Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



жүктеу 0.78 Mb.

бет9/12
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

12-153 

Б. ЫСҚАҚОВ 
ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫМЕН ӘҢГІМЕЛЕСКЕНДЕ 
1961 жылы август айында ұйымдастырылған халық 
ақындарының республикалық мәслихаты өз дәрежесінде 
өтті. Мәслихатқа Қазақстан Коммунистік партиясы Ор-
талық Қомитетінің секретары Н. Жандильдин, Қазақстан 
Жазушылар одағының председателі Ғ. Мүсірепов жол-
дастар қатысты. М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және 
өнер институты коллективі Жазушылар ұйымымен бір-
лесе отырып, бұл маңызды жұмысқа белсене араласты. 
Ақындармен жекелей де әңгіме жүргізіліп, олардың ре-
пертуарлары анықталды. Көптеген қолжазбалар, ақын-
дардың төл туындылары жинақталды. Кейбір жеке ән-
өлеңдер мен ауыз әдебиетінің басқа да тамаша үлгілері 
магнитофон ленталарына түсірілді. Мәслихатқа қатыс-
қан 33 ақынға Қазақстанның қырық жылдык мерекесіне 
арналған значоктер мен медальдар тапсырылып, баға-
лы сыйлықтар берілді. Бұл совет өкіметі мен Қазақстан 
Компартиясы тарапынан көрсетілген қамқорлық, халық 
ақындарына деген зор құрмет, үлкен сенім еді. 
Халық ақындарының республикалық мәслихаты ал-
дында және мәслихат жүріп жатқан күндері ақындардан 
алған әсерімізді, әңгіме, кеңес үстінде туған кейбір ой-
пікірімізді ортаға салсақ дейміз. 
Мәслихатқа келген ақындардың алғашқы тобымен 
кездесу, пікір алысу августың бірі күні басталды. Кезде-
су кеші Әдебиет және өнер институты директорының 
орынбасары О. Нұрмағамбетованың кабинетінде инсти-
тут басшыларының, ғалымдарының қатысуымен өте қы-
зыкты болып өтті. 
Тың өлкесі Целиноградтан Аманжол Әлжанов, көмір-
лі Қарағандыдан Майасар Жапаков, Болман Қожабаев, 
кенді Алтай, Зайсаннан Рахметолла Тоқтарбаев, Ертіс 
бойынан Нұрлыбек Баймұратов, Каспи атырабынан 
Құмар Жүсіпов, ак алтынды Оңтүстіктен Желеу Жақып-
ов және Алматы облысынан Кенен Әзірбаев, Қалқа 
Жапсарбаев, Үмбетәлі Кәрібаев сияқты халық ақында-
ры қатысты. 
Қазақ ССР Ғылым академиясының мүше-корреспон-
денті, профессор Е. Ысмайылов ақындарды отырған 
жүртқа түгел таныстырып шықты. Осы бір оңтайлы оты-
178 

рысқа ыстық сезім, шалқыған көқіл үстінде талай-
талай ойлы пікірлер, тілек-талаптар, жылы сөздер 
айтылды. 
Совет дәуіріндегі халық поэзиясының бөлім бастығы 
М. Қаратаев ақындарға басталғалы отырған республи-
калық мәслихаттың мән-жайы мен мақсат-міндетіне тоқ-
тап, қысқаша шолу жасады. Аталы сөз иесі қадірмен 
ақындар, сіздер екі түрлі байлықпен келіп отырсыздар, 
—дейді шешен, — бірі халқымыздың асыл мұрасы, сөз 
өрнегі, екіншісі — өз туындыларыңыз болмақ. Осының 
екеуі де електен өтіп екшеліп, ең нәрлі дәнді салмағы 
сынға түсіп, сұрыпталуға тиіс. Әсіресе өздеріңіздің төл 
шығармаларыңызға көркемдік, мазмұн жағынан қойы-
лар талап-тілегіміз де үлкен. Көзсіз көбелектей бол-
майық, қанатымызды қомдап, білегімізді сомдап, жігер-
лене батыл кірісейік, бұл игілікті ЗОР іске. Алдыңдағы 
темір қазық, жырға анық дәйек болар партиямыздың 
ұлы программасы — негізгі нысана осы болсын, — 
дейді, ол. 
Филология ғылымынын докторы Е. Ысмайылов әр 
ақынның өзіне тән өнер ерекшелігіне тоқтала отырып, 
қазіргі халық әдебиетінің қанатын кең жайған көлемді 
де мол саласы — айтыс жанрының жайын сөз етті. Жұ-
мыстың үшінші күні өнер жарысы ақындар айтысына ар-
налатындығы ерекше ескертілді. Тіпті әңгіме арасында 
қарт ақындар Нұрлыбек, Кенен. Қалқа бір-бірімен сөз 
сайысына тұсетін тілектерін білдірді. Осы сәтте Гурьев-
тен келген дарынды ақын, Ығылман Шөрековтың шәкір-
ті Кұмар Жүсіпов жазып айтатын ақындармен емес, сөз 
нөсерін төгіп айтатын ақпа акындармен айтысатынын 
анғартып, өз бойына біткен қайсарлық қырын да көрсе-
тіп койды. Манадан бері қызба-қызбамен арқалары қо-
зып, көздері от шашып, сөйлеуге оқталып отырғандары 
да байқалғандай. Сөйткенше болмады өзгеден бұрын 
оңтүстіктен келген әнші ақын Бектұрғанов Белгібай 
бастап та жіберді. Ол өзінің ертеңгі айтысқа дайын отыр-
ған ойын сездіре, сөз тиегін ағыта жөнелді. 
Ұлы едім, Бектұрғанның Белгібаймын, 
Халқыма айтатұғын сөзім дайын. 
Дүбір мен айғай-шуды естігенде, 
Қайшылап қос құлақты тұралмайым. 
Кұйрықты шиыршықтап, жер тебенеп, 
Бәйгеге қосылғанша шыдамайым. 
Кетемін шаң тигізбей шыға салып, 
179 

Етпеймін ылди менен өрді уайым. 
Тарттырған шылбырымды жан емеспін, 
Тартуды көңілім сүйіп ұнамаймын. 
Шомылып қара терге түскен кезде, 
Қамалап қақса-дағы кер қылмайым. 
Оңтүстік облысы, Түлкібасы 
"Алғабас" колхозында менің жайым. 
Мейманбыз шақырған соң кеп отырған, 
Өтініп мен үгіттеп не қылайын. 
Жиналыс үші күні басталғанда, 
Сол күні аямайын тілдің майын. 
Белгібайдың өлеңмен айтқан осы ойы ақындарға жел 
беріп, айтысқа жұмылдырғандай болды. 
Осыдан кейін мәселе ақындардың халық қазынасы, 
өнегелі сөз өрнектерінен не білетіндігіне ойысты. Сұрау, 
жауап түрінде өткізілген бұл әсерлі әңгімеде көп нәрсе-
нің сыры ашылды. Е. С. Ысмайылов ақындар жүрегіне 
ортақ нәзік тіл тауып, талай-талай мол дүниенің бар 
екенін, олардың көкірегі сырға да, жырға да толы қазы-
на екенін анық байқатты. Халқымыздың осындай асыл 
мұрасын жадына сақтап, ала келген әдебиетіміздің ал-
тын сандығы, кәрі тарландарымыздың бірі — кұрметті 
Құмар Жүсіпов. Ол репертуары мол, көмейінен күй, ау-
зынан жыр төгілген майталман жүйрік жырау да, асқақ 
сөзді ақындығының үстіне жыршы да, термеші де. Қадір-
мен қонағымыз Құмардың жақсы бір қасиеті — тура-
шыл, шыншыл. Бетің бар, жүзің бар демейді, іркілмей 
кесіп айтады. Әңгімені дуылдатып қыздыра сөйлейді. 
Шәлгез бен Шернияз, Қашаған мен Ығылман жайлары-
нан және «Қырық батыр» жырынан көп біледі. Біз Құ-
мардың аузынан тарихи мәні бар көптеген атақты ақын-
дар туралы естідік. Шабыттана сөйлейтін Құмар ақын 
бір сөзінде Ізбасар мен Қашаған жайын сөйлеп кетті. 
Қашаған кезінде жұртқа танылған, өткір тілді, суырып 
салма ақын болған. Бір кездескенінде Ізбасар ақын 
Қашағанға былай дейді: 
Қашаған болсаң таяма, 
Барың болса аяма, 
Оңтайлы жігіт, жүйрік ат, 
Қашқанмен сені қоя ма, — 
дегенде, Қашаған қолма-қол: 
180 

Сенің сөзің — қола, мыс, 
Менің сөзім — сары алтын. 
Өтірік десең берелік, 
Арасына сыншының. 
Сен бір есек мен тұлпар, 
Айналадағы алшыңға 
Естілген дүбір, дүрсілім. 
Сен белгілі жүйрік емессің, 
Сен бір жүрген зияндас 
Айналдырған жындысың, — 
депті. Тағы бір сөз аралығында Құмекең бірде Шернияз-
ға шертіп, енді бірде ер Исатайдың жолдасы ер Махам-
бетті толғайды. Шернияз бен Махамбеттің ақындығын 
салыстырып, Махамбеттің сөзге тапқыр, шешен, жауын-
гер, жалынды ақын екендігін, әсіресе халықтығын баса 
дәріптей баяндайды. 
Бірде Шернияз Махамбетті үйінен аттандырып 
жатып: 
Көлдеуден көк ала үйрек көл көріпті, 
Ғалымдар кітабынан жол көріпті. 
Жолдасы ер Исатай, ер Махамбет, 
Сөз бар ма тыңдағандай ескілікті? 
дей қалыпты. Сонда Махамбет бір ауыз өлеңнің орнына 
ондаған жыр шумағын үсті-үстіне төгіп-төгіп жіберіп, 
Шернияздың аузын аштырмапты. 
Арғымақ алтайшылық жер сойқаған, 
Өтерін бұл дүңиенің кім байқаған? 
Тас түлек темір үзіп тепсінгенде, 
Қөп қайып даулымпаздай көл шайқаған. 
Қүн тұман, ай қараңғы, жортар Құлжа, 
Шернияз ақын болсаң мұны болжа. 
Болғанда тақ мезгілі мұнар шалып, 
Төрт бүркіт бір аққуды қылған олжа. 
Он бүркіт, отыз аққу көлден ұшқан, 
Бір сұңқар дамыл көрмей қанат қаққан. 
Тегелей теңіз шалқып шамданғанда, 
Жемсау құс тұғырдағы қайда жатқан? 
Құмар ақынның айтуынша Шернкяз, Махамбет тура-
лы бұл жырлар әлі баспасөз бетін кермеген жаңа жыр-
лар болса керек. Құмар Жүсіпов Қашаған мен Құлмам-
беттің, Жібек қыз бен Балаораздың айтыстарымен қоса, 
атақты Мұрын жырау циклынан «Қырық батырдың» бас-
ты-басты тарауларын жатқа гулетеді. Қәрі тарлан Құ-
мар ақынның лебінен осы бір шағын әңгімеде тағы бір-
181 

екі мәселенің жөн-жобасын айқын көргендейміз. Бірі 
жұртшылыққа осы уақытқа дейін мәлім емес Құйшық 
тәрізді жырау-жыршының барын айтса, ел ішінде әлі де 
ойдан өлең шығарғыш, импровизаторлық қабілеті бар 
жас талапкерлердің біразын атады. Екіншіден өзінің 
тек ақпа ақындармен ғана айтысқа түсіп, өнер жарыс-
тыратын ниетін де білдірді. Ол ақындар айтысына ар-
налған мәслихаттың үшінші күні Алматы облысының 
ақыны Артық Жексенбаевпен айтысып өзінің майталман, 
жүйрік ақын екенін көрсетті. 
Тегі Құмар сияқты ақындардың аузынан ескілікті 
тарихи сөздерді жинап алып, ғылым пайдасына асырған 
жөн. Үш күнге созылған ақындар мәслихатында М. Ба-
зарбаев, М. Қаратаев, Е. Ысмайылов, Ә. Тәжібаев, 
Ғ. Мүсірепов жолдастардың әр сала, әр тақырыпта ар-
най жасаған тартымды да терең мазмұнды баяндамала-
ры, жылы сөздері ақындарға үлкен әсер етті. Олардың 
тілек-талаптарына толық жауаптар берілді. 
Республикамыздың ең таңдаулы саңлақтарынан сол 
күні жеті пар ақын айтысқа түсті. Айтысқа суырып 
салма қарт ақындармен қатар жас талант ақындар да 
және жазып айтатын (Аманжол мен Таубай) ақындар 
да қатысты. Ақындардың шабытына шабыт, қуатына 
қуат қосып, қиялын қанаттандырған нәрсе коммунистік 
партияның ұлы Программасы мен космос кеңістігін 
игерген совет адамының ерлігі болды. Ақындар айтыста 
кемшіліктің бетін аша отырып, өз облысының табыста-
рын мақтана жырға қосты. Болман Қожабаев Қараған-
дының қара алтыны мен кен байлығын сөз қылса, Же-
леу Жақыпов Оңтүстіктіқ ақ алтынын ақтара жырлады. 
Гурьевтің ақыны Құмар Жүсіпов Ембінің мұнайы мен 
Қаспидің балығыи баса айтса, Артық Жексенбаев гүлге 
оранған Жетісудың бау-бақшалы өңірін өрлей, домбы-
раның қоңыр үніне қоса жөнелді. 
Қарт ақындардан әнші ақын Қенен Әзірбаев пен ақын 
ана Халима Өтеғалиеваның және Қалқа Жапсарбаев пен 
Жамбылдың шәкірті Есдәулеттің айтыстары қызықты да 
қызу өтті. Әсіресе, айтыста ерекше екпінді көрінген ха-
лық ақыны Қалқа Жапсарбаев болды. 
Рас, жарыс үстінде өлеңнің кейде ұйқассыз болып 
кетуі де мүмкін. Бірақ, тұтқиылдан болған айтыс, ұш-
қыр қиял кезінде кестелі сөз, орамды ой түйіндерінің 
түйдек-түйдегімен туатынын ерекше айтпай болмайды. 
182 

Ақындар өлеңді ұйқас ырғағына қарай құрай бермей 
мазмұн, мағына жағына да мән беретіндігін, сөз өнеріне 
жауапты қарайтынын әр ақыннан аңғарамыз. Мысалы 
Әміренов Тәңірберген: 
Ақын, жыршы жолдастар, 
Қош келіпсіз, жиылып, 
Алдарыңа әдеппен, 
Бердім сәлем иіліп. 
Қалар жерің бұл емес, 
Қызса тілім тиылып. 
Ақ жаңбырлы бұлттай 
Мұнарлана түйіліп. 
Жыр нөсерін төгейік, 
Сорғаласын құйылып, — 
деп ақындарға арнаған беташарын жыр үлгісімен тер-
мелей жөнелсе, екінші бір өлеңінде Қазақстан байлығын 
Менделеев кестесіне сыйғыза алмаған ақын екпіндетіп 
былай деп баяндайды. 
Халқымның бақыт тиді дестесіне, 
Енді жыр екпіндетіп еспесін бе? 
Байлығым, ұлан байтақ жерім менің, 
Сыймады Менделеев кестесіне, — 
дейтін патриоттық сезім, жалынды үн, сөз маржандарын 
ақынның әр өлеңінен табуға болады. Бұдан шығатын 
қорытынды басқа халық ақындарының өлең жинақтары 
сияқты Тәңірберген Әміреновтың да осындай тартымды 
саяси лирикаларын, мысалдары мен дастандарын іріктеп, 
толық жинағын шығаратын уақыт жетті. 
Айтыстың думаны — талантты жас ақындар болды. 
Алматы мен Семей облысынан келген жас ақын Әбікен 
мен Қалихан кәрі тарландар арасында іркілмей айтыс 
сайысына түсіп, жиын топқа өз өнерлерін көрсетті. Мәс-
лихаттың екінші күні ақындардың өздері шығарған ән, 
өлең жырларын тыңдау, ақыл-кеңес, әңгіме үстінде де 
ақындардың қолма-қол қағысып, шайқасып қалуы бай-
қалып отырды. Әсіресе Семейлік Қалихан Алтынбаев 
Жетісулық Әбікен Сарыбаевтың күні бұрын даярланып 
келіп айтқан қағытпа өлеңіне табанда бөгелместен 
жауап қайтарды. Жиналған жұрт Қалиханның дарын-
дылық, айтқыштық, ақындық өнеріне қатты риза 
болды. 
183 

Әбікен таласпаймын даусың ашық. 
Жібердің төкпе жырдан шашу шашып. 
Танауым қол ағаштай еркекпін ғой, 
Қыз болсаң болар едім саған ғашық. 
Сен түгіл райкомның хатшысына 
Жасырмай жүрек сырын айтқам ашып. 
Сайтандай қапелімде сап еткен соң, 
Шынымды айтайыншы — қалдым сасып. 
Келген біз қонақ сдік Жетісуға, 
Қонақты тарпа бас сау бұл қай машық! 
Ертең шық, дәмең болса жекпе-жекке, 
Күн бұрын ауыз жыртар құрғақ қасық. 
Үйіме бірер кило алма апарам, 
Ғапу ет, жүре алмаймын «Күреңбелден» 
сәлем тасып. 
Бұл, әрине, жас ақындардың қызу үстінде, ақындық 
шабыт кезінде туған памфлеттері мен шалқыған ой 
туындыларының шағын бір көрінісі ғана еді. 
Үлкен үміт күттірген жас ақындар айтысының негізгі 
мазмұн, тақырыбы — өз облыстарының табысын жыр-
лап, кемшілігін сынау. Әбікен Алматы, Жетісу өлкесі-
нің жетістігін жырласа, Қалихан Семей, Ертіс бойының 
ұшан-теңіз байлығын мақтан етті. 
«Тоқсан ойдың түйіні тобықтай сөз», 
Қазақтың ұстанайық осы салтын. 
Исадай шалқар емес, шағын едім, 
Демеймін ұлы Ертістей ағын едім, — 
деиді ақын. 
Қалихан нәрсіз сұйық сөзді сүймейтін, аз сөзге көп 
мағына сыйғызуға тырысатын талапкер, жас ақын. Осы 
бір ауыз өлеңінде өзінің тағы бір қасиетін танытқандай. 
Ол — байсалдылық, сыпайгершілік. Қалихан — қаламы 
өткір, тілі шебер, талабы зор, келешегі мол, өсіп келе 
жатқан талантты ақындарымыздың ең таңдаулыларының 
бірі. Бүгінгі совет дәуіріндегі халық поэзиясының қуаны-
шы мен мақтанышы. 
Ұлы партиясын, сүйікті Отанын, туған халқын, совет 
адамдарының асқан ерлігі мен бейбітшілік жолындағы 
қажырлы күресін жырлап отырған ақындар айтысының 
үлкен бір ерекшелік, күш-қуаты — партиямыздың саяса-
тын қалың бұқараның сана-сезіміне жеткізуде жалынды 
үгітшісі, жауынгер жаршысы, айбынды құралы бола ал-
ғандығы. Партия — сүйенер тірегі, соғар жүрегі олар-
184 

дың. Жүрегіне нұр құйып, шабыт берген коммунистік 
партиямыздың ұлы программасы ақындардың шығарма-
ларында айрықша сипатталады: 
Жүрекке программа шабыт берді, 
Сыйынып домбыраны қағып едім,— 
деп жырлайды жас ақын. Советтік ұлы заман туралы, 
жетіжылдықтың шам-шырақтары туралы жыр нөсерін тө-
гілткен ел ақындарының, кәрі-жасының бәрінің де айтар 
сөзі, ұраны, қайнар көзі, бұлағы осы. Ақындардың рес-
публикалық бұл мәслихатын таяу жылдарда өткізілетін 
ақындар слетінің алдындағы үлкен дайындығы деп түсі-
ну керек. 
Қорыта келгенде, ақындардың республикалық мәсли-
қаты не көрсетті? деген заңды сұрау өзінен өзі келіп 
туады. Осы уақытқа дейін әдебиетшілер мен жазушылар 
арасында совет дәуірінде ауыз әдебиетінің үлгілері өзі-
нің даму әрекеттерін тоқтатты, совет фольклоры жоқ, 
демек оның ақындары да, жыршы жыраулары да, әнші-
күйшілері де жоқ, бұдан былай ғылыми-зерттеу жұмыс-
тарын жүргізудің қажеті қанша деген зиянды да теріс 
көзқарас орын алып келді. 
Ақындардың бұл мәслихаты алдымен советтік фоль-
клористика ғылымының дамуына кесірін тигізіп келген 
осындай жат идеяға, жалған теорияға қарсы қатты соқ-
қы берді. Қайта алдыңғы аға буын кәрі тарландардың 
орнын басар соңғы буын інілер, жас қауым ақындар то-
бы бар совет дәуіріндегі халық поэзиясының алуан-
алуан жанрларымен қаулап өсіп келе жатқандығын ай-
қындай түсті. Әсіресе ауыз әдебиетінің бір түрі айтыс 
жанры совет түсында шарықтай өсіп, шалқи дамып 
отырғандығын көрсетті. 
Шаршы топқа түскен халық ақындарын дарындылық 
қабілетіне қарай суырып салма, ақпа ақындар (Қ. Жүсі-
пов, Н. Баймұратов, Қ. Жапсарбаев т. б.), әнші ақындар 
(Қ. Әзірбаев, М. Жапақов, Б. Бектұрғанов), жыршы-
жыраулар, ауыз әдебиетін жинаушылар деп әр салаға 
бөлуге болады. Бұл жолғы ақындар айтысының бір ға-
жабы Қалихан, Әбікен сияқты қолма-қол ойдан өлең 
шығаратын жас таланттарды жарыққа шығарды. 
Аманжол Әлжанов, Бекболат Меркемелиденов, Тәңір-
берген Әміренов т. б. жазба ақындар тобына жатады. 
185 

Бұл тәріздес ақындар айтайын деген ойын әуелі хатқа 
түсіріп, содан кейін жұртқа оқып айтады. Тағы бір қы-
зық жағдай халық ақындарының біразы жазба әдебиеті-
мізге қарай ойысып, жақындап келе жатса, енді бір то-
бының (Қалихан, Әбікен, Сара т. б.) шыңдала-шыңдала 
түбінде ауыз әдебиетінің көрнекті өкілдерінің қатарыпа 
қосылып кетуі де ғажап емес ау деген ойға шомасың. 
Сөйтіп профессионал ақындар мен халық ақындары 
біріне-бірі творчестволық ықпал жасайды. Осы тұрғыдан 
алғанда, совет дәуіріндегі халық поэзиясы мен жазба 
әдебиеттің өзара байланысын, ықпал әсерін, бірінен бірі 
үйрене отырып, қатар келе жатқандығын, даму, тоғысу 
заңдылығын зерттеудің өзі әдебиетшілер үшін бір алуан 
қызық жұмыс. 
Әдебиет институтының фондысына мол дүние, мол 
материал тапсырған ауыз әдебиетінің мұрагерлері — 
халық ақындары елде көп. Халық ақындарын біз бір 
жағынан ескі мұраны сақтаушылар әрі жинаушылар деп 
тануымыз әбден дұрыс. Әдебиетіміздің не тамаша үлгіле-
рі солардың қолында, қандай да жолмен болмасын қол-
да бар қазынаны жинап алып қалуымыз керек. 
Магнитофон ленталарына ақындар аузынан түсіріл-
ген материалдар мен жеке қолжазбалар ұшан-теңіз. Әр 
ақынның тапсырған өз туындылары қанша десеңізші? 
Осыларды реттеу, тәртіпке келтіру, картатека жасау, 
лентадан қайта қағазға түсіріп, іске асыру, ғылыми мақ-
сатқа пайдалану, сол сияқты халық ақындарының таң-
дамалы шығармасын жинап бастыру, жас ақын талант-
тарды тәрбиелеп, келешегіне дұрыс бағыт, жөн сілтеп 
отыру, оларға нақтылы басшылық ету жұмысы Әдебиет 
және өнер институты коллективінің міндеті. Халық 
творчествосының кейбір түрлерін (ән, күй-текстерін) 
жинауда әдебиет қызметкерлерінің музыка, өнер маман-
дарымен бірлесе отырып, жұмыс істеу міндеттері туып 
отыр. Бұл салада өнер, музыка бөлімдерінің ғылыми 
қызметкерлері де алдағы уақытта творчестволық еңбек-
тің тамаша үлгілерін көрсете білулері керек. 
Халық ақындарымен әңгімелескенде алған әсеріміз, 
тыңдай отырып түйген ой-пікірлеріміз қысқаша айтқан-
да міне осылар. 

Б. АДАМБАЕВ 
АҚЫНДЫҚ АЙТЫС —АРДАҚТЫ ДӘСТҮР 
Ақындық айтыс — қазақ әдебиетінің арнаулы бір са-
ласы. Ертеректен бері ел өмірінде болған той-думан, ас-
жиындар ақындар айтысынсыз өтпеген. Ежелден келе 
жатқан ақындар айтысының дәстүрі бойынша қарт пен 
жас, еркек пен әйел тартынбай айтыса беретін. Оған 
қарт ақын Жанаққа жас талап Сабырбайдың, атасындай 
Сүйімбайға қарсы Күнбала қыздың айтыстары дәлел 
бола алады. 
Аттың шабысы, жігіттіқ шалысы ғана шешетін сын-
дардай емес, айтыс адамнан ақындық дарынмен бірге, 
мол білімділікті, тапқырлықты, төзімділікті т. б. қасиет-
терді керек ететін ауыр тартыс. Сондықтан айтысқа тү-
сем деген ақын ұзақ жылдар атақты ақындарға ілесіп 
ел аралайды, әр түрлі айтыстарды, әңгімелерді тыңдап 
үйренеді. Ұстазының бақылауымен ұсақ айтыстарға түсіп 
ысылады. 
Менің пірім Сүйімбай, 
Сөз сөйлемең сыйынбай. 
Сырлы, сұлу сөздері 
Маған тартқан сыйындай, — 
деп Жамбыл айтқандай, ондай ұстаздарын атақты 
ақындардың қайсысы болса да ұмытпай ұзақ уақыт ай-
та жүрген. 
Айтыс өнер жарысы ғана емес, намыс тартысы болып 
та табылады. Өйткені айтысушы ақындар әрқайсысы өз 
жағының жетістіктерін мақтап, мадақтайды да, қарсы 
жақтың кемістіктерін әжуалап әшкерелейді. Айтыс үстін-
де ақындар ешкімнің беті-жүзіне, атақ-дәрежесіне қара-
майды. Шөже ақын айтыс үстінде ұлық болып, халықты 
қанап отырған Құнанбайды «қаздың төсін шоқыған» 
«соқыр қарға» десе, Сүйімбай ақын Тезек төрені «Елден 
жылқы қоймаған кезеп төре» деп әшкерелейді. 
Ақындар айтыстың барысында өз жағын мақтап, қар-
сы жақтың мінін аша отырып, сайып келгенде, екі жақ-
тың да жақсы-жаманын, табысы мен кемісін алқа 
топтың алдында жайып салады. Шыншыл ақындар 
халықтың райына қарай парақор — болыс-билерді, бай-
молдаларды, хан-төрелерді де түйрей кететін. Сондық-
тан да «әзілің жарасса атақмен ойна» деп әзіл-әжуа, 
187 

сын-сықлқіы жақсы квретіи еңбекші халық ақындар 
айтысын ұйып тыңдап, ұқыптап жаттап алып жүретін-ді. 
XVIII—XIX ғасырлардағы ақындар айтысының үлкен 
бір кемшілігі болды. Ру басы байлар мен болыстар, 
қожа-молдалар бұл өнер тартысын өз мүддесі үшін пай-
далануға тырысты. Олар айтысты бұқараны бұтарлап 
билеп-төстеу үшін ел арасында ру жігін қоздыруға, ха-
лықты қараңғылықта ұстап қанау үшін ислам діні мен 
жалған нанымдарды уағыздауға пайдаланғысы келді. 
Алайда шыншыл ақындардың айтысы рулық шеңберден, 
діни ұғымнан асып бүкіл халықтық, әлеуметтік мәселе-
лерді сөз қылады. Байлар мен молдаларды әшкерелейтін 
Жамбылдың Құлмамбетпен, Досмағамбетпен айтыстары 
және әйелді малға сатқан феодализмнің салтын айып-
тайтын Біржан-Сара айтыстарындағы шындықтың сыры 
осындай. Ақындар айтысының әлеуметтік зор маңызы 
да осында. Бірақ ақындар айтысының маңызы мұны-
мен шектелмейді. Айтыстың білім берерлік мәні де үлкен. 
Байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінде туып-өскен 
ақындар бүкіл елді аралай жүріп айтысып өз өлкесінің, 
туып-өскен жерінің байлығын, ерекшеліктерін, салт-сана-
сын, білім жаңалықтарын бүкіл елге тарата-таныстыра 
жүрген. Мұны біз бұрынғы Жетісу өлкесіндегі «Тау 
өлең», «Су өлең», «Жер өлең» деп аталатын айтыстар-
дан және жұмбақ айтыстардан көреміз. 
Жері кең, халқы сирек қырық рудан құралған елдің 
тілі-тілегі бір, салт-санасы, шаруашылық кәсібі өзара 
тығыз байланысты тұтас бір халық болып бірігуіне ақын-
дар айтысының белгілі дәрежеде себі де тиген сияқты. 
Сөйтіп, сонау көне замандарда қора шетінде — қой 
күзетінде, шырақ жанында — шілдеханаларда сыңсып 
айтылатын ұйқы ашар қара өлең, қайым өлеңдерден 
басталатын айтыстар XVIII—XIX ғасырларда жер-су, 
елдік-ерлік, ерік-теңдік, білім-сенім секілді келелі мәсе-
лелерді кеңес қыла алатын дәрежеге жетті. Мұның өзі 
талапты, дарынды жастардың ел аралап, өнер іздеп бі-
лімге талпынуына табиғи себеп болды. Соның арқасында 
кең тынысты суырып салма айтыс өнері қалыптасып 
Орынбай, Шөже, Ақсұлу, Кеншінбай, Әсет, Ырысжан, 
Біржан, Сара, Нұржан, Сапарғали және Сүйімбай сияқ-
ты ондаған профессионал айтыс ақындары шықты. 
Ұлы Октябрь социалистік революциясынан бері өнер 
жарысы мен өзара сынның өткір түрі болып табылатын 
188 

ақындар айтысы жаңара, жандана түсті. Атақты айтыс 
ақындарыныц қатары Жамбыл бастаған Нұрпейіс, Ша-
шубай, Орынбай, Жақсыбай, Қалқа, Үмбетәлі, Иса, Дос-
кей, Нартай, Майасар, Болман т. б. халық ақындарымен 
толыса түсті. 
Советтік ақындар айтысы еңбекшілерді коммунистік 
рухта тәрбиелеудің, жұмыстағы кемшіліктерімізді сынау-
дың, жетістіктерімізді жұртшылыққа үлгі ғып ұсынудың 
күшті құралына айналды. Ұлы Октябрь революциясының 
алғашқы жылдарынан бастап-ақ халық бұқарасына 
совет үкіметінің саясатын нәсихаттау, тап жауларын 
әшкерелеу, колхозшыларды озат еңбекке жұмылдыру 
ісіне 1922 жылғы Иса мен Нұрлыбектің айтысы, 1934 
жылғы Өмірзақ ақын айтқан «Бай мен кедей айтысы», 
1939 жылғы Алматыда өткізілген Нартай мен Нұрлыбек 
айтыстарының белгілі мәні болды. Бұлар бүкіл респуб-
ликаға белгілі айтыстар. Ал қағазға түспеген, халыққа 
жарияланбаған айтыстар қанша десеңізші! Республика-
мыздың колхоз, совхоздарында, ауыл-аудандарында өте-
тін әрбір той-мерекелерде күні бүгінге дейін ақындар 
айтысы жиі болып тұрады. Қызылорда, Гурьев, Ақтөбе, 
Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды об-
лыстарындағы колхоз, совхоздарда, аудан орталықта-
рында жастардың, қыз-келіншектердің ойын-сауық, той-
мереке үстінде өзара айтысып, өлеңмен қағысу әдеті 
кең тараған және қызғылықты да өтеді. Мұндай өнерлі 
айтыстың бұл сияқты халықтық түрін үнемі қолдап, 
көтермелеп отырған жөн. Үлкен айтықса түсетін Бір-
жан-Сара, Әсет-Ырысжан сияқты саңлақтар, сайып кел-
генде, осы айтыс ортасынан суырылып шығатыны даусыз. 
Жаңа айтыстардың ескі айтыстардан айырмасы үл-
кен. Жаңа айтыстар совет адамдарын елімізде комму-
низм орнату жолындағы күреске үндеп рухтандырады, 
коммунистік моральді нәсихаттайды, еңбек ерлерін ма-
дақтап, жалқауларды сықақтайды. Бұрынғы айтыстарда 
кездесетін жеке бастың мінін қазып бет жыртысу, руға 
руды қарсы қою, дін мен соқыр сенімдерді дәріптеу 
сияқты жайлар жаңа айтысқа түбірімен жат. Оның ор-
нына қазіргі айтыстарда советтік патриотизм, адал ең-
бек, жақсы мінез-құлық нәсихатталады. Жаңа айтыстың 
жаршысы болған Жамбыл мен Нұрпейістің, Иса мен 
Нартайдың, Шашубай мен Орынбайдың т. б. салған та-
маша дәстүрлері бойынша, ақындар өз өлкесінің өндіріс-
189 

терін, табыстарыи, еңбек озаттарын жырлайды. Айтысу 
шы жақтардың жұмыстағы, тұрмыстағы кемшіліктерін 
айтқанда орынды мақтаныш сезімін оятып, кемшілігі-
мізді айтқанда жұрт алдында ұялтып, жаңа табыстарға 
жетуімізге жігерлендіреді, кемшіліктерімізді түзетуге 
көмектеседі. 
Ақындар айтысының ерекше етек алған кезі Ұлы 
Отан соғысы жылдары болды. Ақындар өзара айтыста-
рында өздері тұрған өндірістегі, ауыл шаруашылығын-
дағы ерлік еңбекті, елдік бірлікті, майдандағы жауынгер-
лердің жан қиярлық батырлықтарын мадақтап, партия-
мыздың «Барлығы майдан үшін», «Барлығы жеңіс үшін» 
деген ұрандарын халық арасында кең таратушы, нәси-
хаттаушы болды. Олар Отанымыздың байлығын, май-
данға жөнелтіп жатқан көмегін жырлады. Мысалы, 
Шашубай Қошқарбаев: 
Дүниеде завод болса нелер алып, 
Келемін баса-көктеп артқа салып. 
Ертектей елден-елге аңыз болып, 
Шығады Балхаш атым жерді жарып. 
Өзендей арнасында қызыл мысы 
Өзінде күндіз-түні жатыр ағып, — 
деп неміс фашистерін талқандауда Балхаш мыс комби-
натының атқарған артықша ролін дәріптейді. Ал оған 
жауап бере келіп Көшен Елеуов ақын: 
Балқытқан мың тонналап болат, темір, 
Орасан заводтардың наны — көмір, 
Майданға қару-жарақ, азық-түлік 
Таситын темір жолдың қаны — көмір. 
Мұз бұзып, толқын тиген теңіздерде 
Керемет кемелердің жаны — көмір, — 
деп, көмірлі Қарағандының жеңіс үшін қосқан үлесін 
айтып мақтан етеді. Бірақ ақындар өз айтыстарында 
қолда барын мақтап қана қоймайды, сонымен бірге бі-
рінің-бірі жұмыстағы олқылықтарын әділ сын, өткір тіл-
мен әжуалап мысқылдайды. Мысалы Гурьев мұнайшы-
ларының атынан айтысқан Сұраубай мен Құмар ақын 
өндірістегі кейбір техникалардың күтімсіздігін, еңбекте-
гі жалқаулықтарды және өз жұмыстарына жауапсыз 
карайтын цех бастықтарын батыл сынайды. 
Шаршы топтың алдында сыбырлап, сыңқылдамай 
домбыраның қоңыр сазына қосылып, ақындық мәнермен 
190 

айтылған әрі әділ, әрі өткір сын да, мақтау да тыңдау-
шыларға үлкен әсер етеді, жадында ұзақ сақталады. 
Алайда айтыстың мақсаты жалаң табысты дәріптеп, кем-
шіліктерді қазбалай беруде емес; ол туралы жиналыстар-
да жиі-жиі айтылып, газет-журналдарда жазылып та 
жатады. Айтыстың артықшылығы, оның көркемдігінде, 
тартымдылығында. «Жақсы әзіл — жан азығы» деген-
дей тілі жатық, ұйқасы жіті, дәлелі мықты шебер ақын-
дардың өлеңдері кезінде тыңдаушыларды да, кейіннен 
оқушыларды да аса сүйсіндіреді, ұзақ уақыт ұмытыл-
майды. Мысалы, сол соғыс жылдарындағы ауданаралық 
бір айтыста ақын Нияз Қожанов өзінің туған жері мен 
мал байлығы туралы былай дейді: 
Сыйады мен мақтасам жарасымға, 
Мал сыймай Ұлытаудың шарасына. 
Отарлап отыз мың кой айдап салдым, 
Торғай мен Тобыл, Есіл жағасына. 
Бұдан айтысушы ақын Болман Қожабаев та кем 
түспейді: 
Ту тіккен Аманкелді Қызыл байрақ, 
Жусатқан елдің жауын салып ойнақ. 
Қопалы тоқсан көлдің төсіне еніп, 
Қаптаған колхоз малы жатыр жайлап. 
Батырдың атындағы колхозыма, 
Жыл сайын қосылады бір мың бойдақ. 
Күндік төл жүз түйеге жүк болады, 
Көктемде үш мың саулық бірдей қоздап. 
Мұндай айтыстардан Отанымыздың шығыстағы мал 
базасы болып табылатын байтақ республикамыздың 
мыңғырған дәулетін, әсем тауларын, сылдыраған өзен-
суларын жаныңмен сезініп, көзіңмен көргендей боласың. 
Туып-өскен жерің үшін, оның еңбек сүйгіш қарапайым 
халқы үшін кеудеңді заңды қуаныш пен мақтаныш сезі-
мі кернейді. 
Байлық — барлық жақсы, ал оның пайдаға асыры-
луы қалай? Майданға көмегі қалай? — деген сұраққа 
Аманкелді ауданынан Нұрқан Ахметбеков былай деп 
жауап береді: 
Аңсарған әр сөзімнен абайлаттым, 
Талайды тамсандырып қарайлаттым. 
Төрт түлік малдың семіз маңдайынан, 
Майданға он сегіз мың мал айдаттым. 
191 

Советтік Отанымыздың тәуелсіздігі үшін, жексұрын 
неміс-фашист басқыншыларын тезірек жеңіп, жерлеу 
үшін алдындағы малын, аузындағы нанын аямаған 
Қазақстан еңбекшілерінің елдегі ерлік еңбегін көрсету-
де жср-жерде ұйымдастырылған мұндай айтыстардың 
алатын орны ерекше. Бірақ, Ұлы Отан соғысы кезінде 
Советтік Қазақстан майданды қару-жарақпен, азық-
түлікпен, киім-кешекпен жабдықтап қана қойған жоқ, 
сонымен бірге оның ұлдары мен қыздары орыстың, ук-
раинаның, өзбектің, грузияның, тағы басқа туысқан ха-
лықтардың ержүрек ұл, қыздарымен бірге фашистік бас-
қыншыларға қарсы соғысқа қатысты, оқ астында еңбек-
теп, от ішінде жүгіре жүріи Берлинге дейін ту тігісіп 
қайтты. Ақындар айтысында бұл ерлік мотив ерекше 
аталады. 
Меңдіқара ауданының ақыны Майташ Смағұлова бір 
айтыста батыр жерлесін былай деп мақтаныш етеді: 
Ағам көп атақ алған бұл күресте, 
Шошынды одан жаулар ерлік істе. 
Емес пе ердің ері Досымғали, 
Берлинді бомбылаған шаңқай түсте. 
Елдегі ақын аға-інілері мен апа-қарындастары өз 
есімін мақтаныш етіп жүргенін естігенде, майдандағы 
ерлердің жүрегіне қаншалықты ерлік қуат құйылғанын 
айтып жеткізу қиын. 
Бұрын-соңғы айтылған және жазып алынған мұндай 
айтыстар көп. Қазақ ССР Ғылым академиясының Әде-
биет және өнер институты таяу жылдарда мұндай ай-
тыстардың жинағын бірнеше кітап етіп жарияла-
мақшы. 
Ақындардың айтысы соғыстан кейінгі дәуірде де то-
ластаған жоқ, жаңа мән алып, көркемделіп дами түсті. 
Соғыстан кейін, қайтыс болған бұрынғы айтыс жүйрік-
терінің орнына, жарқын жырымен жаңа таланттар келе 
бастады. 
Қазір Қазақстанның көп жерлерінде ақындар айтысы 
қызу жүріп жатыр. Гурьев облысының Мақат пен Жы-
лой, Новобогат пен Теңіз аудандары ақындарының ай-
тыстары; Солтүстік Қазақстанның Преснов пен Октябрь 
аудандары ақындары; Жамбыл облысының Сарысу, 
Талас аудандары ақындарының айтыстары көп нәрсені 
көрсетеді. Бұл айтыстар жоғарыда біз тоқталып өткен 
192 

жаңа айтыстардың дәстүрін дамыта түсті. Мәселен, 
Сырдария ауданындағы Куаныш пен Айтбай ақынның 
өзара айтысында екі колхоздың табысы мен кемшілігі не-
гізгі ортақ тақырып болады. Егер Қуаныш бұрын да ай-
тысқа сан рет түсіп төселген жүйрік ақын болса, Айтбай 
аты кейін шыққан, жас талантты ақын. Айтысқа жастар 
белсене араласа бастады. Бұрынғы айтыстардың өзінде 
де жігіт пен қыздар, жастар ойын-сауық үстінде айтыс-
ты бұрын бастап қызық мерекеге, өнер жарысына айнал-
дырып әкететіні белгілі. Бұлай болуы табиғи заңды да. 
Жастар қашан да ойын-сауыққа үйір болады, домбыра 
тарту, ойын-сауық үстінде бірі мен бірі әзілдесіп өлең 
айту, өлеңмен қағысып, қалжыңдасу, өнер сынасу жас-
тардың ежелгі бір әдеті екендігі мәлім. Жамбылдың 
жас кезіндегі айтыстары да осындай жағдайда туған 
жоқ па! 
Сарысу ауданындағы жас ақын Дулат Шалқарбаев 
пен Талас ауданының жас талапкері Мыңбай Қыстау-
баевтың айтыстары да өте қызықты шыққан. Екеуі де 
аудандағы мал шаруашылығы жөніндегі табыстарын 
жырлап, ортақ кемшіліктерді сынайды. Екеуінің сөзінде 
де тапқырлық пен шешендіктің ұшқыны байқалады. 
Семей облысы, Жарма ауданындағы талантты жас 
ақын Қалихан Алтынбаев та карт ақын Тәңірбергенмен 
айтысканда өзінің ақындық талантын танытты. Мұндай 
жас таланттар домбырамен шырқап, шеберлікпен өлең 
айтушы, айтыстың күшті сайысына тілеп түсушілер — 
барлық аудандардан, облыстардан табылады. 
Алдағы айтыстарда ақындардың білім салыстыруы 
да, бір тақырыпты қатар жырлап өнер жарыстыруы да, 
жүмбақпен айтысуы да лайықты орын алуға тиіс. 
Жақсыбай (Жамбыл облысынан), Үмбетәлі (Алма-
ты), Нұрлыбек (Павлодар), Қалқа (Алматы), Ғабды-
ман (Қарағанды), Рақым (Қызылорда), Нұрқан (Қоста-
най) және Сәттіғұл (Гурьев) сияқты атақты ақындар-
дың айналасында ауыл-аудандардағы той-мереке, ойын-
сауық, шілдехана, қыз ойнақ жүлдесін алып жүрген 
жүздеген жас ақындар, тойбастар өнерпаздар бар. 
Олар білімді, мәдениетті жастар; олардың бірсыпырасы 
жергілікті клубтарда, кітапханаларда, мәдениет үйлерін-
де және мектептерде істесе, қайсы бірі колхоз, совхоздар-
да, өндірісте істейді. Міне қайнары кемімейтін халық-
13-153  1 9 3 

тың осы талантты, өнерлі жастарын дер кезінде анық-
тап, жер-жерде өтетін айтыстарға белсене қатыстырып 
отыру жергілікті жастар ұйымдары мен мәдениет орын-
дарының басты міндеті. Қазақ халқының қашаннан келе 
жатқан айтыс өнері бүдан былай да әр ауданда, әр об-
лыста жыл сайын өткізіліп тұратын әдеби дәстүрге айна-
луға тиіс. 
3. КЕРЕЕВА 

1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал