● Физика–математика ғылымдары



жүктеу 75.26 Kb.

Дата14.05.2017
өлшемі75.26 Kb.

 



 Физика–математика ғылымдары 

 

471 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

being  used  in  computer  modeling  are  changing,  allowing  usage  in  training  augmented  and  virtual  reality,  thus 



increasing the visibility and interactive e-learning tools and technologies. The paper discusses some approaches to the 

formation of educational products of virtual environment, the creation and usage of which does not require expensive 

technical equipment (processors, glasses, suits, hats, gloves, etc.), but are associated with the development and usage of 

available software. 



Keywords. software, computer technology training, instruments, pedagogical modeling, learning Tools, process, 

monitoring, control 

 

 

ӘӨЖ. 372.853.(075.8) 



 

С. Н. Нұрқасымова, А. Б. Жаныс 

(Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 

Астана, Қазақстан Республикасы) 

 

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРЫНДА ФИЗИКА ПӘНІН ОҚЫТУДА 

АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ 

 

Андатпа. Ақпараттық технологияның алатын орны  қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру 

саласында компьютерлік техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі мен бағдарламаларды, электрондық 

және  телекоммуникациялық  құралдарды,мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне  тиімді 

пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.  

Ақпараттық  технологиялардың  білім  беру  саласынада  қолданылуы  болашақ  оқытушыларды  кәсіби 

даярлаудың  мазмұнын,  әдісін  және  ұйымдастыру  түрлерін  сапалы  өзгертуге,  білім  беру  жүйесінің   

қарқындатуы мен оқытудың сапасын арттыру әрекеттерін іске асырады 

 Кілтті сөз: Ақпараттық технологиялар,компьютер, Интернет, телекоммуникациялық желі, электрондық 

және телекоммуникациялық құралдар,мультимедиялық электрондық оқулықтар. 

 

Қазақстан Республикасының үздіксіз білім  беру жүйесі саясатының басты мақсаттарының бірі 



жан-жақты, жоғары білімді, шығармашылық қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу [1]. 

"Білім  туралы"  Занда  білім  беру  жүйесінің  басты  міндеті  "Ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар,  ғылым  мен  тәжірибе  жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға,  дамытуға 

және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін жағдайлар жасау" делінген [2]. 

Қазіргі  заман  талабына  сай  оқытушылардан  тек  өз  пәнінің  терең  білгірі  болуы  емес,  тарихи 

танымдық,  педагогикалық-психологиялық  сауаттылық,  саяси  экономикалық  білімділік  және 

ақпараттық сауаттылық талап етілуде.  

Бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық-психологияға негізделуін және ақпараттық 

құралдарын  кеңінен  қолданылуын  қажет  етеді.  Осылайша  оқу-тәрбие  үрдісінде  жаңа  ақпараттық 

технологияларды  пайдалану  заман  талабынан  туындап  отыр.  Осыған  орай  инновациялық 

технологияларды пайдаланып оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа мүмкіндіктері ашылуда. 

Ақпараттық технологиялардың білім саласына енуі болашақ оқытушыларды кәсіби даярлаудың 

мазмұнын,  әдісін  және  ұйымдастыру  түрлерін  сапалы  өзгертуге  мүмкіндік  береді.  Сондай-ақ,  білім 

беру  жүйесі  буындарындағы  оқу  үрдісін  жекелеу,  қарқындату  мен  оқытудың  сапасын  арттыру 

әрекеттерін іске асырады.  

Білім  беру  мазмұнын   жаңарту,  үздіксіз  білім  беру  жүйесін  дамыту  -   бүгінгі  күннің  талабы. 

Қазіргі  таңда  оқу-тәрбие   үрдісінде  педагогикалық  технологиялар  кеңінен  қолданылуда.   Білім 

сапасын  көтеруде  инновациялық  технологияларды  дұрыс  және  сауатты  қолдану  жылдан  -жылға 

күрделі және өзекті мәселеге айналуда.  

Ақпараттық  технологияларды  пайдалану  арқылы  физика  пәнін  оқыту  жолдарын  жалпы  түрде 

төмендегі сатыларға: 

1. ACTIVOTE құралын қолдану; 

2. PASCO құралы мен GLX Xplorer мәлімет тіркегішті қолдану; 

3. Локальді желіні қолдану; 

4. Сайтты  қолдану; 

5. AdobeConnectбағдарламасын қолдану; 

6. Ғаламтор желісі арқылы олимпиадаға дайындау болып бөлінеді (1-сурет). 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

472 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

1-cурет. Ақпараттық технологияның бөлу сатылары 

 

Білім  беруді  ақпараттандыру  –  жаңа  технологияны  пайдалану  арқылы  дамыта  оқыту,  дара 



тұлғаны  бағыттап  оқыту  мақсаттарын  жүзеге  асырады.  «Қазіргі  заманда  жастарға  ақпараттық 

технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы 

атап  көрсеткендей  жас  ұрпаққа  білім  беру  жолында  ақпараттық  технологияны  яғни  компьютерді, 

интрактивті тақтаны және интернет желісін оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың 

маңызы зор. 

ХХІ  ғасырда  ақпараттық  қоғам  қажеттілігін  қанағаттандыру  үшін  білім  беру  саласында: 

компьютерлік  техниканы, интернет, телекоммуникациялық желі мен  бағдарламаларды, электрондық 

және  телекоммуникациялық  құралдарды,мультимедиялық  электрондық  оқулықтарды  оқу  үрдісіне 

тиімді пайдалану арқылы білім сапасы көтеріледі.  

Білім  беруді  ақпараттандыру,  білім  салаларының  барлық  қызметіне  ақпараттық  технологияны 

енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру Қазақстанда білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы 

шарты.  Ақпараттық  үрдістерді  қамтамасыз  ететін  қазіргі  заманғы  есептеу  техникалары  біртұтас 

күрделі жүйе болып табылады. Сол себепті, педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруда ақпараттық 

технологияны оқып - үйрену және оны қолдану күрделі процесс болып табылады [2]. 



Ақпараттық  технология  –  қазіргі  компьютерлік  техника  негізінде  ақпаратты  жинау,  сақтау, 

өндеу  және  тасымалдау  істерін  қамтамасыз  ететін  бағдарламалар  мен  қазіргі  техникалық  құралдар 

жиыны. 

Ақпараттандырудың негізгі  бағыты  ХХІ ғасырдың талаптарына  сәйкес қоғамды  дамытудың  



жоғары  тиімділікті технологияларына  сүйенген  жаңа  білім  стратегиясына  көшу  болып  табылады. 

Осыған  сәйкес  қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшеліктеріне – оның  іргелілігі,  алдын алу  сипаты  және  

оларға  қол  жеткізу  мүмкіндіктері  жатады.  

Оқу  үрдісінде  қолданылатын   ақпараттық  технология    құралдарын  орналастырудың  бірнеше 

жолдары  бар.  Ең  тиімдісі  ақпараттық  технология  құралдарының  әдістемесін  тағайындау      болып 

табылады. 

Ақпараттық  технология  –  оқытушының  білім  беру  әдістері  мен  ұйымдастыру  түрлерін 

түбегейлі  өзгертуге,  студенттердің      қабілеттелігін  дамытуға,  оқудағы  пәнаралық  байланысты 

күшейтуге,  оқу  үрдісін  ұйымдастыруды  үнемі  жаңартып  отыруға,  уақытты  үнемдеуге,    жаңа  пайда 

Ақпараттық технология   

Локальді желіні басқару 

(Net Control 2 бағдарламасы 

Әдістемелік сайт 

(

http://physlcs



1.ucoz.org 

Интерактивті тақта 

(Xplorer GLXқұралы) 

 

Интерактивті тақта 



(ActivInspireбағдарламасы 

ACTIVOTE құралы) 

 

Қашықтан оқыту 



(e-Learning, Adobe Connect) 

Олимпиадаға қашықтан дайындау 

(

http://www.phys.msu.ru



http://mephl.ru/

 

http://


www.afportal.ru/

 

http://al-farabi.kz/



 

http://ipho2014.kz

 

 


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

473 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

болып  жатқан  иновациялық  құралдарымен  және  бағдарламалық  жасақтамалармен    жұмыс  істеуге 



мүмкіндік береді [3].  

Жаңа пайда болып жатқан иновациялық құралдардың түрлері: 



1.  ACTIVOTE құралын қолдану 

Физика  пәнінен  сабақ  берген  кезінде  ActiVote  құралын  қолдану  кезкелген  тақырыптарды 

түсіндірген  соң,  білім  алушылардың  алған  білімін  тексеру  мақсатында  тест  сұрақтарын  алған  өте 

тиімді,  себебі  студенттер  тест  сұрақтарына  жылдам  жауап  беруге  және  есептерді  тез  шешуге 

дағдыланады.  ActivBoard  (Promethean,  Ұлыбритания)  инерактивті  тақтасына  арналған  ActivInspire 

бағдарламасында ActiVote құрылғыларын тіркеу және интерактивті сауалнамалар  алу үшін, алдымен 

пульттерді  интерактивтік  тақтаға  тіркеу  керек.    ActiVote    құрылғысын  тіркеп,    сол  құралмен 

қашықтықтан студенттер тест сұрақтарына жауап бере алады (2 – сурет). 

 

 

  



 

 

2-сурет. ActiVote құрылғыларының сыртқы түрі және  ActivInspire 

бағдарламасының интерфейсі. 

 

А, B, C, D, E, F батырмалары интерактивті жауап берулерге арналған. Бұл батырмалар арқылы 



дұрыс  жауапты  таңдап,  керекті  батырманы  басқаннан  кейін  ActivInspire  бағдарламасы  таңдалынған 

нұсқаны қабылдайды. Бұл тест алынып болғанан соң студенттердің берген жауаптары Microsoft Excel 

бағдарламасына  экспортталады  да,  қай  студент  қандай  уақытта  қанша  пайызға  дұрыс  орындағанын 

тізім  бойынша  анық      көре  аламыз.    Бұл  біріншіден  оқытушының  уақытын  үнемдесе,  ал  екінші 

жағдайда  студенттер  өздерінің  білім  дәрежесінің  әділ  бағаланғанын  тез  арада  көре  алады.  Сонымен  

қатар  нәтижелерді  студенттің  аты-жөні    бойынша  немесе  сұрақтар  бойынша  сұрыптауға  болады  

(3-сурет).    

 

 



 

3-сурет. Тестнәтижелерінің Excel бағдарламасындағы  қортындысының бейнесі. 

 

Суреттегідей   қызыл түске боялса қате, ал жасыл түске боялса дұрыс жауапты білдіреді.  



Интерактивтік тесттер алу оқытушыға төмендегідей мүмкіншіліктер береді: 

         -  өтілген  тақырып  бойынша  алынған  тест  арқылы  студенттер  өз  білімдерін  қаншаға 

меңгергендігін; 

         - сұрақтарға студенттердің білімдерін нақты  бағалауға;  

         - сұрақтарға пікір таластыруды  ұйымдастыруға; 

         - тест сұрақтарына жауап беру кезінде уақыт бойынша шектеулер қоюға; 



 



 Физика–математика ғылымдары 

 

474 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

         - тестің нәтижесін дереу алуға; 



         -  студенттермен  біріге  отырып  тест  нәтижелерін  сараптамалауға  және  қатемен  жұмыс 

істеуге болады[4]. 



2.  PASCO құралы мен GLX Xplorer мәлімет тіркегішті қолдану 

PASCO  құралы  мен  XplorerGLX  мәлімет  тіркегішті  физика  сабақтарында  физикалық 

эксперементі  көрсетуге,  зертханалық  жұмыстарды  орындауда      ақпараттық    технологиялардың 

қолдану аясын арттыру.   XplorerGLXмәлімет тіркегішті қолдану арқылы тәжірибелер өткізу кезінде 

және PASCO құралы зертханалық жұмыстарды жасау кезінде студенттердің ойлау қабілеттері артып, 

физикалық  ұғымдары  тереңдей  түседі.  Зертханалық  жұмыстарды  орындауда,  физикалық 

құбылыстарды көрсетуде өлшеуіш аспаптарды қолдану мен орнату кезінде студенттердің физикалық 

заңдылықтарға  деген  ойлары    тереңдеп,  тақырыптарды  өту  кезінде  ғылыми-зерттеу  түсініктері 

қалыптасады.Сонымен  қатар  XplorerGLX  мәлімет  тіркегіштегі  графиктер  мен  кестелерді  қолдану 

арқасында    студенттер  процесстің  өтуін  жақсы  ұғады  және  тез  қорытынды  жасай алады Сондықтан 

пән бойынша өтіліп жатқан тақырып қолжетімді және  қызықты болады.  Құрылғыларды бір-бірімен 

байланыстыру  арқылы  тәжірибелерді  өткізу  кезінде  студенттердің    физикалық  шамалардың  өлшем 

бірліктеріне  деген түсініктері артады [5].  

 3. Локальді желіні қолдану 

Физика  пәнін  оқытуда  мультимедиалық  кабинетті  қолданған  жөн,  себебі  жалпы  студенттерге 

интерактивті  тақтада  бір  тәжірибені  ғана  көрсете  аламыз,  ал  мультимедиалық  кабинетте  

студенттерді  топтарға  бөліп  әртүрлі    тапсырмалар  беруге  немесе  көрсетуге  болады.    Сондықтан 

мультимедиалық  кабинеттегі  компьютерлік  локальді  желіні  басқару  үшін  Net  Control  2  Classroom 

бағдарламалық комплексін қолдануға болады. Бұл Net Control 2 Classroom бағдарламалық комплексі 

білім беру мекемелеріндегі оқытушыларға  арналған.  

Net Control 2 Classroom бағдарламалық комплекстің көмегімен оқытушы: 

- оқу материалын түсіндіре алады; 

-  суретті  оқытушы  компьютерінен  студенттердің  компьютерлеріне  жіберіп  көрсете  алады.  

Өтілетін  дәріс      оқытушының  жұмыс  үстелінен  жүктелген  кезде  студенттердің  мониторларында 

көрінуі тиіс. 

   Бағдарламаның шектеу қоятын құралдарының көмегімен оқытушы өз компьютерінде отырып, 

студенттердің  компьютерлерін  уақытша  шектейді,    ойындарды  ашуға,  веб  сайттарға  кіруге  және 

керек  емес  қолданбалар  мен  бағдарламаларды  қосуға  шектеу  қоя  алады.  Сонымен  қатар  USB 

құрылғыларды қосуға және баспаға жіберетін (принтер) құрылғыларды қосуға тиым сала алады.   



4. Сайтты  қолдану 

Қазіргі кезде білім беру жүйесінде әдістемелік  сайтты қолдану өзекті мәселелердің бірі болып 

саналады.  Сайт  педагогикалық    қарым-қатынастардың  құралы  екендігін,  сонымен  қатар  ол  жалпы 

оқытушылар  ұжымына,  жеке  оқытушыларға  және  студенттерге  керек  екендігін  интернет  желісінің 

дамуындағы  халықаралық  іс-тәжірибелер  көрсетіп  отыр.  Педагогикалық  қызмет  атқаруда  сайт  құру 

ол – жаңа орта мен жаңа мүмкіншілік тудырады. Құрастырылған сайт оқытушының жұмыс құралына 

айналады  және  біртіндеп  білім  беру  барысында  қолданысқа  ие  болады.  Яғни,  студенттерге 

қашықтықтан  білім  беруде,  жобалар  жасау  кезінде  сұраныстар  құруда    және  телекоммуникациялық 

іс-шаралар  өткізуде  педагогтардың,  оқытушылардың,  студенттердің  бір-бірімен  қарым-қатынас 

жасауын ұйымдастырады.  

     Оқытушының әдістемелік сайт құруда алатын мүмкіншіліктері: 

          - өзінің педагогикалық іс-тәжірибелерін   әріптестеріне ұсына алуы; 

          - студенттерге қашықтықтан білім беру   дағдыларын қалыптастыруы; 

          - интрактивтік қарым-қатынас дағдыларын тереңдетуі; 

          - ақпараттық технологияларды қолдану құзыреттілігін арттырады. 

Қазіргі интернет желісінде көптеген тегін серверлер мен хостингтер бар.   



5. Adobe Connect бағдарламасын қолдану; 

      Adobe Connect бағдарламасы арқылы  физика сабағын қашықтықтан беруде қолданылады.   

      Adobe Connect бағдарламасы бірнеше қолданушыларға (студенттерге) web-конференциялар 

өткізуге  мүмкіншілілігі  бар.  Web-конференциялар  қатысушыларға    онлайн-сұхбатта  сабақ  өткізу 

үшін бөлмелер беріледі.  Дәріс берілетін бөлме әртүрлі операциалық панелдер мен компоненттерден 

тұрады. Осы компонеттер мен панельдерді қолдану арқылы жазуға арналған тақтаны шығарып алуға, 

сабақтың презентациясын көрсетуге немесе әртүрлі видеоны, суреттерді көрсетуге болады.  


 



 Физика–математика ғылымдары 

 

475 



                                                                                           

№1 2017 Вестник КазНИТУ  

 

Қорта келе, еліміздің болашағы саналы да сауатты   жас ұрпақ тәрбиесіне, ғылым мен білімнің 



өркендеуіне  ақпараттық  технологиялардың  тікелей  байланысы  болғандықтан,  осы  ақпараттық 

технологиялардың  жұмысын  толық  та,  өте  жақсы  меңгертіп,  өзіміздің  барлық  дәрістерімізде  

қолдануымызға болады.   

Қазіргі  заман  талабына  сай  адамдардың  мәлімет  алмасуына,  қарым-қатынасына  ақпараттық 

технологиялар  кеңінен  қолданысқа  еніп,  жылдам  дамып  келе  жатқан  кезеңінде  ақпараттық  қоғамды 

қалыптастыру  қажетті  шартқа  айналып  отыр.Техниканың  қарқынды  даму  заманында  физика  пәнін 

оқытудағы жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздеу қажет. 

Келешек  қоғамның  бойында  ақпараттық  мәдениетті  қалыптастыру  қоғамның  алдында  тұрған  ең 

басты міндет [6].   

 

ӘДЕБИЕТТЕР 



[1] http://www.akorda.kz/  

[2] Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы 

[3] Ж.  Садыбекова.  Оқу  –  тәрбие  үрдісінде  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияны  қолдану 

қажеттілігі//  Информатика негіздері.– 2008.– № 4. С. 231 

[4] С.С.  Мельник  .Часть  III.  Проведение  тестирования.  Интерпретация  и  сохранение  результатов 

//ActivInspire, 

http://www.it-n.ru/

 

[5] 



«Интерактивтік 

оқытудың 

президенттік 

бағдарламасы» 

атты 

білім 


беру 

порталы. 

http://www.ljcreate.com/pili

 

[6] С. Н. Нуркасымова. Акткальные вопросы  современной  техники и технологии//  Россия, г. Липецк. – 



2013. С. 38-44.  

 

Нұрқасымова С. Н., Жаныс А. Б. 



Применения информационных технологий при изучении физики в техническом вузе 

Резюме:  Информационная    технологияучебном  процессе      позволяют  реализовать  различные  формы 

проведения занятий. 

Информационная  технология,телекоммуникационный  блок,  компьютерные  интерактивные  модели 

являются  главным  ресурсом  научно-технического  развития  мирового  сообщества,  которые    влияют  на 

ускоренное  развитие  науки,  техники,  играют  значительную  роль  в  процессах  воспитания  и  образования, 

культурного  общения.  Мультимедийный  комплект  –  предоставляет  целый  ряд  преимуществ  и  новых 

возможностей является звуковой и видеосвязьюпреподавателя  с каждым студентом.   

Ключевые  слова:  Информационная    технология,  профессионализм,  компьютер,  Интернет, 

телекоммуникация, электронные и телекоммуникационные приборы,  мультимедия, электронные учебники. 



 

Nurkasymova S. N., Zhanys A. B. 



Application of information technology in the study of physics in technical university 

Summary: Information Technology educational process allows to implement various forms of employment. 

Information  technology,  telecommunications  unit,  interactive  computer  models  are  the  main  resource  of 

scientific  and  technological  development  of  the  world  community,  which  affect  the  rapid  development  of  science, 

technology,  play  a  significant  role  in  the  education  and  training  processes  of  cultural  communication.  Media  Kit  - 

provides a range of benefits and new features is an audio and video of the teacher with each student. 

Key  words:  Information  technology,  professional,  computer,  Internet,  telecommunications,  electronics  and 

telecommunications equipment, multimedia, electronic textbooks. 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал