“ Бекітемін “


ОЖСБ –ға дайындау мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже./1 бет/



жүктеу 252.5 Kb.
бет2/4
Дата09.02.2022
өлшемі252.5 Kb.
#17089
түріСабақ
1   2   3   4
ОЖСБ ЖОСПАР
ОЖСБ –ға дайындау мақсаты, міндеттері, күтілетін нәтиже./1 бет/

Мақсаты: 9 сынып оқушыларының қазақ тілі пәні бойынша дайындық деңгейлері мен функционалдық сауаттылықтарының қалыптасу деңгейлерін бағалау
Міндеттері : Оқу бағдарламасы бойынша оқушылар қазақ тілі курсынан меңгеруі тиіс:

1) лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлері, лексикалық терминдерді дұрыс ажыратып, орынды қолдана, т.б. білуі;

2) фонетиканың тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, фонетикалық ұғымдардың мәні, сөз құрамындағы дыбыстардың түрлері және олардың жіктелуі;

3) түбір сөз бен туынды сөздің белгілері, тіркесті сөздердің ерекшеліктері және емлесі, қос сөздер, біріккен сөздер, т.б. емлесі;

4) морфологияның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы, сөз таптарының өзіндік белгілері және бір-бірінен айырмашылықтары, сөз таптарының мағыналық топтары,
сөз құрамына қарай талдау жасай білу, сөйлемге морфологиялық талдау жасай алу, сөз таптарының түрлену заңдылықтарының сөз мәдениетімен бірлігін тани алу, морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтау;

5) синтаксистің тіл біліміндегі орны мен маңыздылығы,


сөз тіркесінің өзіне тән белгілері, тіркесу тәсілдерін ажырату, сөздердің байланысу тәсілдері, сөйлемнің мағынасына және құрылымына қарай бөлінуінің жолдары, сөйлем мүшелерінің түрлері, сөйлемнің бірыңғай мүшелеріне тән белгілері, сөйлемге синтаксистік талдау жасай алу;

6) стиль түрлері мен түрлі мәтіндерді өз бетімен оқи, түсіне, баяндай және интерпретациялай білу, сөйлеу мәдениетінің нормалары мен шешендікке қойылатын талаптарды меңгеру;

7) төл сөз бен төлеу сөздің ерекшеліктерін, төл сөздің орналасу тәртібін, тыныс белгілерінің қойылу себебі;

8) Қолдану - нақты іс-әрекеттер мен жаңа жағдайларда негізгі ұғымдар мен принциптерді қолдана білу. Сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінің лексикалық мағынасын ажырату, дыбыстарды акустикалық, артикуляциялық белгілеріне қарай топтастыру, сөз бөлшектерінің өзіне тән мағынасы мен қызметін ажырату, сөз тіркесінің байланысу тәсілдерімен түрлерін ажырату, стиль түрлерін салыстыру;

9) Анализ - ақпаратқа түсінік беру, көзқарасты талдау. Сөз мағыналарын қолданылу өрісін (актив,пассив сөздер), орфографиялық, орфоэпиялық ережелерді, сөз таптарының мағыналық түрлерін, жасалу жолдары мен грамматикалық ерекшеліктерін, сөз таптарын сөйлемдегі қызметтерін, құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін талдау. Стиль түрлерінің қолдану;

10) Синтез - негізгісін атап көрсету. Берілген сөздерді лексикалық мағынасының жақындығына қарай жинақтау, фразеологизмдер, мақал-мәтелдерді ажырату, ықпал түрлерін талдау, дайын үлгі бойынша сөз жасау, берілген сөйлемге керекті тыныс белгісін қоя білу, стиль түрлерін көрсету;

11) Оқу сауаттылығы - мәтін мазмұнын түсіну, ұғыну, жазбаша мәтіндерді ой елегінен өткізу. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, өз ойын қорыта білу.


жүктеу 252.5 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет