Қ а з а қ сср ғ ы л ы м а к а д е м и я с ы м. О. ӘУезов атындағЫ



жүктеу 0.78 Mb.

бет3/12
Дата09.01.2017
өлшемі0.78 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

41 

Бізде халық ақындары мен әдебиетшілердің байланы-
сы күшті. Осы күнге дейін тығыз байланыста болып 
келдік, бұдан былай да байланысымызды үзбеуіміз ке-
рек. Біз сіздерді халық ішіндегі баға жетпес тілшіміз 
деп санаймыз. Сіздерді асыл сөзді бізге жеткізетін, ке-
ректі нұсқаларды жинап отыратын біздің қызметкеріміз 
деп санаймыз. Біздің Кененнен, Қалқадан, Нұрлыбектен, 
Әрхамнан алмаған нәрселеріміз жоқ. Абайдың ата-тегі, 
ақындық айналасы туралы аса қызықты, құнды естелік 
әңгімелерді Әрхам ЬІсқақов (Абайдың ұрпағы) өзі бір 
кітап етіп жазды. Әрхамның Абайдан басқа да білетіні 
көп, беретіні мол. Сондықтан бұл сияқты тілшілеріміздің. 
қатары азаймай, қайта көбеюі керек. Оның үстіне жас-
тардың ішінен де халық әдебиетінің өнеріне төселген 
жас жүйріктеріміз — Қалихан, Жұматайлар отыр. Бұ-
лар халық әдебиетінің нұсқасын дамытатын жас қарлы-
ғаш, жас қауым болып саналады. 
Қалихан жазып та шығаратын, қолма-қол суырып 
салып та (импровизациямен) айтатын жалынды жас 
талант. Қалиханның ақындық өнер үлгісі Исаны еске тү-
сіреді. Мұның өзі ауыз әдебиет дәстүрі мен жазба әде-
биет дәстүрінің бір-біріне қайшылығы жоқ, қайта өзара 
ықпал жасап, бірлескен жарастық тауып дамыған. Бұл 
тек социалистік мәдениеттің тәжірибесінде болатын 
творчестволық процесс. 
Біз халық ақындарын, олардың шығармаларын Совет 
әдебиетінің даму процесінен бөліп қарамаймыз. Ақын-
дардың көбі бір жағынан біздің ғылыми тілшіміз болса, 
екінші жағынан Жазушылар одағы мүшесі. Халық ақын-
дарының өлеңдер жинағы жазушы ақындардың қарауы-
мен, ақыл-сынынан өтіп басылады. Демек халық ақын-
дары мен жазушылардың байланысын күшейту басты 
міндет. Алайда жазба ақындар соңғы мезгілде халық 
ақындарына онша көңіл бөлмей келді. Енді ақын-жыр-
шылармен байланыс Академия тарапынан қандайлық 
тығыз күйде жүріп жатса, Жазушылар одағымен де сол 
байланысты өрістету қажет. 

Үмбетәлі КӘРІБАЕВ 
НҰР ТІЛЕК 
Сөйле, бұлбұл қызыл тіл, 
Таңдайымда тынасың. 
Сәлемет тәнің сау болса, 
Сән-салтанат құрасың, 
Халқым сүйіп, қаласа, 
Сөйлемей неге тұрасың. 
Советтік Ұлы Отаннан 
Үшты көкке лашын. 
Лашын емес, ол жұлдыз, 
Айтсам сөздің расын. 
Қарсы алды әлем аспаны, 
Кеңінен жайып құлашын. 
Алдағыға жол салып, 
Қалдырмақ артқа мұрасын. 
Адамзаттың сұңқары, 
Бұдан да биік шығасын. 
Гагариннің жолдасы, 
Жасы тұстас құрдасы, 
Титов деген ұланым — 
Ақ сұңқардай денесі, 
Алатаудай тұлғасы. 
Әлемді кезді айналып; 
Жұлдыздарға жіберген 
Жеңімпаз елі сайланып, 
Ғажабына ғылымның 
Совет халқы — бай халық, 
Салыстыра келгенде, 
Тең келер бізбен қай халық? 
Ай тұсынан айқай сап, 
43 

Күн тұсынан күркіреп, 
Сен самғасаң жұлдыздар 
Жол береді дүркіреп, 
Елімнің даңқын жайған сен, 
Бәрімізде бір тілек, 
Сенен де биік ұшатын, 
Елімде бар мың түлек, 
Соңдықтан жырлар қарт ақын, 
Бәріңе бейбіт нұр тілеп. 
Болман ҚОЖАБАЕВ 
БОЛАТ ҚҰС 
Зор қуаныш кернеген, 
Көрсін анық көрмеген. 
Болат құсы өмірдің 
Көкке қарай өрлеген. 
Самға-самға болатым, 
Сынбайтұғын қанатым. 
Келешектің шырағы, 
Жарық сәуле жанатын. 
Шыр айналып аспанды, 
Халықтың мейірі қанатын. 
Жұлдыздар да жымыңдап, 
Ай қуанды, шырағым. 
Кетілмейтін тұлпардай, 
Шапқан сайын тұяғың. 
Герман ұлым аспандап, 
Желмен ойнап желігіп, 
Жиырма бес сағат ұшқанда, 
Айды сүйіп құшқанда, 
Бейбіт елдің бейнесі 
Сен жүргенде аспанда, 
Қозғалмады жүрегің. 
Соны мен де тіледім, 
Алматыдай қаламда, 
Сауық етіп жүр едім. 
Бес тонна Восток еркімен, 
Дүниенің барып шетінен. 
Тамақ ішіп, дем алып, 
Батыр буын бекіген. 
45 

Аспан, Жерді аралап, 
Аман есен түскенде, 
Ойлап едім нетер деп, 
Жүрегім жарылып кетер деп. 
Әбүйір, бағы халқымның, 
Әлемге айғақ даңқыңның. 
Туған ұлын Титовтай, 
Жырлаған сөзі қуанып, 
Болман сынды қартыңның. 
Ғалымнан алған білімнің, 
Тамсынбалы тілімнің, 
Нұр сәулесі секілді. 
Шарықтағы күнімнің, 
Герман жаным, құлыным, 
Партияның ұлысың, 
Өмірімнің түрісің, 
Халықтан шыққан шырағым, 
Жаста болса, бірімсің. 
Қуанып елің хабарға, 
Орыс-қазақ баласы, 
Лениннің айтқан жолы еді, 
Адамзаттың данасы. 
Халыққа түстің табысып, 
Аспанда желмен жарысып, 
Ай мен жұлдыз аясын, 
Жарқ-жұрқ етіп шағысып. 
Бұдан да әрі тағы ұшсын, 
Күнге барып нұр құшып. 
Көрдің бе бұрын болғанын, 
Жаңалықтың жанғанын. 
Ел қуанды еңбекшіл, 
Кемемен мұзды жарғанын. 
Куатымен атомның, 
Алабын теңіз алғанын. 
Бейбіт елдің шаттығы, 
Жүрегімді кернеді. 
Осы емес пе халыққа, 
Өнердің тауып бергені. 
Мәңгілікке жасасын, 
Партия, халық еңбегі! 
46 

Иса БИНАЗАРОВ 
АКАДЕМИЯНЫҢ АҚ ОРДАСЫНДА 
Өлкеміз осы көпке есік аштың, 
Жыл сайын өнер қаулап алға бастың. 
Кезекпен атымды атап шақырған соң, 
Мен-дағы қатарыммен қадам бастым. 
Құрметтеп осы отырған қалың топты 
Бас иіп, сәлем беріп амандастым. 
Алматы елім сүйген үлкен үйім, 
Тарихи есте болар мұндай жиын. 
Ордамыз Академия әкеміздей, 
Көрсетті тәрбиелеп, құрмет сыйын. 
Ақ жолға, әділетке көшкен елміз, 
Лениннің жобасына түскен елміз. 
Партия басшылығы арқасында, 
Тамаша жер жүзінде өскен елміз. 
Партия үлгілі ісін үнем жаймақ, 
Дүние біліп отыр, әлем аймақ, 
Шеңберін жер шарының тез айналып, 
Ерлігі Гагариннің болған айғақ. 
Тағы да ұранымыз бейбітшілік, 
Хрущев іске асырды шын теңшілік. 
Маңызын жер жүзінің халқы қолдап, 
Көбейді қатарымыз мол кеңшілік 
Аударды жер жүзінің назар есін, 
Көреміз тірі болсақ әлі-ақ дерсін. 
Хабарын жаңа Уставтың ел естіді 
Куантып, көрсетіп тұр нұр сәулесін. 
Ақындар, еліміздің жарқынымыз, 
Отандық өнерінің тамшысымыз. 
Ауылға жаңалықты тез жайатын 
Үгітші халқымыздың жаршысымыз. 
Жетілген елім жаңа бұл заманда, 
Отырмыз Алатаудың гүл бағында. 
47 

Екпіндеп елдік іске кіріселік, 
Парт съезд жиырма екі қарсаңында. 
Отандық алыптарға көз салайық, 
Толымды, тәтті балдай сөз табалық. 
Болашақ ақындардың слетіне, 
Көрнекті табыстармен біз барайық. 
Көп сөзді жолдастарым айтып өтті, 
Осымен қайталамай қысқарталық. 
Есдәулет КӘНДЕКОВ 
ЕЛ ТІЛЕГІ-БЕЙБІТШІЛІК 
Бірліктің берік туын алдық қолға, 
Партия коммунистік жұртқа тұлға. 
Еңбекке шыныққан ел совет халқы, 
Көштік біз коммунизм тура жолға. 
Болған соң бейбітшілік ел өседі, 
Күн санап ұл мен қызым тел өседі. 
Ал десе, Алатауды қопарамыз, 
Қандай жау берік топпен егеседі. 
Бейбіт жайлау өрісте мал өседі, 
Заманаға сүйеніп ер өседі. 
Қонамыз коммунизм жайлауына, 
Елімнің игілікті келешегі. 
Біз берік топ, қоршаған тудың түбін, 
Жайқалтып маужыратқан бақша гүлін. 
Жер жүзілік жұмысшы шаруалар, 
Дабыл ұрып шақырып шығарды үнін. 
Үндеуге үн қосады барлық халық, 
Коммунизм кеп отыр таңы атып, 
Бейбіт өмір жасайды совет елі, 
Өмірлік өшпейтұғын болып жарық. 
Аспанда көк аршын жүр шыр айналып, 
Гагарин шолып келді бір айналып. 
Сарынын Гагариннің естіген соң, 
Фашистер қорқып отыр көңілі қалып. 
Ешкім біздей болған жоқ бұрын ұшып, 
Соқтықпақ ойында бар жыны қысып, 
4-153 
49 

Капиталист масқара болмады ма, 
Аттандырған ұрысы қолға түсіп. 
Еш бір жау біздің шекке келе алмайды, 
Өсектеп сыртымыздан жамандайды. 
Ит қарғысы бөріге жетпейд деген, 
Біз құсап бейбіт өмір сүре алмайды. 
Еркімен ен байлықта жатқан елміз, 
Тамаша қызық дәуір татқан елміз. 
Алтын, күміс, мыс, шойын бәрі бізде, 
Қазынаны жерден тауып ашқан елміз. 
Ырыс қашса қоймайтын туысты елміз, 
Жер мен көкті меңгерген мініскерміз. 
Ешкімге жамандықты ойламайтын, 
Ниеті сүттей аппақ сүйікті елміз. 
Партия коммунистік біздің ұран, 
Бүтін дүние жүзіне болмақ құрал. 
Коммунистік кең сарай орнатылды, 
Программа жиырма жыл бұдан былай. 
Мұрамыз мұрадымыз коммунизм, 
Өмірлік өшпес жарық келді бүгін. 
Социализмді орнаттық бұдан бұрын, 
Тоқтамай басып өттік талай шыңын. 
Елімнің қасиеті — бірлігінде, 
Ақтаймыз партияның берген тұзын. 
Қалихан АЛТЫНБАЕВ 
КӨКТЕ АДАМ 
Бармын деп хабар берді көктегі адам, 
Партия құттықтады Москвадан. 
Жұмыр жерді жеті рет домалатып, 
Қорабль кете барды одан да арман. 
Космосты тегенедей ерлеулегең, 
Үн шығад патриоттық өр кеудеден. 
Аңсаған бағызы бір замандағы — 
Кілем осы, астынан жел кеулеген. 
50 

Анық дидар көрініп сонау көктен, 
Аппарат минут сайын сырын шерткен, 
Бар болса ай астында періштелер 
Ал жарыс, жерден ұшқан кереметпен. 
Тұңғыш ұшқан «косманавт» Тайыр ақын 
Қиялын күн астынан қайыратын, 
Күшті болса көкте кім демеп пе еді, 
Қазірде қайталауға дайын ақын. 
Талмас қанат, тоқтаусыз ұшары да, 
Елдің қолы жетпесті құшады да. 
Ғайса емес, көкте жүрген майор Титов, 
Қайтты есен туған жердің құшағына. 
Көшен ЕЛЕУОВ 
ЖАН СУСЫНЫН ЖОСАЛЫДАН ТАБАСЫҢ 
Ұйығы жердің Жосалы, 
Өркеш-өркеш жоталы. 
Онда долы толқынды, 
Өзен бар жыныс, қопалы. 
Сүйгендей сағым шағылы, 
Ойнайды оршып балығы. 
Домалатып көбікті, 
Тулайды асау ағыны. 
Жағасын соның жайлаған, 
Сиыр мен қойы шайлаған. 
Малшылар сонда атақты, 
Мыңғыртып мыңды айдаған. 
Егіні қандай шалқыған, 
Бетінде кеме қалқыған, 
Теңіздей шалқар көл-көсір, 
Қырманда тау-тау алтын дән. 
Жосалы деген дара шың, 
Күзеткен жазық даласын, 
Көтерілген тыңынан, 
Жан сусынын табасың. 
Шалқыған кең аймағы, 
Түйедей болған тайлағы, 
Кеудесінде көлкиді, 
51 

Байлық — құттың қаймағы, 
Бір ауданға тетелі. 
Дәулеті мол жетеді. 
Буденныйдың колхозы, 
Жайлау еткен мекені. 
Еселеген шабытты, 
Сүйсіндірген халықты. 
Еңбектері сан алуан, 
Аты әйгілі даңқты. 
Жастары бар нұр жанған, 
Қамқорлықпен шыңдалған, 
Қоңылтақ сөз бен қаңғалақ, 
Қашатұғын сырдаңнан. 
Бір мінез, бір қалыпта, 
Аты әйгілі халыққа, 
Жосалы да осы айтқан, 
Ырымбай мен Садық та. 
Былтырғыдан үй жаңа, 
Үйде ойнаған күй жаңа! 
Тамаша зейнет жасаған, 
Жаңашыл, алғыр ми жаңа. 
Рахметолла ТОҚТАРБАЕВ 
АЛТАЙ АЛҚАБЫНДА 
Алдымен ақындарым, сәлем саған! 
Берейін біраз шырқап келсе шамам. 
Бүгінгі осы айтыста берілді сөз, 
Мақтаныш, үлкен сенім, абырой маған. 
Қалса да жас егделеп, көңілім шат, 
Тыңда жұртым, сөзімді саңқылдаған. 
Жеңістерге жетуге жігер берген, 
Көсеміміз партия, алтын заман. 
Данышпан партияның бастауымен, 
Шыңына коммунизм бастық қадам. 
Ұшырдық бірнеше рет жер серігін 
Сүйсінді бүкіл әлем, таңқалды оған. 
Жеңімпаз, мақтанышым ұлы Отанның 
Вымпелі Ай бетінде жарқыраған. 
Айтысу ақын үшін үлкен дастан, 
Айтайық, табыстарды қалдырмастан. 
52 

Ақындар, шын жүйрікше шайқасайық, 
Ашайық кемшілікті орын басқан. 
Шығыста шекарада біздің аудан, 
Құралған жер байлығы орман, таудан. 
Сауырдың шыңы биік бұлтқа айқасқан, 
Нөсерлеп жаз айында жаңбыр жауған. 
Басынан мұзды таудың мұнар кетпес, 
Алқабы қалың тоғай саусақ өтпес. 
Сауырдың жайлауында бір күн болсаң, 
Жыл бойы көкірегіңнен құмар кетпес. 
Шыңының алуан түрлі кезеңі бар, 
Шүйгін шөп, тұнық сулы өзегі бар. 
Қақ жарып Сауыр тауын сарқыраған, 
Кендірлік деп атайтын өзені бар. 
Жағасы сол өзеннің терек пен тал, 
Жайқалған бітік егін, мыңғырған мал. 
Қарт таудың жырлағаным бір саласы, 
Саңлақтар, жалған бар ма, құлағың сал! 
Қарағай, тал, терегі, мойылы да, 
Кілемдей түрлі шөптің оюы да. 
Отанға талай қазына беретұғын, 
Кендірліктің байлық бар қойынында. 
Сауырдың тетелесі батыр Сайқан, 
Көлбеген екі жағы бірдей қайқаң. 
Жаз жайлау, қыс қыстауға мол жетем 
деп, 
Көлденең қойнын ашып жатыр Сайқан. 
Сауырдың шыңы биік бұлдыр қаққан, 
Әр сайында бір бұлақ сылдыр аққан. 
Жағалай бұлағына шыққан жеміс, 
Миуадан бұтағына моншақ таққан. 
Бүлдірген, қарақат пен таң қурайы, 
Бақшадай қолдан еккен жазда саты. 
Долана, шие, шөнгіш, қызғалдақтың, 
Аңқыған араласа жұпар майы. 
Сайқанның сай-саласы малға толы, 
Игерген бар байлығын адам қолы. 
Қарағайын Сайқанның құрылыс үшін, 
Ауданның алды емес пе талай жолы. 
Тауда бар бұғы, марал, арқар, құлжа, 
Аю, қабан, түлкі көп тағы мұнда. 
Елік, құлан, кекілік, шыл, кұр ойнаған, 
Жаралған жер байлығым сонша мырза. 
54 

Әлі көп байлығым бар айтылмаған, 
Ертістің ақ балығы жарқылдаған. 
Аққу, қаз, тырна, үйрек, көккұтаны, 
Мекендеп өзен бойын қаңқылдаған. 
Көпке аян, кәрі тауым — Маңырақ тұр, 
Малға құт, ел ырысы Маңырақ бұл. 
Аудан тұрғай облыс мақтанышы, 
Ақ қойы Маңырақтың маңырап тұр. 
Үдеге үлкен өзен Сауырдағы, 
Болашақ ГЭС-тің орны жанымдағы. 
Бөктерінде тәжірибе бақшасы бар, 
Мектебі Мичуриннің аулымдағы. 
Елімнің Шығысыңда жатыр Зайсан, 
Еңбекпен алда болған батыр Зайсан. 
Отыз екі ән алған Затаевич, 
«Мың әнге» үлес қосқан ақын Зайсан. 
Атақты жібек жүнді қойлы Зайсан, 
Дәулетің атыңа сай сәнді Зайсан. 
Бүгінде ұлы еңбек қайнай түсті, 
Ырысты, тамаша өлке болдың Зайсан. 
Зайсанда міне осындай жердің сәні, 
Өсуде колхоз, совхоз қалың малы. 
Сайқанның бөктерінен көрінеді, 
Күлімдеп сұлу село Қараталы. 
Даласы Қараталдың дәулетке бай, 
Жайқалған ойында шөп, қырда бидай. 
Селосы Қараталдың толған жеміс, 
Болашағы болмақшы Алматыдай. 
Айтамын жемісі мол істің жайын, 
Жырлауға табыстарды аянбайын. 
Келер деп бізге қашан кезек жетіп, 
Ақындар айтысуға отыр дайын. 
Өнермен өрге жүзген жүйріктер көп, 
Мен неге бұл шабыстан құр қалайын. 
Алтайдың топтан озған бұлбұлымын, 
Қырандай түлеп ұшқан қомданайын. 
Өзара өнермен күш сынасайық, 
Ал, кәне, ағызыңдар тілдің майын. 

ҮШІНШІ КҮН 
Филология гылымынын кандидаты 
Ә. ТӘЖІБАЕВТЫҢ сөзі 
Ақын ағалар, сіздер де ақын, біздер де ақын. Сіздер 
мен біздің айырмашылығымыз — біздер жазып шығара-
мыз да, сіздер суырып салып айтасыздар. Біздер Абай 
бастаған жазба поэзияның ақындарынан үйреніп өсіп 
келеміз. Ал Абайға дейінгі ақындар, негізінде, халық 
поэзиясынан үйренгендер. Өскелең халық поэзиясынан 
нәр алмайтын, үйренбейтін адам жоқ. Сіздер халық поэ-
зиясының өкілісіздер. Сондықтан сіздер бізге тірі ұстаз-
сыздар. Бәрімізге заң етіп Абай: 
Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы, 
Қиыннан қиыстырар ер данасы, — 
деген еді. Халықтың мол әдеби қазынасын үйреніп, жат-
таудың үлгісі қазақ ақындарының ең шебері Абайдан 
басталады. Сол себепті біз осы күні де халық поэзиясы-
ның мол қазынасынан үйренуді өзімізге міндет көреміз. 
«Қара жерге қар жауар... қарды көр де етім көр, қар 
үстіне қан тамар, қанды көр де бетім көр» деген халық-
тың эпосындағы сөзін біз әлі күнге дейін ұмытқан жоқ-
пыз, сол сияқты «Қыз Жібекті» жаттап алып қалай айту-
шы едік? 
Қара жорға мінгені, 
Қара торқа кигені, 
Екі көзі сүрмелі. 
Бұл сияқты перизат 
Қыз іздеген Төлеген 
Жоқ еді, сірә, көргені. 
... Ақ маңдайы жарқылдап, 
Танадай көзі жалтылдап 
56 

Алтынды кебіс сыртылдап, 
Жүйрік аттай ойқастап, 
Құнан қойдай бой тастап 
Қалмайын деп ұялып... 
деген сөздері жазып айтатын ақындарға да, ауызша ай-
татын ақындарға да үлгі, өнеге. 
«Қобыланды батыр» жырындағы ана топтың шаңын, 
мына топқа қосып бара жатқан қас жүйрікті суреттеген 
жерлер сіздер мен біздердің ешбір уақытта ұмытпайтын, 
үнемі нәр алып отыратын сөздеріміз. Сөйтіп үлкен төгіп 
айтатын, суреттеп айтатын сөздердің үстіне сықақтау, 
мысқылдау сияқты халық поэзиясын да біз қатты қадір-
лейміз. Осындай сөздердің неше түрлі үлгілері бар емес 
пе еді? Осы тұрғыдан қырғыздың өнегелерін де біз үйре-
ніп келеміз. Батырды, ашулы, айбарлы кісіні суреттеген-
де олар қалай деуші еді? Мен «Манастың»—«Көкетайдың 
асы» деген бөлімін қазақшаға аударып шықтым. Сонда 
Манасты былай суреттейді: «Манас қылышын қынап-
тан шығармайды екен, ал шығарса сілтемей қайтып сал-
майды екен. Бір жолы Манас ашуланып қылышын қына-
бынан суырып алғанда, алдына үлкен пілді көлденең 
тарта беріпті. Манас қылышын бір сілтеп қалғанда пілді 
екі бөліп кетіпті. Содан кейін ғана ол қылышын қынабы-
на салыпты» — дейді. Бізге осындай суреттеу үлгі-өнеге 
болатын нәрсе деп білемін. 
Халқымыздың өткір әзіл қалжыңдары аз ба еді? 
«Тарысын қыстай ақтаған, қатынын қыздай мақтаған» 
деген сықақ айтады бізге қырғыз достар. 
Ілияс Жансүгіровтің атақты «Дала» толғауында ауыз 
әдебиеті мен батырлар дастанындағы тіл шеберлігін, 
оны құрастыру үлгілерін тамаша пайдаланған: 
Жүрегім, жырым сенікі 
Кеңесті далам, кең далам. 
Тудым өстім, есейдім, 
Кең далам анам, мен балаң, — 
деген өлеңде нағыз халық ақындарының үлгісіңде, шы-
найы халық тілінде жазылған нәрселер емес пе. Риддер-
ді жазғанда Ілияс «Алтын қазан» деп, біздерше емес, 
сіздерше жазған ғой. 
Халықтың тіл байлығын пайдалану жолдарын озат 
ақындар осылай үйрететін. Сәбиттің «Сырласу» деген 
өлеңі де халық тілінде жазылған. Осы мысалдардың 
57 

барлығы да үздік ақындарымыздың халық поэзиясымен 
тығыз байланысты болғандығын көрсетеді. Халық ақын-
дарының алыптары Махамбет, Жамбыл, Нүрпейіс 
сіздер мен біздердің ұстаздарымыз болатын. Күні бүгінге 
дейін, біз солардан үйреніп келеміз. Солардан үйренген 
Қасым марқұм «Абдолла» деген поэмасындағы отқа 
жанып тұрған батыр жауынгерді: 
Қүллі әлемнің ашу-кегі, 
Орна, менің кеудеме кеп. 
Жау жолына атам сені, 
Бомба бол да жарыл, жүрек! — 
деп келеді. 
Өліп бара жатқан ерді халық поэзиясының үлгісінде 
керемет етіп көрсетіп, «Жүрегімді лақтырып, бомбы ете-
мін» деп аяқтайды. Қасым ел үшін жаным пида деп 
жауға аттанып бара жатқанда, «жолбарыстың жүрегін 
бер, арыстанның күшін бер», — деп тілейді. Бұл халық 
поэзиясының үлгісі. Демек біз халық поэзиясынан үйре-
нуді тоқтатқанымыз жоқ, бұдан былай да үйрене бер-
мекпіз. Сәкен, Бейімбет, Ілияс, Сәбит ағаларымыз да 
халық поэзиясынан үйренуді тоқтатпаған. Біз сіздерден 
үйренсек, сіздер бізден де үйреніңіздер, сіздер де жазба 
поэзиядан үйренуді тоқтатпауларыңыз керек. 
Ақын Иса қандай еді? Сөйте тұра Иса өз замандас-
тары Сәкеннің, Бейімбеттің, Ілиястың, Сәбиттің өлеңде-
рін жатқа айта білетін. Нартай марқұм өз өлеңдерімен 
бірге, бүгінгі жазатын ақындардың өлең кітаптарын 
оқытып, тыңдап отыратын. Жазушы ақындардан бір 
жақсы мысал келтіре кетейін. Сәбит бүгінгі елдің адам-
дарын — Кенбай образы арқылы қатардағы колхозшы-
ны қалай суреттейді? 
Шалымның аты Кенбай, сөз ұясы 
Басы бір жалғанның кең дүниесі, — 
десе, комбайынды: 
Бір тісі қанша қырықса майырылмай, 
Еір сабақтың басынан айырылмай, 
Комбайн жұтты егін сабақтарын, 
Теңіздің балық жұтқан жайынындай, 
Саулады бір өңештен қызыл бидай, 
Домнаның жалын атқан теміріндей. 
55 

Немесе: 
Бидайдан тазаланьш үтттқан қауыз 
Ұйтқысы желге қыстың боранындай, — 
дейді. 
Мұндай қызықты теңеулерді халық ақындары да қол-
данып, өлеңдерін осындай көрікті етулері керек. Дұрыс-
тап ойланып, терең жырлауға тырысса, олардың да қол-
дарынан келеді. 
Тағы бір менің айтайын дегенім, айтыста болсын, 
басқа өлеңдерде болсын біздің ақындарда бір беткейлік 
бар. Әйтеуір мақтау керек деп, жүз қойдан жүз елу қо-
зы алғанды айта береміз, о да керек, бірақ осы халық 
ақындары жас болмап па? Сұлуға ғашық болып «аһ» 
ұрмап па? Сондай кезде сүйгеніне сүйікті өлеңін арна-
мап па? Соларыңыз қайда? 
Халық ақыны күйінбеп пе? Жан сүйерінен, ұлынан, 
қызынан, ең қымбат досынан айрылмап па? Солар тура-
лы жыламай ма? Жылап отырып жырламай ма? Қайда 
соларыңыз? 
Ей Зәуреш, сені іздеп елдең келдім, 
Баяғы туып-өскен жерден келдім, 
Сен неге мен келгенде тебіренбейсін, 
Құшақтап, бір иіскейін деген едім. 
Міне, өлең осы емес пе! Қенен ақынның «Базарым-ай 
— Назарым-ай» деп жылай, жырлай отырып айтқанда-
рын ұмытпайтынымыз да осы себептен. 
Халық ақыны сұмдарды, сұмдықтарды көргенде 
күйінбеп пе, ызаланбап па? Сонда ішке сыймаған сол 
ызаларын отты, улы сөздерге айналдырып, жаңағы 
сұмдар мен ұүмдықтарды сөкпеді ме екен? Жерден алып 
көкке, көктен алып жерге соқпады ма екен? Соларыңыз, 
соларымыз қайда?? Осы жағы сіздерде де, біздерде де 
кем. Бұл жағынан ең алдымен Абайдан үйренуіміз керек. 
Абай қандай еді: 
Мал жияды мақтанып білдірмекке, 
Көзге шұқып малменең күйдірмекке. 
Өзі шошқа, өзгені ит деп ойлар, 
Сорпа, сумен, сүйекпен сүйдірмекке. 
Осы төрт жол өлеңде төрт кітапқа үлгі болғандай 
күш жатқан жоқ па? Ақын ел жек көргенді жек көреді. 
Ендеше жаманшылықты сынағанда сол ел ырза болған-
дай сынау керек. 
59 

Ақынның бір мақтан болатын қасиеті, мінезділігі — 
әділдігі мен ащылығы ғой. Сүйінбай жасқанбай іркіл-
мей тұрып: 
Ассалаумағалейкум, Тезек төре 
Елден жылқы қоймаған кезеп төре, 
Телі менен тентекті тыяд десе, 
Өзің ұрлық қыласың әттегене! — 
деген хан Тезекке. Өткен ақындардың мұндай ерліктерін 
қадірлемеске болмайды. 
Осы кездің де іскерлігі жоқ, өз абыройымен, қарын 
тоқтығын ғана ойлайтындары жоқ емес. Қөз бояушылар, 
жалған сөйлеушілер, халқымызды, өкіметімізді алдау-
шылар бізде жоқ па? Солардың сырын бізден де, халық 
ақындары сіздер жақсы білесіздер. Арақ құмар, пәле 
құмар, адамды арамдаушылар, өтірікші, өсекшілер біз-
де әлі баршылық. Олардан тартқан азап, зияндарымыз-
ды да аз деуге болмайды. Соларды әшкерелейтін, масқа-
ралайтын жыр керек, ағалар. 
Партиямыз ұлы құрылыстардағы еңбек ерлерін ай-
қын көрсетуді, оларды жеткізе мадақтап ұлы жырымыз-
ға айналдыруды, сол жақсылардың үлгілерімен жастар-
ды тәрбиелеуді бізге тапсырып отыр. Бұл міндетті орын-
дау сіздердің де, біздің де қолымыздан келмей жатыр. 
Сіздер көп білесіздер, оларыңыз артықшылық. Біз аз 
да, үстірт білеміз, сіздерше білмейміз, бұл біздің мініміз. 
Сүйте тұра, сіздерге ақылшы болғанымызға кешіріңіздер! 
Жүз қойдан жүз елу қозы алғанды айту дұрыс. Сіз-
дер өлеңдеріңізде осындай қойшылардың аттарын атап, 
малдың санын айтасыздар да, ал сол адамдарды заман-
ның озық, үздік адамдарындай көрсете алмай келесіздер. 
Біз де сондаймыз. Коммунист геройларды мақтамақ бол-
сақ «коммунист еді» дейміз. Ал оның қандай қасиеттері, 
тамаша әрекеттері бар еді, несімен өзгеше, ерекше еді? 
деген сұрақтарға жалын атқан жыр арқылы жауап бер-
мейміз. 
Жаңа ерлерді—бүгінгі еңбек адамдарын Қобыланды-
ға, Қамбарға айналдырып жырлау болмас. Бірақ олар-
дан да ірі көрсетуге әбден сыяды. Тағы айтамын, сіздер 
оларды жақсы білесіздер. Еңбек ерінің бойындағы бай 
қасиеттерді: қайрымдылығы, опалылығы, әділдігі, адам-
ға достығы, жақсылық сүйгіштігі, отаншылдығы мен ар-
лылығы, өлімнен ұятты ауыр көргіштігі, сөзге тоқтағыш-
60 

тығы, батылдығы мен батырлығы, тапқырлығы мен кай-
сарлығы, тағы сондай ірі мінездерін сіздер жақсы біле-
сіздер. Ендеше соларды көтере дәріптей, ірілендіре се-
німді түрде көрікті жырлау үлгілерін де сіздер көрсе-
тіңіздер, ағалар. 
Айтыстың да міндеті осы жоғарыдағы айтылған 
міндеттерден туады деп есептеймін. Меніңше, айтыстың 
үш саласы бар: бірінші, — қара айтыс, қайым айтыс, 
екінші, — үлкен дастандық-эпикалық айтыс (соңғысы 
әлеуметтік мәні, коғамдык КҮШІ бар айтыс), үшінші.— 
ақындық жарыстыратын, әркім өнерін, дарынын таныта-
тын айтыс. 
Қайым айтыс дегеніміз жастардың ойын-жиында ай-
татын, немесе қыз бен жігіттің айтысы. Бұлардың ішін-
де бос сөздері көп болса да, кісінің ойына, көңіліне 
ұялай кететін өлең шумақтары болады. Бұл жас талап-
керлерді ойдан өлең шығарып айтуға үлкен ақындарды 
айтысуға даярлайтын алғашқы мектеп. Сондықтан ақын-
дықты, айтыс адамдарын өсіретін бұл мектепті ел ара-
сында, колхоз-совхоздарда қолдап отыру керек. 
Жамбыл, Нартай, Шашубай сияқты ірі дастандық 
ақындар осы қайым айтыстан тәрбиеленіп өскен. Дас-
тандық айтыстар ішінде неше түрлі бояулы нәзік сезім-
дерді білдіретін сөздер мен жолдар көп ұшырасады. Мы-
салы, Сүйімбай мен Жамбыл айтыстарының үстінде 
үлкен-үлкен дастандар жасалған. «Сұраншы батыр» 
поэмасы осы екі кісінің айтысынан туған. Тарихтан біз 
Сұраншының орыс әскеріне қызмет еткенін білеміз. Ал 
оны Жамбыл батыр деп жырлап, ұзақ дастанға айнал-
дырған. Осындай үлгіні біз қостауымыз керек, дамыта 
беруіміз керек. Бұл дастандық-эпикалық айтыс ақын-
дық өнердің өресін, акынның дарыны мен қабілетін 
көрсететін ең күрделі айтыс. 
Үшінші, жүйріктік, тапқырлық айтыс. Бұл ақындық 
шеберлік арқылы әр адамның портретін, суретін салуға 
тапқырлықпен, ұшкырлықпен біреуді мақтауға, немесе 
туқыртып мінеуге де үйрететін мектеп. Ақын бір кісінің 
мінез-құлқын, кемшілігін шебер айтса, ол бізге үлкен 
үлгі. Бұрынғы ақындарда біреуі «мен қасқырмын, сен 
қозысын, жеп қоямын» десе, екіншісі «сен қасқыр бол-
саң мен қақпанмын, мен жолбарыспын, шайнап тастай-
мын» дегенге «мен сұр мергеннің оғымын, өкпеңе қада-
ламын» дейтін. Біреуі «мен жанып тұрған отпын, сені 
61 

өртеймін» десе, екіншісі «мен нөсермін, жаңбыр боп 
жауып, өшіремін» деп бірін-бірі тілмен жеңуге тырыса-
тын. Сөзбе-сөз, ауызба-ауыз айтысып отырғанда өлеңнің 
қысқалығы, ұшқырлығы, қысқа өлеңге терең ой, жарқын 
теңеу-суреткер болуы — ақындыққа өлшеу, таразы бо-
латын шарттар саналатын. 
Мұндай айтыстардан өтіп машықтанғандар, үлкен 
тәжірибе алғаннан кейін ұзақ-сүреңдерте түсуге, ақыл, 
нақылы мол дастандық айтыстарға да жарайтын. Сүйтіп 
айтыстын барлық түрі жиналғанда үлкен ақындық мек-
тебі — әдебиетіміздің аса қымбат саласы өркендеді. Бұл 
мектептен жалғыз ақындар ғана емес, сөз өнерінің көр-
некті шеберлері шешендер де шыққан, Айтыстағы тап-
қырлық үлгілер бүгінгі біздің драма жазатын жазушы-
ларға да көмекші. Егер біздің пьесаларымыздағы диа-
логтарымызды — ұшқырлық пен өткірлік, ақындық пен 
тапқырлық жағынан жақсы айтыстар дәрежесіне жеткізе 
алсақ, біз драматургиямызға ұлттық нәр берген, ұлттық 
дәстүр жасаған да болар едік. 
Қысқарта айтқанда—айтыстың барлық жақсы үлгі-
лерін өшірмей, әлсіретпей ілгері бастыру, бүгінгі күннің 
қажетін өтеуге жарату да сіздердің міндеттеріңіз, аға-
лар. 
Ақындарымыз бар, олардың үрдістері де жоғалған 
жоқ. Біз тілімізді, поэзиямызды сүйеміз десек, халық 
ақындарын сыйламауымыз мүмкін емес. Домбыра, қо-
быз классикалық музыканың бәсекелес-бақасы емес, қо-
рек берер, нәрлендірер қайнары, қазынасы. 
Қоры көп музыканың болашағы да бай. Осы пікірді 
әдебиет туралы да айтамыз. Домбыралы ақын да жаза-
тын ақынның алтын қоры, бітпес қазынасы. Біз фоль-
клордың ескі мұрасы емес, бүгінгі бізбен қатар жасап 
жатқан қайнарына да сүйенеміз. Домбыралы ақын ха-
лық пен жазба әдебиет бойын бірдей аралайтын қан та-
мыры сияқты. Біз олар арқылы поэзияның тілін ғана 
емес, поэзиялық болмыстарды да сюжетке, суретке ай-
налған күйінде қабылдаймыз, сондықтан халық ақында-
рына болыса білу — өсе білудің де жолы деп түсінуіміз 
керек. 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал