Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



жүктеу 0.78 Mb.

бет6/12
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

------------

Академик жазушы 
Ғ. МҮСІРЕПОВ 
ҚОРЫТЫНДЫ СӨЗ 
Қадірлі халық ақындары! Біз үшін,—Академия 
үшін, Жазушылар одағы үшін сіздерден артық қүрметті 
қонағымыз жоқ. Құрметтейтін де, сыйлайтын да қонағы-
мыз сіздер. Мұнда бір себеп бар: біз халқымыздың 
жақсы бір дәстүрін — ақындардың айтысын 1943 жылы, 
соғыс уақытында бастағанымызда, соны көп уақыт бойы 
созамыз, талай белес асырып тастаймыз дегенді міндет 
еткен едік. Бірақ оны істей алғанымыз жоқ. Оған алуан-
алуан шаруашылық жағдайлары, әр түрлі басқа да се-
бептер болды. Мұның үстіне айтыстың өзінің болашағы 
бар ма? деген күдік те бой көрсетіп қалып жүрді. Бұл 
жиналыс сол күдікті таратып, халық ақындарының әлі 
де үлкен күш екенін, халық ақындары әлі де үлкен мек-
теп екенін біраз жұртшылыққа танытқандай болды. Әлі 
де айтыса келе, осы дәстүрді соза келе, үлкейе келе ақын-
дар өз ішінен әр түрлі салаға бөлінетін болар. Біраз 
жыл өткеннен кейін қайта басталып отырған дәстүр ал-
дағы уақытта да өмір сүреді деп сенеміз. 
Кешеден бері сөйлеген жолдастар Жазушылар ода-
ғының ойы, Академияның ойы, жалпы мәдениет майда-
нының тілектерін сіздерге жеткізіп, айтып жатты. Сон-
дықтан мен қысқаша ғана ендігі, алдағы істер жайында, 
бүгінгі бардан туатын, алдағы тілектен туатын бір-екі 
ауыз сөз айтамын. 
Бұдан былай ақындардың кең мағынасындағы, тең 
мағынасындағы республикалық айтысын өткізуіміз ке-
рек. Бүгін Орталық Комитеттің басшыларымен бұл 
жайында азырақ пікір алыстық. Олар сол айтысқа жақ-
сы әзірленіндер деді. Орталық Қомитеттің басшылары 
барлық аудандардағы, колхоздардағы, облыстардағы 
ақындарды жинап алып үлкен бір құрылтай съезд дәре-
жесіне көтерілетіндей мәжілісті өткізуді мақұл деп тап-
ты. Мұндай істелетін үлкен іске, зор мәжіліске әзірлену 
үшін алда тұрған бірқатар шаралар бар сияқты. Ол 
колхоз бен колхоз, аудан мен аудан, облыс пен облыс ара-
сында өткізіліп жатқан айтыстардың қай түрін болса да 
тоқтатпай, қайта оны кеңейтіп, көбейтіп өткізіп, сол об-
лыс пен ауданнан сүрыпталған саңлақтарды үлкен өнер 
жарысына, сөз сайысына түсіру болсын. 
125 

Осы мәслихатқа отыздан артық ақын жиналды. Бұ-
лардың дәл осы шақтағы шама-шарқына қарағанда 
бәрі бірдей төгілген ақын емес. Оның үстіне кейбірінін 
жасы келгендіктен айтысқа түсе алмайтын, бұрын жақсы 
ақын болғанымен қазір біртіндеп қатардан қалып бара 
жатқандығы байқалды. Айтысты жоғары дәрежеде өткі-
зу үшін ұлы жиында, колхоздық, аудандық, облыстық ай-
тыстарға қатысып жүлде алған маңдайалды адамдарын 
кәдімгі бәйгеге жаратып әкелгендей іріктеген жөн. 
Бүгінгі айтысты нақ мағынасындағы айтыс деуге де 
болмас. Үш күнге созылған мәжілістен не көрдік? Мұн-
да бір түйін бар сияқты. Қай ақын халықтың күнбе-
күнгі өмірімен тығыз байланысып жүрсе, елдің өскенді-
гін нақты көргенін ішіне түйіп, соны жүрегімен бағалап, 
ән-жырына қосып жүрсе, сол ақынның артта қалмаға-
нын, сол ақынның бүгін қай жарысқа салсаң да ұятқа 
ұрыңдырмайтынын көрдік. Жас демей, кәрі демей, атын 
атап жатпайық. Ақындардың ішіңде өмірден алыстаған 
сайың ақындықтан айрыла бастағаны да көрінген сияқ-
ты. Ақын өзінің тұрған жерінде, туған елінде мүмкіндігі 
болғанша елін аралап, жерімен танысып, халқының өмі-
ріне неғұрлым жақын келсе, соғұрлым өзінің ақындық 
дарынына, болашағына көп-көп азық-қор алады. 
Е. Ысмайылов, М. Қаратаев, Ә. Тәжібаев кешелі-бері 
көп жақсы ойларды айтты. Баяндама ретінде айтылған-
дықтан ол сөздердің біразы есте қалып, біразы есте қал-
майтын да болар. Дегенмен еске түсірсеңіздер көп нәр-
селер қозғалды. Онда айтылған нәрсе: біздің ақындар-
дың шығармаларындағы, репертуарындағы айтқыштық 
өнер салалары. Әртүрлі бағытта, әртүрлі саладағы ақын-
дар көрінгені сияқты айтыстың өзін де әртүрлі салада, 
әртүрлі бағытта өткізуге болатын тәрізді. Мысалы, Ке-
нен мен Халиманың айтысына мән берсек, одан соң 
Қалқа мен Есдәулеттің айтысына мән берсек, бұлардың 
айтысы бұрынғы қайым айтысы сияқты. Мұнда ананы 
айт, мынаны айт деп күн бұрын міндет берудің қажеті 
жоқ, бірімен бірі қалжыңдаса отырып, айтыса отырып, 
қоғамдық, жұртшылық өміріне, әлеумет мәселелеріне 
әдемі жалғастырып кететін ақын адамдар, өздері өнер 
жүйріктері. Бұлар өздерінің өнегелі дәстүрін, ұрыссыз, 
жанжалсыз, әдеппен, көркем түрмен айтысудың бір түрін 
бізге көрсетті. Біраз ақындар өздерін осы бағытқа 
қарай бейімдер дейміз. Оларға қашаннан бергі үйренген, 
126 

жүрегіне үялаған айтыс түрінен, басқа түрге көш деуге 
болмас. 
Есдәулет пен Халима екеуі де маған өкпелі кісілер. 
Мен бұл кісілердің қай сарында, қай жақтан ақындық-
тарының күшті екенін сезе бермейтін едім. Бүгін бұл кі-
сілер өздерінің өте дарынды адам екендіктерін көрсетті. 
Қайымдасу саласында өнеге алуға болатын айтысқыш 
ақындар екен. Қалқа мен Халиманың айтыстарын, Қенен-
нің айтыстарын кісі тындай беретін, уақыт өтсе де ес-
кірмейтін айтыстар. 
Соған қарамастан жазып алып айтысқандарға да 
тежеу салмаймыз. Бір облыстың адамдары екінші об-
лыстың адамдарының кемшіліктерін қамтып, қағазға 
түсіріп алып айтса, оның терістік жері жоқ. Төселе келе 
жазып алып айтысатын ақындар жатқа айтуға да шығып 
кетер. Колхоз ішінде, ел арасында, аудандарда, облыс-
тарда жазба айтыстың өзінің үлкен орны бар, оны көріп 
жүрміз. Бірақ соған мен бір сын айтар едім. Жазып, 
оқып айтатын ақындар өзі жазып алса, басқа біреу жа-
зып бермесе, өз жазғанын жаттап алса, жазғанын сүйе-
мел етіп, оқып отырса оны ешкім сөкпес еді. Болмаса 
Асқар біреуге жазып берсе, Бекхожин біреуге жазып 
берсе, онда сөзі жақсы болғанымен оқып айтуға қиын 
болар және бөтеннің сөзі екені көрініп тұрады. 
Кешегі Қанабектің көрсеткен жағдайы — Жамбыл-
дың беташарын айтуы өте жақсы, орынды болды. Мүм-
кін Қанабек өзі де шығарып айтатын болар; Абай, 
Сүйінбай, Жамбыл, не бүгінгі тірі ақындарымыз: Әбділ-
дэ, Ғали сияқтылардың өлеңдерін халық арасында ай-
тып жүруінің өзі бір жанр ғой. 
Қиссашы жырау десек, біздің бұл заманымызда со-
вет ақындарының айтқанын жұртшылыққа жаттап алып 
айтатын болса, оларды неге жырау демеске! Алдағы 
сайлауға шақыратын, жаңа өмірге шақыратын бүгінгі 
ақындардың толып жатқан поэмалары бар. Осы жағын 
жырлауды да ал дер едім. Қанабектің әрі даусы бар, 
жұртшылықты желпіндіріп тастайтындай шамасы бар 
екен. 
Ауылдағы ақындар тек өзінің айтатынын айтып қой-
май, бүгінгі озық ақындардың шығармаларынан, жақ-
сы-жақсы өткен ақындардың шығармаларынан, Жам-
былдан, Абайдан жатқа айтатын болса, мұның да бола-
127 

шағы жоқ емес қой деймін. Әсіресе әні бар, даусы бар 
жігіттер осыны іске асырса, мұның өзі бір жанр. 
Қалихан мен Әбікен екеуі де сіздердің баршақызға 
ұнады ғой деймін. 
Ж а у а п: ұнады. 
Бұлардың бір жақсы жері жаспыз деп, айтыстың дәс-
түрін бұзып кетпей салтпен, әдеппен келіп отыр. Бірін-
бірі таптап тастағысы келмей, жұрт тындайтын әңгіме 
етіп жайдары жүргізіп отыр. Қалқа мен Есдәулет айты-
сы да солай. Әбікеннің жазғанына сүйеніп отырғанын 
байқадық. Оның жазып алғанының өз сөзі екені де бай-
қалды. Біреудің жазып бергенін айтса ол ақындықты 
өсірмейді. Бұл айтысқа көп түсіп жүрген жігіт емес. Мұ-
ның да болашағы барын, еркін айтысуға жарарлығын 
аңғардық. Сонымен жас ақындар бір жолға бел байлап, 
бір нәрсені байлам етіп кететін болсын. 
Ақындардың жиналысы, ақындардың айтысы арқы-
лы анда-санда бас қосып тұру деген халқымыздың дәстү-
ріне кіруге тиісті. Мұның өзін барлығы бір салада емес, 
бірнеше жікке түсіруге болады екен. Облыс пен облыс, 
аудан мен аудан арасындағы ақындарды әр салада же-
ке айтыстыру керек. 
Сіздердің алдарыңызға сала алмай қалған айтыста-
рымыздың бір түрі бар. Ол бір тақырыпқа барлық ақын-
дарды айтыстыру, суырып салып өлең айту. Мысалы, 
Қазақстанның 40 жылдығы дегеңді тақырып етіп, бол-
маса Қазақстанның ғылым ордасы дегенді тақырып етіп, 
барлық ақын бір салада жырласа, немесе жаз, айлы түн 
деген тақырыптарды ортаға салып, барлық ақынның 
күшін, шама-шарқын байқап көрсек деп едік, бұл бол-
мады. Келесі айтыста осылар ескерілер. Тақырып деген-
де жалпы мағынада айтып тұрмын. Ақындардың жаны-
на жақын келетін отар, жылқы, көмір, Қарағанды деген 
сияқты басқа да жеке тақырыптарға тоқталармыз. Бі-
рақ келесі айтыста осы сияқты айтыстың жаңа түрі қо-
сылады. Бұрын хаса сұлу, хас батырды, жүйрік атты, 
қыран құсты жырлайтын еді ғой. Сонда ақындардың 
жыры бірінен бірі асып түсіп жататын. Сол сияқты біз 
де айтыс жарысын ашамыз. 
Ақындардың еңбектерін баспадан шығаруды іске 
асыру жағына тоқталсақ, 1943 жылдан бері талай ай-
тыс өтті, сол айтыстардағы өлендердің түгел болмағаны-
мен біразы басылды. Дегенмен ақындардың бізге қоя-
128 

тын талабы, айтар міні көптеу, Есмағамбет айтқандай 
Академияда жатқан 15 мың баспа табақ материалдың 
біз бәрін бірдей бастыра алмаймыз. Ол материалдар тек 
ғалымдардың зерттеуіне, ғылымның тарихына жарайтын 
материал болса да, ішінде басуға жарамайтыны баршы-
лық екендігі айқын. Ол 15 мың баспа табақтан кәдеге 
асатын он, он бес жолын жарыққа шығарып, кәдеге 
жаратсақ, ақындардың жұртшылыққа танылуы үшін кең 
жол ашқанымыз деп қарауымыз керек. 
М. Базарбаев кеше халық ақындарының екі том — 
жүз баспатабақ жинағы баспа орнына бір барып, бір 
қайтып, екі-үш жылдан бері жарық көрмей жүр деді. 
Ол кітапты Академия әзірлесе, оған Жазушылар одағы 
көмектесіп, алдағы жылы баспадан мұны шығаруымыз 
керек. 
Халық ақындары, сіздердің азды-көпті айтқан өлең-
деріңіз осы мына екі қара сандыққа жазылып қалды. 
Түсіп қалған бір сөз де жоқ. Академия қызметкерлері 
соның ішінен тәуір дегендерін саралап алып, баспаға 
береді. 
Жазушылар одағы сияқты баспа орнында да толып 
жатқан салақтықтың барын мойындау керек. 1953 жылы 
басылған еңбектің қалам ақыеы 1957 жылы қазынаның 
қалтасына кайта түсіп кетуі — автордың өлі-тірісін біл-
меу салдарынан туған қателік. Көшен, сен қара жаяу 
адам емессің. Облыстық газетте қызмет еткен адамсың. 
Көркем әдебиет баспасымен байланыс жасамауың өзің-
нен болған кемістік. 
Бекболаттың жаңа «біз тек бетімізбен жүре береміз 
бе, бізге айтатын ақылдарың бар ма?» дегені дұрыс. Біз-
де «Жұлдыз» деген журнал, «Қазақ әдебиеті» деген га-
зет бар. Бөлек кітап шығару қиын болар, сондықтан осы 
екі баспа орны арқылы консультация ретінде «Халық 
ақындарына» деп арнап, ақыл-кеңес беріп тұруға уәде 
беремін. 
«Көш жүре түзеледі» деген. Біздің де ісіміз жүре 
түзеле жатар. Осымен қоса айта кететін нәрсе Жазушы-
лар одағында ақындардың жұмысын, өлең жағын қарап 
басқаратын белді екі ақынымыз отыр. Ол — Сырбай мен 
Ғали. Өздеріңізге ортадан екі адам таңдап ал десе, осы 
екеуін таңдап алған да болар едіңіздер. Сол екеуінен де 
салақтық болған болар. Біз дүйсенбі күні жиналмақпыз. 
Сонда сіздердің осында айтқандарыңыз жөнінде сөз бо-
9-153 
129 

лар. Ақындарға басшылық беру керектігін түсінген сияқ-
тымыз. Бұл да сонда әңгіме болар. 
Қазақ әдебиетінің ата коры — ақындық. Роман, 
пьеса деген, сын деген кейін туған, әдебиетіміздің басы 
ақындықтан келеді ғой. Сол ақындары — халық ақында-
ры. Олай болса, біздің Жазушылар одағының қатарында 
бірқатар халық ақындары бар еді. Соңғы бес-алты 
жылдар ішіңде көп ақындарымыздан айрылдық: Жам-
был, Нартай, Нұрпейіс, Төлеу, Қуат, Сапарғали, Қайып, 
Доскей сияқты белді адамдарымыз қайтыс болды. Бүгін 
сол ақындардың қатары сиреп калғаны аңғарылды. 
Қазір Иманжан, Үмбетәлі, Кенен, Қалқа, Халима, Ес-
дәулет, Нұрлыбек осылар бар. Бұл аз. Жазушылар 
ұйымына мүше алатын, сол жұмысты басқаратын ақын 
Жұбан Молдағалиев еді. Осы ақындар тобы ішінен кімді 
алуға лайықты, соны байқа, — деп тапсырғанбыз. Ол 
жігіт байқап, біразының есімін қағазға түсірген де болар, 
Меніңше, Академияның адамдары да, көпшілік Жазу-
шылар ұйымының мүшелері де осы жолдастардың шама-
шарқын бәрі де байқап отырған болуы керек. Сондықтан 
қазір кімге ат қойып, айдар таққанымызды айтпай-ақ 
қоя тұралық. Бірақ бірқатар ақындарды Жазушылар 
одағының қатарына аламыз. Соның ар жағында, алдағы 
болатын үлкен айтыста үлкен ақын деп танылатын ақын-
дарды түгел Жазушылар ұйымының қатарына алынады 
ғой деп сенемін. 
Биыл бірнеше акынға халық ақыны деген атақ беріл-
ді. Олар: Үмбетәлі, Қалқа, Сәттіғұл. Бұдан қалғандары-
ңыз алдағы кездесуде сол атаққа ілігуге тырысыңыздар, 
шама келгенше біз де ешкімді ұмыт қалдырмаспыз. 
Ғали мен Сырбай, мен болып айтып отырған сөзде-
ріңізге құлақ асамыз; ақынның ел көтерген құрметін көзі 
тірісінде көргені дұрыс болар. Сондықтан айтысқа қа-
тысқандарың бар, басқаларың бар, әйтеуір әр ақыннын 
өз еңбегінің жинағын шығаруға міндетті болармыз. 
Жазушылар ұйымының бірнеше бөлімшесі бар. 
Олар — Батыста, Шығыста, Оңтүстікте, Солтүстікте, 
осылардың ақындармен байланысы онша болмай жүр. 
Былтыр мен белді ақынымыз Қалмақанның өткізіп жат-
қан айтысында болдым. Таубай, есіңізде бар ма, Сырда-
рия ауданының Қаратау бөктерінде болған тойында бол-
дыңыз ғой? Сонда ақындар жазыл алып, оны оқығанда 
130 

бабын келтіре алмай, екіншіден тыддаушының тыңдауы-
на тап келтіре алмай, бей-берекеті кеткен. 
Ақындардың айтысына да, баспаға беретін өлеңге де 
әзірлік керек болады. Кемшілік демей, кеншілік ету де ке-
рек сияқты. Қолжазбаларыңды тапсырғанда бір арбасын 
бір-ақ тапсырасыздар. Кітап дегеннің де шама-шарқы 
болады. Кітап боп шыққанда кітаптың салмағы жарты 
кило да болмайды. Сондықтан бар шығармаларыңыздың 
ішінен бір мыңнан бес мың жолға дейіи өлеңдеріңізді 
таңдап, сығып беріңіздер. Оңда өмір суреті, адамдардың 
бейнесі, күнделікті істері көрініп жатса еңбек тезірек 
өтеді. Олай етпей, 40 жылдан бері жазып жүрмін деп, 
барлығын жіберсеңіздер қарап шығу да қиындық бола-
ды. Сол бес килограмнан таңдап-таңдап бес жүз грамын 
бізге жіберіңіздер. 
Сіздердің еңбектеріңізді қарайтын ақындар да қарап 
отыратын кісі емес, олар да жазады, қызмет істейді. Бір 
мың, я бес мың жол өлең таңдап алу үшін жиырма мың 
жол өлеңді қарап шығу обал болар. Бізге қолжазбалар 
құшақ-құшағымен келеді де, оны қарауға ешкімнің ба-
тылы бармайды. Бұл жағын ең алдымен өздеріңіз еске-
ріңіздер. 
Қолжазбаларды тікелей бізге жібермей, Жазушылар 
одағының бөлімшесі бар жерден қаратып алу орынды 
болар. Мысалы, Асқар сияқты ақын отырған жерде со-
ған көрсетіп, содан кейін пікірін алып жіберсеңіздер 
тіпті орынды. 
Талап қою керек, бірақ ол талап орынды болу керек. 
Осы талап ең алдымен өзді-өздеріңізге де қойылу ке-
рек. Кешеден бері қанша ақын сөйледі, олардың сөзінен 
кімдікі ұнады, кімдікі ұнамады? Өздеріңіз біліп отыр-
сыздар. Осында бес-алты акын аз күнге калады деп есті-
дім. Солар бізге де кіріп шығыңыздар. Біз солармен 
біраз өзара шүйіркелесіп, ақынмен ақынша пікірлесетін 
болайық. Міне, қысқаша осы, жолдастар. 

ХАЛЫҚ АҚЫНДАРЫНЫҢ 
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ҰСЫНЫСТАРЫ 
1961 жылдың 3—5 август күндері астанамыз Алматы 
қаласында Қазақ ССР Ғылым академиясының 
М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты мен 
Қазақстан Жазушылар одағының шақыруы бойынша 
халық ақындарының республикалық мәслихаты болып 
өтті. 
Мәслихат — ел өмірінің аса бір елеулі шағында, бү-
кіл совет халқы, жер жүзіндегі адал ойлы адам баласы 
заманымыздың асқан ұлы документі — ҚПСС Програм-
масының жобасына анық асыл көңілден зер салып 
отырған кезінде шақырылды. 
Мэслихатқа Республикамыздың әрбір облыстары-
нан шақырылған 50 ақын-жыршының отыз үші қатысты. 
Коммунистік партия әдебиет пен көркем өнердің 
өркендеуіне соның ішіңде халық поэзиясының өсуіне 
күнбе-күн қамқорлық жасап келеді. 
Партияның XXI съезінің шешімдері мен Н. С. Хру-
щевтің «Әдебиет пен көркем өнер халық өмірімен тығыз 
байланысты болсын» деген еңбектерін еске ала отырып, 
республикамыздың әдебиетші ғалымдары совет дәуірін-
дегі халық поэзиясының күрделі проблемаларын камти-
тын, бағалы еңбек дайындау керектігін атап көрсетті. 
Мәслихатқа келген ақындармен Институттың ғылыми 
қызметкерлері көп жұмыс өткерді. Соның ішіңде, әсіресе 
әр ақынның репертуары, таланты, шығарғыштық өнер-
мүмкіндіктері анықталды — дарынды ақындардың ең 
жақсы деген өлең жырлары магнитофонға жазылып 
алынды. 
Мәслихат мынандай ұсыныстар қабылдады: 
1. Мәслихат халықтың қалың ортасыңда жүріп, со-
лардың ой-арманын, ақыл-парасатын суырып салып айта 
132 

алатын ақпа ақындарға әдеби хатшы берілуін бірінші ке-
зекте істелетін іс деп біледі. 
2. Елу жыл бойына ел алдында ерінбей еңбек етіп ке-
ле жатқан бір топ ақындарға Қазақ ССР-ның халық 
ақыны деген құрметті атақ берілсін. 
3. Импровизаторлық өнерімен танылған талантты 
ақындардың біразы Қазақстан Жазушылар одағының 
мүшелігіне алынсын. 
4. Қазақстан Жазушылар одағының Президиумы мен 
Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов атын-
дағы Әдебиет және өнер институтының дирекциясы үш 
жылда бір ел ақындарының республикалық слетін өткі-
зіп тұратын болсын. Бірінші слет 1963 жылы Алматы 
қаласында өтсін, оған ауыз әдебиетінің бар өкілі шақы-
рылсын. 
5. Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы 
1962 жылдан бастап жыл сайын қазіргі халық ақында-
рының таңдамалы шығармалар жинағын бастырып тұ-
ратын болсын. Бұл жинақты Қазақ ССР Ғылым акаде-
миясының М. О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер 
институты мен Қазақстан Жазушылар одағы бірігіп 
дайындап беруі міндеттелсін. 
6. Қазақ ССР Ғылым академиясының М. О. Әуезов 
атындағы Әдебиет жэне өнер институты мен Қазақстан 
Жазушылар одағы облыстық аудандық ұйымдармен 
бірлесе отырып жыл сайын халық ақындарының айты-
сын өткізіп тұратын болсын және сол айтыстардың ең 
тәуірі жеке жинақ болып басылсын. 
7. Халық ақындарының екі томдық таңдамалы шы-
ғармалар жинағы (1-кітап — өлеңдері мен толғаулары, 
2-кітап — поэмалары мен айтыстары) дайындалып 
1962 жылы баспаға ұсынылсын. 
8. Осы мәслихаттың материалдары өз алдына жеке 
кітап болып басылсын. 
9. Алдағы уақытта совет дәуірінде туған ауыз әде-
133 

бйетінің жақсы үлгілерін жинау жұмысы үзбей жүргізі-
летін болсын. Ол үшін комплексті экспедиция шығару ісі 
кеңінен жүзеге асырылсын. 
10. Советтік халық поэзиясының негізгі проблемала-
рын, ауыз әдебиетінің жеке жанрларының туу, даму, қа-
лыптасу тарихын, оның көркемдік кестесін, басқа ха-
лықтардың ауыз әдебиетімен байланысын зерттеу ісі 
жедел қолға алынсын. 
11. Жергілікті жерлерде айтысқа түсіп жүрген жас 
таланттарға Қазақ ССР Ғылым академиясының 
М. О. Әуезов атындағы Әдебиет жэне өнер институты мен 
Қазақстан Жазушылар одағы тарапынан тиянақты қам-
қорлық жасалып отырылсын. 

ЗЕРТТЕУЛЕР 
МЕН МАҚАЛАЛАР 

М. ӘУЕЗОВ 
СОВЕТ АҚЫНДАРЫНЫҢ АЙТЫСЫ 
Жалпы адам баласының тарихында асқар асу болған 
Ұлы Октябрь революциясының қазақ халқы үшін берге-
ні ұшан-теңіз. 
Ұлы Октябрь революциясы ескіліктің темір құрсауы-
нан босатқан қазақ халқының мәдениеті коммунист 
партиясының қамқорлығының арқасында өркендеп 
өсті. 
Бақытты жаңа өмірді жырлауда, социалистік маз-
мұнды жаңа тарих табыстарын жырлауда халық ақын-
дарының орны, еңбектері аса мол да қадірлі болды. 
Қазақтың халық поэзиясының алыбы Жамбыл жаңа 
жұртшылық пен социалистік Отан мүддесін жырлауға 
ерекше зор еңбек етті. Революциядан бұрын талай ай-
тыста сан ақынның алдын ораған, топ жарған ақындар: 
Шашубай, Нұрпейіс, Доскейлер де Жамбылдан өрнек 
алып, өздерінің суырып салма ақындық өнер қуаттарын 
халық тілегіне бағыттады. 
Жамбыл өз өлеңін совет жұртшылығына ұсынғанда: 
Дегенде ұлы совет жыр ұсындым, 
Жыр емес, жарқыраған нұр ұсындым... 
Жырыңды — досың болса күлдіріп айт. 
Жау болса, жау тигендей бүлдіріп айт. 
Жыр деген біреуге оқ, біреуге бал, 
Дәл тиген ақ берендей жұлдырып айт, — 
Дейді. 
Жамбыл сөзін досты күлдіріп, дұшпанды мұқатуға 
құдіреті кәміл жетіп шырқады. 
137 

Кәрілік пен жоқшылық қатарымен аяғынан алып 
мамырлаған Шашубай, ел бақытының күні туған жаңа 
заманда қайта түлеп, құлпырып кетеді: 
Сексенде сері атандым сенбей жағым, 
Мерейім үстем болды, артып бағым. 
Ескі дос: өлең, гармонь қайта оралып, 
Денемді кетті билеп тасқын ағып, — 
дейді Доскейге арнаған өлеңінде. 
Анық халық тілегімен өздерінің тілек, армандарын 
бір қосқан ақындар қоғам құрылысының өжет қайраткер-
лері болады. Бұрынғы өздеріне мәлім өлең түрлерін 
енді жаңа мазмұнмен байытып революциялық мазмұн-
да, соңиалистік жаңа жырлар туғызады. Ескі халықтық 
түр, енді тың мазмұнды советтік өрнек, дәстүр жасауға 
жұмсалады. 
Осы жолмен айтыстың да үлгісі, мазмұны, бағыты 
түбірімен өзгереді. Рас, кәзіргі айтыстарда да бұрынғы 
айтыстар дәстүріне ұқсас бірнеше белгілер бар. Мыса-
лы, мұнда да бұрынғы қалыппен екі ақын домбыраға 
қосылып, суырып салма өлеңмен майдандасады. Ақын-
дық күштерін топ алдында сынға салады. Ауыз әдеби-
етке, әсіресе, бұрынғы айтысқа тән әдет, жол бойынша, 
барлық жарыс, тартыс, бәсекелерін тек алма-кезектеп, 
қолма-қол тудырған өлеңмен айшықтап жеткізеді. Ай-
тыс осы күндерде совет жұртшылығының колхоздағы ел 
сауығының ең асыл түрі. Айтыстың үсті қызық думан, 
өнерлі өлең думаны. Ақындар айтысына қалың жұртшы-
лық, қала мен колхоз да түгелімен зор құрметпен бейіл 
береді. Оған да өнерленген ел бағалайтын театрдай қа-
райды. Қызыға жиналып, құмарта тыңдайды. 
Бұл жайлардың барлығы айтыс жанрының, қай за-
манда болсын халық ортасында туып, сақталуындағы 
сыртқы жағдайы. Айтыс атаулыға ортақ осындай ұқсас-
тықтар совет тұсындағы айтыста да түгел бар. Бірақ со-
нымен қатар тақырып, мазмұн, таптық, саясаттық сана-
сы, мүддесі жағынан қарасақ, совет ақындарының 
айтыстары ескі айтыстан әлдеқайда терең, кең, озық та 
өзгеше. Мұнда екі ақынның талас, жарысы бұрынғы ай-
тыстарда айтылатын жайлардан мүлде басқа. «Жақсы-
ның жақсылығын айтып нұрын тасыту, жаманның жа-
мандығын айтып құтын қашыру» деген, үлкен арналы 
138 

мұратқа келгенде, совет ақындарының жақсылык, тура-
сындағы ұғымы, нанымы, сын таразысы да өзгеше. 
Әлеуметтік жоғары зор сананы танытады. Мұнда жақ-
сылық жалпылама ұғым емес, ол еңбекқұмар қоғам 
қайраткері, өнер, білім тілін білген, советтік дәуірдін 
ардақты азаматы болады. Совет халқына еңбегі пайда-
лы, жұрт алдында жүзі жарқын адам болады. Ақынның 
арқа сүйері де бұрынғы ру, ата санау емес, айтатыны 
колхозы, ауданы, облысы. Сол өз колхозымен ауданда-
рында зор табыс-мақтанышы болса, оны жеткізіп айтар 
ақындық өнері болса, айтысатын ақынның сапасы мен 
қуаты сонда. 
Совет тұсындағы айтыс — сынның, өзара сынның да 
өткір құралы. Шаруашылық зор науқандарды атқаруда, 
өзара мемлекет жоспарын жақсы орындау жөнінде бри-
гада мен бригада айтысы, жалқау мен екпінді айтысы, 
жауыр көлік пен салақ иенің айтысы сияқты айтыстың 
бәрі сын жарағы. Жер-жерде социалистік құрылыстың 
екпінді қарқынына кедергі болар бөгеттерді кезінде 
жоюға арналған үгіт құралы болады. Совет ақындары 
бұл жағынан қарағанда, өздерінің шебер, тапқыр айты-
суларымен күнделік советтік, социалистік өмірдің көр-
некті қайраткерлері болады. 
Айтыс әр заманда күнделік тіршілікке төтелей қатына-
сы бар жанр болатын. Халықтық ауыз әдебиетінің бұл 
қасиеті жаңа тарих жасаушы совет жұртшылығына өте 
ұнамды, үйлесімді болып қабысты. Совет тұсында мо-
лайып, өскен айтыстың колхозшы, қалың жұртшылық 
арасында мол, кең жайылған аймақтары: Алматы, Тал-
дықорған, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда 
облыстары. Бұл облыстарда айтыс бұрынғы кездерде де 
жалпы көпшілік қолданатын жанр еді. Сол дәстүр кеңей-
іп, енді қыз бен жігіт, кәрі мен жас кездескен жерде, 
советтік ұлы мереке тойларда, жай сауық жиындарда 
көп айтыстар бола береді. Сондықтан ірі мағыналы 
айтыстардың бәріндегі басым күй: жаңа өмір, жаңа 
дәуірдегі ел тұрмысының әр түрлі көрінісі туралы 
болады. 
Арнаулы айтыстарда жарысқа түсетін атақты ақын-
дар ғана емес, халық сауығында өз күштерін жаңа 
сарапқа салып жүрген жас талаптар да өз айтыстары-
ның қызықты, қадірлі мазмұны етіп қоғам мүддесін, 
139 

совет патриотизмін жыр етеді. Бұрынғыдай кертартпа, 
рушылдықтың советтік айтыстарда ізі, елесі де жоқ. 
Еңбек елінің ырысы, Лениннің ұлы дәуірі орнатқан со-
циалистік қоғам, Қазақстан, Совет Одағы — бар ірі 
айтыстардық айнымас арқауы болып отырады. 
Болмасты болғызып, алысты жақын қылған өнер-
ғылым адамының ой-өрісін кеңітіп, халықтың қазынасын 
молайтты. Қөркем қала, алуан өндіріс, асып туған ерлер, 
сәнді салтанаттар бар. Бұларды айтыс таразысына тарт-
қан ақындардың ой толғамы, көрер көзі қырағы, айтар 
тілі шебер келеді. 
Советтік айтыстардың өрісі ұлан байтақ. Бірақ сон-
дай айтыстардың саны Ұлы Октябрь революциясы 
басталғаннан бері қарай сан үлгілер туғызғанымен, көп-
тен-көп айтыстар жазылып хатқа түспей келеді. Совет 
дәуіріндегі айтыстардың да ең алғаш басталып, одан 
кейін үдеп, молайып, кең жәйіліп келе жатқан тарихы 
бар. Айтыстар саны ғана мол емес, түрлері де әр алуан 
болып, дамып өсті. Сондай ерекше өсу, өркендеу кезең-
дерін қысқаша шолу үшін айтыстардың туған ертелі-
соңды мезгілдеріне, түр-түрлеріне қарап, бірнеше елеу-
лі айтыстарды атап өтейік. 
1922 жылы Семейдің екі ақыны Байзақов Иса мен 
Баймұратов Нұрлыбек айтысады. Ол кезде Нұрлыбек 
ауылда, Иса Семейде болады. Екеуінің айтысындағы 
жаңалық — бұрынғы айтыстардай ру таласы жоқ. Оның 
орнына қала мен ауыл жайларын бұлар тың тақырып 
етіп алысады. Иса қаланы жақтап, ауылды сынай мінесе, 
Нұрлыбек ауыл еңбегін бағалаушы болып, Семейдің қа-
лың құмын мінейді. Қала мен ауылдың қоғамдық ша-
руашылық, саясаттық тірліктегі қарым-қатынасын ашу-
ға айтысушылардыд ол кездегі білім сауаты жетпейді. 
Өйткені айтыстың нәтижесінде қала енді елдік пен мәде-
ни өмірдің кіндігі екені айқын аталады. Исаның ол жө-
ніндегі сөздері үстем шығады. Бұдан сол 1922 жылдың 
өзінде-ақ советтік бағыттағы ақындардың әлеуметтік, 
мемлекеттік мәселелерге беттерін анық бұрғандығын 
көреміз. 
1932 жылы Шашубай қасқырмен айтысады. Аңмен, 
малмен айтысу, тіпті өлі мен тірінің атынан да айтысу! 
бұрынғы айтыстың салтында ежелден бар әдет болатын. 
Ал, совет тұсында қасқырмен қарсыласқан Шашубайдың 
140 

ескі түрлі айтысында жақа мазмұн бар. Атын жеп қой-
ған қасқырды Шашубай қақпан құрып ұстап алады: 
Боз аттың құны үшін салдым кақпан, 
Тұлпар ед су ішпеген лай кактан. 
... Жарлының жалғыз атын жегеніңше, 
Жауыз малын неге жемедің толып 
жатқан, — 
дейді Шашубай қақпанда жатқан қасқырға. 
«Қыржиған шал деп басынып кеп атымды жедің. 
Өкімет қадірлеп күн-түн сайын күшіме кіріп отырғаным-
ды білмейсің бе?» деп Шашубай қасқырдың апшысын 
қуырады. 
Бұл айтыста ақын қасқырмен кұрғақ салғыласпайды. 
Ақынның арқа сүйегені үкімет, өз кұдіреті жетпей бара 
жатса, кедейге болысатын үкіметтің қарулы күші оған 
болысып қамқорлық істейді. Совет жұртшылығы қадір-
леген шалдың малы содырлы сотқардың бойына сің-
бейді дейді. 
Бұл айтыста Шашубай ел малына ескілікті обырлық 
мінезбен қасқырдай шауып жүрген бай, құлақты да 
мұқатады. Және онымен тынбай қасқыр сөзі қылып 
кооператив мүлкін астыртын ұрлап қылғып жүрген. 
ескілік қалдығы сияқты арам ниеттерді де халық ажуа-
сын қолданып, мысқыл етеді, олқылықты әшкерелейді. 
Совет мүлкіне жасырынып жүріп зиян етушілерді күлкі 
етіп, сынға алады. Халықтық мысқыл ретінде ақын өзі де 
тыңдаушыға әзіл етіп, ажуалай көрсетеді. Советтік маз-
мұн кірген айтыстың, тұр жағындағы орны, ерекше бір 
мысалы осы Шашубай айтысы деуге болады. 
Қызылордалық Т. Үркімбаев ақын сары атан мен бри-
гадирді, қара байтал мен колхоз бастығын айтыстырады. 
Колхоз жұртшылығын ұйымдастырып, бастауды міндеті-
не алған бригадир мен бастық ұқыпты болу шарт. Сол 
жөнінде ең алдымен, жұртшылық мүлкі саналатын мін-
ген көлігіне күтімді болып, басқаға үлгі көрсетуі керек. 
Колхоздасқан шаруалар тірлігіне, шаруа көлігін күту 
деген әлеуметтік талап еді. Осындай мызғымас борышын 
орындауға салақ қарап жүрушілер де жоқ емес. Үркім-
баев айтысының мысқылына, сынына ілінетін сондайлар. 
Мойны ырғайдай болған сары атан бригадирдің айыбын 
ашып, бүйте берсе колхозда жер айдарлық көлік кал-
майтынын айтады. 
141 

Арқасы ошақтай жауыр қара байтал ер сала баста-
ған бастыққа өзінің арқасын айғақ етіп сын айтады. 
Оның дауы мен дәлелі мойын бұрғызбастай орынды. 
Өзара сынның ең өткір, шебер түрі осы айтыс болады. 
Әр күйде бастық қара байталдан мұндай сын күтпеген, 
өзінің ісі теріс. Ол айтар жауап таппайды. Шалдырмай 
шабуылға салудан байтал арыған, жадаулықтан жалы-
нан да айрылған, күтімсіздік, қырсыздықтан арқасы 
ойылған. Сондай халық мүлкі қара байтал сөйлегенде 
оның тілі ащы шығады. Бастықты сөзбен тұсап, адымын 
аштырмайды. Жеңіп кетеді. Көлденең сыншыдай емес, 
жәбір көрген көліктің, өзі болып айтқан сөз бригадирдің 
де, бастықтың да советтік өмір, еңбек майданына әсер-
лі, пайдалы, қымбат бағалы болып араласқанын көрсе-
теді. 
Бұрын үстемдік істеп, елге ықпалын жүргізіп қалған 
байлар, атқа мінерлер революцияның алғашқы жылда-
рында, совет тұсында да көпке дейін өзінің бұрынғы 
үстемдігін сақтауға тырысты. Теңдік алған кедейге ырық 
бермей, әлі де өктемдік жасау жолында көп арпалысты. 
1934 жылы Іле ауданындағы Өмірзақ ақынның ай-
туынан жазып алған «Бай мен кедей айтысы» деген 
айтыс, сондай тап тартысының кейбір көрінісін таны-
тады: 
Әй кедей, қызыл тілді салма маған, 
Каһарымды төгермін енді саған. 
Қай кедей тигізеді бізге тілін, 
Қарсы келген кедейді отқа жағам, — 
дейді. 
Бірақ, кедей оған жасқанбайды: 
Кедейді, әй залым-ау, жамандайсың, 
Кедейсіз күнің қайда көретұғын. 
Басыңды алып қашып амалдайсың, 
Құр тұрған қара қамыс сен қурайсың, — 
деп, байдың бұрынғы шалқуы, кедейдің табан ақы, маң-
дай тері екенін жұрттың алдында әйгілеп ашып береді. 
Айтыс ұзаққа созылып, кедейдің сөзі шымбайына 
бата берген соң, бай төзбей, ұрмақшы болып қамшы ала 
ұмтылады, кедей қымтап ұстаған шоқпарымен байды 
басқа бір салып, қалпақтай түсіріп, атына мініп жүріп 
кетеді. Бай басы қан-қан болып, қала береді. 
142 

Бұл айтыс Совет өкіметінің алғашқы орнаған кезінде, 
кедейлердің өкімет жұмысына еркін араласпаған кезінде 
туған болу керек. Баймен айтысуға батырланғанмен 
кедейдің сөзінде «заман менікі», «өмір қожасы менмін», 
«сен зыяндылығыңнан, арамтамақтылығыңнан аласта-
ласың» деген қайрат ызғары байқалмайды. Қайратқа 
мініп бай қамшыға жармасқанда, кедей ет қызуымен 
шоқпар жұмсап жіберсе де, байды айдап шықпайды. 
Совет тұсындағы айтыстың сынына ескі өмірдің со-
рақы салтының бірі — қос қатын алу да түседі. Совет 
заңы әйелге ермен тең ерік берді. Қос қатын алуды 
тыйды. Өз басында жағымсыз жаңалықты қалт қылмай 
естіп, біліп жүретін қос қатынды Есмақан деген «жаңа» 
лақапты естіп, бәйбішесімен ақылдасады. Екеуіңді қата-
рымен маған қоймас: «...лайық Айшакүл ме маған, сен 
бе» — деп сұрайды бәйбішесінеи. Бұл айтысты совет 
ақыны мысқыл, сатира түрінде байды мазақтап, ескішіл 
тоғышар шалды ажуалап шығарған. 
Кәрілік иықтап, буынына діріл кірген Есмақан то-
қалға масыл болып, күн кешпек. Соны аңғарған бәйбі-
шесі: 
Ақылың кеткен екен мүлде сенің, 
Жағдайың жас қатынға мәлім сенің, 
Өзіңмен жастайыңнан өскен бірге, 
Бұрынғы жақсы емес пе кәрің сенің?! — 
дейді. 
Шалдың көңілі бәйбішені ептеп, сырмалап, сыртқа 
тебу. 
Іргеңді бөлек салып отыра бер, 
Қім біліп іш құлқыңды жатар сенің — 
деп алдаусыратады. Бірақ, оған бәйбіше мойындамақ 
емес. Ескі жолды қартаң байлардың революциядан соң 
бұрынғы үй-іші қалпын сақтап қалуға тырысып, екі әйе-
лін алдастырумен бұрынғыша ұстап қалуға тырысқаны 
ашық. Айтыс ол жағынан да сорақы шындықты, кесір 
салтты әшкерелеп отырады. 
Шал өз дегеніне көнбей отырған бәйбішенің кәрілігін 
айып етіп, мойындатпақ болады: 
... Жиырманың бесеуінде Айшакүлім, 
Елуде қыжырайған түрің құрсын, -— 
деп қорлайды. 
143 

Бірақ, бәйбіше кемпір болса, Есмақан қураған шал, 
«жығылған, сүрінгенге күлед деген» деп бәйбіше күйеуі-
нің күлкілі, трагедиялы халін сарапқа салады. Сөйтіп, 
бұл айтыста ескіліктің жоқтаушылары, өз бастарындағы 
қоғамдық мінді, өз ауыздарымен жұртшылық сынына 
әйгілеп береді. Күлкі күйлер өзін өзі әшкерелеуде совет-
тік айтыста аса қонымды, өткір қызық жанр болып 
шығады. 
Жамбыл облысы Красногор ауданындағы Киров 
колхозында әйелдер күніне арналған мерекеде Зейнеп 
пен Сұлубике айтысады. Зейнеп — стахановшы-бригадир, 
Сұлубике — жалқау, жұмыс істемей: «Бетім барда беті-
ме кім шығады» деп жүрген еңбексіз әйел. Сол Сұлу-
бикеге Зейнеп: 
Сельсовет еңбек берсе сеспей кетер, 
Сұлуға қош, аман бол деспей кетер. 
Ар кетер, шай таусылар, киім тозар, 
Халыққа қадірсіз боп жүрме бекер, — 
деп, оның өлер жерін тура айтады. 
Стахановша істеп, екпінді еңбектің қызығына түсіп 
алған Зейнеп: 
Сұлулық тілімді алсаң еңбекте тұр, 
Ертерек елдің жауын жеңбекте тұр... 
Кім сұлу, осы күні еңбек сұлу, 
Отанның жауын құртып жеңбек сұлу, — 
дейді. 
Сұлулық зор еңбекте. Жомарт табиғаттың адам ең-
бегіне төлеу есебінде беретін басқа сұлулықтары, игілік-
тері де бар. Бірақ табиғат ешнәрсені кесегімен тегін 
бере алмайды. Үлесіңді талпынсаң, қармансаң ғана 
аласың. 
Зейнептің: «Сұлулық еңбекте, жеңбекте...» дейтін мә-
нісі осы. Айтыстың басында қасарып отырған Сұлубике 
кейін Зейнептен жеңіліп, екпінді еңбек істемекке жұрт 
алдында бел буады. 
Жалқауды сынға салып түзеуде, жақсыны құрмет 
тұтып, көтеріп мадақтауда ел ақындарының айтыстары 
көп енбек етті. Жұртшылықты еңбекке баулуда және 
ескіліктің кертартпа кесапатын аянбай жоюда айтыстар 
өткір құрал болады. 
Қазақстандағы айтыс өнеріне жетік, ірі ақындардың 
144 

айтыстарын республиканың партия-совет басшылығы, 
Жазушылар одағы ұйымдастырып өткізу жаңа мәде-
ниеттік үлкен дәстүрге айналды. Осы жөнінде ең ал-
ғашқы күрделі көркем, терең мазмұнды айтыс 1939 жы-
лы Алматы қаласында, Нартай, Нұрлыбек сияқты екі 
атақты ақынның айтысы түрінде өтті. Бұл екеуінің өнер 
жарысына жырмен басшылық етуші, төрелік айтушы 
қарт ақын Нұрпейіс болды. Айтысушы екі ақын жалын-
ды, көркем жырларды суырып салма өлеңмен, қалын 
жұртшылық алдында тудырып жарысты. Еңбек жемісін 
айту ретінде Нартай мен Нұрлыбек өздерінің облыстары, 
Семей мен Қызылорда облыстарын салыстырып та сөй-
леді. Бірі шалқар өзен Ертістен, екіншісі Сырдан шық-
қан ақындар, социалистік дәуірде жаңғырып, көркейген 
табиғат көріністерін де, ел тірлігін де айтыстың кең, 
жарқын тақырыбы етіп алды. 
Сол айтыстан кейін республикалық үлкен айтысты 
1943 жылы, партия мен үкімет басшылығының нұсқауы, 
көмегімен жазушылар ұйымы бастап, бүкіл Қазақстан 
көлемінде өткізді. Бұл жылғы айтыстың басы, ең әуелі, 
көмір кені, мыс телегейі бар Қарағанды облысында 
басталды. Сол жылы аз уақыт ішінде айтыс барлық 
облыстарға жайылды. Қарағандыға үн қосып Қазақ-
станның көп облыстары, совет ақындарының Ұлы Отан 
соғысы кезіндегі жаңа мазмұнды айтыстарын жүргізе 
бастады. 
Айтыстың соңғы жарысы Алматыда өтті. 
Ол айтыстың алдын салтанатты мәжілісте, дағдылы 
жүйрік қарт Жамбыл өзінің арнаулы ескек жырымен 
бастады: 
Алатаудан, Арқадан, 
Ақындарым келіпсің, 
Тілдерінен бал тамған, 
Жақындарым келіпсің. 
Ертіс, Есіл, Іле, Сыр, 
Бас қосқалы келіпсің. 
Жүрген жері думан жыр, 
Сендер елге көріксің, — 
деп арнау айтты. 
Жамбыл ақындарға деген ағалық үлгілі сөзінде, бұ-
рынғы айтыстарға көз салып, айтыс өнерінің ескі өнер-
паздарын шолып өтті. 
10—153 145 

Сүйінбай мен Қашаған, 
Қара өлеңді матаған. 
Атын жаттап балалар, 
Әлі күнге атаған. 
Кеншінбай мен Орынбай 
Өлең сөздің корындай... 
Айтысқа жиналған ақындардың ішінде бірнеше буын 
атасы үш дәуірді басынан кешірген, ақсақалды саңдақ-
тар бар: 
Уа, Орынбай, Шашубай, 
Сендер өзен басындай, — 
деп Жамбыл алдымен салмақты соларға салады. 
Ақындарды атап-атап өзіне бір қаратып алып: 
Өлең жырды дүрілдет, 
Жаркылдатып жасылдай. 
Сөздеріңнің күшінен, 
Жау жүрегі түршіксін, 
Жырларыңды естіген 
Дос құмардан бір шықсын, — 
деп, қарт өзінің ұзақ арнауын да, жаңа айтыстың мін-
дет мұратын да атап өтті. Ол жауға атылған оқ есепті, 
совет халқының күшіне көмек қосатын асыл өсиет, үгіт 
сөзді талап етті. Сол дегеніндей айтысқа түскен ақын-
дар, өздерінің анық совет патриоттары екендігін дәлел-
деді. 
Айтыс жеке ақындардың жарысы ғана емес, олардың 
өнерін сарапқа салумен қатар, әрқайсысының облыста-
рын қатар салмақтап, таразыға салған сын жарысы бол-
ды. Ақындар өз облыстарының өкілдері болып сөйлесті. 
Алматы мен Жамбыл облысы, Семей мен Қарағанды, 
Қостанай мен Солтүстік, Қызылорда мен Оңтүстік об-
лыстары болып айтысты. Әр облыстың екі ақыны, қарсы 
облыстың екі ақынына қарсы шығып, айтысқа түсті. 
Айтыс тақырыптары ақындардың өз бастарының жайы-
на бір де бір соққан жоқ. Әр облыстың екі ақыны об-
лыстың тақырыптарын бөлісіп алып, біреуі ауыл шаруа-
шылығын, біреуі өндірісін баяндап, қарсысындағы 
тақырыптық ақынмен айтыса жарысты. Және барлық ай-
тыс мақсаты мен мазмұны негізінде бір ғана зор мүдде-
ге арналды. Ол Ұлы Отан соғысына облыстардың беріп 
жатқан көмегі туралы еді. Отан соғысы, майдан, тыл, 
ел, ер, ар, намыс, совет партиотизмі деген ұғымдарға 
кең толғаулық бағалар береді. 
146 

Қазақстан ырысты, бай өлкелі, асыл қазыналы ел. 
Ақындар өз айтыстарында әр облыстағы сондайлық ер-
телі-соңды ел қасиеттерін де еске алып сөйлейді: 
Шеңдескен шеберлі Алтай аспан-көкпен 
Әлемге аты шулы даңқы кеткен. 
Қара нор, калың нулы орманым бар, 
Таулары қойынынан алтын төккен. 
Ертістен алтын астау аударылып, 
Күн күліп жағасына нұрын сепкен. 
Құндағым алтын бесік, анам Алтай, 
Емізіп ақ төсінде еркелеткен. 
Кұмынан саф алтынды күреп алып, 
Тасына қатпар-қатпар гауһар шөккен. 
(Нұрлыбек). 
Оңтүстік мол дария қорғасынға, 
Ұқсайды заводтардың ордасына... 
(Қазанқап). 
Күркіреп көк толқыным көкке атылған, 
Құтты өзен айналайын, Нұра атыңнан... 
Өр тасы жорықты атап күбірлейді. 
Шерубай, Сарысу мен Құланөтпес, 
Өлеңмен қасиетін мақтап жетпес. 
Суы бал, жері шүйгін мал анасы, 
Тепсең де төңірегінен ырыс кетпес. 
Арқада атағы асқан асқар биік, 
Қылыштай қыр арқасы бұлтқа тиіп. 
Халыққа қашаннан-ақ аяулы боп, 
Баянның карқарасын қалған киіп. 
Бір тау бар оның аты Қарқаралы, 
Таулардың ағасындай Арқадағы. 
Қаптаулы қалқып алар қазынасы мол, 
Салмағын кандай безбен тарта алады? 
Үш жүзде Ұлытауды кім білмейді, 
Атағы айлық жерден дүбірлейді. 
Сан батыр дабыл ұрған жерімін деп, 
Әр тасы жорықты атап күбірлейді. 
(Жолдікей). 
Семей ақындары қойынынан алтын ақтарылған Ал-
тайын, Қарағанды ақындары — көмір, мыс өлкесін, 
Оңтүстік — мақтасын, Қызылорда — күрішін, барлық 
ақындар үн қосып топ-топ түлік малын, оларды аялап 
өсірген еңбек ерлерін, ұтымшыл, өнімшіл елдерін, мақ-
таулы мамандарын мадақтап, мақтан етті. Қең өлке шұ-
райлы кендер мен енбек сүйгіш халқымыз Ұлы Отан со-
147 

ғысының көмегіне не беріп, керегіне не істеп жатыр? 
Майданда ел Отанды қорғау үшін, адам баласының 
жауы гитлершілерді құрту үшін әр ақынның облысынан 
барған азаматтары қандай даңқты қайрат етіп жатыр? 
Әр ақынның қорытып келгепде сөз асылын сарыққан 
арнасы осы тақырыптар болып отырды. 
Советтік патриотизм — қасиетті, ардақты сезім. Ел 
ақындары совет патриотизмінің жаршысы. Әр ақын өз 
өлкесінің жақсылығын мадақтаумен жалпы совет хал-
қының патриоттық сезімін өсіріп, күшейте түседі. Сүйік-
ті Отанды қорғау жұмысы, жаумен беттесуде ғана емес, 
майданды тыл көмегімен үздіксіз жабдықтауды талап 
етеді. Бұл ұлы-кішісі бар көп әрекеттен құралады. 
Осы жайлардың барлығы ақындар айтысының өрісін 
кеңейтіп, тақырыбын байытып отырды және барлық 
жайларды барлап айтып келгенде жырлардың түп қазы-
ғы, советтік патриотизм болса, сол жолдағы дана бас-
шылықты, отан күшін, елін бастаған партия басшылы-
ғын ұзақ көркем сөз етіп шырқатты. 
Бір заманда Асан қайғы: 
Көкпектен басқа шөбі жоқ, 
Көкектен басқа құсы жоқ. 
Балығы семіз, елі арық, 
Маңм сырдаң жер екен, — 
деген Бертіске совет жылдарында мыс комбинаты са-
лынды. Ол батыстан жау төнген мезгілде майданға ке-
рек жабдық-жарақты үздіксіз беріп тұр. Отанның ор-
таймас қазынасы болды. 
Байлықтың биік құзын ұялаған 
Қыранмын асқар көрсем қиялаған. 
Балхашқа тең келетін шың болмаса, 
Шоқыға анау-мынау ұяламан, — 
дейді, Шашубай сол айтысында. Ақындардың әрқайсы-
сының өзіне, әсіресе, қадірлі туған жері бар, соның бәрі 
Ұлы Отанның жемісті, ырысты жайлары. 
Патриоттық сана шабытын билеген ақындар Отанның 
зейнеті үшін жақсы істі мадақтап, елді қызықтырады, 
Және сонымен қатар жаман істі масқаралап жою әреке-
тінде, сондықтан қандай айтыс болса да сынсыз, өзара 
сынсыз өтпейді: 
148 

Досеке, Көшен қайда, Қайып қайда? 
Кемшілік ұқсамайды айыққанға. 
Осында барды бар деп, жоқты жоқ деп 
Өзара сынға салсақ айып бар ма? 
Жатпасын қисық ағаш тез алдында, 
Ақындар соны түгел сүзе алдың ба? 
Не жайда Қарағанды осы кезде? 
Елестет бірің шық та көз алдыма! — 
деген сөзді қарт Шашубай Қарағанды ақындарына жол-
дайды. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал