● Общественные науки



жүктеу 69.43 Kb.

Дата06.04.2017
өлшемі69.43 Kb.



 Общественные науки 

 

                               №3 2016 Вестник КазНТУ 



814 

УДК 37.016.02:004:371.26 



 

Қ.Ж. Сабраев  

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,  

Алматы, Қазақстан Республикасы, 

Sabraev@list.ru

 

ЭЛЕКТРОНДЫ  ИНТЕРАКТИВТІ  ТАҚТА  ЗАМАНАУИ  ОҚЫТУ  



ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ 

 

  Аннотация. Мақалада электронды интерактивті тақтаның техникалық жабдық ретінде заманауи білім 

беру  жүйесіндегі  орны  мен  ролі,  оқушының  білімін  жетілдірудегі  қолданбалы,  эмпирикалық  мәні  мен  артық-

шылықтары жайлы тұжырым жасалды. Заман талабына сай білім беру жүйесінде техникалық жабдықталу мен 

оларды өз деңгейінде игере білу негізгі талаптардың бірі болып табылады. Дәстүрлі білім берудегі кемшін соға-

тын  тұстардың  қатарына  осы  техникалық  құрал-жабдықтың  болмауы  немесе  өз  деңгейінде  қолданылмауын 

жатқызуға  болады.  Дәрістің  тыңдаушыға  түсінікті  болуы  тек  мимика,  дауыс  ырғағы,  белгілі  бір  мәселені  ай-

рықшалап көрсетумен ғана шектелмей, сонымен қатар нақтылы мысалдар, көрнекі құралдарды қандай деңгейде 

қолдануына байланысты. Интерактивті тақта арқылы белгілі бір схема, диаграмма, формула, видео, анимация-

лық  көріністер  сынды  нақты  мысалдар  келтіре  отырып,  оқушының  сабақты  меңгеруі  мен  тақырыпты  қызғы-

лықты  қылып  өткізуге  мол  мүмкіндік  бар.  Сапалы  білім  берудегі  бір  критерий  -  тақырыптың  мазмұнын  ашу 

мен  тыңдаушының  қызығушылығы  болса,  интерактивті  тақта  осы  сұранысқа  белгілі  бір  деңгейде  ұсыныс  ре-

тіндегі бірден-бір қажетті құрал екені даусыз. 

 

  Кілттік сөздер: 

Интерактивті тақта, ақпарат, технология, 

тактильді басқару, анимация. 

 

Заманауи мектептің басты мақсаты – әр оқушының қабілетін ашу, тұлғаны жоғары технология-



лық    және    бәсекелестікке  толы  өмірге  тәрбиелеу.  Мектептік  оқыту  әрбір  түлектің  өз  алдына  елеулі 

мақсаттар қойып, оған жете алатындай  және әр түрлі  өмірлік  жағдаяттарға  жауап қайтара алатын-

дай дәрежеде болуы қажет. Осы жағдайда, қазіргі заманғы ағартушының негізгі міндеті анық  - ол тек 

максималды көп білім беру ғана емес,  сонымен қатар балаға 

ақпараттық қоғам шындығына шарлау-

ды, ақпаратты өз бетімен шығарып және талдауды  үйрету.



 

Бұл мәселені дәстүрлі көзқарас бойынша және дәстүрлі оқыту құралдары арқылы шешу қиынға 

соғады.  Осы  уақытқа  дейін  сабақ  барысында  көрнекі  құрал  ретінде  тақта,  бор,  плакаттар  мен  диаг-

раммалар,  слайдтар    колданылып  келді.  Әрине,    бұл  құралдар  ақпаратты  визуализациялауда  және 

кейбір  дәрежеде    білім  сапасын  жақсартуға  көмектеседі.    Бірақ  оларды  пайдалану  барысында    бір 

уақытта студенттердің үлкен санын материалды толық қабылдауын қамтамасыз ету өте қиын. Қазіргі 

заманғы мектептерде ақпараттық технологияларды қолдану  дәстүрлі оқыту технологияларынан жаңа 

интеграцияланған  білім  беру  ортасына,  интерактивті  тақтаның  мүмкіндіктерін  қоса  алғанда,  көшуге 

мүмкіндік береді. 

Оқу  үрдісінде  инновациялық  оқу  құралдарының  мүмкіндіктерін  дұрыс  пайдалану    танымдық 

қызметті арттыруға және оқушылардың үлгерімінің сапасын жақсартуға ;  кешенді мектептің сынып-

тарында қолдануға арналған,  қазіргі заманғы электронды  оқу материалдарының көмегімен   оқудың 

мақсатына  жетуге;  студенттердің  өз-өзіне  білім  алу  мен  өзін-өзі  бақылау  дағдыларын  дамытуға; 

олардың  оқытушылық  қиындықтарын  қысқарту,  қызметті  және  бастамасын,  сондай-ақ  сыныптағы 

оқыту  жайлылық  деңгейін    арттыруға;  оқушылардың  ақпараттық  ойлауын  дамытуға;  ақпаратты-

коммуникациялық  құзіреттілігін  қалыптастыруға;  дербес  компьютерде    жұмыс  істеу  дағдыларын 

иеленуге  септігін тигізеді 

[1,с.6].


 

Кешенді    мектептерде  сабақ  барысында  интерактивті  әдістер  мен  оқыту  құралдарын  пайдала-

нудағы  мәселелерді  көптеген  ғалымдар  мен  педагогтар  зерттеген: 

И.Р.Высоцкий,  Б.С.Гершунский, 

А.П.Ершов,  Э.И.Кузнецов,  А.М.Коротков,  В.М.Монахов,  Е.С.Полат,  И.В.Роберт,  А.Ю.Уваров, 

О.К.Филатов, Н.И.Захарова, Г.К.Селевко, А.А.Ушаков, А.А.Веряев, Т.Н.Лось, И.В.Гиршин және бас-

қалары.  

Алайда, теориялық зерттеулер нәтижесі және педагогикалық қызметтің тәжірибесі, интерактив-

ті  оқыту  құралдарын  жүйелі  ұйымдастыруы  жоқ  және  оқу  үдерісінің  технологияланбаған  жағдайда 

тек  уақытша  тиімділігін  қамтамасыз  ете  алатынын  дәлелдеді.    Т.Т.Галиевтің  айтуы  бойынша,  білім 

беру процесінің технологиялық құрылысы міндетті түрде  нақты анықталған мақсаттар мен педагоги-

калық технологиялық  ерекшеліктерге дәйекті бағдарды қамтиды, осыған сәйкес педагогикалық про-

цесс мақсатқа жетуге кепілдік беруі қажет [2,с.2]. 




 

Қоғамдық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №3 2016 



815 

Заманауи  білім  беру  технологияларын  оқыту  барысында  қолдану,  педагогикалық  практикада 

жаңа әдістер мен құралдар пайдалану  мәселесі оқытушыларға практикалық қолдау мен көмек көрсе-

ту үшін әзірленген. Практикада қолданылған білім , оқу үрдісі кезінде студенттердің қасиеттер ауқы-

мын кеңейтуге мүмкіндің береді. Осындай құралдың бірі интерактивті тақта болып табылады. 

Бұл виртуалды дисплей зерттеліп жатқан объекті жайында  жарқын әрі неғұрлым кең көзқарас 

бере  алады:    сөзбен  түсіндіру  қиын  немесе  іш  пыстырарлық  нәрсені  мобилді  және  қызықты  етеді. 

Тактильді басқару жаңа ақпаратты қабылдауды жеңілдетеді (кескін бетіне жазу мумкіндігі, проектор 

арқылы  көрсетілген  нысандарды  жылжыту,  интерактивті  басқару  элементтерін  қолдану  т.б.  ),  ви-

зуальді оқыту процесстерін әлдеқайда жоғары деңгейге көтереді және тікелей айтқанда оқытушылар-

дың «қолын шешеді», оларға студенттердің назарын жаулай отырып динамикалық сабақтар жүргізуге 

мүмкіндік  береді.  Оған  көп  мөлшерде  түрлі  ақпарат  орналастыруға  болады.  Ал  арнайы  бағдарлама-

лық  қамтамасыз  ету  оқытушыға  авторлық  сабақ  жасауға  көмектеседі,    себебі  мәселені  шешу  бары-

сында оның есінде барлық қадамдар мен қозғалыстар қалған.  Материалдарға қайта оралып студент-

тердің  табысын  сараптауға  ,  сонымен  қатар  олардың  ата-аналарына    сабақ  барысында  қандай  тап-

сырмаларды орындайтынын көрсетуге болады. 

Интерактивті  тақта оқытушы мен оқушы қарым – қатынасының қуатты құралы болды,  сыртқы 

пішіні бойынша қарапайым сынып тақтасы мен қазіргі заманғы  компьютерлік  мүмкіндіктерді тура-

лай отырып, жұмыс және шығармашылық үшін бірегей мүмкіндіктер ұсынады. 

Интерактивті  тақтаны  білім  беру  процесінде  қолдану  тек  жаңа  ғана  емес  сондай-ақ  жылдар  

бойы  қолданылған  педагогикалық  әдістерді  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  береді,  себебі    даусыз  компь-

ютер мен тақтаның артықшылықтарын алған.   

Интерактивті  тақтамен  жұмыс  істей  отырып,  мұғалім  әрқашан  назарда  болады,  студенттерге 

қарап үнемі байланыста болады. Түрлі түсті пайдалану қабылдау тиімділігін айтарлықтай арттырады.  

Оқушыларға  да  интерактивті  тақтамен  жұмыс  істеу  ұнайды:  оқу  қызықты  болады,  ол  жұмыс 

пен шығармашылықтың үлкен мүмкіндігі.  

Білім  беру  процесінің  маңызды  мәселесі  –  оқу  материалдарын  қабылдау  деңгейін  және  оны 

қолдана  білу    қабілетін  арттыру.  Психологтардың  зерттеу  нәтижесі  бойынша  адамдар  өз  көргенінің 

тек  20% -ын, естігенінің тек 30%-ын, естіп, көргенінің 50%-ын, ал естіп, көріп, сонымен қатар жаса-

ғанының  80%  есте  қалады.  Көріп  отырғанымыздай,  адам  материалды  көріп,  естіп,  «жанасқанда»,  өз 

қолымен бір нәрсе істесе (жазып алса, суретін салса, т.б.) , практикада қолданса есте жақсы сақтайды. 

Осы  деректер  негізінде, 

біз  интерактивті  технологияны  пайдалану  айтарлықтай  студенттердің  білім 

сапасын жақсартуы мүмкін деп айтуымызға  болады 

[3,к.94]. 

Осы сәтте бізге көмекке интерактивті тақта  (компьютерлерде отырып өскен студенттердің ақ-

паратты қабылдау ерекшелігіне сәйкес келетін) келеді. Бүгінгі балалардың қызбалы көрнекі ақпарат-

қа және көзбен ынталандыруға қажеттілігі әлдеқайда жоғары екендігі дәлелденген. 

 

Мектептерде  интерактивті  тақта  сирек  емес.  Бірақ,  ол  өзінің  бар  мүмкіндігінше  қолданылады 



ма? Д.И.Менделеевтің қанатты сөзі осы жерде орынды: мұнай мен газды тек пеш жағу үшін қолдану 

орынсыз дәл сол сияқты интерактивті тақтаны тек экран ретінде пайдалану орынсыз. 

 

Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ дайындау электронды түрде материалды қалыптасты-



ру бойынша елеулі қосымша жұмысты талап етеді. Интерактивтік тақтамен сабақ дамыту - жеткілікті 

уақытты қажет ететін процесс . Алайда, бұл өте бай жеміс әкеледі. 

Интерактивті тақтаны сабақта пайдалану  әрекет және  динамика құруға көмектеседі. Интерак-

тивті тақтаны пайдалана отырып оқыту  - оқытудың мүлдем жаңа әдісі , бірақ табысты сабақ  негізде-

рі  бірдей.    Ең  бастысы  оқытушы  сабақты  анық  жоспарға  және  арналған  құралымға  сәйкес  жүргізсе, 

белгілі бір мақсаттарға жетсе. Ал интерактивтілік - бұл қосымша құрал болып табылады , шебер пай-

далану арқылы жаһандық нәтижелерге қол жеткізуге болады.

 [4,с.95].

  

Интерактивті тақталар әр түрлі бағыттар бойынша оқыту мен оқуды өзгертуі мүмкін  



1. Презентациялар , демонстрациялар және модельдерді құру 

[4, с.12].

 

Интерактивті тақтамен ұштастыра отырып қажетті бағдарламалық қамтамасыз ету және ресур-



старды  пайдалану жаңа идеяларды  түсінуді жақсартуға болады.  

Интерактивті тақта бүкіл сыныпты оқыту үшін таптырмас құрал. Оқытушыға сабақты өте жан-

ды  және  қызықты  етіп  өткізуге  мүмкіндік  беретін  көрнекі  ресурс  болып  табылады.  Оқушылар  мен 

оқытушылар  материалды  түсінікті  әрі  егжей-тегжейлі  оқуға  болатындай  мультимедиалық  ресурстар 

көмегімен ақпарат беруге мүмкіндік береді. Ол тізбектер түсініктемесін жеңілдетіп, күрделі мәселені 

шешуге  көмектесе  алады.  Оқытушылар  қызықты  және  динамикалық  идеялар  тұсаукесерін  жасау 





Общественные науки

      №3 2016 Вестник КазНТУ 

816 

үшін тақтаны  пайдалануына  болады.  Тақта оқушыларға жаңа материалмен өзара іс-қимыл жасауға 



мүмкіндік  береді,  сондай-ақ,  бағзы идеялар  мен  ұғымдарды  түсіндіруге  мұғалімдер  үшін  бағалы  құ-

ралы. Жаңа байланыстар орнату үшін сіз оңайлықпен тақта бетіндегі ақпаратты және нысан орында-

рын  өзгерте  аласыз.  Оқытушы  өзінің  әр  ісін  дауыстап  айта  отырып,  студенттерді  ынталандырып, 

оларды өз идеяларын тақтаға жазуға тартуына болады.  

2. Оқу үрдісіне студенттерді белсенді түрде тарту 

[5, с.12].

Зерттеулер,  интерактивті тақталар түрлі динамикалық ресурстарды қолдану және мотивацияны 

жетілдіру арқылы сабақты оқушы үшін де,  оқытушы үшін де қызықты ететінін дәлелдеген. 

Интерактивті  тақтамен  дұрыс  жұмыс  істеу  студенттердің  білімін  тексеру  үшін  мұғалімдерге 

көмектесе алады.  

Белгілі бір идеяларды  түсіндіру мақсатында оң сұрақтар қойып, талқылау  туғызу  арқылы сту-

денттерге  материалдарды  жақсы  түсінуге  көмектеседі.  Талқылауды  басқару  арқылы  ,  оқытушы  сту-

денттерді шағын топтарда жұмыс істеуге ынталандыруына болады. Интерактивті тақта бүкіл сынып 

үшін назар орталығына айналады. Барлық материалдар алдын ала дайындалған және оңай қол жетім-

ді болса , ол сабақтың жақсы қарқынын ұсынады. 

3. Сабақтың қарқыны мен ағынын арттыру.

Интерактивті тақтаны пайдалану материалдарды  қарапайым, бірақ шығармашылық қолдануды 

қамтамасыз  етеді.  Файл  немесе  беттерді  алдын  ала  дайындап,  қол  жетімді  басқа  да  ресурстарға  тір-

кеуге  болады.    Оқытушылардың  айтуынша,  басты  файл  негізінде  сабаққа  дайындалу  сабақты  жос-

парлауға және қолайлы ағымда өтуге көмектеседі.  

Интерактивті тақтада  нысандарды және жазуларды жылжыту,  диаграммалар, мәтіндер мен су-

реттерге пікір қосу, негізгі аймақтарды ерекшелеу  және түстерді  қосу өте  оңай. Сонымен қатар, мә-

тіндер,  суреттер  мен  графикаларды  жасырып,  сабақтың  маңызды  сәтінде  көрсетуге  болады.  Оқыту-

шылар мен студенттер іс әрекеттердің барлығын сынып алдында, тақта бетінде жасау арқылы әркім-

нің назарын өздеріне тартады.  

Интерактивті тақтамен болытын сабақты жоспарлауда  оқытушы технологиялық   операциялар-

дың, экранға шығар ақпараттың формасы мен ұсыну ретін ойластыруы қажет  

[5, с.85]. 

Қазіргі  заманғы    стандартты  мектеп  сабағы,  педагогикалық  және  ақпаратты  технологиялық 

оқытуды  ескере  отырып,  интерактивті  сабақ  барысы  мынадай  бола  алады:  сабақтық  басына  дайын-

дық, сабақ мақсаттарын түсіндіру, жаңа тақырып немесе тапсырмаға кіріспе, сабақтың негізі болған-

дықтан сабақ барысында бірнеше рет қайталануы мүмкін, оқушылардың қатысуымен тақырыпты да-

мыту, сабақ соңында сабақ барысын және не өткендігін талқылау. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

[1] Саржанова  А.Н.,  Пустовалова  В.Г.  Использование  информационно-коммуникативных  технологий  в 

начальных классах // Начальная школа Казахстан. – 2011. - №1. – С.6-8. 

[2] Акпаева  А.Б.  Методика  формирования  математических  понятий  у  младших  школьников  /  Автореф. 

дис. … канд. пед. наук. – Алматы, 2000. – 26. 

[3] Каримова  Я.Г.  Инновационные  методы  преподавания  с  использованием  Интерактивной  доски  и 

флипчартов как средств мотивации учащихся // Творческая педагогика. – 2011. - №3. – С. 94-99. 

[4] Кабулова Г.С., Ефимова И.И., Тороян С.В. Использование интерактивной доски на  уроках в началь-

ной школе // Школьные технологии . – 2011. - №9. – С.11-18. 

[5] Лось Т.Н. Интерактивная доска на уроках русского языка // Творческая педагогика. – 2011. - №3. – С. 

85-3-93. 

Сабраев Қ.Ж. 

Электронная интерактивная доска как современн

ое средство обучения 

  Резюме. В статье рассмотривается роль и эффективность интерактивной доски в процессе обучения. В 

результате  использования  интерактивной  доски  слушатели  не  только  осознают  лекции,  и  значительно  улуч-

шается запоминание зрительном образом и способность работать самостоятельно.  Это отличная возможность 

улучшить и развить навыки чтения студентов. Если основной целью педагога является дать качественное обра-

зование, то использование во время урока интерактивной доски является основным инструментом для удовлет-

ворения этого спроса. 



Ключевое слова: Интерактивная доска, информации, технологий, тактильное управления, анимации. 



 

Қоғамдық ғылымдар 

 

ҚазҰТЗУ хабаршысы №3 2016 



817 

SabraevK.J. 



Electronic interactive whiteboard as a modern teaching tools 

Summary.In  this  paperconsidered role  and  effectiveness  of  interactive  whiteboard  in  the  learning 

process. Using interactive  whiteboard gives  to students  not  only  aware  of  the  lecture, also significantly  improves  the 

memorizing of visual images and the ability to work independently. This is a great opportunity to improve and develop 

students' reading skills. If the main purpose  of the teacher is to give a quality education, using interactive whiteboard 

during the lesson is the main tool to satisfy this demand. 

Key words: interactive whiteboard, information, technology, tactile control, animation. 

 

 



 

УДК   376:004 



 

Г.И. Салғараева, Б. Сабит  

(Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті,  

Алматы, Қазақстан Республикасы, sabit_botakoz

@mail.ru




 

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ФОРМАСЫ РЕТІНДЕ МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ 

БАЛАЛАРҒА ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ ҮРДІСІ, МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 

 

Аннотация. Инклюзивті білім беруді дамытудың мүмкіндіктері  шектеулі балалардың білім алу жүйесін 

жетілдірудің  басты  бағыттарының  бірі  ретінде  қарастырған  жөн. Еліміздің  Білім  заңында  барлық  бала  жалпы 

орта біліммен қамтылуы жазылса да, өкінішке орай мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту өзекті мәселе болып 

отыр. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім мен тәрбие берудегі ғылымның нәтижеге қол жеткізудің бірі жа-

ңа технологияны игеріп, компьютерді пайдалану.  

 Кілттік  сөздер:  мүмкіндігі  шектеулі  балалар,  инклюзивті  білім  беру,      педагогикалық  іс-әрекет, 

ақпараттық технология. 

 

Инклюзивті  білім  беруді  дамытудың  мүмкіндіктері    шектеулі  балалардың  білім  алу  жүйесін 



жетілдірудің басты бағыттарының бірі ретінде қарастырған жөн. Бала және оның ата – анасының тұр-

ғылықты  жеріне  сәйкес  жалпы  типтегі  мекемелерде  мұндай  балаларға  білім  беруді  ұйымдастыру 

оларды ұзақ мерзімге мектеп – интернатқа жіберуден сақтап, отбасында тәрбиеленіп тұруы үшін жағ-

дай жасайды, қалыпты деңгейдегі дамыған құрдастарымен күнделікті қарым – қатынас жасауды қам-

тамасыз  етеді,  әлеуметтік  бейімделуі  және  қоғамға  кіріктіруге  қатысты  мәселелерді  тиімді  шешуге 

мүмкіндік береді. 

Қазақстан Республикасында әлемдік білім кеңістігіне кіру үшін Мемлекет тарапынан көптеген 

шаралар енгізіліп жатыр.  Бүгінгі күні білім саласында өз шешімін таппай отырған мәселелер жеткі-

лікті Инклюзивті білім беруді дамыту бағыттары 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік дамыту 

бағдарламасында шешімін тапты [1].  

Қоғамдағы  мүгедектердің  жағдайы,  олар  бастан  өткеруге  мәжбүр  қиындықтар  туралы  пікірта-

ластар жиі орын алып келеді. Алайда ересек мүгедектердің өз құқықтарын іске асыруына байланысты 

мүгедектік проблемалары жиі іске алынып жатады, ал кемтар балалардың жағдайына тиісті көңіл бө-

лінбейді.  Бұл  кемтар  балаларды  психологиялық  бейімдеу  және  қоғамға  кіріктіру  мәселелерінен  бас-

тап, олардың тұлға ретінде қажетсіздігіне дейінгі саладағы проблемалар санының көптігіне қарамас-

тан орын алуда. Бұл баланың адамзаттық ар - ожданын кемсітетін, оның дамуға және тіпті өмір сүру-

ге  құқығын  іске  асыруына  кедергі  келтіретін  әр  түрлі  кемсітуші  көріністер  болып  табылады.  Осы 

мақсатты  жүзеге  асыруда  біз  оқушының  деңгейіне  мән  бермейміз,  нәтижесінде  көптеген  оқушылар 

осы деңгейге жетпей қалу салдарынан үлгермеушілер қатарына жатады.  

Мектептегі үлгермеушіліктің негізгі себебі мектептегі білім беру жүйесінің баланың интеллек-

туалдық жүйесіне сәйкес  келмеуі.  Ал  біз болсақ, білім беру бағдарламаларын күрделендіру үстінде-

міз. Баланың меңгеру деңгейін, оның жас ерекшелігін назарға алмай, бір жағынан баланың жаңа бағ-

дарламамен оқуы қиынға соғатынын түсіне отырып, оны беделді мектепке, мықты мұғалімге  беруге 

тырысамыз.  Қазіргі  уақытта  арнаулы  білім  берудегі  нақты  прогресске  бірнеше  факторлар:  мүгедек 

оқушыларға қатысты үміттің аздығы, жоқтығы, инклюзивті білім беруге мектептердің дайын еместігі 

кедергі  келтіруде.  Арнаулы  білім  беруді  кез  келген  білім  беру  реформаларының  бағдарламаларына 






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал