№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015



жүктеу 5.11 Kb.

бет1/20
Дата09.01.2017
өлшемі5.11 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

Жас ғалымдар жаршысы
 
Вестник молодых ученых
 
Messenger of young scientist 
 
ғылыми журнал
 
• научный журнал
 

 scientific journal 
 
№№
1-12(92-103), 
қаңтар
-
желтоқсан
, 2015 
жыл
 
 
Журналдың негізі «Жас зерттеуші –
 
Молодой исследователь»
 
деген атпен
 
2007 жылдың шілдесінде қаланып, 2010 жылдың сәуірінде қайта есепке алынған •  
Журнал основан в
 
июле
 
2007 года
 
под названием «Жас зерттеуші –
 
Молодой исследователь»
 
и поставлен на переучет в апреле
 
2010 года
 
 
«Білім», «Гуманитарлық ғылымдар», «Құқық», «Өнер», «Әлеуметтік ғылымдар», 
«Экономика және бизнес» және «Қызмет көрсету» бағыттары бойынша 
қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы іргелі және қолданбалы 
зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша ғылыми еңбектер жарияланады. 
 
Бас редактор 
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, филол.ғ.к., доцент 
Ғылыми редактор 
Ләззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр 
 
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі 
Ақпарат және мұрағат комитетінің бұқаралық ақпарат құралын есепке қою туралы 
17.07.2007 ж. №8495-Ж, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат 
министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің мерзімді баспасөз басылымдарын 
және (немесе) ақпарат агенттіктерін есепке алу туралы 14.04.2010 ж. №10843-Ж, 
20.12.2010 ж. №11302-Ж, 07.03.2013 ж. №13433-Ж куәліктері берілген. 
 
Меншік иесі және баспагер: 
«Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы. 
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында баспа ретінде тіркелген. 
Халықаралық тіркеу коды 978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013ж.  
 
Журналды тарату аумағы: 
Қазақстан Республикасы, жақын және алыс шетелдер 
 
Журналдың тілі: қазақша, орысша, ағылшынша, испанша, 
қытайша, арабша, французша және түрікше 
 
Мекен-жайымыз: 
010010, Қазақстан, Астана қаласы, А. Янушкевич көшесі, №4 үй, №213 бөлме 
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 
 
Жазылу индексі: 74644 
 
Біздің сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz 
 
© «Зерттеуші» Республикалық ғылыми-білім беру орталығы, 
№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, 2015 ж. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

Жас ғалымдар жаршысы
 
Вестник молодых ученых
 
Messenger of young scientist 
 
ғылыми журнал
 
• научный журнал
 

 scientific journal 
 
№№
1-12(92-103), 
январь
-
декабрь
, 2015 
год
 
 
Журналдың негізі «Жас зерттеуші –
 
Молодой исследователь»
 
деген атпен
 
2007 жылдың шілдесінде қаланып, 2010 жылдың сәуірінде қайта есепке алынған •  
Журнал основан в июле 2007 года под названием «Жас зерттеуші –
 
Молодой исследователь» и поставлен на переучет в апреле 2010 года
 
 
Публикуются научные работы по актуальным проблемам фундаментальных 
и прикладных исследований в области общественных и гуманитарных наук 
по направлениям: «Образование», «Гуманитарные науки», «Право», 
«Искусство», «Социальные науки», «Экономика и бизнес» и «Услуги». 
 
Главный редактор 
Мырзантай Қожабайұлы ЖАҚЫП, к.филол.н., доцент 
 
Научный редактор 
Ләззат Байқоңырқызы БАЙБОЛАТ, магистр 
 
Выданы свидетельства о постановке на учет средства массовой информации 
за №8495-Ж от 17.07.2007 г. Комитета информации и архивов Министерства 
культуры, информации и спорта Республики Казахстан, о постановке на учет 
периодического печатного издания и (или) информационного агентства №10843-Ж, 
14.04.2010 г., №11302-Ж от 20.12.2010 г., №№13433-Ж от 07.03.2013 г. Комитета 
информации и архивов Министерства связи и информации Республики Казахстан 
 
Собственник и издатель: 
Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші». 
Зарегистрирован в Национальной государственной книжной палате РК 
как издающая организация. Международный регистрационный код 
978-601-7440. Сертификат №278, 28.03.2013г. 
 
Территория распространения: 
Республика Казахстан, ближнее и дальнее зарубежье 
 
Язык журнала: казахский, русский, английский, испанский, 
китайский, арабский, французский и турецкий 
 
Наш адрес: 
010010, Республика Казахстан, г. Астана, ул. А. Янушкевича, дом №4, комната №213 
Тел.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 
Индекс: 
74644
 
Наш сайт: http://zertteushi.kz. E-mail: info@zertteushi.kz 
© Республиканский научно-образовательный центр «Зерттеуші», 
№№1-12(92-103), январь-декабрь, 2015 г. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

Жас ғалымдар жаршысы
 
Вестник молодых ученых
 
Messenger of young scientist 
 
ғылыми журнал
 
• научный журнал
 

 scientific journal 
 
№№
1-12(92-103), 
January-December
, 2015 
год
 
 
Журналдың негізі «Жас зерттеуші –
 
Молодой исследователь»
 
деген атпен
 
2007 жылдың шілдесінде қаланып, 2010 жылдың сәуірінде қайта есепке алынған •  
The magazine was founded in July 2007 under the name 
«Jas zertteushі –
 
Young researcher
» 
and put on the re-registration in April 2010 
 
Published scientific papers on the issues of fundamental and applied research 
in the social sciences and humanities directions: «Education», «Humanities», «Right», 
«Аrt», «Social Science», «Economy and Business» and «Services». 
 
Editor in chief 
Myrzantay Kozhabayuly JAKYPOV, PhD, Associate Professor 
 
Scientific editor 
Lazzat Baykonyrkyzy BAYBOLAT, MA 
 
Issued a certificate of registration of mass media 
number of 8495-F of 17.07.2007, the Committee of Information and Archives 
Ministry of Culture, Information and Sport of the Republic of Kazakhstan, 
on the registration of a periodical and (or) news agency number 10843-Ж, 14.04.2010, 
№11302-Ж of 20.12.2010, 14.04.2010, №13433-Ж of 07.03.2013 the Committee 
of Information and Archives of the Ministry of Communications and information 
of the Republic of Kazakhstan 
 
Owner and publisher: 
Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі». 
Registered in the State National Book Chamber of the Republic of Kazakhstan 
as a publishing agency. International registration code 978-601-7440. 
Certificate №278, 28.03.2013 year. 
 
Distribution: 
Republic of Kazakhstan, CIS and other countries 
 
Language The magazine: Kazakh, Russian, English, Spanish, 
Chinese, Arabic, French, Turkish 
 
Our address is: 
010010, Republic of Kazakhstan, Astana, st. Yanushkevich, № 4, students home №1, №213 
 
Tel.: +7 701 397 17 13, +7 702 105 97 53 
 
Index: 74644 
 
Our website:
 http://zertteushi.kz. E-mail: 
info@zertteushi.kz
 
 
© Republican Scientific-Educational Center «Zertteushі», 
№№1-12(92-103), January-December, 2015. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

«ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРШЫСЫ – ВЕСТНИК МОЛОДЫХ 
УЧЕНЫХ – MESSENGER OF YOUNG SCIENTIST» 
ҒЫЛЫМИ ЖУРНАЛЫНЫҢ «БІЛІМ», «ЖУРНАЛИСТИКА», 
«ҚОҒАМДЫҚ БАЙЛАНЫС» ЖӘНЕ «САЯСАТТАНУ» 
СЕРИЯЛАРЫ БОЙЫНША РЕДАКЦИЯЛЫҚ АЛҚАСЫ 
 
Жолдасбекова Сауле Абдразаққызы – педагогика ғылымдарының 
докторы,  М.О.  Әуезов  атындағы  Оңтүстік  Қазақстан  мемлекеттік 
университеті  Жаратылыстану-педагогикалық  факультеті  «Кәсіби  оқыту 
теориясы  мен  әдістемесі»  кафедрасының  профессоры  (Шымкент, 
Қазақстан Республикасы) 
 
Манов  Борис  Филипов  –  философия  докторы,  Н.  Рильский 
атындағы 
Оңтүстік-батыс 
университеті 
Философия 
факультеті 
Философиялық және саяси пәндер кафедрасының доценті (Благоевград, 
Болгария Республикасы) 
 
Нұртазина  Роза  Әутәліпқызы  –  саяси  ғылымдардың  докторы, 
Л.Н.  Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті  журналистика 
және  саясаттану  факультеті  саясаттану  кафедрасының  профессоры 
(Астана, Қазақстан Республикасы) 
 
Сандыбаев  Жалғас  Садуахасович  –  философия  ғылымдарының 
кандидаты,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 
Мемлекеттік  басқару  академиясы  Мемлекеттік  саясаттың  ұлттық 
мектебі  Әлеуметтік  саясат  кафедрасының  доценті,  Астана  қаласының 
Дін 
істері 
департаментінің 
сарапшысы 
(Астана, 
Қазақстан 
Республикасы) 
 
Федоров  Александр  Викторович  –  педагогика  ғылымдарының 
докторы,  профессор,  А.П.  Чехов  атындағы  Таганрог  институты 
директорының 
ғылыми 
жұмыс 
жөніндегі 
орынбасары, 
«Медиаобразование»  журналының  бас  редакторы,  Ресей  Федерациясы 
Президенті  жанындағы  Ресей  экономикасын  жаңғырту  және 
технологиялық  дамыту  жөніндегі  Комиссия  жобалары  бойынша  РФ 
Үкіметі  жанындағы  Талдау  орталығының  сарапшысы,  РФ  Білім  және 
ғылым  министрлігінің  сарапшысы,  Еуропалық  одақтың  Еуропалық 
медиабілім беру және медиасауаттылық жөніндегі EMEDUS жобасының 
сарапшысы,  Ресей  кинематографтар  Одағының  мүшесі,  Ресей 
кинематограф өнері және ғылымдары Ұлттық академиясының академигі 
(Таганрог, Ресей Федерациясы) 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

РЕДАКЦИОННАЯ КОЛЛЕГИЯ НАУЧНОГО ЖУРНАЛА 
«ЖАС ҒАЛЫМДАР ЖАРШЫСЫ – ВЕСТНИК МОЛОДЫХ 
УЧЕНЫХ – MESSENGER OF YOUNG SCIENTIST» 
ПО СЕРИЯМ «ОБРАЗОВАНИЕ», «ЖУРНАЛИСТИКА», 
«СВЯЗЬ С ОБЩЕСТВЕННОСТЬЮ» И «ПОЛИТОЛОГИЯ» 
 
Жолдасбекова  Сауле  Абдразаковна  –  доктор  педагогических 
наук,  профессор  кафедры  «Теория  и  методика  профессионального 
обучения» 
Естественно-педагогического 
факультета 
Южно-
Казахстанского  государственного  университета  имени  М.О.  Ауезова 
(Шымкент, Республика Казахстан) 
 
Манов  Борис  Филипов  –  доктор  философии,  доцент  кафедры 
Философские  и  политические  науки  Философского  факультета  Юго-
западного  университета  имени  Н.  Рильского  (Благоевград,  Республика 
Болгария) 
 
Нуртазина  Роза  Ауталиповна  –  доктор  политических  наук, 
профессор  кафедры  политологии  факультета  журналистики  и 
политологии  Евразийского  национального  университета  имени  Л.Н. 
Гумилева (Астана, Республика Казахстан) 
 
Сандыбаев Жалгас Садуахасович  – кандидат философских наук, 
доцент  кафедры  «Социальная  политика»  Национальной  школы 
государственной политики Академии государственного управления при 
Президенте  Республики  Казахстан,  эксперт  Департамента  по  делам 
религий города Астаны (Астана, Республика Казахстан) 
 
Федоров  Александр  Викторович  –  доктор  педагогических  наук, 
профессор, зам. директора по научной работе Таганрогского  института 
им.  А.П.  Чехова,  главный  редактор  журнала  «Медиаобразование», 
эксперт Аналитического  центра  при  Правительстве  РФ  по проектам 
Комиссии  при  Президенте  Российской  Федерации  по  модернизации  и 
технологическому  развитию  экономики  России,  эксперт  Министерства 
образования  и  науки  РФ,  эксперт  Европейского  проекта  по 
медиаобразованию  и  медиаграмотности  EMEDUS  Европейского  союза, 
член  Союза  кинематографистов  России,  академик  Национальной 
академии  кинематографических  искусств  и  наук  России  (Таганрог, 
Российская Федерация) 
 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

THE EDITORIAL BOARD OF THE SCIENTIFIC JOURNAL 
«ŽAS ĠALYMDAR ŽARŠYSY – VESTNIK MOLODYH 
UČENYH – MESSENGER OF YOUNG SCIENTIST» 
ON THE SERIES «EDUCATION», «JOURNALISM», 
«PUBLIC RELATIONS» AND «POLITICAL SCIENCE» 
 
Zholdasbekov Saule Abdrazakovna – Doctor of Pedagogical 
Sciences, Professor (Shymkent, Kazakhstan) 
 
Manoff  Boris  Filipov  –  Ph.D.,  Associate  Professor 
(Blagoevgrad, Bulgaria) 
 
Nurtazina  Rosa  Autalipovna  –  Doctor  of  Political  Sciences, 
Professor (Astana, Kazakhstan) 
 
Sandybaev  Zhalgas  Saduahasovich  –  Ph.D.,  Associate 
Professor (Astana, Kazakhstan) 
 
Fedorov  Alexander  Victorovich  –  Doctor  of  Pedagogical 
Sciences, Professor (Taganrog, Russia) 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

БІЛІМ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ – 
ОБРАЗОВАНИЕ И ЕСТЕСТВЕННЫЕ НАУКИ 
 
ӘОЖ 331.45 
МЕНДИГАЛИЕВА Индира Кадыргалиевна, 
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті 
Машиналарды пайдалану және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі кафедрасының 
2 курс магистранты, Орал қаласы, Батыс Қазақстан облысы, 
Қазақстан Республикасы 
 
Ғылыми жетекшісі: КУБАШЕВА Жанна Кайржановна, 
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық университеті 
Машиналарды пайдалану және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі кафедрасының 
доценті, техника ғылымдарының кандидаты, Орал қаласы, 
Батыс Қазақстан облысы, Қазақстан Республикасы 
 
МҰНАЙ-ГАЗ КЕШЕНІНІҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ӘСЕРІ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН 
ОРТАНЫ ҚОРҒАУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 
 
Аңдатпа 
Мақаланың мақсаты – магистрлік диссертация тақырыбы аясында мұнай және 
газ 
кешендерінің 
қоршаған 
ортаға 
әсері, 
қалдықтардың 
экологиялық 
проблемаларына  тоқтала  отырып  және  қоршаған  ортаны  қорғауды  жетілдіру 
жолдарын қарастыру. 
Кілт  сөздер:  қоршаған  ортаны  қорғау,  мұнай  қалдықтары,  ластаушы  шлам, 
ілеспе газ. 
Еліміздің  экономикалық-әлеуметтік  дамуында  мұнай-газ  кешенінің  алар  орны 
ерекше. Өйткені мұнай мен газ өндіру, өнім шығарып сату – еліміздің экономикалық 
қуатын арттырып, халықтың тұрмыстық деңгейін жақсартуға тікелей әсер етеді. 
Алайда пайдасымен қатар зияны қоса жүретін мұнай-газ өндірісінің қоршаған 
ортаға  тигізер  әсері  де  аз  емес.  Мұнай  және  газ  секторының  арқасында  қарқынды 
өсіп  келе  жатқан  Қазақстан  экономикасы  біршама  экологиялық  қиындықтар 
туындатты. Мұнай өндірудің жылдам өсуі және сәйкесінше мұнай-газды өңдеу мен 
тасымалдаудың,  температура  мен  жылдамдықтардың  жаңа  физикалық-химиялық 
тәсілдерінің  кеңінен  қолдану,  қуаттылығы  үлкен  технологияларды  орналастыру, 
экологиялық  тез  зақымданатын  аудандарда  трансконтиненталды  мұнай-газ 
құбырларын  құру,  мұнай-газ  өндіретін  ұңғымалар  құрылысы  қоршаған  ортаның 
ластануына апарып соқтырады. 
Соңғы уақытта кейбір оңтайлы өзгерістердің болғанына қарамастан, мұнай мен 
газ  өндіру  кезіндегі  ластану  орын  алып,  мәселеге  айналып  отыр.  Көмірсутек  кен 
орындарын  барлау  мен  игеру  кезінде  500-800  метр  радиустағы  өсімдік 
жамылғысының 70-80 пайызы жойылады. Мұнай өндіру үдерісі кезінде атмосфераға 
шығарылатын  қалдықтар  мен  төгілетін  мұнай  ең  үлкен  залал  келтіреді.  Қоршаған 
орта  мен  денсаулығына  қатысты  ең  басты  проблемалардың  бірі  –  мұнай  өндіру 
кезінде  ілеспелі  газдың  көптеп  бөлініп  шығуы  Қазақстанда  жылына  800  миллион 
текше  метрден  астам  ілеспелі  газ  жанып  шығады.  Мұнайдың  төгілуіне  тотығу, 
құрылыс  және  монтаж  жұмыстары  кезіндегі  ақаулар  себеп  болады.  Оның  үстіне 
қазақстандық  ішкі  тасымал  құбырларының  ешқайсысында  мұнай  төгілу  апатының 
алдын алатын сенімді төтенше жағдай жүйесі жоқ. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

Есептеулерге сәйкес, жыл сайын мұнай кен орындары орналасқан және мұнай 
құбырлары  тартылған  аймақтардың  1  шаршы  шақырымына  шаққанда  0,02  тонна 
мұнай  сыртқа  ағып  кетеді  екен.  Қазақстанның  мұнай  және  газ  саласындағы 
экологиялық проблемалардың ең бастылары мыналар: 
- Құрамында қоршаған орта мен адам денсаулығына зиянды күкіртті газ, күкірт 
қостотығы,  күкіртті  көміртегі  және  басқа  да  сульфидтер  мен  қоскүкіртті  қоспалар 
бар  біршама  тереңдікте  жатқан  «тұзасты»  шөгінділердің  (Қарашығанақ,  Жаңажол, 
Теңіз және өзге де кен орындары) игерілуі; 
-  Сусыздандыру  және  минералсыздандыру  кезінде  бөлінетін  ілеспе  газдар, 
сулар,  ең  соңғы  және  өзге  де  қалдықтар,  сондай-ақ  миллиондаған  күкіртті  қалдық 
үйінділері  құрамында  болатын  техникалық  және  технологиялық  қалдықтардың  көп 
көлемде шығарылуы; 
-  Шикі  мұнайдың  Каспий  теңізі  бассейнінде  өндірілуі.  Су  асты  бұрғылау 
жұмыстарының  жүргізілуі  апаттарға  соқтырып  (күкіртті  көміртегінің  ауаға  шығып 
кетуі және мұнайдың төгіліп кетуі сияқты жағдайлар), теңізге, теңіз жағасына орасан 
зор нұқсан келтіріп, аймақтың тірі организмдерін уландыруы. 
2000-ші жылы мұнай саласындағы игеру жұмыстарына Маңғыстау облысының 
2300 га жері берілді. Соның 134 гектарына ғана сауықтыру шаралары қолға алынды. 
Өндірістік  қолданысқа  берілген  жердің  басым  көпшілігі  «Теңізшевройл» 
компаниясына  тиесілі  «Құлсарымұнай»  және  «Прорванефть»  кен  орындарының 
үлесіне тиеді. 
Жер  ластануының  басты  көздері:  -  Тасымалдау,  бұрғылау  және  құрылыс 
кезінде  аса  қуатты  және  зардап  келтіруі  мүмкін  ескі  қондырғылар  мен  құрал-
жабдықтардың  пайдалануы;  -  Шикізат  тасымалына  арналған  тасымалдау  жүйесінің 
үнемі  жалғанып,  кеңейтіліп  отыруы;  -  Мұнай  кен  орындарында  қолданылатын 
қондырғылар  мен  тасымал  құралдарының  талапқа  сай  еместігі;  -  Мұнай  және 
бұрғылаудан  қалған  шөгінділердің  жиналуы;  -  Күкіртті  сутегі  қышқылдың  шикізат 
құрамында  деңгейі  жоғары  болуы;  -  Мұнайдың  төгілуі;  -  Су  қоймаларының  және 
жер асты суларының қалдықтармен және дизель отынымен ластанып отыратыны [1]. 
Мұнай  және  газ  өндірісі  орналасқан  аймақтардағы  қоршаған  орта 
проблемалары  2000-шы  жылы  қоршаған  ортаны  қорғау  шараларына  алғаш  шолу 
жасалғалы  бергі  уақытта  барған  сайын  ушыға  түсті.  Жерде  және  теңізде  жаңа 
кеніштердің  өндіріле  бастап,  мұнай-газ  құбырларының,  жолдардың,  темір 
жолдарының,  мұнай  мен  газды  өңдеу  зауыттарының  салынуы  қоршаған  ортаны 
біртіндеп ластай берді. 
Бұл  ұзақ  мерзімде  жинала  келіп,  ауа,  су,  топырақ  жамылғысын,  сондай-ақ 
жануарлар  мен  өсімдік  әлеміне  үлкен  нұқсан  келтіре  отырып,  адам  ағзасына  да 
зиянын  тигізеді.  Осылайша  мұнай  және  газ  өндірісі  қоршаған  ортаны  және  оның 
жеке обьектілерін ластауда аса қауіптілерге жатады [2]. 
Қазақстан осыдан 10-15 жыл бұрын мұнай өндіруде экономика мен әлеуметтік 
жағдайды оңалтуды алға қойса, бүгінгі таңда экологияны да қолға алуда. «Ластаушы 
төлесін»  деген  мағынада  қолға  алынған  принцип  ретінде    шекті  рұқсат  деңгейінен 
асырып  табиғатқа  зиян  келтірген  өндірушілер  мемлекетке  салық  төлеуде.  Өндіру 
мен  өңдеу  аймақтарына  экологиялық  консервациялауға,  мониторингке  және 
бақылауға қаржы да, көңіл де бөлініп жатыр. 
Әйтсе  де  мұнай  мен  газдың  қоршаған  ортаға  тигізіп  жатқан  зияны  азайып, 
тыйылар  емес.  Оған  дәлел:  төтенше  жағдайлар  министрлігінің  аумақтық 
бөлімшелері  мұнай-газ  өндіру  өнеркәсібі  объектілерінде  2012  жылы  бақылаудағы 
кәсіпорындарға  358  тексеру  жүргізді.  Тексеру  барысында  2882  өнеркәсіптік 
қауіпсіздік нормаларының талаптарын бұзушылық анықталды. 44 объекті тоқтатылды. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 

Бұзушылыққа  жол  бергені  үшін  бақылаудағы  кәсіпорындардың  246  жұмысшысы  жалпы 
сомасы 11664,01 мың теңгеге жауапкершілікке тартылды. 
Көмірсутек  шикізатын  өндірумен  айналысатын  барлық  кәсіпорындарда  қызметі 
үшінші  тұлғаларға  зиян  келтіру  қаупімен  байланысты  объектілер  иелерінің  азаматтық-
құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға арналған шарттары бар. Сонымен қатар, оң 
сәттермен қатар, проблемалы мәселелер мен кемшіліктер де бар. 
Қазақстанның  мұнай-газ  саласындағы  проблемалардың  бірі  мұнай  және  газ 
ұңғымаларында бағанаралық қысымның (бұдан әрі  – БАҚ) болуы болып табылады. 
БАҚ  ұңғымаларды  басқару  бойынша  есептің  талдауы  жер  қойнауын 
пайдаланушылар 
БАҚ 
жою 
жөніндегі 
жұмысты 
толық 
көлемде 
орындаймайтындығын, ғылыми ұйымдармен өзара іс-әрекеттің жоқтығын көрсетеді. 
БАҚ  бар  ұңғымалар  саны  жылдан  жылға  артуда,  себебі  ұңғымалар  қоры 
тұрақты түрде ұлғаюда, ал одан бұрын бұрғыланған ұңғымалардың  қызмет  мерзімі 
20  жылдан  асқан.  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз»  АҚ,  «ҚазақойлАқтөбе»  ЖШС, 
«Қарашығанақ  Петролеум  Оперейтинг  б.в.»  ҚФ,  «Самек  Интернешнл»  ЖШС, 
«КоЖаН»  ЖШС,  «Эмбамұнайгаз»  АҚ,  «Жайықмұнай»  ЖШС  кеніштерінде 
бағанаралық қысымды ұңғыма санының артқанын атап өту қажет. 
Сондай-ақ,  Атырау  және  Маңғыстау  облыстарында  Каспий  теңізінің  су  басу 
аймағында  тұрған  және  су  басқан  ұңғымалар  техногендік  сипаттағы  төтенше 
жағдайлардың туындау қауіп-қатерін туғызып тұр [3].  
Солтүстік Каспий консорциумының теңіз кеніштерінде 42 ұңғыма бұрғыланды, 
олардың  ішінде  20-сы  пайдалануға  дайын  (D  аралында  –  12,  А  аралында  –  8),  11 
консервацияланған,  10  ұңғыма  жойылған,  1  ұңғыма  бұрғылау  шламын  айдауға 
арналған. 20 ұңғыма бұрғылау сатысында тұр: ЕРС-3 аралында – 6, ЕРС-2 аралында 
– 7, ЕРС-4 аралында – 7 ұңғыма. 
Каспий  теңізінің  Қазақстандық  секторында  Қашаған,  Ақтоты  және  Қайран 
кеніштерінде  бұрғыланған  БАҚ-ды  ұңғымаларды  пайдалануға  енгізу  үлкен 
алаңдатушылық тудырады. 
Қазақстанның  көптеген  мұнай-газ  кеніштерінде  өнім  өндіру  күрделі  жағдайда 
жүреді. Жабдықтар тозған және экономикалық тиімділігі төмен. Осыған байланысты 
күрделі  қаржы салуды  талап етеді. Бұл олардың бәсекеге қабілеттілігін, тиімділігін 
төмендетеді  және  мұнай  құятын  құбырлардың  ескіруі  мен  жабдықтар  жиі 
бұзылуынан  орын  алатын  мұнай  және  газ  қалдықтарының  шығу  жағдайларына 
байланысты  іргелес  аймақтардың  экологиясы  бұзылуына  соқтырады.  Мұнай-газ 
өндіруші  мұнай  компанияларда,  2011  жылы  алауларда  3  миллиардтан  астам  газ 
жанып кетсе, 2010 жылы 1,7 миллион жағылған. 
Мұнай-газ 
кешендерінде 
сұйық 
және 
қатты 
мұнай 
қалдықтарын 
залалсыздандыру  қажет,  зияны  аз  болу  үшін.  Шлам  жинаушы  құрылғылармен 
төтенше заттарды сақтау амбарларындағы миллиондаған тонна мұнай қалдықтарына 
жыл  сайын  әлі  өңделмеген  «жаңа»  резервуарлардан  келетін  мұнай  қалдықтары 
қосылуда  [4].  Статистикалық  мәліметтер  бойынша  шлам  жинау  құрылғыларының 
үздіксіз жиналуының басты себебі, резервуарларды тиімсіз және ескі технологиялық 
жолмен  тазалау  нәтижесінде  іске  асады.  Осы  тұрғыдағы  мұнай  кеніштеріндегі  ірі 
төтенше жағдайлар, әлі де механикаландырылған немесе қол күшімен қалдықтарды 
залалсыздандырушы мекемелерге қиындық туғызып қана қоймай, қоршаған ортаны, 
жан-жануарды шексіз экологиялық шығынға ұшырататыны сөзсіз. 
Корытындылай  келе,  KMT  International  Inc,  компаниясы  МегаМАКС 
резервуарлардағы  мұнай  қалдықтары  және  амбарларды  сұйық  қалдықтардан 
тазалауға арналған мобильдік кешенін ұсынады. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
10 
Бүгінгі  таңда  бұл  технология  жақсы  зерттеліп,  әлемнің  30  түрлі 
мемлекеттерінде тиімді қолданылып келеді, соның ішінде Ресей Федерациясында 15 
жыл  бойы  жұмыс  істеп  келеді.  «МегаМАКС»  мобильдік  кешені  келесі  бөліктерден 
тұрады:  -  Негізгі    Процестік  Модуль;  -  «Үшфазалық»  центрифугадағы  фазобөлгіш 
модуль. 
«МегаМАКС»  кешенінінің  көмекші  қондырғылары:  -  Үлкен  резервуарлар 
тұнған  қалдықтарды  компактілі  жинауға  арналған,  жоғары  өнімділіктегі 
гидроприводты  құрастырмалы  –  Шлам  экстракторы;  -  Мұнай  шламдарын  соруға 
арналған  бустерлі  насос;  -  Шламжинағыштарды  тазалауға  арналған  понтонды 
(драга) қондырғысы; - Резервуарлардың қабырғалары мен төбелерін жууға арналған 
арнайы келтірмелі треногалы бұрамалы орбитальды қондырғылар. 
«МегаМАКС» кешені роботталған Пушка көмегімен мұнай қалдықтары тұнып 
қалған  орындардан  сапалы  және  тиімді  түрде  тазалау  жұмыстарын  жүргізеді. 
Басқару – дистанционды жүйеде жүреді. 
«МегаМАКС»  кешенінің  мұнай  резервуарлары  мен  шламжинағыштарды 
тазалау блок-сызбасы 1-сызбада көрсетілген. 
Жабдықтар.  «МегаМАКС»  резервуарлардағы  мұнай  қалдықтары  және 
амбарларды  сұйық  қалдықтардан  тазалауға  арналған  мобильдік  кешен  жууға 
пайдаланылатын  мұнайды  қыздырады,  содан  кейін  оны  қысыммен,  тазартылатын 
резервуарда  орналасқан  ерекше  құрылымды  жуғыш  форсункаларға  береді.  Кешен 
көмірсутектер буларының атмосфераға шығуына жол бермей, тұйық түйісі бойынша 
жұмыс жасайды. 
Артықшылықтар:  -  Резервуардың  ішінде  қызметкерлердің  болмауы  – 
қауіптерді  азайту;  -  Инертті  ортада  жұмыс  жасау  –  ең  жоғары  өрт  және  жарылыс 
қауіпсіздігі; - Кәдеге жаратуға шығындарды қысқарту; - Тазарту мерзімі және соған 
сәйкес  резервуарды  пайдаланудан  шығару  мерзімі  де  қысқа;  -  Көмірсутегі 
буларының  атмосфераға  барынша  аз  түсуі;  -  Химикаттарды  қолданусыз  тазарту;  - 
Резервуарды жуу қажеттілігі болған жағдайда процесс ең аз су мөлшерін талап етеді; 
-  Атмосфераға  зиянды  заттар  барынша  аз  шығарылады;  -  Резервуарлардың  ішінде 
қызметкерлердің жүретін уақыты барынша азаяды; - Газ құрамындағы мұнайдың 90-
95% пайызын шығарып алуға болады; - Трикантерде бөлініп алынған қатты фазада 
қождың бастапқы мөлшерінің небары 10% пайызы ғана болады; - Мұнай қожының 
құрамы өзгеріп отырған кезде де, өндіріс автоматтандырылған күйде үздіксіз жұмыс 
істейді. 
«МегаМАКС»  кешенінің  өндірістік  қауіпсіздігі:  -  Кешенде  тек  қана 
гидроприводты  қондырғылар  орнатылған;  -  Кешенде  резервуарды  тазалау 
барысындағы  ауа  атмосферасына  кететін    оттегінің,  жарылғыш  көмірсутекті 
заттардың,  төтенше  жағдайдағы  дабылы  резервуарларға  келетін  аралық 
концентрациялы  және  автоматты  түрде  тұнбалардың  іруінен  ыстық  сулардың 
айырылуы  қатаң  қадағаланады;  -  Кешенде  қондырғылардың  тұрақты  түрдегі 
жергіліктендірілуі 
оған 
қоса 
төтенше 
жағдайдағы 
резервуар 
ішіндегі 
қондырғылардың  жұмысы  барысында  тұнбаладың  іруінен  сақтану  мақсатында 
ыстық судың ажыратылуы автоматты түрде іске асады. 
Мұнай  қалдықтарын  залалсыздандырудың  термодесорбционды  жүйесі. 
Термодесорбционды жүйенің әр түрлі мұнай қалдықтарын жоятын мүмкіндігі бар: - 
Мұнай  қалдықтарының  қатты  фазалы  қалдықтарын  жою,  оның  ішінде  бірінші 
центрифугадан  өткізу  арқылы;  -  Төтенше  жағдайда  мұнай  және  мұнай 
қалдықтарымен  жердің  беткі  қабатын  ластау  барысында;  -  Резервуарлардың 
түбіндегі  қатты  немесе  тұнбалы  мұнай  қалдықтарын  тазалау  үшін  (мазут);  - 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
11 
Ұңғымалық  шламдар;  -  Мұнай  және  бөгде  заттарды  өңдеуге  пайдаланылған 
катализаторлар үшін. 
 
1 сурет 
Өнімді  өңдеу  температурасы  +1000°C  бұл  материалдың  толықтай 
залалсыздануына  мүмкіндік  береді.  Термодесорбциялық  өңдеу  барысындағы  екі 
деңгейлі өңдеу (өңделетін заттың ылғалдылығы жоғары болған кезде) осы процессті 
қарапайым  және  тиімді  қылады.  Осы  арқылы  бірінші  деңгейде  су  жойылып  (Holo-
Scru®), одан әрі көмірсутектер (Electric-Scru®) залалсызданады. 
Осындай  термодесорбцилық  жүйелер  20  жылдан  астам  уақыт  тұнбалы 
шламдар,  мазутталған  жер  қыртысы  мен  өңделінген  катализаторларды  термиялық 
залалсыздандыру барысында тиімді қолданылады [3]. 
Соңғы  уақытта  мұнай  өнімдерін  деструкциялау  үшін  биологиялық  әдіс  те 
кеңінен  пайдаланылуда.  Ол  түрлі  биопрепараттарды  қолдануға  негізделген  және 
артықшылығы  экологиялық  қауіпсіз  болады.  Ұсынылып  отырған  әдісте, 
технологиялық  қондырғылар,  жабдықтар  тікелей  мұнай  шламдары  орналасқан 
орындарда қолданылады және энергетикалық шығындарды талап етпейді, сондықтан 
бұл әдістің болашағы зор. 
Қазіргі кезде, мұнаймен ластануға қарсы күресте микробиологиялық әдістерді 
ойлап табу барысында  биоценатты комплекстер шығару  үшін мұнай тотықтырушы 
микроорганизмдердің аборигенді штамдарын сұрыптап алу мүмкіндігі бар. 
Микробиологиялық тазалау екі бағытта жүреді: 
-  аборигенді  бактерия  штамдарының  қызметін  жандандырып,  белсенділігін 
жоғарылату.  Ол  үшін  олардың  табиғи  өмір  сүру  ортасына  мұнайдың 
биодеградациялану қасиетін ынталандыратын, қосымшалар жіберу; 
- ластанған жерлерге сырттан микроорганизмдер әкеліп қосу. 

№№1-12(92-103), қаңтар-желтоқсан, январь-декабрь, January-December, 2015    ISSN 2307-0250 
Žas ġalymdar žaršysy – Vestnik molodyh učenyh – Messenger of young scientist 
______________________________________________________________
 
 
 
12 
Қазіргі кезде, мұнаймен ластануға қарсы күресте микробиологиялық әдістерді 
ойлап табу барысында  биоценатты комплекстер шығару  үшін мұнай тотықтырушы 
микроорганизмдердің аборигенді штамдарын сұрыптап алу мүмкіндігі бар. 
 
2 сурет. Термодесорбционды өңдеудің технологиялық барысы 
 
Неге осы аталған жабдықтар мен тәсілдерді қолданысқа енгізіп, мұнай және газ 
өндіру саласындағы экологиялық проблемаларымызды аздап болса да азайтпасқа? 
Мақаламыздағы өзекті мәселенің шешімін осылай қорытындылар едік. 
 


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал