” issn 2413-1032 №4(8), Vol. 4, April 2016 47 «аспаптық дайындық»



жүктеу 34.65 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.04.2017
өлшемі34.65 Kb.

International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”  

ISSN 

2413-1032

 

 

№ 4(8), Vol.4, April 2016

 

47 

 

«АСПАПТЫҚ ДАЙЫНДЫҚ» ПӘНІНДЕ ДОМБЫРАДА 



ОРЫНДАУШЫЛЫҚ НЕГІЗДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ ӘДІС-

ТӘСІЛДЕРІ 

 

П. ғ. магистрі Қамза Г. Б. 



 

Қазақстан, Алматы , Абай атындағы ҚазҰПУ, аға оқытушы 

 

 

Abstract.  The  subject  "Instrumental  preparation"  gives  the  chance  to  learn  the  interest  in  folk 



art,  musical  regularities  and  musical  knowledge  by  means  of  formation  at  future  specialists  of 

elementary school of the esthetic point of view. Musical knowledge and methods also provides to help in 

receiving quality education of students.   

Keywords: nationally tool, dombra, performance, traditional schools of a dombra. 

 

Қазақстанда  білім  берудің  бүкіл  жүйесін  ұлттық  негізде  кайта  кұру  жағдайында  болашақ 



бастауыш  сынып  мамандарын  ұлттық  музыка  ӛнеріне,  соның  ішінде  ұлттық  аспаптарда  ойнауға 

қызығушылығын  арттыру  және  оны  тереңірек  меңгерту  қажеттігі  туындайды.  Білімгерлердің 

бойына  ұлттық  музыкалық  шығармаларға  деген  сүйіспеншілік  қасиеттерді  дарыту,  кӛркемдік 

сезімталдығын арттыру домбыра аспабында ойнау талғамының дамуына зор үлесін қосары абзал. 

«Домбыра  –  қазақтың  қасиетті  дүниесі.  Оны  тарта  алмасаң  да,  қадірлей  біл.  Себебі, 

баланың  бойына  халықтың  рухани  байлығын  сіңіру  домбырадан  басталады.  Домбыраның 

сырлы  сазына  ауызданбаған  бала,  уызына  жарымаған  кӛтерем  қозыдай  болады.  Домбыраны 

қастерлей  білмеген  қазақтың  баласы  туған  халқының  жанын  білмейді.  Ал  халықтың  жанын 

түсінбеу деген тамыры шабылған ағашпен тең. Ондай ағаш жапырақ жайып сая да  болмайды, 

жеміс те бермейді» – деген Бауыржан Момышұлы. 

Домбыраның  кӛмейінен  күңірене  құйылған  күй,  оған  қабаттаса  шыққан  үн,  пернеден 

қосылған дыбыс асыл сӛздердің маржаның жинаған және оны кеудесіне сыйғыза білген кӛненің кӛзі.  

«Аспаптық  дайындық»  пәнінен  білім  алушы  5В010200  –  «Бастауышта  оқыту 

педагогикасы  мен  әдістемесі»  мамандығының  студенттері  үшін  осы  талаптар  басты  назарға 

алынған. Пән бойынша ӛткізілетін зертханалық сабақтар оқу үрдісінің мәні зор формасы болып 

табылады және оқу жоспарында бекітілген сағаттар кӛлемінде жүзеге асырылады. 

«Аспаптық  дайындық»  пәнінің  мақсаты  -  болашақ  бастауыш  сынып  мамандарының 

теориялық  білімін  бекіту,  музыкалық  аспаптарда  орындау  шеберліктері  мен  дағдыларын  іс 

жүзінде қалыптастыру, музыкалық сауаттылықты тереңдету және музыкалық қабілетті дамыту 

(есту,  ырғақ,  еске  сақтау,  т.б);  музыкалық  шығармалармен  кәсіби  жұмыс  дағдысын 

қалыптастыру; музыкалық-кӛркемдік талғамға, бейнелі ойлауға, қиялдауға үйрету, әр дәуірдегі 

әр  түрлі  халық  композиторларының  музыкалық  мұраларымен  таныстыру,  музыкалық-

педагогикалық мәдениетінің негізі мен эстетикалық сезімін қалыптастыру, ұлттық әдет-ғұрып, 

салт-дәстүрлерді қастерлей білетін жеке тұлға тәрбиелеу.  

Студенттерді бастауыш сынып оқушыларын музыкадан оқыту барысында туындайтын 

музыкалық  тәрбие  міндеттерін  кәсіби  деңгейде  шешу  үшін  қажет  болатын  музыкалық  білім 

негіздерімен қамтамасыз ету үшін әр түрлі әдіс-амалдар қарастырылады.  

Домбырада  ойнау  еңбектің  үлкен  түрі  деуге  болады.  Аспаптың  басты  мақсаты: 

біріншіден  ойнауға  үйретсе,  екіншіден,  домбыраны  қағу  мен  пернесін  басуға  үйретеді, 

үшіншіден, дыбысы мен сӛз саптауларына мән беріп ойлау жүйесін дамытады. Ал, ӛлең сӛздері 

мен музыка үні  есте ұстау қабілетін жетілдіріп, санасын оятады. Демек, домбыра тарту еңбек 

пен  ой  жүйесін  дұрыстауға,  үнін  естіп  сӛз  құрауға,  жаттаған  ӛлеңдерін  мәңгі  жадына  үстауға 

жетелейді.  Ата-  -баба  ұстаған  бұл  киелі  домбыраны  меңгеру  арқылы  ӛскелең  ұрпақты 

музыкалық  және  шығармашылық  қасиеттер  мен  қабылеттерге  икемдеп  тәрбиелеуге  болады. 

Ӛйткені,  ата-бабалардың  нақыл  сӛздері,ән-күйлері,жыр  мен  толғау  ӛсиеттері,  айтыс,  дастан 

сияқты ұшан теңіз мәдени мұралары бізге домбыра аспабы арқылы жеткені мәлім. 

Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі мамандығын таңдап, білім алуға 


International Scientific and Practical Conference “WORLD SCIENCE”  

ISSN 

2413-1032

 

 

48 



№ 4(8), Vol.4, April 2016

 

 

келген  талапкерлердің  музыкалық  білімдері  оқуға  қабылданған  кезде  тексерілмейді.  Сондықтан, 



«Аспаптық дайындық» пәнінде домбыра тартып үйренудің мынандай әдістерін қолданамын:  

-   домбыраны цифрлық әдіспен үйрену: есте сақтау қабілеті қалыптаспаған үйренушіге 

тиімді  әдіс.  Бұл  тез  үйренумен  қатар  нота  сауатын  қажетсінбейтін  домбырашыға  арналады. 

Сонымен  қатар  жас  балаларға  үйрету  кезеңінде  нота  уақыт  алады,  әрі  кӛңілі  бӛлініп  қол 

қойылымы, отырысын бағдарлай алмайды.  

-   құйма құлақ әдісінің ғасырлық тарихы бар. Үйрету әдісінің қиыны, бірақ ең тиімдісі. 

-   нотамен үйрену: музыкалық білім сауаты арқылы домбыра тартуды үйрену тәсілі.  

Әліппеден  басталатын  білімнің  кілтін  ашуда  әріптермен  қатар  домбырада  ойнап,оны 

үйрену мен меңгерудің маңызы зор. Ата  - бабаның ұрпақтан - ұрпаққа  аманат етіп  қалдырған 

мұраларын  жоғалтпай  жеткізген  киелі  домбыраны  меңгеру,  білу-дәстүрлі  салтты  жалғастыру 

деген  сӛз.  Домбыраның  сиқырлы  үні  мен  тілінде  адамға  тән  үн  мен  қасиет  бар.  Домбыраны 

цифрлық  әдіспен  үйрену  әдісіне  тоқталатын  болсақ,  ноталық  жүйе  және  құйма  құлақтық 

әдістерге қарағанда, цифрлық жүйемен домбыра үйрену зерек ӛнер сүйер адамзат баласына аз 

уақыт ішінде мол нәтиже беретін нақтылы тәсіл. Домбыраны цифрлық жүйе бойынша тартуды 

үйрену үшін алдымен оқушыны аспаппен таныстыруды домбыраның құрылысынан бастаймыз 

(басы, мойыны, шанағы, құлақтары, пернелері, кіші тиек, үлкен тиек, ішектері). 

Екінші  кезекте,  домбыраның  құлақ  бұрауы  жӛнінде  және  бұрау  мен  құлақ  күйі  деген 

түсініктердің  мән-мағынасын  ашамыз.  Келесіде  оқушының  орнықты  әрі  ыңғайлы  отырып, 

қолдарының  еркін  қимылдап,  домбыраны  дұрыс  тартуына  мүмкіндік  тудыру  мақсатында 

адамның  дене  мүшелерінің  атаулары  туралы  жалпы  түсінік  береміз.  Аталмыш  мәліметтерді 

сіңіргеннен  кейін,  студентті  домбыра  тартуға  дайындаймыз,  яғни  қойылым  тәртібін  игеру, 

соның  ішінде  ең  маңызды  бӛлігі,  оң  және  сол  қол  қойылымдары,  сол  қолдың  таңбалануы,  оң 

қолдың  таңбалануы  туралы  толық  түсіндіру  қажет.  Домбыраны  алғаш  меңгеру  барысында 

қолдарын  еркін  әрі  бос  қозғалтып  үйренуі  үшін  әуелі  ашық  ішектегі  қағыстардан  бастаймыз 

сонымен  қатар,  қағыс  жӛнінде,  олардың  бағыты  мен  белгіленуі  жӛнінде  мағлұмат  беріледі. 

Әртүрлі бағыттағы қағыстарды меңгергеннен кейін, перне басып ойнауға арналған жаттығулар 

топтамасы (бас, орта буындарда, кіші, үлкен сағаларда) үйретіледі. Бұл жаттығуларды меңгеру 

барысында  білімгер  қағыстарды,  сол  қолдың  аспап  пернелерінде  орналасу  тәртібі  жайында 

түсінік  алады.  Жаттығулар  домбыра  тартуды  үйренушінің  аспапты  біртіндеп  меңгеруіне 

бағытталған.  Келесі  кезекте,  білімгердің  қабылетіне,  аспапты  меңгеру  деңгейіне  қарай 

қарапайым әндерден бастап, күйлерге дейін күрделене түседі. 

Домбыра тартуды үйрету – кәсіби ӛнер саласында ұдайы дамып, ізденісте, дамуда келе 

жатқан үрдіс.  

Домбыра  аспабында  ойнау,  болашақ  мұғалімдерге  ӛзінің  оқу  міндеттерін  орындаумен 

қатар,кәсіби 

орындаушылық 

ӛнердің 

әдіс-амалдарын 

үйрену 

арқылы 


музыкалық 

шығармаларды ӛздігінше талдап, алғашқы сабақ беру әдістемесін меңгеруге мүмкіндік береді. 

 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

 

1.



 

Г.Б.Қамза "Аспаптық дайындық" Оқу құралы. Алматы, 2012 ж 

2.

 

Г.Б.Қамза;  А.А.Бейсембаева;  А.Қ.Ержанов  «Домбыра  үйрену  әдістемесі»  Оқу 



құралы. Алматы,1998ж  

3.

 



А.Жайымов; С.Бүркітов; Б.Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі.Алматы, «Ӛнер» 1992 ж. 

4.

 



 К. Сахарбаева « Домбыра үйрету әдістері» Алматы «Издатмаркет» 2006  

5.

 



Ж. Еңсепов «Домбыра философиясы» Алматы 2007 

6.

 



Қасқабасов С. А «Қазақ ӛнерінің тарихы» Алматы «Ӛнер» 2008 

7.

 



Қоңыратбай Т. «Музыка ӛнері» Алматы «Ӛлке» 2009 

 

 



 

 

 



 

 

Каталог: archive
archive -> Бас редактор
archive -> 235 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> «Жер тарихы – Ел тарихы» тарихи-құжаттық көрме 2016 жыл «Артта қалған колхоздардың экономикасын көтеру шаралары туралы»
archive -> Общественно-политическая газета Четверг, 3 марта 2016 года Издается с 1917 года, в 1968 году награждена орденом “Знак Почета”
archive -> Конкурс, инициированный общественным фондом молодых журналистов "Қаламгер азамат", стартовал 10 февраля на сай
archive -> №156 (24126) Четверг, 29 декабря 2016 года 0 О
archive -> Қ. Ш. Әлімғазинов
archive -> Весь прошлый ХХ век на территории Казахстана шёл сложный процесс формирования многоэтничного народа. Процесс формирования многоэтничного народа Казахстана

жүктеу 34.65 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет