерте көктемде он түп ағаш отырғызуы керек
- Отырғызылған әрбір ағашқа ерекше күтім жасау қажет; 
- Үйге, аулаға, мектепке гүл егіп, оны баптау керек; 
- Мерекелерде ыдыстағы гүлдерді сыйлау керек; 
- Туған жерімізді гүлдендіруіміз қажет. 
Ал, достар, ағаштарды аялап, оларды көбейтуді қолға алайық. Себебі ағаштар 
ғаламшарымыздың 
өкпесі 
болып 
табылады. 
Жер-Анамыздың 
тынысын 
тарылтпайық, достар. Әрбір бала жылда он ағаш егіп, оны күтіп, аялап, өсірсе, үлкен 
жұмысты бітірген болады. 

1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал