Қ алалық телестудияның жарты ғасырлық мерейтойы Жезқазған қаласының 55 жылды



жүктеу 46.02 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.09.2017
өлшемі46.02 Kb.

ЖЕЗҚАЗҒАН  ҚАЛАСЫНА - 55 ЖЫЛ 

Қ

алалық телестудияның жарты ғасырлық мерейтойы 

Жезқазған  қаласының 55 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр. 

«Дидар» телеарнасында  қызмет етіп, оның негізін  қалаған ардагерлер 

туралы баспасөз беттерінде мақалалар көп беріліп жүр. Менің әкем 

Әлен Әлімбетов 1960 жылы студенттік шағында-ақ оқу мен еңбекті 

ұ

штастырып, Қазақ телевизиялық комитетте  қызмет етіпті. 



Ал, 1962 жылы Жезқазған телестудиясының алғашқы режиссерлерінің 

бірі болғанын бүгінде біреу білсе, біреу білмес. Әкемнің мұрағатын, 

құ

жаттарын ақтара отырып, есепші, экономист ретінде қаламызды, 

ауылды көркейтуге, экономикасын арттыруға үлес қосумен қатар, 

мәдениетін көтеруде де айшықты қолтаңба  қалдырғанын айтқым келеді. 

Әлен Бимағамбетұлының әншілік репертуарында Тайжанның екі әні, 

өзінің бір әні және басқа да отызға жуық халық сазгерлерінің әндері болды. 

Ұ

лытау ауданы Амангелді ауылындағы «Халық театры» атағын алған 

өнер ордасында да өз ізін қалдырды. 



Бүгінде өмірден озған әкемнің өз қолымен жазған өмірбаянын, 

көптеген  құжаттарын пайдалана отырып, сүйіп оқитын 

«Сарыарқа» газеті арқылы жерлестеріммен ой бөлісім келеді. 



АЛҒАШҚЫ 

РЕЖИССЕРЛЕРДІҢ 

БІРІ ЕДІ 

Әлен Әлімбетов 1940 жылдың 27 сәуі-

рінде Қарсақбай-Байқоңыр теміржолы-

ның 84-разъезі, яғни, Майтөбе бауырын-

дағы  Құлаш өзенінің жағасында туған. 

Әкесі Бимағамбет Әлімбетұлы Қарсақбай 

заводында металлург болыл еңбек еткен 

аңшылық және ұсталықлен айналысқан 

он саусағынан өнер тамған шебер болыл-

ты. Анасы Жібек Тұрғанбайқызы бірнеше 

құ

рсақ көтергенімен аман  қалғандары — 



Ақмаңғаз, Өмен, Әлен және  Қален деген 

балалары ғана. 1947 жылы әкесі Бима-

ғамбет  қайтыс болғаннан кейін олар Ақ-

төбеге көшеді ол кезде Әлен 1-сыныпта 

оқиды. 1948 жылы Жездіге  қайта көшіл 

келіп, 1957 жылы онжылдықты тәмамда-

ған соң 1955-1958 жылдар арасында жас 

болса да шахтаға жұмысқа орналасып, 

еңбек ете бастайды. Мектепте жақсы 

оқып, жоғары білім алсам деген ынталы 

Әлен 1958 жылы сол кездегі С. М. Киров 

атындағы  Қазақ Мемлекеттік универси-

тетінің экономика факультетіне түсіп, оны 

1963 жылы бітіріп шығады. Студенттік 

жылдар Әлен үшін үлкен ізденіс пен кү-

рес, оқу мен өнерді  ұштастыра отырып, 

табыс таба білуді  қажет ететін киын-қыс-

тау кезеңдер болды. ҚазМУ-де дәріс алып 

жүріп, ән салып, домбыра тартатын ол 

көркемөнер жолындағылармен араласып, 

өнерін ортаға салып, шығармашылық ше-

б е р л і г і н шыңдай береді. Университет хо-

рының жеке дауыстағы әншісі болыл, «Айт-

тым сәлем  Қаламқас» әнін орындап жү-

реді. 

1960 жылдары  Қазақтың телевизия-



лық комитеті  құрылып, онда Сәлима Ес-

темісова деген апайдың режиссер болып 

жүрген кезі екен. Әлен сол кісінің хабарла-

рына жиі қатысып, атсалысты. Сол кезде-

рі Шәмші  Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ба-

қ

ытжан Құрманғалиев сынды еліміздің бел-



гілі азаматтарымен танысып, білісіп, кейі-

ннен Әсет Бейсеуов және Әділхан Абай-

ділдаевпен жақын жолдас болады. Соны-

мен  қатар, радио арқылы Әсеттің «Бәрі-

нен де сен сұлу», Бақытжанның «Таңнан 

сәлем» әндерін «Ән үйренейік» циклын-

да орындайды. Университетте дәріс 

алыл жүріп, балапар мен жасөспірімдер 

мемлекеттік театрында актер де болады. 

Қ

азақстанның халық артисі, белгілі ре-



жиссер Ғайни Хайруллинамен сондай-

ақ көптеген еліміздің майталман-

дарымен жақындасып, араласады. Кино-

дубляжға  қатысып жүрген кезде Шәкен 

Аймановтың жылы лебізіне де бөленіп 

жүреді. Тіпті, ол кісімен шахмат ойнап жиі 

дидарласып, сұхбаттасуы да олардың өз-

ара сыйластығын байқатса керек. 

Әлен Жезқазған қаласына дипломдық 

тәжірибеден өтуге келеді, Жаңадан қаз ба-

сып келе жатқан Жезқазған телестудиясы-

на режиссер қажет болғандықтан Мемле-

кеттік телерадиокомитетінің төрағасы 

Әлен Бимағамбетұлына негізгі мамандығы 

бойынша еңбек тәжірибесімен қоса, атал-

мыш қызметті қатар атқарып, жәрдемде-

суін өтінеді. Алматыда едәуір ысылып, бі-

раз тәжірибе жинақтаған ол режиссерлік 

қ

ызметті 1963 жылдың қыркүйегіне дейін 



атқарып, өзінің елеулі үлесін қосады. Одан 

кейін өзінің негізгі мамандығы бойынша 

Жезқазған  құрылыс техникумында  қыз-

метін жалғастырады. Бірақ телестудия-

дағы жұмысынан да қол үзбейді. 

Ол кезде теледидарда Әбілқасен Әмі-

ралин Зейнеп Көбеева, Бахтияр Еңсебаев 

сынды азаматтар редактор болатын. Әлен 

Бимағамбетұлы әріптестері де ассистент-

тері Төлеу Әлімбаеваға, Сара Ысқақоваға, 

көмекшісі Зина Жарылғаповаға, телеопе-

раторлар Әбдімұрат Тоқпанбаевқа, Сте-

пан Денинге үлкен жауапкершіліктері үшін 

біліктіліктері үшін риза болушы



 еді.. 

Қ

аланың енді көтеріліп, дамып келе жат-



қ

ан кезіңдегі 2 байыту фабрикасы мен 

алып шахталар салынып жатқан объек-

тілер фотосуретші Бекет Түбековтің сурет-

тері арқылы мәліметтер мен сюжеттер 

жан-жақты беріліп отыратын. Жезқазған 

Рудник, Николъский мектептері көркем-

өнерпаздарының концертіне үлкен мән бе-

ріліп, олар эфирге жетісіне екі рет шыға-

рылады екен. Күнделікті телехабарларда 

Жанбау Бірманов, Күләш Ержанова, Серік 

Сайдалин, Шынболат Ділдебаев, Марат 

Шоқтаев, Ибрагим Жанбыршин, Хадиша 

апай, Еламан Ысқақов, Иран Ильяшев 

сияқты қала азаматтары қатыстырылып 

отырды. Телестудияда талантты режис-

сер  Қаркеш Сейілхановпен  қызметтес 

болса, телехабарларға қатысқан кейін өз-

дері де редактор болған авторлардың 

ішінен Сапабек Мырзатов, Ақылбек Шай-

хиң Мәлік Алтыруовтың есімін еске алып, 

жиі айтып отыратын. 



АМАНГЕЛДІДЕГІ 

«ХАЛЫҚ ТЕАТРЫ» 

Тағдырдың жазуымен Әлен Бимағам-

бетұлы 1965 жылы Амангелді кеңшарына 

экономист болып барды. Өнер десе ішкен 

асын жерге  қоятын ол ауыл жастарының 

көркемөнерге құштарлығын сезінісімен-ақ, 

бұл іске белсене кірісті. Сол жылы жазда 

Байтілеу өзенінің бойында Шеңбер кең-

шарымен бірлесіп, шопаңдар тойын өткі-

зеді. Амангелді атындағы кеңшардың сол 

кездегі директооы Әліпбек Бекетаев, парт-

ком хатшысы Башар Өтенов жұмысшы ко-

митетінің төрағасы Рахымжан Сейсебаев, 

ауылдық кеңестің атқарушы төрағасы 

Жәнен  Құланбаев сынды өнерге жақын 

тамаша азаматтардан  қолдау табады. 

Сөйтіп, шопандар тойына «Беу,  қыз-

дар-ай!» спектаклін дайыңдайды. Әубәкір 

ақыңды - Әлең, суретшіні - бас мал дәрі-

гері Әсет, Серкені - Әбдіраш Есенов, кол-

хоз төрағасын - дәрігер Ақаш Жүсіпов, 

Айсұлуды - Дәмелі Нұрақова, Жансұлу-

ды - Тұрсынкүл  Қасымова, Кунсұлуды 

мектел бітірген жас қыз, ал доценттің ролін 

Шынболат Ділдебаев ойнайды. Ауыл аза-

маттары  а ғ а й ы н д ы Рахымбек пен Самат 

Сырлыбаевтар осы  т е а т р д ы ң өсіп-өркен-

деуіне  қомақты үлес қосты. Концертмей-

стер Марат Шоқтаев болды. Осылайша 

ауыл театрының беташары ашылды. 

Спектакль ойдағыдай  қойылыл, мақтауға 

іліккен олар сол 1965 жылдың күзінде 

М. Әуезовтің «Еңлік-Кебек» спектаклін 

дайындауға кірісіп кетеді. Әрине, демеу-

шілер де,  қолдаушылар да көп болды. 

Әсіресе, өнерге өте жақын кеңшар бас-

шысы Әліпбек Бекетаев, Рахымжан Сей-

себаев көмектесе жүріп, жастарға сахна-

лық өнерді де үйрете білді. 

1966 жылы олар «Еңлік-Кебек» спек-

таклімен  Қарағандыда өткен республика-

лық байқауға  қатысып, лауреат атанды. 

Театр сыншысы, байқау төрағасы Б.  Құн-

дақбаевтың берген жоғары бағасы ауыл 

жастарының мерейін асыра түсті. Енді қа-

лайша! Байқау алдындағы дайындықтар-

да халық артисі Жәмила Шашкина екі күн, 

екі түн бойы олардың спектакліне түзету-

лер мен мизансценалық өзгертулер жа-

сап, жанашырлық танытты, үміт артты. 

Сол сенімнің ақталғанына бәрі де  қуан-

ды Жәмила Шашкина кейіннен ауылға га-

строльмен бірнеше рет келіп, ауыл теат-

рына орынды нұсқаулар, көптеген ақыл-

кеңестер берді. Содан соң ауылда көпте-

ген сценарийлермен жұмыс жасалып, қой-

ылымдар  қойылды. Сол еңбектердің же-

місі болар Амангелдідегі театр 1967 жыпы 

«Халық театры» деген атаққа ие болды. 

Әлен Әлімбетов 1972 жылы отбасы жағ-

дайына байланысты Кеңгірге, 1975 жылы 

Жезқазған  қаласына көшіп келіп «Суқұ-

рылыс» тресіне әуелі экономист, кейін 

трестің бас есепшісі болып орналасады. 

1977 жылы аспирантураға түсіп, оны 1978 

жылы аяқтап, жазында диссертацияны 

абыроймен  қорғайды. 1972 жылдан 1986 

жылға дейін Автокөлік бірлестігінің бас 

есепшісі, 1986-1988 жыддары Ақтас кен-

барлау экследициясында бас есепші, 

1988-1989 жыпдары «Жезқазған моно-

литстрой» тресінің бас есепшісі, 1989-

1995 жылға дейін Жезді кен басқармасы-

ның экономика,  қаржы және әлеуметтік 

мәселелер жөніндегі директорының орын-

басары болады. Осы жылдар барысын-

да Жездінің көркемөнерінің дамуына бел-

сене араласты. Баубек Бұлқышевтің туға-

нына 75 жыл толу  қарсаңында жалынды 

көркем сөз шеберінің өмірінен жазылған 

«Аққу әні» спектаклін қояды. 

1995 жыл мен 1997 жыл арасында Жез-

қ

азған жолаушылар автокөлік мекемесін-



де директордың экономика жөніндегі орын-

басары, 1999 жылдан 2003 жылға дейін 

Жезқазған университетінде еңбек етіп, 

зейнеткерлікке шықты Әлекеңнің «Бух-

галтерлік есептің негіздері», «Кәсіпорын-

дағы бухгалтерлік есеп», «Финансовый 

анализ», «Өнеркәсіпті  ұйымдастыру мен 

жоспарлау» (екінші авторы А Оспанова), 

«Қаржылық талдау» сынды бес оқу-әдіс-

темелік кітаптары жарық көрді. Әлен Би-

мағамбетұлы осындай табысты еңбек жо-

лында  құрмет грамоталарымен медаль-

дарымен бірнеше мәрте марапатталды. 

Озық ғылыми еңбектері үшін лауреат бел-

гілеріне де ие болды. 

Әленнің жары Тұрсынкүл көл жыл сау-

да саласында қызмет етті. Бүгінде құрмет-

ті еңбек демалысында. Отағасысы екеуі 

тәрбиелел өсірген сегіз баласынан неме-

ре сүйіп отырған ардақты ана, сүйікті әже. 

Биылғы каламыздың 55 жылдық ме-

рейтойы әрі Жезқазған телестудиясының 

жарты ғасырлық мерекесі тұсында Әлен 

Бимағамбетұлының ел алдында жасаған 

еңбегін еске алуды жөн көрдік. Әрбір өсіп 

келе жатқан саналы азамат туған еліне 

солардай адал  қызмет етсе екен деген 

мақсатты  ұстандық. 

Зәуреш ӘЛІМБЕТОВА. 

Сарыарқа. - 2009. - 22 мамыр (№ 55). - 11 б. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Zhezkazgan tarihy
Kraeved -> Марат Әбсеметов 1960 жылы туған, Қазму-дің журналистика
Kraeved -> Орталық Қазақстан. 2001. 23 маусым. 14 б. Ақжолтай Ағыбай батыр
Kraeved -> Ардақты баба күйлерін қалың қауым алдында насихаттап, ел арасына кеңінен тартуда кейінгі
Kraeved -> Саттар туралы сыр
Kraeved -> КЕҢес одағының батыры, ҰШҚЫШ, Ғарышкер, жерлесіміз тоқтар
Kraeved -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Kraeved -> 24 наурыз (№55). 5 б. Əлихан Бөкейхан-150
Kraeved -> Тарихи тұлғалар шортанбай қанайұлы 1818 қазіргі
Zhezkazgan tarihy -> Менің Қалам — менің мақтанышым
Zhezkazgan tarihy -> Жезқазған тарихи-архиологиялық музейінің 35 жылдық мерейтойы аясында «Музей: Қазақстанның ұлттық тарихын зерттеудегі жаңа әдістер»

жүктеу 46.02 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет