№1 (128) қаңтар январь 2002 жылдың тамыз айынан бастап шығады



жүктеу 217.53 Kb.
Pdf просмотр
Дата19.03.2017
өлшемі217.53 Kb.

Ғылым таппай мақтанба                    



                     Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 1 (128)

қаңтар 

январь

2002 жылдың тамыз

айынан бастап шығады

2014

Қазақстан  Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан  На-

зарбаев  17  қаңтарда  халыққа  дәстүрлі  Жолдауын  арнады. 

«Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» деп 

аталатын  биылғы  Жолдауында  Елбасы  басымдық  берілетін 

маңызды мәселелерге тоқталып, оны жүзеге асырудағы кезек 

күттірмейтін негізгі бағыттарын нақтылады. Сөйтіп Мәңгілік 

ел болу ұлттық идеясының темірқазығы қаланды.

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ –МӘҢГІЛІК ЕЛ!

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университетінде  Қазақстан  

Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың «Қазақстан жолы 2050: Бір мақсат, бір мүдде, 

бір  болашақ»  атты  халыққа  арналған  Жолдауын  талқылауға  арналған  жиын  болып 

өтті. Оған университеттің профессор-оқытушылары, студенттері мен магистрантта-

ры қатысты. 

Жиналысты  ашқан  университет  ректоры,  педагогика  ғылымдарының  докто-

ры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор Серік Жайлауұлы Пірәлиев биылғы 

Жолдаудың ерекшеліктеріне тоқталды. 

–  Қазақстан  халқы  мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың 

Жолдауларын жыл сайын зор ынтамен, үкілі үмітпен күтіп отырады, – деді униве-

ситет басшысы. –  Өйткені әр жылғы Жолдаудың өз ерекшеліктері, алдыға қойған 

айқын  мақсаттары  болады.  Әрбір  Қазақстан  азаматы  осы  мақсат-міндеттерден  ел 

болашағын бағамдайды. Осыдан бір жыл бұрынғы Жолдауында Елбасымыз еліміздің 

2050  жылға  дейінгі  дамуының  жаңа  саяси  бағдарын  жария  еткен  еді.  Оның  басты 

мақсаты  2050  жылға  дейін  Қазақстанның  әлемдегі  ең  дамыған  30  елдің  қатарына 

енуі болатын. Президентіміздің «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір 

болашақ»  аталатын  биылғы  Жолдауы  өткен  жылғы  Жолдауды  жүзеге  асырудың 

нақтылы бағдарламасы іспетті.

Бұдан кейін профессор С.Ж.Пірәлиев Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталды. 

«Жолдау:  Білім  және  ғылым  мәселелері»  тақырыбында  баяндама  жасаған 

университеттің М.Ғабдуллин атындағы «Тұлғатану» орталығының жетекші, ғылыми 

қызметкері, саяси ғылымдар докторы, профессор Гүлшат Рамазанқызы Нұрымбетова 

Елбасы Жолдауындағы көтерілген өзекті мәселелердің бірі білім мен ғылым мәселесі 

екенін  ерекше  атап  көрсетті.  Елбасы  ұлттық  білім  жүйесін  құруды  ұсынып  отыр. 

Бұл  дегеніңіз  білім  беру  саласын  халықаралық  стандарттарға  сәйкестендіре  оты-

рып,  әлемдік  инновациялық  технологияларды  кеңінен  игеру,  білім  сапасын  барын-

ша ақсартумен бірге білім беруде өзіміздің ұлттық ерекшеліктерімізді қалыптастыру 

екенін айтты баяндамашы. 

Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, 

философия  ғылымдарының  докторы,  ҚР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі  Раушан-

бек  Боранбайұлы  Әбсаттаров  Жолдаудағы  негізгі  бағыттарға  тоқталып,  оның 

әрқайсысына терең талдау жасады. 

Халықаралық  құқық  кафедрасының  меңгерушісі,  заң  ғылымдарының  докторы, 

профессор Айнұр Әлімханқызы Сәбитова «Жолдау талаптарына сәйкес ұлттық білім 

беруді  жаңарту  және  оны  сапалық  деңгейге  көтеру»  тақырыбында  баяндама  жаса-

ды.  Профессорлар  Марат  Алмасайұлы  Нұриев,  Жәмила  Ыдырысқызы  Намазбаева, 

Хорлан  Қабікенова  өз  ойларымен  бөлісті.  Магистратура  және  PhD  докторантура 

институтының  магистранты  Венера  Қалиева  «Елбасы  Жолдауындағы  патриотизм 

мен тіл мәселесінің жастарға ықпалы», магистрант Саят Ибраимов «Мәңгілік ел» – 

жастар аманаты» тақырыптарында ой толғады. 

Жиналыс  соңында  ректор  Серік  Жайлауұлы  Президент  Жолдауын  насихаттау 

және жүзеге асыру жөнінде университеттің құрылымдық бөлімдеріне нақтылы тап-

сырмалар берді.

Қазіргі  кездегі  әлеуметтік-экономикалық  жағдай,  тіршілік  деңгейінің  құлдырауы  және 

экологиялық қолайсыздық Қазақстан Республикасының бүкіл азаматтарының денсаулығына кері 

әсерін тигізуде. Осы ретте, Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» бағдарламасындағы 

ұзақ  мерзімді  басымдықтың  бірі-«Мемлекетіміздегі  азаматтарының  денсаулығы,  білімі  мен  әл 

ауқаты тармағында» және кезекті Жолдауында денешынықтыру мен спортты дамытуға және 

оған  халықты  тарту  керектігіне,  азаматтардың  саламатты  өмір  салтын  қалыптастыруға 

айрықша көңіл бөлу қажеттілігі көрсетілген. Барша азаматтардың денсаулығын нығайту, сала-

матты өмір салтына бағытталған Елбасының жолдауын-елімізді жарқын болашаққа апаратын 

алтын сүрлеу десе де болады.

«Денсаулық-зор  байлық,  адам  ба-

қытының  бастауы»-дейді  халқымыз. 

Ата  бабаларымыздың  бұл  дана  ой-

пікірі  талай  ғасырлар  белесінен  өтіп 

бізге жетіп отырған шындық. Ұлттың 

денсаулығы  ұлан  асыр  байлық  екені 

рас,  тек  оған  ие  болу  үшін  көп  күш 

жұмсауымыз қажет. Денсаулық адамға 

бірақ рет берілетін табиғат тартуы. Ол 

тұрақты, мәңгілікке берілмейді, үзбей 

өзгерісте  болады.  Оны  сақтау  үшін 

еңбек сіңіру, ауырмай тұрып іс-әрекет 

жасау, саламатты өмір салтын ұстану 

керек.  Бүгінгі  таңда  өз  тәуелсіздігін 

алған егеменді еліміз бұл проблеманы 

шешуде білім беру мекемелерінің ал-

дына жан-жақты дамыған, денсаулығы 

мықты, саламатты өмір салтын мұрат 

тұтқан  дара  тұлғаларды  тәрбиелеу 

мін детін қойды. Осы тұрғыдан алған-

да Абай атындағы Қазақ ұлттық педа-

гогикалық университетінде «Саламат-

ты  Қазақстан»  Мемлекеттік  бағдар-

лама шеңберінде, саламатты өмір сал-

тын  насихаттау,  бұқаралық  спортты 

дамыту  мәселесіне  айрықша  көңіл 

бөлінеді.

«Тәні  саудың  жаны  сау»  деген-

дей,  университетіміздің  профессор-

оқытушылыры  мен  қызметкерлері, 

студенттерге  білім  мен  тәрбие  беріп 

қана қоймайды, сонымен қатар спорт-

пен шұғылданып, саламатты өмір сал-

тын  қалыптастыруға  айырықша  мән 

береді.  Бұның  айғақ  нәтижесі-жыл 

сайын  университет  профессор-оқы-

ту шылары  мен  қызметкерлері  ара-

сында  ұйымдастырылатын  дәстүрлі 

«Денсаулық»  спартакиадасы.  Бұл 

спорт тық  шара  жылдағыдан  биыл 

ҚҰТТЫҚТАУ!



Оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие саласындағы жемісті 

еңбектері  мен  жетістіктері  үшін  Қазақстан  Республикасы  Білім  және 

ғылым  министрлігі  тағайындаған  2013  жылғы  «Жоғары  оқу  орнының  үздік 

оқытушысы»  грантының    төмендегі  иегерлерін  шын  жүректен  құттықтай 

отырып, алдағы уақытта да толағай табыстар тілейміз!

БАЛТАБАЕВА  Жаңалық  Қылышқызы  –  ф.ғ.д.,  Магистратура  және  РҺД 

докторантура институтының профессоры,

БЕРІКХАНОВА Айман Еженханқызы – п.ғ.к., Педагогика және психология 

институтының профессоры,

ЖАМАНҚАРАЕВ  Советқазы  Құсайынұлы  –  Өнер,  мәдениет  және  спорт 

институтының кафедра меңгерушісі,

ЖЕДЕЛОВ  Құрманғазы  Оразұлы  –  п.ғ.д.,  Өнер,  мәдениет  және  спорт 

институтының доценті,

ИСҚАҚОВА Күләш Аманқызы – ф-м.ғ.к., Математика, физика және инфор-

матика институтының профессоры,

МОВКЕБАЕВА Зульфия Ахметвалиқызы – п.ғ.д., Магистратура және РҺД 

докторантура институтының кафедра меңгерушісі,

ОРАЗБАЕВА Фаузия Шамшиқызы – ф.ғ.д., Көптілді білім беру және фило-

логия институтының кафедра меңгерушісі,

ШЕКЕРБЕКОВА Шырынқыз Тілеубергенқызы – п.ғ.к., «Математика, физи-

ка және информатиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының доценті

 

 

 

 

 

 

 

 

Әкімшілік.

теннисі, шаңғы, шахмат, жеңіл атлети-

ка. Университет аумағындағы бұл ай-

тулы шара қазан айында жеңіл атлети-

кадан басталса, қаңтар айында қысқы 

спорт түрлерімен аяқталды. Спорттың 

жеті түрі бойынша өткен осы жарыста 

I орын Жаратылыстану-география ин-

ституты құрама командасының, II орын 

Математика, физика және информати-

ка  институты  құрама  командасының, 

III орын  Өнер, мәдениет және спорт 

институтын  құрама  командасының 

үлесіне  тиді.  Спартакиада  барысын-

да  жеңімпаздармен  қатар  әрбір  ойын 

түрі бойынша «Үздік ойыншылар» да 

анықталды.  Жеңіске  жеткен  құрама 

командалар мен  спортшыларды «Ден-

сау лық»  спартакиадасының  жабылу 

сал танатында 

университетіміздің 

Тәр бие  ісі  жөніндегі  проректоры 

Жанатбек  Ішпекбаев,  профком  төр-

аға сы  Болатбек  Боданұлы  арнайы 

жасатқан медальдармен және ақшалай 

сыйлықтармен  марапаттады.  Осы 

орай да  жеке  спорт  түрлері  бойынша 

үздік өнер көрсеткен спортшылардың 

бір қа тарының  есімдерін атай  кетейік. 

Олар  -  И.Исмайлов,  А.Абдықалықов, 

Ғ.Әлсейтов, 

Е.Дильмұхамедов, 

О.Саңғылбаев, 

А.Каримов, 

Д.Әлиасқаров, т.б.

Аталмыш  шара  университеттің 

про фессор-оқытушылары мен қызмет-

кер леріне тек салауаттылық үшін ғана 

емес,  рухани  жеңілденуі  үшін  де 

маңызды екендігін байқатты.



Әділбай ТАСТАНОВ, 

профессор, кафедра меңгерушісі

өзге шелеу  өтті.  Бұрын  спорттың  бес 

түрінен өткізіліп келсе,  биылғы жылы 

ұйым дастырылған  спартакиадада  7 

команда  спорттың  7  түрі  бойынша 

өзара күш сынасып, сынға түсті. Олар: 

футбол,  волейбол,  баскетбол,  үстел 

САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

– ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ

ЖОЛДАУДАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕР 

ТАЛҚЫЛАНДЫ


УНИВЕРСИТЕТ ТЫНЫСЫ

Бүгін  біз  өмір  сүріп  отырған 

ХХІ  ғасыр  нағыз  білімділер  ғасыры 

болуға  тиіс.  «Білекті  бірді  жығар, 

білім ді  мыңды  жығар»  деген  ата-

баба ларымыздың  дана лық  сөзінің 

маңы зы  қазір  күшеймесе  бәсең деген 

жоқ.  Өйткені  мына  дүбілі  дүниеде 

тек  білімімен  бәсекеге  төтеп  беретін 

ел  ғана  өркениетті  елдер  қата рына 

қосыла алады. 

Елбасымыздың  биылғы  Жолда-

уында:  «Біздің  болашаққа  барар  жо-

лымыз  қазақстандықтардың  әлеуетін 

ашатын  жаңа  мүмкіндіктер  жасауға 

байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған 

ел  дегеніміз  –  белсенді,  білімді  және 

денсаулығы мықты азаматтар», – деген 

еді. Шын мәнінде білімді, интеллекту-

алды ұлт қана іргесі мықты берік мем-

лекет  құра  алады.  Президентіміздің 

осы  Жолдауында  ұсынылып  отырған 

Мәңгілік ел идеясының өзі түптеп кел-

генде  мықты  мемлекет  құруға  бағыт-

талып  отырғаны  айқын.  Құқық  және 

экономика институты басшылығы мен 

жалпы  ұжымының  күш-жігері  бүгін 

білімді де тәрбиелі, бәсекеге қабілетті 

мамандар даярлауға жұмылдырылуда. 

Кеңестік  дәуірде  білім  сапасы  бі-

рінші  кезекке  қойылып,  тәрбие  мәсе-

лесіне  екінші  кезекте  көңіл  бөлі-

нгенін  әлі  ұмыта  қойған  жоқпыз.  Ал 

қазіргі  таңда  бұл  мәселеге  жаңаша 

көзқараспен  қарауға  тура  келеді. 

Анығырақ  айтқанда,  бүгінде  тәрбие 

мәселесі бірінші кезекте тұруы керек. 

Өйткені тәрбиелі жастар ғана білімнің 

қадірін  шын  ұғады.  Қарапайым  ғана 

бір мысал: айтқаныңды тыңдамайтын, 

өзін  қалай  болса  солай  ұстайтын, 

мәдениеті  кем,  әдептен  ада  студент 

жақсы  оқиды,  оқуда,  білімде  өнеге 

көрсетеді  деп  сене  аламыз  ба?  Бұған 

ешкім де сенбейді. Сондықтан қазіргі 

біздің  принципіміз  студент-жастар-

ды  тәрбиелей  отырып  оқыту  болмақ. 

Өйткені  тәрбиелі  жастар  ғана  оқуда 

өнегелі,  қоғамдық  істерде  белсенді, 

көпшілік  ортасында  сыйлы  азамат 

болып  шығады.  Болашақтың  нағыз 

тұтқасы да, міне, солар!

Осыған  байланысты  Құқық  және 

экономика институтытнда тәрбие жұ-

мысы  жылдан  жылға  жанданып  келе 

жатқанын  атап  өткім  келеді.  Қазіргі 

кезде біздегі тәрбие жұмысының бәрі 

Елбасының  Жолдауынан  туындай тын 

Қаңтардың  30  күні  Құқық  және 

эко номика  институтында  Қазақстан 

Рес пу бликасының 

Президенті 

Н.Ә.  Назар баевтың  «Қазақстан  жолы-

2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  бола-

шақ»  атты  халыққа  арнаған  Жол дауын 

институттың 

профессор-оқы тушылар 

құрамы  мен  студент  жастар  арасында 

кеңінен  насихаттау  мақ сатында  құқық-

қорғау  органдары  өкіл дерінің  қаты-

суымен  «Мәңгілік  ел  мәртебесі»  атты 

тақырыпта  дөңгелек  үстел  өткізілді. 

Қатысушыларға    Елбасы  Жолдауы-

нан  үзінді  көрсетіліп,  институт  ди-

ректоры  з.ғ.д.,  доцент  Т.Т.Балашов 

егемен ді  еліміздің  кемел  келешегі  мен 

жар қын  болашағын  бағамдай  біл ген 

Елбасымыздың  Мәңгілік  ел  іргесін 

құрудағы  қарымды  міндеттерді  айқын-

дап  берген  аса  маңызды  тапсырмала-

рын  жүзеге  асыру  мақсатында  ұйым -

«ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ-2050: МӘҢГІЛІК ЕЛ МӘРТЕБЕСІ»

дас тырылып  отырған  шараның  не гіз гі 

мәнін тарқата келе, бағдарламаға сәй кес 

баяндамашыларға  кезек  берді.  Дөге-

лек  үстелге  Алматы  қалалық  Соты ның 

судьясы  Қарабаева  Мәриям,  Алматы 

қаласы  Ішкі  істер  департаменті,    Мем -

лекеттік  тіл  бөлімінің  жетекшісі  Заман-

бекова Гүлнұр, Абай атындағы ҚазҰПУ, 

Тәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты  және 

мемлекеттік  тілді  дамыту  бас қарма 

бастығы  Абдықалықов  Арман,  Фило-

логия  және  көптілді  білім  беру  инсти-

тутының  директор  орынбасары  Талды-

баева  Айгерим  қонақ  ретінде  арнайы 

шақырылып, Мәңгілік елдің ертеңі тура-

лы мәнді өз ой-пікірлерін ортаға салды.  

«Мәңгілік  ел  мәртебесі»  атты  дөңгелек 

үстел  бағдарламасына  сәйкес,      э.ғ.д., 

профессор,  «Қаржы  және  бухгалтерлік 

есеп» кафедрасының меңгерушісі Иман-

бердиев Бұрхан «Казахстанская нация 



единой воли развития» атты тақырыпта 

жасаған баяндамасында интеллектуалды 

ұлт  қалыптастыру  мәселелерін,  -  Ал-

маты  қаласы  Ішкі  істер  департаменті,  

Мемлекеттік  тіл  бөлімінің  жетекшісі 

Заманбекова  Гүлнұр  «Құқыққорғау 



орган  дарындағы  мемлекеттік  тілді 

дамытудың  бағыттары»  атты  тақы-

рыпта  жасаған  баяндамасында  мем-

лекеттік  тілдің  қолданылу  аясын 

кеңейту мен дұрыс қолдану мәселелерін, 



- 

«Қылмыстық-құқықтық 

пәндер» 

кафедрасының  аға  оқытушысы  Боран-

баева  Салиман  «Елдігіміз-бірлігіміз, 

ерлігіміз-еңбегіміз»  атты  тақырыпта 

баяндама  жасап,  қылмыстық  заңдарды 

ізгілендіру  мәселелерін,  -  «Қаржы» 

ма мандығының  3  курс  студенті  Сауа-

тов  Қайрат  «Қазақстан-2050:  Жаңа 

экономикалық  мүмкіндіктер»  атты 

тақырыпта  жасаған  баяндамасында 

Елбасы  Жолдауындағы  студенттер  сти-

пендиясына  қосылатын  25  пайыздық 

көмек  пен  Қазақстанның  алдағы  қол 

жеткізуге 

боларлық 

экономикалық 

мүм кін діктерін,  «Құқықтану»  маман-

дығының  1  курс  студенті,  оқу  озаты 

Борамбаев  Алмас  «Қазақстан-2050: 

Мемлекеттік  басқару  жүйесінің  жаңа 

саяси  белестері»  атты  тақырыпта 

жасаған 


баяндамасында 

Қазақстан 

Рес  пу бликасының  басқару  жүйесіне 

«Қадағалау  органы»  деген  атаумен  қо-

сым ша  мемлекеттік  басқару  органын 

енгізу  мәселелері  туралы  ұсыныстары 

терең талқыланып, Елбасының маңызды 

тап сырмаларына  орай,  маңызды  ортақ 

шешімдер қабылданды.

 

Талғат БАЛАШОВ,

Құқық және экономика 

институтының директоры 

з.ғ.д., доцент  

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ МӘҢГІЛІК ЕЛ ИДЕЯСЫМЕН 

ҰШТАСУДА

Мәңгілік  Ел  идеясы  аясында  жүр-

гі зілуде.  Президенттің  «Қазақстан 

жолы  –  2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде, 

бір  болашақ»  Жолдауы  институттың 

про  фес сор-оқытушылар  құрамы  мен 

студент тері  арасында  кеңінен  талқы-

ланып, түсіндірілді. Бұл бойынша сту-

денттермен ашық дәрістер, «дөңгелек 

столдар» өткізілді. Оқытушыларымыз 

өз  дәрістерін  Жолдаудан  туындай-

тын  міндеттермен,  Мәңгілік  Ел  иде-

ясымен  ұштастыра  өткізуде.  Елба-

сымыз:  «Ендігі  ұрпақ  –  Мәңгілік 

Қазақтың  Перзенті.  Ендеше,  Қазақ 

Елінің  Ұлттық  идеясы  –  Мәңгілік 

Ел!» – деген болатын. Міне, осы иде-

яны студенттеріміздің санасына терең 

сіңіру  біздің  басты  міндетіміз  болып 

отыр және тәрбие жұмысын осы арна-

да жүзеге асырудамыз. 

Университетіміздің  ректоры,  пе-

дагогика  ғылымдарының  докторы, 

ҚР  ҰҒА  мүше-корреспонденті  Серік 

Пірәлиевтің  тікелей  басшылығымен 

төрт  жылдан  бері  оқу  орнымызда 

«Ұлттық  тәрбие»  пәні  оқытылып 

келе  жатқанын  бүгінде  еліміздің  зи-

ялы  қауымы  жақсы  біледі.  Мәңгілік 

Ел  идеясының  түп  қазығы  да  осы 

ұлттық тәрбиеде жатқанын бүгін шын 

жүректен  ұғынып  отырған  жайымыз 

бар.  Олай  болса  ұлттық  тәрбиенің 

болашақ  елжанды,  ұлтжанды,  патри-

от ұрпақтар қалыптастыруда рөлі зор 

екені  бізді  қуантады.  Университет 

ректорының жобасымен өмірге келген 

«Студенттер  этикасының»  да  жаста-

рымызды әдептілікке, инабаттылыққа, 

адамгершілік 

асыл 

қасиеттерге 



баулудағы  маңызы  арта  түсуде.  Оқу 

үрдісіне «Абайтану» пәнінің енгізілуі 

де  университет  өміріндегі  елеулі 

жаңалықтардың  бірі  болды.  Ұлы 

Абайдың «толық адам» ілімін студент-

жастардың  санасына  сіңіре  отырып, 

оларды тұлға ретінде қалыптастыруға 

кең  жол  ашылып  отыр.  Сайып  кел-

генде  бұл  да  Мәңгілік  Ел  идеясымен 

терең ұштасуда. 

Ал  енді  өзіміздің  институтта  сту-

дент-жастармен  өткізілетін  іс-шара-

лардың  да  тәрбиелік  мәніне  ерекше 

көңіл  бөлінеді.  Айталық,  «Темекі 

шегу дің  қасіреті»  атты  акцияда  сту-

денттерге  темекінің  әлеуметтік  зар-

дабы және денсаулыққа зияны, ұрпақ 

болашағына  әсері  туралы  маман-

дардың баяндамалары мен әңгімелері 

тыңдалды.  Бұл  іс-шараға  арнайы 

келген  «Анатомия,  физиология,  ги-

гиена  және  тіршілік  қауіпсіздігі» 

кафедрасының  меңгерушісі,  медици-

на  ғылымдарының  докторы,  профес-

сор  Ш.А.Балғынбековтың  дәрісі  өте 

мазмұнды  және  қызғылықты  болды. 

Маскүнемдік  және  нашақорлықтың 

зияндылығы туралы ашық дәрістер де 

естен кетпестей әсер қалдырды. 

«Дені  сау  адам  –  қоғамның  ізгі 

тірегі» атты семинар да салауатты өмір 

салтын  қалыптастыруға  бағытталған 

игі  шаралардың  бірі  болды.  «Өркен» 

халықаралық  әлеуметтік  көмек  және 

даму»  қоғамдық  қорынан  алынған 

«ЖИТС  (СПИД)  ауруынан  сақтана 

аламыз  ба?»  атты  кітапша  бойынша 

өткізілген әңгімелер де жастарды ойға 

жетелегені  белгілі.  Ақырында  бұл 

кітапшаларды  студенттерге  таратып 

та бердік. 

Институт  студенттерін  спорттық 

шараларға кеңінен қатыстыру, өзімізде 

әр  алуан  спорттық  жарыстар  өткізу 

арқылы да біз салауатты өмір салтын 

қалыптастыруға үлес қосып отырмыз. 

«Сыбайлас  жемқорлық  –  ғасыр 

індеті» атты акцияны өткізудегі мақса-

тымыз  жастарды  жемқорлық,  пара-

қорлық  сияқты  адамгершілікке  жат 

әдет терден жирендіру болатын. Акция 

барысында дәріс оқыған заңгер-ғалым-

дарымыз  сыбайлас  жемқорлықтың 

құқық тық  астарына  терең  мән  берсе, 

әлеу  меттанушылар  оның  қоғамдық-

әлеуметтік өмірдегі, педагог-ғалым да-

рымыз  жемқорлықтың  адами  құнды-

лық  тарымызға  тигізетін  залалын 

ашып көрсетті. 

Бүгінгі  біздің  тәрбие  ісіндегі 

барлық 

жұмысымыз 



бір-бірімен 

тығыз  ұштасып, бірін-бірі толықтыра 

түсу де.  Оның  бәрі  жоғарыда  атап 

өткенімдей,  Елбасы  Жолдауынан  ту-

ындайтын  Мәңгілік  Ел  идеясымен 

астасып  жатқаны  назар  аударарлық. 

Ең басты мақсатымыз тәрбиелі ұрпақ 

қалыптастыра отырып, білімді, білікті 

мамандар тәрбиелеу.

Ғалымжан БИТҰРСЫН,

Құқық және экономика 

институты директорының 

тәрбие ісі жөніндегі 

орынбасары

ЕЛ ЕСІНДЕ ҚАЛҒАН АЗАМАТ

Бұл күнде көрнекті ғалым-ұстаз, профессор Серік Мақпырұлы көрер жарығы таусыл-

маса, 70 жасқа енді ғана толар еді. Саналы өмірінің жемісті кездерінің аттай қырық жы-

лын қазақ елінің жоғары білім жүйесінің қара шаңырағы – Абай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық университетінің қабырғасында жас толқындарға заманға лайық білім, тәлім-

тәрбие  беруге  арнаған  ұлағатты  ұстаздың,  білім  беру  ісіндегі  шебер  әдіскер-ғалымның, 

орақ тілді, от ауызды ақын-қаламгердің, жаны жайсаң азаматтың есімі ел есінде жаңғырып 

тұрары  кәміл.  Оған  аталмыш  оқу  ордасында  өткен,  өмірден  кетсе  де,  өзектен  кетпеген 

біртуар  қазақ  ұлының  70  жылдығына  арналған  «Қазақ  әдебиетін  орта  мектепте,  жоғары 

оқу орнында оқытудың өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-практикалық кон-

ференция айғақ бола алады. 

Университет басшылығы, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың қазақ әдебиеті кафе драсының 

меңгерушісі,  филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  Т.С.Тебегенов  бастаған 

азаматтар  ұйымдастырған  осы  бір  алқалы  жиынға  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дың  Ап-

парат  жетекшісі,  ҚР  ҰҒА  мүше-корреспонденті,  педагогика  ғылымдарының  докторы, 

профессор  Бақтияр  Өрісбайұлы  Сманов  жетекшілік  етті.  Бұл  игі  шараға  қатысу  үшін 

сонау  Қызылордадағы  Қорқыт  ата  атындағы  мемлекеттік  университеттен  филология 

ғылымдарының  докторы,  профессор  Б.Кәрібозұлы,  Батыс  Қазақстандағы  Махамбет 

Өтемісов  атындағы  мемлекеттік  университеттен  профессор  С.Шарабасов,  Қызылорда 

қаласындағы «Болашақ» университетінің доценті С.Тайманова, тағы да басқа ағайындар 

ат арытып келіпті.

Конференцияға  қатысқан  педагогика  ғылымдарының  кандидаты,  оқу-ағарту  ісінің 

озаты, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің еңбек ардагері, жасы 

90-ға  таяп  қалған  К.Бозжанова  апайдың  арнайы  қатысуы,  әл-Фараби  атындағы  Қазақ 

ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Р.Зайкенованың, 

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, филоло-

гия ғылымдарының докторы Г.Ж.Орданың т.б. профессор Серік Мақпырұлының ұстаздық, 

ғалымдық, әдіскерлік, ақындық, азаматтық ерекшеліктері туралы ғылыми баяндамалары, 

жан тебірентер естеліктері мәжілістің мәнін тереңдетіп, ажарын аша түсті. Соның ішінде 

«Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы АҚ филиалынан арнайы келіп, ат басын 

тіреген профессор К.Ы.Сариеваның баяндамасы жұрт көңілінде айрықша әсер қалдырды. 

Абай  атындағы  ҚазҰПУ  ғалымдары  конференция  қонақтарымен  пікірлесе  отырып, 

Серік  Мақпырұлының  ел  алдындағы  еңбегінің  қыр-сырын  жан-жақты  ашатындай  терең 

мазмұнды баяндамалар жасады. 

Жиын жұмысы арасында халқымыздың аяулы ұлы Серік Мақпырұлы туралы әсерлі 

естеліктер  айтылып,  сондай  айтулы  азаматтың  жары  Зәйда  Әбдірайымқызына  лайықты 

құрмет көрсетілді. Әйгілі ғалым да, танымал ақын да Өтеген Күмісбаев, қазақтың дарынды 

ақыны Шөмішбай Сариев Серік Мақпырұлына арналған жырларын оқыды. 

Пленарлық мәжілістен зор әсер алған ғалымдар секциялық жұмыстарын атқаруға та-

расты. 


Айтқазы БАЙДӘУЛЕТ  

Послание Президента Нурсултана Абишевича Назарбаева «Казахстанский путь-2050: 

Единая цель, единые интересы, единое будущее» с большой радостью было воспринято 

народом Казахстана. Это Послание, которое явилось большим политическим событием в 

истории нашей страны, отличается важностью всех задач, поставленных Главой государ-

ства.


Основной идеей Послания Президента явилась инициатива создания «Мәңгілік ел». За 

22 года существования Казахстана как независимого государства весь мир признал нашу 

республику  страной  с  устойчивым  развитием  в  общественно-политической,  социально-

экономической и культурной сферах.  

Недавно в КазНПУ имени Абая было проведено собрание коллектива, где всесторонне 

обсуждалось Послание Президента РК народу Казахстана. В нем приняли участие народ-

ные избранники – депутаты Мажилиса Парламента Республики Казахстан:  

Султанов Куаныш Султанович – депутат Мажилиса Парламента РК, Председатель 

Комиссии по правам человека при Президенте РК.



Ашимбаев Маулен Сагатханович – депутат Мажилиса Парламента РК, Председатель 

Комитета по международным делам, обороне и безопасности.



Сейдуманов Серик Турарович – депутат Мажилиса Парламента РК.

Собрание  открыл  с  вступительным  словом  ректор  университета,  профессор  Серик 

Жайлауович Пралиев и представил слово депутатам, которые поделились своими мнения-

ми о Послании Главы государства и ответили на вопросы участников собрания.  



ВСТРЕЧА С ДЕПУТАТАМИ МАЖИЛИСА 

ПАРЛАМЕНТА РК

• Жолдауға қолдау

БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНА 

АРНАЛҒАН ДӘРІС

Аты көзінің  тірісінде-ақ  аңызға айналып, 

«Қазақтың  Бауыржаны»  атанған  Баукеңді  – 

Бауыржан  Момышұлын    елі,  халқы  ешқашан 

ұмытқан  емес,    ұмытпайды  да.    Уақыт  көші 

алға    озған  сайын  оның  бейнесі  биіктей 

береді.  Өйткені  Бауыржан Момышұлы тура-

лы    естеліктер  жазыла  береді,  жазылып    жа-

тыр.    Басты  мақсат  Батырдың  есімін,  оның 

ерліктері мен ғалымдығын, жазушылығын жас 

ұрпақтың  санасына  құйып,  бойларына  жігер 

берерліктей    сіңіре  бергеніміз  жөн.  Өйткені  

Бауыржан Момышұлы  намыстың, елін, жерін 

жан-тәнімен сүйетін  патриоттықтың символы. 

Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педаго-

гикалық  университетінде    М.Ғабдуллин 

атын дағы    «Тұлғатану»  орталығының  ұйым-

дас тыруымен өткен «Бауыржан Момышұлы – 

әлем азаматы» атты тарихи-танымдық дәрістің 

басты  идеясы  да    Батырдың  ерлікке  толы  

өміріне тағы да саяхат жасап, тың деректермен 

студент-жастарды таныстыру болатын. 

Дәрісті  ҚР  ҰҒА  Қоғамдық  және  гума-

нитарлық ғылымдар бөлімшесі төрағасының орынбасары, академик Көпжасар Нәрібаев ашып, 

жүргізіп отырды. 

Бауыржан Момышұлының қасында 21 жыл  бойы бірге жүріп,  Батырдың өмірінен бірнеше 

кітап  жазған  Бауыржантанушы  жазушы,  филология  ғылымдарының  кандидаты,  Мамытбек 

Қалдыбай  студенттерге  Баукеңнің  көпшілікке  белгісіз  қырлары  мен  оның    ерліктері  жайында 

әңгімелеп берді. 

–  Мен  Бауыржан  Момышұлының  өмірінің  соңғы  жылдары  туралы  кезекті  кітабымды  жа-

зып жүрмін.  Бұл кітапта бұрын-соңды  айтылмаған сөздері, басынан өткен оқиғалар баяндалады. 

Баукеңнің  Балтық  жағалауында    соғысқаны  туралы    көп  айтылмайды.  Баукең  басқарған  диви-

зия әскерлерінің Балтық жағалауына   жіберілуінің де өзіндік сыры бар. Себебі немістер шегініп 

бара  жатып,  Кеңестер  одағынан  тонап  алған  қазына-байлықтарды  елдеріне  әкету  үшін  Балтық 

теңізінде  кемелерін  әзірлеп  қойған  болатын.  Міне,  Бауыржан  Момышұлы  басқарған  дивизия 

жауынгерлері  немістердің  бұл ойын жүзеге  асыртпай тастайды. Осы жайларды да жазсам деген 

ойым бар, – деді ол. 

Бауыржан  Момышұлы  мұрасы  жобасының  үйлестірушісі  Оралжан    Масатбаев    Батыр 

мұрасын жинатыру, мұражай ашу мәселесі жайында әңгімеледі. Бұдан кейін ол университеттің 

әскери кафедрасына естелік ретінде  «Бауыржан Момышұлы» медалін сыйға тартты. 

Академик  Көпжасар  Нәрібаевтың  да  айтқан  естеліктерінің  студенттер  үшін  тәлімдік-

танымдық мәні терең болды. 

Тарихи-танымдық дәріске студенттер де белсене қатысты.  Олар қазақ ақындарының Бауыр-

жан Момышұлына арнаған өлеңдерін жатқа оқып, театрландырылған көріністер қойды. Осылай-

ша дәріс мазмұнды болып өтті. 

Гауһар ЖАБАҒИЕВА, 

Баспасөз орталығының қызметкері

қаңтар

январь

№ 1 (128)

2014


Жуырда ғана еліміздегі ең байырғы білім ордасында көргендердің 

көкейінен кетпес сән-салтанаты ерекше бір іс-шара өткізілді. 

Бұл  күні  аталмыш  университет  ұжымы  қалың  жұртшылықпен 

бірге  осы  оқу  ордасының  Ақпарат  орталығының  жетекшісі,  жур-

налист,  ақын,  сазгер,  Қазақстан  Республикасының  еңбек  сіңірген 

мәдениет қайраткері Мырзахан Рахманбердіұлы Ахметтің 60 жасқа 

толған  мерейтойын  атап  өтті.  Бұл  бекер  емес.  Өйткені  Мырзекең 

14  прозалық-публицистикалық,  2  поэзиялық  кітаптардың,  бірнеше 

драмалық  шығарманың,  50-ден  астам  вальс  пен  романстың  авторы. 

Тамаша әнші-композитор. Қоғам қайраткері.

 Республикамыздың басқа да зиялы азаматтарымен қатар «Қазақ 

газеттері»  Акционерлік  қоғамының  төрағасы,  қаламгер  Жұмабек 

Кенжалин,  «Президент  және  халық»  газетінің  Бас  редакторы,  пу-

блицист-жазушы Марат Тоқашбаев, жазушы Зәкір Асабаев, сатирик 

ақын  Толымбек  Әлімбеков,  журналист-жазушылар  Талғат  Айтбаев, 

Талғат Сүйінбай, ғалымдар: Алматы экономикалық колледжінің ди-

ректоры, профессор Жақсыбай Қасымбек, филология ғылымдарының 

докторлары,  профессорлар  Темірхан  Тебегенов,  Бекен  Ыбырай-

ым,  той  иесінің  туған  өлкесі  Жамбыл  облысы  Жуалы  ауданынан  ат 

терлетіп келген аудандық мәслихат өкілі Құрыш Садығалиев сияқты 

еңбектерімен елге елеулі ер-азаматтар қатысқан осы салтанатты жиынды Абай атындағы ҚазҰПУ Аппараты 

жетекшісі, ҚР ҒҰА корреспондент-мүшесі, Бахтияр Сманов жүргізіп отырды. 

Осы салтанатқа бастан-аяқ қатысқан университет ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика 

ғылымдарының докторы, профессор Серік Пірәлиев мерейтой иесіне ақжарма көңілмен жылы лебіздерін 

білдіріп, игі тілектер айтты. Мырзахан Ахметтің Қазақстандағы оқу ордаларының қара шаңырағындағы 

ерен  еңбегіне  жоғары  баға  беріп,  оның  өңіріне  «Абай»  медалін  өз  қолымен  тақты.  Қазақ  ұлттық  СД 

Академиясының Президенті М.Тоқашбаев Мырзахан Ахметке осы Академияның толық мүшесі – Академигі 

болып сайлағандығы туралы Дипломын тапсырды. «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры Ж.Кенжалин 

Мырзекеңді қазақ баспасөзін дамытуға сіңірген еңбегі үшін арнайы Дипломмен марапаттады. 

Сансыз құттықтаулар айтылды, қайраткер азаматқа ақ тілектерін арнаған алқалы топтың алдында Жам-

был облысы Жуалы ауданының Мәслихат депутаты Құрыш Садығалиев «Жуалы ауданының Құрметті аза-

маты» атағы берілгенін жариялап, тиісті куәлікті, төсбелгіні, ескерткіш лентаны салтанатпен тапсырды. 

Ресми жиын әдеби-шығармашылық кешке айналды: той иесіне арналған жырлар оқылып, әндер ай-

тылды. Мырзахан Ахметтің қаламынан туған ән-жырлар шабытпен орындалды. «Мен өзім де ән салам түн 

ауғанша»,  –  деп  ақиық  ақын  Төлеген  Айбергенов  айтқандай,  Мырзахан  залды  аралай  жүріп,  өз  әндерін 

әдемі дауысымен әуелете шырқады. 

Несін айта береміз, бір тамаша той өтті Алматыда. 

 

 



Айтқазы БАЙДӘУЛЕТ, 

журналист

БЛАГОДАРСТВЕННОЕ ПИСЬМО

Правление Региональной общественной организации содействия сохранению казахской культуры «Ка-

захский язык» и Совет Московского общества казахской культуры «Мурагер» поздравляет с юбилеем из-

вестного  казахского  поэта  и  композитора,  руководителя  Информационного  центра  КазНПУ  имени  Абая 



Ахметова Мырзахана и выражает искреннюю признательность ему за большой вклад в дело укрепления 

дружбы и культурных связей между народами России и Казахстана.

В среде московских казахов получила широкую известность его песня «Періштем», что в переводе с ка-

захского означает «Мой ангел-хранитель». Тема любви в этом удивительном творении поэта и композитора 

Мырзахана Ахметова звучит по-особому, вызывая целую гамму чувств у благодарной московской публики: 

грусть и радость, ностальгию и надежду на скорое возвращение домой. 

Мырзахан-Ага, от всего сердца желаем вам здоровья, удачи и новых творческих успехов!

С уважением,

 

 

Председатель Правления

 

РОО ССКК «Казахский язык» 

ТУРСЫНБАЕВ А.Д.

Президент 

 

РОО МОКК «Мурагер» 

НУРИЕВ Е.Б. 

Региональная общественная организация содействия сохранению казахской культуры «КАЗАХСКИЙ 

ЯЗЫК» Адрес: 101000, г. Москва, Чистопрудный бульвар д. 3А

Мы ниже публикуем стихотворение Мырзахана Ахметова в переводе московской поэтессы Людмилы 

Щипахиной.

Мырзахан АХМЕТ

БАЛЛАДА О ДРУГЕ

Мы были неразлучными друзьями

С доверием и верою в груди.

Все было ясно, чисто между нами.

И жизнь казалась светлой впереди.

Нам было по пятнадцать, по шестнадцать.

Бесценным слитком были наши дни.

Казалось, никогда нам не расстаться,

Не погасить чистейшие огни.

Но вдруг однажды друг излил мне душу

Под сенью расцветающих ветвей, 

Он вылил затаенное – наружу,

Пылал любовью к девушке моей.

Ах, Акмарал, и я тобою бредил.

Ты, как Баян из эпоса, была... 

Опешил я. Мой друг тебя приметил.

А ты давно с ума меня свела...

Но ей не смел я показать и вида. 

Мечта моя – как тучка в небесах.

И вот невосполнимая обида

Досадой затуманилась в глазах.

А друг не ведал про мои страданья.

И сердце он, и душу открывал.

И выразил горячее желанье,

Чтоб я стихи об этом написал.

Хоть и была любовь моя безмерна,

Хоть счастье рассыпалось, как песок,

Университетіміздің 

Педогоги-

ка-психология  институтының  аға 

оқыту шысы,  «Абай  университеті» 

газетінің үлкен жанашыры Мұратбек  

Алтыбаев    биыл  60  жасқа  толып 

отыр. Біз ұстазды осы мерейлі жа-

сымен құттықтай отырып, бір топ 

өлеңін назарға ұсынғанды жөн көрдік

БІР ТАМАША ТОЙ ӨТТІ...

Я все ж тогда остался другом верным.

Легли стихи на огненный листок.

Я плакал, сочиняя откровенья.

Я чувства друга рифмовал скорбя.

Февральской стужи чуял дуновенья,

За друга я страдал и за себя. 

И кровью сердца капали чернила, 

И ночь была, как на крутом краю.

Друг взял стихи, промолвил: «Очень мило...»

Ушел и обездолил жизнь мою.

И девушка откликнулась на строки.

И счастлив был мой закадычный друг.

Но как же дни коварно и жестоко

Ко мне бедою обернулись вдруг.

Так юность посмеялась надо мной.

Над чувством молодым промчалась вьюга.

Но я не выдал этой тайны зной, 

Не огорчил достойнейшего друга.

Я пребывал почти что в забытье.

Рассеивались сладкие мечтанья.

Той первой неожиданной беде

Высокой чести были оправданья.

И дни прошли сквозь даты и края.

Но даль воспоминаний не остыла.

О юность бескорыстная моя, 

Любовь ты верной дружбе подчинила.

ТАҒДЫРЫҢА КӨНЕРСІҢ

Тағдырыңа көнбеске айлаң бар ма?

Құдіретпен жылжиды күн мен айда.

Маңдайыңа жазылған тағдырыңды,

Өзгертуге қанеки айлаң бар ма?

Бұлқынарсың үзерге шамаң бар ма?

Қолдансаң да не түрлі амал-айла.

Ақ жүріп, адал іспен танылғайсың,

Сыйынып, ниет қылып бір Аллаға.

Ырзамын тағдырыма, шағынбаймын,

Сүріндірсе де не сайқал жаңылмаймын.

Жаратқан санамды алмай сау қалдыршы,

Санаға салып көріп салмақтайын.

БЕЛГІЛІ ҒОЙ БАРАТЫН 

ЖАЛҒЫЗ МЕКЕН

Ей, сырқат, мәлім саған менің жәйім,

Түңілу де жоқ менде, сары уайым.

Ауыруы Алланың сыны болар,

Аунап қалдым, ертең-ақ қайта тұрам.

Аяқтан алдың көнбедім, көне алмаймын,

Қолдан тарттың бермедім, бере алмаймын.

Асқазанды да бауырды, байқадың ғой,

Дегеніңе мен сенің көне алмаймын. 

Төске шаптың, түсіріп тастағанмын,

Бетке шаптың, кестіріп тастағанмын.

Жүректі де жағалап көрген едің,

Оның дағы бір емін тапқан едім.

Енді міне өрледің, басқа шықтың,

Қанталаттың бастағы ми талшығын.

Жаратқан-ау  көп көндім сынағыңа,

Осы болсын соңғысы қинауыңның.

А, құдайым сырқаттан сақта мені.

Көтерейін Алла деп енді еңсемді.

Достарыммен бір жүріп, пікірлесіп,

Бой жазатын менің де кезім келді.

Бір Алла, адал жарым, бала-шаға,

Достарым жүр қолдаушы, алды-артымда.

Туыс, жекжат барлығы тілеп жатыр,

Бұрынғыдай күйіме оралуға.

Өмір деген пендеге сынақ алаң,

Мен неге сүріндім деп, сына қалам.

Алдымда атқаратын міндетім көп,

Атқармастан мен неге жолда қалам.

Бұл өмір қымбат маған бүгінімен,

Сақта құдай ертерек бүгілуден.

Қуат берсең Жаратқан аяғыма,

Жалықпаспын, әліде жүгіруден.

Тоқтатпасын ағысын өмір-өзен,

Не болса да болсыншы кезегімен.

Ешкімдағы құтылып кеткен емес,

Белгілі ғой баратын жалғыз мекен.

ДОС КЕРЕК

Сын сағатта сынбайтын,

Сындырмайтын дос керек.

Қажет жерде қолдайтын,

Құнданбайтын дос керек.

Түсінетін жаныңды,

Жаны ашитын дос керек.

Қасиетіңді бағалап,

Қастерлейтін дос керек.

Айыбыңды айтарда,

Аямайтын дос керек.

Қиналғанда шыбын жан,

Аялайтын дос керек.

Қайғы түссе басыңа,

Бөлісетін дос керек.

Досы көпті жау алмас,

Шынайы, адал дос керек.

Серіктес боп жүруге,

Сенім артар дос керек.

«Адал дос» ол шын досың,

Ал «амал дос» бір бөлек.

«Амал досты» қайтесің,

«Адал досың» көп болсын.

Жалғанда көрер жақсылық,

Қуаныш, қызық мол болсын.

«ҚОҢЫРДЫҢ» ӘНІ ҚАНДАЙ, 

СӘНІ ҚАНДАЙ

«Қоңырдың» қоңыр қаздай салған әні,

Тыңдаушыны әрқашан тамсантады.

Сыбызғы, шаңқобызы, қос домбыра,

Жарасқан өздеріне аспаптары.

«Қоңырдың» әні қандай, сәні қандай,

Әуелеп, асқақтайды дауыстары.

Үш бұлбұл қанат қағып шыққан кезде,

Ләззатқа бөлейді әр кез тыңдарманды.

Шырқаса «Қоңыр» әнді, бір тынбайды,

Құмарлана халайық жыр тыңдайды.

Шырқалған әсем әуен жанды баурап, 

Естіген жан емреніп, сусындайды.

Әндет «Қоңыр» әндерің бір тынбасын,

Сүйген халқың сүйсініп ән тыңдасын.

Шырқаған әндеріңнен ләззәт алып,

Халайық құлағына құйып қалсын.

Әндерің жүректерді жаулап алсын,

Қадамдарың әрқашан алға бассын.

Шығыстың жұлдыздары жанған өлке,

Рухтары сендерді бек, қолдасын.

АЙНҰРҒА

Айым да сен, күнімде сен жан қызым,

Айналасына шуақ шашқан Айнұрым.

Ботақаным, құлыншағым өзіңсің,

Қарашығы болып жүрген көзімнің.

Бісмілләсі ауызға алар сөзімнің,

Ұшқынысың мендегі адал сезімнің.

Мейірімнің тұнығынан нәр алған ,

Бақытты бол, бағың жансын бал қызым.

Әр қимылың жарасады өзіңе,

Айтар кезде мәні болсын сөзіңнің.

Ертеңіңе алаңдамай сенем мен,

Баршылық қой қайсарлық пен төзімің.

Еңбекқорлық , табандылық бар сенде.

Бойға сіңген қасиетің ғой өзіңнің.

Анаң берген тәрбиеден адаспа,

Алға қарай адымдай бер алысқа.

Ешқашанда түгеспесін төзімің,

Сергек болсын әрқашанда сезімің.

Биіктерді бағындырып жүргейсің,

Көтеріңкі болсын әр кез көңілің.

қаңтар

январь

№ 1 (128)

2014


31 қазан... Барлық қоғамдық орын-

дар  табысқа  кенелген  шығар.  Әрине, 

оларға  табыс  болса  ғой,  әйтеуір... 

Ұлтың  шайтан  болды  ма,  әлде  өлікке 

ай налды ма, мерекені нағыз бизнестің 

көзі  дерсің!  Жастар  қауымы  асыға 

күтетін  ғашықтар  мейрамы-Валентин 

күнінен  құтылдық  па  деп  жүргенде 

жастардың  мұндай  әрекеттері  адамды 

қынжылтпай қоймайды. Аңғал қазақты 

алдауға  құмар  ғой  «дос»  мемлекет-

тер.  Біреуі  дінін,  біреуі  тілін,  біреуі 

әдебиетін,    біреуі  мәдениетін,  енді  бі-

реу лері  мерекелерін  тықпалап  әлек. 

Ондай  кездерде  шіркін  қазекеңнің 

қонақ жайлылығына  «риза»  боласың, 

барлығын  да  құшақ  жая  қарсы  алып, 

тез-ақ сіңдіріп алады. Тіпті, осы мереке 

кезінде еріккен жастар аздап «еркелеп» 

тыныш ағашты сындырып, көліктердің 

дөңгелектерін  де  жұлып,  өртейтін 

көрінеді.  Бұған  не  дейсіз?  Көшедегі 

біреулер  осылай  бұзақылық  жасаса 

бірден  сотқа  жүгінер  ме  едіңіз?..  Ал, 

өз  балаңыз  осы  мерекелік  «дәстүрді» 

жасап  жатса  тым  болмаса  «қой»  деп 

айтасыз  ба?  Әлде  сіз  де  бірге  тойлай-

сыз  ба?  Жын-пері  боп  киініп,  көшені 

кезіп,  елдердің  мазасын  қашырып, 

өзге  дін  өкілдерінің  мерекесін  той-

лап  жүрген  жастарды  көргенде  «қой» 

дейтін  қожасының  болмағаны  ма  деп 

қаламын... 

Хеллоуин деген не? Ол бізге қайдан 

келді?

Христиандық  дәуірге  дейінгі  ке-



зең де  қазіргі  Англия  мен  Ирлан дия-

ның,  сондай-ақ,  Францияның  аума-

ғында  кельт  атты  жұрт  өмір  сүрген. 

Кельттердің  жыл  санауы  қыс  және 

жаз болып екі бөліктен тұратын. Олар 

Күнді  өздерінің  жоғары  құдайы  деп 

санайтын.  Олардың  түсінігі  бойынша, 

Күн  қыс  мезгілінде  өлілердің  патша-

сы  Самхэйннің  (Самайн)  тұтқынында 

болады-мыс.  Тура  31  қазан  күні  (әри-

не,  біздің  жыл  санауымыз  бойынша) 

кельттер өздерінің Самхэйн деп атала-

тын  ең  үлкен  мейрамдарын  тойлайды 

екен.  Бұл  мейрам  күзгі  өнімді  жинау 

науқанының  аяқталғанын  және  ескі 

жыл  бітіп,  жаңа  жылдың  басталуын 

білдіретіндіктен,  ерекше  мәнге  ие  еді. 

Сонымен бірге, Самхэйн-қатал қыстың 

басталуын  білдіретін.  Кельттер  пұтқа 

табынушылар  болғаны  белгілі,  олар 

да  өлімнен  кейін  өмірдің  болатынына 

сенетін.  Аңыздары  бойынша,  Сам-

хэйн  өмір  сүретін  ақ  дала  өте  әдемі 

болады-мыс.  Осы  түні  Самхэйн  өткен 

шақтан  болашаққа  есік  ашады  екен. 

Көптеген  салт-дәстүрлері  Самхэйнмен 

байланыстырылған.  Осы  күні  Ирлан-

дияның  сол  кездегі  Тару  атты  бас 

қаласында барлық жауынгерлер жина-

лып,  той  жасайтын.  Ол  күні-түні  той-

ланатын болған. Самхэйн күні адамдар 

кейінірек  друидтер  (кельт  халқының 

абыздары)  берген  қасиетті  оттармен 

үй  шамдарын  қайтадан  жағу  үшін,  өз 

үйлеріндегі  оттарды  өшіріп  қоятын. 

Бұл күн мазасыз әруақтар мен сиқырлы 

тіршілік иелері біздің әлемімізге өтеді 

деп  сенетін.  Сондықтан  да  кельттер 

әруақтар  сияқты  киініп  алып,  арғы 

беттен  келетін  тылсым  күштерді  ты-

ныштандыру  үшін,  әр  үйге  барып 

тамақ  сұрап  жүретін  болған.  Сондай-

ақ,  Самайн  мейрамында  әртүрлі  бал 

ашу лар  өткізілетін.  Мысалы,  жастар 

қосақталып  отырып,  ұзын  пішіндісі-

еркек, ал дөңгелектеу келгені-әйел деп 

есептеп, шырмауық жапырақтарын жа-

нып  жатқан  отқа  лақтыратын  болған. 

Алаудың  екпініндегі  жапырақтар  бір-

біріне жабысатын болса, той боларын, 

ал егер екі жаққа ұшып кетсе, айыры-

лысуды білдіреді деп есептеген. Біздің 

дәуіріміздің  I  ғасырында  римдіктер 

кельт терді  жаулап  алғаны  белгілі. 

Бірақ бұл мейрамдарын тойлауға тый-

ым салмаған. Өйткені ол римдіктердің 

По мон  (өсімдіктердің  әйел  құдайы) 

күні мен  тура  келген.  Солайша,  уақыт 

өте  Самхэйн  оларға  да  сіңісіп  кеткен. 

Британия мен Ирландияның христиан-

дануы  жергілікті  халықтардың  пұтқа 

табынушылық  мейрамдарынан  бас 

тартуына алып келді. Тек Самайн ғана 

ұмытылмады. IX ғасырда III Папа Гри-

горий барлық әулиелер күнін тойлауды 

13  мамырдан  1  қарашаға  ауыстырды. 

Сол  кездерде  бұл  күнді  жыл  бойына 

өз  мейрамдары  болмаған  әулиелерге 

бағыштаған. Мереке қарсаңындағы күн 

(31  қазан)  ескі  ағылшын  тілінде  «Алл 

Һаллоус  Евен»  немесе  «Алл  Һаллоус 

Еве»  («Барлық  әулиелер  кеші»)  деп 

атаған.  Кейінірек  атаулар  «Һаллоуе  ен 

немесе  «Һаллоуеен»,  яғни  Хэллоуин 

деп  өзгертілген.  Пұтқа  табынушылар 

мен христиандар мейрамдарының той-

лануы  уақытта  тура  келуі,  пұтқа  та-

бынушылар  мейрамының  сақталуына 

мүмкіндік  ашты.  Уақыт  өте  келе  Хэл-

лоуин  жын-ойнақ  мерекеге  айналды. 

Басқа құрлық елдеріне де тарай баста-

ды. Біздің елге де келді, қазақта басқа 

«дені дұрыс» мейрам құрып қалғандай. 

Мұсылмандарда  жұма  күні  әруақтар 

жерге түсіп, дәм етеді екен деп жатады. 

Әруақтарды  күткісі  келсе  жұма  күні 

оларға құран бағыштап, жеті таратсын. 

Одан басқа Құрбан айт, Ораза айт сын-

ды мерекелер де  баршылық. Бір наурыз 

мейрамының  өзінде  қаншама  тәрбие 

жатыр.  Жаңарып,  ренжіскен  адамдар 

татуласып, шат шадыман көңіл-күймен 

рухани  демалып  қаласың.  Жастарды 

айтамыз  ғой,  мұғалімдер  бұл  мейрам-

ды тойлап жатқанда оларға не кінә арта 

аламыз?  Ағылшын  тілінің  мұғалімі 

тіл  үйретемін  деп,  осы  мерекені 

дүр кіретіп  тойлапты  дегенді  естіп 

жағамызды  ұстап  едік.  Өзі  ғана  емес, 

оқушыларына  арнайы  киім  тіктіріп, 

ашық  сабақ  та  өткізген  көрінеді.  Әлгі 

мұғалім  бұл  мереке  туралы  білмейді-

ау,  шамасы?  Әйтпесе,  оқушыға  ненің 

жақсы,  ненің  жаман  екенін  үйрететін, 

бар білімін беріп, өз елін сүюге, дінін, 

ділін құрметтеуге тәрбиелейтін осы ма 

дейсің,  ұлттың  тағдыры  ұзтаздардың 

қолында  деп  жүргенде,  осындай 

ұстаздар  қоғамға  қандай  баланы 

қосады?  Білмеген  болса-  мұғалімнің 

білімсіздігін көрсетеді емес па? Не де-

сек те, ұялатын, ұялтатын жағдай.

Әшейінде  елді  сынап-мінеуге  кел-

генде  «шебер»  КТК  телеарнасындағы 

«Астарлы  ақиқат»  бағдарламасы  был-

тыр  арнаның  мерекелік  кешінде  осы 

стильде  өнер  көрсеткеніне  не  дерсіз? 

Алексей  ағамызға  аса  кінә  артпай-

ақ  қояйық,  не  дегенмен  ол  кісі  –қазақ 

емес.  Ал,  Дина  әпкемізді  не  түлен 

түрткенін  қайдам,  әйтеуір,  осы  кеш 

туралы  мақтанып  тұрып  айтты  ғой! 

Секталар туралы өткір мысқылдап ай-

тушы журналист әпкеміз бұның қандай 

мейрам  екенін  білмей  қалды  ма  екен? 

Әй,  қайдам...  «Елдің  құлағына  алтын 

сырға  салғыш»  әпкеміздің  құлағына 

бұл жолы біз де «сырға салып» қояйық. 

Қарсы болмайтын шығар?..

Стиль  демекші,  әйгілі  «Эмо»  да 

осыдан  тарағанға  ұқсайды.  АҚШ-

тың  өзі  бұл  мерекеге  тыйым  салып 

жатқанда бізге, мұсылман елге бұл ме-

реке  зұлымдықтан  басқа  не  үйретеді? 

Осыны  түсіну  үшін  де  керемет  ақыл 

керек  пе?  Әлде  санамыз  соншалықты 

төмен  бе?  Әлгі  мектептің  басшылығы 

неге мұндай әрекетке үндемейді?  Заң 

не  дейді?  Бұл  қашанға  созыла  береді? 

Қашанғы  санамызды  улай  береміз? 

Сұрақ көп, жауап жоқ.

Өз  мерекелерімізді  ұмыт  қылып, 

сатанизм  сектасының  көріністерін  үй-

реніп жатырмыз. Пайғамбарымыз: «Кім 

де  кім  басқа  ұлттың  діни  мерекесін 

тойлайтын болса ол сол топтан» деген. 

Онсыз да сауабымыз аз заманға күнаға 

белшеден батып жатырмыз. Міржақып 

атамыз  айтқандай,  қазақ  қашан  оянар 

екен?..


Балнұр ЕРЖАНҚЫЗЫ,

студент

Жақында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-нің  спорт  кешеніде 

еліміздің Тұңғыш Президентінің күніне арналған Каратэ-до Ке-

кушинкай жекпе-жек түрінен жарыс болып өтті. 

Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 20 команда, 200-ден аса жекпе-жек шеберлері 

қатысты. Сонымен бірге  көрші Қырғзстанның құрама командасы да өнер көрсетті.

Өте  тартысты  өткен  бұл  турнирде  біздің  университетіміздің    студенттері  де 

табыстарымен  қуантты.  Атап  айтқанда,  55  келі  салмақта  қыздар  арасында  тарих 

факультетінің  1-курс  студенті  Анастасия  Сахарина  алтыннан  алқа  тағыса,  ерлер 

арасында 60 келі  салмақта спорт бөлімінің  4-курс студенті Асқар Қуанышев та дәл 

осындай табысқа қол жеткізді. Ал, 65 келі салмақта алғашқы дайындық бөлімінің  2- 

курс студенті Жандос Қойайдар екінші орыннан көрінді. Сөйтіп, біздің спортшыла-

рымыз университетіміздің қоржынына 2 алтын, 1 күміс медаль салды.

Осы  орайда  елімізге  белгілі  бапкер,  шығыс    жекпе-жегінің  майталман  шебері, 

Дене мәдениеті және спорт кафедрасының аға оқытушысы Бекмұрат  Мақсұтовтың  

осы спорт түріне сіңірген еңбегін атап өтуге тиіспіз.Қазіргі таңда оның шәкірттері 

биыл Токио қаласында Каратэ-до Кекушинкайдан өтетін әлем біріншілігіне қатысу 

үшін қызу жүргізіп жатыр.

                                                     



Шолпан МЕҢДІҒАЛИ, 

«Сауықтандыру дене мәдениеті»

 кафедрасының аға оқытушысы

ДАРА ШЫҢЫМ

 

 



«Тәуір болып кетеді әлі-ақ бәрі»,-

Деп сенемін күмәнмен қарап тағы.

Сансыз мына қатемен ашылуда,

Сенсіз жаңа өмірдің парақтары...

Тылсым күшке айналып төзім деген,

Кінәлімін, жарқыным, өзім де мен.

Өзгелерге қиылып қарағанда,

Қиығың боп көзіңде көз ілген ем...

Пәк сезімім, тағы да шыдатпадың,

Жауабы жоқ таусылмай сұрақтардың,

Мен де, жаным, сезімге тұрақтадым,

Бастайықшы басынан, бірақ бәрін.

Көп қыздың, ардағым-ау,санасы мұң,

Жүрегіңнің таппассың жанашырын.

Қол ұстасып бақытқа ұмтылайық,

Көзімдегі мөп-мөлдір қарашығым!

Дара шыңым!..

 

 



 

 

ЕЛДІГІМНІҢ ЕҢСЕСІ

Ата-баба арманы еді, еркіндік

Сан жылдан соң 91-де серпілдік.

Тағып алып Азаттықтың тұмарын,

Тең терезе, өзгелермен тең күлдік,

...Желтоқсанда көтеріліп  жастарым,

Ашып кеттің ащы шындық астарын.

Толғандырып Ұлы Қазақ жүрегін,

Кеткен еді көкке ұшып жас жаның...

О, Желтоқсан! 

Бізге азап шеккіздің,

«Лашын құсты қызғыш құсқа тепкіздің».

Азаматтар, мақтанышы қазақтың,

Бізді осы құтты күнге жеткіздің.

Бүгінгі күн –Қазақ елі тәуелсіз,

Азат, еркін-даму жолы бөгеусіз.

Жалғастырар  осы бақыт бастауын,

Болашақтың кілтін ұстар-жастар біз

Назерке  САҒИЕВА,

студент

«Internet games»-пен дос болудың зардабы

Этнопедагогика сабағынан лекция болып жатқан. Оқытушымыз Шолпанқұлова Гүлнәр апай қазақтың ұлттық ойындары жай-

ында сөз қозғады. Кенеттен көз алдыма «Internet games» деген жазу елестей бастады, сосын терең ойға батып, мақала жазып 

көрейін деген ой туындады...

...Лудомания ( құмар ойындар) бұл терминнің де бастамасы интернет ойындарынан бастау алды. Қызығушылықпен қызық 

көріп, еліктеушілікпен интернет клубтың табанын тоздырып жүрген жастарымыз лудоманияның арбауынан шыға алмай жүр.

Қазіргі заман ақпарат пен техниканың заманы деп жар саламыз. Қоғамымызда «интернет» деген термин пайда болып, «интер-

нет» атты тұңғиық әлемге батып бара жатқандаймыз. Интернеттің пайдасынан зардабы көп екенін біле тұра көз жұма қараудамыз.

Мен негізінен  Алматының көше бойларында орналасқан, бір кірсе  молынан кіріп, қалтасының түбіндегі тиынына дейін 

«карточкаға» құйып, сонда да мауқымын баса алмай шығатын «internet games» деген жазуы бар аядай ғана бір бөлмелі интернет 

клуб жайында айтқым келіп отыр. Әттең-ай дерсің,  сырты бүтін, іші түтін ойын бөлмесіне жастардың легі күн сайын ағылып 

келеді.Ішке ене салысымен бар назарын ешбір пайдасы жоқ төртбұрышты экранға бұрып, өз денсаулығына қатер төніп отырғаны 

қапіріне де кірмейді. Оларға қарап не өмірге деген құштарлығын, не ғылымға деген ізденісінің жоқ екеніне анық көз жеткізесің. 

Халқымыз  ұлттық  ойындарды  тәрбие  құралы  ретінде  таныған  ғой,  тәрбиелік  мәні  зор  дәстүрлі  спорттық  ойындар  да  қазақта 

баршылық. «Көкпар», «Бәйге», «Қыз қуу» сынды ат үстіндегі ойындар қазақ баласының денесін шымыр, батылдыққа, өжеттілікке, 

ал «Тоғызқұмалақ», «Асық» сияқты ойындар ұшқыр логикасымен, ұтымды сөздерімен отанымызды қорғайтын, батыр, намысшыл 

ер-жігіттерімізді тәрбиеледі емес пе? Ал қазіргі жастарымыз ол ойындарды ұмытты-ау. Төрт  қабырғалы интернет клубқа кіріп не 

ойын, не бойын өсіре алмай жүрген ұрпақ тек санасын улаумен бар уақытын өткізуде.

Бұл ойын түріне «әй» дейтін әжеміз, «қой» дейтін қожамыз жоқ боп тұр. Шенділеріміздің кейбірі аяқ басып кіре берген-

де, түрлі сылтау айтып, «ағатайлап» қашып құтылатыны айдан анық. «Ештен кеш жақсы» демекші қазірден бастап өз-өзімізді 

тәрбиелеп, жаманнан жиренуге әлі де кеш емес. Жаманы мен жақсысы қатар жүретін мына жалған өмірде жаманға қарай беттеп, 

ұлтымызды құртып алмайық дегім келеді.

 

 



 

 

 



Ақерке САБЫРЖАН,

Қолданбалы физика және математика 

институтының студенті

ХЕЛЛОУИН ДЕГЕН НЕ ӨЗІ?

Біздің саңлақтар



«INTERNET GAMES»

Бас редактор

Болат ШАРАХЫМБАЙ



Көркемдеуші-дизайнер

Сержан ҚАСЫМОВ



фототілші

Серік ИМАНҚҰЛОВ



МЕНШІК ИЕСІ:

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Газет Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде 

30.01.2009 ж. тіркеліп, тіркеу туралы №9874 -Г куәлігі берілген 

Редакцияның

мекен-жайы:050010

Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі,

30-үй, № 323-бөлме.

Байланыс тел.: +7 /727/ 291-18-65

Газет бүкіл республикаға тарайды.

Тапсырыс № 277

Индекс 65285

Таралымы 1000



 

Автордың мақалалары

редакция көзқарасын білдірмейді.

● Редакцияға түскен материал

қайтарылмайды.

Газет “ҰЛАҒАТ” баспасының 

баспаханасында басылды.

Баспаның мекен-жайы:

050010

Алматы қаласы, 

Қазыбек би көшесі, 30 - үй.

қаңтар

январь

№ 1 (128)

2014

4


жүктеу 217.53 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет