03 астана ажары 11 спорт қазақ күресі — белбеу күресі



жүктеу 0.87 Mb.

бет2/7
Дата09.01.2017
өлшемі0.87 Mb.
1   2   3   4   5   6   7

Базарлардың «крышалары» 

Астанада көрінеді

Алматы  еліміздегі  аса  көрікті  шаһар  болғанымен, 

сейсмологиялық  жағдайы  жұртты  қатты  алаңдата-

тыны рас. Ара-тұра тіркелетін жерасты дүмпулеріне 

жергілікті  халық  үйреніп  қалғандай,  дегенмен  тер-

белістер туралы ақпарат кімге де болса үрей туды-

ратыны жасырын емес. Әңгіме ауаны осыған қарай 

ойысқанда  Ахметжан  Смағұлұлы:  «Біздің  қалада 

сейсмологиялық  жағдайға  қатысты  болжамдар 

жоғары  деңгейде  жүргізілуде.  Күнде  таңертең  өзім 

хабарласып біліп отырамын. Сондықтан одан қорқып, 

елді әбігерге салудың қажеті шамалы», — деп, бұл 

сауалға нүкте қойды.

Алайда  Алматы  қаласы  үшін  ең  басты  проблема 

экология болып отырғанын күрсіне отырып жеткізді. 

Сондықтан да қалада жүзеге асырылатын барлық жо-

балар экологиялық сараптамадан өткізіліп жатқанға 

ұқсайды.  Дегенмен,  зиянды  шығарындылардың  82 

пайызы көліктердің еншісінде көрінеді.

«Алматыда 520 мың автомашина тіркелген. Қалаға 

күн сайын 200-ден 300 мыңға дейін көлік келеді. Де-

мек, қала көшелерінде 700-800 мың көлік жүр деген 

сөз. Сондықтан да біз, ең алдымен жанармай сапасын 

тексере бастадық. Екіншіден, осы жылы қалаға кіре-

берістерде пайдаланылған газ шығарындыларының 

стандартқа  сәйкестігіне  машиналарды  тексеру  үшін 

13  экобекет  орнаттық.  Қазірдің  өзінде  30  мыңнан 

астам машинаға айыппұл салынып, бұл қадамымыз 

өзінің тиімділігін көрсетуде», — деді ол.

Сонымен қатар 5 мың көлікке арналған тұрақтары 

бар  4  автобекетті  қала  кіреберістерінде  салу 

үшін  жобалық-сметалық  құжаттама  дайындалып 

жатқандығын  айтып,  тұнжырай  бастаған  көңілдерді 

бір көтеріп тастады.

Оның  сөз  саптасынан  Алматыдағы  қоғамдық 

көліктердің  60  пайызы  экологиялық  таза  болатын 

күн де жақын тәрізді. Осы айдың соңына дейін газ-

бен  жүретін  автобустар  саны  400-ге  жеткізіледі.  17 

трамвай,  195  тролейбус  сатып  алыныпты.  Келесі 

жылдың  1  тоқсанында  газбен  жүретін  400  автобус 

сатып алу көзделіп отыр екен. Осылайша, 2014 жылы 

Алматыдағы  экологиялық  таза  көліктердің  саны  1 

мыңға жетпек.

Алматы  базарларындағы  бейбастақ  әрекеттер 

жөнінде  жиі  айтылып  жүр.  Осы  жиында  ашынған 

әкім:  «Алматы  базарларын  тәртіпке  келтіруге  есімі 

республикаға  танымал  тұлғалар  кедергі  келтіруде. 

Базарға тиесілі алаңдарды бөліп алып, барлығы үшін 

ақша  жинаған  директорлар  бар.  Осында,  Астанада 

тұратын құрылтайшыларына арқа сүйейді. Егер олар 

арандатушылық  әрекеттерін  тоқтатпайтын  болса, 

онда  аты-жөндерін  БАҚ  арқылы  жария  ететіндігім-

ді  мәлімдегім  келеді»,  —  деді.  Бірақ,  журналистер 

қанша қиылғанымен, «дөкейлердің есімі» айтылмай, 

ішінде  кетті.  «Шөлмектің  күнде  сынбағанымен,  бір 

күні сынатыны» анық енді.

Оның  сөзінен  түйгеніміз:  түрлі  кедергілерге  қара-

мастан базарларда тәртіп орнату жұмыстары аяғына 

дейін жүргізіле бермек.

«Рухани өмірімізді қалай тазартамыз? Қалалары-

мызда қаптап кеткен жын-ойнақ. Гей клубтардың есік-

тері айқара ашық тұр. Бір Алматының өзінде 20 гей 

клуб бар екен. Оларды неге жаппасқа? Неге оларға 

тосқауыл қоймасқа?» деген жанайқайға әкімнің жау-

абы солғын шықты. 

Ал «80 жылдығы келесі жылы аталып өтетін, Алматы 

ипподромының жұмысы мәз емес. Кейде істейді, кей-

де жабық. Соны әкімдік қарамағына алып, жұмысын 

жандандыруға болмас па?» — деген журналиске Ах-

метжан Смағұлұлы мақұлдаған кейіппен: «Иә, иппо-

дром туралы айтқаныңызға келісемін. Ипподромның 

жұмысы маған да ұнамайды. Олардың иелеріне мен 

өз ойымды айттым да. Орталық парк сияқты жұмысын 

түземесе, амал жоқ, олармен айналысамыз. Мүмкін, 

мемлекеттің  құзырына  қайтаратын  шығармыз.  Оны 

байқап көреміз», — деп жауап қайырды.



Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов

— деген әкімге ел сене қояр ма екен? 

«Мен әйелімнің үйінде 

тұрып жатырмын», 

Елдің есінде болар, осыдан бірнеше ай бұрын ресейлік журналистер Қайрат 

Нұртастың шуға ұласқан концертінен кейін, Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовті 

әнші деп шатастырып жаһанға жайып жіберген. Жылдам хабар аламыз деп, білдей бір 

көрікті қаланың әкімінің атына кір келтірген оларға дауа жоқ екен! Басқа бір ашушаң, 

тәкаппар әкім болса, «менің азаматтық, моральдық намысыма тіл тигізді»  деп сотқа 

жүгініп, бейпіл ауыз ресейлік телеарнадан қыруар қаржы талап етер еді. Алматы 

әкімінің әсем қалада өз үйі жоқ дегенге сенбесіңіз анық! Бірақ шындығы солай! Үйі жоқ! 

Баспасөз мәслихатында айлық жалақысын жария еткен әкім: «Мен бұл сұраққа дайын-

далып келдім. Менің жалақым 645 мың теңгені құрайды, одан 130 мың теңге ұсталады. 

Қолыма таза алатыным 515 мың теңге», — деп бір қойды. Әрине, мұндай жалақымен 

шіріген байлардың санатына қоса алмасымыз анық оны! Алайда, елордада шағын 

үйінің бар екендігін тілге тиек еткен ол, жұбайының атында оңтүстік астанада баспана 

тіркелгендігін ашық айтты. Әзілге де жүйрік екен, «Мен қазір Алматыда әйелімнің үйінде 

тұрып жатырмын», — деп, жиналғандарды ду күлдіріп алғанын айтсаңызшы...

(Оператор  штаб-пәтері  Амстердам  (Нидерланды) 

қаласында  орналасқан,  «VimpelCom  Ltd»»  халықаралық 

телекоммуникациялық холдингі абоненттер саны бойынша ал-

тыншы орынды иеленетін компанияның құрамына кіреді. 2013 

жылғы 30 маусымдағы көрсеткіш бойынша компания 215 млн. 

абонентке қызмет көрсетеді). Сонымен, төрт тарапқа даңқы 

жайылған Билайн компаниясы Қазақстандағы дәрігерлер мен 

емделушілерге  арналған  алғашқы  тегін  мобильді  «Dariger» 

қосымшасының  жасалуы  мен  іске  асуына  қолдау  көрсетіп, 

айды аспанға бір-ақ шығарды. Журналистерді сауын айтып 

шақыруының да сыры осында жатқандай.

Мобильді қосымшаның «Dariger» деп аталуы да көп жайды 

аңғартады. Оған сәл кейінірек тоқталамыз. Жиын барысын-

да ойға түйгеніміз – Қазақстан Республикасының Денсаулық 

сақтау министрлігі бекіткен барлық ауруларды анықтау және 

оларға  ем  қарастыру  осы  қосымшаға  жүктелген.  Сондай-

ақ, ұйымдастырушылардың айтуынша, бар мәселені негізге 

ала  отырып  жасалған  сайтты  пайдаланушыларының  90%-

ы  қазақтілді  нұсқасына  кіреді  екен.  Демек,  мемлекеттік  тіл-

ге сұраныс бар деген сөз! Сөйте тұра, «Dariger» қазақ және 

орыстілділерге бірдей қызмет көрсетеді. Ең кереметі, қажетті 

ақпаратты алу үшін қалалардың қашықтығы сөз емес.

Қазақстандағы Beeline Корпоративті коммуникациясының 

директоры  Алексей  Бендзь  сөзін  былай  сабақтады: 

«Компаниямыздың алдағы жоспарында «Beeline Telemedici-

ne» деген үлкен әлеуметтік бағдарламаны іске қосу тұр. Теле-

медицина саласындағы жобалар қазақстандықтардың өмір 

сүру  сапасын  арттырады.  Алдағы  2-3  жылда  медициналық 

қосымшаны  30%-ға  дейінгі  смартфон  иелері  пайдаланатын 

болады.  Жаңа  «Dariger»  қосымшасын  іске  қосуға  қолдау 

көрсету – бұл осы саладағы біздің алғашқы қадамымыз және 

біз Қазақстандағы осы бағытты дамыту жолындағы басқа да 

бастамаларға ықыласпен қолдау көрсететін боламыз».

Естеріңізге  сала  кетейік,  «Dariger»  қосымшасын  Android 

(2.1-ден жоғары) операциондық жүйесі бар смартфондар мен 

планшеттерге орнатуға болады. Сонымен қатар қажет кезде 

Google Play-дан жүктеп алу еш қиындық туғызбайды.



Билайн мобильді қосымша

— «Dariger»-ді ұсынады

Таяуда елді елең еткізген жағымды жаңалық 

самал желдей сайын даланы кезіп кетті. Еліміз-

де тұңғыш рет дәрігерлер мен емделушілерге 

арналған тегін мобильді қосымша дүниеге 

келді. «Е-е» деп елең ете қалғаныңыз анық! Онда 

тыңдаңыз, атағынан ат үркетін, анау-мынауға 

мойын бұра қоймайтын Beeline компаниясы бұл 

игілікті іске мұрындық болып отыр. 

15  қазан  күні  француз  баспаларында 

жарияланған  «Қазақстаннан  150  адам 

Сириядағы қасиетті  жиһадқа қосылды» 

деген  мақала  көп  адамды  алаңдатқаны 

мәлім.  Бұрын  мұндайды  көрмеген 

халқымыз  бұл  ақпараттың  рас-өтірігін 

білмей, көк жәшікке  телміргені  шындық. 

Жаманат хабар жерде жата ма тегінде, 

елімізге де «аттандап» жетті ақыры.

30 қазан күнгі Палата спикері Нұрлан 

Нығматулиннің  төрағалығымен  өткен 

жалпы  отырыста  депутат  Бақытбек 

Смағұл  Қазақстан  Республикасының 

Премьер-министрі Серік Ахметов пен Бас 

прокурор  Асхат  Дауылбаевқа  жолдаған 

депутаттық  сауалында  осы  Сириядағы 

жиһадшылар  жайын  сөз  етіп,  ұлттық 

қауіпсіздік мәселесін көтерді.

«Еліміздің  «Қазақстан-2030»  даму 

Стратегиясының  бірінші  басымдығы 

ұлттық  қауіпсіздік  екені  белгілі.  Ұлан-

ғайыр жердің территориялық тұтастығын 

қамтамасыз  етуде,  діни  радикализм 

мен  терроризмнің  алдын  алуда  Ұлттық 

қауіпсіздік комитетімен қатар, бақылаушы 

орган  ретінде  Бас  прокуратураның, 

елдің  біліми-ағартушылық,  әлеуметтік 

қамтамасыздануында  Үкіметтің  орны 

ерекше», — деп айқындап өткен депутат, 

қазіргі  бір-бірімен  тығыз  байланысқан 

әлемде  терроризм  қаупі  шекара  деген 

ұғымды шайғанын, қай континентте бол-

масын,  терроризмнен  төнетін  әлемдік 

бейбітшілікке қауіп бірдей екенін ашына 

жеткізді.

«Аталмыш  геосаяси  қақтығыста  бей-

бітшілік  пен  бірлікті  ту  еткен  біздің  ел-

ден  топтың  қосылуы  еліміздегі  ради-

калды  діни  тармақтардың  әлі  де  болса 

белсенді  жұмыс  істеп  жатқандығының 

көрінісі  деп  қана  қабылдамай,  ұлттық 

қауіпсіздігімізге  төнген  қауіп  деп 

бағалаған  орынды  болар.  Бұл  әлі  де 

болса  біздің  мемлекеттің  территория-

сында  өзінің  елін  туған  Отаны  ретінде 

емес, болашақ Ислам халифатының бір 

бөлігі  ретінде  қарастыратын  топтардың 

да  өзінің  жұмысын  істеп  жатқандығын 

көрсетеді.  Тәуелсіздік  алғаннан  кейінгі 

идеологиялық  вакуумның  діни  бөлігін 

толтыру  мақсатында  уаххабтық  діни 

ұстанымды  ұстанған  топтар  біздің  елде 

де  өзінің  қызметін  бастағаны  соңғы 

жылдардағы  еліміздің  батыс  бөлігінде 

орын алған жағдайларға қатысты түсіне 

бастадық», — деп бір түйіндеп қойды де-

путат. «Ашынғаннан шығады ащы дауы-

сым» деген осы шығар.

Еліміздің  құқық  қорғау  органдарының 

қызметінің бір бағыты лаңкестік пен экс-

тремизмге  қарсы  әрекет  ету,  елдің  ішкі 

тұтастығы  мен  саяси  тұрақтылығына 

қарсы  әрекет  ететін  элементтердің  ал-

дын алу болып табылады. Осыны қадап 

айтқан Бақытбек Смағұл: «Еліміздің көп 

бөлігіндегі  Дін  істері  агенттігі  мен  өзге 

де  мемлекеттік  органдардың  қызметі 

қуантады. Білім және ғылым министрлі-

гі  де  кезінде  діни  ағартуды  қолға  алған 

еді.  Бүгіндері  тек  балабақша  мен  мек-

теп,  университеттегі  жұмыстарынан 

әрі  аса  алмай  қалды.  Елдің  жастарын 

тәрбиелеуде  тек  бір  ғана  мекеме  емес, 

бүкіл  мемлекеттік  аппарат  атсалысуы 

қажет екенін баса айту керек.



ДЕПУТАТТЫҚ САУАЛ

Ұлттық сипаттағы дінімізге 

қауіп төніп тұрған жоқ па?

СЕНАТ МІНБЕРІНЕН

Заң жобасын талқылауға 

қатысқан 46 депутаттың 

барлығы бірауыздан 

қолдап, аталмыш заң жо-

басы қабылданды. Әйтсе 

де, «Ауызға келген түкірік, 

қайта жұтса мәкүрік» бола-

тынын білген бірнеше депутат 

сапасыз салынып жатқан 

қара жолдарға қатысты өз 

қарсылықтарын ашық білдірді. 

Соның бірі — Сенат депутаты 

Иран Әміров. 

Ол  кісі  «Әттең  тонның  келтесі-ай!» 

дей  отырып,  мынандай  қатқыл  уәж 

айтты:  «Cалынып  жатқан  жолдардың 

әр  шақырымы  620  млн  теңге.  Мен 

бұл  сұрақты  2030  жылы  мемлекетіміз 

көркейіп, 50 елдің қатарына қосылғанда, 

Республика  жолдары  тақтайдай  болып 

тұрғанда  көтермес  те  едім.  Қазір  жол-

дарды салып жатқанымызбен, басталған 

жолдардың  әлі  бітпей  жатқаны  жанға 

батады.  Ақтөбе,  Қобда  Республикалық 

жолдарының  салынғанына  9  жыл  бол-

ды. Біткен жол 70 шақырым. Қызылорда, 

Атырау, 


Маңғыстау 

облыстарына 

шығатын  Ақтөбе,  Қандыағаш  жолдары 

60-жылдары  салынған.  Аумағы  тап-тар. 

Жүріп көрсеңіз, сау-тамтығы жоқ. Бөлініп 

жатқан  миллиардтар  қайда?  Жылы-

на  қаншама  техника  бұзылып,  бірнеше 

ондаған  адамдар  осы  жолдарда  опат 

болады.  Істеліп  жатқан  жұмыстардың 

нәтижесі  қайда?  Осыны  көре  тұра  бұл 

заң  жобасын  қалай  қолдаймыз?  Амал 

жоқ, шарасыздықтан қолдауға тура келіп 

тұр.  Рас,  көп  жұмыстар  жасалды.  Оны 

жоққа  шығармаймыз.  Осындай  үлкен 

масштабты жолдар салынғанда шамалы 

ойланған  дұрыс  емес  пе  басшыларға? 

Әлеуметтік  жағдайға  қаржы  сұрағанда, 

Үкімет әруақытта ақша жоқ деп шыға ке-

леді.  Ақшаның  жоқтығынан  әйелдердің 

зейнетке  шығу  жасын  көтеру  керек 

дейді.  Ақшаның  аздығынан  жекемен-

шік  үйлердің  салығын  көтеру  керек  деп 

жатыр.  Ал,  біз  сөз  етіп  отырған  жолдар 

20  жылға  есептелген.  Бұған  құйылып 

жатқан қаржыда есеп жоқ».

Қара жолға ақша шашатын Үкімет 

әлеуметтік салаға неге сараң?

31 қазан күні Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен Парламент 

Сенатының кезекті отырысы өтті

Бетті 

дайындаған —

Нағашыбай 

Қабылбек

БӘРЕКЕЛДІ!


04

ДҮБІРЛІ ДҮНИЕ — САЯСАТ

7 ҚАРАША ЖЫЛАН ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Ердоғанның  демократияландыру  пакетінің  өзіндік 

сыры мен жариялану мәні бар. Көпшіліктің есінде бо-

лар, Мұстафа Кемал Ататүрік негізін қалаған ұлтшыл 

Түркия республикасы елдегі түрлі этностарды асси-

миляциялауға  да  барын  салды.  Сонымен  қатар 

діннің  қоғамдағы  белсенділігін  азайтып,  азан  мен 

намазды,  онымен  қоймай  қасиетті  Құранды  түрік  ті-

лінде оқытып тынды ақыр аяғында. Осынау кемалис-

тік идеологияның елдің даму стратегиясына тигізген 

кемшіліктері аз емес. Сол ақтаңдақтарды тазалауға 

үкімет  барынша  тырысып  бағуда.  «Демократиялан-

дыру пакеті» соның айғағы.

Құжатты  дайындауға  елдегі  «Әділет  және  өрлеу 

партиясы»  2002  жылдан  бастап  білек  сыбана  кіріс-

кен болатын. Бұлай аптығуының себебі жоқ емес-тін, 

түрік  қоғамында  шешімін  таппаған  біраз  мәселелер 

қордаланып  қалған.  Қоғамда  солшылдардың  да, 

діндарлардың  да,  ұлтшылдардың  да  халыққа  әсер 

етерлік  қауқары  бар.  Ел  азаматтары  түгелдей 

төлқұжаттарында  «түрік  азаматы»  делінгенімен, 

жүрек  түбінде  туған  ұлтына  деген  оттың  сөнбеуінен 

шу шығып, бір ғана күрд мәселесі Түркияның ең үлкен 

мазасыз  мүйісіне  айналған.  Оның  үстіне  діни  киім 

үлгілеріне қатысты дау-дамай да, әрбір этностың өз 

ділі мен мәдениетін сақтауға деген талпыныстары да, 

тіпті латын әліпбиінің негізінде жасалған қазіргі түрік 

әліпбиінің кемшіліктері де Түркияда түйіні шешілме-

ген  мәселелердің  қарасы  көп  екендігін  байқатқан. 

Осындай шала жанған оттар бір күні лап етіп өршуі 

мүмкін  екендігін  түсінген  Ердоған  дереу  құжатты 

дайындаудың  маңызды  екенін  түсініп,  нәтижесінде 

аталмыш    құжат  дүниеге  келіп,  қалың  бұқараға  та-

ныстырылды.

ТАЯҚТЫҢ ЕКІ ҰШЫ БАР. Халыққа билікті қайтару 

үрдісінің кейбір  топтарға  кері  әсер етіп, наразылығын 

тудыруы әбден мүмкін. Себебі құжат арқылы Ердоған 

бірнеше заңдарды күшіне енгізуді қалап отыр. Оның 

алғашқысы  —  1933  жылдың  23  сәуірінен  бері  мек-

тептерде бастауыш сыныптарында күн сайын сабақ 

басталардан  бұрын  оқылып  келген  «Оқушы  антын» 

алып тастауға бел буды. Мұстафа Кемал Ататүріктің 

дүрілдеп  тұрған  шағында  кеңестік  пионерлердің  

және  октябряттардың  антына   ұқсайтын бұл анттың 

мәтінін    сол    кездегі    білім  министрі  Решит  Галип 

дайындаған болатын. Оның мағынасында Ататүрікті 

мадақтау, түрік болып туылғанын мақтан тұту жайлы 

кездеседі. Енді жүз жылға жуық созылған бұл дәстүр 

алынып  тасталып,  нәтижесінде  өзге  этнос  өкілдері 

өздеріне  «түрікпін»  дегізіп  келген  анттан  құтылып, 

мәз болмақ. Сол себепті «оқушы антының» алынып 

тасталатындығына қарсы ұлтшылдар да, жақтастар 

да болатыны онсыз да белгілі.

ЕКІНШІ  ТҰСЫ  —    «Демократияландыру  пакеті» 

бойынша  Түркияда  орамал  таққан  қыз-келіншектер-

ге кеңшілік берілмек. Ердоғанның айтуына қарағанда, 

ресми  киім  үлгісі  бекітілген  үш  жерде  ғана  орамал 

тағуға  рұқсат  жоқ.  Олар:  қарулы  күштер,  сот  және 

қауіпсіздік  қызметі.  Аталған  жерлерден  өзге  орын-

дарда  әр  ұлт  өзіне  тән  дәстүрлі  киімдерімен  көріне 

алады,  оларға  тәйт  дейтін  сақшы  болмайды.  Бұл 

бастамаға солшылдар қал-қадарынша қарсы тұрары 

сөзсіз.  Олардың  ұғымынша,  Түркияның  еуропалық 

елге айнала алмауына дін кедергі келтіруде. Түркия 

дінге  берік  тақуа  ел  екенін  білеміз,  демек  мұны  қос 

қолдап қуаттайтындар жетіп артылады.

ҮШІНШІ  ЖАҢАЛЫҚ  –  елдегі  түрлі  этностардың 

өз  ана  тілдерінде  білім  алуларына  рұқсат  берілуі. 

Бұл  елде  білім  беру  ісінде  басымдық  тек  түрік  тілі-

не  беріп,  күрд,  грек  сынды  ұлт  өкілдерінің  талапта-

ры  ескерілмейтін.  Енді  түрлі  тілдерде  білім  беру 

мүмкіндігі тек жекеменшік мектептерге рұқсат етіледі. 

Бұл  жаңалыққа да қарсы шығатындардың аз болма-

сы  анық.  Дегенмен,  ел  ішінде  алауыздықтың  алдын 

алуда  бұл  жаңалық  жылылық  ұялатады.  Әсіресе, 

күрдтер  мәз  болары  анық.  Бірқатар  сарапшылар 

«күрдтер  енді  жаңа  талаптар  қоятын  болады»  деп 

болжауда.  Оны  да  уақыт  көрсете  жатар.  Бастысы, 

Түркия қоғамы үлкен өзгерістердің алдында тұр.

Ердоған  саяси  партиялардың  қызметіне  тиімді 

өзгерістер енгізді. Бұрын партиялар сайлаушылардың 

7  пайызының  дауысын  жинаса  ғана  мемлекеттен 

қолдау алатын болса, енді бұл көрсеткіш 3 пайызға 

төмендетілді.  Яғни  «Әділет  және  өрлеу  партиясы» 

өздеріне  бәсекелес  саяси  күштердің  де  белсене 

жұмыс  жасауына  мүмкіндік  жасап  отыр.  Сонымен 

қатар,  әртүрлі  тілдерде  үгіт-насихат  жасауға  рұқсат 

етіліп,  партия  мүшесі  болуға  байланысты  жасалған 

кейбір кедергілер алынып тасталды.

Бір  назар  аударарлық  жайт  —  Түркия  билігі 

топономикаға  көңіл  аударып,  елдегі  ауылдар  мен 

елді  мекендердің  атауларын  өзгертуге  бел  буыпты. 

Яғни 1980 жылдан бұрын қалай аталса, сол атаула-

ры  қайтарылмақ.  Мәселен,  Невшехир  университеті 

Хажы Бекташ әулие университеті болып ауыстыры-

лады. Түбі бір түркі жұртына ортақ мәселе «пакетте» 

қарастырылыпты, ол – түрік әліпбиін қолдану кезінде 

латынша x, w, q әріптерін пайдалануға рұқсат етілуі. 

Қазіргі  түрік  әліпбиінің  29  әрпіне  3  әріп  қосылайын 

деп  тұр.  Дегенмен,  1928  жылы  қабылданған  түрік 

әліпбиі  әзірге  өзгере  қоймайды.  Бірақ,  сөз  басында 

айтқан латынның 3 әрпін қолдануға рұқсат беріледі. 

Құжаттарда  бұл  әріптерді  қолдануға  болады  деген 

сөз.  Әрине,  мұны  күрдтер  қуана  қабылдары  сөзсіз. 

Өйткені, күрдтер қолданып жүрген латынша әліпбиде 

бұл  әріптер  бар.  Түріктерде  жоқ.  Ал  бұл  өз  кезегін-

де  түрік  ұлтшылдарының  Ердоған  үкіметіне  қарсы 

шығуына тағы бір сылтау болатыны белгілі. Қазірдің 

өзінде «Ердоған күрдтердің ыңғайына жығылды» деп 

жүргендер аз емес.

Саралап  қарасақ,  Ердоған  үкіметінің  бастама-

лары  —  Түркиядағы    демократиялық    процестерді  

тереңдете  түсетін  қадамдар.  «1950  жылы  көп  пар-

тиялы  жүйеге  өту  арқылы  демократиялану  жолына 

түскен  еді.  1960  жылы  бұл  тоқтатылды.  27  мамыр 

төңкерісінің елесі әлі күнге Түркияны кезіп жүр. Оның 

сарқыншақтары бұл реформаларға да кедергісін жа-

сайтыны  анық.  Бұл  пакет  саяси  сауданың  нәтижесі 

емес. Демократиялық  құқықтар  мен еркіндіктер түрлі 

мүдделер  үшін  сауда-саттыққа  салынбайды.  Халық 

нені қаласа, біз соны жасадық», — деді Ердоған.

Әсіреұлтшыл  әрі  соңғы  айларда  саясиланған 

түрік  қоғамында  бұл  өзгерістерге  қабағын  шытып, 

жақтырмағандар қазірден бой көрсете бастады. Оның 

үстіне бұл өзгерістерді «Бейбітшілік және демократия 

партиясы» өздерінің ғана жеңісі ретінде бағалап жүр. 

Бұл партияның өкілдері күрд мәселесін шешуді алға 

тартып, түрмеде жатқан Абдулла Өжаланмен кезде-

сіп, үкіметті «бейбітшілік жолында әрекет етпейді» деп 

айыптайтын.  Енді  «біздің  тегеурінімізге  шыдамады» 

деулеріне  тамаша  мүмкіндік.  Атойлатып,  күрдтерге 

автономия  сұрауы  да  мүмкін.  Ирактағы  күрдтердің 

ықпалынан шыға алмай жүрген партияның басшыла-

рынан  мұндай  өрескел  талаптар  күтуге  де  болады. 

Елде жақтасы көп үлкен топтың бірі — кемалистер. 

Оқушылардың  ант  беруін  алып  тастау,  орамалға 

рұқсат беру, түрік тілімен қатар  өзге тілдерді оқыту, 

әріптерді  өзгертудің  ешқайсысы  оларға  ұнамайды. 

Ұлтшылдардың да көп мәселеге қарсы шығуы мүмкін. 

Әркімнің  қорғаған  өз  мүддесі  бар.  Қалай  десек  те, 

Түркияның тыныштығы үшін Ердоғанның бастамасы 

жаман емес.



Мирас Кесебаев

ХАЛЫҚ НЕНІ ҚАЛАСА, 

БІЗ СОНЫ ЖАСАДЫҚ

Ердоған: 

Қазан айындағы жұртты елең еткізген жаңалықтың бірі — Түркия үкіметінің 

басшысы Режеп Тайып Ердоғанның  «демократияландыру пакеті» атанған 

құжатты халыққа жария етуі. Осының артынша түрік қоғамында түрлі 

пікірталастар өрбіп, құжатқа қатысты сыни көзқарастар айтылды. Құжат 

осы елдің даму болашағына да айтарлықтай әсер етуі мүмкін. Ендеше, осы 

пакетке қатысты өз ойымызбен бөліссек. 

Б

иыл наурыз айында БҰҰ жа-



риялаған  Адам  дамуының 

индексіне  сәйкес,  әлемдегі 

ең бақуатты ел ретінде Норвегияның 

танылуы  кездейсоқтық  емес.  Екі 

мыңыншы  жылдардың  басынан  бері 

осы  рейтингтің  алдын  бермей  келе 

жатқан  Норвегияда  адамның  өмір 

сүру ұзақтығы 81,3 жас. Жан басына 

шаққандағы  орташа  табыс  —  48700 

доллар.  Бас-аяғы  бес  миллионнан 

аспайтын  тұрғыны  бар  мемлекетте 

кедейлер жоқтың қасы деуге болады, 

ал әлеуметтік жағынан жіктеліс те аз 

байқалады.  Салыстырмалы  түрде 

алғанда,  Еуропадағы  инфляция  мен 

жұмыссыздықтың ең төмен көрсеткіші 

бойынша  да  алда  тұр.  Норвегия  — 

Батыс Еуропадағы аса ірі көмірсутек 

өндіруші  әрі  экспорттаушы  елдердің 

бірі.  Дегенмен,  бұл  елдің  астанасы 

әлемдегі ең қымбат қалалардың бірі 

екенін де жоққа шығара алмаймыз. 

Сондай-ақ,  осы  тізімде  алғашқы 

ондық  қатарына  Австралия,  АҚШ, 

Нидерланды,  Германия,  Жаңа  Зе-

ландия,  Ирландия,  Швеция,  Жапо-

ния елдері енген. 

Әдетте,  БҰҰ  баяндамасы  екі  жыл 

кейінгі  көрсеткіштерге  негізделіп  жа-

салады.  Бұл  құжатта  186  мемлекет 

пен  аймақтар  бойынша  мәліметтер 

бар.  8  мемлекет  статистикалық  де-

ректер болмағандықтан, бұл рейтинг-

ке енгізілмей қалған.

Бұл  құжат  өткен  ғасырдың  тоқса-

ныншы  жылынан  бері  жыл  сайын 

жарияланып  келеді.  Рейтингке  сәй-

кес  мемлекеттер  төрт  категорияға 

бөлінеді: өте жоғары индексті; жоғары 

көрсеткішке ие; орташа индекске ие, 

төмен индексті елдер. 

Дүниежүзі  бойынша  өмір  сүру 

деңгейі көрсеткішін есептеп шығара-

тын  мамандар  экономиканың  шикі-

затқа  тәуелділігін  немесе  өндірістің 

сан  қырын  дамыту  мүмкіндіктеріне 

баса  мән  береді.  Өйткені,  шикізат-

тық  экономика  алдағы  жылдары 

адам  дамуының  тұрақтылығына  ай-

тарлықтай ықпал етуі мүмкін. 

Қазақстан адам дамуының индексі 

рейтингінде 69-орынға ие, яғни ТМД 

аймағында көптеген мемлекеттерден 

оқ бойы озық. Мысалы, Грузия бұл ті-

зімде 72-орында, Украина 78-орында, 

Әзірбайжан  82-орында,  ал  Армения 

87-орында  тұр.  Орталық  Азия  мем-

лекеттеріндегі басқа мемлекеттердің 

көрсеткіші  бұдан  да  төмен.    Орташа 

индекске  ие  Түркіменстанға  102- 

орын,  Өзбекстанға  114-орын  тиіпті. 

Ал  Қырғызстан  мен  Тәжікстан  адам 

дамуының  төмен  көрсеткішті  елдер 

санатына  жатқызылып,  125-орын 

бұйырыпты.  

Ал Кеден одағы бойынша әріптес ел 

Белорусь бақуатты елдер қатарында 

50-орынды,  Ресей  55-орынды  иеле-

ніп, жоғары көрсеткішке ие елдердің 

орта шенінде тұр.

Ресейде  адамның  өмір  сүру 

ұзақтығы  орташа  есеппен  алғанда 

–    69,1  жас,  ал  жан  басына  шақ-

қандағы  орташа  табыс  көлемі  жы-

лына  14461  доллар.  Ресейдегі 

адам  дамуы  индексінің  төмен  бо-

луына  әлеуметтік  қайшылықтар, 

экологиялық  түйткілдер,  адамның 

өмір сүру жасының аздығы әсер етіп 

отыр.  Тіпті  Ирак  пен  Бангладештің 

өзінде  тұрғындардың  орташа  өмір 

сүру жасы жоғары. 

Салыстыру  үшін  адам  дамуы  ин-

дексі  ең  төмен  елдердегі  әлеуметтік 

көрсеткіштерді  қарастырып  көрсек: 

Африканың  оңтүстігіндегі  елдерде 

адам өмір сүру ұзақтығы 40-50 жас-

тан  аспайды,  халықтың  30  пайызы 

ғана  сауатты  болып  саналады,  жан 

басына  шаққандағы  жылдық  табыс 

көлемі 1000 доллардан да аз. 

Әлемнің  бет-бейнесі  қалай  құбы-

лып  жатыр?  Бұл  саладағы  зерт-

теулерге  сәйкес,  дамушы  елдер-

ге  үш  жағдай  әсер  еткен:  «даму 

мемлекетінің»  белсендігі;  ғаламдық  

нарықтың  мүмкіндіктерін  пайдалану; 

әлеуметтік  саясатта  инновациялар-

ды жан-жақты енгізу. Алдағы уақытта 

осы  жағдайлар  даму  көрсеткішіне 

әсер  ететін  бірден-бір  шешуші  роль 

атқармақ. 

Алдағы қырық-елу жылға жасалған 

әлеуметтік-экономикалық  даму  көр-

сеткіштерінің  болжамдары  дамушы 

елдердің  біртіндеп  алға  шығатынын 

көрсетіп отыр. Бір жағынан, дамушы 

елдерде  адам  саны  әлдеқайда  ба-

сым,  жер  шарындағы  тұрғындардың 

басым көпшілігі осы аймақта тұрады. 

Ал  «саннан  сапа  шығатыны»  да 

экономикалық  түсінікке  жақын.  Бас-

қаша  айтқанда,  әлемде  байлық-

тың  бөлінісі  мен  даму  деңгейі  жаңа 

сапалық  көрсеткіштерге  ие  болуы 

әбден мүмкін. 

Мұндай  жағдайда  тың  ойлы  саяси 

бастамалар  әлемдік  экономиканың 

дамуына  игі  ықпал  етуі  ғажап  емес. 

Бұл  дамушы  мемлекеттер  үшін 

алдыңғы  қатарлы  алпауыттармен 

құйрық  тістестіру  үшін  таптырмас 

амал-әрекет болмақ.

Бірақ келешектегі жаһандық қауіп-

қатерлерді ескермей тағы болмайды. 

Мысалы, санаулы жылдардың ішінде 

әлемде сумен қамтамасыз етуге бай-

ланысты  туындаған  дағдарыс  үлкен 

қақтығыстардың  тууына  себепші  бо-

луы мүмкін. Тіпті үстіміздегі ғасырдағы 

соғыстар  суға  қатысты  туындайды 

деген болжамдар да бар. 2025 жылға 

қарай жылдам дамушы елдердегі су 

тапшылығы 50 пайызға, ал дамыған 

мемлекеттерде  18  пайызға  артуы 

мүмкін.    2030  жылы  мемлекеттердің 

47 пайызы су зәрулігін сезінсе, 2050 

жылға  қарай  жер  шары  халқының 

үштен  екісі  су  жетіспеушілігінен  зар-

дап шегуі мүмкін. 

Экономистердің айтуынша, қазірдің 

өзінде  әлем  халқының  үштен  бірі  су 

тапшылығын  бастан  кешіріп  отыр. 

Жыл сайын 3 миллиондай адам судың 

сапасының  төмендігіне  байланысты 

туындаған  түрлі  ауру-сырқаудың  ке-

сірінен көз жұмуда. 

Ендеше,  қырық-елу  жылдан  соң 

ғана  емес,  аз  жылдардан  кейін  таза 

су әлемдік валютаның біріне айналуы 

мүмкін. Су – табиғаттың бөлшегі ғана 

болудан  қалып,  әлеуметтік  астарға 

ие болып, экономикалық түсінікке ай-

налуы ғажап емес.

Судың  адам  өміріндегі  маңызын 

мойындаған  БҰҰ  Адам  құқығы 

жөніндегі  кеңесі  2010  жылы  су  мен 

тазалық  құқығын  адамның  негіз-

гі  құқықтарының  бірі  деп  қарар 

қабылдады.  БҰҰ  Бас  Ассамблеясы 

бұл  қарарды  қолдады.  Сондықтан 

да  биылғы  жыл  Халықаралық  су 

бойынша  әріптестік  жылы  болып 

жарияланған. 

Судың  тапшылығы  ауыл  шаруа-

шылығында  өнім  өндіру  көрсеткіші 

мен  сапасына  теріс  әсер  ететіні 

анық.  Жыл  сайын  Қазақстанның 

оңтүстік аймақтарындағы егіс алқап-

тары  қырғыз  жері  арқылы  өтетін 

өзендердегі  судың  бойына  бөгет 

қойылуына  байланысты  зардап  ше-

гуде.  Диқандар  судың  жетіспеушілі-

гінен маңдай терінің жемісін көре ал-

май келеді. 

Су ресурстарының аздығы тіпті қуат 

көздерін өндіру мен өнеркәсіп көлеміне 

де әсер етеді. Сондықтан да алдағы 

уақытта әлемнің экономикалық, азық-

түлік,  энергетикалық  және  табиғи 

дағдарыстар әртүрлі мемлекеттердің 

әлеуметтік-экономикалық  дамуына 

айтарлықтай  әсер  етеді.  Ендеше, 

Қазақстан  осындай  қауіп-қатерлерді 

ескеріп,  санаулы  жылдардағы  айту-

лы өзгерістерге дайын болуы тиіс.

БҰҰ  есебі  бойынша  екі  мыңыншы 

жылдары  60  жастан  асқан  адам-

дардың саны 600 миллионнан асқан 

еді. 2009 жылы олардың қатары 737  

миллионнан  асып  жығылды.  2050 

жылы алпыстан асқан кісілердің саны 

2  миллиардтан  асады  деген  бол-

жам бар. Яғни елу жылда жасы егде 

тұрғындардың саны үш есе көбейген. 

Шындығында, қоғамның қартаюы – 

экономикалық түйткілді мәселелердің 

бірі.  БҰҰ  болжамына  сенсек,  2050 

жылы  жер  шары  тұрғындарының  22 

пайызы  зейнеткерлік  жаста  болмақ. 

Ал дамыған мемлекеттерде сол кез-

де әрбір жұмыс істейтін азаматқа бір-

бір зейнеткерден келмек. 

Дамыған  мемлекеттердің  бәрінде 

қоғам  қартаюы  байқалады.  Әйтсе 

де,  бұл мәселе дамушы елдерді де 

айналып  өтуі  екіталай.  Мамандар 

барлық мемлекеттер демографиялық 

қартаюды бастан өткеру үстінде де-

генді айтып, дабыл қағып жатыр. 

Мысалы,  1950  жылы  жер  шары 

халқының  8  пайызы  жасы  60-тан 

асқандар болса, 2000 жылы олардың 

қатары 10 пайызды құрады. Ал  2050 

жылы тұрғындардың 21 пайызы осы 

жастан асқандар болуы мүмкін. Оның 

ішінде,  БҰҰ  болжамы  бойынша, 

Қазақстанда  олардың  қатары  жал-

пы халықтың санының 25,4 пайызын 

құрауы  мүмкін.  Қазір  олардың  саны 

11,2 пайыз ғана.

Жалпы  алғанда,  Республикалық 

статистикалық  агенттік  мамандары 

жасаған болжамға сәйкес, 2030 жылы 

Қазақстан халқы 18,5 миллионға, ал 

2050  жылы  23,4  миллионға  жетуі 

тиіс. 

Бүгінде  өндірісте  тың  шешім-



дер  іздеп,  соны  жобалар  жасау-

шы  елдер  ғаламдық  геосаяси  және 

геоэкономикалық майданда жеңімпаз 

болмақ.  Жасыл  экономиканың  тех-

нологияларын  дамытудың  эконо-

микалық  тиімділігін  әлемнің  барша 

елдері мойындап отыр. Сондықтан да 

алдағы  уақытта  «жасыл  экономика» 

сияқты  жасампаз  бағдарламаларға 

көңіл бөлудің маңызы зор. 

Мысалы,  Ресейдің  технологиялық 

даму  жөнінен  дамыған  мемлекет-

терден  50  жылға  артта  қалғаны 

ашық  айтылып  жүр.  Базбіреулер 

оны техникалық процестерден емес, 

көкжиек,  таным  мен  көкірек  көздің 

ашықтығының алшақтығы деп біледі.

Көптеген  мемлекеттерде  алдағы 

он,  жиырма,  тіпті  елу  жылдық  да-

муды  жоспарлаған  стратегиялық 

бағдарламалар  бар.  Дүниежүзілік 

қаржылық  жүйені  тітіреткен  эко-

номикалық  дағдарыстар  көптеген 

мемлекеттердің таңдаған бағыты мен 

қолға алған жобаларына айтарлықтай 

әсерін тигізуі мүмкін. Бірақ дер кезінде 

мемлекеттік  тұрғыдағы  сауатты  ше-

шім қабылдау, өз елінің болашағына 

деген  азаматтардың  сенімі  мен  та-

лантты  тұлғалардың  ерік-жігерінің 

арқасында талай тар жол, тайғақ ке-

шуден  өтіп,  шұғыл  даму  даңғылына 

түскен мемлекеттер де бар.

Мысалы,    Финляндия  1917  жылға 

дейін ресейлік империя құрамындағы 

артта  қалған  аймақ  еді.  Егемендік 

алғаннан  кейін  телекоммуникация 

саласын дамытуға қатты көңіл бөліп, 

аз  уақытта  өндірісті  жолға  қойды, 

әлемге  әйгілі  тауарларды  өндіретін, 

ұлттық бренді бар елге айналды. Ал 

екі  мыңыншы  жылдардың  басында 

Финляндия  үкіметі  биотехнологи-

яларды  дамыту  жобаларын  қолға 

алды. 

Алдағы  уақытта  Қазақстан  да 



экономикалық  ғажайыптар  еліне 

айналуға әбден лайық.




1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал